Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері. Ахмет атамыз қазақ елінің мақтанышы, ұлтшыл жандардың бірегейі және өмір шындығын мен қоғам шындығын жеткізген ұлт ұстазы.

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы Торғай облысындағы Торғай уезінің Сарытүбек жерінде дүниеге келген. Қазақтың көрнекті тұлғасы мен қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, педагог, аудармашы болып табылады. Жастайынан оқуға зерек болып, ауыл молдасынан сауат ашқан. Әрдайым білімнің баурайында жүрген.

Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылық жұмыстарын, өлең жазудан бастаған. Өлеңдерінде қарапайым қазақ халқының көрінісі, әл-ауқаты, және қазақ балаларын оқуға, білімге, құштарлыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа шақырады. Алғашқы кітабының бірі "Қырық мысал" болып табылады. Құнды кітабының мақсаты мен мәні, қазақ халқын ұйқыдан оятып, шел басқан көзін ашу болды. Екінші жарыққа шыққан кітабы - "Маса". Асыл құнды кітабында, адамдардың жалқаулығын, надандығын кемшіліктерін сыни тұрғыдан жазған.

Қазақ жерінде көптеген ақын, жазушылар, атағы әлемге жайылған тұлғалар бар. Олардың өзіндік құны кетпес орны сияқты, Ахмет Байтұрсынұлының да солай, өзіндік өшпес орны бар. Өзінің талмай, еңбекқорлығының арқасында қазақ балалары қазақ тілінде емін еркін сөйлеп жүр. Қазақ алфавитінің негізін қалаушы - Ахмет атамыз. Әлеппені, алфавитті шығаруда талай қиындық кешкені бізге мәлім. Әліппе қазақ тілінің табиғатына бейімделген, араб жазуы ретінде жасалды. Мен сіздей ұлы тұлғамыздың болғанына шабыттанамын.

Қазақ халқы мақтанышпен, жігерлікпен өлеңдерін жатқа айтып ұғынуда. Өлеңдерінің тақырыбы басқа болғанымен, атамыздың мақсаты біреу ғана ол - адамдарды адамгершілікке, жаман - әдеттерден арылуға баулиды. Өлеңдерінің құны қазіргі күнге шейін, өз құндылығын жоймай келеді.

Ұлт ұстазы қазақ жастарының болашағына өте қатты алаңдаған. Өз заманында жастарымыздың сауаты жоқтылығы, атамызды қатты қынжылтатын. Қазақ халқының толығымен оқуын қалап, күн мен түн демей өлеңдер мен мысалдар жазған болатын. Осы еңбектердің барлығын қазақ халқына арнаған.

Ахмет Байтұрсынұлының ақындықтан бөлек бір өнері, ұлттық аспаптардың бәрінде бірдей шебер орындауы. Ұлттық аспаптарда ойнап, ән шығарып, жүректі тебіндіре айтқан. Қазақтың әндері керемет қой шіркін!

Ахмет атамыз қалың ұйқыда жатқан қазақ халқына өлеңдерін арнап, қуғын-сүргінге ұшыратып, 1937 жылы ату жазасына кесіліп, өмірден озды. Қазақ халқына бұл өте ауыр жағдай еді. Себебі: Ахмет Байтұрсынұлы сияқты ұлы тұлғаларымыз  аз еді.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ қоғамында өшпестей із қалдырды және қазақ жүрегінде ешқашан өшпейді. Мен сіздей ұлы тұлғаның ұрпағы болғаныма мақтанамын!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама