Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 25 минут бұрын)
Астанадағы LRT станцияларына атаулар беріле бастады

Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) желісіндегі станцияларға алғашқы атаулар мен навигациялық белгілер орнатыла бастады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желінің кейбір учаскелерінде станция атауларын көрсететін тақтайшалар орнатылған. Мысалы, Abu Dhabi Plaza көпфункционалды кешені маңындағы станцияға «Бәйтерек» деген атау берілген.

Орнатылған белгілер жүйені іске қосу алдындағы дайындық жұмыстарының жүріп жатқанын көрсетеді. Станцияларды безендіру және инфрақұрылым элементтерін монтаждау жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, «Сығанақ» станциясында жолаушыларға бағыт-бағдар беретін навигациялық бағана орнатылған.

LRT станцияларының тізімі

Астана LRT желісінде барлығы 18 станция болады. Олар қаланың негізгі іскерлік орталықтары мен тұрғын аудандары арқылы өтеді. Станциялардың кейбірінің атаулары мынадай:

LRT-нің сынақ пайдалануы 2025 жылдың 29 қыркүйегінде басталды және кем дегенде 6 айға созылуы керек. City Transportation Systems (CTS) компаниясының мәліметінше, пойыз сағатына 40–50 шақырым жылдамдықпен жүреді. «Нұрлы жол» станциясынан әуежайға дейінгі жол шамамен 40 минутты алады, ал қозғалыс аралығы учаскеге байланысты 5-тен 10 минутқа дейін болады.

Жаңалықтар

Жарнама