Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Авторлық бағдарламам

Түсінік хат

«Информатика» пәні қоршаған ортаны талдауға жүйелі-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық процестерді, сонымен қатар ақпаратты түрлендіру, тасымалау, сақтау, қолдану әдістерін дамып және кеңейтіп келе жатқан ғылыми білімнің іргелі салаларының бірі болып табылады. Заман талаптарына сай информатиканы бастауыш мектептен бастап алғашқы дайындық курсы ретінде ендірудің қажеттілігі бүгінгі күнгі педагогика саласындағы іргелі мәселелердің бірі болып отыр. Бастауыш мектеп оқушыларына информатиканың алғашқы түсініктерімен ұғымдарын беру, сонымен қатар басқа пәндерді оқып үйренуге пәнаралық байланыста жүзеге асыру арқылы қажет болатын біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық қоғамда қызмет етуге дайындауға осы кезеңнен бастау қажеттілігі басты назарда болып отыр. Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне ғылымымызбен біліміміздің өркендеуіне тікелей байланысты. Жаңа информациялық технологияны жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енгізілуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік технологияны пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерге деген көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру.Оқушылардың бастауыш мектеп кезеңіне тән физиологиялық психологиялық ерекшеліктерін пайдалану арқылы жүзеге асырады. Қазіргі кездегі орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлінің артуы еліміздің информатика мұғалімдеріне үлкен міндет қойып отыр. Бұл пән aрқылы оқушылар ақпараттық мәдениеттің негізі болып саналатын коммуникация мен түсініктердің, ойлаудың математикалық негіздерін меңгереді. Пәннің мазмұны тек жалпы дамушылық мiндеттердi ғана қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бірге ақпарат туралы ұғымдарды қамтиды.Информатика оқушылардың бұдан бұрын оқып – үйренген аспектілеріне неғұрлым тереңірек игеруіне және гуманитарлық саладағы кәсіби қызметте немесе оқуда қажетті дағдыларды иеленуіне мүмкіндік береді. Қолданбалы бағдарламаның негізгі міндеттері оқушылардың ақпаратты тарату және қолдану, оқушыларды дүниежүзілік ақпараттану әлемі жөнінде түсінік алуға, компьютерлік технологиялардың жаңалықтарын өзінің білімі саласында жүйелі түрде өзін-өзі дамыту ретінде қолдану болып табылады. Бұл ұсынылып отырған бағдарлама арқылы 3-сынып оқушылары АКТ құралдарын өздерінің оқу әрекетінде, кейінірек бағдарлы бағытта саналы, әрі тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыра алады... 3-сынып оқушыларына Scratch программасын оқытуды енгізу - оқушыларды программалау мен ақпараттық технологияларға баулудың негізі болып табылады. Scratch программалау ортасы 3-4-сынып оқушылары үшін қызықты бағдарлама екені сөзсіз. Scratch – бұл кодты жазу процесін жеңілдететін бағдарламалаудың визуальді тілі. Оны әр алуан көңілді және қызықты бағдарламалар жазу үшін қолдануға болады. Scratch – бұл бағдарламалау бастамасының өте жақсы әдісі.  Scratch программалау ортасында оқушылар визуалды нысанға өз беттерінше шығармашылық жобалар жасай отырып, программалаудың алғашқы сатыларын меңгередіАталған бағдарламалау ортасында әрбір бала өзінің шығармашылық қабілетін көрсете алады. Себебі Scratch программалау ортасында түрлі мультфильмдер, ойындар, анимациялық ашықхаттар, тұсаукесерлерді дайындауға болады. ЭЕМ-де жұмыс істеп отырған әрбір оқушы үшін мәтіндік және графикалық интерфейстің принциптері толық баяндалған,бүкіл әлемдік желі – ғаламтор,  айнымалы программа Scratch технологияны баяндау барысында көптеген есептермен тапсырмаларда информатиканың негізгі идеялары мен жеке қолданылатын дербес компьютердің жұмыс істеу принциптері қарастырылады. Сонымен қатар алуан түрлі суреттер салып, өз кейіпкерлеріне графикалық өңдеу жұмыстарын жүргізіп, дыбыстық сүйемелдеу арқылы қызықты оқиғалар мен ертегілер құрастыра алады. Осының барлығын оқушылар аталған бағдарламаның мультимедиялық мүмкіндіктерін қолдана отырып, жүзеге асырады. Бұл бағдарламалау ортасында өз кейіпкерлерін қозғалысқа келтіріп, сурет салып, түрлі дыбыстармен жұмыс жасап, өз ойындарын да жасай алады.Scratch – оқушыларға сонымен қатар модельдеуді үйретудің таптырмас құралы болып табылады. Информатика пәнінен аталмыш үйірме жұмысының бағдарламасы 3  сынып оқушыларына пән бойынша білімдерін кеңейтіп, күнделікті өмірде кездесетін сұрақтарға жауап алу, комьютермен жұмыс жасап үйрену, шығармашылықпен айналысу мақсатында құрылып отыр.

Үйірме жұмысы аптасына 1 рет, жылына 34 сағатқа арналып құрылған.

Мақсаты: Aқпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Aқпараттық әдiстемелiк материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық әлемдік бейнесін қалыптастыру және жеке тұлғаның өзіне қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып дамыту. Өз бетімен білім алу өзін - өзі дамытуға жағдай жасау.- Оқушыларға ақпаратты өңдеу, жеткізу және оны пайдалану туралы білімдерді меңгерте отырып, ақпараттық технологияны оқу үрдісінде өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде саналы да тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Демек, Қазақстанның болашақ білімді мамандарын дайындауда алатын білімнің ұшқырлығы мен нәтижелігі заман талабына сай жалпы орта білім беруде бейінді оқытуға көшу болмақ .Дербес компьютерді пайдаланудың ең танымал бағыттарының бірі – компьютерлік графикамен жұмыс істеу екендігі белгілі. Компьютерлік графиканың қолданылу көкжиегі өте кең – қарапайым сурет салудан бастап теледидардағы жарнама және кинодағы арнайы эффектілерге, машина жасау саласындағы компьютерлік жобалаудан іргелі ғылыми зерттеулерге дейінгі аумақты түгел қамтиды. оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау; оқушыларға компьютердің мүмкіндіктері мен оны күнделікті өмірде қолдануға және компьютерлік сауаттылыққа үйрету.

Міндеттері:

  • Ақпарат және ақпараттық үрдістер туралы түсінікті қалыптастыру;
  • Ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • қауіпсіздік техника ережелерін, этика және құқық нормаларын сақтау дағдыларын қалыптастыру.
  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын, теориялық және шығармашылықпен шабытты ойлау қабілеттерін дамыту, сонымен бірге ең тиімді шешім алуға көмектесетін алгоритмдік ойлау жүйесін жетілдіру;
  • Есте сақтау, логикалық ойлауын дамыту, тиянақтылыққа, ақпараттық мәдениеттіліккетәрбиелеу;
  • Оқытудың электрондық бағдарламаларымен жұмыс істеуге, қосымша материалдар іздеуге және оны тиімді пайдалана білуге үйрету;
  • Scratch программалау ортасындағы программалау кезеңінде нысандар анимациясы мен оқиғаларды құруды меңгерту;
  • Ойын ортасындағы программалау сценариін жасау және жүзеге асыруды дамыту;
  • Қазақ ертегілері кейіпкерлерін қолдана отырып, әр түрлі жобалар әзірлеуді үйрету.ақпараттық ойлау мәдениеті қалыптасады;
  • программалауды меңгереді;шығармашылық қабілеттері дамиды;шағын жобалар жасай алады;
  • ақпараттық қоғамда белсенділік таныта алады;компьютерлік сауаттылығы артады.
  • Ғаламтор желісінде жұмыс жасап үйрену;
  • Браузер түрлерімен танысу;
  • Электронды қорлармен почтамен жұмыс жасау;

Күтілетін нәтиже:

  • ақпарат және ақпараттық үрдістер туралы таным, түсініктері қалыптасады;
  • компьютер құрылғылары, компьютермен жұмыс жасауды үйренеді;
  • компьютерлік, ақпараттық сауатты, мәдениетті болады;
  • компьютерде өз бетімен жұмыс жасауғауға дағдыланады.
  • Ғаламторда еркін жұмыс жасай алуды үйренеді;
  • Айнымалы бағдарламамен жұмыс жасайды;
  • Ой қабілеті дамып,бағдарлама жасауды үйренеді;
  • Жоба құруды үйренеді;

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама