- 07 жел. 2021 00:00
- 154
Әуедегі ядролық жарылыс
Әуедегі ядролық жарылыс — жарқыл аймағы барынша жарқыраған сәтте жер бетіне (суға) жетпейтін жарылыс. Әуедегі ядролық жарылыс биіктігі ядролық қарудың қуатына байланысты жүздеген метрден бірнеше километрге дейіңгі аралықта болуы мүмкін. Әуедегі ядролық жарылыс кезінде аса жарқыл шығып, отты шар пайда болады да ол бірте-бірте саңырау құлақ тәрізді радиоактивті бұлтқа айналады. Ядролық реакция нәтижесінде гамма-сәулелері, нейтрондар бөлініп және көптеген радиоактивті заттар пайда болады. Жарылыстың қуатына байланысты радиоактивті бұлт 10-20 км-ге дейін, ал термо ядролық жарылыстарда 20-40 км биіктікке дейін көтеріледі. Әуедегі ядролық жарылыс соққы толқыны, жарық сәулесі және өткіш радиация арқылы үйлерді қирату мен адамдарды зақымдау үшін қолданылуы мүмкін. Жер үстінің радиоактивтік зақымдануы жарылыстың биіктігіне байланысты болады жәңе ол жарылыс биіктігі артқан сайын азая түседі.