- 13 қаз. 2019 00:00
- 266
Асыл аға туған күн құтты болсын!
Бала шақтан кеудеңде таласты үміт,
Қаныңда жоқ әу бастан оғаш қылық
Өз күшіңмен келесің асыл аға,
Бақытыңды сәтімен қаластырып.
Той тойлаған жақсы ғой жанұямен,
Құда-жекжат, нағашы, қариямен.
Жүзге дейін талмастан, қажымастан,
Жүзе бергін ұлы Өмір-дариямен!..
*** *** *** ***
Несібе үзіп әр күннің үлесінен,
Шыға білдің әр істің үдесінен.
.......................... ұлы деген,
Жұртымызға әйгілі бір есім ең!
Мінезіне дос еткен сабыр-ойды,
Бұл өмірде жігітсіз абыройлы.
Тойлап жатыр тойынды ағайының,
Бұл көрініс босатар тағы бойды.
*** *** *** ***
Қазақтың кең даласындай жүректі,
Барша жанға аппақ, таза тілекті.
Бір атаның би ағасы бұл ағам,
Жер бетіне қаншама әсем гүл екті.
Қайырымды қолын созған сан досқа,
Бұл адамға жыр жазбадым мен босқа.
Бұл ағама арналатын сөз басқа,
Бұл ағама айтылатын ән басқа!
Сізге біткен ой құнарлы, тіп нұрлы,
Өнегесін жас ұрпаққа білдірді.
Жібергендер қолтығынан Сіз демеп,
Алатауға ту қадап та үлгерді.
Әлдекімдер жоғалтса ұят, қиса арын,
Жолға салдың, түзеп мінін, қиқарын.
Тасқан жанның тасқамалын талқандап,
Мұңды жанның маңдайынан сипадың.
*** *** *** ***