Photo: Tan Danh (https://www.pexels.com/@dtanpt) / Pexels
- 15 нау. 2026 04:00
- 23
«Балам күйеуімдей болса, арманым жоқ»: Азамат Сатыбалдының жары Назгүл Қарабалина жан сырын ақтарды
Танымал актер Азамат Сатыбалдының жары Назгүл Қарабалина өзінің жан сырымен бөлісті. Ол өзінің ең үлкен арманы – ұлының әкесі сияқты азамат болып өсуі екенін жеткізді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Анаға деген құрмет
«Мама туралы айтқан кезде Азамат туралы айтқым келеді. Біздің баламыз енді өсіп келе жатыр ғой. Менің балам Азаматтай болса, менің арманым жоқ. Себебі Азамат өзінің ата-анасына тірі кезінде бар махаббатын, мейірімін, ықыласын берген адам», - дейді Назгүл Қарабалина.
Актердің жары Азаматтың анасына деген ерекше құрметі мен махаббатын атап өтті. Ол Азаматтың анасына арнап түсірген фильмін де еске алды. «Анамен уақытылы құрметтеу, бата алу, уақытылы тілдесу, кешірім сұрау деген сияқты тақырыптарға әкелім тақайды», - деп қосты ол.
Оқырмандардың пікірі
Назгүл Қарабалинаның бұл сөздері көпшіліктің ықыласын аударды. Желі қолданушылары актердің жарына жылы лебіздерін білдірді. «Экранның ар жағынан тектілігі сезіледі», «Бір жақстықта әдемі қартайыңыздар», «Азаматтың бағы бес елі екен Назгүлдей жары бар», «Үнемі жарын мақтап отырады», - деп жазды оқырмандар.