Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Сәйф Сараи «Түрікше Гүлістан» (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақ әдебиеті пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 8 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 8 сынып.
Тақырыптар:
26. Сәйф Сараи. «Түрікше Гүлістан»
27. Төлен Әбдіков. «Қонақтар»
28. Өсиет - өнеге үлгісі
29. «Аққулар ұйықтағанда»
30. Сын тұрғысынан ойлау сабағы

Сабақтың тақырыбы: Сәйф Сараи. «Түрікше Гүлістан»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: шығарманы өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу; адамның адам болып қалыптасуында басты рөл атқаратын адамгершілік құндылықтар туралы әңгімелесу; Сәйф Сараи еңбегінің рухани нәрін оқушы бойына сіңіру.
Дамытушылық: әдеби тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; ойлау жүйесін жетілдіру.
Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу, оқулықпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих.

Өту барысы. І. Ұйымдастыру. Сабақта жоқ оқушыларды журналға белгілеймін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сынып оқушылары топпен жұмыс істейді. Үйге берілген тапсырма Рабғузидің қиссалары. 4 топқа төрт әңгімесі тапсырылады. Оқушылар өз топтарында әңгімені талдап, бір оқушы түйінді ойды айтады.
Басқа оқушылар да өз пікірлерін айтып, толықтырып отырады. Оқушылар жауабы бағаланады.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Алтын Орда әдебиетінің тарихымен, Алтын Орда мемлекетінің қалай құрылғандығы жайлы оқушылар алдыңғы сабақта толық танысқандықтан Сәйф Сараи өмірі, шығармашылығы бірден таныстырылады.
«Түрікше Гүлстан» кітабындағы негізгі тақырып туралы айтылады. Кітапқа қысқа әңгімелер, нақыл, мақал - мәтелдер, кіргізілгендігі айтылады. Оқушылар жалпы кітап туралы мағлұмат алған соң, әңгімелері талданады.
Кез - келген топтан бір оқушы дауыстап, мәнерлеп оқиды. Оқушылар топ ішінде өзара талдайды. Бір оқушы шығып, өз ойын айтады, басқа топтар да өз пікірлерін қосып отырады.
Әңгімелер бойынша мынадай сұрақтар қоямын.
- Кемедегі құлды суға тастағаннан кейін ол неге жылауын тоқтатты?
- «Бейнет көрмеген адам рақаттың қадірін білмес» дегенді қалай түсінесіңдер?
- «Ұзын бойлы ақымақтан, қысқа бойлы ақылды артық» дегеннің мәнісі не?
- Наушаруанның «Әуелде зұлымдық аз еді, кейін әркім аз - аздап қосқанда, көбейіп кетті» деген сөзі қазіргі өмірге сай келе ме?
- Ақымақ адам шынымен жөнделмей ме?
- Өлген кісінің басына зәулім күмбездер салған дұрыс па? Тәж Махал, Айша бибі, Арыстан баб ескерткіштері ше?
- Дәулетті адам дегенді қалай түсінесіңдер?
Әңгімені толық талдап болған соң, жаңа тақырыпты бекіту мақсатында «тест - интервью» жүргізіледі.
Екі - үш оқушының жазғаны тыңдалады. Басқа оқушылардікі жиналып алынады.
Бұл тақырып ежелгі дәуір әдебиеті бойынша соңғы тақырып болғандықтан өткен тақырыптарды қысқаша қайталап өтеміз.

Адамгершілік, ізгілік, оқу - білім, қанағатшылдық

Жүсіп Баласағұни
Ахмет Иассауи
Қорқыт
Рабғузи
Әл - Фараби
Махмұт Қашқари
Сәйф Сараи

«Ұлылар шығармаларындағы үндестік не?» деген сұрақ қойылады.
Оқушылар қысқаша тоқталып өтеді. «Адамгершілік», «ізгілік», «қара ниетті болмау», «оқу - білім», «қанағатшылдық» екені айтылады

Үйге: Адамгершілік – ұлы қасиет» деген тақырыпта шағын шығарма жазу.
Бағалау.
Бір тамшы ой
Кім көбірек біледі дегенді емес, кім жақсырақ біледі дегенді анықтауға тырысу керек. (М. Монтень).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама