Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 09 нау. 2026 14:01
- 46
Бағдат Әшімова зират басынан жүрек тебірентер видео жариялады
Қазақ театр және кино өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба жариялап, көпшілікті толқытты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бағдат Әшімова 8 наурыз күні Әшімовтер әулетінің зиратына барып, марқұмдардың рухына дұға бағыштады. Ол анасының туған күнінде зират басына барып, туыстарын еске алды.
Туыстарын еске алды
«Бүгін 8 наурыз. Апамның туған күні. Бүгін сол кісілердің басына келдік. Мәди, Сағи, Айжан, Майра тәте... Жатқан жерлері жайлы болсын», – деп жазды ол.
Шәкірттері көңілін аулады
Жарияланған видеода Асанәлі Әшімовтің шәкірттері келіп, ән айтып, Бағдат Әшімованың көңілін аулағаны көрінеді. «Асекеңімнің шәкірттері көңілімді аулап, мамалап тұрады. Мың алғыс. Бүгін Асекеңнің анасының туған күні», – деп жазды ол.
Бұған дейін Бағдат Әшімова әнші Сәкен Майғазиевтің шаңырағында өткен ауызашарға қатысып, өмірлік жары туралы естеліктерімен бөліскен болатын.