Tengrinews.kz
- 12 қаң. 2026 02:00
- 15
Ауа райының қолайсыздығынан бірнеше облыста жолдар жабылды
Қазақстанның үш облысында боран мен көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақмола облысы
11 қаңтар 2026 жылы сағат 18:00-де Ақмола облысында жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді. Жабылған жол учаскелері:
Жолдың ашылуы 12 қаңтар 2026 жылы сағат 7:00-ге жоспарланған.
Қостанай облысы
Қостанай облысында 11 қаңтар 2026 жылы сағат 18:00-де жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді. Жабылған жол учаскесі:
Жолдың ашылуы 12 қаңтар 2026 жылы сағат 7:00-ге жоспарланған.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысында 11 қаңтар 2026 жылы сағат 19:00-де барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді. Жабылған жол учаскесі:
Жолдың ашылуы 12 қаңтар 2026 жылы сағат 8:00-ге жоспарланған.
Үш облыста да боран мен көктайғаққа байланысты дауылды ескерту жарияланды.