- 08 қаң. 2020 00:00
- 186
Айдаһар жылы
Қожанасырдың бір жолдасы:
— Бізге жылыңыздың не екенін, жасыңыздың қаншаға келгенін айтсаңыз, — деп өтініш етіпті. Сонда Қожанасыр:
— Жылым айдаһар, жасым елуде, — деп жауап беріпті. Оған жолдасы:
— Жылдың ішінде жылан бар екені рас, ал «айдаһар» дегенін естімеген едім, — депті. Сонда Қожанасыр:
— Е, достым, сенің де сөзің дұрыс, мен де текке сөйлеп тұрған жоқпын, мені шешем жылан жылы туған, содан бері елу жыл болды. Жылан да өсті, мен де өстім, сен қалай ойлайсың, содан бері айдаһар болмайды деймісің? — деген екен.