Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Баланы оқуға қалай ынталандыруға болады?

Барлық ата-ана балаларының дені сау, ақылды болып өскенін қалайды. Бірақ бұған орасан зор күш салатындар кемде кем. Кейде күш салғанымен, балалардың сабақ оқуға ынтасы бәрібір болмай жатады. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балалар – оларға бес немесе екі қойып бере алмайсың.

Бұл мақалада біз балаларды ойыншықтар және жалпы ойыншықтар өндірісі қалай ынталандыратыны жайлы айтпақпыз.

Сонымен, сіз дамытатын ойыншықтар сатып алдыңыз делік (қызықты және онша қызықсыз, «шаршы құр» және т.б сияқты), бірақ еркетотайыңыз бәрібір оқығысы келмейді. Ол әлі де көлікпен ойнағысы келеді. Оның ынтасын қалай оятуға болады? Біз қазір теріс әдістермен емес («шаршыны құрмайынша» көлікті бермеймін деген сияқты), оң пиғылда әрекет етіп көрмекпіз.

«Даму» орталығының мамандары мынадай кеңес береді:

1) Баланы қызықтыру.

Мысалы, «шаршыны» өзің құра бастау. «Қарашы мен қалай құрдым» деп қызықтыру және т.б.

2) Шаршыны аю құрсын

Ойыншықтарды ойнатып қою. Басқаша айтқанда, білім беретін ойынды бала емес, оның ойыншықтары ойнасын. Бала оны қалай ойнау керектігін және т.б. үйретсін.

3) Сый беремін деп уәде беру

«Осыны жасасаң, оқысаң немесе т.б. сыйлық беремін» деп уәде беру. Мұны көптеген ата-аналар пайдаланады.

Ал сіз балаңыздың ынтасын қалай оятасыз?


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама