Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Гүлдің құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы
Сабақ тақырыбы: Гүлдің құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы.

Сабақ мақсаттары: Тұқымды өсімдіктердің көбею мүшесі ретінде гүлдің құрылысын қайталау.
Гүлді өсімдіктердің тозаңдану тәсілдерін зерттеу. Айқас және өздігінен тозаңдану түрлерін салыстыру.
Бағалау критерийлері: Оқушылар гүлдердің негізгі бөліктерін атайды, олардың қызметтерін біледі. Тозаңдану не екендігін және тозаңданудың әртүрлі тәсілдерін біледі. Тозаңдану тәсілдерінің айырмашылықтарын атайды және тозаңдануға өсімдіктердің бейімделгіштігін талдайды. Тозаңданудың әртүрлі тәсілдеріне өсімдіктердің мысалдарын келтіреді.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып
Пәнаралық байланыстар: Қазақ тілі және әдебиет (үй жұмысын орындағанда)
АКТ қолдану дағдылары: Мәтінмен жұмыс, интербелсенді тақта, ғаламтор ресурстары
Бастапқы білім: Оқушылар 6 - сынып курсынан гүл құрылысын біледі.
Сабақтың басы 0 - 5 минут
Ұйымдастыру кезеңі (сабақтың әр кезеңінде оқушылар әрекетінің дифференциация түрлері болады, себебі бұл тақырып 6 сыныпта оқытылды. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырмаларды ұсынуға болады). «Гүлдің құрылысы» тақырыбына арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмасы (сыныппен жұмыс, себебі берілген тақырып 6 сыныпта оқытылды)

Сабақтың ортасы
(Ұ) Көрсетіліммен жұмыс (бірүйлі және екіүйлі өсімдіктер, қосжынысты және даражынысты гүлдер)- негізгі түсініктерді қайталау.
(Ө) Оқушылардан гүлдің сызбасын салуды және тозаңдану сөзінің мағынасын өз сөзімен түсіндіруді сұраңыз.
Проблемалық сұрақ: «Аталық тозаң қалай аналыққа тасымалданады?». Оқушыларға гүлдің құрылысы бар сызбасын тағы бір рет қарауға ұсыныс жасаңыз.
«Тозаңдану» деген сөзі нені білдіреді? Тозаңдану – аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі. Тозаңдану - бірінші, жеміспен тұқымның түзілуіне қажетті жағдай болып есептеледі. (№1 сызбамен жұмыс)
(Т) Оқушыларға қосымша 2 тапсырылады, топтың ішінде оқып болған соң, мәтінмен жұмыс (инсерт) жасайды, сызба1 толықтырады.
(қосымша 2 құрамында қажетті ақпаратпен қосымша зерттеу үшін арналған ақпараттар берілген).
Гүлдің құрылысы. Гүлді өсімдіктердің тозаңдануы жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама