Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Азия елдері
11 сынып
Тақырыбы: Азия елдері
Жалпы мақсат: «Азия елдері» тарауы бойынша алған білімдерін қорытындылау, пәнге деген қызығушылығын тексеру, материкті қаншалықты меңгергендігін анықтау.
Оқыту нәтижесі:
▪ Оқушылардың топпен жұмыс істеу қабілетін арттыру;
▪ Өтілген материалдарды жүйелей білуге баулу;
▪ Есте сақтау дағдыларын дамыту.

Қызығушылығын ояту
Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу;
б) топты 3 - ке бөлу

Мағынаны ашу
І кезең. Нақты сұрақ – ұтымды жауап (Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді).
“Қытай” тобына:
1 “Тянь - Шань” қытай тілінде қандай мағына береді: Аспанмен тілдескен тау
2. Азияның оңтүстік – батыс бөлігін құрайтын түбек: Арабия
3. Тынық мұхит теңіздерінің бойын қуалап, сары және шығыс қытай теңіз жағаларында орналасқан жазық: Ұлы Қытай
4. Қытайдың ұлттық діні: Конфуций
5 Азияның жер шарындағы ең төмен жатқан бөлігі:
Өлі теңіз – 403 м

“Жапония” тобына:
1. Жапондықтар өздерінің мемлекетін қалай атайды: Күншығыс елі
2. Азияны Еуропадан бөліп тұрған теңіз: Эгей
3. Үндістанмен 4053 м ұз. шекараласатын ел: Бангладеш
4. Пусан кеме жасау орталығы қай елде: Оңт. Корея
5. Жапонияның ең биік нүктесі: Фудзияма

«Үндістан» тобына:
1. Арабия түбегі Африкадан ұзын және енсіз қандай теңізбен бөлініп тұр: Қызыл теңіз
2. Дүние жүзіндегі жауын - шашын ең көп жауатын елді - мекен: Черапунджи
3. Д. ж - де халқы саны жөнінен 10 - шы орын алатын ел: Жапония
4. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония – қай елдің сауда серіктесі: Үндістан
9. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет: Түркия

ІІ кезең. Ақпарат көзі ( Толық ақпарат берген топ 10 ұпаймен есептелінеді.).
ІІІ кезең. Өзіңді бағала! Әр дұрыс жауап
1 ұпаймен саналады.
1. Израиль, Ирак, Йемен, Кипр, Түркияның мемлекеттік құрылысы - Республика: Ия
2. Азия жерінің 25% - ын таулар алып жатыр: жоқ
3. Монғолияның ұлттық діні христиан: жоқ
4. Малайзия, Тайланд, Кувейт абсолюттік монархиялық елдер: ия
5. Азия жер шары халқының 60 % құрайды: ия
6. Жылына 2 рет өнім жинайтын ел - Қытай: жоқ
7. Қытай жер көлемі бойынша 3 - ші орында: ия
8. Үндістанның ақшасы юань: жоқ
9. Абдул Калам – Пәкістанның президенті: жоқ
10. Жапония шикізат пен отын ресурстарын басқа елдерден сатып алады: ия

IV кезең. Ойлы болсаң, озып көр! Астана мен мемлекет толық айтылса 10 ұпай,
жартылай 5 ұпаймен бағаланады.

V кезең. Кино әлемі (ұяшықтарды таңдау арқылы киноның әуендері (саунтрек) ойналады. Қай елдің киносы екенін және фильмнің атын сонымен басты рольді сомдаушыны атау керек. Жоғары балл – 10)
VI кезең. Өнерлі өрге жүзер (елдердің ерекшелігін көрсету, жоғарғы ұпай - 10).
VII кезең. Ас мәзірі (Әр топ өздерінің ұлттық тағамын келіп, ерекшелігін түсіндіру. Жоғары балл – 10 ұпай)

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
№5 орта мектеп, география мұғалімі
Баймурзина Гүлден Кадирбаевна
Азия елдері жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама