ult.kz
- 29 мам. 2026 13:30
- 49
Сұлтан адвокатының сотта жалған сөйлегені анықталды: Не үшін?
Атыраудағы сот процесінде күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің адвокатының әрекеті жұртшылықтың назарын аударды. Журналист Жанат Молдашованың айтуынша, алғашқы сот отырысында адвокат өзін мемлекет тарапынан тағайындалған қорғаушы ретінде таныстырған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Адвокаттың сөзі өзгерді
Алайда, кешегі сот отырысында жағдай мүлдем басқаша өрбіді. Сұрақтар қойылғанда, адвокат бұл ақпараттың адвокаттық құпияға жататынын айтып, жауап беруден бас тартты. Бұл әрекеті оның алғашқы сөзіне қайшы келді.
Шындық анықталды
Журналист Атырау облыстық сотына хабарласып, мән-жайды анықтауға тырысқан. Сот қызметкерлерінің берген ақпараты бойынша, аталған адвокатты Сұлтан Сәрсемәлиевтің өзі жалдаған болып шықты. Бұл жағдай адвокаттың сотта шындықты айтпағанын немесе мән-жайды бұрмалап көрсетуге тырысқанын аңғартады.
-
Атырау облысындағы төрт адамның өліміне қатысты сот процесінде күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі куәгер ретінде сөз сөйледі. Әкесін көрген ұлы көз жасына ерік берді.