- 24 қыр. 2021 00:00
- 229
Әскери жарғы
Әскери жарғы — әскери қызметті өтеу тәртібін белгілейтін және соғыс жағдайында әскери құрамалар мен әскери бөлімдердің бір-бірімен өзара іс-қимылдарын үйлестіру ретін анықтайтын ережелердің жиынтығы. Әскери жарғы әскери қызметшілер үшін бұлжытпай орындауға тиіс заң болып табылады. Арнаулы мақсатына қарай жауынгерлік (соғыстық) әскери жарғы және жалпыәскерлік әскери жарғы. (ішкі қызметтік, тәртіптік, саптық, горнизондық және қарауылдық әскери жарғылар) болып бөлінеді. Жалпыәскерлік әскери жарғылар Қарулы Күштер түрлерінің бәріне ортақ ережелерді әскери қызметті өтеу тәртібін, әскери қызметшілердің міндеттері мен құқығын анықтайды.
Әскери жарғылар (Воинские уставы) — Қарулы Күштер әскерлерінің күнделікті басшынықка алатын, олардың қызметін белгілейтін ресми құжаттар. Әскери жарғылар Қарулы Күштердің ішкі қызмет жарғысы, Қарулы Күштердің гарнизон және қарауылдық қызмет жарғысы, Қарулы Күштердің саптық жарғысы, Қарулы Күштердің тәртіптік жарғысы болып бөлінеді. Әскери жарғыларда Ұлы Отан соғысының тәжірибелері, әскери ғылым жетістіктері, жауынтерлерді оқыту мен тәрбиелеудің көп жылғы тәжірибелері талданып, қорытындыланған. Олардың бүкіл мазмұны мемлекеттің, халықтың мүддесіне сай келеді. Әскери жарғылардың негізгі идеясы — патриотизм, әрбір жауынгердің Отанды қорғаудағы жауапкершілігі, әскери борьпііына, әскери антына шексіз берілгендігі. Әскери жарғылар барлығы бір мақсатқа бағытталған. Олардың мақсаты: әскер қатарында темірдей берік тәртіптісақтау, жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеуді бір жүйеде жүргізу, әскери істі казіргі әскери өнер мен ғылым талаптарына сай ұйымдастыру және жүргізу. ҚР Қарулы Күштерінің жарғылары 1998 жылы 27 қарашада бекітілді.