Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Астанада мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін

Астанада мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін,-деп жазады Infohub.kz.

Астана әкімдігінің мәліметінше, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс кестесін өзгерту мәселесі қарастырылып жатыр. Әкімнің орынбасары Еркін Өтебаевтың айтуынша, бұл шешім таңертеңгі және кешкі уақыттағы көлік кептелісін азайту мақсатында қолға алынған.

Жаңа жұмыс уақытының қалай реттелетіні әзірге белгісіз. Өтебаев бұл мәселе білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесе талқыланатынын атап өтті.

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізілгеннен кейін тұрғындар таңертеңгі қараңғылыққа бейімделуде. Бұл бастама мемлекеттік қызметкерлердің кестесін қайта қарауға әсер еткен болуы мүмкін.

Кептелісті азайту үшін нақты қандай шаралар қабылданатыны алдағы уақытта белгілі болмақ.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама