Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Ашық тұқымды өсімдіктер
Тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер.
Білімділік мақсаты: Оқушыларды ашық тұқымды өсімдіктердің құрылысы, ерекшеліктерімен таныстыру. Споралы өсімдіктермен салыстырғанда ашықтұқымдылардың айырмашылығы, және олардың қылқандары, көбею мүшелерінің құрылысын анықтау. Ашық тұқымды өсімдіктерді үйрету, адам өміріндегі, табиғаттағы маңызын білдіру.
Дамытушылық мақсаты: Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту.
Тәрбиелігі: Табиғатты сүюге, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына тәрбиелеу. Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Санитарлық – гигиеналық дағдыларын, салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу
Құрал - жабдықтар: кеппе шөптер, нақпішіндер, суреттер, электронды көрсетілімдер, кестелер, сызбанұсқалар
Сабақ типі: жаңа сабақ
Әдістемелік шешім: сұхбат, әңгіме - сұхбат, кестелер суреттер көрсету, тақтамен жұмыс

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен сабақтардағы мағлұматтарды еске түсірейік.

ІІ. Ой қозғау.(өтілген тақырыпты пысықтау). 1. Кестені толтыру Тақтаға көкек мүгі, шымтезек мүгі, плаун сүреттері слайдпен шығады,(№1 - 4 слайдтар) және тапсырмалар оқушыларға үлестіріледі. Жауабының дұрыстығы слайд арқылы тексеріледі.

1. Көкек мүгі, п Шымтезек мүгі, лаундардың сабақтарының құрылыстары қандай?
2. Көкек мүгі, Шымтезек мүгі, плаундардың жапырағының құрылыстары қандай?
3. Көкек мүгі, Шымтезек мүгі, плаундардың тамырының құрылыстары қандай?
4. Көкек мүгі, Шымтезек мүгі, плаундардың маңыздары неде?
5. Көкек мүгі, Шымтезек мүгі, плаундар қандай өсімдікке жатады? (қосжынысты, даражынысты, бірүйлі, екіүйлі).
6. Көкек мүгі, Шымтезек мүгі, плаундар қандай жолмен көбейеді?

2. Сұрақ - жауап.
1. Тамыры болғанымен, не себептен көкек мүгі сабағын тік ұстайды? /тірек ұлпасы бар, сабағы бұтақтанбайды/
2. Көкек мүгі қандай ұлпалардан тұрады? /өткізгіш, тірек, қор жинаушы, жабын/
3. Не себептен қалың қалың қардың астындағы мүктердің түсі жасыл? /- 14С фотосинтез жүреді/
4. Көкек мүгінің қай өсімдігінде аталық, аналық жыныс жасушалары жетіледі /аналық жыныс жасушасында аналық, аталық жыныс жасушасында аталықжыныс жасушалары дамиды/ 5. Мүктердің жапырақтарының басқа өсімдіктерден айырмашылығы неде?
6. Гаметофитпен спорофиттің айырмашылығы неде? /жыныстық көбею – гаметофит, жыныссыз - спорофит, мүктер көбінесе жыныссыз жолмен көбейеді/.
7. Шымтезек мүгі қандай жасушалардан тұрады? /өлі, тірі/
7. Қырықжапырақтылардың жапырақтары әдемі, ал гүлдері қандай болады? /гүлдері болмайды/

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің тақырыпты түсіндіруі. Спора мен тұқымның айырмашылығы: спора – біржасушалы түзіліс, ал тұқым – көпжасушадан тұрады. Тұқымда қоректік заттар көп болады. Тұқым түзіліп, өсімдіктердің түрлері жер бетінде тұқым арқылы таралады. Сондықтан ашық тұқымды өсімдіктерді тұқымды өсімдіктер тобына жатқызамыз. Тұқымды өсімдіктер екі бөлімнен тұрады: ашық тұқымдылар, жабық тұқымдылар. Ашық тұқымдылардың өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс түзбейді. Бұл бөлімге ең көп таралған қылқан жапырақты өсімдіктер: қарағай, шырша, самырсын, арша. Бұлар қылқан жапырақты класына жатады. Қылқан жапырақты дейтін себебі – жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кейтүрде ұшы үшкір болады. Ашық тұқымды өсімдіктер сүректі өсімдіктер, өзектері нашар дамыған. Қабығында шайырлы өзекшелер болады. Осыдан 220 млн. жыл бұрын өркендеген өсімдіктер бүгінгі күні 600 - 700 жуық түрі сақталған.

Ө. Сахипов атындағы ЖББОМ
Биология пәнінің мұғалімі
Апаханова Акманат Мендыгалиевна
Ашық тұқымды өсімдіктер жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама