Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Баян Алагөзова 8 наурызға бірнеше пәтерге тең бағалы сағат алды

Қазақстандық актриса әрі продюсер Баян Алагөзова Халықаралық әйелдер күніне орай алған сыйлығын көрсетті. Ол Instagram-дағы сторис парақшасында сағат таққан қолының суретін жариялап, «Сегізіне дейін шыдай алмады» және «Рахмет саған, махаббатым» деп жазды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Суреттен көрінгендей, бұл – швейцариялық Richard Mille брендінің RM 037 үлгісіндегі сағаты. Қызғылт алтыннан жасалған, гауһар тастармен безендірілген бұл модельдің бағасы 200 мыңнан 450 мың долларға дейін жетеді.

Сағаттың құны қанша?

Chrono24 халықаралық сауда алаңының мәліметінше, Richard Mille RM 037 моделінің бағасы оның безендірілуіне қарай өзгереді. Толық гауһар таспен қапталған нұсқалары бұдан да қымбат бағаланады. Мұндай сағаттың құны Алматыдағы бірнеше пәтердің немесе Bentley Bentayga, Lamborghini Urus сияқты люкс көліктердің бағасына пара-пар келеді. Бұл көліктердің бағасы да 350–450 мың доллардан басталады.

Алагөзованың күйеуі кім?

Баян Алагөзова «Galanz Bottlers» компаниясының негізін қалаған, белгілі бизнесмен Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шыққан. Оның брендтері қатарында «Maxi Чай», Yellow лимонады, Dellos, Nestea және Laimon Fresh бар. Сондай-ақ, бизнесмен Шымкент сыра зауыты мен JFood Kazakhstan («Цесна-Астық» концерні) кәсіпорындарына иелік етеді.

Тұрсынғали Алагөзов Forbes рейтингісінде Қазақстанның ең бай адамдарының қатарында 61-орында тұр. Оның байлығы 130 миллион долларға бағаланады. Ол бұған дейін компания қызметкерлеріне 100 пәтер сатып алып, шамамен 2,5 миллиард теңге жұмсағанымен, сондай-ақ жұмысшыларының ата-аналарына зейнетақыларына үстемақы төлеуге уәде бергенімен де танымал.

Жаңалықтар

Жарнама