Photo: Ylanite Koppens (https://www.pexels.com/@nietjuhart) / Pexels
- 13 нау. 2026 17:30
- 23
Атыраудағы қанды қылмыс: Журналист жаңа деректерді жариялады
Атырау облысында үлкен резонанс тудырған қылмыстық іске қатысты жаңа деректер пайда болды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қылмыстың мән-жайы
Журналист Жанар Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында бұл оқиғаға байланысты қосымша мәлімет жариялады. Оның айтуынша, күдіктілер 5 қараша күні Мейрамгүлді өздерімен бірге қалаға алып келген.
Кейін әйелді қатыгездікпен өлтіріп, бұған дейін қаза тапқан Наурыздың жанына жерлеген.
Журналистің пікірі
Жанар Молдашова оқиғаның адам сенгісіз қатыгездікпен жасалғанын атап өтті. "5 қарашада Мейрамгүлді өздерімен бірге қалаға алып келді. Оны да аяусыз өлтіріп, Наурыздың қасына көміп тастаған. Жауыздықтың шегі болмайды деген осы екен", – деп жазды журналист.