Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Астанада ерекше басылымдар мен қолжазбалар таныстырылды

Ұлттық академиялық кітапхана сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың ішінен ең құндыларын жұрт назарына шығарды. ҚР Ұлттық академиялық кітапхана құндылықтарымен Ресей,  Грузия, Әзербайжан, Иран, Тәжікстан, Германия, Австрия, Молдова, Франция, Индонезиядан келген 300-ге жуық қонақ таныса алды.

Жәдігерлердің ішінде  - түрік ақыны, философы Әлішер Навоидың шығармалары бар. Оны  1831 жылы Самарқандта молла жазып алған.

Түрік пен моңғолдардың шежіресін жазған тарихшы Әбілғазының қозы терісіне жазған жазбалары бар. Қазіргі таңда жазбаларды қалпына келтіру керек.

Құранның да бірнеше ерекше басылымы таныстырылды. Кітаптардың өлшемдері - 1,5 см /1,8 см, мұсылмандық теорияның негізін қалаушылардың бірі - Гилани жазбасы, бамбук тақташасына жазылған Қытай императорлық кітапханасынан әкелінген 9 ғасырдың әскери  стратегиясы. 

 «Абай» романының алғашқы басылымы құнды. Ол Мұхтар Әуезовтың жазғаны, өзгеріссіз күйі. Онда автордың қолтаңбасы мен автопортреті бар (...) Сәкен Сейфуллин редакциялаған Ыбырай Алтынсариннің кітабы.  Бұл жазбаларды Сәкен Сейфуллин жазды деп ойлаймыз. Сондай-ақ мұннан Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің басылымдарын көруге болады(...) 1902 жылы жазылған Жюль Верннің «Әпенденің өсиеті» («Завещание чудака») шығармасы (автордың қолтаңбасы  бар), Александр Блоктың өз қолымен жазған кітабы бар», - деді  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен жазбалар бөлімінің басшысы Әлия Қожабекова.

Сонымен қатар ол қосымша зерттеу мен қаржыландыруды талап ететін қазақстандық жазба мұралары мәселесі бар екенін атап өтті. Ал қала тұрғындары мен қонақтары  сирек кездесетін кітаптар мен жазбаларға қол жеткізуі үшін тиісті орталық құрылуы тиіс.  


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама