Ас қорыту жүйесі
Атырау облысы, Кудряшов селосы,
Н. В. Гоголь орта мектептің биология пән мұғалімі
Сабырғалиева Шұға Социалқызы
Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
Сабақтың мақсаты:
1. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы және қызметі туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың талдау, салыстыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа материалдары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
Топтастыру әдісі. Оқушыларға қима қағаздар таратылып беріледі. Мұнда мүшелердің атаулары жазылған. Осы мүшелер бойынша мүшелер жүйесін құрап топтастыру. Кейін оқушыларды қима қағаздар арқылы 3 топқа бөлінеді.
ІІ. Қызығушылықты ояту. Видеофильм «Асқорыту жүйесі.»
- Балалар адам ағзасындағы бұл қай мүшелер жүйесінің жұмысы деп ойлайсыңдар?
Яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Асқорыту жүйесі.
Адамның асқорыту жүйесімен таныспас бұрын мына тақтадағы құстардың, күйіс қайыратын сүтқоректілердің асқорыту мүшелерінің ерекшеліктерін еске түсірсек. Салыстырмалы түрде еске түсіру үшін интерактивті тақтадан құстардың, сүтқоректілердің асқорыту мүшелерінің суреттері шығарылып, оқушылар тақтаға ағзалардың ерекшеліктерін жазу.
ІІІ. Мағынаны тану. Асқорыту жүйесі туралы электронды оқулықтағы мәліметпен танысайық.
Асқорыту мүшелерінің құрлысы, атқаратын қызметімен танысу үшін А3 форматтағы асқорыту жүйесінің түссіз суретіне тапсырмалар бойынша анықтап, түссіз суретті бояп, мүшелерді орналастырып қорғау керек. Әр топқа әр түрлі конверттер беріледі: қызыл - ауыз қуысы, асқазан, сілекей бездері, көк - жұтқыншақ, аш шек, бауыр, жасыл - өңеш, ток ішек, ұйқы безі.
Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады.
Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш ішек және тоқ ішек жатады. Асқорыту мүшелерінің қабырғасы негізінен үш қабаттан тұрады: сыртқы қабат – дәнекер ұлпадан тұратын сірқабат. Ортаңғысы – бұлшықет қабаты, ішкі қабаты – эпителий ұлпасынан түзілген.
Ауыз қуысы. Астың өңделуі ауыз қуысынан басталады. Ол екі бөлімнен құралады. Олар: ауыз кіреберісі және нағыз ауыз қуысы деп аталады. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектерді ашпай, тістеніп тұрғанда, ауыз кіреберісі айқын көрінеді. Ауыздың сәл ашылуы ауыз саңылауы болып есептеледі. Ауыз кіреберісі сырт жағынан – еріндер және ұртпен, ішкі жағынан тістер және қызылиекпен шектеледі. Ұрттың сыртқы жағын бұлшықеттер қаптайды және ұрт еріндермен ұласады.
Ауыз қуысының үстіңгі жағындағы қатты таңдай сүйегі жұмсақ таңдайға жалғасып, таңдай мен жұмсақ таңдай ауыз қуысын кеңсіріктен (мұрын қуысынан) бөліп тұрады.
Ауыз қуысына 3 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып ұсақталады әрі сілекеймен араласып, жұтылады. Тамақты жұту күрделі физиологиялық үдеріс.
Нағыз ауыз қуысында тіл орналасқан. Ол көлденеңжолақта бұлшықет ұлпасынан тұрады. Тілдегі бұлшықет талшықтарының кейбір тобы – ұзына бойы, екінші тобы – көлденең, үшіншісі – тік бағытта жатады. Осыған байланысты тіл – өте қозғалмалы мүше. Тілдің түбі, денесі және ұшы болады.
Жұтқыншақ – түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омыртқалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11 - 13 см. Жұтқыншақтың төменгі бөлігі әрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт - қызыл түсті 6 бадамша бездер (миндалина) орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады.
Өңеш – ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен жалғасады. Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы қарынмен жалғасады.
Қарын – құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі. Қарын – іші қуыс қалың бұлшықетті мүше. Ол жоғарғы жағынан өңешпен, төменгі жағынан аш ішектің басталар жері ұлтабармен жалғасады. Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі (шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді.
Аш ішек – қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5, 5 - 6 метрдей. Аш ішектің қарыннан басталған 25 - 30 сантиметрдей бөлімі – ұлтабар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының өзегі және ұйқыбездің де өзегі ашылады. Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге аш ішектің сілемейлі қабықшасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән.
Тоқ ішектің ұзындығы 1, 5 - 2 метрдей, аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері – бүйен деп аталады. Ол оң жақтағы мықын тұсында орналасқан. Бүйеннің төменгі шетінде ұзындығы 7 - 8 см - дей құрт пішінді тұйық өскен соқырішек (аппендикс) болады. Оны аппендикс (латынша «appendix» - қосалқы деп атайды. Ол лимфа жүйесіне жататын мүше. Оның қабынуынан болатын ауру – соқырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі – тік ішек.
Сергіту сәті 2мин.
ІV. Жаңа сабақты бекіту
1. Кесте толтыру.
2. Полиглот. Асқорыту мүшелерінің қазақша, орысша және ағылшынша атауларын АКТ пайдалана отырып, жауап жазу, келесі топтар өзара тексеру
V. Рефлексия Сабақтан алған әсерлерін білдіру
VI. Үйге тапсырма.
Асқорыту мүшелері.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.