tengrinews.kz
- 06 ақп. 2026 09:00
- 16
Ауған азаматы қазақпын деп, қандастарына әлеуметтік төлеммен пәтер сатып алды
Алаяқтық әрекеті әшкере болды
Павлодар облысының прокуратурасы қандастарды көшіру мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Прокуратураның мәліметінше, тергеу барысында Ауғанстан азаматы өзін қазақ ұлтынанмын деп көрсетіп, жалған құжаттар ұсынған. Осылайша ол әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған.
20 миллион теңгеге пәтер сатып алған
Алынған қаражатқа 20 миллион теңге тұратын пәтер сатып алынған. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға жол бермеу мақсатында прокуратура органдарының өтініші бойынша сот жылжымайтын мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылдады.
Сот актісі әлі заңды күшіне енген жоқ. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.