Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Халықтық азаматтық қорғанысы

Халықтық азаматтық қорғанысы — бейбіт уақытта және соғыс кезінде еліміздің, халқы мен халық шаруашылығын дұшпанның жаппай зақымдаушы және басқа шабуыл жасау қаруларынан қорғау үшін, соңдай-ақ зақым ошақтарында, апатты су тасқыны аймақтарында, стихиялық апаттар, ірі авариялар мен апаттар кезінде құтқару және шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жүзеге асырылатын жалпы мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Азаматтық қорғаныс рөлі өзінің міндеттерінің күрделілігімен, әр алуандығымен ерекшеленеді, ол бұл міндеттерді агрессор ракеталық-ядролық соғыс ашқан кезде жүзеге асырады. Қазіргі замандағы шабуыл жасау құралдарының шексіз мүмкіндігі мен ядролық қарудың орасан зор апатты сипаты еліміздің бүкіл халқын оны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларға барынша белсенді турде қатысуға жұмылдыруды қажет етеді.

Халықты қорғау, адамдардың өмірін сақтау — бұл азаматтық қорғаныстың гумманистік мақсаты. Азаматтық қорғанысты жетілдіріп, дамыту — бүкіл халықтық іс және әрбір азаматтың борышы. Азаматтық қорғаныс орындайтын міндеттерін маңыздылық сипатына қарай шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

— I-халықты жаппай зақымдаушы қарудан қорғау дер кезінде қорғау ғимараттарын дайындау, халықты жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, халықты таратып орналастыру және көшіру жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу, халыққа қорғаныс әдістері мен құралдарын оқытып үйрету;

— II-соғыс кезінде халық шаруашылығы объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін арттыру;

— III-дұшпанның жаппай зақымдаушы қаруды қолдану зардаптарын жою — зақым ошағында құтқару және шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.

Бұл міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру командалық-басшы құрамдармен әскери емес жасақтардың, сондай-ақ бүкіл халықтың жаппай зақымдаушы қарулардан қорғану даярлығына байланысты болады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама