depositphotos.com
- 13 нау. 2026 16:30
- 24
Астана мен Алматыдағы ауа райы: 14-16 наурызда қар мен жылымық күтіледі
Қазгидромет синоптиктері Астана мен Алматы қалаларында алдағы үш күнде, яғни 14, 15 және 16 наурызда қандай ауа райы болатынын хабарлады. Елордада қар жауып, ауа температурасы төмендесе, Алматыда күн жылынады деп күтілуде.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астанадағы ауа райы болжамы
14 наурызда – айнымалы бұлтты, түнде қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс жел соғады, түнде 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4 градус, күндіз 0...+2 градус болады.
15 наурызда – айнымалы бұлтты, түнде қар, боран, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кейде тұман түседі. Солтүстік-батыс жел 9-14 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -3...-5 градус, күндіз 0...+2 градус болады.
16 наурызда – айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Кейде тұман түседі. Оңтүстік-шығыс, шығыс жел 7-12 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -5...-7 градус, күндіз +2...+4 градус болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
14 наурызда – айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыс жел 3-8 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -5...-7 градус, күндіз +4...+6 градус болады.
15 наурызда – айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыс жел 3-8 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -4...-6 градус, күндіз +5...+7 градус болады.
16 наурызда – айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман болады. Батыс жел 3-8 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -3...-5 градус, күндіз +5...+7 градус болады.
Қазақстанның көп бөлігіне 15 градусқа дейін жылымық келеді
Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде антициклонның әсерінен Қазақстанның көп бөлігіне жылы, құрғақ ауа райы келетінін хабарлаған болатын. Тек солтүстік пен шығыс аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі.