- 10 қаз. 2019 00:00
- 364
Балам туған күнің құтты болсын!
Туғанда қуантқан ұлым мынау,
Бір мүшелді өткізген құлыным-ау,
Әкеңде арман бар ма, көрсе егер
Келешекте көрсетер қызығыңды-ау!
Сабағыңды жақсы оқып, оқуға түс,
Келешекте бір маманның иесі бол.
Еңбекті сүй, күшіңді бағалай біл,
Дүниеден алатын сыбағаң мол.
Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде.
Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,
Ту тіккен алаулаған арманыңнан.
Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,
Биіктен биіктерге самға, қыран.
Ізгі боп лебізіңді сағынатын,
Жігіт бол дос, дұшпаның табынатын.
Айналсын ар туына адалдығын,
Адам боп ұялатқан жанына күн.
Жүр асқақ күншілдердің басып мысын,
Жүректің түпкірінен жаһұт ұсын.
Таба біл тіршілікте керегіңді,
Басыңнан арылмасын бақыт құсың!