- 05 нау. 2024 04:06
- 264
Тәрбие көзі - ұлттық мұра оқу-әдістемелік видео материал
Халқымыз «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен. Осы жерде қазақ халқының ұлы ақыны, ғалым М. Жұмабаевтың мына сөзі ойға оралады: «Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әр ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті» деген сөзі де соның дәлелі. Сондықтан да сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу - тәрбие процесіне енгізу арқылы болашақ ұрпақтардың бойына дарыту керек.