Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Атыраудағы отбасылық трагедия: Прокуратура жаңа деректерді жариялады

Атырау облысы Жангелді ауданында орын алған қайғылы отбасылық жағдайға қатысты жаңа ақпараттар белгілі болды. Бұл туралы КТК телеарнасының журналисі Жанат Молдашева тергеу барысында анықталған мән-жайларды зерттеп, Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбектің пікірін алды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Прокуратура өкілінің айтуынша, қазіргі таңда бұл іске басқа адамдардың қатысы бар-жоғы жан-жақты тексеріліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, Сәрсемалиевтен басқа күдікті тұлғалар анықталмаған. Алайда, оқиға орнынан табылған екінші кілттің шығу тегін анықтау үшін қосымша сараптамалар тағайындалды. Істің барлық мән-жайы мұқият зерттеліп, құзырлы органдар бұл жағдайға құқықтық баға беретінін мәлімдеді.

Жаңалықтар

Жарнама