atpress.kz
- 17 нау. 2026 17:00
- 20
Бакытгүл Хаменованың жазасы өзгертілді: экс-шенеунік бостандықта қалады
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Бакытгүл Хаменова бостандықта қалады. Бұл шешімді Атырау қаласы №2 соты қабылдады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Хаменованың үш жылдық мерзімге берілген жазаны өтеу мерзімінің кейінге қалдырылуы 10 наурызда аяқталды. Ол бұл уақытта кішкентай баласының тәрбиесімен айналысқан болатын. 16 наурызда Атырау қаласының №2 сотында пробация қызметінің өтелмеген жазаны бас бостандығын шектеу түріне ауыстыру туралы ұсынысы қаралды.
Сот шешімі
Сот отырысында Хаменованың жазаны кейінге қалдыру кезінде қоғамдық тәртіпті бұзбағаны, әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны және бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындағаны айтылды. Осы жағдайларды ескере ала отырып, сот ұсынысты қанағаттандырды. Өтелмеген жазаның қалған бөлігі 7 жылға бас бостандығын шектеумен және сол мерзімге пробациялық бақылаумен ауыстырылды.
Істің мән-жайы
2022 жылдың 15 қарашасында Атыраудағы сот экс-әкім орынбасары Бакытгүл Хаменоваға қатысты үкім шығарған болатын. Ол пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда, сот оның кішкентай баласының болуына байланысты жазаны өтеуді кейінге қалдырған еді. Сол кезде Хаменова сот залынан босатылған болатын.
2023 жылғы ақпанда сот апелляциялық шағымды қанағаттандырмай, бұрынғы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Өткен жылдың күзінде Хаменованың тойда жүрген видеосы желіде пайда болған еді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл жағдайға қатысты экс-шенеунікке мәдени-бұқаралық шараларға қатысуға тыйым салынбағанын хабарлады.