- 16 қыр. 2021 00:00
- 245
Әйелімді сатамын
Бұзылып (әйелім естімесін), яғни ауырып жатқан әйелімді запчасть ретінде сатамын. Мінезіне капремонт қажет. Артық доңғалақтары, ой-б-у-у-у қара домалақтары жоқ. Ұрыс кезінде моторы тез оталады. Сөндіру қиын. Короткий замыканиесі ұстаса, талып қалады да радиатор-аузынан көбік шашады. Қатын – 1972 жылғы. Қыз кезінде в масле алғам. Корпусы кең. Базарға жүк тасуға жарайды. Түр-түсі – шоколадный. Багажы – дутый. Облицовкасы не толау демесеңіз, жалпы моторы жақсы. Ұзындығы – бір де жетпіс. Ені – бір де қырық. Салмағы – таза таразбен тартқанда 150 кг. Спирт, коньяк, вино, сыра және сүт қосылған шаймен, кей-кейде қара сумен де жүре береді. Бағасы – қалыңмалдан көп төмен. Басқа варианттарға да көнуім мүмкін. (Құтылсам болды).
ЕСКЕРТУ: Бір сатылған соң, қайтып алмаймын. Айтпақшы, ұмытып барады екенмін. Алатын адамның запасной жүрегі болғаны абзал.