Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы. Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор және катушка
Физика 11 - класс
Сабақтың тақырыбы:. Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы. Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор және катушка
Жалпы мақсат: Оқушылардың тақырып бойынша білім алуға жұмысын ұйымдастыру; айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор, айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтік катушка тақырыптары бойынша оқушылардың тәжірибелер жасау арқылы шешімге келуін ұйымдастыру, есептер шығару арқылы практикалық мағынасын ашу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Презентациялық слайдтар. Видео роликтер. Интерактивті тақта. Эксперименталды қондырғы.
Пәнаралық байланыс: алгебра, геометрия
Сабақтың эпиграфы ретінде Р. Декарттың мына сөзін аламыз:
Білгенің аз – білетініңді қолдана білу керек!

Сабақтың құрылымы:
• Сабақты ұйымдастыру.
• Негізгі білімдерін жетілдіру.
• Жаңа білімді қабылдау.
• Жаңа тақырып бойынша алынған білімдерін пысықтау.
• Эксперименталдық жұмысты ұйымдастыру.
• Үйге тапсырма беру.
• Сабақты қорытындылау.

1. Ұйымдастыру бөлімі.
Механикалық тербелістер
Электромагниттік тербелістер
Координата х
Электр заряды q
Амплитуда А; Хm
Максимал заряд qm
Жылдамдық ν= х'
Ток күші i=q'
Үдеу а=ν'=х''
Ток күшінің өзгеру жылдамдығы i'=q''
Масса m
Индуктивтік L
Серіппенің қатаңдығы k
Сыйымдылыққа кері шама 1/ С
Күш F=kx
Кернеу U
Потенциалдық энергия kx²/2
Электр өрісінің энергиясы q²/(2С)
Кинетикалық энергия mυ²/2
Магнит өрісінің энергиясы LI²/2
1. 1. Сабақтың мақсаты мен қойылатын талаптармен таныстыру.
2. Негізгі білімдерін жетілдіру. Механикалық тербеліс пен электромагниттік тербеліс арасындағы сәйкестікке тоқтала кетеміз.(кесте бойынша)

3. Жаңа білімді қабылдау.
3. 1. Айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергіні қарастырамыз.
Резистор мен жалғағыш сымдардан тұратын қарапайым тізбектің қысқыштарындағы кернеу
u =Umcos ωtзаңымен өзгерсін. Бізге бұрыннан белгілі R кедергіні айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі деп атайды. Ток күші мен кернеудің лездік мәндері үшін Ом заңы орындалады.
Электр тізбегін құрастырамыз. Актив кедергілер - өткізгіштер мен кабельдер.
Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінің
физика пәні мұғалімі Балдосова Гүлбайра Құлтөреқызы
Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы. Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор және катушка. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама