- 14 мам. 2020 00:00
- 181
Ауыл мектептері дарынды балаларға арналған облыстық мектептердің үздік тәжірибелерін қолданады
Павлодар облысында ауыл мектептері дарынды балаларға арналған облыстық мектептердің үздік тәжірибелерін қолданады. Бұл білім беру басқармасының білім сапасын арттыру мақсатында қолға алған тың жобасы. Осы жоба негізінде қаламыздағы №8 лицей-мектебі мен Железин ауданының білім беру бөлімі арасында бірлескен өзара әрекеттестік пен кәсіптік қолдау туралы келісімге қол қойылған.
№8 лицей мектебінде білікті де білімді тәжірибелі мұғалімдер жұмыс жасайды. Білім ордасы олимпиадалық жетістіктерімен облыс атын халықаралық дәрежеге шығарып жүрген шәкірттерін мақтан тұтады. Сондықтан ауылдық жерде жұмыс жасайтын педагогтармен өз тәжірибемізді бөлісуде осы факторға ерекше көңіл бөлінді. Осы бағытта тиімді өзара әрекеттестік формалары мен әдістері белгіленді.
Железин ауданының мектептері лицейдің олимпиадалық қозғалысына қатысып жатыр. Өткен жылы Железин ауданының оқушылары лицей негізін қалаушы В.П. Никитенко атындағы бағдарламалау мен математикадан Зияткерлік олимпиадаға қатысып, күрделігі жоғары деңгейдегі математикалық есептер шешу тәжірибесіне ие болды.