- 04 нау. 2020 00:00
- 212
Артық-ауыс мұрныңыз болса
Бұрын бір пұшық адам біреумен бір атқа дауласып бидің алдына барып жүгініпті. Би алдына пұшық қарсы жағын сөзден ұта беріпті. Оның қарсы жағы беделділеу әрі биге таныс адам болса керек, би бір жағынан танысына бүйрегі бұрылып, енді бір жағынан оның сөзден ұтыла бергеніне іштей ренжіп, оған:
— Сен даудан жығылып ат төлемесең, мұрнымды кесіп берейін, — депті. Сонда пұшық биге қарап:
— Тақсыр, биеке, артық-ауыс мұрныңыз болса, әйтеуір мен пақырға қайыр қыла көріңіз, — деген екен.