- 08 қаң. 2020 00:00
- 230
Қожанасыр мен балалар
Жол жүріп бара жатқан Қожанасыр бір топ балалардың ойнап жүргенін көрді де, олардан:
— Балалар, ешнәрседен хабарларың болды ма? — деп сұрады.
— Жоқ, — деді олар. Қожанасыр ойланып тұрып:
— Ана таудың баурайындағы ауылда Мырзабек ағаң бір қап жаңғақты үлестіріп беріп жатыр.
Бұл әңгімені есіткен балалар Мырзабек ағасының ауылына тұра-тұра шауып кетті. Айтарын айтса да, «бұлардың жүгіруі тегін емес шығар» деп күдіктеніп, балалардың артынан өзі де жүгіре берді.