Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Бақ мекен
(Тың көтерген ерлерге)
Кұт мекен,
Ырыс мекен,
Асыл мекен,
Ақ бидай ақтарылған шашу ма екен?!
Бабаларым аңсаған бақыт деген
Байқасам, бүгін менің қасымда екен.
Ырыс ағып жатыр ғой,
Ырыс ағып,
Бақ мекеннен барша жұрт тыныс алып,
Бақ мекенде қанша жұрт туысады,
Достасады алдында ұлы іс алып.
Сен - ерліктің мекені шынықтырған
Еркіндікпен, еңбекпен тынықтырған.
Маңдай терім - даламда шығып тұрған,
Шайқалмаған бақытым тұнып тұрған.
Тың деген тыныштықтың таңбасы ма?!
Жақсылық қой орнаған жан-басыма,
Тың деген дамылдаған диқан-баба,
Миллиардын құйып ап қамбасына.
Оу, менің жомарт далам,
Мырза далам!
Аймағын алтынменен сырғалаған,
Достықтың дастарқаны жайылғанда,
Досым түгіл, қасым да ырза маған.
Қасиетті Қазақстан!
Тың мекенім,
Әлемге атағынды ту көтердім.
Ту көтеріп,
Тусыған тың көтердім,
Тың - ырысым, сенімен бірге өтемін


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама