depositphotos.com
- 23 ақп. 2026 16:00
- 18
Атыраулық әйел кәмпиттен құрт тауып, супермаркеттен 250 мың теңге өндіріп алды
Қостанай қалалық соты жергілікті тұрғынның моральдық шығынды өтеу туралы талап-арызын қарады. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен жылдың күзінде Қостанай қаласының тұрғыны жергілікті супермаркеттердің бірінен кәмпит сатып алған. Қаптаманы ашқанда, ішінен зиянкес жәндіктерді көріп, шошынып қалды. Кейін мамандар кәмпиттердің паразиттермен зақымдалғанын растады.
«Талапкер өзіне келтірілген рухани күйзеліс, жиіркеніш сезімі және сапасыз тауар сатып алғаны үшін балалары алдында кінәлі сезінгенін айтып, 2 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп алуды сұрады», - деп хабарлады соттан.
Жауапкер сапасыз тауар сатылғанын мойындады, бірақ денсаулыққа зиян келтірілгені туралы дәлелдердің жоқтығын алға тартып, талап етілген сомамен келіспеді. Ол 200 мың теңге көлемінде ерікті түрде төлем жасауға дайын екенін білдірді.
«Денсаулыққа зиян келмегенін, келтірілген өтінішті, жәбірленушіге ерікті түрде өтелген шығындарды ескере отырып, сот өтемақы мөлшерін 2 000 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін азайтуды орынды деп тапты. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», - деп түсіндірді сот өкілдері.
Бұған дейін Ақтөбе тұрғынының поликлиникада «қайтыс болғаны» үшін 200 мың теңге алғаны туралы хабарлағанбыз. Ол қатемен өлілер қатарына қосылып, дәрі-дәрмек алу, несие төлеу және салықтарды өтеу кезінде қиындықтарға тап болған.