Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бақауов «Серпін» түлектерінің алғашқы легін жүз пайыз жұмыспен қамтуды тапсырды

Бүгін Павлодар облысы әкімдігінде өткен алқа мәжілісінде аймақ басшысы Болат Бақауов "Серпін" бағдарламасы бойынша биылғы жылы оқу орнын аяқтайтын алғашқы түлектер легін жүз пайыз жұмыспен қамтуды тапсырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Күні кеше ғана Білім және ғылым министрлігінің өкілімен кездесу барысында оңтүстік өңірі жастарының жүз пайызы біздің аймақта қалуға ниет білдіріп отырғанын айтқан болатын. Оларға баспана бере алмаймыз. Дегенмен әрқайсысымен жеке жұмыс істеп, еңбекақысы жақсы жұмыспен қамту керек. Тіпті, осы жастардың арасында отбасымен бірге қоныс аударғысы келетіндер де бар. Шілде айына дейін серпіндіктердің қандай кәсіпорында жұмыс істейтінін нақты білу керекпіз. Егер де жүз пайыз жұмыспен қамтитын болсақ, бұл облыс үшін жақсы көрсеткіш болмақ», - деді Болат Бақауов.

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексейітованың айтуынша, «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» әлеуметтік жобасы бойынша өңірдегі алты колледжде еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген 393 студент білім алады. Бұл - техникалық, бизнес, көлік және коммуникация, химия-механикалық, Красноармейка аграрлық-техникалық, Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы колледждері. Техникалық және бизнес колледжінде оқитын 67 студенттің 20-сы "Информатика", 23-і сүт өнімдері өндірісі, 24-і азық-түлік өндірісі саласының мамандары атанады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама