Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Балалардың бал мекені Ақботаға-10 жыл
«Балалардың бал мекені - Ақботаға 10 жыл»
Балабақшаның 10 жылдық туған күніне арналған концерттік бағдарлама.
Әуен ойнап тұрады.

Жүргізуші:
Әлемге той деп бүгін жар саламыз
Қонақтарды құрметпен қарсы аламыз
Мерей тойын бақшаның жұп - жазбай
Келіңіздер, бәріміз қарсы аламыз.

Сарбиназ Талапқалиқызына:
( № 1 - ші Видеослайд ашылғаннан бастап балабақшаның осы күнге дейінгі көрінісі көрсетіліп тұрады).
Құрметті қонақтар! «Ақбота» балабақшасы 2007 жылы қазан айының 29 күні Түпқараған ауданы әкімінің № 168 қаулы негізінде құрылған. 140 орындық Баутин, Аташ елді мекендерінің балаларына арналып салынған балабақша. Бас демеушісі «Қаражанбас мұнай» АҚ 2007 жылы 14 желтоқсан айында ҚР – ның Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында салтанатты түрде ашылды. Әр топ жас ерекшелігіне орай ойын алаңдарымен қамтамасыз етілген. Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Балабақша мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі арқауы. Халқымыздың әдептілік, инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік. қонақжайлылық қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіретін білім ұясы. Жетістіктері 2010 - 2015оқу жылдары аудан бойынша екінші орында, 2016 - 2017оқужылында бірінші орында тұрды. Осы білім ұясына ашылғанына 10жыл толды. Елбасымыздың болашаққа бағдар - рухани жаңғыру аясында ұйымдастырылған «Балалардың бал мекені - Ақботаға 10 жыл» атты мерекелік шараға қош келдіңіздер.
Би. Қазақша. Түлектер

Жүргізуші:
Ауыл қамын ойлап жүрген ағалар
Біздер бармыз өздеріңді бағалар
Қуанышты сыйлай білген сіздерге,
Шексіз риза ата - ана мен балалар - деп әкімдеріміздің қолдауынсыз біздің ойымыздың жүзеге асырылуы мүмкін емес, бүгінгі біздің мерекемізді құттықтауға Түпқараған аудан әкімі Темірбек Тыйылұлына, маслихат хатшысы Айкүміс Сәрсенғалиқызы, аудан әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиұлын, Қаржы бөлімінің басшысы Жанар Жанайынқызына сөз кезегі беріледі.
Марапаттау.?

Жүргізуші:
Сәулесі әлем төріне,
Сәбидің пәк жанды үнімен.
Сыр – сезім тасып төгілген,
Шұғылалы шалқар көңілден
Балауса балғын балаға,
Тәлім тәрбие қасиетін,
Тал бесіктен бере білген - деп, балабақшамыздың бүлдіршіндерін қарсы алайық.

Балалар:
Қарт Каспийдің жағасынан,
Шаттық күйін тербеткен,
Елімізді әндеткен («Қарлығаш» тобы Сезім)
Сәби күлкісін гүлдеткен
«Ақбота» атты бақшаға
10 жыл толды мінекей.

Что за гостеи здесь собрались
В «Акботе»? Ой - ой - ой!
И свободных мест нет в зале,
Что за праздник здесь такой?! («Көгершін» тобы Айзере)
Очень много здесь гостей,
Потому что..... Юбилей!

Welcome to duests
Now lightly and beautiful in the hall
The Unions beautiful everywhere stand
Today for a holiday of guests we called
Much here is guests
Because we have anniversary («Көгершін» тобы Елнар)

Муз. сәлемдеме: Балабақшамыздың бүлдіршіндерін «Қояндар полькасы» биімен қарсы аламыз.
Жүргізуші:
Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,
Жана берсін бақ артып бағыңызда.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді,
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан,- деп бүгінгі біздің мерекемізге Баутин ауылының әкімі Дәулет Оразаұлы, Білім бөлімінің басшысы Айбаршын Қуанышқалиқызына, Білім үйлестіру орталығының басшшысының міндетін атқарушы Гүлнар Жанбосынқызын, Ақсақалдар алқасы Тауірхан ағаймен Қойлығұл ағайды ортаға шақырып, құттықтау сөз кезегі беріледі.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, "Ақбота"балабақшасының
психолог - тәрбиешісі Тоғаева Ақелік Өтелгенқызы

Балалардың бал мекені Ақботаға-10 жыл. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама