Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Айда бұлбұл, сайра бұлбұл

Ел әңгімесіне қарағанда Есбай бұл күйді бозбала шағында домбырамен алғаш әуей болған кезінде шығарған екен. Жетімдіктің тақсыретін ерте көрген, сынық көңіл бала жігіт оңашаға барып зираттардың арасында отырып күй тартатын әдет шығарады. Бірде, күй тартып отырған кезінде төбесіне бір жалғыз бұлбұл құс келіп, үйіріліп тұрып алады. Келесі күні сол көрініс айна-қатесіз қайталанады. үшінші күні де солай болады. Екеуі бір-біріне әбден үйреніседі. Бұлбұл көкте, Есбай жерде, әрқайсысы өзінің мұңлы жырын толғап жүре береді. Кейіннен өзінің жалғыз мұңдасына арнап бозбала Есбай осы күйін шығарған екен.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама