- 05 нау. 2024 03:41
- 160
Астана Отанымның жүрегі
Сабақтың тақырыбы: Астана Отанымның жүрегі
2 сынып
Сабақ мақсаты: Оқушыларды әсем қаламыз Астанамен таныстыру. Елорда туралы білімдерін толықтыру. Еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту. Туған жерін сүйе білуге, Отанымызды өркендетуге білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Сұраққа жауап береді. Өз ойларын айтады. Астана туралы толық мәлімет алады.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Сұраққа жауап береді. Суреттермен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Туған жер туралы сурет салады. Астана туралы танып біледі.
Бағалау критерийі: Жұптық, топтық тапсырмаларды орында Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар: Астана қаласы туралы видеоролик, Астана қаласының көріністері /суреттер/топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, жаратылыстану.
Басталуы 5 минут
Психологиялық дайындық.
- Армысың туған жер,
Армысың қонақтар,
Армысың достарым,
Армысың ұстазым,
Бәріңе тілеймін,
Тыныштық әлемін.
Қызығушылықты ояту.
Оқушыларды шеңберге тұрғызып өз есімдерімен жақсы тілектерін айтқыза жағалай таныстыру.
Топқа бөлу. Суреттер арқылы.
Әнұран айтқызу.
Мұғалім: Балалар, біз күнделікті өмірде бір - бірімізбен сөйлесеміз, пікір алысамыз, әңгімелесеміз. Біздің туып - өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқаруға дана басшыларымыз кең - байтақ жерімізді сырттан төнген қауіп - қатерден қорғап келеді. Жер бетінде азаттықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Қазақ халқы – ер жүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан бүгінде дүниежүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Олай болса мына бір әнді тыңдап тақтада тұрған сөздерді бұлттан арылтсақ бүгінгі білім күні сабағымыздың тақырыбын аша аламыз.
Ән. Астана.
Иә, балалар, бүгінгі сабағымыз Елордамыз Астана туралы болмақ. Сабағымыздың тақырыбы "Астана Отанымның жүрегі".
Картамен жұмыс. Балалар, Қазақстанымызда қандай қалалар бар? Біз осы Астана туралы не білеміз? Астанаға барған балалар бар ма? Астананы картадан кім көрсетіп береді.
Ой қозғау. “ Сақина салу” ойыны
1. Қ. Р. Астанасы қай қала?
(Астана)
Астананың көрікті жерлерін ата
(Думан ойын - сауық кешені, Астана - Бәйтерек елбасының мәдени орталық мұражайы, Қаза елі монументі, Пирамида, бейбітшілік және келісім сарайы, Ақорда
2. Астана қаласының бас жоспарын құрған кім?
(Жапон сәулетшісі Киспе Курокова)
3. Қай жылы Ақмола қаласының атауы Астана болып жарияланды?
(6 - мамыр1998 жыл)
4. Астана қаласы туралы қандай фильмдер түсірілді?
(«Астана – махаббатым менің»т. б.)
Мұғалімнің аты - жөні: Рысбекова Ш. М.
Астана Отанымның жүрегі. жүктеу