- 07 нау. 2020 00:00
- 166
«Ат ағаш екен» деп қалдым
Қоштай пошта таратып Буыршынға келіп, қоналқа үшін бір байдың қорасына барады. Бұл кезде бай есік алдында екі қолын қалтасына салып, шертиіп тұрса керек, Қоштайдың сәлемін де алмайды. Сонда Қоштай атының шылбырын байдың беліне орап байлап тастапты.
— Үй, антұрған, мұның не? — депті сасқалақтап қалған бай.
Сонда Қоштай:
— Тақсыр, сіз екенсіз ғой, сізді «атағаш екен» деп қалыппын, — деген екен.