- 24 қыр. 2021 00:00
- 170
Әбу Насыр Мұхаммад әл-Фараби
Әбу Насыр Мұхаммад әл-Фараби(870-950 жж.) — аса көрнекті философ, ғалым-энциклопедист, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деген атпен белгілі ғұлама. Қолөнер кәсібі және ғылымның негіздері жөніндегі білімін Фараб (Отырар) қаласында алған. Ол өзінің туған тілі — түрік тілінде оқыған. Білімін толықтыру мақсатымен Шаш, Самарқанд, Исфахан, Хамадан қалаларына сапар шегеді. Содан соң Араб халифатының мәдени орталығы Бағдадқа жол тартады. Онда араб тілін өте жетік меңгеріп, ежелгі грек философиясын, математиканы оқиды. Логика мен медицинаны, музыка мен астрономияны зерттейді. Әл-Фараби өз өмірінің соңғы кезін Дамаск пен Халеб қалаларында өткізеді.Ғалымдар, ақындар арасында ол өзінің білімінің тереңдігімен, кеңдігімен көзге түседі.
Әл-Фараби батыл кісі болған. Атқа міну өнерін жақсы меңгеріп, садақ атудың шебері атанған. Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы Шығыс пен Батыстың ғылымы және мәдениетінің дамуына үлкен ықпал етті.