Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 34 минут бұрын)
Астаналық азамат балаларына қызықпай, көлігінен айырылды

Астанада алимент төлеуден жалтарған азаматтың Hyundai көлігі 4 миллион теңгеден асатын қарызы үшін арнайы тұраққа қойылды. Бұл туралы елордалық полиция хабарлады.

Жеке сот орындаушысының қаулысымен, борышкердің көлігі коммуналдық тұраққа жіберілді. Көлік борыш толық өтелгенше сол жерде сақталады.

Полиция ведомствосы Қазақстан заңнамасына сәйкес, алимент төлеу сияқты міндеттемелерден бас тартқан жағдайда мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қарастырылғанын еске салды.

Алимент бойынша миллиардтаған қарыздар

Бұған дейін Әділет министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың шілде айында алимент бойынша жалпы қарыз 18,5 миллиард теңгеден асқан болатын.

Өткен жылы Алматыда алимент төлемегендерден 22 көлік тәркіленген еді. Оның ішінде 7 миллион теңгеден астам қарызы бар бес іс бойынша тәркіленген мүліктерден кейін қарыздар толық өтелді.

Бұған дейін Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли 2025 жылғы ең ірі өндіріп алулардың мысалдарын келтірген. Мысалы, Астанада алимент бойынша борышкердің Mercedes-Benz S400 маркалы көлігі 23 миллион теңгеге сатылған.

Борышкерлерге қатысты одан да қатаң шаралар қолданылады. Мәселен, Шымкент тұрғыны алимент қарызы үшін алты айға бас бостандығынан айырылған болатын.

Жаңалықтар

Жарнама