- 28 нау. 2017 00:00
- 226
Елордалық оқушылар қоғамдық-гуманитарлық олимпиадада 1 орынды иеленді
Елордалық оқушылар қоғамдық-гуманитарлық олимпиадада 6 алтын, 7 күміс, 9 қола медаль жеңіп алды.
Бұл жайында Астана қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Басқарма ақпаратына қарағанда, 23-28 наурыз аралығында Ақтау қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиада өткен. Білім бәйгесіне республика бойынша 586 оқушы қатысқан.
«Сыннан сүрінбей, тапсырмаларды мінсіз орындаған балалар медальдарға және бағалы сыйлықтарға ие болды. Елордалық құраманың қоржыны 22 медальмен майланды. Оның 6-ауы алтын, 7-еуі күміс, 9-ы қола жүлде. Жалпы командалық есепте Астананың құрамасы 1 орынды жеңіп алды»,- делінген таратылған ақпаратта.