dalanews.kz
- 29 мам. 2026 14:30
- 45
Атыраудағы отбасы өлімі: Сұлтан Сәрсемәлиев әкесін көргенде шыдай алмай жылады
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында төрт адамның өліміне қатысты іс бойынша куәгерлерден жауап алу басталды. Соттың үшінші отырысында басты күдікті, 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиевтің ата-анасы куә ретінде шақырылды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әкесін көргенде көз жасын тыя алмады
Сот отырысында Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі Самиғолла Сәрсемәлиев алғашқы куәгерлердің бірі болды. Әкесі сөз сөйлеп тұрғанда, ұлы Сұлтан өзіне-өзі ие бола алмай, көз жасына ерік берді. Алайда, судья Зарема Хамидуллина оның жағдайын сұрағанда, Сәрсемәлиев өзін жақсы сезінетінін айтты.
Отбасының жоғалуы мен өлімі
Оқиға 2025 жылдың желтоқсан айында Атырау облысы Жангелдин ауылында болған. Полицияға 66 жастағы ер адам, 64 жастағы әйел және олардың 32 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызы хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қараша айынан бері байланысқа шықпаған.
Төртеуі де іздеу салынғаннан кейін өлі күйінде табылды. Бұл қылмысқа күдікті ретінде отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев танылды.