- 23 қаз. 2019 00:00
- 531
Ата-анаға ақ тілек
Ата-ананың аялы алақаны мен жүрегіне, шексіз мейірімі мен кіршіксіз таза көңіліне тең келер ештеңе жоқ. Сондықтан да аяулы аналарымыз бен ардақты әкелеріміз аман болсын.
*** *** *** ***
Артқан соң бала сенім,
Дертімнің дауасы едің,
Биік қой бұл өмірде,
Қадірің ана сенің.
Өмірге қадам мығым
Анашым – панам, күнім.
Баланың бақыты мен
Ойлаған амандығын.
Болған соң ұлтқа тірек,
Анада құт-қасиет.
Білемін ананы мен
Әлемнің тұтқасы деп.
Сен үшін атқан таң ақ,
Тек жалғыз хаққа аманат.
Ананы сүю керек
Мәңгілік баққа балап!
*** *** *** ***
Ұрпақтарын таралған
Батасымен жебеп тек,
Етегіне оралған
Немересін өбектеп.
Жетегіне ап қайда да
Қиқар ұлды ойнатып,
Жүруші еді аулада,
Сар самауырын қайнатып.
Ақ жаулығы басында
Иығында сұр жемпір,
Қазан-ошақ қасында
Жүруші еді бір кемпір...
...Анам менің жоқ қазір
Аспанжа жүр, жерде емес.
Жоқта жүрек, жоқта жыр
Мұның бәрі енді елес.
*** *** *** ***
Сіздерсіз ұйытқысы шаңырақты,
Түлетіп ұл-қызыңды жамыраттың.
Шаттықтың шалқар әні шалқи берсін,
Сөнбесін аулаңызда шамы Бақтың!
Бақыт құсы айналып күнде қонсын,
Құшақтарыңыз әрқашан гүлге толсын.
Туған күн деп Сіздерге арнап тост көтеріп,
Туыс-туған, дос-жаран бірге болсын!
*** *** *** ***
Ардақты әкеміз .... .... жасқа, аяулы анамыз .... жасқа толған мерейтойларымен құттықтаймыз!
Өмір атты тарихтың дастанында,
Үлгі болып келдіңдер жас қауымға.
Бірің - ...., ал бірің .....-тің
Шуақ шашып тұрсыңдар асқарында.
Әке-ана, енді қалған ғұмырдың,
Тек қана бақыт күлсін аспанында.
*** *** *** ***