Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Аруана – бауыр дүние (күнделікті сабақ жоспарлары)
Қазақ әдебиеті пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 8 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 8 сынып.
Тақырыптар:
31. Аруана – бауыр дүние
32. Қаздар қайтып барады
33. Төлен Әбдіков. «Қонақтар» (2-сағат)
34. Абайдың қара сөздері
35. Райымбек,Райымбек! поэмасы

Сабақтың тақырыбы: «Аруана – бауыр дүние»
Сабақтың мақсаты: білімділік - Төлеген ақынның өмірі мен өскен ортасын таныту, шығармаларын оқыту, ақын өлеңінің айтар ойын ашу, талдау, эстетикалық көзқарасы қалыптасқан оқырман дайындау; дамытушылық – оқушының сөз байлығын, сөздік қорын байыту, әдеби шығарма идеясын таныту, еркін сөйлеуге, өз ойын ауызша да, жазбаша да жүйелі жеткізуге балу, тәрбиелік - оқушының туған жерге деген, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: баспасөз материалдары, 1 томдық шығармалар жинағы, ақын суреті, буклеттер, үнтаспа.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, өзіндік ізденіс (шығармашылық жұмыс), салыстыру.
Пәнаралық байланыс: тарих, ән - саз.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақтар бойынша сұрақ - тапсырмалар орындау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің сөзі.
Ақын боп өмір кешіру, оңай деймісің, қарағым,
Аузында болу бұл өзі, сыздаған барлық жараның.
Көкірегіңе құйып ап, әлемнің асқақ бар әнін,
Қосудың арпалысы бұл тоғыспас жолдар торабын.

Тақтаға ілінген ақын өлеңінің осы шумағын оқи отырып, сабағымыздың мақсатын айтып, ақынның өмір жолына толық тоқталу.
1) Тірек сызба арқылы ақынның өмір жолына тоқталамыз.
1. 1937 жылы 8 - наурызда Қарақалпақ еліндегі «Қоңырат» деген жерде дүниеге келді.
2. 1959 жылы Ташкенттегі Низами атындағы педагогикалық институттың қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітіріп, туған ауылында мұғалім болды.
3. Алғашқы өлеңдері «Жас дәурен» атты жинақта басылып шықты.
4. Қазақстан жазушылар одағында жұмыс істеді.
5. Кітап болып шыққан шығармалары:
« Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Мен саған ғашық едім», «Аманат».
6. 1974 жылы «Құмдағы мұнаралар» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. (ақын қайтыс болғаннан кейін)
7. 1967 жылы Төлеген Айбергенов өмірден өтті.
Жарық дүниенің отыз - ақ жыл сәулесін көрген ақын бізге отты жыр, өлмес өлең қалдырды. Соның бірі «Аруана – бауыр дүние» өлеңі дей келе, өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып беремін.(Осы кезде үнтаспадан Құрманғазының «Сарыарқа» күйі ойнап тұрады).
2) Екі оқушыға мәнерлеп оқыту.
3) Сұрақтармен жұмыс.
- Аңыз дегеніміз не?
- Ақын аңызды өз өлеңіне қалай арқау еткен?
- Осыған ұқсас шығармаларды еске түсірейік (Қабдеш Жұмаділовтың «Қозыкүрең» әңгімесінің мазмұнын айту»).

4) Таһауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесімен салыстыру (топтық жұмыс).
Венн диаграммасы.

▪ Туған жеріне кету үшін ботасын өзі өлтірген аруана, туған жерге деген сүйіспеншілік, баласын, құрбан еткен жануар көрінісі.
▪ Түйе малы суреттелген. Прозамен, өлеңмен суреттелген аңыз желісіндегі оқиға.
▪ Ботасы өлген аруананың жан қиналысы, жазушының өнердің құдіретін ерекше тануы.

5) Жеке оқушылармен шығармашылық жұмыс.
1. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» атты тақырыпта шығарма жазу.
2. «Аруана – бауыр дүние» өлеңін қарасөзге айналдырып жазу.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын талдау.

Сабақты қорыту. Қазақ өлеңдері көбінесе 7, 8 және 11 буынды болып келсе, ақынның өлең құрылысына қосқан жаңалығы 18 - 19 буынды өлең жазғандығы туралы айта келіп, өлеңдеріндегі айтар ойы туралы ой бөлісу.

Түкпірімдегі дір ете қалғыш осынау құйттай жүрекпен
Келем мен бүгін қасиетті Қазақстанды көтеріп!

Тармақтағы ақын үнін талдау.
Ақын көре алмай кеткен туған Қазақстанның еркіндігін, егемендігін айта кету артық болмайды.
Тарихтың сан ғасырлық тарауларына шолу жасау, ақын үніне үн қосу.
«Мен ақын болсам...» атты тақырыпта ой қозғау. Бірнеше оқушының ойын талдау (ауызша).

Бағалау. Әр оқушының белсенділігіне, жауабына қарай бағалау.

Үйге тапсырма. Өлеңді оқу. Ерекше әсер еткен жолдарын жаттау.
«Туған жер – алтын бесігім» атты тақырыпта шығарма жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама