Арқаның асыл алқасы - Баянауыл
«Арқаның асыл алқасы - Баянауыл» атты концерттік бағдарламаның әзірлемесі.
Күні: 4 ақпан 2013жыл
Уақыты: басталуы –
Өтетін орны: Мәжіліс залы
Сахна мерекеге сай безендіріледі.
/Жауапты: Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінің ұзтаздары/
І Фанфар ойналады. Жүргізушілер шығады.
1 - жүргізуші – Жәнібек
Қайырлы күн құрметті қонақтар!
2 - жүргізуші: Аягөз
Аяулы ұстаздар!
1 - жүргізуші – Жәнібек
Армысың құт - береке дарыған ел
Ақ сүтіне ананың жарыған ел.
2 - жүргізуші: Аягөз
Тілі мен дінін насихаттап,
Кең байтақ әлем бүгін таныған ел.
Сіздердің назарларыңызға « Арқаның асыл алқасы - Баянауыл» атты концерттік бағдарламамызды ұсынамыз!
1 – жүргізуші: Жәнібек
Сахнада, Республикалық Талдықорған қаласында өткен «Жыр алыбы - Жамбыл» атты айтыста ІІ дәрежелі диплом, Облыстық «Жас даурен» атты оқушылар арасындағы айтыста ІІ орын, облыстық «Жырла, Жас өркен айтысында ІІ орын, облыстық «Көктем айтысы» студенттер мен оқушылар арасындағы айтыста ІІ орын, ІІ облыстық Махамбет оқуларында ІІІ дәрежелі диплом, «Кемеңгер Елбасы» облыстық ақындар айтысында І орын, «Балдаурен» оқушылар айтысында «Бас жүлде» иегері, Қайрат Нұрқанат
/ «Арнау» оқиды/
2 - жүргізуші: Аягөз
Домбыра үні күмбірлеп,
Серпілтті мынау даланы.
Дәстүрім, салтым оралып,
Жаздығой бітеу жараны
/Домбырашылар ансамблінің орындауында халық күйі «Кеңес» /
1 - жүргізуші: Жәнібек
Көркейген бүгін біздің Баян қандай?
Жүз ғасыр кезегімен қаланғандай.
Бейне бір өлкеміздің шыр айнасы,
Алдында Баян Сұлу таранғандай.
/ Сөзі мен әні: Аман Баязитовтікі«Бәйтерек» әні. Сахнада, Аудандық «Балауса» ән жұлдыздар байқауының ІІ орын иегері.
Абдулхамит Нұрбота/
2 - жүргізуші: Аягөз
Сәукеледе үлпіл үкі тігіліп,
Лағыл моншақ сәуле шаша жүгіріп.
Жібек көйлек, нәзік саусақ, бұраң бел,
Осылайша жасар биді бірігіп
/Би.«Биші қайың» Орындайтындар: Халықаралық би күніне арналған ҮІ аймақтық «Ертіс толқыны» атты би ұжымдарының байқауында ІІІ орын алған, «Наз қоңыр» би ұжымы./
1 - жүргізуші: Жәнібек
Ұлылардың мекенісің – Баяным,
Келбетіңе қалайша мен тоямын.
Анамдайсың, ардақтысың туған жер,
Балаң болып саған құшақ жаямын!
/ Халықаралық «Күншуақ» фестивалінің Бас жүлде иегері, облыстық «Хрустальный звон» және облыстық «Абай оқулары!» байқауларының ІІ орын иегері, Қайыр Лейланың орындауында:
Халық әні «Япурай»/
2 - жүргізуші: Аягөз
Еркіндікті аңсап күткен арман жер,
Ел ұлдары елдік әнін салған жер.
Ақындар мен ғалымдардың мекені,
Ұлылырдың кіндік қаны тамған жер.
/Би.«Наурыз» Орындайтындар: Халықаралық би күніне арналған ҮІ аймақтық «Ертіс толқыны» атты би ұжымдарының байқауында ІІІ орын алған, «Наз қоңыр» би ұжымы./
1 – жүргізуші: Жәнібек
Ежелден аңыз болған таулы Баян,
Баянның қасиеті алашқа аян.
Жерінің қасиеті сол емес пе?
Жаралған топырағынан талай ноян.
Облыстық «Бүлдіршін» байқауының лауреаты Дәулетхан Нұрдың орындауында «Тұлпарым»
2 - жүргізуші: Аягөз
Баянауыл – туған өлкем,
Өңірінде - өскен өлкем.
Сенің жайсаң жеріңдегі,
Өмір көркем, көңіл көркем.
/Би.«Қызғалдақтар» Орындайтындар: Халықаралық би күніне арналған ҮІ аймақтық «Ертіс толқыны» атты би ұжымдарының байқауында ІІІ орын алған, «Наз қоңыр» би ұжымы./
1 – жүргізуші: Жәнібек
Құтты өлке, қасиетті, киелі,
Баян тауы Тәңірінің сыйы еді.
Қашаннан - ақ қыдыр дарып, бақ қонған.
Бұл өлкеге бар қазақ бас иеді!
/Сахнада, «Ақ тілек» әнімен,
Халықаралық «Күншуақ» фестивалінің І орын иегері Шайхина Зарина. /
2 - жүргізуші: Аягөз
Айналайын қазақ деген ұлтымнан,
Еркіндік ап ел болған еңселі.
Айналайын баян ата жұртымнан,
Сүйіп өтем, жырлап өтем мен сені.
/ «Жаса, Қазақстан». Орындайтын, Аудандық «Балауса» ән жұлдыздар байқауының ІІ орын иегері. Абдулхамит Нұрбота /
1 – жүргізуші: Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінің оқушылары дайындаған шағын концерттік бағдарламамыз аяқталды.
1 - 2 жүргізуші бірге: Назарларыңызға рахмет!