Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Өтегеннің араша түсуі

Бірде Қыстаубай деген кедей адам Қоңырдағы дауын шештіру үшін Абылайға келеді. Абылай Қыстаубайды тыңдап болған соң:

— Бұл дауыңды шешсем, маған не бересің? — деп сұрайды.

Қыстаубай:

— Тақсыр, менің сіз алуға жарайтын нем бар дейсіз? — дейді.

Абылай:

— Сенің он төртке келген бойжеткен қызың бар. Сол қызыңды Ақбердіге бересің, ол елуге жаңа шықты, өзі бай, басының тазы жазылмай жүргені болмаса, қызыңа лайық, дұрыс адам емес пе? — дейді.

«Сонда бір дауды шешу үшін жап-жас баламды өзі кәрі, өзі таз Ақбердіге қор қылмайын, одан да өтегеннен барып, араша-көмек сұрайын» деп ойлаған Қыстаубай Абылайға:

— Алдияр, үйге барып қабырғаммен кеңесіп көрейін, жауабын сосын беремін, — дейді де, өзі өтеген батырдың ауылын іздеп жүріп кетеді.

Абылайдан үміті үзіліп, тауы шағылған Қыстаубай өтегенге келіп, араша сұрайды. Абылай ханға бір ауыз айтып, араша түсуін, қызын Ақбердіге қимайтынын айтады.

Өтеген Қыстаубайды ертіп Абылай ханға келеді. Ат үстінде тұрып:

— Абылай, сен мына бейшараның Қоңырдағы дауын неге шешпей жібердің? Асты қорлама құстырады, елді қорлама састырады. Тыңдамасаң, тыңдаттырамын, ел қа- наған сендей төрені айдап жүріп құрттырамын! — деп, ат басын бұрмастан жүріп кетіпті. Абылай тоқта десе де, тоқтамапты. Содан Абылай Қыстаубайдың дауын оның пайдасына шешкен екен.

Оқуға кеңес береміз:

Өтегеннің қыз беруі

Өтегеннің қарызын қайтаруы

Өтегеннің Абылайды сынауы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама