Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бақыт бақшасында

роман

АРНАУ

Бұл еңбегімді — күріштен дүниежүзілік рекорд алушылардың бейнесін жасауда үлгілі ісімен, қылығымен, мінезімен әрдайым көз алдында отырған, заманымызды ең ардақты Еңбек Ерінің бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Шиелі ауданындағы (Қызылорда облысы) «Қызылту» колхозының мүшесі — Ыбырай Жақаевқа достық және інілік көңілден зор құрметпен сыйға тартам.

Жазушы.

БІРІНШІ ТАРАУ

ЖАҚСЬІ ЖҰБАЙЛАР

«Сырдария да терезеден көріне бастады, нысаналы жерге жақындадым», — деп жазды да, жас инженер — мелиоратор Байжан Бектасов автомат қаламын стол үстіне қоя сап, орнынан түрегелді.

Бұл оның Москвада қалған дос профессорына, Москва — Алматы поезының халықаралық вагонында жазып отырған хаты еді.

Хатты оның аяқтағысы келгенмен, купе ішінің ыстығы адам дем ала алмастық халге жетті. Сол қапалықты жеңілдеткісі келген оймен, кескіні күреңденіп шыпши терлеген Байжан, купесінің күн жаққа қараған терезесінің жабық пердесін ашты да, сырғымалы қос-қабат терезенің бірінен соң бірін жоғары көтерді. Жүйткіп келе жатқан поезд екпінінен бұрқыраған қою шаңдақ. терезенің ашылған астыңғы жағынан лап қоя кіріп, тымық купенің ішін борандатып жіберді. Аузы-мұрнына, кезіне ұйтқыған шап, тығылған Байжан, тынысы бұрынғыдан да тарылып кеткен соң, көтерілген терезені жалма-жан орнына түсірді де пердесін қайта жауып, жұқа ала жібек шапанын кие сап коридорға шықты.

Есік алдында екі кісі тұр екен, бірі — Москвадан сапарлас боп келе жатқан, орта жасты орыс әйелі, бірі — бұрын көрмеген, мосқалдау жасты, дембелше, толықша орта бойлы, сарғылттау өңді, шашын, сақал-мұртын ұстарамен жуырда ғана жылтырата қырдырған, сұрғылттау кенептен тіктірген костюмі бар қазақ. Байжан қазаққа да, әйелге де бас иіп сәлем белгісін көрсетті. Қазақ та оң қолымен кеудесін басып басын иді.

Бұған дейін сөйлесіп танысқан әйелдің Байжанға айтуынша оның ері Шымкент қаласындағы облыстық мекемелердің біреуінде бастық, әйелдің өзі үнемі Москвада тұрады. Шымкентке Москвадан былтыр ғана ауысқан еріне әйел бірінші рет келе жатқан; әйелдің Шымкентке ғана емес, бүкіл Орта Азияға бұл бірінші рет сапар шегуі.

Кеше Шалқардан өте ыстыққа кездескен поезд ішінде, бұрын мұндай ыстықты көрмеген әйел түн бойы дөңбекшіп ұйықтай алмаған еді де, күн шыға Арал теңізі станциясынан етіп, іші тіпті ысыған поездан дем аларлық. ауа таба алмай, купесі мен коридорға кезек-кезек кіріп тынышсызданып келе жатыр еді. Қазір, күн түске тармаса, ол әйел тіпті мазасызданып, жұқа ғана жібек шапанмен коридорда зорға дем алып тұрған.

— Ужасно, — деді әйел, Байжан купесінен шыға бергенде, демін ентіге, жиі алып, әлденендей құстың қанатынан жасалған желпіншегімен бетін, кеудесін ерсілі-қарсылы жылдамдата жайқап, — дем алып болар емес... Бұл араның адамдары оттай алауланған мына ыстықта қалай күн көреді?!. Күндіз үйлерінде тырп етпей жататын болар, олар...

— Үйренбеген кісіге солай да, — деді қазақ, әйелге қарап жымиып қойып, — тұрғын елдің адамына мұндай ыстық түк те емес, олар жұмыстарын істеп жүре береді.

— Мүмкін емес, — деді әйел сенбегендей, желпіншегін жайқай түсіп.

Аз кідірістен кейін қазақ терезеге бір қарап алды да:

— Сізге дәлелмен көрсетуге болар ма екен? — деді әйелге тағы да жымия қарап.

— Нені? — деді әйел.

— Бұл араның адамдарының осындай ыстықта далада жұмыста жүргенін.

Әйел тұрған терезенің қасына қазақ келді де:

— Көрдіңіз бе, аналарды? — деді жарқыраған суда өскен көгалдың арасындағы бірнеше ақ киімді адамды қолымен нұсқап.

Суды көлге, көгалды құраққа жорыған әйел, оның ішінде жүрген ақ киімдерді ау құрған балықшыларға жорыды да, бірақ кеңесіп тұрған адамнан анығын біліп алғысы келіп:

— Не істеп жүр олар? — деп сұрады.

— Егін суарып жүр, — деді қазақ.

— Егін?!. Не егін ол?.. Суда егін өсе ме?..

— Өседі. Өзге егін емес, күріш.

— Қалжыңдайсыз да, — деді әйел сенбегендей, еріксіз езу тартып.

— Рас, — деді Байжан. — Күріш расында да суда еседі. Екі айдан артық суда тұрады ол.

— Терең суда ма? — деді әйел, Байжанның шынымен айтып тұрған бейнесін көріп, бірақ әлі де нанар-нанбасын біле алмай.

— Жиырма сантиметрден тереңдігі кем болмауға тиісті, — деді Байжан, қазаққа қарап қойып, — солай болар, ағай?

— Солай, — деді қазақ ішінен «бұл жас жігіт кім екен өзі?» деп ойлап, бірақ «кімсің?» деп сұрауға ыңғайсызданып.

Күріштің суда өсуіне енді иланғандай болған әйел:

— Шығымы қандай болады? — деп сұрады қазақтан.

— Дұрыстап еге, күте білсе көп шығады. Өткен жылы осы араның бір колхозында гектарынан елу центнерден алды.

Ауыл шаруашылығымен байланысып кермеген әйелге қазақтың ол сөзі пәлендей әсер, ете қойған жоқ, өйткені ол гектардан қанша астық алса шығымды я шығымсыз болуынан хабарсыз еді. Бұл кеңесті әрі созуға пысынауы шектен шыққан әйелдің халы жоғын көрген қазақ:

— Сіз сусап тұрған сияқтысыз, — деді оған, — бұл араның ең жақсы сусыны қарбыз, менде жақсы қарбыз бар, содан сусындауыңызды өтінем.

Әйел сыпайылық қып рахмет айтқанмен, қазақ өтінішін қайталап оны купесіне кіруге көндірді де:

— Інішек, сіз де жүріңіз! — деді Байжанға.

Бір қарбызды өз купесінде жақында ғана еңсере жеп алған Байжан, тағы да жеуге зауқы соға қоймаған соң, «рахмет, ағай» деп барғысы келмеген қалпын көрсетіп еді.

— Ол болмас, інішек, — деді қазақ, — ағасы дәмге шақырғанда, інісі бас тартуға тиісті емес. Танымасақ та жатсынба.

Сөзі сыпайы қазақты одан әрі өтіндіруге ыңғайсызданған Байжан:

— Жақсы, ағай, жесек жейік, — деді.

Қазақ Байжанға алғыс айтты да:

— Аты-жөнімізді біліп алайық онда, менің атым Рахмет, фамилиям Дүйсенбин, — деп қолын ұсынды.

— Байжан Бектасов, — деді қолын берген Байжан.

Рахмет Байжанның аты-жөнін естіген кескін көрсетті.

Үшеуі Рахметтің купесіне кірді. Терезенің пердесі түсірілген, іші қаракөлеңке және салқындау екен. Қонақтарын орналастырған Рахмет, еңкейіп стол астынан құшаққа әрең сиятын жасыл жолақты қарбызды суырып алды.

— О, тәңірі, не деген зор қарбыз, мынау! — деді қайран қалған әйел, әдемі көгілдір көзін төңкере бір қарап қойып.

— Сырдарияның бойында бұдан да үлкен қарбыз өседі, — деп Рахмет бір жымиып алды да, сабы ақ сүйектен істелген, сағасы жез сақиналы, ұзыншалау, сүйірлеу келген кездіктің істік ұшыменен қарбыздың түп жақ бүйірінен сұғып кеп жіберді.

Кездіктің тиюі-ақ мұң екен, пісіп тұрған қарбыз сытырлап барып қақ жарылып түсті.

Қарбыздың қызыл күрең жалындай боп жарылған шырыны мен шырын арасына қатарласа тізілген мөп-мөлдір, қап-қара дәнін көргенде, шөлдеп отырған әйелдің аузынан сілекейі шұбырып кетті.

Рахмет қарбыздан қалыңдау қып екі тіліп алды да, біреуін әйелге, біреуін Байжанға ұсынды. Тәттілігі балдай, салқындығы мұздай қарбыз шырынын қонақтар құмарта сорып жатқанда, Рахмет манағы жымиған қалпын өзгертпестен, қарбыздан бастаған кеңесін жалғастыра жөнелді.

— Біздің Сырдария өлкесіне ғана осындай тамаша қарбыздар мен қауындар өседі, — деді ол, — бұлар туралы нелер қызық ертегілеріміз де болады... Соның біреуін айтуға рұқсат етіңіздер!..

— Өтінеміз! — деген әйелге Рахмет қарбыздан қалыңдау қып тағы бір кесіп берді де, Байжанға да бір тіліп ұстатып ертегісін бастады:

— Ертерек кезде, — деді ол, — осы Сырдың бойын жайлаған бір диханның жалғыз есегі жоғалады. Неше күн іздеп таба алмайды. Қалжырап қайтқан еріне әйелі: «Біздің жоғалған есектің даусы үнемі осы маңнан шығады, өзі көрінбейді, бұл не керемет?!» дейді. Ері де тыңдаса, есектің даусы, расында естіледі, өзі жоқ. Сол маңда бөшкедей дөңкиіп қауындар жатады екен. «Есек осылардың біреуінің ішінде тұрмасын, бұларға есек түгіл сиыр да сыйып кетеді» дейді әйел.

Рахмет әйелге қарбыздан үшінші рет кесіп бермек болып еді, сусындап та, тойып та қалған әйел сыпайылық қып «болады, болады» деп отырып, көзі қызыққан қарбыздан тағы бір тілімді алды да:

— Кейінірек жейін, ертегіңізді айта беріңіз, — деді.

— Сонымен, қысқасы, — деді Рахмет, — дихан мен әйелі теңкиіп қаз-қатар жатқан қауындарды аралап келе жатса, біреуінің түп жағы қасқырдың, апанында үңірейіп тұр. Сол үңгірден бірдеме бұлғақтайды. Екеуі кеп қараса, бұлғақтаған есектің құйрығы. Аржағында өзі тұр.

— Міне қызық! — деп, әйел сықылықтап күліп жіберді.

Кескініне жымия қарап кідірген Рахметке әйел:

— Айтыңыз, айтыңыз! — деді.

— Аржағын айтуға қиындау, — деді Рахмет.

— Неге?

— Ендігі мәселе есекті сол қауынның ішінен шығару ғой. Оны әйелге айтуға қиын.

— Онда керегі жоқ, — деді әйел, — бұл араның қауынының тәттілігі Шаржойдікінен қалай?

— Салыстыруға да келмейді, біздің қауынның қасында, Шаржойдікі су татиды.

Әйел Байжанға бір қарап қойды да:

— Сырдария бойына сізді не нәрсенің тартқаны енді түсінікті, — деді.

Бірақ әйел Байжанның дәл ойынан түсе алған жоқ. Оның Қызылорда облысында қызмет істеуге келе жатқанын Москвадан шыға естіген әйел, поезд ыстыққа және шөлейтке кездескен соң-ақ мұндай жерде қызмет істеуге қалайша ризаласқан себебін сұраған еді. Сонда әйелге айтқысы келмеген Байжанның сырын оқушылардың алдына жайып берейік.

Байжан бұрынғы Ақмола облысының Қызылжар (Петропавл) үйезіндегі бір аулында, кедей шаруалы үйде 1917 жылы туды. Әкесінің аты Бектас, сол атты ол кейін фамилия қып қолданды. Бектастың, Есбол дейтін пысықша және қалалы жерге барып жүкшілік қызметін атқаратын інісі бар-ды; сол жігіт ауылдағы біреудің қызымен көңіл қосты да, әлдекімге атастырып қойған қызбен қосылуға мүмкіндігі болмаған соң алып қашып, Қызылжар қаласына сіңіп кетті.

Пимокат заводына жұмысқа орналасқан Есбол, аз жылда өзіне тәп-тәуір тұрмыс жасап алды да еліне бір қатынасқанда екі-үш жасар Байжанды алып келді. Өз баласындай мәпелеп өсірген Байжанды ол сегіз жасында қазақ мектебіне сабаққа беріп, ақылды, зирек бала кластан класқа үнемі «отличномен» кешті де, он жылдық мектепті 1935 жылы мақтау қағазбен бітірді.

Мектеп ішінде Байжанның белсене араласқан бір ісі — драмалық, әдебиеттік үйірмелер еді. Бұл үйірмелердің ол спектакльдерінде де ойнады, концерттеріне де қатысты, орысша және қазақша өлеңдерді жатқа да оқыды. Мектептің қабырға газетінің бетіне өзі де қысқаша өлеңдер жазды.

Байжан орта мектепті бітірген жылдың жазында, Алматы қаласында жас өнершілердің республикалық олимпиадасы шақырылып, Солтүстік Қазақстан облысының атынан баратын өкілдердің тізіміне ол да ілікті.

Алматыға самолетпен барған оларды аэропортта күтіп тұрған машина Калинин көшесіндегі он екінші мектептің үйіне алып келді. Өзге облыстардан келген жас өнершілер де осы үйге орналасқан екен.

Үйдің алдындағы көп басқышты сатымен көтеріліп келе жатқан Байжанның көзі, шуласа, күлісе, ерсілі-қарсылы сапырылған көп жастың арасынан бір қызға түсе қалды. Қыздың үстінде түсті жібектен тіккен өзбекше көйлек, басында өзбектің түрлі түспен кестелеген топысы, аяғында да түрлі түсті былғарыдан оюлап, кестелеп тіккен биік өкшелі етік. Ұзын қара шашын да қыз өзбекше қырық тарам қып өріп, иығына жайып жіберіпті.

Қасынан жанаса етіп төмен түсе берген қызға, Байжан кідіріп қарай қалды. Оны сезгендей қыз да жалт қарады да, бетін тез бұрып темен қарай жүгіре басып жөнелді. Қыздың сопақтау келген ақшыл беті, кең маңдайлы, иілген қою қара қасы, ұзындау, қайқылау кірпіктері, көгілдірлеу көзі, ортасы дөңестеу қыр мұрны Байжанның көңілінде қалып қойды. Қыздың басқыштармен төмендеп бара жатқан талдырмаш денесіне Байжан ұзағырақ қарап қалар ма еді, қайтер еді, егер бір серігі:

— Соншама неге қызыға қалдың?! — демесе.

— Кімге? — деген сөз шығып кетті, серігіне жалт қараған Байжанның аузынан.

— Қызыға қараған қызыңды көрмеді деп тұрсың ба? Тағы да жолықпаспын дейсің бе, жүр ілгері...

Жолдастарымен жоғары көтеріле берген Байжан, ол қызды тағы да керуге құмарта түсті.

Ертеңіңе олар Көркемөнер басқармасының үйінде болған мәслихатта жолықты. Әлі қылауы түспеген жасөспірім болғанмен, Байжан өзін жастармен, әсіресе қыздармен танысқыш, үйір бола кеткіш жігітке санайтын еді. Мына қызға олай батыл бола алмады. Мәслихатта толтырған анкетасына қараса, қыздың аты-жөні Гүлнар Анатольевна Полевая!.. Қазақ серіктері оны Гүлнар деп атайды.

«Бұл қалай?! — деп ойлады Байжан, — киім-кешегіне, атына қарасаң өзбек қызы!.. Кескіні қазаққа жақындайды... Сөзі де таза қазақша... Әкесінің аты мен фамилиясы орысша!.» Байжанның бақытына қарай, мәслихатта Гүлнар екеуі олимпиаданың программасын басқаруға сайланды. Осы қызметте Байжан жақынырақ танысып байқаса, қыз өзін өзгелерден сырғақтау ұстайды. Олимпиадаға келген өзге қыздар мен жігіттер бір-біріне соқтығысып, әзілдесіп, шуласып өлең айтысып жатқанда, Гүлнар байырғы бір адам сияқтанып, желпеңдей қоймайды.

Бұл мінездерін Гүлнар Байжанға да көрсеткенмен, жалбарынып жүріп, ақыры қызға кім екендігін сөйлетті.

— Менің әкем Анатолий Кондратьевич Полевой Москвада туып ескен орыс, — деді қыз, — оның әкесі Москвада врач қызмет атқарыпты. Әкем Москваның мелиоративтік институтын бітіріп диплом алған жылы, «студенттердің революциялық ісіне қатынастың» деген айыппен Орта Азияға жер аударылыпты. Сол кезде Өзбекстан жерінде «Патша арығы» дейтін канал қазылып жатыр екен. Әкем сонда инженер-мелиоратор боп қызметке орналасыпты. Каналды қазушылар өзбектер. Әкем солармен сіңіседі де, әдетін -ғұрпын, тілін үйренеді, достасады. «Мираб» дегенді сіз білетін боларсыз?

— Әрине, — деді Байжан, — дихан арасынан шыққан су маманы ғой олар, «мир» — өлшеу, «аб» — су. Мираб — «судың өлшеушісі». Қазақтар мирабты «мұрап» дейді ғой.

— Білдіңіз. Жаңағы айтқан «Патша арығын» қазушы өзбектердің ішінде Құрбан деген қарт мираб бар екен. Соның Шаһадат атты жалғыз қызы болады екен. Осы қызға менің әкем ғашық болады.

— Сіздің шешеңіз бе? — деді кеңеске енді құмарта бастаған Байжан.

— Я — деді Гүлнар.

— Содан кейін?

— Тыңдаңыз. Қыз да әкемді сүйеді. Бірақ, екеуіне қосылуға мүмкіндік жоқ. Ескі тілмен айтқанда бірі — кәпір, бірі — мұсылман, қосылам десе-ақ екеуін де діншіл өзбектер өлтіреді. Не істеу керек? Әрине, ол арадан екеуі де кету керек. Бірақ қайда? Россияға әкем бара алмайды, жер аударылған адам, өзбек арасында тұруға тағы да болмайды...

— Қиын хал болған екен, — деді Байжан.

— Достары әкеме: «Қызды ал да Сырдарияның төменгі жағындағы көшпелі қазақтардың арасына кет, олардың арық қазуына жәрдемдессең сені жасырады» дейді. Әкем сол ақылды алып, шешем екеуі бір түнде жоқ болады да, қазақтар арасына барады. Арық қазуына жәрдемдескен соң қазақтар оны жасырады. Содан ол революцияға дейін жасырынып жүреді. Оның басқаруымен Сырдарияның қазақстандық жағасынан көптеген ұсақ арықтар қазылады. 1928 жылдан бастап әкем Қызылорда облысының су шаруашылық мекемесінде бас инженер боп қызмет атқарады.

Жас жағынан Гүлнар Байжанмен түйдей құрдас боп шықты. Он жылдық мектепті де ол биыл бітіріпті. Өз жайын қысқаша айта кеп:

— Әкемнің туысы орыс болғанмен, тұрмысы қазақ боп кеткен, — деді Гүлнар. — Сөйлегенде оны қазақтан айырып ала алмайсыз. Қазақтың әдет-ғұрпын да бір қазақтан кем білмейді. Ал, шешем орысқа күйеуге шыққанымен, көп жыл қазақ арасында тұрғанмен, біраз жағдайда өзбек салтын қолданатын.

— Ол не салт? — деп сұрады Байжан.

— Сіз өзбек үйінің қалай құрылатынын білесіз бе? — деді Гүлнар.

— Қай құрылысын айтасыз? — деп сұрады, Гүлнардың сұрауына түсінбеген Байжан.

— Ескі азиялық салтпен салған өзбек үйінің көше жаққа қараған терезесі де, есігі де болмайды, олардың бәрі қораның ішіне қарайды.

— Оны естігем.

— Ондай үйлер «ішкари, ташқари» аталып екіге бөлінеді. Түсінесіз ғой?

— «Ішкері», «тысқары» деген сөзі болар, — деді Байжан ойланып ап.

— Дұрыс. «Ішкари» дегені — әйелдер бөлмесі, «ташқари» — еркектер бөлмесі. Сол үйдің өз адамдарынан басқа еркек, «ішкариға» ешуақытта бас сұға алмайды.

— Ол туралы да естіген ем, — деді Байжан.

— «Ішкари» мен «ташқариға» бөлетін кең пәтер, — деді Гүлнар, — менің әке-шешемде революциядан бұрын болмаған. Мен әрине, бес бөлмелі кең пәтерде туып өстім. Бұл бөлмелердің біреуін шешем «ішкари» сияқтандырып, өзбек салтымен жасаулап ұстады. Ол кісі музыканы жақсы көретін еді. Өзбекше «әшулә», татарша «жыр», қазақша «ән» айтып отыратын еді. Өзбек әйелдерінде «бәзім» жасау бар. Ол, қазақтың «бастаңғысына» келеді. Еркегі жолаушы шыққан күні, әйелі дос әйелдерің олардың қыздарын шақырады да, дутар тартып, әшулә айтып мәжіліс құрады. Менің шешем, осындай «бәзім» жасауды жақсы көретін. Маған да ол орысша, қазақша, өзбекше әндер айтқызып рахаттанатын. Сөйтіп жүргенде... — дей беріп, Гүлнардың даусы да, кескіні де бұзыла қалды.

Шешесінің жайын айтқан кеңесінің соңғы жағында, Гүлнар оны өткен дәуірдің кісісі сияқтандырып сөйлеген соң, Байжан ішінен «шешесі өлген болар ма мұның?!» деп жорамалдай бастаған. Енді Гүлнардың кескіні мен даусы бұзыла бастаған соң, «сол ойым рас болды ма» дегендей, түнере қарай қап еді. Гүлнар екі алақанымен бетін басып жылап жіберді.

— Ой, Гүлнар, мұның не? — деп ұстай алған Байжан, оны әрең дегенде уатып жайын сұраса, шешесі Шаһадат өткен жылы қылтамақ болып өлген екен. Сол өлімге егіле қайғырып, ойын-сауықтан қол үзген Гүлнарды әкесі мына олимпиадаға зорлағандай әрең жіберіпті.

«Гүлнардың өзін тұйық ұстауына себеп — шешесінің өлімі болу керек» деп жорыған Байжан, бір жақтан, оның қайғысын жеңілдету мақсатымен, екіншіден, өз құмарлығын оған ұқтыру мақсатымен енді одан жұбын жазбай, ұйқыдан басқа уақыттарын үнемі соның төңірегінде өткізуге тырысты. Бұл жолығысулар, сыртын салқын ұстаған Гүлнардың ішкі салқындығын жылытпай қойған жоқ. Гүлнарды бірінші көргенде Байжанның көңілі қандай ауса, сол кергенде Гүлнардың да көңілі сондай ауған еді.

Гүлнардың шешесі Шаһадаттан естуінше, «Самарқанның көк тасы» деген бар. Жаздың басталуын ол араның халқы сол көк тастан біледі. «Күннің де екі көзі бар: біреуі жаздық, біреуі қыстық. Қыс басталарда күн жазғы көзін жұмады, жаз басталарда қысқы көзін жұмады. Күннің жазғы көзі ашылғанда, ең алғашқы сәулесі Самарқанның кек тасына түсіп, отқа қыздырған қорғасындай тас балқиды. Жаздың басы сол күн».

Байжан Гүлнарға күннің жаздық көзі сияқты болды. Сұңғақ бойлы, кең жаурынды, толқынды қара бұйра шашты, кең маңдайлы, қиылған қою қара қасты, дөңгелек қараторы жүзді, кішірек келген мөлдір қара кезді, шолақ та дөңес мұрынды, бәлкім үсті қалыңдау ерінді, әлі түк сияқты емес, түктің көлеңкесі сияқтанып, жоғарғы ернін жиектеп келе жатқан болар-болмас қырбық мұртты, сүйірлеу иекті, толық мойынды, аршын-тік денелі Байжан, жолыққан сайын Гүлнардың құмарлығын арттыра түсті. Жолыққан сайын олардың көздері бір-біріне ілгері жолығудан артығырақ қадалысты. Бұл қадалудың не қадалу екенін екі жағы да айтпай-ақ ұғысты.

Жүректің осы сырын кім бұрын ақтару керек?

XIX ғасырдың орта кезінде жасаған қазақтық сал жігіті Біржан мен ақын Сара айтысқанда, Сара Біржанға «Хауа анаға бұрын барған Адам ата» дейді. Сол айтқандай екі жынысты адам бірін бірі сүйе қалған күнде, жүрек сырын ақтару еркектен басталуы — Адам ата мен Хауа анадан бері үзілмей келе жатқан салт емес пе?

Бірін бірі Алматының олимпиадасында көріп, көңілдері ұяласа қалған біздің екі жас та осы салтты бұза алмады. Іштей бірін бірі сүйе отырып, алғашқы күндері олардың ауыздары қалжыңнан артық сезге бара алмады.

Бетпе-бет келгенде жүрек сырын ақтаруға, қылауы түспеген беттері қыза берген соң, бұл ұятты, бетінде қаны жоқ қағаз мойнына жүктеді. Байжанның сыры Гүлнарға бір күні өлең хат боп қағаз арқылы жетті.

Бір-біріне хат арқылы сырларын ақтаратын жастар, егер өздері ақын, жазушы болмаса, жазушылардың шығармаларындағы геройлардың хаттарынан сөз ұрлайды деседі. Сөйтті ме, әлде махаббаттық жүректері бірдей соққандықтан, сөздері де бірдей шықты ма, Байжанның өлең-хатын Гүлнар оқып керсе сарыны аумаған Онегиннің Татьянаға жазған хаты сияқты.

Байжан Онегин бола қалғанмен, Гүлнар Татьяна бола қалмады, хаттарына хатпен жауап бермеді. Ертең қайтамыз деген күннің, кешіне Байжан Гүлнарды «паркке барайық» деп ертіп шықты да, бақшаның алысырақ бір түкпіріне алып кетіп, жүрек сырын енді шешті. Ол ұзақ сөйледі.

Ақыры, Байжан, енді айтар сөзі қалмағандай, не пайдасыз сөйлей беруден мағына шықпауына көзі жеткендей, я шаршаған адамдай:

— Отырсақ қайтеді, Гүлнар, — деді.

Бақшаның бұл тұсындағы алма ағаштары біраз жасап, түптері жуандап, бұтақтары кең тармақтана көбейген еді. Сол бұтақтарға биыл бітік шыққан апортты алмалар әлі піспегенімен, күнгей беті алауланып, атқан таңдай қызыл күреңдене бастаған. Әр жапырақтың түбіне осындай бейнемен төртеу-бесеуі ұйыса ескен алмалар, бұтақтарды иіп, бастарын жерге тигізетін болған соң, бақшашылар бұтақтардың астына тіреу қойған.

Байжан мен Гүлнар тірелген бұтақтардың көлеңкесіндегі жасыл бетегеге жантая қатар отырысты. Бұтақтардың арасынан сығалаған күн, олардың ақ жібек киімдеріне, денелерінің ашық жерлеріне, алма ағашының басында бар байлықтың көлеңкесін түсіріп, бұтақтардың, жапырақтардың, алмалардың, бейнелері денелеріне таңба боп басылған жас алма ағашының мәуесі салбыраған бұтақтарына айналғандай болды. Желсіз күні сыбдырсыз тұрған алма ағашындай, екі жас та біразға шейін үнсіз тына қалысты.

Байжанның үндемеуі жауапты Гүлнардан күткендіктен екені бізге мәлім, ендеше, біз Гүлнардың, неге үндемеуіне тоқталайық. Оның Байжанды ұнатқандығын біз білеміз, сөйте тұра, Байжан хатпен де, ауызша да бар білген сөзін айтқанда, сол сөздерге көңілі ұйи тұра, сұраулы сөздеріне жауап бермеуі мінезінің тұйықтығынан, я ерекше сабырлылығынан ғана емес еді. Түпкі ниеті Байжанды ұната тура, оған қазір берер уәдесі жоқ. Неге өйтетіндігі өзінше дәлелдері бар, соларын айтайын десе, Байжанға дәлел сияқты көрінбеуі мүмкін.

Біраз үнсіз отырғаннан кейін, Гүлнардың, аузына «қайтпаймыз ба?» деген сөз кеп қалып еді, «қа...» дей беріп аузын жинап ала қойды, онсыз да өкпелі отырған Байжанды одан зор өкпелетіп алармын деп ойлады.

— Я, не айтайын деп едіңіз? — деді Байжан. бетін бұрып.

— Биылғы жылы алма шығымдысы-ай! — деп таңданған болды Гүлнар бұлтарып.

— Басқа бірдеме айтуға ыңғайланған сияқты едіңіз ғой?

— Оны қайдан білесіз?

— «Қа» деп бастай беріп тоқтай қалдыңыз ғой?

— Аузымды аңдып отыр ма едіңіз?

— Сіздің аузыңыз маған, менің іздеген ақым түбінде тығылып жатқан ін сияқты боп жүрген жоқ па?

— Ә, солай ма еді? — деді Гүлнар күлкілі дауыспен. — Тығылған аң бары рас болса, ін түбінде жатуға қанша шыдар дейсіз? Не құралмен ұстамақ едіңіз оны? Қақпан мен бе? Тор мен бе?

— Қай сәті түскені болады да. Тек, торыған аң шықсын деңіз.

— Шықпай қалай шыдайды ол? Жанды мақлұқ түгіл, мына алма сияқты жемістер де мезгілі жетсе үзіліп түспей ме?

— Бақшашылардан естуім — өзі үзіліп түскен алма тез шіриді. Оны бұтақтан қолмен үзіп алу керек.

— Рас. Бірақ, піскенде ғана. Сонда ғана одан ләззат аласың. Піспесе жеуге жеркенесің.

— Неменеге мысал қылдыңыз оны?

— Өзіме. Менің әлі бойым піскенмен, ойым піскен жоқ. Біздің заманның жасына ойын пісірмеу — қылмыс. Рас па осы?

— Рас. Бірақ, ойдың пісуі, сүйіскен көңілді тежеуге байланысты ма екен?

— Жұмбақтаса беретін, біз баяғының ғашығы емеспіз, — деді Гүлнар. — Біз комсомолецтерміз. Өмірге біздің көзқарасымыз бұрынғы жастардан басқа. Сондықтан біздің пікіріміз де ашық болуы керек.

— Менің тілегенім осы ғой, — деді Байжан сергіп, — ап-ашық мәселені жұмбақтап жүрген езіңіз. Кешіріңіз, сөз сіздікі.

— Ең алдымен «ал, жарайды» дей қоюға біз әлі бір-бірімізді жақсы білмейміз. Өмір жолы ұзақ. Оған серіктесіп сапар шеккен адамдар, ең алдымен бірін бірі жақсы біліп алуы керек.

— Олар жол үстінде біліспей ме?

— Жол үстінде шын серік болып кете алса жақсы, егер кете алмаса, оның өкінішін қайда қоясыз?

Сұраулы кескінмен қараған Гүлнарға Байжан жауап бермеді.

— Қайталап айтайын, — деді Гүлнар, — өмірдің ұзақ жолына серіктесіп аттану үшін адам бірін бірі жақсы сынап біліп алу керек.

— Оған мен әзірмін, — деді Байжан, — сол сынның қандай сын екенін білуге болар ма екен?

— Сөздің сыны емес ол, жүректің сыны. Бір күннің емес, ол кеп күннің сыны.

Байжан бірдеме деуге ыңғайлана бергенде, Гүлнар оны бөгеп:

— Өмір жолына серіктесіп шығар алдында менің әзірге үш шартым бар, — деді.

— Бірінші? — деді Байжан.

— Біз советтік саналы жастармыз. Біз өзіміз үшін ғана емес., еліміз, Отанымыз үшін де қызмет атқаруымыз керек. Ол үшін ең алдымен өзіміз қалаған бір ғылымның шегіне шығып, белгілі бір жүйеге маман болуымыз керек.

— Дұрыс. Бірақ, мамандық алудың махаббатқа не бөгеті бар?

— Неге асығасыз сіз? Сізше бүгін қосылса махаббат боп, ертең қосылса махаббат емес пе?

— Екінші шарт? — деді сөзден тосылған Байжан.

— Бұл мәселені осы тұйық күйінше, жоғарғы мектепті бітіргенше қалдырамыз.

— Мақұл. Оған да кендік. Қайда оқимыз сонда?

— Мен медицина институтына түсем.

— Себебі?

— Себебі — шешем қылтамақтан өлгеннен бері, мен адам баласының өмірін мезгілсіз суалдыратын сырқаттың бәріне өшпін. Әсіресе ракқа өшпін. Соның емін тапқым келеді.

— Түсінікті.

— Егер мені сүйетініңіз рас болса сіздің де не мамандыққа даярлануыңызды менің айтқым келеді.

— Айтыңыз.

— Өткен бір кезде, Сыр бойында өскен Мақпал .дейтін қызға, Арқаның Сегіз деген жігіті ғашық болыпты. Өзге ғашықтарға киліге кететін үшінші біреу, ол екеуінің арасында болмапты. Қиындыққа қосылғаннан кейін ұшырапты.

— Ол не екен?

— Мақпалды Сегіз Арқаға ұзатып әкетеді. Арқаға бара, Мақпал сары кезік боп ауырып, күзгі шөптей сола бастайды. Бақсы-балгердің біреуі де ем таба алмайды.

Мақпалдың сырқатын естіген соң, Сыр бойынан әке-шешесі келеді. Шөлді кешіп келген олар, торсыққа құйған Сырдың суына малта салған екен дейді, сол сусын аузына тиген соң-ақ Мақпал сауыға бастайды... Сусын таусылғаннан кейін Мақпал тағы да ауырады. Сонда жұрт: «бұған Сырдың суы ем болар ма» деп ойлап, Сегізбен екеуін сырға жібереді. Сырға жетіп суын ішкен соң, Мақпал тағы да сауығып кетеді. Содан кейін Арқаға қайтса тағы ауырады... Қысқасы, Мақпал Сырдың сусыз тұра алмайтын болған соң, Сегіз Арқадан біржола көшіп кеп, сонда тұрып қалады. Оның ұрпақтары қазір Сырда дейді:

— Түсінікті, — деді Байжан, — оны менің сізге деген махаббатыммен неге байланыстырдыңыз?

— Бұл сұрауыңыздың жауабын өзбектің бір ертегісінен табасыз. Ертеде өткен өзбек ақыны Навои «Фархат — Шырын» атты поэма жазған. Менің шешем сол поэманы аса сүйсініп оқып отыратын еді.

— Не туралы екен ол?

— Фархат деген жігіт Шырын деген қызға ғашық болады. Шырын оның алдына мынадай шарт қояды: «Менің елім, Сырдариядан алыс жердегі шөлде, сол шөлді гүлдендіру үшін арық қазып, Сырдың суын апару керек, мен саған, егер осыны істесең ғана қосылам» дейді.

— Орындап па ол тілекті Фархат? — деді Байжан.

— Орындамаса сүйгені қайда?

— Түсінікті. Маған да қоясыз ба сол шартты?

— Оның да жауабын айтам, — деді Гүлнар, ертегілер айтудан бастап күлімдеп отырған кескінін тағы да салмақтанды. — Менің бүкіл дүниеге айырбастамайтын бір қымбаттым бар, ол — әкем. Әкесін кім жек көреді?.. Жақсы көрудің үстіне мен оны тастап, басқа жаққа кете алмаймын.

Байжан қарқылдап күліп жіберді.

— Неге күлесіз? — деді Гүлнар жәбірленгендей.

Байжан күлкісін тыймады.

— Жақсы онда... — деп Гүлнар түрегелді де, жөнеле беруге айналды.

— Оу, жолдас. Оныңыз қалай? — деп Байжан да түрегеп, Гүлнардың алдын бөгеп еді:

— Мен сізге салмақты сөз айтайын десем, — деді Гүлнар кідіріп, — сіздің тыңдағыңыз келмейді...

— Кешіріңіз, — деді Байжан, Гүлнардың сөзін бөліп, — таныспай жатып жанжалдаспайық. Ал, тыңдадым.

Байжан Гүлнарды отырғызайын деп еді, Гүлнар отырмай, айтарын түрегеп тұрып айтты.

— Қалжың көріңіз, я шын көріңіз, ықтияр сізде, қалай көрсеңіз де айтарым — әкемнен мен айрыла алмаймын. Оның жеке өмірінде менен басқа бақыты жоқ. Бақыт шамын өшіріп, мен басқа жаққа қалай кетем?

— Күлсе өкпелейсіз, — деді Байжан, — күлмейін десе баланың сөзін айтасыз: қызын күйеуге беру бақытсыздық деп кім айтқан? Жақсы, әкеңізді қимай-ақ қойыңыз. Сонда, ол кісіні баратын жағыңызға ала кетуге болмай ма? Әкесі ұзатқан қызының қолында болу бұл заманға ұят па?

— Ұят емес. Мен ала кетер ем, әкем бармайды. Ол Сырдан сүйресеңіз де кетпейді.

— Неге?!

— Менің әкемнің басында мәңгіден бері шөліркеп жатқан Сырдарияның өлкелерін суландырудан басқа ой жоқ. Ол барлық өмірін осы жұмысқа арнаған адам. Оны бұл мақсатынан ешбір күшпен айыруға болмайды.

Бұл кеңестің арты ұзаққа созылып, ол күні бітпеді. Ертеңіне Қызылордаға жүретін поезға Гүлнарды Байжан шығарып салды. Екеуі перронда поезд қозғалғанша жүріп, кешегі сөздердің жалғасын кеңесті. Ақыры Байжан Гүлнардың су шаруашылық институтына түсіңіз деген ұсынысын қабылдады. Қай қаладағы институтқа түсуің Гүлнар әкесімен ақылдасып хабарландырмақ болды.

Гүлнармен қоштасып Қызылжарға қайтқан Байжан, кешікпей Қызылорданың облыстық су шаруашылық бөлімінен шақырған телеграмма алды. Байжан Қызылордаға кідірмей жетті. Ол келсе, Гүлнардың әкесі Анатолий Кондратьевич Алматыға шақырылып, Байжанға хат тастап кеткен екен. Хатында Москвадағы су шаруашылық институтына баруын, егер оған риза болса, Қызылорданың облыстық су шаруашылық бөлімімен контрактация жасауын өтініпті. Байжан бұл өтінішті орындады.

Институтты Байжан төрт жылда бітірді. Сол жылы Гүлнар да Алматыдағы медицина институтын бітіріп, Қызылордада табыспақ болды.

Байжанның сапарлас әйелге айтпай келе жатқан сыры осы еді.

Күні ыстық, алыс жолдан қажыды ма, әлде ой өрісін түгелімен сүйген қызы жайлады ма, Москвадан шыға Байжанның бар ермегі кітап қана боп, жолшыбай сапарлас адамдарының ешқайсысымен шүйіркелесе қойған жоқ. Сол мінезін ол Рахметке де көрсетіп, оның әйелге айтқан күлкілі ертегілерін салмақпен ғана, ықласпен тыңдады. Сондай қалпын көрген соң, Рахмет те оған жалпаңдай қойған жоқ.

Қарбыз желініп болған соң Байжан Рахметке алғыс айтты да купесіне кетті. Оның Москвадан Қызылордаға қызметке келе жатқан жас инженер екенін Рахметке әйел таныстырды.

— Түсінікті, — деп бастап, Рахмет әйелге Байжанның бұл араға нендей байланысы бары туралы есіткен-білгенін қысқаша айтып берді.

— Аһа, — деді әйел Рахметтің кеңесін тыңдап боп, — осындай ыстық жаққа жас инженердің неге келе жатқаны маған енді ғана түсінікті болды...

Поезд Қызылорда станциясына тақала бергенде әйел Рахметтің терезесі ашық купесінен басын сұғып қарап еді, көзі вагон есігінің басқышында тұрған Байжанға түсті. Байжан басқыштан поезд тоқтамай-ақ қарғыды да, ілгері қарай жүгірді. Оған қарсы, үстінде кең тіккен шайы көйлегі, басында өзбек топысы бар, шашын көп тарамды қып өрген қыз жүгіріп келеді екен. Екеуі құшақтаса кеткен тұсқа кеп Рахмет пен әйел мінген вагон тоқтай қалды.

— Қалыңдығы осы ма? — деді әйел Рахметке.

— Осы!

— Жақсы жұбайлар екен!.

— Я, жақсы жұбайлар...

ЕКІНШІ ТАРАУ

ПОЛЕВОЙДЫҢ СЕМЬЯСЫ

Анатолий Кондратьевичтің жеке басындағы тұрмыс салтына қараған кісі оны шығыстан, әсіресе, қазақтан айыра алмас еді. Ең алдымен, ол қазақтың тілін барлық мақал-мәтелімен, барлық акцентімен анайы қазақтың біреуіндей сөйлейді. Оның отырыс-тұрысы да, ас ішуі де қазақша: малдасын құрып отыра қалғанда, ауыл қазағынан айыра алмайсың. Қазақтардай ол да етті жақсы көреді және ауыл қазағында майлы етті алақанымен толтыра асайды. Қымыз ішуде ол, қазақтың біреуімен таласа алады — аққұба кескіні күреңденіп ап, сыздықтай сіміруге күн ұзын жалықпайды.

Қазақтардай о да атқа құмар, талай жылмиған жүйрік, тайпалған жорға оның тақымынан тарады. Жақсы ат оның қолынан кетпеді, сол жақсы атқа ол, қазақтың басы қошқар мүйізді, тұрманының бәрін күмістеген құранды ерін салып, үнемі салт жүретін болды. Қалаға қызметке орналасқаннан кейін де, ол осы салтын өзгерткен жоқ; бір әдемі атты үйінде ұстады да, кеңсесіне соны салт мініп барып қайтады, көше қыдырса, я бір жаққа шықса, үнемі солай салт жүрді. Ол аңшы еді. Кеңседе қызмет атқаратын өзге аңшылардың мүмкіншілігі бары аңға машинамен шыққанда, Анатолий Кондратьевич машинасы бола тұрса да, тазысын жетекке алып, мылтығын асынып салт кететін.

Сыр бойында Анатолий Кондратьевичті білмейтін қазақ жоқ, солардың, бәрі оның, атын қазақшылап «Анатөл» деп, оған «сушы» деген сөз қосып, «сушы Анатөл» деуші еді, көбі оның әкесінің аты мен фамилиясын білмеуші еді. Бірақ «сушы Анатөлді» еңбектеген жастан бастап еңкейген кәріге дейін түгел білуші еді. Таныспай, сөйлеспей тұрып, оны орыс деп ойлап, ол туралы ықғайсыз сездер айтып қап, артынан ұялған қазақтар әр жерде кездесті.

Ол туралы ел арасында талай күлдіргі әңгімелер де шықты. Анатолий Кондратьевич ел қыдырып жүріп, бір қазақтың үйіне түседі. Қазақтың үйі үш тағанға қойған шойын құманға ет асып отырады. Қарны ашып келген Анатолий Кондратьевичтің етті жегісі келеді. Үй иесінің танымаған қонаққа етті бергісі келмей, айран-шалаппен аттандырмақ болады. Айранды ішіп Анатолий Кондратьевич үйден шықпай отырып алады. Бұрқылдап қайнаған шәйнектегі сорпа азайып, шәйнек қақсып, еттің қоңырсып күйген исі шыға бастайды. Ері әйеліне: «мына бір орыс отырып алды-ау» дейді, әйелі: «басында қазақша бөркі бар ғой, төбесі жарық боп жүрмесін» дейді. Сонда Анатолий Кондратьевич таза қазақ тілімен: «жеңгей, менің басымда жарық болса сізге залалы жоқ, отқа қақсып анау шәйнегіңіз жарылса залал болар, әрі етіңіз күйін кетер, соған су құйыңыз!» дейді. Ері де, әйелі де мына сөзден қатты ұялып, «Анатөл» екенін білгеннен кейін мал сойып аттандырған екен деседі.

Анатолий Кондратьевич туралы осындай күлдіргі әңгімелер Сыр қазақтарының арасында жиі кездеседі.

Сырты және салты азиялық сияқты көрінгенмен, ішкі сарайын ақтарған кісі, оның шын мағынасындағы орыс баласы екенін екі мәселеде айқын көретін еді: бірінші — егіншілік мәселесінде, екінші —-семья мәселесінде.

«Орта Азияның, — дейтін еді ол. сырласқан адамдарына, — ғасырлар бойы патриархалдық қалыптан бұлжымай келе жатқан мәдениетін, оның ішінде егіншілік мәдениетін ғылымның соңғы табысының жолына түсірген біздің орыстар. Агрономиялық ғылым Орта Азияға өзге Европадан емес, орыстан келді, бұл бір; екінші — әрине, егіншілік жұмыстары Октябрь революциясына шейін, әсіресе, ауыл шаруашылығы колхозданғанға шейін біздің Россияда кемеліне келген жоқ. Бұл жұмысты тарихта болмаған биік сатыға Совет өкіметі көтерді. Бірақ, бұл да орыс халқының әрекетінен туған емес пе? Октябрь революциясының авторы орыс емес пе? Революция болмаса, ауыл шаруашылығы осылай колхоздасар ма еді? Колхоздаспаса, қазіргідей егін шаруашылығы өркендер ме еді? Қазір біздің Совет Одағының егін шаруашылығына дүние жүзінде таласа алатын шаруа бар ма? Егіншіліктің ең зор мәдениеті бізде емес пе? Осы мәдениеттің авторы орыс десек, мен де сол орыстың бір баласымен мақтануым емес, Орта Азияда, оның ішінде Қазақстанда суармалы егін кәсібін өркендетуде. менің еңбегім аз болған жоқ. Сол еңбекті, мен ең алдымен, орыс ғылымының, Орта Азияға мәдениет таратудағы өкілінің бірімін деп атқарам. Және сондай еңбек атқаруды өзімнің ғана емес, туған халқым — орыстың мақтанышы көрем».

«Орта Азия халықтарын, семьялық өмір жағынан мен екіге бөлем, — дейтін ол сырлас, — өзбек, тәжік сияқты отырықшы елдер; қазақ, қырғыз, қарақалпақ, түрікпен сияқты көшпелі елдер. Осы екі жүйелі елдердің де семья жасау тәртібіне мен наразы. Отырықшы елдер әйелін ерлерден жасырып, пәрәнжі астында ұстайды Шариғат тудырған бұл заң барып тұрған тағылық. Қоғамның тең жарасы әйелді мұнша қорлатып, мұнша жабық дүниеде ұстау — бақытты халықтың емес, сорлы халықтың ісі. Тең жарасы абақтыдай тұрмыста күн кешірген-ел қайдан бақытты болады...»

«Ал, көшпелі елдерді алсаңыз, — дейді ол, — ол елдер әйелді пәрәнжі астында, жабық үйде ұстамайды, олай ұстауға олардың өмірінде жағдай да жоқ. Бірақ, ол елдердің әйелі онымен бақытты боп жүрген жоқ. Қайдан бақытты болады, ол елде қызын қалыңмалға сатады, қалың төлесе қызды кәрі де, кемтар да ала береді. Осы салттың салдарынан, күйеуіне риза боп баратын қызды сирек ұшыратасың... Орта Азияның отырықшы елдерінде де, көшпелі елдерінде де, қыз бен жігіт бірін бірі өз бетімен ұнатысып қосылған емес, оларды қосатын әке-шешелері, туысқандары. Күйеуі де, қыз да, тек туысқандарына ұнаса болды. Өздері бірін бірі ұнату, ұнатпауы есеп емес, солай қосылғандықтан Орта Азияның семьяларында, ерлі-зайыпты адамдар, егер бірін бірі сыйласа сүйгендіктен емес, тағдыры солай болғандықтан, сөйтуге міндеттімін деп сыйлайды, басқа түрлі сыйлаудың тиянағы болмайды. Несі өмір, осының?!. Біздің орысты алсақ, революцияға шейін оның да еңбекші көпшілігінің күн көрісі ауыр болғанмен, крепостнойлық право жойылғаннан бері, қызды сүймегеніне зорлап беру, жігітке сүймегенін зорлап алғызу сирек кездесетін, халықтың ғұрпына шыққан салт. Сондықтан революциядан бұрынғы кездегі еңбекші көпшіліктің тіршілігін алғанда, тұрмыс ауырлығы бірдей болғанмен, мен өзім, орыс крестьянының семьялық өмірін өзбек диханының я қазақ бақташысының семьялық өмірінен жоғары қоямын. Крестьянның өмірінде қыз бен жігіт бірін бірі ұнатып еркімен қосылу бар. Өзбек пен қазақта ол жоқ».

Революциядан бұрынғы семьялық тіршілікте, Анатолий Кондратьевичке ұнайтын әйелдер: ғылымның, соңғы табысынан еркін хабарлы, өзіне тән ой-пікірі бар, ой-пікірі прогресшіл, қоғам ісінде езін кіммен де болса тең ұстай алатын, білімнің мөлшерінде қоғамға пайдалы бола алатын, түзде көпшілікпен, үйде туысқан-туғандарымен, ерімен, бала-шағасымен келісе алатын, сыйласа алатын адам.

Сондай семьяны орыс интеллигенциясының арасында кездестірген ол, өзі де соның бірі болды. Арман етіп жүргенде, тағдыр оны Орта Азияға айдады да, өзбек қызы Шаһадатқа кездестірді. Ол Шаһадаттың өзін сүйгенмен, өскен ортасының ғұрпын сүйген жоқ. Сол ғұрыптың біраз салдарын Шаһадаттың да бойынан тапқан ол, өз ойыма көндіремін деген мақсатпен үйленді.

Бірақ, Шаһадат ұнатқанын ғана қабылдайтын, ұнатпаған ісінде өз ырқына аумайтын, күйеуіне езін билетуден гөрі, оны өзі билеуді жақсы көретін, не болса да бетке айтатын, ішінде қалтарысы жоқ, бір сөзді, бір бетті адам боп шықты да, Анатолий Кондратьевичтің дегеніне иек қаға бермей, жөнді деген жерде оның еркіне көнді де, жөнсіз деген жерде оны еркіне көндірді. Сол келісулердің бәрін сайып келгенде, Шаһадат Анатолий Кондратьевичтің қиялындағы дама да болған жоқ, өзбек әйелі де болған жоқ.

Сөйтіп екеуі бірін бірі өз тәрбиесіне түгел аударып әкете алмай орта жерден түйісті де, келісімде өмір сүрді.

Жұбайлық өмірлерінде, орыс пен өзбек тәрбиесінің орта кезеңіне тоқырасқан олар, бала тәрбиелеуде де сондай келісімге келді.

Шаһадатпен көңілі қосылған күннен бастап-ақ, оның атын Шура қойған еді. Сол Шураны еркелете айтудан, еркінде ұстаудан отыз жылдай отасқанда бір айныған жоқ.

Анатолий Кондратьевич Шаһадатқа жиырма бес жасында үйленген еді. Келесі жылы олар перзент көрді. Бала бірер ай өмір сүргеннен кейін қайтыс болды. Одан кейінгі балалары да тұрмай жүріп, Анатолий Кондратьевич отыз бес жасқа шыққанда, дүниеге Гүлнар келді...

Бұрынғы шығыстың салтында қызды әке «балам» деп жақсы көргенмен, «бақытым» деп жақсы көрмейтін. Себебі, олардың ұғымында қыз «жат жұрттық», ол «ұрпақ емес, өріс» қана.

Осы салтты жақсы білетін Шаһадат, орыстар да солай түсінетін болар деген оймен, Анатолий Кондратьевичтің ұлдары тоқтамауы, ақыры жалғыз баласы ғана тоқтап, ол да қыз боп, одан кейін бала көтермеуі іштей аса қынжылатын да, кейде қайғыратын да еді. Бірақ жүре келе, осы пікірден Шаһадат қайтты. Оған себеп — ерінің Гүлнарды жанындай жақсы көруі болды.

Анатолий Кондратьевич сүйікті «Галясын» жасқандырмай, жабырқатпай, ерікті, еркін, ерке өсіруге тырысты. Осы мәселеде европалық семьяда өскен оны мен шығыстық семьяда өскен Шаһадаттың арасында шалқайысқан емес, қабысқан қайшылық кеп туды. Әкенің ойына салса Галяны европаша тәрбиелеу керек еді де, шешесінің ойына салса шығысша тәрбиелеу керек еді.

Алғашқы кезде екеуі де өз жөндеріне тартқысы келгенмен тәрбиелейтіндері бір-ақ, бала болған соң аздап арбасып кәріп, ақыры бірін бірі ұғынысты.

— Пәрәнжі салатын қыз емес, совет қызы, үнемі уыста ұстаймын деуге болмайды, — деген әкесінің сөзіне шеше көнді.

— Совет қызы болғанмен, қыздың аты қыз, ұл емес, қыздың өзіне тән мінезі, сыпайышылығы, жүріс-тұрысы болуы керек, мен оны бетімен секеңдетіп өсіре алмаймын, — деген шешесінің сөзіне әке көнді.

Гүлнардың жүріп-тұру еркін түгелімен шешесінің қолына берген Анатолий Кондратьевичтің мектепке түскен күннен бастап, қызына өз басындағы ойын сіңіру жолында қолдандым деген құралы — кітап.

Анатолий Кондратьевич өзін моралист санайтын кісі еді де, сол оқығандарын ол өзгеге де айтып отыруды және айтып қоймай, айтқанын тыңдаушысына сіңіруді жақсы көретін, Гүлнардың мектептен тыс уақытта да кітап оқуға ынталылығын байқаған ол, кез келген кітап емес өзі ұнататын кітаптарды оқытты, ұнатпаған кітаптарды оқудан тыйды, ондай кітаптар қолына түспеу үшін, айтқанын екі етпейтін қызына, «менімен ризаласпаған кітапты оқыма» деп тапсырды. Гүлнардың қайран қалғаны: мелиораторлық қызмет атқаратын, уақытының көбін ел арасында өткізетін, үйде де сол мәселемен көп шұғылданатын әкесі, су шаруашылығынан басқа жүйелі кітаптарды да аса көп оқыған. Жердің, көктің, оларда болатын құбылыстардың жайы туралы, өсімдіктердің, хайуандардың, адамның өмірі туралы нелер қызық әңгімелерден басқа, Анатолий Кондратьевич көркем әдебиеттің де әр дәуірде жазылған, әр елде жазылған талай нұсқаларын біледі. Гүлнар, ес білгелі соларды айтып, оның аузын талай тамсандырды.

Қызын белгілі бағытта, яғни, моральдық қасиеті жоғары дәрежеде өсу бағытында тәрбиелеуге тырысқан Анатолий Кондратьевич оған басына келген әңгіменің бәрін айтпай, өз бағытына жетектейтін әңгімелерді ғана айтты. Ол қызына екі пікірді сіңіруге қатты тырысты: біреуі — бұлжымайтын тұрақтылық, екіншісі — айнымайтын махаббат.

Бертін Гүлнар ақыл тоқтата бастаған кезде, Анатолий Кондратьевич қызының оқыған кітабы туралы сөйлесуді сылтау қып, өз ойын қозғайтын пікірлері туралы онымен ұзақ кеңеске кететін болды. Есін білген кездегі мұндай ұзақ кеңестерде, Гүлнар әкесі не айтса, балалық шағындай басын изей берген жоқ. Ол кей мәселеде «жоқ, әке, сізше олай болғанымен, біздің комсомолдық санамыз бойынша олай емес» деп таласты да. Ондай мәселеде пікірлерінің қабыспауы, әке мен қыздың арасында туысқандық махаббатқа бөгет болған жоқ.

Шаһадат қайтқан жылы Анатолий Кондратьевич елуден әрі шығып еді. Ержетіп есін біліп қалған Гүлнар әкесін үйленер деп ойлады. Және әйелсіз бабы келе ме деп санаған ол, сырласып үйренген әкесіне, бұл пікірін айтты да, бірақ:

— Болмайды, — деді әкесі, — ендігі бақытым үйде — өзің, тыста — қызметім.

Содан кейін Гүлнар. бос уақытын әкесінің күтіміне, көңілді жүруіне арнап, оны баладай мәпеледі. 1936 жылы Алматыдағы олимпиадада танысып сыр ашысқан Байжанға, оның «әкемді тастап басқа жаққа кете алмаймын» деуі де осыдан болатын.

Байжанмен уәде байласқанын, олимпиададан қайтқан Гүлнар әкесіне айта келді. Бірақ, ол күйеу тауып қайттым деген жоқ, «сіздің жолыңызды қуып, мелиоратор болғысы кеп жүрген бір жас жігітті көрдім, су шаруашылық институтына түспек, қай қаладағы институтқа түскені пайдалы боларын сізбен ақылдасып, мен хатпен хабарландырмақ болдым» деді.

Жастықта аралаған өлкенің бәрін қыдырып кеп, ол өлкенің ойында не, қырында не барын жақсы білетін Анатолий Кондратьевич, қызының сырын айтпай-ақ көре қалды да:

— Ташкентте оқиды да онда, — деді.

— Ол жігіт ыстықты жек көреді. Ташкент түгіл Алматының ыстығына әрең шыдап жүрді, — деді Гүлнар.

Анатолий Кондратьевичтің аузына «ендеше Сырдария бойында қалай қызмет атқарады?» деген сұрау кеп қалды да, қызын ұялтқысы келмей, тек кескініне жымия қарады. Әкесінің ойын түсінгендей, қызы қызараңдап төмен қарады. Енді ұялтқысы келмей:

— Әрине, — деді Анатолий Кондратьевич түсін салмақтанып, — Москвада да оқуға болады. Онда да су шаруашылық институты бар.

Анатолий Кондратьевич облыстық су шаруашылық мекемесі арқылы Байжанды Қызылжардан Қызылордаға шақыртып ап контрактация жасатты да, Москваның су шаруашылық институтына аттандырды.

Қызының неге қамқорсуына ол, Байжанды көргеннен кейін ғана түсінді. Бір қыз қандай болса да татып жатқан жігіт. Оның үстіне, ертегінің ғашықтарында, үйленгісі келген қыздың ауыр шартына көнген түрі мынау!

Өзін кісі танитын адамға жоритын Анатолий Кондратьевичтің байқауынша, Сырға құмартып жүрген Байжан жоқ. Құмарту былай тұрсын, Москвада оқып жүрген жылдардың жазғы каникулдарында тәжірибе жұмыстарын сылтау қып Гүлнарға келеді де, Қызылорданың миды қайнататын ыстығына шыдай алмай, аһлап-уһлеп өле жаздайды. Сондай халін көргенде, ойыншыл Анатолий Кондратьевич:

— Қалай, бала, — дейді Байжанға, — махаббат оты ыстық па екен, Қызылорданың күні ыстық па екен?

— Екеуі де ыстық қой деймін! — дейді Байжан.

— Расыңды айтпадың, бала. Махаббат оты күн отынан ыстығырақ па деймін.

— Неге?

— Махаббат отының лебі таптамаса, сен мұнда сүйресе де келермісің! Күн отының, қызуы осылай өзіне тарта ала ма сені?..

Байжан мойындағандай үндемейді.

Расында, Байжан Қызылордаға каникул кезінде де, институтты бітіргеннен кейін де, бір ғана Гүлнар үшін келді. Әйтпесе, Анатолий Кондратьевич оған жолыққан сайын Сырдарияның жағдайын бар ықласымен әңгіме қып, Сырдың өлкесін сүйдіруге тырысқанмен, бұл кеңестің біреуін де Байжан көңіл қойып тыңдаған да емес, Сырдың суын да, шөлді даласын да сүйген емес. Сондағы оның ойы: легін өсіруге Сырдан басқа жер жоқ па? Сырға үйренгендер осында есіре берсін егінің үйренбегенге керегі не оның? Өзге жер жетпей жатыр ма?»

Осыдан ойы аумаған Байжанның, өзінше іштей жасаған қулығы: оқуды үндемей бітіру, бірақ мамандықты канал қазу мен жер суару жөнінде емес, жер астының суын меңгеру жөнінде алу, сөйтіп, оқудан кейін Гүлнарды өз ырқына шыжымдап тартып жөніне кету болды. Бірақ мұның бәріне тәсіл керек. Өйтпесе Гүлнарды да, оның әкесін де өкпелетіп алуы мүмкін.

Ол үшін не істеу керек?

Қызылорда облысының бір ауданында, 1940 жылдың жазынан Сырдарияда зор канал қазылмақ. Гүлнар Байжанды соның құрылысына қатынасады деп ойлап жүр. Осы ойын ол ауызша да айтқан, хатқа да жазған, Байжан көнген қалып көрсеткен.

Байжанның өз ойы — құрылыстың жауабы жеңіл бір жұмысына орналасу да, бірер жылдан кейін ебін тауып алды. Бұл жөнде, Алматыдағы Су шаруашылық Комиссариатында жауапты қызмет атқаратын таныс біреудің «бірер жылдан кейін көрерміз» деген уәдесі де бар.

Болашақ күйеуінің бұл қулығын Гүлнар сезбегенмен, Анатолий Кондратьевич жорамалдайды, бірақ екі себептен оған қынжыла қоймайды: бірінші — Сырдарияның тағдыры Байжанның қолында тұр ма екен; екінші — Сырды сүю үшін, оның жағасында тұру керек. Оған куә — Анатолий Кондратьевичтің өзі. Ол да алғашқы кезінде Сырға Байжан қараған. Алғаш кергенде ол, Сырдан қалай қашып құтылуды білмей кейіген. Ақыры, Сырдың жағасында тұра келе, үйрене келе, одан сүйресең кетпейтін болды. Байжанның да сөйтпеуі кім кепіл!..

Байжанның болашақта қайда тұруын тұрмыстың өз талқысына тапсырған Анатолий Кондратьевич, оның тез келуін күтіп жүргенде «Москвадан шықтым» деген телеграмма келді. Нақ сол күні Анатолий Кондратьевич қазылу әзірлігі жүріп жатқан каналдың бір тығыз жұмысымен ауданға шыққалы жатыр еді.

Не істеу керек?

Қызмет бабына ол қатал кісі. Өмірінде талай қиыншылықтарды кездестіре жүре, шамадан асып кетпесе, ол атқаратын қызметінен қалып көрген емес. Өзге қиындық былай тұрсын, өмірде ең жақсы көретін жаны — Шаһадатты жерлеген күннің ертеңінде қызметке шығуы, білетін адамдарды хайран қалдырған.

Байжанның оқуын бітіріп келе жатуын Анатолий Кондратьевич әрине өзіне бақыт санайды. Әйелі өліп, қызы оқуға кетіп, соңғы екі-үш жылын семьялық өмірінде жалғыз өткізген оның басынан іші пысқан, жалғызсыраған талай күндер өткен. Үйінде қызметкер қартаң әйелден басқа жан жоқтықтан, құлазып тұрған бірнеше бөлмелі үйінің қай түкпіріне қараса да, кезіне Шаһадат елестей бергендіктен, Гүлнар жоқ күндерде Анатолий Кондратьевич осы үйде болмауға, уақытын командировкада өткізуге тырысатын.

Міне, сондай құлазыған үй, Байжанның келуімен толғалы отыр, Шаһадат өлгелі бұл үйден қашқан бақыт қайта кеп қонғалы отыр. Оған Анатолий Кондратьевич қалай қуанбас!

Қуана тұра аңсап күткен күйеуі келе жатқанда үйде болмаудың ұят екенін біле тұра, Анатолий Кондратьевич дағдысынан аса алмады да:

— Галочка! — деді қызына, — командировкаға жүріп келейін мен. Аса қажетті қызмет еді, атқарып келмеуге болмайды. Қонақты сен қарсы аларсың.

Қызы үндемеді. Оны әкесі дағдылы ұялшақтығына торыған жоқ, ренжуіне жорыды. «Ренжісе қайтем, — деп оклады ол, — үй ішінің көңіліне қарап, мемлекеттік істі бөгеуге бола ма?»

Гүлнар расында ренжіді. «Қызмет дегенмен, — деп ойлады ол,- — төрт-бес күнге шыдауға болмай ма? Күйіп-жанып бара жатқан ештеме жоқ. Дағдылы қызмет. Бұ несі әкемнің? Әлде айтпай жүрген наразылығы бар ма екен?» Осылай ренжи тұра, Гүлнар әкесіне ұстайтын дағдылы сыпайылығынан аспады, өкпесін айтпады.

Аз уақытқа, я көп уақытқа ажырассын, не ол кетерінде не өзі кетерде, Гүлнардың маңдайынан сүю Анатолий Кондратьевичтің дағдысы еді. Сол дағдысымен ол, командировкаға жүрерде қызын сүйді де:

Қонақ біздің үйге түсер, Галочка! — деді.

Гүлнар оған да жауап берген жоқ. Қызының бұл үндемеуін әке ұялшақтыққа жорыды.

Қызылордаға келе жүре, қайын атасының кең пәтері бола тұра, Байжан ол пәтерге түскен емес, түс деп иелері шақырған да емес. Гүлнардың шақырмауы — күйеу мәселесінде шығыс қызының салтын ұстайтын, жетектеп әкелуге, әкесінен қымсынғандықтан, ал, Анатолий Кондратьевичтің шақырмауы — «көзі келгенде бірге тұрар, әзірге аулағырақ тұрулары дұрыс» дегендіктен.

Әкесінің ол ойын сезетін қызы, мына жолы Байжанды үйге түсір деуіне таңданды да, бірақ, не «түсер», не «түспес» деп түс ашпады.

Анатолий Кондратьевич жүріп кетті.

ҮШІНШІ ТАРАУ

ҚАРСЫ АЛУ

Байжан отырған поезд Қызылордаға күн еңкейе келгенімен, әлі ыстық басылған жоқ еді.

Вагонда шыпшып қана терлеп отырған ол, бұлтсыз аспанның батыс жақ еңісінен шаңқая қараған күннің сәулесіне шыға келгенде отқа қалаған мұздай еріп, денесінен аққан тер, төбесіне құйған судай ақтарылды. Қызылорданың жазында ғана киюге арнап тіктірген оның ақ суша костюмы терден шылқи шыланып, денесіне жабысып қалды.

— Достым, мұның қалай?! — деді, оның жүгін көтерісіп, вокзал үйіне қарай қатар келе жатқан Гүлнар қалжыңдап, — отқа қақтаған қорғасындай ерідің ғой.

Байжан тер ашытқан көзін төс қалтасындағы орамалымен бір сүртіп Гүлнардың кескініне қараса, мынадай ағыл-тегіл бола қойған жоқ, тек, күрең тартқан кескіні аздап қана шыпшыпты.

Вокзал ішінде аздап салқындап, екеуі әрі қарай шықса, поездан түскендер мен оларды қарсы алғандардың жүрісінен көтерілген бозғылт шаң тұманданып тұр екен. Тұманның ішінен, ербеңдеген адамдардан басқа, әрірек жерде жадағай арбаларына есек, немесе ат жеккен арбакештер, бір «эмка», екі «виллис» және шөгерілген екі түйе керінді. Соларға қарап аңыра қалған Байжанға:

— Кеттік ! — деді Гүлнар.

— Қайда? — деді Байжан.

— Гостиницаға.

Екеуі Байжанның жүгін көтере бергенде, басында өзбек тақиясы, үстінде өзбектің ала шапаны бар жастау жігіт жүгіре басып келді де Байжанға амандасты.

— Біздің жаңа шофер Жантас, — деді Гүлнар таныстырып.

— Әкежан, мән алай! — деп жігіт жүкті көтере жөнелді.

Сапырылысқан адамдар мен арбакештерді аралап, қою шаңға құмыға олар машинаға жетті де, мініп ап жүріп кетті.

Машина көшесіне кіре берген бұл қаланың тарихы да Байжанға таныс еді. Нақ қай жылы орнауы белгісіз бұл қаланы XIX ғасырдың ортасына шейін Қоқан хандығы билеп келген де, одан кейін Перовский басқарған патша үкіметінің әскері жаулап ап, бұрынғы Ақмешіт атын Перовскіге ауыстырған. Перовск революцияға шейін сәнді болған қала емес. Оның көшелері Орта Азиядағы өзге ескі қалалардағы көшелердей әрі тар, әрі қисық. Түзу салынған — қазіргі Карл Маркс атындағы көше мен соған жалғаса шығатын Ленин атындағы көше. Тәуір үйлер де бұрын осы екі көшенің ғана бойына салынған. Этажы біреуден-ақ болғанымен, бұл екі көшедегі үйлер Европа үлгісімен қыштан1 қаланған. Өзге көшелерде ондай үйлер қадақ – құдақ-ақ кездеседі. Оларда кездестіретіннің көбі — сырты қам кесектен қаңқайта салған биік дуалды, терезелері қораларының ішіне қараған өзбек үйлеріне бейнелес.

Байжан да отырды. Екеуі де үн-түнсіз. Екеуі де «қасымдағы неғып отыр екен» дегендей, бірінен бірі көзін ұрлап қарап қояды.

Гүлнардың үндемеуін Байжан, «үйіне түсірмеген ұялуы» деп жорып отыр; бірақ, Гүлнардың өзі қозғалмаса, ол жөнде аузын ашпақ емес. Ал, Байжанның үндемеуін Гүлнар — «үйіне түсірмеді деп өкпелеуі» деп ойлап отыр. Бірақ ол да, егер Байжанның өзі бірдеме деп қалмаса, ол жөнде сөз қозғамақ емес.

Тым-тырыс қалыпта аз отырғаннан кейін:

— Ал, енді, тынығасың да, — деді Гүлнар түрегеп.

— Сөйтеміз де, — деді Байжан да түрегеп салқын дауыспен.

Бөлмеге күтуші әйел кірді де, душ даяр болғандығын айтты.

— Кеттім, — деді Гүлнар, есік алдына шығарып салған Байжанға.

Гүлнар жөнеле беріп жалт бұрылды да, үнсіз тұрып қалған Байжанға оралып кеп:

— Кешікпей келем. Жуын. Киін. Кешке бақшаға барамыз, — деді.

Содан кейін бұрыла берген Гүлнар, Байжанның кескініне күлімсірей қарап тұрды да, оң жақ жағын жұмсақ алақанымен сипап қап:

— Ну!.. До свиданья, мой орлёнок! — деп жүріп кетті.

Ол оралып келгенде Байжан баптанып болып әзір отыр еді.

— Әуелі бізге барып ас ішейік, — деді Гүлнар. — Содан кейін бақшаға барамыз.

Байжан: «ресторан бар емес пе?» — деп келе жатыр еді:

— Брось ты, ерунду, — деп Гүлнар назды дауыспен жекіп тастады.

— Молчу, — деді Байжан.

— Кеттік, — деді Гүлнар.

— Құп болады, — деп Байжан соңына ерді.

Кешкі мезгіл ғой деп Байжан қоңыр шалбарын, үстіне украинның кестелі ақ жібек көйлегін киген еді.

— Пенжак ки! — деді Гүлнар.

— Осындай қапада ма?

— Біздің қаланың күндізі қандай ыстық болса, түні сондай салқын болатынын білмейтін бе едің?

Дала рас салқын екен. Күндіз ашық аспанға қас қарая бозамық сирек бұлт жаятын дағдылы салтын Қызылорданың түні бүгін де істепті. Әлдеқайда бұлт астында қалқыған ай бары түннің қоңырқай сұрғылт бейнесінен байқалады.

Бұл үйде Шаһадат заманынан келе жатқан шала татар шала қазақта Марфуға атты әйел бар. Шаһадат өлгелі ол өзін Гүлнардың қамқоршысымын деп түсінеді, барлық бабын табуға тырысады және табады да, әкесі де Марфуғаны сыйлайды. Үй-ішінің қожасы сол.

Әкесінің рұқсаты бола тұра, Гүлнар Байжанды осы Марфуғаның сөзіне қарап, үйіне түсірмеді, Бұл жөнінде Гүлнар айтқанда:

Астағфиралла! — деп Марфуға өре тұра келді. — Нәрсе дигәнің ул? Никах уқылмаған үйгә күйәу килә мә икән? Халық нәрсе ди? Айта курмә, қызым. Никах уқытқан сун, қайда бірләшіп тұрсағыз да ыхтияр, қазір рухсат юқ.

— Апа, қазір никах жоқ, ЗАГС қана бар ғой, — деп Гүлнар қалжыңдайын деп еді, Марфуға:

— Сізшә — ЗАГС, бізшә — никах. Ижәп — қабылының бәрі бір; сіз ЗАГС-қа да бармағансыз әлі, — деп өз жосығын қолдады.

Марфуғаның да өзінше қулығы болатын еді. Егер Гүлнар, не Анатолий Кондратьевич оны әлденеден тыңдағысы келмесе, Шаһадатты айтып ағыл-тегіл жылай бастайтын. Сонысынан қорқып Гүлнар да, әкесі де ырқына көне қоятын. «Ырқына көнді» дегенде, Марфуғаның теріс жайылатын түгі де жоқ, бар көздейтіні осы үйдің пайдасы ғана.

Марфуғаның ырқына солай бағынып үйренген Гүлнар, Байжанды үйіне әкеп түсіремін деген сөзін Марфуға ұнатпаған соң қайталамады, қонаққа шақырайық деген сөзіне Марфуға да қарсы болмады.

Қонақасыны Марфуға қазақша даярлаған екен: шайды бауырсақпен берді, етті бесбармақ қып тартты.

Бақшаға Гүлнар мен Байжан кешігіңкіреп барды.

Ұзын тұрқы күнгейден теріскейге қарай созылған Карл Маркс көшесінің орта кезінде, шығыс жағын ала орнаған бұл бақша, көлем жағынан кең де, өсімдік жағынан көрікті де болушы еді. Оның серуенге арналған аллеяларының екі жиегіне ескен шынарлар қатар тіккен қаздың қауырсынына ұқсап, бұтақтары тік өрлейді де, күндіз де биік шынарлар, түн мезгілінде күндізгісінен ұзарғандай, түнерген аспанға шырқап қақшаңдап кетеді. Солардың араларында, биік селеудің түбіне ұйыса өскен қалың көдеге ұқсап, бұтақтары жайыла біткен аласа бойлы қара ағаштар тұрды. Арғы іші шоқтана ескен қалың тал.

Бақшаға қолтықтаса кірген Гүлнар мен Байжан, осындай аллеяның біреуін бойлай, түкпіріне қарай тартты; өйткені бақшаның бергі іші сапырылысқан көп халық екен және әр жерде музыкалар ойналып, әндер айтылып, түрлі сауықтар жүріп, бақшаның бұл жағы ың-жың. Сол шудан Гүлнардың Байжанды оңаша алып кеткісі келді.

Бұдан бір жыл бұрын Гүлнар Байжанға мынадай бір сырын айтқан еді: «Менің мінезімнің тұйықтау екендігін мін көргің келеді. Рас, тұйықтаумын мен. Тұйықтау ғана емес, тұйықпын. Бірақ, осы мінез бойыма шешемнің сүтімен кірді десем қателеспеген болар едім. Сен менің шешемді көрген жоқсың. Ол кісі сөзге сараң болатын-ды. Біреуді жек көріп тұрса да, жақсы көріп тұрса да, «мен солаймын» деп ақтарыла қоймайтын. Солай бола тұра, жақсы көрсе де ойланып барып, өлшеп-пішіп барып жақсы көретін, жек көрсе де сөйтетін. Ал, егер жақсы, я жек көре қалса, ол бетінен бұру қиын болатын... Есімді білген күннен бастап, шешем маған осы мінезін сіңіруге тырысты. Ол талабын шешемнің қаншалық іске асырғанын білу маған қиын, дегенмен, шешемнің көп мінезінің кейде өзі, кейде көлеңкесі менде қалып қойған сияқты. Сондықтан, егер мен саған өзеурей қоймасам, ол менің сені жақсы көрмеуімнің белгісі емес, мінезіндегі кемшілік».

Байжан Гүлнарды ырқына көндірді де, серуендеген көпшіліктің арасына алып кірді.

Таныс көпшілік. Бұл көпшіліктің Москва, Алматы, Ташкент тағы солардай қалалардың бақшаларында серуендеген жұрттан айырмасы жоқ. Советтік елдің барлық бақшаларында серуендеген адамдардай, бұлардың да жүздері жарқын, өңдері ажарлы, киімдері сәнді, өйткені, олардың әрқайсысының өндіре еңбек атқарып, мәдениетті дем алуға хақысы және мүмкіншілігі бар.

Кішірек қалалардың бір салты — шеттен көзге түсерлік біреу келсе біле қояды ғой. Бақшада қыдырғандар Байжан туралы да сөйтті.

— Мынасы кім? — деп қалды, Гүлнар мен Байжанға қарсы келген бір топ жастың бірі, қастарынан ете беріп.

— Қасындағы инженер Полевойдың қызы емес пе? — деді екіншісі, — оқуын бітіріп кеп, қалалық больницаға қызметке кірді деген.

— Егер ол болса қасындағы жігіт соның күйеуі, — деді үшінші, — ол да оқуың бітіреді деген, Москвада су шаруашылық институтында оқиды деген, біздің Қызылордаға қызметке келеді деген.

— Білдім, — деді біреуі, — ол болса, биыл біздің облыста қазылғалы жатқан каналға начальник болады.

— Оны кімнен есіттің? — деді өзгелері.

— Менің әкем сонда қызмет істемей ме, — деді анау, — содан естимін.

— О, ендеше бізге де начальник десейші, — деді біреуі күліп.

— Канал құрылысына сен де баратын болып па ең? — деп сұрады екіншісі.

— Қызық екенсің-ау! — деді анаусы. — Үш жарым мың комсомолец барайын деп отырған жоқ па қаладан, канал құрылысына? Сен мені әлде комсомолец емес деп ойлайтын ба едің?..

Көпшіліктің арасымен жүріп келе жатқан Байжан мен Гүлнар, төңірегін аласа қазықты тоқыма шарбақпен қоршаған, ағаш арасындағы ашық ресторанға кездесті.

— Қызылорданың мантысын жақсы көруші едім, соны жесек қайтеді? — деді Байжан.

— Жақсы.

Шарбақ іші кең, столдар көп болғанмен, орын атаулыда босы жоқ екен. Тамақтарын тауысуға жақындаған екі қазақты тосып тұрып Гүлнар мен Байжан олардың аузынан шыққан сездерді ықласпен тыңдады. Сөз әлпеттеріне қарағанда, екеудің тосқалы Жалағаш ауданынан енді бірі облыстық тұтынушылар одағының дүкен ауданнан келгенді дүкенші «нағашы» деп, ол «жиен» деп сөйлейді.

Бұ кеңесті доғарайық, жиен, — деді нағашысы, — мына балаларды, — деді ол Байжан мен Гүлнарды иегімен нұсқап, — тұрғызып қойып ұят болды ғой.

Шыдамсызданып тұрғанмен, Байжан:

Асықпаңыз, ақсақал, — деп сыпайысып еді:

Біз болдық, балам, — деді нағашысы, — ал есептес, жиен алған тамағыңа. Содан кейін көтерілейік.

Олар есептесті де, кетті.

Бұл арада канал құрылысынан басқа сөз болмайды екен-ау! — деді Байжан отыра беріп.

Енді қалай, — деді Гүлнар, — тіршілігінің тетігі каналда емес пе. Мантыны жеген соң, мен саған оның планын көрсетейін.

Қайдағы?!

Осы бақшадағы. Ол ете оригинальный план — еккен гүлдерден оюлап келтірілген.

Интересно! — деп қойды Байжан.

Барса, рас ғажап план екен: кеңдеу бір алапта, түрлі түсті гүлдерден келтіріп Сырдарияның, одан алынатын каналының, каналдан суарылып гүлденетін бақшалар мен егістік өлкелердің бейнелерін салыпты.

— Это уж уникум!2 — деді Байжан қайран қап.

— Біздің қалада да осындай әдеміліктер болады! — деді Гүлнар масаттанып.

— Я!.. Мынау әдеміліктің де әдемілігі.

Ол арадан жылжыған екеуі, орала аяңдап отырып, бақшаның тым-тырыс бір бетіне шығып кетіпті.

— Әдемі бақша екен де мынау! — деді, махаббат сезіміне мас боп келе жатқан Байжан, бір тұйықта бөгеліп.

— Сүймеуге бола ма, осындай бақшаны? — деді Гүлнар.

— Әрине, болмайды.

Байжан кеудесін кере дем алды да:

— Осындай бақшада өскен ғашығын сүймеуге бола ма, Гүлім? — деді.

Жауап бермеген Гүлнарды, сол кезде құмарлық билеп кеткен Байжан иығынан құшақтай езіне тартып еді, күші асты ма, әлде Гүлнар қарсыласпады ма, жабыса жақындай қалды.

Сол кезде, Байжан Гүлнардың бетін езіне қарай бұрып, сүюге ыңғайланып еді, көзін жұмған Гүлнар, Байжанның құшақтаған қолына сүйеніп шалқая берді.

Еңкейе берген Байжанның еріндері, Гүлнардың еріндеріне жабыса кетті...

...Бұл олардың бірінші сүйісуі еді...

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

СЫРДАРИЯ

Байжанның келгенін естіген Қызылорданың тұрғын халқы Байжан мен Гүлнардың некелену тойы туралы толып жатқан жорамалдар айтысты. Біреулер:

— Соқа қара басы жүрген жалғыз еркек, тойға даярланып не өндірді дейсің, — деп күдік айтып еді:

— Оның өзі емес, қайын атасының даярлануында кемдік жоқ, — деп дауласты білетіндер, — палауға деген бір қап ерік, мейізі, екі қап күріші, жуырда ғана дәлізінде тиеліп тұрғанын көргенбіз. Осы тойға арнап базардан он ту қой сатып ап,тойға шейін жүре тұрсын деп, дарияның арғы бетіндегі Аманкелді колхозына айдатып жіберді.

— Еркектер мен әйелдердің шомылатын жері басқа болады, әне, — деді Гүлнар.

Ішер суын құдықтан ап, дария жағасына баруды білмейтін Марфуғаның басына әйелдердің күндіз дарияға шомылуы кірмейді.

— Әйтмә, әйтмә! — деп зырылдайды ол, — ирләр тугіл құяшқа курсәтіргә була мыни, хатын-қызларға тәнін?!.

Гүлнар шомылатын костюмы барын айтады. Ондай костюм Марфуға біледі: жеңдері жоқ, балақтары жоқ, денемен дене боп тұратын тоқыма киім. Сол киімді Гүлнар Марфуғаға оңаша көрсетсе, ұят көрген Марфуға:

— Астағфиралла, миннән башқаға курсәтмә аны! — деп зыр қағады.

Марфуғаны сыйлай тұра, көңіліне қарай тұра, шын сүйген Байжанмен бос уақытын бірге өткізбей тұра алмайды Гүлнар. Марфуғаға «Байжан мені қызметтен шығарда күтіп тұрады» дегенмен, көбінесе, гостиницадағы Байжанға, қызметтен шыға Гүлнардың өзі барады.

Байжанның ойы, Анатолий Кондратьевич келгенше қызметке орналаспай уақытын бос ұстау еді. Бірақ, ол ойы болмай, Қызылордаға келгеннен бір жұма кейін, канал құрылысының материалдарымен шұғылданып кетті. Оған мынадай себеп болды. Келгеннен екі-үш күн кейін ол қалалық партия комитетіне барып есепке кіріп еді, содан білді ме, әлде, былай да есітті ме, оны облыстық партия комитетінің бірінші секретары шақырып алды. Байжанды аса жылы шыраймен қарсы алған ол, оқыған институтының жайын, дипломының темасын, Қызылордада не істеуге ойы барын асықпай ұзақ сұрап отырды да:

— Жаңа құрылыста қызмет атқармақ болғаныңыз ете жақсы, — деді өзі сөз алып, — қазақтың әрі жас, әрі жігерлі, әрі оқыған маманына бұл құрылыста қызмет көп. Құрылысшылардың жүзден тоқсан бесі қазақ болады. Олардың ісін басқаратын кісі тілін де, әдет-ғұрпын да жақсы білу керек, солай емес пе, жолдас Бектасов?

— Рас.

— Бізде сондай қызметкерлер ете аз, әсіресе мамандар... Техник-қазақтар бірталай, ал, инженер-мелиоратор қазақ — жалғыз сіз ғана. Техник те қажет болғанмен, ол инженердің міндетін атқара алмайды, рас па?

Секретарьдың бұл сөзіне Байжан елеңдей қалды. «Осы кісі мені каналдың жауапты бір ісіне тартқалы отырған жоқ па» деген ой келді оған, «бірақ қайда?»

— Қайдағы «система» ол?.. Революциядан бұрын шын мағынасындағы канал біздің облыста болған жоқ. Болғаны арықтар мен арық сымақ... Олардың қасиеті қандай болғанын аттары да көрсетіп тұр ғой, арық деген жақсы сөз бе? Арық мал, арық адам жақсы ма, арық су да сондай емес пе?

— Әрине, — деді «арық» деген сөздің екінші мағынасын енді ғана есіне түсірген Байжан.

— Сіздің Мансұр ақын мен Дәме қыздың айтысын естігеніңіз бар ма?

— Жоқ, — деді Байжан.

— Қазіргі Нартай ақын Бегежановты білесіз ғой.

— Білем.

— Мансұр соның туған ағасы, ертерек өлген адам. Сол Мансұр көшпелі Жаппас руынан шыққан ақын қыз — Дәмені іздеп барып айтысқанда, қыз Сыр бойында егін кәсібін істейтіндердің ауыр азабын былайша суреттеген екен:

Медине, сенің жерің Меке ме еді? Мүбәрак, пайғамбардың мекені еді!.. Жалаңаш жаздыгүні шекпен киіп, қураған кедейіңнің шекелері. Жеріңнің беті шимай, асты арық. Жүрмейсің жолды тауып төте жерді. Сезімнің өтірігі болса ішінде, Мынау ше, деші кәні, бекер еді! Айтпассың сен жамандап түбі құмды. Айтарсың кеміткенде құдығымды Кедейің шиқылдатып жаздай айдап, Жүргізген көк тарыға шығырыңды Тұзаққа қырғауылға қылын жұлып, Құйрықсыз қор қыласың тұғырықты. Жүреді кей кеденің кесірленіп, Желбегей жеңі болмас сұғыну. Көтеріп көк тарыға киім киіп, Тапқанын күз ноғайға тығыну. Көтерер қыс азығын қарыз тағы, Қалдым деп өтей алмай шығынымды, Ал Мансұр сол кедейдің сен де бірі, Айтпасам болмады ғой қылығыңды.

— Қалай бұл? — деп сұрады секретарь.

— Ғажап екен, — деді Байжан.

— Мынадай тағы бір жері бар, Дәме қыздың сипаттауында, — деп секретарь тағы да айта жөнелді:

Сырыңның көлі сасық шөбі жасық,

Жарлы өзі жалаңқая, елі пасық.

Шулайды құрбақамен елі бірге,

Дариядан шықса сыртқа суы тасып.

Таң атса өгізіне жүгін артып,

Құрғаққа шұбырады асып-сасып.

Көкжиек көтеріліп күн батқан соң,

Зарланып дабыс қалып заһар шашып,

Жыртығын киізінің шөппен қымтап,

Жан адам шыға алмайды есік ашып.

Тезекпен ортасына түтін салып,

Жатады жер бауырлап бетін басып.

Сол үш плотинаны құрғанда да, — деді секретарь, Байжанға ойлы көзбен қарап қойып, оның ойын Сыр бойындағы құрылыс істеріне бөле түскісі кеп, — Сырдың облысымыздағы өлкесінің егіндік жерінен үштен бірін ғана игере аламыз!.. Көрдіңіз бе, алдымызда нендей зор істер тұрғанын?.. Сол істерді жүргізуге кадр керек, әсіресе мамандар... сіз солардың бірісіз... сіздей маман облысымызда аз, әсіресе, Қазақстанда... Соның салдары ісімізге де тиеді... Мысалы, жоғарыда аталған үш плотина. Солар туралы мәселені біз үкімет алдына әзірге қоя алмай отырмыз... Неге?.. Со құрылыстардың планын жасап беретін мамандарымыз жетіспейді, әйтпесе, теориялық жағынан ол плотиналардың құрылуы дәлелденген, үкімет қаржы беруге әзір, тек қана жетпейтіні — со құрылыстардың іс планын жасау ғана... Облысымызда бұл іске жетік жалғыз маман жолдас Полевой. Оның қолы пландалған каналдарды жүзеге асырудан тимейді, плотиналарды пландауға босамайды, босатайын десең, орнын басар кісі жоқ, міне, бізді қатты қинап жүрген мәселе осы...

Секретарь столға қарай барды да, креслоға отыра кетіп, екінші креслодан Байжанға ыммен орын нұсқады. Қарсы отырған Байжанға ол жымия қарап алды да:

— Сізден менің не күтетінім енді мәлім болды-ау деймін, жас жолдас, — деді.

— Ұғам, — деді Байжан салмақты кескінмен.

— Бұл құрылыстар, партияның жеңімпаз туының саясында коммунизмге апаратын социализм жарық жолының шамшырақтарының бірі, — деді секретарь, — сіз коммуниссіз және инженер-мелиоратор коммуниссіз, сондықтан коммунизм жолындағы ұлы құрылыстың сыртында қала алмайсыз... Келісесіз бе, осыған?

— Әрине...

— Ендеше, сізге бар айтайын дегенім осы еді, — деді секретарь жымиып, — сіздің партиялық істеріңізбен мен таныспын.

— Менің?..

— Я, сіздің. Бірер күн кешіккенмен, сіз қалалық партия ұйымына есепке тұрған жоқсыз ба?

— Я, жуырда, — деді Байжан.

— Я, жуырда ғана, — : деді секретарь күліп, — оқасы жоқ. «Ештен де кеш жақсы» депті. Мен сізге көңілімді көптен бөлусіз Москваға оқуға кеткеннен және не себеппен кеткеніңізден де хабарым бар, қалай оқығаныңызды да сұрастырып жүрдім... Сіздің дипломыңызды біреу маған жаңалық деп мақтады. Анығын айтқанда, қалалық комитетке кеп партия есебіне кіргенше, сізді бұл облыстың қызметінде қалар деген сенімім берік емес еді, енді бекіндім де, қуандым да!.. Енді қалай... Өзі инженер, өзі коммунист!..Мына қазылғалы жатқан каналда әлі күнге дейін инженер жоқ.

Сол кезде Байжан да суға күп берді.

— Сен қуасың ба, мен қуа ма? — деді Байжан суда бір қырындай, құлашын сермей жүзген Гүлнарға.

— Ықтияр сенде.

— Елдің «қыз қуу» салтына бақсақ, жол маған келеді де.

— ЬІқтияр. Мен екеуіне де әзірмін.

— Ендеше, мен-ақ қашайын, сен-ақ қу! — деп Байжан жалтара жөнелді.

Суда өзін жүйрік-ақ санайтын Байжанға, Гүлнар қуса жетті, қашса шалдырмады. Судан шыға «бұ қалай болды?» деп Байжан жәбірленейін деп еді:

— Әркім өз суында жүйрік болады да, — деді Гүлнар, — Сырдың тұрғыны болсаң ғана менен озуың мүмкін.

* * *

Гүлнар Байжанды үйіне алып келсе, әкесі командировкадан қайтқан екен де, ас бөлмеде шай ішіп отыр екен. Байжан мен Гүлнар кіргенде ол орнынан тұрып қарсы жүрді де:

— Ай – ай-ай! — деді Байжанға қалжыңды дауыспен, — бұ қалай, бізге түспей, гостиницаға түсіп?!

— Айыпты менмін, — деді Гүлнар.

— Солай ма? — деді Анатолий Кондратьевич, — бөлініп тұратын уақыт біткен болар, енді тойды жасау керек...

Шай құйып отырған Марфуға, Анатолий Кондратьевичке білдірмей, бет-аузының қимылымен, «күйеуіңді ертіп кеп, әкеңнің алдында ұятты болдың ғой» деген белгі білдірді.

Қалжыңы, күлкісі араласа, шай ете көңілді ішілді. Шайдан кейін Байжан Полевойға обкомның секретары жасаған ұсынысты, ол туралы ойлана кеп, бас инженер болуды қиынсынуын айтты. Анатолий Кондратьевич бұл кеңеске сөз қосқысы келмегендей, тыңдап болғаннан кейін орнынан түрегелді. Гүлнар оған «жатасың ба, папа?» деп еді:

— Жұмысым бар, — деді де кабинетіне беттеді.

«Кабинет» аталатын бөлме, Байжанға, осы үйге араласқалы жұмбақ. Жыл сайын аз уақытқа келсе, әдейі қашқандай, Анатолий Кондратьевич үйінде болмайды, ол жоқта, кабинет үнемі жабулы болады. Байжан көргісі келетінін білдірсе, «ренжиді, өзі жоқта ашуға рұқсат етпейді» өзі Марфуға да, Гүлнар да олай қарай аяқ баспайды.

Сол кабинетті көруге Байжан осы жолы да құмартып, әкесінің келуіне қаратқан еді. Осы тілегін Гүлнар білдіргеннен кейін:

Өтінемін — деді Анатолий Кондратьевич кабинетіне кірді де Байжанға.

Кабинеттік бөлме кең екен. Бөлме қабырғаларының төрінде Лениннің, екі жақ қабырғада Маркс пен Энгельстің, босағада Герцен мен Чернышевскийдің портреттері тұр. Оң жақ қабырғасының төменгі жақ жартысын ала ілінген, Қызылорда облысының физикалық картасы. Оның аржағында толып жатқан фотоснимоктер. Сол жақ босағада бірнеше шкаф. Олардың біразында кітаптар, қағаз толтырған папкалар көрінеді, ал, енді біреулерінде әлдене сұйық зат құйылған бутылкалар қаз-қатар тізіліп тұр.

Тамаша ой екен, — деді Байжан, — жинағаныңыз көп екен, қашаннан шұғылданып едіңіз?

Мен Сырдарияның патриоты емеспін бе, — деді Анатолий Кондратьевич қалжыңды дауыспен, — менен кәрі мелиоратор бұл өлкеде бола қояр ма екен. Былай айтқанда, сіз сияқты дипломы бар инженерге, мұнда жаңалық, ештеме жоқ, бәрі де мәлім істер...

Анатолий Кондратьевич сыпаймен, оның су шаруашылығы туралы білетінінің жүзден бірін ғана білермін деген ой Байжанның басына, бірінші рет танысқанда-ақ келіп еді, әлі де сол ойдағы Байжан:

— Сізбен салыстырғанда, мен не білем, — деді тура ойын айтып, — ете аз білем, сондықтан, бұл туралы әрдайым кеңесіңізді тыңдауға дайынмын...

— Ә, солай ма, — деді Анатолий Кондратьевич жымиып, — оқасы жоқ... Сырдарияның тарихын сен жақсы білесің бе?

— Кітаптан оқығаннан басқа не білем мен, айтыңыз!

Сырдария туралы кеңесін оның тарихын баяндаудан бастауды жақсы көретін Анатолий Кондратьевич:

— «Сырдария» дегенің мынау, — деді картаның бетіне, қолындағы шыбығын жүгірте сөйлеп, — оның басы үлкен екі өзеннен құралады: анау — Гималай тауынан басталып ағатын Қарадария мен мынау — Қырғыздың Алатауындағы Ыстықкөлдің бергі іргесіне жақын жерден басталып ағатын Нарыннан. Осы екі дария, Өзбекстанның анау Ферғана өлкесінде ұштасып, содан Сырдария басталады. Сырдың ұзын тұрқы 2200 километр, осының 1800 километрі Шыназдан бастап Қазақстанның күнгей-батысын жиектеп отырып, Арал теңізіне құяды. Сырдың бұлай қарай ағатын себебі — аржағы бер жағынан жоғары. Мәселен, Мырза шөл теңіз бетінен 273 метр биік болса, Қызылорда 129 метр, Арал сағасы 67 метр биік.

— Егер, — деді Анатолий Кондратьевич, — Қазақстандық Сырдың екі жақ өлкесі түгелімен егістік жер боп, Сырдың суын байлап түгел пайдалана алсақ, оның суы жылына он миллион гектар егінді суғаруға жетер еді; әттең не керек, — деп арман етті ол, — Сырдың батысында созылып жатқан Қызылқұм мен шығысында созылып жатқан Қарақұм, үш жүз он сегіз мың да сегіз жүз қырық шаршы километр жердің, екі жүз алпыс мың да жеті жүз он екі шаршы километрің яғни сексен екі процентін алып жатыр.

— Бірақ, — деп сергілді Анатолий Кондратьевич, — пайдаға асатын елу сегіз мың да бір жүз жиырма сегіз шаршы шақырым жерде суаруға аз боп жатқан жоқ; латын тілімен айтқанда, бұл жердің — «brutto»-cbi мен «nelto-сын айырғанда, яғни жалпы мөлшерімен, оның арасындағы пайдаға аспайтын оймыш-оймыш жерлерді шығарып тастағанда, нақ егіске жарайтын «netto-ның өзі, Казақстандық Сырдың екі жақ жағасында бес миллион гектардай. Осы бес миллион гектар жердің, биыл — 1940 жылы жетпіс бес мың-ақ гектары егіліп отыр.

— Монғолдар бүлдірген Сыр бойының егін шаруасы, — деді, Сырдың тарихын Байжанның білетіндігін көрсе де, өз білгенін түгел айтып шыққысы келген Анатолий Кондратьевич, — Сыр бойы он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында Россияға қарағанша түзелген жоқ. Патша үкіметі бүлінген шаруаны түзеймін дегенмен, ойдағыдай түзей алмады. Қалай түзесін, ол кездегі ауыл кедейінде арық қазатын шама жоқ, үкімет оларға жәрдем бермейді, байлар қаздырған азын-аулақ арықтар, олардың өз жерін суарудан аспады. Сондықтан, революцияға шейін Сырдың Қазақстанға қарайтын барлық өлкесінде, 15-ақ мың десятина егін себілді. Соның ішінде, ең мол өнетін күріш, мәселен, 1913 жылы қанша егілді деп ойлайсыз?

— Ондай мәлімет менің қолымда жоқ, — деді Байжан.

— Тоғыз, — деді Анатолий Кондратьевич.

— Бір тоғыз ба?!. — деді Байжан нанғысы келмей.

— Я, тоғыз десятина ғана!..

— Япырмай, тым аз екен! Себебі не екен, оның?

— Себебі: өзің білесің, күріш — суда ғана өседі ғой. Мол егінді қамтамасыз ететін суды Сырдариядан тартып шығаруға ол кезде кімнің күші келсін! Бұл бір. Екінші, күріш егілген жер, аз жылда сазданып, батпаққа, көлге айналып кетпей ме?

— Рас.

— Осы екі себеппен, бұрынғы уақытта жұрт күріш егісін өркендете алмаған.

— Сіз Сырдария өлкесінде биыл 75 мың гектар жер егілді дедіңіз, — деп сұрады Байжан, — соның қаншасы күріш екен?

— 22 мыңы.

— Молайып қалған екен, — деді Байжан.

— Қайдан мол болады! — деді Анатолий Кондратьевич, — бұл өте аз.

Анатолий Кондратьевич бір шкафты ашты да, ішінде текшелене жиналған папкаларды суыра бастап тағы да сөйледі:

Обком секретарының «Сырдария өлкесін суландыру мәселесі Совет тұсында ғана шешіле бастады» деуі дұрыс. Қазақтың «қуырдақтың әкесін түйе сойғанда көрерсің» деген мақалы саған таныс. Кішкентай арықтармен ұзаққа бара алмайсың..Жаңа каналды қазсақ жүз мың гектар күріш еге аламыз... үш плотинаны құрған соң миллион жарым гектарды игереміз... Өткен жылы бір колхозда гектарынан елу центнерден күріш алды... Егер жерді күте білсе, одан да артық алуға мүмкіндік бар, мысалы, 75 центнерден...Соны миллион жарым гектарға көбейт...

Ендеше, ашығырақ айтайын, ұлым. Коммунизм құрудан мақсат — адам табиғатқа бетпе-бет кеп, оның жарым байлығын аша беру ғой.

— Рас.

— Сондай істерге, бесжылдықтар біздің Отанды жылдан-жылға молықтырып келе жатқан жоқ па?.

— Рас.

— Осы зор істі молайта түсу үшін адам мен адамның, топ пен топтың арасында социалистік жарыс бара жатқан жоқ па?

— Рас, — деп Байжан, «бұл кеңестің аяғы неге соғар екен?» деп аялап, бірақ, неге соғарын жорамалдай алмай.

— Біздің Орта Азияны емізетін екі анасы бар ғой, ұлым, бірі — Сырдария, бірі — Амудария. Маған таныс мамандардың айтуынша, Амударияны Каспийге бұрып, жолындағы кең шөлді гүлдендіру туралы ғажап бір жоспар жасалып жатыр. Сырдария гүлдену жөнінде егізінен артта қалса ұят болмай ма?

— Әрине.

— Ендеше Сыр бойында орнайтын плотиналарды тездету керек пе?

— Керек.

— Соны жоспарлауға отыру керек пе?

— Бұл кімге жасаған ұсынысыңыз? — деді Байжан, Анатолий Кондратьевич сөз құйылысына енді ғана түсініп.

— Ол ашық мәселе ғой. Канал жоспары пісіп тұрған іс, оны орындауға жігер мен қайрат қана керек, ол екеуі де сенде бар. Отырып атқаратын қызмет шалдарға лайық болады да...

— Түсіндім, — деп келе жатқан Байжанды Анатолий Кондратьевич «ол туралы кейін сөйлесерміз» деп бөгеді де:

— Айтшы, жас инженер, — деді, — Отанымыздың болашағы сияқты, Сырдың болашағы да аса жарқын емес пе?

— Әрине!..

— Болашағымыздың бейнесі осынша жарқын болса, — деді Анатолий Кондратьевич, — өткен күндердің бейнесі қаншалық қараңғы екенін дәлелдейтін мына папкада куәліктер бар, енді соларды көр!..

Папканы Байжанға ұстатты да, Анатолий Кондратьевичтің өзі отырды. Байжан да отырып ақтарса, папка іші фотоальбом сияқты екен.

Бірінші фотода: бет-аузы күйген көңдей тырысып қалған, ағарған сақал-мұрты «кәріқыз» жабысқан жылқының жалындай ұйысқан, балағы жыртылған дамбалын тізесінен жоғары түрген, үстінде өзге киім жоқ, сүйектерін санап аларлықтай арық шал. Шалдың алдында, ұзындығы оның, кеудесіне ғана келетін, айыр бұтақты аша. Ашаның арасына ағаш күрекке ұқсаған бірдеме көлденең орнатылған. Күректің жалпақ басы, ашаның қасындағы әуітте тұр, сабын шал ұстап тұр. Бұл фотоның астына «атпақ» деп жазып қойған.

— Бұл не? — деп сұрады қасындағы Анатолий Кондратьевичтен Байжан.

— Әй жастар, жастар! — деп Анатолий Кондратьевич Байжанға ойлы кескінмен қарап қойды да баяндай бастады. — Баяғыда кедейдің арық қазар күші жоқ кезде, ашып өлмеуге жанталасқан олар дарияның жағасынан шұқанақ қазады, оның атын «әуіт» дейді. Сол шұқанаққа жырып су апарады. Шұқанақтың қасына мынаны орнатады, оның жықпылына басы ожау сияқты, сапы алып, мына күректі байлайды. Орнатушы адам сол күректің сабынан ұстап, басын суға батырады да, ожауға жеріне шашады.

Бұл фотоның астына «кедейдің шығыры» деп жазған.

— Бұл шығырдан қанша астық алады екен? — деді Байжан.

— Бұдан шерменде алады. Тек дарияда су болсын.

Төртінші фотода: судың жағасынан шығыр орнатылған.

Оның доңғалағы да әлгі көрген шығырдан екі-үш есе үлкен ағаштары да әлдеқайда сом, ұзын. Доңғалаққа жиырма шақты шелек байлап. Шығырды көзін байлаған екі егіз айналдырып жатыр. Шелектерден төгілген су ені астаудай ғана тар арықты толтыра, егін даласына қарай ағып барады.

— Ауқатты адамның арығы осылай болатын, — деді Анатолий Кондратьевич. — Енді байдың шығырын көр!

Бесінші фотода: судың нақ жағасында, әлгіден екі есе зор дерлік шығыр тұр. Доңғалағына байланған шелектің саны отыз. Шығырға көзін байлаған екі нар түйе жегілген. Бұл шығырдың дария жағасындағы әуіттен іліп алған суы жардың жағасындағы кең әуітке құйылып жатыр. Әуіттің жағасына орнатқан екінші шығыр, кеңдеу қазылған арыққа су төгіп жатыр.

— Байдың шығыры деген осы, — деді Анатолий Кондратьевич. — Мұндай шығырмен бір жазда бестен он десятинаға шейін суаруға болады. Шығырдың ескі түрінің ен, тәуірі осы. Мұның атын «астан-кестен» дейді.

— Мұнысы еңбекке тұрады екен, әйтеуір, — деді Байжан. «Атпақ» кеңесі басталғаннан бері Сырдарияға суып отырған көңілі, енді ғана аздап жай тапқандай.

— Сіз шығырдың құрылысын білесіз бе? — деп сұрады Анатолий Кондратьевич Байжаннан.

— Білмеймін.

— Ендеше айтып берейін, — деп, Анатолий Кондратьевич шығырдың, бөлімдерінің аттарын санай жөнелді: бірінші — орын ағаш. Бұл жуан ағаш, жерге төселеді де, қозғалмастай боп бекіледі. Ағаштың ортасы ойылып, тік діңгек орнатылады. Оның аты — ұсқын. Бойы дел-сал біреуге қазақтың «ұсқының жаман екен» деуі осыдан. Бұл екінші бөлшек. Үшінші бөлшек — ұсқын аумау үшін, төбесінен бастырық салып, бастырықтың екі басын жерге қадамен бекітіп тастайды. Бұл үш. Төртінші бөлшек — ұсқынды айналдыратын көлік жегу үшін жетек істейді, оның аты тірес». Бесінші — ұсқынның түбінде шығырдың су тарта доңғалағын айналдыратын кішкене доңғалақ болады, оның аты «тоғын». Тоғын жуан ағаштан дөңгелете ойылып тұтас жасалады. Ол доңғалақтың тістерін «іркіс» дейді, іркіске қабысып жататын екінші доңғалақтың тістерін «тірес» дейді. Қазақтың араздасқан ағайынды «іркіс-тіркіс болды» дейтіні осыдан. Бұл екеуімен жеті. Сегізінші — екі доңғалақты жалғастыратын сырғауылды «кіндік» дейді. Кіндіктің басы доғалдау, шоқпарлау келеді, оның атын «ебей» дейді. Қазақтың «ебей басты сары үлек» деп түйені сипаттауы осыдан. Бұл тоғыз. Оныншы — жерден шелекпен су тартатын үлкен доңғалақтың құрсауын «төбелдірік» дейді, оны түзу ағаштан тұтас иеді. Он бірінші — күпшек. Бұл домалақ жуан ағаш. Күпшек пен төбелдірікті жалғастыратын тармақтарды «кегей» дейді. Кегей, бір доңғалақта төрттен он екіге дейін, ұзындығы сегізден жиырма шейін болады. Бұл он екінші. Он үшінші — төбелдіріктің ішін айнала, су тартатын шелектер байланады, олардың саны бестен отызға шейін. Он төртінші — айналған шелектердің суын төңкеріп шұңқырға құятын, ұзындығы оқтаудай ағаш болады, оның атын «қасінек» дейді.

Ең алдымен, шығырға лайықты ағаш Сырдың бойынан табыла қоймайтын. Түзу ағаш, жуан ағаш сирек қой мұнда. Сондықтан, ертерек кезде ағашты Шымкент, Алматы жақтан түйемен тасып, құныңдай бағаға әрең сатып әкелетін.

— Мұндай шығырлармен қанша жер суара алатын еді?

— Бес-алты қорымнан артық жер еге алмайтын.

— «Қорымыңыз» не?

— Айнала атыз соғып, қоршап алған жер, ең көп қорымы бар деген бай, шамасы он гектардай ғана егетін. Кедейдікі болса-болмаса да аз ғой. Айнала жүз құлаш еккен кедей аз болатын. Атпақпен немесе тасымалмен егетіндер, ат арқасындай ғана жерге үйілетін. «Керіз» дегенді білесің бе?

— Естігенім болмаса, көргенім жоқ.

— Ол мынау, — деп Анатолий Кондратьевич тауға өрмелеп жер қазып жүрген біреулердің фотоларын көрсетті де баяндай бастады. — Мен бір кезде орыстың ориенталистке еліктеп, қазақтың фольклорын жинап ем. Сонда Арғынның Алтай деген руынан шыққан Құлтума деген ақын, сол рудың атақты екі байы — Аққошқар, Сайдалы дегенге өлең айтқанда:

«Туып ең бір анадан егіз болып,

Арығың күйленіп тұр, семіз болып,

Шалқыған екеуің де дария емес пе ең,

Қалмасаң бертін кезде керіз болып?» —

депті. Осы «керіз» таудан қазылатын арықтың бір түрі. Мысалы, таудың, биігінде егіндік жер бар. Оған төменнен су шығаруға болмайды. Ондай жерді егуде мынадай айла жасаған: таудың басында бұлақ ағатын жер болса, сол арадан құдық қазып, бұлақтың суын сарқиды. Төменнен сатылап тағы бірнеше құдық қазады да, солардың арасын жырып қосады. Жоғарғы құдыққа толған су, жырақ пен төменге ағады да, бірнеше сатымен егістік жерге жетеді. Осыны қазақтар «керіз» дейді. Парсыда «қарыз» деген сөз бар. Оның мағынасы да осы. Бірақ, қазақтың білгіштері, «керізді» қарыздан алынған емес, қазақтың, «кер» және «із» деген екі сөзінен құралған, «керді» қазақ «кейін» мағынасында қолданады, кейін кеткенді «кер кеткен» дейді, кер ағатын су болған соң «керіз» қойған деседі. Қайсысы расын кім білсін?..

Бұл фотоларды керіп шығу Байжанға, Сыр бойын жайлаған елдің егін кәсібін қалай өркендетуі туралы оқыған ғылыми лекция сияқтанды.

— Енді біздің, совет заманында қазылған каналдардың жайын көрсететін мына фотолармен таныс, — деп Анатолий Кондратьевич бір жүйелі фотолардың бетін ашты.

Байжан көре бастады.

Бірінші фотода: шегерілген түйелердің арасында, жер өлшейтін аппаратқа сығалап қарап тұрған Анатолий Кондратьевич. Мұның астына «Керкелмес каналының бағытын белгілеу» деп жазыпты.

Екінші фотода: жан-жақтан керуендей тізіліп құрылыста келе жатқандар.

Үшінші фотода: қаз-қатар тұрып кетпен шапқандар.

Төртінші фотода: түйелер, есектер, аттар, машиналар, орынға әкеп, болашақ канал құрылысына керекті заттарды төгіп жатыр.

Бесінші фотода: шлюз жасалатын арнаға, серейіп діңгектер орнап қалған.

Алтыншы фотода: цементке араластыратын тастарды ұнтап жатқан дробилка.

Жетінші фотода: бір домалақ машина, цемент пен тастарды сапырып араластырып жатыр.

Сегізінші фотода: цементтен құйылған, шлюздің жуан-жуан тіректері.

Тоғызыншы фотода: цемент діңгектердің аралары темірлі бетонмен тұтасып, зор қорғанның қабырғасы сияқтанып кеткен. Қабырғаның бес жерінде су ақтарылатын кең темір қақпа.

Оныншы фотода: ағаш пен темірден шайнастырып жасаған тоған. Бұдан тоғандардың бірнеше түрі көрсетілген.

Он бірінші фотода каналдың магистралы мен тармақтарының оқтай түзу, бірақ әлі су жіберілмеген арналары түсірілген.

Он екінші фотода шлюздің алғаш ашылуы, каналға су жіберілуі көрсетілген. Ол арада жиналған топ, қуанышты кескінмен, әлдекімдерді каналға шыққан суға, беліне арқан байлап, киімшең лақтырып жатыр.

Бұлары несі? — деп сұрады Байжан.

Арыққа алғаш су жібергенде, сол арықты бастап қалдырған адамды суға киімшең малып алу, бұл елдің әдеті.

Онда сізді малу керек қой? — деді Байжан күліп.

— Мынау фото маған ұқсамай ма? — деп Анатолий Кондратьевич, киім-кешегімен суға малшынған, айнала қоршаған жұрт оған күліп тұрған біреуді көрсетіп еді:

— Дәл өзіңіз, — деді Байжан, үңіле қарап, — суға тұншықпай ма, адам бүйткенде?

— Әрине тұншығады. Кейбіреу өлердей боп шығады. Елдің ғұрпы! Амал нешік, көнесің.

— Өзіңізге неше рет осылай шомылдырды? — деп сұрады жымиып.

— Жетпіс алты рет.

— Совет тұсында? Төрт рет.

— О қалай аз?

— Ленин айтқан жоқ па: «аз болса да жақсы болсын» деп. Совет тұсындағы төрт арық, ескі заманның төрт жүз арығынан артық.

Фотоларды қарап бітірген Байжан, кітап шкафтарын көрсе әр шкафтың маңдайына ақ бояумен, осы шкафта нендей кітаптар бары жазылыпты: Бірінші шкафтың маңдайында «Ирригация мен мелиорация туралы» деп жазыпты, екінші шкафтың маңдайына «Сыр бойын суландырудың материалдары» деп жазыпты, онда номер қалың папкалар; үшінші шкафтың маңдайында «Марксизмнің классиктері» деп, төртінші, бесінші шкафтардың маңдайына «Көркем әдебиет кітаптары» деп жазыпты.

Оларға біраз үңілген Байжан шкафқа қатарлана ілінген бутылкаларды көре, Сырдың суының, жылдың әр кезінде химиялық құрылысының қандай болатындығына кепілдемелер екен. Одан арғы графиктерде, Сыр бойында ауа райының қай кездерде қалай құбылатындығы көрсетіліпті. Одан арғы диаграммаларда Сыр бойында арықтың қай кезде қаншалық қазылғандығы, қай кезде қанша жер суарылғандығы айтылыпты.

Бұл кабинетте өзінің алдағы ісіне қанша жәрдем барын шамалап, оған іштей қуанған Байжан, Анатолий Кондратьевичтің тұрған өлкесін шексіз сүйетіндігіне хайран қап, алғыс айтты.

— Бақшаға кіріп тыныстайық, — деді Анатолий Кондратьевич, бір керуге осы да жетер деген оймен.

Бұл ұсынысты Байжан қуанышпен қарсы алды. Анатолий Кондратьевичтің қолынан жасалған бақшаны, осы үйге келген сайын ол Гүлнармен бірге аралап шықпай тынбайтын еді. Бақшаны Анатолий Кондратьевич, Сырдың топырағына қандай ағаштар мен гүлдер есуін сынау мақсатымен құрған. Не ексе соның бәрі ойдағыдай енген бақшасын ол қалжыңдап «болашақ бақшасы» атайтын да, егер баптап ұстай білсе, бүкіл Сырдың бойы осындай бақшаға айналуына дәлел қылатын.

Анатолий Кондратьевич пен Байжан ас бөлме арқылы бақшаға шықты. Кешкірген күннің қызуы әлі де қайтпаған кіндік шапын, жұпар исі аңқыған іші қоңыржай Байжан төңірегін көзімен шолып тұрып ұзақ дем алды да:

— Жасасын гүлдер! — деп айқайлап жіберді.

Бұл оның жан жүрегінен шыққан шаттық үні еді. Өйтпегенде қайтсын! Клумбаларда өскен гүлдерде, табиғатта кездесетін бояу түстерінен жоғы жоқ!.. Осы бақшаны ол кеше ғана көрген еді, бүгін, кеше көзге түспеген нелер түсті гүлдер ашылған сияқты!.. Байжанның бұл таңдануына жымия қараған Анатолий Кондратьевич:

— Қалай ұнай ма менің кілемдерім? — деді.

— Бұларға сайтанның кілемі теңессін бе, — деген сөз шығып кетті Байжанның аузынан. Бұл сөзіне ыңғайсызданғандай қайын атасынан кешірім сұрады да, — жоқ-ау, — деді сөзін жалғастырып, — расында, дүниедегі ең зор шебер осы сияқты түстерді, түстердің осы сияқты өзара келісімдерін, жапырақтар пен бүршіктердің осынша ғажап нәзік түрлерін жасай алар ма!..Табиғат — тамаша зат!.. Егер осындай көркем бейнелерден үлгі алмаса, үш есе Рембрандт боп туса да, ешбір суретші түкке тұрмас еді. Суретшіні көркемдікке көркем табиғат қана жетектей алады...

Көркем бақшаны аралауға кіріскенде күле, қалжыңдаса, самбырлай сөйлескен Байжан мен Гүлнардың ойларын көркем бейне өзіне тартқандай, біраздан кейін екеуі де тым-тырыс бола қалды. Осы халде олар бақшаны орап шығып, Анатолий Кондратьевич отырған скамейкаға жақындады. Байжанның көзі, скамейка маңында бұрын кездестірмеген тармағы кең сарғылттау гүлдерге түсті. Соның біреуін үзіп ап Гүлнарға сыйлау мақсатымен ол қолын соза берді де, саусақтарына тікен қадалған соң, балаша бақырып қап. тартып алған қолы ашып, дуылдай жөнелгенде аузына тығып үрлей бастады. Қалғын отырған Анатолий Кондратьевич Байжанның даусынан оянып кетті де:

— Не болды? — деді.

— Мына бір гүлдер тікенді екен, — деді Байжан, қолын аузынан бір алып, бір салып...

— Мұндағы гүлдердің бәрі де тікенді болады, шырағым,- — деді Анатолий Кондратьевич, — оларды үзе білмесең, әрдайым жараланасың. Үзе білгендер ғана олардан ләззат алады...

— Оқасы жоқ, — деді, қолының ашуы бәсеңдеген Байжан күліп, — тек, шешек ататын гүл болсын да, үзу және ұстау тәсілін табармыз!..

БЕСІНШІ ТАРАУ

ІС ҮСТІНДЕ

Байжанның үйлену тойы өткеннен бір жұма кейін Анатолий Кондратьевич пен ол обкомға шақырылды.

Бұған шейін бірнеше рет жолыққан Байжаннан обкомның секретарь канал жоспарының әрбір детальдары туралы ғана кеңесетін де, бас инженер болуы туралы сөзін қайталамайтын.

Секретарьдың кең маңдайлы, тұнық қаршыға көзді басына үкімет пен партия сеніп тапсырған.

Секретарь Байжанға каналдың іс планы обкомның бюросында әлі ақтық рет бекілмегенін айтты.

— Ол план даяр, — деді Анатолий Кондратьевич, — менің бұл орынбасарыма,- — деді ол Байжанды иегімен нұсқап, — даяр планмен танысып, қосар, алары болса пікірін айтуы жөн... Бұдан былай құрылыс жұмысының салмақты жағы бұл жігітте болады ғой, — деді ол секретарьға көзін қысып қойып.

— Әрине, — деді секретарь жымиып, — бюро келесі жұмада болар, соған дейін даярлаңыз, жолдас Бектасов!..

Байжан іске кірісті.

Жалпы Сырдария туралы, одан қазылғалы жатқан канал туралы Байжанның бұрынғы білемін дегендері, баяндамаға әзірлену мақсатымен материалдар ақтарғанда түкке тұрмайтын сияқтанып кетті.

Оның пионер күнінен бастап зер сала қарайтын бір мәселесі соғыс ғылымы еді. Ол, әсіресе, соғыстың айла-әдісін баяндайтын кітаптарды көп оқыған. Соларға қарап отырса: бір мемлекетпен екінші мемлекет соғысу үшін, ең алдымен бір-біріне астыртын барлаушы жіберіп материал жинайды. Ондағы қажет материалдар: қарсы мемлекеттің жерінің, байлығының, өндіріс күшінің, техникасының маңдайлығы, қаншалық соғыс күшін шығара алатындығы, соғыстың құрал түрлері, халқының бірлігінің қаншалық беріктігі, қанша әскерінің барлығы, олардың соғысқа қаншалық әзірліктері... Қай мемлекет болса да, осы жағдайларды әуелі анықтап алып, жеңуге шамам келеді деп дәмеленсе ғана соғысады да, шамасы келмейтінін көрсе, өлерін білмейтін есерсоқтау біреуі болмаса қарсы жақтың дегенін істеп, тым-тырыс отыра қояды, өзара соғысы осылай есепті болатындары бар Байжан, табиғат пен адамның арасында мәңгілік күресті де соғыстың бір түріне меңзейді, солай емес пе?

Байжанның қолына түскен материалдарға қарағанда, совет дәуіріне шейін, Сырдарияның асау суын жеңіп бағындырып бір ел де, бір мемлекет те болмаған. Совет заманында, Сырдарияның мойнына бұғалық тастау әуелі Өзбек өлкесінен басталып, «Мырза шөл» арқылы Қазақстан еліне де тараған. Бірақ, әзірге, бұғалыққа жуасып жат жас инженерге Сырдария каналының құрылысы сияқты зор істі басқару оңай ма екен!.. Әрине, қиын... Бірақ, сіздің жалғыз еместігі естен шығармау керек, жолдас Бектасов. Сіздің қасыңызда халық, алдыңызда большевиктер партиясы. Ол жеңімпаз партия екенін білесіз. Оның күш бұлағы халық екені де сізге мәлім. Ендеше сізден тілейтініміз не? Мемлекет тапсырған іске адал кірісіп ынталана атқару. Егер активке сүйене отырып, солар арқылы халықты басқара білсеңіз, орындалмайтын іс жоқ. Рас, іс үстінде қиыншылықтар да кездеседі, одан қорықпау керек, жеңе білу керек... Сонымен, іске кірісеміз бе, жолдас бас инженер?..

— Әрине, — деді Байжан.

Секретарь Байжанға каналдың іс планы обкомның бюросында әлі ақтық рет бекілмегенін айтты.

— Ол план даяр, — деді Анатолий Кондратьевич, — менің бұл орынбасарыма, — деді ол Байжанды иегімен нұсқап, — даяр планмен танысып, қосар, алары болса пікірін айтуы жөн... Бұдан былай құрылыс жұмысының салмақты жағы бұл жігітте болады ғой, — деді ол секретарь көзін қысып қойып.

— Әрине, — деді секретарь жымиып, — бюро келесі жұмада болар, соған дейін даярлаңыз, жолдас Бектасов!..

Байжан іске кірісті.

Жалпы Сырдария туралы, одан қазылғалы жатқан канал туралы Байжанның бұрынғы білемін дегендері, баяндамаға әзірлену мақсатымен материалдар ақтарғанда түкке тұрмайтын сияқтанып кетті.

Оның пионер күнінен бастап зер сала қарайтын бір мәселесі соғыс ғылымы еді. Ол, әсіресе, соғыстың айла-әдісін баяндайтын кітаптарды көп оқыған. Соларға қарап отырса: бір мемлекетпен екінші мемлекет соғысу үшін, ең алдымен бір-біріне астыртын барлаушы жіберіп материал жинайды. Ондағы қажет материалдар: қарсы мемлекеттің жерінің, байлығының, өндіріс күшінің, техникасының қандайлық қаншалық соғыс күшін шығара алатындығы, соғыстың құрал түрлері, халқының бірлігінің қаншалық беріктігі, қанша әскерінің барлығы, олардың соғысқа қаншалық әзірліктері... Қай мемлекет болса да, осы жағдайларды әуелі анықтап алып, жеңуге шамам келеді деп дәмеленсе ғана соғысады да, шамасы келмейтінін көрсе, өлерін білмейтін есерсоқтау біреуі болмаса қарсы жақтың дегенін істеп, тым-тырыс отыра қояды.

Совет заманына шейін де жуасытқысы келгендердің. талайының басын қатырған тентек Сырдария, Совет тұсында да аз адамды әурелемеді. Бұл жөнде, совет инженерлері талай томды еңбектер жазыпты, олардың кейбірі кітап боп та шығыпты. Сол еңбектердің негізді түгелге жақын қараған Байжанның келген қорытындысы: Сырдарияның екі мың шақырымнан артық өлкеге ирелеңдей әрдайым арнасын ауыстыра ағатын тентек суына, тура ағатын цементті арна жасап алғанша, неше жерден плотина құрғанымен, ырқыңа түгел бағындыра алмайсың. Түбінде осылай істеу керектігін инженер атаулының бәрі де айтады. Бірақ, қашан? — Мәселе сонда. Бір инженердің, есептеуінше, Сырдарияға қолдан цементті арна жасау үшін, мәселен, Совет мемлекетінің 1936 жылғы бүкіл бюджетінің тең жартысы жетеді екен. Бұл қызметті бір жылда атқарып шығу үшін, Орта Азия елдері мен Қазақстанның барлық жұмысқа жарарлық адамдары түгел қатынасу керек екен. Бұл қызметті бір жылда атқарып шығу үшін, Орта Азия елдері мен Қазақстанның барлық жұмысқа жарарлық адамдары түгел қатынасу керек екен. Әрине, бір жылда мұнша қаражат шығару, мұнша адам жұмсау әзірге мүмкін емес, мәселе, қазір онда емес, қазіргі мәселе — бар мүмкіншілікті пайдаланып, Сырдарияның қымбат суын күш келген мөлшерде кәдеге асыру.

Байжан басқарып алдағы күнде қыздырылғалы тұрған Сырдария каналы, Сырдың қазақстандық жағасында қазылған арықтардың ең зоры болмақ. Осы «ең зор» деген каналдың өзі Сырдарияның суының мыңнан бірін буып ала алса, сол осындай аз ғана суды буып алудың өзіне, материалдарға қарағанда, қанша адамның миы сарп болған.

Байжан материалдарға қарап отырса — аумаған зор соғыстың планы: план жасалардан бұрын, канал қазылатын өлкеге талай экспедициялар шығып, талай рет барлаған талай жүйелі жоспарлар жасалған, солардың көбі іске аспай, архивтің материалы болып қалып қойған: іске асатын каналдардың ішінде ең қолайлысы Анатолий боп шығып, ақыры, сол қабылданған.

Канал құрылысын осылай тұтас алғанда, барлығы 25 миллион кубометр жер қазылмақ.

Бір кісі бір күнде орта мөлшермен үш кубометр топырақ қаза алады десек, жиырма, он бес миллион кубометрді бір күнде қотарып шығару үшін жеті-сегіз миллион адам, бір айда қотарып шығару үшін екі жүз мыңнан астамға жақын адам керек болар еді.

Сол жылы бүкіл Қызылорда облысының барлық колхоздарында 150 мыңдай жан бар, солардан бала-шағам, кәрі-құртаңды шығарып тастағанда, қолына кетпен алатындары 70 мыңға жақын кісі, олар түгел жұмылғанда, каналды үш-төрт айда қазып кетуі мүмкін. Бірақ, колхозда каналдан басқа да жұмыс көп болғандықтан, облыстың барлық колхозы ең көп дегенде 40 — 50 мың кісі ғана шығара алады. Бұлар да егінді егу, суару, ору кездерінде түгел босамайды. Октябрьдің жуан ортасына кіре, Қызылорда облысының жері тоңданып қатады да, мартта ғана жібиді, бұл айларда да канал қазу мүмкін емес... Канал құрылысы — жалғыз жер қазу емес. Оның бойына талай жерден ұлылы-кішілі тоғандар, көпірлер салынуға тиісті.

Осының бәрін және жер қазуға жұмсалатын машина күштерін есептеп, облыстық су шаруашылық бөлімі каналдың құрылысы екі жылда аяқталады деп есептеген.

Құрылыстың бәріне үкімет жиырма миллион сом ақша бергелі отыр.

20 миллион сом ақша!.. Оны жұмсай білу оңай боп па?!. 40 — 50 мың адам!.. Оны жұмсай білу оңай боп па?!. ?Кәне қандай адамдар олар? — Совет адамдары!.. Олардың тілегіне лайықты жағдай: баспанасы, тамағы, құрал-сайманы болу керек.

Солармен ғана қанағаттанып қоя ма олар?.. Оларға клуб керек емес пе?.. Клубта кино, театр, концерт жүріп жатуды тілемей ме?.. Жастарына спорт ойындары қажет емес пе?.. Радио қайда?.. Кітапхана, газет, журнал қайда?.. Бұлардан басқа да мәдениет тілегі жоқ па, олардың?..

Осынша зор құрылыстың бас инженері біздің Байжан!.. Жас Байжан осының бәрін дұрыс басқарып шыға алса жақсы, егер шыға алмаса?..

Алғаш жүрексінгенмен, іске кірісе Байжан бекінді. Оған ұлы жорықты бастайтын қолбасшылық сезім пайда болды. Шабуыл жасайтын «жауы» — Сырдария. Бұл жорыққа керекті күштің бәрі қолында. Ендігі міндет — сол күшті жұмсай біліп, жеңіске жету.

Байжан Махамбеттің өлеңдерін жақсы көруші еді, әсіресе «Ереуіл атқа ер салмай» деген елеңін ерекше ұнатып, бала күнінен жатқа айтатын. Осы елеңдегі «ер төсектен безінбей» деген сөздің шын мағынасына, каналдың материалдарымен шұғылданғаннан кейін ғана түсінгендей болды.

Оның үйленгені жуықта ғана. Және ол әлдекімге емес, өзінің бірнеше жыл құмартқан адамына қосылып отыр.

Сырдария — күрс тамыр күре жан-жаққа әуелі жуандана, одан кейін жіңішкелене тамырлар тарап, дененің бар мүшесіне қан таратып, жан беретінін сияқты, каналдың магистралынан жан-жаққа жуандала, жіңішкелене арықтардың толып жатқан тарамдары тарап кетеді екен.

Соларға қарап тұрып, «тамырлар болмаса, тәннің өлетіні сияқты, арықтар болмаса Сырдың өлкелері де өлік екені рас-ау! — деп ойлады Гүлнар. — Сырдың даласына өмір орнау — оны жайлаған елге өмір орнау. Сол өмірді орнатушының біреуі менің жұбайым болса, о да маған зор бақыт емес пе!»

Байжан кеңседен тысқары қызметін, Гүлнар мен екеуінің сыбағасына тиген, көлемі кішірек, іші шығысша сәнделе жиналған бөлмеде атқарды. Бөлменің терезесі қораға қарайды. Нақ алдына өскен алма ағашы бөлмеге күн сәулесін түсірмейді, жел тұрса ырғала теңселіп, желпінген бұтақтар, бөлменің ішіне жұпар иісті салқын беріп тұрады. Түнді еңсеріп барып жататын Байжан, Гүлнар әлдеқалай оянып қараса, майкасымен, трусиімен ғана, қызмет столына кеудесін артып, қағаздарына төнеді де жатады.

Терезе ол кезде ашық тұрады. Бөлмеге маса кіріп кетпеу үшін жақтаулап керген марля қойылады. Жаңада қосылған екі жасты құттықтағандай, таң белгі берген кезде, ашық терезенің алдындағы алма ағашына қонған бұлбұл күн көтерілгенше сайрайды да тұрады. Соған үн қосқандай, Байжан да әлде не бір әнді ақырын ғана ысқырып, жұмысына шұқшия түседі.

Бұлбұлдың да, Байжанның да әндерін құмарта тыңдаған Гүлнар, қозғалса, я дыбыс шығарса жұбайының көңілін бөлетіндей көріп, ақырып алған деммен кірпігін ашып -жұмып біраз жатады да, тәтті ұйқыға кетеді...

АЛТЫНШЫ ТАРАУ

«ТАРТОҒАЙ»

Канал құрылысының материалдарын меңгеріп болған Байжан, обкомның секретарына жолықты да, канал қазылатын өлкеге барып, жер жағдайын көріп қайту тілегін айтты. Секретарь:

— Жақсы! — деп мақұлдық білдірді де, — әрине, Анатолий Кондратьевичпен, — деді.

— Әрине! — деді Байжан да.

Түйе мойынның аржағы теп-тегіс жазық екен. Сол жазыққа шыға бергенде, жырақ та сағыммен бұлдырап көгілдірленген биік бірдеме көрінді.

— Сонау не? — деп сұрады Байжан Анатолий Кондратьевичтен.

— «Тартоғай» деген сол.

Жақындап келсе, «Тартоғай» деген, айналасын өзен орап кеткен биіктеу төбешікке шоқтала өскен ағаш екен.

— Еккен бе, өзі шыққан тоғай ма? — деп сұрады Байжан.

— Бұл тоғайдың бірсыпыра тарихы бар, — деді Анатолий Кондратьевич, — осы ара өткен ғасырдың ортасына дейін Қоқан хандығына бағынып тұрған ғой. Ханның тұрғын елден бөлінген әкімін «датқа» деген ғой. Осы тоғайдың, ығында Торғай датқа дегеннің әулеті тұрған. Ол әулет елге аса содырлы болса керек те, зорлық көргендер өлтіріп тастар деп қорықса керек. Бірақ, отырықшы елдің бегінде олардың қорғанды сарайы жоқ. Олар қысы-жазы малымен көшіп жүреді екен де, көктемде тары ектіріп бірер ай, күздігүні тарысын жиғанда бірер ай Сырды сағалап отырады екен. Со кезде Сырдың доғадай боп иілген осы бір қойнауына мекендепті де, ішіне ағаш ектіріп, қалың тоғай шыққан тоғайды «Тартоғай» атапты. Тоғайдың ығына датқа тұқымы бертінірек күйген кірпіштен мешіт, медресе және бірнеше үйлер салдырып, қыстайтын да болды. Кейін, 1928 жылы олар конфискацияланған ірі байлардың тізіміне ілікті де кетті, мекені кедейлердің қолында қалды. Сол араға орналасқан колхоздың да аты «Тартоғай». Менің жас шақтан бергі досым Сырбай да осы колхозда.

Анатолий Кондратьевич Сырбайдан қысылып келе жатыр, оған себеп — бұдан бұрынғы сапарында Анатолий Кондратьевич күйеуі келгенін және жуырда қызын ұзату тойы болатынын айтқанда Сырбай: «тойды ауылда жасайық, шығынның көбін мен-ақ көтерейін» деп досына жабысқан. Сырбайдан құтыла алмасын көрген Анатолий Кондратьевич, «күйеуіммен ақылдасып көрейін» деп емексіткен сөз тастап кеткен. Тойды қалада жасауға бекінген Анатолий Кондратьевич, «жағдай осылай боп қалды, тойға келсін, ауылдағы тойды тағы да өткізе жатармыз» деп хабар салғанда, Сырбай келмей қалған.

Дал осы сәтте колхоздың көшесіне кіре берген олардың астында жорғалаған жарау құла аты бар, басында қаракөлмен тыстаған сусар бөркі бар, көйлегін галифе шалбарланып алған бір жас жігіт көлденеңдей берді.

— Ассалаумағалайкум! — деді жігіт Анатолий Кондратьевичке.

— Уағалайкумәссәлем! — деді Анатолий Кондратьевич байырғы қазақтың даусымен. Екеуі қол алысты.

— Менің күйеуім, таныс! — деді Анатолий Кондратьевич Дәулетке машинаның ашық есігінен Байжанды нұсқап.

— Ә, осы жігіт пе? Сәләматсыз ба? — деп Дәулет Байжанға қолын ұсынды.

Дәулеттің алақаны да денесіне сәйкес екен: қол алысқанда Байжанның жіңішке саусақты алақаны баланікі сияқтанды.

Олардың амандық кеңестерін жан-жақтан атты-жаяулы қаптай қалған адамдар бөлді. Анатолий Кондратьевич оларға машинадан түсіп амандасты.

— Күйеуіңмен, қызыңмен келеді дегені қайда? Тойды осында жасайды дегені қайда? — десті әркімдер оған.

Жөнін айтқан Анатолий Кондратьевичтен, күйеудің осында екенін білген жұрт:

— Мұнысы қай пәлдену? Машинадан неге түспейді? — деп ажуалай бастаған соң, жастар жағы, — көрейікші өзін! — деп, машинаның есік-терезесіне үймелей бастаған соң, Байжан да сыртқа шығып, көпке амандасты.

Құрылғалы жатқан каналдың бас инженері осы күйеу екенін естіген жұрт:

— «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деп еді, бұл ырыс әкелген күйеу болды ғой! — деп қуанысты. Біреулер: — «бөгемеңдер, ендігі сөзді орнығып отырып сөйлесейік», — деген соң, қонақтар машинасына мініп жөніне тартты.

Көшенің ілгері жолы тегіс екен. Сонымен зымырай жөнелген машинаға Дәулеттің жорғасы жеткізбеді.

— Япырай, ұшқыр екен, мына жорға! — деді Байжан.

— Керемет жорға! — деді Анатолий Кондратьевич, — еткен жазда Ұлытау жақтан бір қыздың, қалыңмалын төлеп алыпты. Мұнша қымбатқа неге алдың? — десем, «жоқ кезінде, жорға түгіл есекке де зар болдық, бар кезінде, балалар қалағанын мінсін!..» деді.

Сырбайдың қам кесектен соққан үш бөлмелі үйі болушы еді, бірі қонақ жайы. Сырбай қонақтарын сол бөлмеге түсірді.

Сырбай Анатолий Кондратьевичті жолшыбай айтқанындай салқын жүзбен емес, жарқын жүзбен қабылдады. Қайын атасы таныстырған Байжанға да ол аса жылы ұшырап қолын алды да:

Қайырлы болсын, — деді Анатолий Кондратьевич, — «құда болған жерің бар ма еді? Бұл заманда жүдә3 баяғының құдалығы бар ма, әкенің өзі біліп атастыра салатын? Сүйіп қосылу деген бар емес пе, бұл күнде. Баланың көздеп жүрген жері бар, соған мен де жүдә ризамын.

— Ол кім еді? — деді Анатолий Кондратьевич.

— Осы үйге келген де кімді көбірек көруші едің? — деді Сырбай жымиып.

— Айбарша ма? — деді Анатолий Кондратьевич, аз ойланып.

— Әзірге жүдә солай сияқты, — деді Сырбай күліп, — артын қайдам...

— Қайырлы болсын, — деді Анатолий Кондратьевич, — балаңызға татырлық қалыңдық.

— Мен де жүдә мақұлдаймын, — деді Сырбай.

— Той қашан?

— Оған жүдә алысырақ па, қалай. Айбарша биыл он жылдық мектепті бітіреді білем. Содан кейін ілгері оқуға барам дей ме, немене. Жүдә қойсай, бармасай дейтін жігітім де жоқ білем, — деді Сырбай күліп.

— Бұ заманның салты сол ғой, ақсақал. Оқуға ынталанбайтын жас бар ма қазір. Балаңыздың өзі де оқимын дей ме?

— Оншасын әлі сұрағам жоқ...

Бөлмеге жаңа екі қонақ келіп кірді, бірі Байжанға таныс. Рахмет, ол осы аудандағы райкомның секретары боп шықты. Екінші, дембелше, орта бойлы, қоңыр өңді, көтеріңкілеу шолақ мұрынды, қысқалау қою қара мұртты жігітті Байжан танымады.

— Самарқан Аққожаев, — деп таныстырды ол өзін Байжанға.

Бұл жігітті Анатолий Кондратьевич Байжанға сырттан барып, «аудандық агроном, жер-су жайын жақсы шаруаға да қырлы, соны каналдың шаруашылық «басқаруға алу керек» деген еді.

Сырбайдың күші әлі де молдығын Байжан тез керді. Үйде біраз отырып жайланған Байжан тысқа шықса, одан бұрын шығып кеткен Сырбай, жуандығы кісінің кеудесін, ұзындығы кісіден биік бір сексеуілді жердегі кесек басқа көтере соғып жатыр екен. Балтамен шабуға сексеуілдің тасқа ұрса ғана морт сынатынын Байжан Сырбайдың жанына тоқтай қап таңдана қарағанда, қайран боп тұрғаны, сексеуілдің тасқа соғылып сынуы емес, сондай зор сексеуілді Сырбайдың мықшимай еркін көтеріп соғуы. Байжан: «маған бере тұрыңызшы, кеп көрейін» деп алып көріп еді, құлаштап тасқа соқпақ түгіл, жерден әрең көтеріп алды.

— Япырай, мықты екенсіз, ақсақал! — деді Байжан сексеуілді тастай беріп.

— Жүдә күштің қайтқан көзі ғой бұл, шырағым, — деп Сырбай. — Мақтанды деме, балам, күш түгел кезде жүдә түйенің жүгін көтеріп кете беруші ем.

Сырбайдың бұрынғы әйелі қайтып, жасы отыздан астам бір әйелді алғанына он шақты жыл бопты. Аты Тәрбие екен. Ол да күйеуі сияқты жұпыны, шаруа баққан, тілге сараң кісі екен, қонақтардың үстіне ас бергеннен басқа уақытта кірген жоқ.

Қонақтарды қарсы алушылардың ішінде колхоздың бастығы Масақбай бар еді. Сұйықтау қара мұртын жеткен жеріне шейін өсірген, қырма сақалды, таңқы мұрынды, қасқа басты, балпиған семіз денелі Масақбайдың Рахметке орынсыз жалпылдауы Байжанға ұнаған жоқ.

Қонақтар келген күннің кешіне қарай, осы үйге, ұзынырақ көйлегінен басқа киімдерінің бәрі қалаша, басына қызыл жібек орамал тартқан, иығында ұзын екі бұрымды шашы бар, толықша орта бойлы, кең жаурынды, тар мықынды, дөңгелек бетті, өңі қызыл шырайлы бір жасырақ қыз пайда болған еді, Байжан оны осы үйдің қызына жорыған. Сұрастырса, сыртынан танысқан Айбарша осы боп шықты. Қыз тым еркін. Осы үйге келін болам деп қымсынып жүрген ол жоқ, екпіндей, әркімді қағыта сөйледі. Алғашқыда ол Дәулетке еріп келді де, қонақтармен түгел қол алысып, тотықұстың суретінің қасында тұрған орындыққа отырды. Төрде радионың үнсіз репродукторы тұрған.

— Анау неге сөйлемей тұр! — деді қыз, аз отырғаннан кейін Дәулетке, репродукторды семізшелеу қолының сүйірлеу саусағымен нұсқап.

— Бұзылған ғой деймін. Кешеден үндемей тұр.

— Патефон қайда?

— Мына бөлмеде.

— Алып келші!

Қыздың бұйыра сөйлеуі қонақтардың бәріне жат естілді. Дәулет түрегелді де, «қонақтардан ыңғайсыз болар» дегендей кідірді.

— Әкел, әкел! — деді қыз, — әнеугі Ташкенттен алдырған пластинкаларды әкел!..

Дәулет қызыл түсті барқытпен тысталған патефонды алып келді де қыздың қасына қойды. Қыз жерге отырды да, пластинкаларды ақтарып, ішінен біреуін алып, құлағын бұраған патефонға қойды — «Москва» деген орысша ән екен.

Пластинка ойналып болмай, Тәрбие қымыз құйған тегенені алып келді де, қолтығына қыстыра келген дастарқанды қонақтардың алдына жайды. Дастарқанда тарелкаға салған сары май және бауырсақ бар екен. Күткісі келген қонақтың аузынан ас айырмау, әрбір әлді қазақтың салты. Шаңқай түсте келген қонақтардың алдынан неше ас еткендіктен, олар ықылық ата тойып отыр еді, қайда да ауылдың сыпайылығын сақтап, Тәрбиенің дастарқан жаюына, қымыз құюына қарсы болған жоқ.

— Шырағым, — деді, ұйқы әбден жеңіп, кеудесіне салбыраған басы денесін алдына қарай ала жығыла жаздап барып әрең қалған Байжанға, — үйге қайтайық.

Қалғығанына ұятты болдым ба дегендей, қызарған көзін кең ашып жан-жағына қараған Байжанға:

— Бар, шырағым, бар! — десті әркімдер.

Меймандарына шын ықласы түсіп, барын аяғысы келмей отырған үй иесі:

— Шай даяр еді, соны ішіп кетсе қайтеді? — деп еді:

— Тынықсын бала, — деді Сырбай. — Түйемойынмен жүріп жүдә жол қақты боп кепті өздері. Келгелі тыным алған жоқ. Тынықсын бала.

— Онда бәріміз де тарайық, — деп әлдекімдер қопаңдай бастап еді:

— Қонақ жігітке рұқсат, — деді үй иесі, — өзгең тырп етпейсің.

«Сіз қайтесіз» дегендей көпшілік Анатолий Кондратьевичке қарап еді:

— Көнтақа болған кәріге жастарың қайдан шыдасын, — деді ол, қалжыңды кескінмен, төңірегіне қарап, — ылғи кәрі-құртаң қалыппыз ғой іркіліп. Ұйқыға шыдамаған жастар жөнеле берсін, біз үй иесі босатпай тарамаймыз.

— Е, бәсе! — деп ду етті үйдегілер.

Рұқсат алған Байжанға Сырбай ере шықты. Байжанның:

— Өзім де таба алам ғой үйді, сіз қала беріңіз, — деген сөзіне:

— Жоқ, шырағым, жүдә қалай жіберем жалғыз өзіңді, — деп Сырбай болмады.

Тысқа шыға, Байжан:

— Сыреке, Дәулет қашан кетіп қалды? — деп еді.

— Кім білсін, со шіркіннің жүдә қашан кетіп қалғанын, — деді Сырбай.

— Неге кетіп қалған ол? — деп келе жатқан Байжанға:

— Әй, балам-ай, қайталай бердің-ау жүдә, сұрамайтын сөзді, — деді Сырбай жымиып, — байласа тұратын шағы ма оның? Өз басыңдағы жастық емес пе?

Сұрауының ыңғайсыз болғанын жаңа ғана түсінген Байжан:

— Кешіріңіз, Сыреке, со жағы бар екен ғой, — деді.

Дәл санын кім сұрапты соның? — деді Сырбай, — шамасы жиырма шақты болу керек.

Қай кезде егілген бақша, бұл?

Датқаның заманында аздап егілген еді. Колхоз болған соң, одан әлдеқайда кеңіді. Ескі ағаштары жүдә шіріп таусылды. Жеміс беріп тұрғандары — кейінгілер.

Күзетшісі болмай ма, мұның?

Бар да. Әлгінде ғана тоқылдағының даусы естіліп тұрды. Таң білінген соң қалғыған болар, жүдә.

Кеңесіп отырып олар бақшаның қақпасына кеп қалды.

Кіре кетсек қайтеді, Сыреке? — деді Байжан.

Жүдә жақсы.

Олар қақпадан кіре берсе, арқасын шарбаққа сүйеп шал қалғып отыр екен.

Зәресін ұшырсам қайтеді, өзінің? — деді Сырбай тоқырай қарап. Қайтіп?

Сырбай жауап берместен, қабанға шабатын жолбарыспен басып, күзетшінің, ту сыртынан барды да, өзінің тістей салған шекпенін сыбдырсыз шешіп, күзетшінің жаба сап, қапсыра құшақтай алды. Ұйқыдан оянған күзетші, алғаш есеңгіреп қалып, аһа – а-лап қылып еді, қарулы Сырбай тырп етуге әлін келтірді.

— Кәрі атан сияқтанған кәпір, езіп өлтіріп құныма қала жаздадың ғой, — деді.

Күзетші түрегелді. Денесі Сырбайдың кіндігінен ғана келетін қаба ақ сақалды шал екен.

— Мен туған жылы, осы ит те туыпты, — деді Сырбай Байжанға күзетшіні нұсқап. — Мені мұнымен құрдас деп кім айтар? Әкемдей емес пе менің қасымда?

Шалдардың сөзіне араласқысы келмеген Байжан, Сырбайдың сұрауына жауап берген жоқ.

— Есектің қодығында бой берген соң, құдай мұны, жүдә жасына жетпей, мына сияқты қуартпа?! — деді Сырбай, сақалынан ұстамақ боп.

— Кет әрі, қаңқайған түйе сияқты кәпір, дәретсіз қолыңмен періште қонатын сақалымды ұстамай! — деп, Сырбайға күш жағынан бағынып қалған күзетші шал, күлімсіреген кескінмен шегіне берді.

— Құрдасым, шырағым, — деді Сырбай Байжанға, — аты Сақпан, бірге өсіп, біте қайнаған тату шіркін, ойынымызды ерсі көрме, балам.

— О не дегеніңіз, жарасып тұр, — деді Байжан.

— Бұ жігітті танымайтын боларсың, Сақпан? — деді Сырбай күзетшіге Байжанды нұсқап.

— Көрмеген жігітім сияқты.

— Анатөлдің күйеуі.

— Осы ма еді? — деп Сақпан Байжанның кескініне төне қарады да, — қол алысайыншы, — деді жақындап.

Қолын ұсынған Байжанға:

— Сапарың оң болсын, балам! — деді Сақпан қол беріп. — Естіп жатырмыз, балам, мән-жайыңды. Аталарың айтыпты: «жақсы жүрген жеріне кент салады, жаман жүрген жеріне өрт салады», — деп. Кент сала келді деп естідік сені. Бетіңнен жарылқасын, пырақ.

— Жобаң түзу, — деді Сырбай, құрдасына, — қуанғаныңды білейін, шығасың ба, кетпен ап?

— Шығам! — деді Сақпан.

— Жүдә, қиратарсың сен шығып, — деді Сырбай, — одан да кемпіріңді жіберіп, өзің үйде қал.

— Отта, шіркін! — деп, Сақпан аржағын айтпай күмілжіп еді:

Өзі қолтоқпақтай болғанмен, бәйбішесі еңгезердей деді Сырбай Байжанға, — осындай қортыққа балама, балалары шешесіне тартқан.

«Бай жоқта бала қайдан болады» деген мақал бар еді. Кішкентай болсам да кішкентай екенімді, саған жұқтыра алмай қойдым-ау, — деді Сақпан.

Байжан күліп жіберді.

Тіл-аузым тасқа, — деді Сырбай, — азамат бес балаға пар, бұл кәріңнің. Төртеуі бөлек үй боп кетті. Жүдә, Құдай берген шал бұл. Сонда да қол қусырып отырмай, күрке өзі тіленіп кіріп жүр.

Бәсе, — деді Сақпан, масаттанғандай, — солай деші

Жүдә.

— Ал енді, аралат мына балаға бақшаңды! Әдейі көре иілді.

— Жүдә жақсы.

Мыжырайған шалдың өз ісіне мықтылығы бақшаны алғанда байқалды. Баққан табынының әрқайсысын жеген білетін малшы сияқты, бақшада өскен барлық жеміс ашының тарихы Сақпанның қолында екен. Қай ағаштың, қымы қайдан келтірілгенің қашан отырғызылғаның, неше жыл жасағаның қай жылдан бастап жеміс бергенін, Қай жылы көп, қай жылы қысырағанын, оның себебі неде толғанын, кейбір кесілген бұтақтардың қашан, не себепті кесілгенін, қай ағаштың не себеппен ескіргенін... — осының бірін сарнатып айтып берді.

— Түу, не деген рахат еді! — деді Байжан, кеудесін керіп дем алып. — Көгал да бар екен, осы бір жерде отырсақ бітеді ме, Сыреке?

— Дайра тиіп тұр осы арада. Оның, жағасында бұдан да жақсы көгал бар, соған шығайық онда.

Ересек кісі еңкейіп әрең өтетін бір кішірек есікке еріп әкеп:

— Мен осында қалам, — деді Сақпан.

Я, шырағым, — деді Сырбай, — кәрі кісі, жүдә не ойға кетпейді дейсің! Бұ дарияға неше рет үңілмеді дейсің, қартың!.. Нелер ой түспеді дейсің, шырақ, сонда!.. Міне, — деді Сырбай, бетін бақша жаққа бұрып, бақшаның көлемін қолымен шолып, — мына тұрған бақшаны кемдігі бар деп кім айтар!..

— Ешкім де айта алмайды. Тамаша бақша.

Сырдың өн бойына түгел өсіруге болмай ма, осындай бақшаны?

— Әрине болады.

— Сол еді де, шырағым, жүдә, ойлағаным. Шіркін! — деді Сырбай, кеудесін кере дем алып, — Сырдың жалаңаш жағасының бәрі осындай жеміс бақшасына айналса!..

— Қиялыңыз әдемі екен, — . деді Байжан, — бірақ, іске асатын қиял ғой, Сыреке, бұл! Канал қазуымыз сол қиялыңызды іске асырудың жолы емес пе.

— Солай! — деді Сырбай, — сенем оған. Бірақ, біз көрмейміз ғой оны.

— Неге, Сыреке? Екі-үш бес жылдықтың ғана жұмысы ол. Оған шейін қартая қоятын түріңіз жоқ қой...

— Ал, үйге беттейік, бала! — деді Сырбай, Байжанның сөзіне сенімі бекігендей, тағы да кеудесін кере дем алып.

Екеуі жүріп кетті.

— Сіздің атыңыз екі сезден құралады ғой, Сыреке, — деді Байжан қатар келе жатып, — «Сыр» және «бай». Бұл «Сырбай», «Сыр» сияқты бай болсын деген тілектен туған-ау, залы?

— Әрине, солай болады да, — деді, Сырбай, — далбасада сол кездің. Қолда жоқтан үміт қылу да, жүдә. Әйт, қай бір байи қояды деп ойлады дейсің, әкем мені.

— Ол кісі кедей болған ба?

— Кедейің не? Жүдә қу тақыр болған.

— Аты кім еді?

— Дайрабай деген кісі де, балам.

— Сіздің ел «дайра» деп дарияны айтады ғой, ақсақал?

— Солай, балам.

— Сонда, әкеңіздің атын да дариядай бай болсын деп қойған-ау?

— Олай десең, — деді Сырбай, — менің бесінші атамның аты Ешкібай. Ол кісі қыс Сырда, жаз Арқада мал көшіп жүретін қорамсақ дейтін байдың баласы екен дейді. Баяғыда қазақты қалмақ шауып, мал-мүлкін талап, аталарымыз жүдә жоқшылыққа ұшырапты ғой. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атаныпты ғой сол жұт.

— Тарихта белгілі оқиға ғой ол, — деді Байжан, іштей ептеп ап, — оған биыл 217 жыл.

— Сол «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кейін мал-мүліктен, туысқан-туғаннан түгел айрылған Ешкі лай, өзі сияқты жаяу-жалпы қаңғырғандарға қосылып, осы жаққа келіпті де, Сырдан бөлініп ағатын «Көк суға» тұрақтапты. Сол топ, жаздай жүдә балықпен күн көреді де, қыс су бойына тоған байлап, келер жаз егін себеді. Егіндері жүдә жақсы шығады. Тоғанның басында Ешкібайдан ұл туып, тоғандай бай болсын деп атын Тоғанбай қояды. Бірақ Тоғанбай тоғаннан байи алмайды. Ол жігіт боп үйленген кезде, «Көксу» тартылып, мекендегендер жүдә сусыз қалады. Не істеу керек? Тартылмайтын бір ғана су Сырдария. Олар көшіп дарияға келеді. Арық қазбаса суын егінге бермейді. Кешіп келгендер арық қазып егіндерін суарады. Сол кезде Тоғанбайдан ұл туып, туын егіндерін суарады. Сол кезде Тоғанбайдан ұл туып, арықтай бай болсын деген тілекпен, атын Арықбай қояды. ()л кезде жұрт арыққа суды шығырмен шығарады. Шығырдай бай болсын деп, Арықбай баласының атын Шығырбай қояды. Шығырбай баласының атын Дайрабай қояды. Менің әкем сол Жүз жетіге кеп өлді ол кісі. Мен ол кісінің алпыс үш жасында, төртінші әйелінен туыппын. Жайлықпен алған қатындар емес, бірі өлген соң бірін алғаны да. Бұрынғы қатындарынан бала жоқ. Әкем, мен сияқты ұя берік емес еді, сөз білетін, шежірені көп білетін кісі еді. Сол кісінің айтқандары ғой, жүдә біздің құлақта қалған. Әйтпесе, біз не біледі дейсің.

— «Ақпа құлаққа айтса ағып кетеді, құйма құлаққа айтса құйып алады» депті ғой. Құйма құлақтығыңыз ғой, соның бәрін ұғып қалған.

— Әкем бертінде елді, — деді Сырбай. — Менің тентек жалғызым бар ғой. Сол туған соң өлді. Біз өзі, жеті атадан адақтап жалғыз-жалғыздан келеміз. Туысымыз кеп болады да, тұрмысымыз аз болады. Менен де көп туып, қалғаны осы жалғыз. Әкеме «соның атын қой» дегенімде, әкем әлгі айтқан аталарының аты, өзінің аты және менің атым не себепті қойылғанын айтып келді де «бұ немерем Ешкі бай, Жылқыбай да болмай-ақ қойсын, Дайрабай, Сырбай да болмай-ақ қойсын, кембағалдарға дәулет біткен кезде туған бала, аты Дәулет болсын» деді.

— Табылған ат екен, — деді Байжан.

— Ендігі тілеу соның, үстінде, — деді Сырбай. — Біз не істесек те, жастар сендер үшін істейміз. Сендер бақытты болыңдар!

— Сіздер де! — деді Байжан.

— Сендердің бақыттарың бізге бақыт емес пе?

— Рас, Сыреке!

Со кезде, шайы жібектей құлпырған шығыс жақтан, бақыттың символы сияқтанып, жер бетіне нұрын шаша күн де шыға берді.

ЖЕТІНШІ ТАРАУ

«ШОЛАҚАРЫҚ»

Күн көтеріле оңаша бөлмеге жатқан Байжан, көзі іліне сала әдемі бір түс көрді... Осы түстің рақатына батып жатқанда, мұрны жыбыр ете қалды оның. Шошып оянғандай болған ол, қолдарын түрегелгенде, әлдекім құшағына іліге кетті. Іліккен адамды өзіне қарай қаусыра тартып алған Байжанның аузынан:

— Гүлім! — деген сөз шығып кетті.

Онымен ғана қоймай, көзін әлі де еркін ашып болмаған Байжан, құшағына іліккен адамды сүйгісі келген белгі көрсетіп бетінен аймаламақ болды. Құшаққа іліге босануға ұмтылған адам, қанша тырмысқанымен, қаусырған құшақ жібермесін көрген соң:

— Жезде! — деді сүймек болған Байжанның иегін алақанымен тіреп, — босат!

Әлі де қалғудан арылын болмаған Байжанның құлағына сап ете қалған мына үн оятып жіберді. Әйел.. Көзін кең ашқан Байжан құшағындағы адамға қара — Айбарша!.. Аржағында, есіктің алдында шегі қата күліп Дәулет тұр.

— Извиняюсь! — деді, не боп, не қойғанын білмей, біле есеңгіреген сияқты боп отырған Байжан, Айбаршаны босатып.

— Ойпырай, жезде-ай, қолың қалай қатты еді! — деді Айбарша, — күйретіп жібере жаздадың ғой қабырғамды!...

— Не, Айбарша, бұ не болды өзі?! — деді Байжан көзін уқалап. — Сен айтшы, Дәулет, не болғанын!

— Мен қайдан білейін, — деді ол күлкісін тыя алмай, — менің кергенім — бір қыз бен бір жігіттің құшақтасуы.

— Білдім, — деді Байжан, көзін қаттырақ жұмып ашып, маңдайын уқалап жіберіп, не болғанын енді ғана шамалап, — екеуіңнің қайдан душар болғандарыңды білмеймін, өз жайымды айтайын сендерге. Қызылордада екенмін деймін, қайын атамның пәтері екен. Жаз екен. Күндіз екен. Гүлнар екеуміз бақшада, гүлдеген алма ағашының көлеңкеде, өрік, мейіз сияқты кепкен жеміспен шай ішіп отыр екенбіз. Белгілі ғой, жаңа үйленген кісілер оңаша отырған соң, — деді Байжан қуланып, Айбаршаға білдірмей, Дәулетке көзін қысып қойып.

— Әрине, — деді Дәулет. — Мен де сондай түс көрсем деймін!..

— Өңде барды түсте керіп қажеті не, — деді Байжан, — Айбаршаға жүзім алдыр да...

— Болды, жезде! — деді Айбарша Байжанға көзін наздана алайтып қойып, — ашуландырма мені, әйтпесе...

— Кешеден бері біріміз жезде, біріміз балдыз болғанымыз қайда? Жезде әзілін балдыз көтермей ме екен?

— Ұрланып үйленген жездеге балдыздың әзілін көтермеуге де болады, — деді Айбарша, — келмей, таныспай жатып бетіңізден алуға ұялып жүргенмін, әйтпесе, шын жезде болам десеңіз, сізде есем көп.

— Білуге болар ма екен, сол есені?

— Неге болмасын: «түйедей қыз беріп түймедей етпедім» депті. Қарттардың жолы өзімен. Біз неге шақырылмаймыз тойға?

— Жеңілдім... — деп Байжан тойға неліктен шақыра алмаған себебін бастай беріп еді:

— Оны қоя тұр, жезде! — деп Дәулет Байжанды бөгеліп, Айым! — деді Айбаршаға, — әзіл-назыңа уақыт табар,сені құшақтай алған себебін білейікші, әуелі!

— Білейік, — деді Айбарша.

— Я,... сонымен, — деді Байжан, айтар сөзін есіне түсіріп ап, — Гүлнар екеуміз шай ішіп отыр екенбіз деймін. Гүлнар мені шынтақтай отырған... Ол еркелеген кескінмен, тарелкадағы мейізден алады да менің аузыма салады... мен мейізді тез жұтам да, Гүлнардың төңкере қараған көзінің үстінен сүйем. «Ненің ақысы?» дейді ол. «Мейізге сусыным қанбау!» деймін мен...

— Түһ, аузымнан сілекейімді ағызып жібердің ғой, жезде! —-деді Дәулет, аузын тамсанып.

— Бөлме, сезін! — деді Айбарша Дәулетке бұйырған үнмен...

— Қойдық...

— Сөйтіп отырғанда, плотина құрылысын қабылдауға үкімет комиссиясы шығады деген телеграмма келді...

— «Канал» деңіз, — деді Дәулет.

— Канал емес, плотина, — деді Байжан. — Планы әзірге біздің басымызда ғана жүрген плотина, түсімде құрылып болған екен деймін, және бір жерде емес, екі жерде: Қызылорда мен Жаңақорған қаласында құрылған екен деймін.

— Ал, енді екеуің айтыңдаршы, қайдан келгендеріңді? — деді Байжан.

— Біздің кеңес қысқа, — деді Айбарша, — кеше Шолақарық бойын бүгін аралаймыз, деген екенсіздер ғой. Дәулет екеуміз де бармақ болғамыз, таңертең келдім — ұйқыдан мана келдім — ұйқыда. Білесің бе, жезде, күн қай уақ болғанын?

— Қай уақ?

— Түстен ауып кетті.

— Қойшы!

— Рас.

Байжан сағатына қараса, бірге жақындап қапты.

— Рас екен, — деді ол, — неге ертерек оятпаңдар?..

— Сонан, — деді Айбарша, — оят десем ұйқысы қансын деп ешкім оятпады, жұрт күтіп отыр. Сонан «мен-ақ оятайын» дедім де, мұрны қызға құстың қауырсынын жүгірттім.

— Жыбырлаған сол екен ғой, — деді Байжан қарқылдап күліп.

— Бассалғанда мұндай зәрем ұшпас! — деді Айбарша да күліп, — құшағыңыз қатты екен!..

— Е, қатты болмай, «жігіт» деген атым бар емес пе!..

— Мақтанба, жезде! — деді Айбарша, — қапыда құлыптаса балуанды да көтеріп соғуға болады. Байқасып ұстассақ...

— Мен дайын! — деді Байжан Дәулетке көзін қысып қойып.

— Ендеше Шолақарықтың жолында сынасармыз. Ал, мін, жезде, мен шыға тұрайын. Айбарша шығып кетті. Дәулет қалып қойды.

— Іңірден қайда жоғалдың, Дәулет? — деді Байжан киініп жатып.

— Жүрдім де, ағай, — деді Дәулет күмілжіп.

— Айбаршамен ғой?

— Жорамалдасаңыз солай болады да.

— Маған ұнайды Айбарша, — деді Байжан. — Ер көңілді қыз екен. Қандай еркін ұстайды өзін және еркінмін леп дарақыланбайды, қылығы да, сөзі де келісімді! Жақсы қалыңдық тапқансың, өмірлі, бақытты болыңдар.

Дәулет жымиды да үндемеді.

— Той қашан?

— Сен тіпті жақындатып жібердің ғой, жезде, — деді Дәулет, — біздің жақындық, әлі достықтың төңірегінде. Бола қалған күнде де, тойға біраз уақыт бар.

— Себеп?

— Кейін, жата-жастана естірсің оны.

— Жақсы, — деді Байжан түрегеп, — тек, бір ғана өтінішім — бұдан былай сырлас болайық!

— Болсын!

Анатолий Кондратьевичтің өтінуімен, сәскелік ас бақша ішіндегі шоқтана өскен талдардың көлеңкелі қуысына даярланған еді. Жуынып баптанған Байжан сол араға келсе, қайын атасы, Сырбай, іңірде басқа бір колхоздарға барып қайтам деп кеткен Рахмет және біраз кісі дастарқанды айнала отыр екен. Байжан отыра бере шайды қонақтарға Айбарша құйып берді.

Шай үстінде жол жөні сөз болып еді, Байжан бірнеше ескі арықтарды көргісі келетіндігін айтты.

— Кеше айттым ғой, — деді Сырбай, — ескі заманда бұл маңда қазылған арықтардың ең зоры Шолақарық деп. Аты да көрсетіп тұр ғой оның қандай арық екенін. Соны көрсең ескі арықтардың бәрін де көргендей боласың...

— Мақұл, — деді Байжан.

Сырбай ес білгелі егіннен басқа кәсіппен шұғылданған да емес, шұғылданам деп ойлаған да емес. Егін атаулыдан оның ең сүйетіні күріш. «Азығын тауып есіре білсең, екі түрлі дақылда жүдә шек болмайды, — дейді ол, — біреуі — жүгері, екіншісі — күріш. Баяғыда, күріш шығып кеткен жылы, оның бір қабынан елу қап алғамыз. Өзге дақылдан тоннадай өнім алған адамды ол кезде ешкімнің құлағы естіген емес».

Сырдарияның жеріне өзге дәнді егістен күріш кеп енетін жалғыз Сырбай ғана емес, басқалары да біледі. Білгенде амалы нешік. Өзге дәнді егістен күріш суды көп тілейді де, тілеген мөлшердегі суды колхоздардың көбі жеткізіп бере алмайды.

Су!..

Бұл сөзді Сырбай қашан да кеудесін кере алған деммен айтып келеді. Оның ұғымында, дүниедегі ең зор байлық — суда. Сондықтан ол суға аса қасиетті деп қарайды да, ең аяғы қолын жуғанда да артық тамшы төгуді обал көреді.

Судың әр тамшысын сонша қасиетті көретін оның көз алдында, мынау Сырдария сияқты мол судың, аулының тұсынан пайдасыз ағып жатуы — өз денесінің қаны төгіліп жатудан кем батпайтын еді. Міне, енді сол Сырдарияның жағасынан, өз аулына жақын жерден канал қазылады дегелі Сырбайдың қуанышы қойнына сияр емес. Бойында қалған күш сарқынын түгелімен канал құрылысына бермек боп, қолыма кетпенді қашан алам деп ол асығуда.

Қонақтарымен егін басына жеткенше, оларға айтқаны осы кеңес болды. Егінді аралағанда, олардың көргені: не заманнан бері тынымсыз жыртылып келе жатқан аз көлемді жер сортаңданып кетіпті, оған шыққан егін де таз кісінің, шашындай оймыш-оймыш.

— Күйеужан, байқап келесің бе, мынау егіннің түрін? — деп қойды Сырбай Байжанға.

— Көріп келем, ата! — деді Байжан, Сырбайдың сұрауының астарына түсініп.

— Сенің туған жеріңді білем, мен. Әне, жүдә, жер ден соны айт. Сортаңдануды, тозуды біле ме ол жарықтық!

— Неге білмейді?! — деді Анатолий Кондратьевич, — тозғанда сол тозсын. Үш-төрт жыл еткен соң ол да өңдеуді керек қылады. Қажетті агротехниканы қолданып отырса, бұл араны өңдеу, Сібірдің жерін өңдеуден қиын емес, тек, не керек, колхоздардың көбі соған мән бермейді.

— Мына Масақ байға айту керек оны, — деді Рахмет қалжыңды кескінмен қарап қойып, — агрономның айтқанын тыңдаса, мұның бірі де болмас еді.

Райком секретарының бұлай қалжыңдауын Масақ бай ауыр алды. Тағдырым соның қолында деп ойлайтын ол шамасы келгенше мысын шығармауға тырысатын, ондай мысым жоқ та шығар деп ойлайтын. Рахметтің әлгі қалжыңы оған мыстың ауыры сияқтанды.

Осындай мақлұқтың барын Дәулеттен естіген Айбарша, «маған ұстап әкеп бер» деп жабысты. Еркін билеп алған Айбаршаның өтінішін орындамауға, Дәулетте күш қайда?..

Дәулет келесі ұстап әкеп еді, түсі суық-ақ екен. Айбарша оның түсінен қорықса, Дәметкен «ісінен» қорықты. «Кәрі құлақ» дейтін Дәметкеннің үлкендерден естуінше келес еркектің астынан өтсе белі кетеді, әйелдің астынан өтсе бала көтермейді. Содан сескенген Дәметкен оны Алматының хайуанат паркіне жібертті.

Осылай малшылық, аңшылық өмірге беріліп алған Дәулетке, Айбаршаның «ол кәсібіңді тастап, канал қазуға кел» деуі күтпеген жаңалық болды. Сондықтан, әртүрлі дәлел айтып бұлтақтайын деп еді:

— Кетпенге сен түгіл мен де түсем, — деді Айбарша, — сонда сен ұялмайсың ба?

Қатар келе жатқан екеуі аз уақыт көздерімен сынаса қарап арбасқаннан кейін:

— Жеңдің, — деді Дәулет, — көндім.

— Ендеше шарт мынау болады, — деді Айбарша қол алысып, — әрине, құрылыс басында социалистік жарыс ұйымдасады, сонда мен өзгемен емес, сенімен жарысам.

— Болсын, — деді Дәулет, — бірақ...

— Неге кідірдің? Айт, айт! — деді Айбарша жымиған кескінмен тоқтай қалған Дәулетке.

— Пәлеңнен қорқам, — деді Дәулет күліп.

— Не пәле ол? Айт, айтайын дегеніңді...

— Шатақ шығарасың...

— Қызық екенсің ғой өзің, айтсай пәлденбей!..

— Жанжал жасамайсың ба?

— Жасамайын.

— Честное комсомольское?

— Болсын, честное комсомольское.

— Ендеше айтуға болады. Канал қазысуға ризаластым ғой мен, бірақ мен, кетпен ұстап әуре боп жүрем бе? Техниканың тілін білем, экскаваторға отырмаймын ба? Сонда сен менімен қалай жарысасың?

Айбарша кідіріп ойланып қалды да:

— Аһа, ұғымды, — деді салмақты дауыспен, — сонда с си, сенде ғана қол мен бас бар да, менде жоқ деп ойлайсың ба? — деді.

— Әне, ашуландың енді...

— Ашуым емес, расым — сен менен гөрі ең экскаваторды мен меңгере алмаймын ба?

— Әрине, меңгересің.

— Есіме кезінде түсірдің, — деді Айбарша, — мен де оны үйренуге кірісем.

— Ендеше, әкел, қолыңды! — деді Дәулет қолын ұсынып.

Айбаршаның жігерлене ұстаған ыстық қолы Дәулеттің қолын темірдей қысты...

СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

ШЫНДЫҚ ҚИЯЛ

Жарыспай қалғандардың әрқайсысы езіне тән ермек тапты. Ең артта қалған Сырбай мен Полевой еткен бір күндердің кеңесіне беріліп, аттарын ақырын аяңдатты. Өзгелерге айта қоярлық кеңесім жоқ деп ойлаған Масақбай, «көре кететін тағы бір егіс танаптары бар еді» дегенді сылтау қып, серіктерінен қиғаштай тартты. Байжанмен жарыса түсіп қатарласқан Тыртық, жаңа таныс болған адамымен шүйіркелесе кеңеспек боп еді, мінезі шапшаң Тыртықты ұнатпады ма, әлде ойын басқа бірдеме биледі ме, Байжан келте ғана жауаптар беріп, шешіле қоймады. Сол кезде оларды Рахмет қуып жетті.

— Шырақ, — деді ол аздан кейін Тыртыққа, — мына Бектасов жолдаспен менің аздаған кеңесім бар еді, ұят болмаса бізді оңаша қалдырсаң қайтеді?

— Оқасы жоқ, — деп Тыртық атын тебініп шоқыта жөнелді...

Сөз әлпетіне қарағанда, Рахмет Байжанды сыртынан Москваға кеткен жылынан бастап біледі екен. Сол жөнінде айта келіп:

— Ұзынқұлақтың хабарлауынша, оқу бітіргеннен кейін біздің облысқа сені қызметке келуіңді де, келе сап үйленуіңді де біліп отырдық, — деді ол күліп, — қайталап айтайын, жаңа қызмет, жаңа мекенің тұрақты, жемісті болсын!..

— Айтсын, — деді Байжан.

— Сені ертерек бір көрген екем, ұмытып қаппын, кескініңді поезд ішінде шырамыттым, — деді Рахмет.

— Қайдан көріп жүрсіз?

— Сен бір рет Қабандыда болдың ғой деймін?

— Не ол «Қабанды?» — деп сұрады Байжан.

— Біздің ауданның орталығы.

— Қашан болдым екен? — деп Байжан аз ойланды да, — я, түсті есіме, — деді, — бұдан екі жыл бұрын тәжірибе ісінде жүріп соққам. Сіз сонда да райкомның секретары едіңіз ғой?

— Онда екінші секретарымын да, соның алдында ғана Алматының комвузын4 бітіріп келгем..

— Оған дейін қайда болып едіңіз?

— Оқуға Жезқазғаннан бардым. Сонда шахтада бірнеше жыл жұмысшы боп ем.

— Поезд ішінде неге айтпадыңыз танитыныңды?

— Біздің өлкеде қызмет атқаратынды білген соң, асығып қайтем деп ойладым.

— Бұл қызметке ризаласпасам қайтетін едіңіз? — деді Байжан жымиып.

— Білдім ғой ризаласатыныңды, — деді Рахмет те жымиып.

— Қайдан?

— Қазық аттан мың есе жеңіл емес пе? Бірақ, сол қазықты жерге қағып атты соған арқандаса, бұлқынғанмен ат қайда барады...

— Солай деңіз, — деп Байжан күлді.

— Солай, — деді Рахмет, — Гүлнар тұрғанда бұл жақтан қайда барасың сен. Солай болып шыққан жоқ па ақыры?

— Әрине, солай болды, — деді Байжан, — бірақ сіз оған ренжімейтін боларсыз?

— Қуанасың десейші. Рас, біздің Сырдария өлкесі алғаш көрген адамды қызықтыра қоймайды. Қайдан қызықтырсын: мұнда, табиғаттан бір түйір дән өсіріп алу үшін, сол араға он тамшы тер төгу керек... Бұл араның қарсыз қысы қары қалың, жерден әлдеқайда ызғарлы... Жазы алауланған аңызақ, жаңбыры керексіз кезде жауады... Несі қызықты осылардың?.. Ешнәрсесі де емес... Мұның қызығы — адамның еңбегінен туатын жемістің бәрі осында... Адамның рақатына қажетті еңбек жемісін шығарам деген кісілер осында келулері керек. Ақылға да, еңбекке де мұнда ермек көп...

— Сіздің Сыр бойының барлық адамы да маған романтик көрінеді, — деді Байжан жымиып, — кіммен сөйлессе кетсең де, бұл өлкенің болашағы туралы басында тұнып тұрған қиял.

— Қиял дейсің бе? Шындыққа негізделген қиял емес пе, бұл?.. Бұл романтика емес, болашаққа берік сенім!..

— Рас...

— Осыған сенбейтіндер де бар... Әсіресе мелиорация жөніндегі кейбір мамандар... Ондайлардың көбі республикамыздың тысқары өлкелерінен келеді де, мұнда тұрақтамайды... Сондықтан, — деді Рахмет жымиып ап, — вагон ішінде сені көргенде, жол-жөніңді жорамалдадым да, іштей «біздің торға түскелі келе жатқан бала екенсің, одан тез босана қояр ма екенсің» дедім де қойдым.. Көңіліңе келмесін, бұл қалжыңым. Расымды айтсам, басыма сонда келген ой: «ыстықтап келеді екенсің, жас инженер, Сырдың суына жанассаң, ол сені тереңіне тартар да салқындатар... Біздің романтика саған да жұғар... Каналды қолдан құрысарсың, содан кейін, біз рұқсат бергенмен өзің де кете қояр ма екенсің!..»

— Соған айналып келеді, — деді Байжан.

— Өте жақсы... Қайратты жас инженер тағдырын Сырға байланыстырам десе, оған кім қуанбайды?.. Әсіресе, жаңа канал ішінде құрылатын біздің аудан. Бұл үлкен аудан емес. Колхоз саны мұнда жиырма екі-ақ. Оның да көпшілігі қоныстанған жоқ. Ауданның тең жарасы мал шаруашылығын бағып көшіп жүреді. Отырықшы дегендердің өздерін де көшпелі деп есептеуге болады. Олай дейтінім — егіндік жерлер тозған, көбінің сортаңы шыққан, бірталай өлке сазға, не көлге айналған, соның бәрі дұрыс құрылған каналдың жоқтығынан... Жері тозғандар тың жер іздейді де, тапқан жеріне қоныс аударады. Ол "жер тозса, тың жерге тағы көшеді... Сонымен, қысқасы, табан тіреп қоныстанып отырған колхозды бұл ауданнан өте сирек кездестіресің...

— Бұл сіздің ғана ауданның емес, сіздің облыстағы көп колхоздың трагедиясы екенін көріп жүрмін, — деді Байжан, — Сырдария ауданында колхоздасқалы мекенін үш-төрт рет ауыстырған ауылды көрдім. Жеке үйлерімен қатар ол ауылдың: мектеп, клуб, сарай, қора сияқты қоғамдық үйлері де көшеді екен... Не деген көп жұмыс бұл!.. Не деген далаға кеткен еңбек!..

— Осы бақытсыздық біздің ауданның басында...

— Жаңа канал мұның, бәрін де жаңартады... Біз жердің топырағын аздырудың орнына нығайту шарасын қолданамыз. Біз қоныстандырған колхоздың іргесі сол қалпынан бұлжымауға тиісті...

— Жаңа каналдан күтіп отырғанымыз осы! — деді Рахмет қуанышты кескінмен, отырған ерінен көтеріле түсіп. — Бүкіл аудан боп күтіп отыр осыны. Аудан адамдарының арманы — жерге қозғалмастай мекен теуіп ап, содан кейін жерді иігенше сауу.

— Плотинасы кейінірек құрылатын аудандар болмаса, сіздің ауданда бұл тез іске асатын тілек қой.

— Рас. Канал құрылысымен қатар, ауданның колхоздарын тұрақты етіп қоныстандыруды да қолға алмақпыз. Сол міндеттің ішінде аудан орталығы — Қабандыны да мәдениеттендіру ісі кіреді.

— Қандай мәдениетін айтасыз?

Кезекті міндеттерді баяндаудан бұрын Рахмет Байжанға Қабанды қаласының тарихын сөйлеп берді.

Оның айтуынша «Қабанды» деген көлдің аты екен. Ортасы жалтыр, айналасы қалың қамысты бұл шалқар көлде, ерте заманда қабан көп" боп, содан «Қабанды» аталып кетіпті.

Қазақта «қысың қатты болса қопалы көлді қыста» деген мақал бар. Өткен бір кезде Сыр бойында қыс қатты болады да, бір жолы осы келді қыстап, малдарын жұтатпай алып шығады. Со қыстаудың маңына кейін ел үйіріле береді де, бертінде кішірек қалаға айналып, совет тұсында, оған әуелі болыстың, одан ауданның орталығы орнайды, аудандық мекемелердің кеңселері, интернаты мен орта дәрежелі мектеп, больница тағы сондай қоғамдық үйлер салынады.

Қыстау салынған кезде, дария көлге жақын жерден ағады екен, жыл сайын дария тасығанда көлді толтырып кетеді екен. Кейін, дария ол тұстан арнасын ауыстырып алыстап кеткен де, қорынан айрылған көл жыл сайын сарқыла беріп, ақыры шалшыққа айналып кеткен. Дариядан бұ көлге арықпен су тартып әкелуге ауданның күші келмеген. Бұрын көлден су ішетін егістердің бәрі біртіндеп құрып, кейінгі кезде көл төңірегі құлазыған шелге айналған, қала халқы құдықпен ғана жан сақтаған.

Рахмет бұл ауданға, Қабандының осындай халге ұшыраған кезінде келген екен. Аудан орталығын бұл арадан көшіру мәселесі бұл кезде піскен, бірақ қайда?..

Осы кезде, бұл ауданда канал қазылу мәселесі қозғалады. Бұл мәселе обкомда бірінші рет қаралғанда аудан өкілі боп Рахмет те қатынасады...

Баяндама жасаған Анатолий Кондратьевич, болашақ каналдың маңызын сипаттай кеп, оның бір тармағы Қабандыға келетінін, бұл тармақтан суарылған Қабанды бұрынғыдан да зор көлге айналатынын, келдің өз қабағынан да жан-жаққа арықтар тарап, оның төңірегі гүлденген өлке боп кететіндігін бар ықласын сала, тілінің бар көркемдігін жұмсай, қызғылықты жазылған повесть сияқтандырып айтып береді...

Бұл жоспар қабылданумен қатар, Қабанды қаласын қайта құрып шын мағынасындағы мәдениет орнына айналдыру туралы қаулы алынады да, оны жоспарлау комиссиясына Рахмет те мүше боп кіреді...

Қабандыны қайта құру жоспарымен Байжан таныс еді. Жаңа жоспармен құрылған Қабанды ең мәдениетті аудан орталығының біріне айналмақ та, аты Алмалық қойылмақ, жаңа қаланың құрылысы канал құрылысымен қатар бітпек...

Ауданға осындай қуанышты іспен келіп отырған Байжанға, Рахмет кеңесінің аяғында алғыс айтты да:

— Аудан бар күшін аямас, — деді оған, — кетпен көтеруге жарайтын адамның бәрі жұмысқа шығар... Қамыт көтерер көлікті де түгел жегерміз... Ас-суымызды да алмаспыз... Қысқасы, біздің ауданның барлық мүмкіншілігі қолымда деп ойла, жолдас Бектасов!.. Тек, каналды, жаңа қаланы тез бітіртсең болғаны...

— Әдемі қиял бұл, — деді Байжан, — бірақ шындық қиял, өйткені ол большевиктік қиял... Солай емес пе, ағай?

— Солай!..

ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ

ОҚПАН

Ойда жоқтағы бір оқиға боп қалды. Шолақарықтан қайта, Анатолий Кондратьевичтің анда-санда қайталайтын тропикалық безгегі ұстап безек қақтырды. Сырқаттың температурасы түнге қарай қырықтан асты. Төсекте дірілдеп дөңбекшіген оны, ұстап отыруға төрт-бес кісінің әлі әрең келді. Бұрын мұндай безгекті көрмеген Байжан да, басқалар да оны әліп кетеді екен деп қорықты. Солай деп ойлаған Байжан Тар тоғайда жәрдемші жоғын айтып, Қызылордадан самолет шақыртты.

— Таң біліне келген самолетке қайын атасын шығарып салған Байжанның қалаға бірге барғысы келіп еді, бітіріп қайтқалы келген жұмыстың тығыздығын айтып, Анатолий Кондратьевич рұқсат етпеді.

Қайын атасын Қызылордаға Рахметті Қабандыға жөнелткен Байжан, Сырбайды ертіп канал трассасы жүретін жерлерді, әсіресе канал сағасы алынатын «Құс тұмсықты» кермек болып еді, аттанар алдында Сырбай оны «айтар сөзім бар еді» деп, көпшіліктен оңаша алып шықты. Ол екеуі шеңгел мен топырақты араластыра жасаған ауланы айналып, қауын, қарбыз сияқты жеміс егілген бақша жаққа жөнелді. Бақшада қатарлана қазылған терең қарықтардың, Сырбай бірінен соң біріне киіктей қарғығанда, оған әрең ерген Байжан ішінен «бұл кісі қайда бастап апарады?!» деп ойлады.

Бақшаның арғы түкпірінде, жоғарғы жағының бұтақтары мұқылданып, мұқыл маңайлай өскен жіңішке жас бұтақтары кең жайылып кеткен жуан терек тұр еді. Соның көлеңкесіне Байжаннан озып жеткен Сырбай, көптен су жіберілмеген, жиегі опырылған бір қарықтың кемеріне, аяқтарын терең жыраға салбыратып отыра кетті. Ентіге адымдай Байжан да келді.

— Отыр, күйеу! — деді Сырбай қасынан орын көрсетіп.

Отырған Байжан аздап дем алғаннан кейін, Сырбай қабағын көтере бір қарап алды да:

— Сен, біздің Сыр елінің «оқпан» дегенін білесің бе? — деп сұрады.

— «Оқпан» деген жер астында кездесетін қуыс емес пе? — деді Байжан.

— Білдің, — деді Сырбай. — Өзің кездестің бе оған?

— Өткен жылы тәжірибе ісінде жүріп кездестім.

— Үлкеніне кездескенің бар ма?

— Бар. Кеңдігі сексен метр, ұзындығы ұмытпасам, екі жүз алпыс метр...

— Тіфу! — деді Сырбай бетін шүйіріп, — жүдә, сол ғана ма?

— Аз ба, ол?! — деді Байжан.

— Жүдә, мен оның әке – бабасын дайын көрдім.

— Қайда?

— О. бір заманда, — деді Сырбай даусын нәштеп, — менің бала жігіт кезімде, Қазалы жақтың бір байы, Сыр бойына түгел сауын айтып, арық қаздыруға асар салды. Жүдә, жұмыссыз жүрген кезім еді. «Жарлының бір тойғаны — шала байығаны» дейтін еді ғой, ол кезде.

— Естігенім бар, кітаптан оқыдым да.

— Естісең сол, — деді Сырбай, сол кездегі халін көз алдына келтіргендей қабағын шытып ап, — сонан әлгі Қазалының байы, асарға барғандарды қарық қылады деген соң, өзім сияқты тамақ іздегендерге еріп мен де кеттім. Бардық. Шамасы, екі-үш жүздей кісі жиналдық.

— Аз ғой, — деді Байжан.

— Қайдан аз болады, ол кез үшін жүдә көп кісі ол. Осы кез деймісің, он мыңдап жинала қалатын, арық қазылса?

— Кешіріңіз! Аяқтаңыз кеңесіңізді.

Сырбай аз кідіріп, сөзінің жалғасын есіне түсіріп алды да:

— Иә, сонымен, — деді, — жиналған кісі арық қазатын жерге бардық. О кезде, бұл арада Анатөл мен сен сияқты жерді оқумен өлшейтіндері жоқ. Жерді қазақтың қара тоқпағымен өлшейді. Білемісің, қалай өлшейтінін?

— Жоқ.

— Білмесең... Көзі қарақты дейтін біреу арықты жүргіземіз-ау деген бетке қарап етпетінен жатады да, иегін жұдырығына сүйеп, алдыңғы жағына қарайды, сонда, көзі арықты жеткіземіз-ау деген тұсты бөгетсіз шала алса, суды апара аламыз деп жориды, шала алмаса, апара алмаймыз деп жориды.

— Қызық әдіс екен...

— Сонан арық қазатын өлкеге бардық, Мен сияқты күнге жайған тулақтай жүдә қырысып қалған қасаңдау бір қарт бастап апарды.

Байжан мырс етіп күлді.

— Иә, иә, — деді Сырбай да езу тартып, — жүдә аумаған мен!.. Оның қасында менің әжімім аздау; ол жүдә менен де сорақы. Бет-аузының қыртысы — жаңбырдан кейін айғызданып жарылатын біздің дайра жерінің қабыршағы сияқты... Со кәрің жүдә бастап та апарды, пәлені де бастады — арықтың жолында оқпан бар екен деп. Көбіміз «оқпанның» не екенін ол кезде білмейді екенбіз. Шал бізге түсіндірді. «Мұнда оқпан барын қайдан білдің?» — деп едік, шал бетін арық қазылатын жаққа қаратып ет-бетінен жата қалды да, «айтам ғой, бұрын бір көргенімнен бұл араның жері қайқаң тартып төмендепті, астында анық оқпай болды» деді.

— Тексердіңіздер ме? — деп сұрады Байжан.

Шал: «оқпан боп, жүдә еңбегіміз далаға кетпесін, әуелі сол араны қазып көрейік» деді. Қаздық. Жүдә көрген жоқ екенбіз, кереметті! — деді Сырбай, оқпан қазір алдында тұрғандай, үрейленген дауыспен, — қаза бастағанда-ақ асты қуыс сияқтанып дүңгірлеп кетті!.. Тереңдеген сайын дүңгірлей түседі!.. Бірақ, жеткізбейді!.. Біреулер «осыны әурешілік, жоққа қиналмайық» десе, шал «қазайық» деп болмайды... Сонымен, қысқасы, жүдә «өлдік – талдық-ау» дегенде, аржақтан оқпан шыға келді!..

— Ие, ал? — деді Байжан елегізіп.

Шал: «оқпан деген бір пәле екен де!.. Жер астының дүңгірлеуі күшейген кезде, «оқпан терең боп түбіне кетіп қаларсыңдар» деп, қазуға түскен жігіттердің беліне арқан байлап, арқанның ұшын, қазған жерді айнала қаққан қазыққа байлап қойған. Со болмаса, жүдә, өлген екен қазған жігіттер!..

— Әрине! — деді Байжан, оқпанға құлау қаупін көз алдына келтіргендей.

— Қазылған жердің кемерінен бәріміз анталай қарап тұрғанымызда, жігіттер, шамасы... он құлаштай тереңдеп барған кезде, астыңғы жақтары опырыла кеп құлады!.. Жігіттер, жүдә, күп беріп, әрі қарай түсті де кетті!.

— Сонан соң?

— Арқаннан тартып суырып алдық.

Жұрт әртүрлі жобалар айтты: біреулер — «осындай жерде айдаһар жатады деген» — деді... біреулер — «шайтандардың мекені болады деген» — деді... біреулер — «жылан патшалығының ордасы осындай болады десетін» деді... енді біреулер — «осындай үңгірлер тамы есігінің алдында болады дейтін» деді... Әркім әр жоба айтып, содан үрейленгендер, кетейік деп қобалжып еді, бастық шалымыз «қуыстан басқа түк жоқ мұнда, тас байлап арқан жіберіп тереңдігін шамалайық» деп болмады...

— Өлшедіңіздер ме?...

— Тас байлап бір арқан жібердік, жүдә жетпеді... Тары арқан жалғадық. Ол да жұқ болмады!.. Көрмегенге өтірік, маған шын, — деді Сырбай, — тағы бір арқан жалғап, сол орталағанда барып, тас оқпанның түбіне тиген белгісін көрсетті.

— Апырай, терең екен, Сыреке. Мен ондай оқпанды естіген де, керген де жоқпын. Соның кеңдігін біле алмадыңыздар ма?

— Кім біледі оны, әлгіндей тереңдігін көрген соң жұрттың жүдә зәресі кетіп, бытырай қашты. Мен де тартып отырып, елден бір-ақ шықтым.

— Керемет екен, — деді Байжан «сөзім бітті» дегендей, кескініне қарай қалған Сырбайға, «осы кеңесті неге қозғадың?» деген түрмен.

Аз кідірген Сырбай:

— Саған бұ кеңесті айтқан себебім, — деді Байжанға, — менің көңіліме жүдә, бір қауіп ұялап тұр.

— Қандай?

— «Құс тұмсық» дейсіз ғой, Сырдария каналының бір басы шығатын иінін?

— Ие, дейміз — деді Байжан Сырбайға сұғына қарап, қауіпті бірдеме айтқалы келе жатқанын енді ғана жобалап.

— Шіркін, жүдә жақсы жер ғой, арықтың басын алуға!.. Дайраның, кілт бұрылатын иіні. Судың нақ ұрма жері... Жағаны жырсаң-ақ ытқып шыға келеді.. Бер жағы қайқаңдау жазық, қандай домалайды оған қарай су!..

— Оны білеміз, — деді ұзын сөздің қысқасын білгісі келген Байжан, — осы сіз айтқан белгілері ғой, Анатолий Кондратьевич қызықтырған. Не қауіп бар дегіңіз келеді сонда?

— Оқпан бар ма деймін.

— Оқпан?!. — деді Байжан жылан шағып алған адамдай үрпие қап, — қайда?

— Құс тұмсықтың бергі бетіндегі қалың шеңгел шыққан қайқаңда.

— Оны қайдан білдіңіз?

— Сен жүдә қорқып қалдың ғой, күйеу, — деді Сырбай, — жөнің бар қорқатын. Қорықпағанда ше? Осы қазылатын каналға сенің қайын атаңның қанша еңбек сіңіргені маған жүдә белгілі емес пе? Мен кісіні көзіне мақтауды білмейтін адаммын, сыртынан айтуға болады, егер Анатөлдің осы канал жұмысына төккен терін жинаса үлкен бір көл болар еді...

— Неліктен ойлайсыз сіз, канал жолында оқпан бар деп? — деді Байжан, — канал жоспарланудан бұрын оның жолы ғылым жолымен зерттелген ғой.

— Өзім де жүдә соны айтқалы келем ғой, — деді Сырбай, — оқпаннан артық пәле бар ма? Көптің терін төгіп қазған каналының алдынан оқпан шықса, одан артық қырсық болар ма? Әкем айтып отыратын еді, «Қоқанның бегі қаздырған бір арық оқпанға кездесіп... қайраның суын тарта жөнеліп... түгел жұтып қоятын қаупі туып... ел жүдә сасып... жағаны тас байлап әрең бекіттік» деп. Сол белгісі әлі бар. Сондай бір оқпанға жолықсаң жүдә пәле ғой!..

— Әрине.

— Канал қазу жұмысы басталуына жүдә көзім жеткен соң, әнәугүні жаттым да ойға кеттім. Өткенді де ойлап жатырмын, жүдә қазіргі күнді де ойлап жатырмын, келешекті де ойлап жатырмын... жүдә сол ойда жатқанымда, оқпан құрып қалғыры қайдан есіме түсе қалғанын білмеймін!.. Жүрегім зырқ ете түскені, сонда!...

— Неге?

— Құс тұмсықтың бергі қайқаң астында оқпан бар ма деген ой кеп!...

— Неге?

— Неге екенін өзім де білмеймін. Сол ой келген соң жүдә дәтім шыдамай, жұрт шырт ұйқыда жатқан кезде атымды ерттедім де, кеттім де қалдым.

— Қайда бардыңыз?

— Қайда болушы еді? Құс тұмсыққа да! Ай жүдә сүттей жарық еді. Күдік алған жеріме жеттім де, жата қап қарадым. «Оқшы атаның обасы» аталатын төбені білесің бе?

— Білем.

— Бала кезімде Құс тұмсықтың бергі қайқаң талай ешкі бағып ем, сонда «Оқшы ата обасы» көзге әрең шалынатын сияқты еді, енді қарасам қақшиып биікте тұр. Соған қарап, Құс тұмсықтың бергі беті төмендеген бе деп ойладым. Астында оқпан болмаса неге төмендейді ол? Бұл бір.

— Бала кез бен үлкейген кездің көзі бірдей емес қой, Сыреке! Соңғы көргенде көзіңіз алдап жүрмесе?

— Олай емес қой деймін, күйеужан. Өзім жаман болғанмен, жүдә көзім жақсы. Көруім бала кезімдегі қалпында.

— Мүмкін, — деді Байжан, — тек балалық шағыңыз алдатпаса дегенім ғой.

— Олай емес, шырағым. Сен сияқты оқыған кісі емес, біз сияқты қараңғы кісі, бір көргенін соқырдың таяғыңдай ұмытпайды. Бір дәлелім әлгі болса, екінші дәлелім — Сыр бойында қайқаң жердің ылғалы шығып сызданып жатады. «Оқшы атаның» қасындағы қайқаң, құрғақ; үшінші — үлкендер айтар еді: «сасықкүзен, тышқан, жылан сияқты жәндіктер оқпанды жерден інді көп қазады, неге десең, ондай жердің асты ылғалсыз құрғақ болады» деп. Мен айтып отырған жер, оған да жүдә дәл келеді — қайқаң беті ізге сыймайды...

Байжан ойланып қалды...

— Күдігім жүдә көбейген соң, — деді Сырбай, — түнде сол араға бара сап, жынды кісіше қайқаң өрлей ерсілі-қарсылы шаптым кеп!.. шаптым кеп!..

— Неге?

— Жер дүңкілдер ме екен деп.

— Дүңкілдеді ме?

— «Қорыққанға қос көрінеді» дегендей, кеуіл секем алғандықтан ба, әлде расы солай ма — атымның аяғы тиген жер, іші бос тұрған бөшке сияқты қаңғырлап кеткендей болды.

— Ім-м-м! — деді Байжан енді сенген сияқтанып.

— Солай, күйеужан, — деді Сырбай күрсіне дем алып, — лайым да келе көрмесін менің айтқаным.

Сырбайды тыңдай отыра, оның сөздерінен көңіліне қауып ала тура, Байжанға көлденең бір ой кеп кетті. Ол мынау еді: қазылмақ каналдың жолында, канал ортасын жарып өтетін құм төбе бар, оның биігінде ескі қабырғалар бар, солардың арасында «Оқшы ата» аталатын оба тұрады.

Осы оба туралы Сыр бойында ертегі барын Анатолий Кондратьевич Байжанға былайша баяндап берген еді: ерте заманда Қалмақ ханы Сырдария бойын жаулап алады да, бағынған елге: «маған күніне бір саба қымыз, бір ту бие, бір сұлу қыз әкеп беріп тұрасыңдар» деп әмір береді; шарасыз ел әмірді орындайды... Хан нөкерлерімен мәжіліс құрып қымызды ішеді, ту биенің етін жейді... Содан кейін түн бола нөкерлерін таратып, қызды қасына қондырады, таңертең мойнына тас байлатып Сырдарияға ағады...

Ханның осы қылығынан, жаулап алған елдің сұлу қызы таусылуға айналады... Бірақ, амалы нешік!..

Сол елде өзі кедей, өзі батыр бір жігіт болған еке.н дейді. Жігіттің жанындай жақсы көретін шешесі және қарындасы бар екен дейді. Қарындасы, «ай десе аузы, күн десе көзі бар» сұлу екен дейді. Қалмақ ханы елін жаулап алғанда, жаңағы жігіт соғыстың жуан ортасында болады да, жеңілген соң, ханнан ығысып, Сыр бойынан кетіп, Қаратауға паналайды. Шешесі мен қарындасын езімен ала кетеді. Таудың биігіндегі бір тас үңгірге үй-ішімен орналасқан жігіт, тіршілік жасау қамына кіріседі.

Не істеу керек? Өсіріп пайдасын керетін мал жоқ. Сенгені — бойындағы қуаты ғана. Жігіт мерген екен дейді. Тауда аң көп, оларды аулап күн көруге болады. Жігіт сол кәсіпке кірісіп тамақ асырайды. Жау басып алардан бұрын жігіт Сыр бойында егін кәсібімен шұғылданатын диқаншы екен. Аңын аулай жүре, жігіт сол кәсібін аңсайды.

Таудың басында егінге лайық қара топырақты иіндер бар, дән сепсе өне кететін; егінді суарарлық су да бар: биіктеп бұлақты бөгеп, керіз арқылы иінге әкелуге болады. жоғы, тұқымдық дән! Оны қайдан алады?

Жігіт бір күні тас үңгірде отырып, шешесі мен қарындасына осыны айтып мұңаяды. Ұлының мұңын қалай жеңілдетуді білмеген анасы, іліккен бір түйір дән неғып шықпас екен дегендей, бейбіт күнде егін жұмысына пайдаланған киім-кешектерін қағып-соғып, қалталарын ақтара бастайды. Сөйтіп жүріп, бидайдың жалғыз түйір дәнін табады. Осы дәнді олар жерге отырғызып, күз бір уыс дән жинайды. Келесі жылы сол дәндерді қайта себеді... Үй орнында жерге жайқалып жасыл егін өседі...

Қуанышты жігіт аңын аулай береді. Ол аңға шықса жұмалап жүріп қалады екен. Сондай бір жолдан қайтса, шешесі зарлап отыр: ханның тіміскілеушілер үңгірді тауып апты да, қарындасын алып кетіпті...

Қарындасының халін көз алдына келтірген жігіт не істеуге білмей сасады. Міне шабатын аты жоқ, жаяу жеткенше қарындасы тірі де қалмайды.

Не істеу керек?

Сасқан жігітке:

— Балам, — дейді шешесі, — қаруың бар батыр ең, осы таудың басынан, Сыр жағасындағы ханның ордасына садақ тарт!.. Жебенің басына темір қадама, бидайдың дәнін қада, дәннің қуаты темірден күшті дейтін бабаларың!.. Қаруыңа ыза қосылса, атқан оғын, хан ордасына жетер де, өлтірер!..

Ызалы батыр, таудағы бір биік шыңға шығады да, жебесінің басына дән қадап, Сыр бойындағы хан ордасына садақ тартады... Сол сәтте хан түнгі мәжілісін аяқтап, нөкерлерін таратып, жігіттің қарындасын зорлауға кіріскен екен дейді... Қарулы жас қыз ханның зорлығына қарсылық білдіріп, екеуі алысып жүргенде... хан «аһ!» дейді де, кеудесін баса құлайды!... Не болғанын білмеген қыз, құлаған ханға үңілсе, кеудесінің қолымен басқан жерінен шапшып қан атады!.. Хан өліп бара жатады!.. Қыз үйден қашып шығады да, қалың сексеуілге тығылады... Ертеңіне ағасы да жетеді... Ханның өлгенін білген жұрт көтеріліс жасап, жауды жерінен қуады... Жауды қуған жұрт, ханның ішін ақтарса, атылған дән жүрегіне қадалып, қолқасына кіре тоқтаған екен дейді... Содан, жаңағы жігіт «Оқшы ата» аталып, қартайып өлгенде, жұрт оны соғыста өлгендердің арасына көмген екен де, батырдың қабырын «Оқшы ата обасы» атаған екен дейді...

Сырдария каналының Анатолий Кондратьевич жасаған жоспарында, канал осы оба тұрған төбенің дәл белін кесіп ететін еді. Соған Сырбай да, басқа қарттар да наразылық көрсеткенмен, каналдың геометриялық жолы басқа жаққа бұрылуға мүмкіндік бермеді. Қарттардың бұл наразылығын пайдаланып. жол берушілер де табылмай қойған жоқ. Ақыры, істің пайдасы алдымен Сырбайды жеңіп:

— Амал нешік, — деді ол, Анатолий Кондратьевичке соңғы бір жолыққанында, — жұрт жұмысына, қайсысы екенін білмеймін, пайғамбардың да біреуі баласын құрмалдыққа шалыпты деседі, «Оқшы ата» ұшпақты ақсарыбас нияз айттым да, жүдә, бердім руқсатымды!

Анатолий Кондратьевичтің естуінше, Сырбай бір семіз ақсарыбас қойды «Оқшы атаның» басына апарып сойыпты да, шал-кемпірлерді ерте барып, асып беріпті. Сонда, нияз шалып жатып: «жарықтық, Оқшы ата! — деп жылап жіберіпті дейді Сырбай, — көптің қамын жеген жасайық дейтін еді, назалана көрме!»

Рұқсатын бере отыра «Оқшы ата обасы» бұзылуға Сырбайдың жаны ауыратынын Анатолий Кондратьевич Байжанға айтқан, сондықтан да ол, «Оқпан» қаупі туралы Сырбайдың сөздерін тыңдай отыра «осы кісі әлі де Оқшы атасын қимағандықтан айтып отырған жоқ па» деген күдікте отырды. Сол ойын аңғара қойғандай:

— Сен мұны әлде не оймен айтып отыр деме, шырақ, — деді Сырбай, Байжанға, — арам ой дегенді мен жүдә білмейтін кісімін, күдікті ойым мені алдар да. Лайым да солай болсын! Бірақ, ойланбауға да болмайды. Бүкіл Қызылорда облысы боп қазғалы отырған канал!.. Қанша шығын ұсталғалы тұр... Ол да жұрттың, қазынасы. Мұны қарау жүдә керек. Еңбек босқа өлетін болмасын!..

— Әрине тексереміз. Сіз осы қауыпты Анатолий Кондратьевичке айттыңыз ба?

— Айта алған жоқпын. Осы жолы айтпақ ем, ойда жоқта ауыра қап есімді шығармады ма!.. Енді оған естірткенше сен тексер.

— Болсын! — деді Байжан.

ОНЫНШЫ ТАРАУ

ЖАҢА ЖОСПАР

Әдейілеп зерттеген геологиялық партия, жаңа каналдың бойында оқпанның барын анықтап берді. Зерттеудің сөзіне қарағанда, бұл оқпанның тереңдігі мен кеңдігі құлақ естімеген мөлшерде болып шықты.

Геологиялық партия басқаруға Москвадан келген профессордың жобалауынша, бұл оқпан бір заманда жер астымен Сырдан теріскей-шығысқа қарай аққан өзеннің арнасы, өзен Бетпақдаланың терең астында деп мөлшерленіп теңізге құю керек те, бір заманда сарқылу керек. Ондай сарқылған, не кепкен өзендер жер тарихында кездесе береді. Мысалы, Орынбор мен Ақтөбенің арасындағы «Елек тузы» аталатын, жер астынан шығатын ор қаш тұз, бір кезде жер астымен ағып, кейін қатып қалған сортаң өзен. Москва маңында, мың метрге жақын тереңдегі жер астында тұз боп байланып қалған көл бар. Профессордың бекітуінше, жер астымен ағатын өзен әлі де бар сияқты. Мысалы, оның айтуынша, Алатаудың Алматы тұсындағы бір биік асуына біткен «Есік» атты көл, жер асты арқылы Балқаш келімен байланысып жатады. Оған дәлел — форель аталатын балық Балқаш көлінде өседі. Есікте жоқ бұл балық, тек көктем кезінде ғана пайда болады. Бұл, форельдің ұрық шашатын көзі. Ұрығын ол суы мұздай көлге ғана шаша алады. Ондай көл таудың биігінде ғана кездеседі. Егер Есіктің жер асты арқылы Балқашпен байланысы болмаса, ұрық шашар кезде ғана бұл форель қайдан пайда болады?..

Канал жолында оқпан барлығы анықталғаннан кейін, жұрттың аузындағы сөз көпке дейін сол ғана болды. «Егер,- деп дуылдасты жұрт, — оқпан бары сезілмей, канал қазыла берсе, қанша қаражат, қанша еңбек далаға кетер еді!.. Каналға шығарылған Сырдың суы оқпанға кетсе тіпті масқара болар еді... Онда, біздің облыс түгіл, осы өзеннен ғана күн көріп тіршілік жасап отырған Орта Азияның көп өлкесі құрамай қабар еді!..

Жандары солай түршіккендердің ішінен, оқпанның шығуына Сырбай өзінше қайғырды. Оған келген ой: «мұнша кең оқпанның жасалуы, Оқшы атаның азырқануынан. Азырқанбай қайтсын, ұштым, — деді ол сырласына, — тиіп жатқан қабірі қазылып, сүйегі шашылғанын неге жақсы көрсін, жарықтық!..» Солайша зәресі кеткен Сырбай, өзі сияқты дінге, аруаққа сенгіш кәрі-құртаңдарды жинап ап, көптің кезінен ұрланып, Оқшы атаның басына бір серкесін сойып бата оқытты.

Оқпанның табылуына қатты қайғырған адамның бірі Рахмет. Мамандардың айтуынша, каналдың басы енді Құс тұмсықтан алынбайды, одан алынбаса, аудан орталығы — Қабандыны гүлдендіру келді судың үлкен сарайына айналдыру мәселесі өзінен өзі аяқсыз қалып қояды. Оның аты — бұл орталықтың келешегі бітті деген сөз!.. Ол ол ма, каналдың басы боларлық иін Сырдарияның бұл ауданды аралап өтетін тұсынан табыла ма, жоқ па?.. Егер табылмаса, Рахметтің колхоздарды қоныстандырам, егіс мәдениетін әрі есірем, әрі кеңейтем, ауданды ең мәдениетті аудандардың біреуіне айналдырам деген талабы босқа кетпей ме?.. Осы ойдағы Рахметтің, со бір кездегі әлем тапырық кескінінен жан шошырлықтай еді...

Оқпан мәселесі Анатолий Кондратьевичке Рахметтен де артық батты. Ауыр ойдың зілдей салмағынан, оның бұған дейін тіп-тік жүретін денесі бүкірейіп, еңсесі түсіп кетті.. Күлімсірей қарайтын ойнақы кекшіл көзі жансыз мұздай мөлдірей қалды... Жирендеу қою қасты қалың қабағы көзін жауып темен салбыраудан жадырамады... Бұрын ол үй ішімен де, таныстарымен де сөйлескіш, қалжыңдасқыш еді, енді одан өзгеріп, «қатем қайда» дегендей өзі жасаған планға үнемі үңілуден бас көтермеді, басқаға мойын бұрмады.. бұрын «үстінен түйе жүрсе де қозғалмайды» дейтін салмақты, сабырлы ол, енді ашуланғыш, ұрысқақ болды... бірақ, оның бұл қылығына ешкім де жәбірлeнген жоқ. Несіне жәбірленсін, біреудің халық пайдасына деп әлденеше жыл бойына жасаған еңбегі өлу оңай болып па!... Жұрттың, тек қорыққаны — «осы кісі жынданбаса не қылсын!...»

Алғаш, жауар бұлттай боп осынша қалың торланған оның көңілсіздігі біртіндеп ыдырады. Біраздан кейін ол сабырлы ойға шомған қалып көрсетті. Сәтсіздікке ұшыраған планына оның ендігі төнуі-талай уақыт емдеп жүріп, жаза алмай өлтірген сырқат адамның жансыз денесіне дәрігердің төне қарап «қалай қапы жібердім!» деп толғануына ұқсайтын еді...

Оның осындай жан толқынын өзгелерден гөрі Байжан тереңірек ұқты. Сонда оған келген ой шалға қосарлана қайғыру емес, оның дерті жазылуға жәрдемдесу үшін, ақылдың да, сезімнің де барлық қуатын жинап, асықпай, саспай, мына тұйықтан жол тауып шығу керек, сонда ғана ол дағдарған қайын атасына да, халыққа да жәрдемдесе алады...

Бұған жалғыз-ақ құрал бар, ол — сәтсіздікке ұшыраған планнан шаруашылық, техникалық және мәдениеттік жағынан артық болмаса кем түспейтін жаңа план жасау.

Байжан осы ойда жүрген кезде, бір күні қайын атасымен екеуін обкомның секретары шақырды. Бұған дейін Анатолий Кондратьевичтің денсаулығын сақтауға қамқорлық жасап, қаланың ең жақсы дәрігерлерінің қарауын ұйымдастырған және өзі де жиі хабарланып хал-жайын біліп тұрған секретарь шақырған адамдарымен амандасып, екеуінің ортасына отырды да сөзін бастады.

— Хал, әрине, ауыр, — деді ол, — бұл жағдайдың маған сіздерден кем батпауы күдіктеріңіз болмас деп ойлаймын. Бірақ, бұдан сарыуайымға салыну керек пе? Әрине, керегі жоқ. Біз — большевикпіз. Біз алмайтын қамал жоқ... Мүмкіншіліктің бәрі қолымызда: жер біздікі, су біздікі... Бізді дарияның бір иіні алдағанмен, бар иіні алдамайды... Сырдың бар өлкесінде оқпан жасырынып жатуы мүмкін емес. Ендеше, оқпаны жоқ жерді табуымыз керек. Және тез табуымыз керек, ұзақ сонарды уақыт көтермейді. Үкімет қаражатты да, материалды да жетерлік қып беріп отыр. Жұрттың қолы жұмысқа ашулы. Ендеше, каналдың сағасын қайдан алуды ойланайық та, тез шешейік.

Күтпеген жерден, болашақ іс туралы бірінші пікірді Анатолий Кондратьевич айтты. Әлі де қуаты кіріп болмаған ол, ақырын және тоқырап сөйлегенмен, терін сүрте отыра, көлденең сөздерді араластырмай, тура ұсынысын сөйледі.

— Каналдың сағасы, — деді ол, — өзеннің шұғыл бұрылатын иінінен алынатыны өздеріңізге мәлім. Ондай иіндер Сырдың барлық жағасында кездесе бергенмен, көбінің тұсында егінге лайықты танаптар болмайды. Кейде, ондай танаптар бола тура, жерінің топырағы қолайлы келмейді. Өзі де, жері де қолайлы иіндер дарияның бұл тұстағы өлкесінде екеу-ақ: бірі — Құс тұмсық, бірі — Бақабас. Бұл екеуін салыстырғанда, ең қолайлысы Бақабас еді, соны біле тұра, канал сағасын Құс тұмсықтан алуды жоспарлау себебіміз неліктен?

Полевой аз дамылдап, себептерін айтты.

— Біріншіден, — деді ол, — Бақабастан өте дария доғадай боп иіліп барып түзеледі. Дария қатты тасыған жылдары, осы иілген тұсқа сең бөгеліп, судың ағысын жабады да, оң жақтағы қайқаң далаға тасыған су төгіледі, сөйтіп жер-дүниені сел қаптап, қайлаң көлге айналып, көп жылдар құрғамай жатады, пайдаға асудан қалады... Екіншіден, тасыған су жардан жай ғана асып төгілсе дұрыс қой, кейде, олай етпей жарды жыра төгілетіні бар, олай етсе, дарияның арнасы ауысып кетуі мүмкін. Арна Бақа-бастан ауыса қалса, дарияға ол өте қауып. Онда, Талас өзеніне ұқсап, дария құмға жоғалуы мүмкін, оның аты — дариядан айрылу деген сөз. Бұл оқпаннан кем апат емес...

Байжан мен секретарь біріне бірі таңданған кескінмен қарап қойды.

— Осы дарияның құмға бір заманда солайша бір кетуі рас па? — деп сұрады секретарь.

— Рас, — деді Анатолий Кондратьевич, — осы дарияны ширек ғасыр бойына зерттеп келе жатқан профессор Яковлевтің дәлелдеуінше, бұл дария өзінің тарихында арнасын үш мыңнан артық рет ауыстырған. Бір заманда мұның Қаратауды жағалап барып Балқаш көліне құйғаны байқалады...

— Сонымен, — деді Сырдың арнасын ауыстыру тарихын түгел тыңдағысы келмеген секретарь, — Бақабас тұсына жырылған жаға қалай бекіген?

— Дес бергенде, ошарылған сен, тез қозғалып кеткен де, тасыған су жырақтан төмен түскен. ?Кәне су жағаны кең жырып үлгермеген. Тар жыраққа жұрт тез арада қара бурамен бекіткен, сол бекініс әлі күнге дейін мызғымай тұр. Дегенмен, бұл аса қауыпты иін. Сондықтан каналдың сағасын одан алуға мен жолаған жоқпын да, бірақ, каналсыз да ол жағаны бекіту қажет екендігі туралы талай рет мәселе көтердім, оны өзіңіз білесіз...

— Білем, — деді секретарь, — бақытқа кейде бақытсыздық басшы болады деген сөз бар. Бақабасты бекіту кезекті міндетіміздің бірі болатын. Мүмкін, каналдың сағасын енді содан алармыз да, жағаны біржола бекітерміз?

— Оны істемей амал жоқ, — деді Анатолий Кондратьевич. — Каналдың сағасын алуға турарлық иін бұл тұста будан басқа жерде жоқ... Егер сағаны будан бастайтын болсақ, үлкен жұмыстарға осы бастан мойындау керек. Ең алдымен, доғаланған имек арнаны жойып, доғаның екі басын байлау керек те, өзен арнасын туралау керек. Ол үшін, бес-алты километрлік тың арна қазылады... Екінші — дарияның Бақабас жақ жары ойлы-қырлы, оларды Бақабас иінімен теңестіріп көтеру керек... Үшінші — канал сағасының екі босағасын да кең, қылып цементпен бекіту керек... Төртінші — сен, бөгегенде су жағадан асып төгілсе, ойдағы қалалы және егістікті қарық қып кетпеу үшін, суды ұстайтын көтерме соғу керек... Дарияның құмға ауып кету қаупінен осындай шараларды қолданғанда ғана құтыламыз, ол шараларды жүргізбей, Бақабастан каналдың сағасын алуға болмайды.

— Түсінікті, — деді Байжан, — сізге бір сұрау беруге бола ма, Анатолий Кондратьевич.

— Әрине болады.

— Сіздің баяндауыңыздан канал сағасын Бақабастан алу, Құс тұмсықтан алудан шаруаға пайдалы сияқты. Сіз, тек қана, шығыны көп болады деп ойлаған сияқтысыз. Неге өйттіңіз? Жаңағы сөздеріңіздің бәрі дәлелді. Мәселені үкіметтің алдына осылай қойғанда, бұл тұсты бекітуге үкімет сізге жеткілікті қаражат та, материал да беретін еді ғой?..

— Рас, — деді Анатолий Кондратьевич, — суландыратын егіс көлемі жағынан алып қарағанда, Бақабас варианты Құс тұмсық вариантынан әлдеқайда бай. Соны біле тұра Құс тұмсыққа тоқтаған себебіміз, біріншіден, оған құрылыс материалы екі есе аз кетеді; екіншіден, Бақабастан ол екі есе жылдам бітеді; үшіншіден, егер жолында оқпан кездеспегенде, ол жөнде дарияға деген қауып жоқ та.

— Сонымен, енді Бақабасқа тоқтаймыз ба? — деді секретарь.

— Зерттеп, оған байланысты мәселенің бәрін алдын ала шешіп болғаннан кейін, — деді Анатолий Кондратьевич.

Бірақ, бұл жоспарды тез арада жасап шығарлық қуат Анатолий Кондратьевичте жоқтығын секретарь бұған дейін де білетін, қазір де көріп отыр. Ұзақ ұстап барып әрең айыққан безгектің салдарынан ба, әлде оқпан қайғысынан ба, онда қазір зерттеу жұмысын басқарарлықтай күш-қуаты жоқ. Сондықтан, секретарьдың:

— Сонда, бұл жоспарды жасауды кімге тапсырамыз? — деген сұрауына, өз халін жақсы білетін Анатолий Кондратьевич:

— Әрине, Байжанға! — деп жауап берді.

Олар осыған уәделесті. Жаңа жоспар жасалатын өлкені географиялық және геологиялық жағынан зерттеу үшін Байжан басқарған партия іске кірісті.

ОН БІРІНШІ ТАРАУ

ҚУАНЫШ

Бақабас жоспарын жасауға кіріскен зерттеу партиясы, жазды аяқтай, қызметін бітірді. Оның қорытуы бойынша, бұл беткейде ешбір оқпан қаупі жоқ. Сол кезде, Брехунец басқарған техниктер мен инженерлер бригадасы да канал сағасын бекітудің, дарияның имек арнасын түзетудің, көтерме соғудың, қауыпты жағаның ой-қырын тегістеп, еңсесін көтерудің, канал бойына ірілі-ұсақты шлюздер мен тоғандар соғудың жоспарын жасап болды. Анатолий Кондратьевичтің жобасы дұрыс екен — Бақабасты бекітуге материал, әсіресе цемент пен темір Құс тұмсықты бекітуден әлдеқайда көп керек және ол материалдардың біразын тысқары республикалардан алмаса, Қазақстанның өзінде жоқ.

Байжан бастап зерттеген бригаданың мөлшерлеуі бойынша, Бақабастан басталатын каналдың жер қазу жұмысы, Құс тұмсық жоспарымен шамалас боп шықты. Бірақ, бұған дарияның имек арнасын түзету жұмысы кірмейді. Бригаданың есептеуінше, бұл түзетудің жер қазу жұмысы, каналдың магистралын қазып шығудан кем түспейді, қаражат пен адам күші де содан кем жұмсалмайды.

Бақабас вариантын зерттеуге шыққан Байжан жұмысын бітіргеннен кейін Қызылордаға қайтты. Жақа жоспар облыстық су шаруашылық мекемесінде қаралып бекілді. Одан кейін обкомның қарауына тапсырылды. Бюроның мәжілісіне, өзге мамандармен қабат Анатолий Кондратьевич те шақырылды. Бұл кезде ол безгектен айығып болмай, әлі де әлсіз еді.

Жоспар туралы баяндаманы Байжан жасады. Оның салмақпен дәлелдей, әрбір егжей-тегжейіне тоқтала сөйлеуінен, өз міндетіне алып атқарған істе тәжірибелік және теориялық жағы көп екендігі байқалды. Каналдық жоспарымен қатар, Байжан Бақабастың сағасына аудан орталығы да көшетіндігін, бұл қаланың аты да Алмалық болатындығын, оны мәдениетті қала қып салу үшін нендей материалдар, қаражат және күш керектігін айтып шықты.

Жасалған жоспарға бюроға қатынасқандардан қарсылық айтушылар болған жоқ. Тек, олардың талқыға салған мәселесі — әуелі нені бұрын бастау: каналды ма, өзеннің арнасын туралауды ма? Екеуін қатар жүргізуге облыстың күші келмейді. Сондықтан кезекке қою керек те, әуелі біреуін бітіріп алып, екіншісіне содан кейін көшу керек.

Бұл туралы әркім әртүрлі ұсыныстар жасағанда, Анатолий Кондратьевич бірінші кезекте арнаны туралап, жағаны бекітуді ұсынды. Ентіге сөйлеп ұзақ дәлелдегенде оның қорытып айтқаны:

— Имек арна тураланбай, бергі жақ жаға тегістеліп бекілмей, жаңадан орнайтын Алмалық қаласын топан басу қаупінен, дарияның құмға ауу қаупінен құтыла алмаймыз. Мұны істемей каналға кіріссек еңбегіміз далаға кетуі мүмкін...

Сырласатын қайын атасымен Байжан бұл мәселе жөнінде бюродан бұрын, өздерінің пәтерлерінде де айтысып, екеуі келісімге келе алмап еді. Дегенмен, дәл бюро мәжілісінде қайын атасы бұрынғы пікірін қолдай қояды деп ойлаған жоқ еді. Анатолий Кондратьевич бюрода өз пікірін қолдан шыққан соң, Байжан онымен амалсыз айтысқа түсті. Өз сөзінде ол, орынсыз сақсынудың қажеті жоқтығын, соңғы он бес-жиырма жыл бойында қайталамаған қауіптің алдағы бірер жылда қайталауы дәлелсіздігін, ендеше әуелі каналды жүргізіп ап, оған сыбайлас істерді асықпай колға алуға болатындығын, қарт және сырқат қайын атасының ашуын келтірмейтін дәрежеде жұмсақ, жатық тілмен айтып берді.

— Егер, — деді ол, сөзінің қорытындысына таяна, бетін қайын атасына тура қаратып ап, — сіздің ұсынысыңыз бюрода қабылданса, биылғы күз, алдағы жаз түгелімен өзеннің арнасын туралаумен етеді. Оның аты — каналдың өз құрылысы 1942 жылдың көктемін күтеді деген сөз. Оның аты, — деді Байжан, дәлелін салмақтана түскісі келген мақсатпен, сөзін қайталап, — ауданның егістік келемін өсіруді, бай астық алуды, көшпелі колхоздарды қоныстандыруды бірер жыл бөгей тұру болады... Ауданның орталығын жаңа қонысқа әкелу де кешігеді... Мемлекеттік көзбен қарағанда, мұның аты — көрінеу көзге, сарайымызға төгілгелі тұрған байлықтан бас тарту болады. Рас, Анатолий Кондратьевич сөзі де дәлелді. Бірақ, қайталап айтқанда, соңғы он бес-жиырма жылда ұшыраспаған апат алдағы жылда ұшырасар деуге дәлеліміз жоқ. Әуелі каналды бітіріп алу қажет. Мүмкіндікті есептегенде, оған жыл жарым ғана уақыт керек. Содан кейін Анатолий Кондратьевич мазасыздандыратын іске кіріссек, аржағында сондай мерзімде орындап тастаймыз. Сонымен, қайталап айтқанда, менің ұсынарым: осы күзден бастап канал құрылысына кірісу керек. Ең алдымен қолға алатынымыз — сағаны бекіту, бас шлюзді орнату, бұл жұмыстар көктемге дейін жетеді. Жер қазу жұмысына көктемнен кірісеміз. Техниканың және адамның күшін есептегенде, алдағы жазда, бірінші кезекте суландыратын жерге жеткілікті канал тармағын қазып үлгереміз. Қалғанына асықпай кірісеміз де, 1942 жылдың көктемінен, басты міндет қып өзен арнасын туралауды қолға аламыз...

Бюроға қатынасқан мамандардың көпшілігі, Байжанның ұсынысын қолдады. Бұл жөнде әсіресе қызу сөйлеп, Байжан ұсынысы алынуды талап еткен Рахмет. Дегенмен, бюро мүшелері өзара ақылдасты да, мәселені ойлана түсіп шешу үшін кейінге қалдырды.

Кейінірек шақырылған бюрода біраз мамандардың пікірлерін тағы да тыңдап алғаннан кейін, обкомның бірінші секретары Байжанның ұсынысын қолдап шықты.

— Бірақ, — деді ол сөзін қорытарда, — бұған Анатолий Кондратьевич өкпелі боп қалуға тиісті емес. Ол кісінің сөзі сақтанудан ғана шыққан жоқ, ойланудан, дәлелдеуден туып отыр. Бұл сақтықтың артында, аз уақыттың емес, көп уақыттың қамын ойлау, өлкеміздің және дарияның болашақ тағдырын кеңінен толғау жатыр... Сонымен қатар, Байжанның сөзі де жанды: халықтың асыға күтіп отырғаны канал!.. Ол шел даланың тез суланып гүлденуін тілейді. Сондықтан, Анатолий Кондратьевич болжаған қауіпке, тәуекелге бел байлап, қарсы шығу қажет. Біз табиғатпен тартысқа түскелі, анығырақ айтқанда, соғысқалы отырмыз... Соғысқан «жауды» сақтықпен ғана жеңуге болмайды. Оған тәуекел де керек. Әрине, ақылға сиятын тәуекел... Бектасов жолдастың ұсынысын алғанда, сағаға орнайтын қаланың да, егіс өлкелерінің де қауып болатыны рас. Бірақ қарттардың да, өзіңіздің де айтуларыңыз, дарияның Бақабас тұсындағы жарынан төгіле тасуы анда-санда, яғни жиырма-отыз жылда бірақ кездесуге мүмкін көрінеді ғой. Ендеше, ондай қауыпты алдағы бірер жылда неге күтеміз? Бұл бір. Екінші, тентек дарияның шалдуар қылығын аяқ астынан күтіп үнемі үрейлене бермеу үшін, Бектасов жолдастың жоспарына да аздап түзету кіргізейік. Оның жоспарында көтерме соғу бар ғой, яғни, дарияның тасыған су төгілер-ау деп қорқатын аласа жағасының бер-жағына суды тоқтататын бөгет жасау. Бұл бөгет дарияның алшақ екі иінін жалғастырса, жағадан су төгілсе де далаға кетпейді. Сайға көл боп тоқырап қалады, онда, қаланы да, егіс даласын да су басып кете алмайды, тек, көтермені биік салсақ болғаны... Бұл да оңай жұмыс емес. Ені елу метрдей, биіктігі бес-алты метрдей, ұзындығы бес-алты километрдей көтерме соғу, кіші-гірім канал қазудан аз күш тілемейді. Мұны істемей және болмайды. Өйткені, Полевой жолдас айтқандай, дарияның кенеттен күтілетін жауының алдында қол қусырып, бас иіп отыруға мүмкін емес. Біз мылқау күштің қорқынышынан ығыспайтын болуымыз керек...

Бірінші секретарьдың толықтыруын қоса, құрылыстың Байжан жоспарлаған кезегі бюрода қабылданды. Іштей өз ұсынысынан қайтпағанмен, Анатолий Кондратьевич обкомның секретарына қарсы келген жоқ.

Бюродан кейін, денсаулығының әлсіздігін дәлел қып Анатолий Кондратьевич обкомға канал құрылысының начальниктің қызметінен босату туралы арыз берді. Оның денсаулығы әлсіздігін білетін бюро мүшелері қарсы болмады да, алдын ала келісіп ап, ол қызметке Байжанды тағайындады. Анатолий Кондратьевич денсаулығы түзелгеннен кейін, Қызылорда плотинасын жоспарлаумен шұғылдануға ризаласты.

Каналдың жаңа начальнигі бюроның қаулысынан кейін қаладан әкететін қажетті адамдарын алып Бақабас участокке көшті. Больница қызметінен босана алмаған Гүлнар, орнына кісі табылғанша қалада қалып қойды. Алдағы көктемге дейін жасалатын жұмысқа керекті мөлшерде адам және көлік тауып беруді Рахмет мойнына алды. Құрылыс материалдарын табу, жеткізу жұмысы Самарқанға жүктелді.

Қабандыдан Бақабасқа көшірілетін аудан орталығы үлгілі социалистік қала боп орналасуға жоспарланғанын біз білеміз. Оның жоспарында, жеке адамдардың үйлерінен басқа, бүкіл аудандық мекемелер түгел сыятын совет үйі, интернаты мен он жылдық мектеп, клуб, больница, электростанция тағы бірнеше қоғамдық үйлер, сарайлар салынуы керек. Құрылыс кезінде жұмыскерлер туратын үйлер уақытша ғана қаланып қоймай, кейін ауданның және аудан орталығындағы колхоздың түпкілікті пайдасына жарарлықтай боп жасалу керек.

Каналдың сағасын бекітуге, шлюз салуға қажетті материалдардың біразы Қазақстаннан тысқары жерден алынатынын білеміз, мысалы, ағаш Сібірден, темір Магнит, цемент Оралдан, стандарттық үйлер Ленинградтан...

Осы материалдарды алуға Самарқанды аттандырғаннан кейін, Байжан іске кірісті. Бұл араға мекендеген елдің байқауынша, жер боп жаралғалы тып-тыныш тағылық қалыпта жатқан Сырдың жағасында қызу қимылдан тұмандай шаң көтеріліп, тарсыл-тұрсыл көбейе бастады...

Істің сондай қарқынмен басталып жатқан шағында, дүбір естілсе ойнақшып мазасы кететін жүйрік сияқтанып, қызу қимылдың дыбысын есітіп қалада жатуға шыдай алмаған адамдай, бір күні құрылыс басына салып-ұрып Анатолий Кондратьевич келіп қалды. Оқпан оқиғасынан бері түсіп кеткен оның еңсесі, мына қызу істі көргеннен кейін, суға жіберген балықтай сергіп жайраңдап кетті... Ол тек қана жайраңдаумен қанағаттанған жоқ, білегін сыбана іске араласып, көп мәселеде ақылшы болды. Бұған қуанған Байжан, Кең тоғайға түскен бір жолында, бұл халды Сырбайға баяндап еді.

— Жүдә есіңде болсын, күйеужан, — деді бұл хабарға Байжаннан кем қуанбаған қарт, — алғыр қыранның шабыты аңды кергенде түседі, жүйрік аттың күйі бәйгені көргенде келеді, балуанның арқасы топты көргенде қозады. Анатөл өз ісінің қыраны да, жүйрігі де, балуаны да. Сонда оның, жүдә, қыран боп шарықтаса да ілер аңы — біздің Сырдария, жүйрік боп шапса да ұтар жері — біздің Сырдария, балуан боп күрессе де жығары — Сырдария!.. Оның жүдә бойына қуат, ойына ақыл, бетіне ажар осы Сыр бойында ғана бітеді. Сырдан айырдың — солдырдың оны!..

Алмалыққа кеп іске кірісе, бойын басқан ауыртпалықтан ажыраған Полевой сырласқан Сырбайға оқпанды табу жөнінде алғысын айта келді.

— Біз сияқты кәрілердің, — деді ол, — Байжан сияқты жастарға, көпшілікті бастайтын зор істі меңгеруде жастық істейді деп қарайтыны болады ғой.

— Әрине, — деді Сырбай.

— Сонымыз қате екен. Расымды айтсам, Байжан канал құрылысының начальнигі боп тағайындалғанда, «басқарып кете алса жақсы, егер кете алмай жастық істесе обал-ау!» деп іштей өкінген ем. Іс жүзінде олай болмай шықты. Мақтағаным емес, жұмысты біліп және орнықты қып істейді.

Байжанның ісін мақтаған Анатолий Кондратьевич оның семьялық өмірі туралы түйткіл боп жүрген бір ойын да досынан жасырмады. Ол ойы — күйеуі Алмалыққа көшкенде, қызының қалада қалып қоюы еді. Бұл туралы ойлағанда, Анатолий Кондратьевич өзінің Шаһадатқа қосылған күнін еске түсіретін. Алыста қап, анда-санда аңсайтын жастық шағы мөлшерден тыс ыстық керіне ме, әлде расы солай болды ма, Шаһадатпен оның жаңа қосылған күндері, мына екеуінің қосылған күндерінен әлдеқайда ыстық сияқты. Шаһадатпен қосылғаннан кейін, ең аз дегенде жыл тәулігіне шейін, күн сайын кермесе, құшақтап сүймесе, Анатолий Кондратьевичтің кеңілі көншімейтін еді. Шаһадат та солай еді.

Гүлнар мен Байжанның арасы олай емес сияқты. Көзді алдаса өздері біледі, әйтпесе, кезге көрінер жерде, қызу күндері етіп, қызылы бозамық тартқан жасамыс адамдардай, бір-біріне ете қоңыржай ғана...

Мұның себебі неде екенін Анатолий Кондратьевич талай толғана ойлап таба алмайды. «Жасырын сыры болса, әйел өз жынысына айтатын болар» деген оймен, Анатолий Кондратьевич Марфуғадан жұқалап сөз тартса, оның да ешбір жаманат білмегендігі байқалады... Байжан мен Гүлнардың өзара сыпайылығы Анатолий Кондратьевичке ұнамағанмен, Марфуғаға аса ұнайды. Жас қосылған адамдардың өздерін жұрт алдында осылай ұстауы, Марфуғаның ұғымында «ифрат дәрежеде шөп». «Әсіреқызыл тез оңады» деген қазақ мақалын білетін және сол мақалды дұрыс керетін Марфуға, Байжан мен Гүлнардың бір-біріне құрақ ұшпауын салқындық емес, ұзаққа төзетін сабырлы махаббаттың бейнесіне жориды.

Сондай ойдағы Марфуға, Анатолий Кондратьевичтің Гүлнар мен Байжан туралы бір емес, бірнеше рет сыр тарта сұраған сөзін сезбей де қойған жоқ. Бұл сезу оны азапқа да салды. «Күйеуі мен қызының бір-біріне сыпайылығын, өзара салқындығы деп ойламаған еді» деген күдік кірді Марфуғаның көңіліне. «Салқындық қайдан болады?» деп толғанды ол. Оның ұғымында, ерлі-зайыпты адамның өзара салқын болуында екі-ақ себеп бар, бірі — қалыңдық күйеуге айыпты келсе, екіншісі — әйелі күйеуінің кезіне шөп салса...

Қалыңдықтың айыпсыздығына көзі жетуде ескі ғұрып қолданатын тәсілдің талайын білетін Марфуға, Байжан мен Гүлнар қосылғанша, «Илаһи солай болғай да!» деп Гүлнардың айыпсыз болуын зар илеп тілейтін Марфуға, ол екеуі қосылған күннің ертеңінде ғана кеңілі жай тауып, сыр айтатын абысын-ажынға «аллаға шүкір» деп бастап, көрген-білгенін жасырмай көйітіп берді... Анатолий Кондратьевичтің сыр тартқан сөзіне қарап, «күдігі осы жақтан болар ма» деген оймен, оған да көрген-білгенін айтайын десе, әйел емес, еркек адам, ретін келтіре алмай-ақ қояды.

Жас үйленгендердің некеленгенге дейінгі халы, Марфуғаның білуінде әлгіндей болса, некеленгеннен кейінгі олардың тұрмысы, оның ойында айта қалғандай. Ескі заманның көп ғұрпына бас иетін, жаңа заманның салтынан шығып қалған ескі ғұрыптың бірталайын сағынатын Марфуға, Байжан мен Гүлнардың көптің көзінде өздерін сыпайы ұстауынан ескі замандағы жастардың салтын тауып, өзінше аса риза болады. Қысқасы, Марфуғаның ұғымында Байжан мен Гүлнардың арасындағы махаббат қай заманның жастарының арасындағы махаббатты алсаң да, ең үлгілісі. Бұл пікірін ол Анатолий Кондратьевичтен де жасырмай:

Гүлнардың қара басына арнаулы өзге сырларын әкесінен жасырып ұстайтын Марфуға, бір сырын айтып қойды... Бір мезгілде Гүлнар ауырды. Алғаш шошынып қалған Марфуға, кешікпей ауру жайын түсіне қойды да, ренжудің орнына қуанды. Гүлнардың сырқаты — асқа кеңілі шаппайды да, ішкенін құса береді. Тұмса адам бұл сырқаттың жайын шамалай алмай:

— Әне, не болды маған? — деп сұраса:

— Хайырлы сырқат, балам, аллаһ тағала ақырын қайырлы етсін — деп күмілжиді...

Гүлнар врачқа көрінсе, Марфуғаның жорамалы рас екен. Жерік айы басталғанын ол енді ғана білді. Ғылым жүзінде «жерік» дегеннің не екенін жақсы білетін ол, өзіне ол «дерт» жабысқанша мән бермейтін еді, енді өз басына түскенде байқаса, айтып түсіндіре алмастық бір керемет!..

Ол киіктің миына құмартты. Өткен жаздағы кеп, әкесіне еріп Қаратау жағына барған ол, аңшы атып әкелген екі-үш киіктің миынан істеген шұжықты жеп, аса дәмді ас көріп қайтқан еді, сондықтан ба, әлде жеріктің белгілі бір асты ғана талғайтындығынан ба, соны жемесе сүлдері құруға айналды. Өзге ас-судың бірі де мейірін қандырмай, ләззат алудың орнына құсты...

Сол кезде, құрылыс басынан Анатолий Кондратьевич келе қалды. Оған «қызың сондай халде» дей қою, Марфуғаға ұят сияқты, айтпайын десе, Қызылорда маңынан киіктің миы түгіл еті де табылар емес...

Үйінде екі-үш күн болған Анатолий Кондратьевич қызының халін сезді де Марфуғадан сұрады. Жалтақтағанмен айтпауға амалы жоғын түсінген Марфуға, басына шаршылай тартқан ақ жаулығының бір ұшын Анатолий Кондратьевич отырған жаққа қалқалап, бетін бір қырын ұстап отырып, киік миының, қажет болған себебін айтып қойды...

Киік бұл мезгілде Қаратауда... Онда барып киік атып әкелуге Анатолий Кондратьевич Байжаннан қолайлы кісіні таппады.

Ол тез аттанды да, Алмалыққа бара Байжанды шақырып ап, кескініңе қулана қарап отырды да:

— Шырақ сен, тегі, Қаратауға барып қайтасың ғой деймін, — деді.

— Неге? — деп сұрады Байжан.

— Киік кеп деседі сонда. Семіз де көзі ғой, қазір оның.

— Киік егін жегіңіз келді ме?

— Мен жермін, басқа жер, барып келсейші, әуелі.

Бұл хабардың, Байжанға қаншалық әсер бергені оның кескінінен байқалды. Соңғы кезде күнінің көбін түзде «жүзетіндіктен қоңыр тартқан оның беті, қуанған жүректің дағдыдан тыс серіккен қанынан күреңдене құлпырды. Былай да өткір көзінің қарашығы, қыза лаулаған жалындай ұшқынданып кетті. Екі езуіне оралған күлкі ұят пен қуанышты сапыра араластырып, бір орнында құйындай үйірілді де тұрды. Болашақ сәбиді сүюге шөлдегендей, еріндері кезеріп, сол сүюдің тезірек болуын тілегендей қыбыр-қыбыр етті...

Соның бәрін бақылаған және себебіне түсінген Анатолий Кондратьевич:

— Қайын атасының күйеуін ұрпағымен құттықтауы, шығыста жоқ әдет, — деді Байжанға қолын ұсынып, — бірақ, мен орыспын ғой, біздің әдетке сыймайды... Тұңғышы мен құттықтаймын. Оның да, әке-шешесінің де өмірлі, бақытты болуын шын жүректен тілеймін!..

— Рахмет! — деген сөз шығып кетті, қайын атасының қолын алған Байжанның аузынан.

— Бұрын ойға оралғанмен, тілге оралмай жүрген бір сезімді енді айтуға рұқсат ет, — деді Анатолий Кондратьевич Байжанның қолын босатпай, кескінін қуландыра түсіп, — Сырдың жеріне де, суына да бұған дейін жатырқай қарайтын ең. Енді қайтер екенсің? Сырдың қазағы жеңер ме екен, сен жеңер ме екенсің?.. Әй, ол жеңер-ақ сені, себебі — келешек оныкі ғой!.. Сөйтіп, Сырдың қазағы боласың да енді?..

«Әрине!» деген жауапты Байжанның өзі емес, қуанышты көзі айтып тұрды... Соған «келістік» дегендей, екеуі айқыра құшақтасты да, қадала сүйісті...

ОН ЕКІНШІ ТАРАУ

КОМСОМОЛЕЦТЕРДІҢ ІСІ

Алмалық қаласының құрылысын басқаруды мойнына алған Рахмет, кезектегі міндеттерді есептеп көрсе, көлемі ұлан-байтақ екен. Оны орындап шығуға орасан көп күш және ынта керек.

Коғамды басқару ісіне араласқалы бірнеше жыл болған Рахметтің басына мықтап бекіген сенім — егер ретін тауып жұмсай білсең, қандай қиын жұмысты болса да еңбекші көпшілік мерзімді уақытына жеткізбей, өрі салғанда асырмай орындап береді.

Рахметтің және бір байқағаны — әрбір қоғамдық істің басталуына да, орындалуына да жетекші керек. Бір адам, не бір топ сол істі бастап кепті көмекке шақырса, көңіліне қонған істен бас тартатын көпшілікті Рахмет көрген емес, оған социалистік құрылыстың істерінен Отанда мыңдаған мысалдар бар.

Алмалық қаласын құруда осы инициативаны кім бастауы керек?

Осы сұрауды алдына қойған Рахметтің есіне Айбарша түсе қалды.

Айбаршаны Рахмет мектеп күндерінен бастап біледі. Қабандыдағы он жылдық қазақ мектебін аудандық партия комитеті шефке алған еді. Мектепке райкомның өзге көрсететін жәрдемдерінің үстіне, Рахметтің өзі де жиі қатынасып, оқу программасының орындалуына дейін көңіл бөлетін. Аулындағы бастауыш мектепті бітіріп кеп, Қабандының он жылдығына түскен Айбарша, кластан класқа үнемі «үздік» бағамен өтті де отырды. Оның бұл үлгеруіне қуанған Рахмет, Айбаршаны үнемі қамқорлыққа алды, оқуының барысында болмашы ғана бәсеңдеуін сезсе, тез көтерілуіне араласып отырды. Жүре-келе Айбарша Рахметтің үй ішімен де араласып, бір жанындай боп кетті. Рахметтің әйелі Назипа Айбаршаға «біздің үйде тұр» деген ұсыныс та жасаған еді, жас та болса кісіге табиғи болуды ұнатпайтын Айбарша:

— Рахмет, апа, интернатта сабақтас балалармен бірге болғаным жақсы, мектептен тыс уақытта да сабағымызды пысықтау үшін, — деп ризаласпады.

«Кісі болатын бала! — деген ұғымда болды Рахмет пен әйелі Айбарша туралы, — оқуды үлгеруі де, мінезі де, қылығы да соған келеді».

Пәтерге тұрмағанмен, Айбарша Рахметтің үйіне келіп жүретін еді. Және, келгенде, жай ғана кіріп шықпай, ас суына араласа, балаларын алдандыра, ойната, тіпті, кейде, кір -қоқыс, сәкісін жуыса, бөлмелерін сыпырыса келеді.

— Шешесі кергенді, үлгілі кісі-ау деп ойлаймын, — дейді Назипа, — қаршадайынан қалай үйретіп тастаған үй шаруасына!.. Іскерлігіне не бересің, ине ұстаса, саусақтары жез қармақтай майысады!... Жеңіл-желпі көйлек-көншекті өзі пішіп тастайды...

— Үй шаруасын да білгені оңды ғой, — дейді Рахмет, — бірақ, түбінде бұл, ең бері салғанда ғылымның бір маманы болады, әйтпесе, көрерсің, осыдан дыңдай академик шығады.

— Орта мектепті бітірген соң, қандай оқуға кетер екен бұл? — деп кеңеседі Рахмет пен әйелі.

Айбаршаның өзінен сұраса:

— Әуелі бітірейік те, содан кейін көрерміз, — деп жылжытпа жауап береді.

Рахмет те, әйелі де Айбаршаның орта мектепті бітіруін асыға күтіп жүрген шағында, олар күтпеген бір жаңалық шыға келді. Райкомда, кабинетінде отырған Рахмет бір күні аудандық оқу бөлімінің бастығы келді де, 1940 жылы он жылдықты бітіретін балалардың арызын көрсетті. Бұл апрель айының іші еді.

«Біз, он жылдықты биыл бітіретін комсомол мүшелері, — деп жазыпты арызда, — алдағы көктемде, Сырдария каналының құрылысы басталады деп естідік. Бұл қуанышты іске біздің, де араласқымыз келеді. Сондықтан, біз экзаменді апрель, май ішінде түгел «үздік» және жақсы бағамен тапсыруға ұйғардық. Осы кезде бізден экзамен алуларыңызды, оқудың бітуіне қаратпауы қызды өтінеміз!»

Рахмет арыздың аяғына қараса, қаз-қатар тізбектеле қойылған қолдардың біріншісі боп, барлық әріптерін сұлу, айқын қондырған «А. Қарымсақова» тұр.

— Кім бұл, Қарымсақова? — деген сұрауды Рахмет аудандық оқу бөлімінің бастығына айта берді де, — Айбарша ма? — деп сұрады.

— Сол.

Рахмет аз ыңылдап отырды да:

— Жақсы арыз, — деді оқу бөлімінің бастығына, — комсомолецтердің патриоттық сезіміне куә боп тұр бұл. Бірақ, оларға айтыңыз: құрылыс жұмысы оқу жылы аяқталмай басталмайды. Сондықтан, экзаменге асықпасын, экзаменді жақсы ұстап шыққан балаларды канал құрылысына қатынастыру, я қатынастырмау мәселесін біз шешпейміз, облыс, асса республикалық басқарушы ұйымдар шешеді. Оны кезінде көрерміз.

Оқу бөлімінің, бастығын сол сөзбен қайырған Рахмет, кешке Айбаршаны үйіне шақыртып алды да, арызға қол қойған мәнін сұрады.

Өзіміздей жастар канал құрылысына жұмылғанда, біз сыртта қаламыз ба деп берген арыз ғой, аға! — деді Айбарша.

— Ол дұрыс. Бірақ, оқуды қайтесің? — деді Рахмет.

— Қайдағы оқу?

— Жоғарғы мектепке бармайсың ба?

— Оған да өмір жетеді ғой, аға. Канал құрылысы бір жылда бітеді. Бір жылғы оқуды көпшіліктің, ісіне қиғымыз келіп еді де.

— Ол жақсы ғой, бірақ тотығып қап жүрмесеңдер?

— Жоқ, тотықпаймыз, аға. Бұл арызды комсомол ұйымының жиналысында талқыладық. Сіз айтқан қауып та сөз болды. Көп талқылағаннан кейін тотықпаймыз деп қаулы алдық.

Рахмет күліп жіберді.

— Күлмеңіз, аға! — деді Айбарша, — рас тотықпаймыз. Әр институттың қасында сырттан оқитын бөлімі бар деседі. Биылша сырттан оқимыз да, келесі жылы екінші курсына түсеміз.

— Өзің қайсысына ұйғардың? — деп сұрады Рахмет.

— Ташкенттегі су шаруашылық институтына, — деді Айбарша.

— Түсінікті! — деп Рахмет салмақты кескінмен аз отырды да, — ал, қарындасым, — деді аздан кейін жымиып, — мысалы, құрылыс ісі бір жылға емес, екі жылға созылды дейік, сонда қайтесіңдер?

— Созылмайды, аға.

— Оны қайдан білесің?

— Жұрттың ынтасынан байқаймын. Құрылыстың басталуын күтіп көпшілік құлшынуда.

— Оны қайдан білесің? — деді Рахмет, жымиюын молайта түсіп.

— Білетінім, — деді Айбарша, — Қармақшы ауданында нағашым бар еді, шешем екеуіміз қыстыгүні барып қайтып ек, сонда бұл араның адамдары түгіл, со жақтағы елдер де канал жұмысы басталса-ақ барамыз деп отырды.

— Түсінікті, — деді Рахмет демін кең алып. — Сендердің арыздарың да түсінікті. Комсомолдық санадан шыққан сөздер ол. Бірақ, мен сенің кетпен ұстауыңнан гөрі институтқа кеткеніңді жақсы көрер ем.

— Неге, аға?

— Рас, біздің ауданның игілікті ісі. Кісі неғұрлым көп болса, канал соғұрлым тез бітеді. Сондықтан, әрбір адамның күші бізге аса қымбат. Әсіресе, сендей қайратты жастың күші қымбат...

— Аға... — дей берген Айбаршаға:

— Тоқтай тұр, шырағым! — деді Рахмет қолын көтеріп. Айбарша тоқтады. — Ойын бір басқа, шырағым, шын бір басқа. Саған мен, қалжыңсыз шын сөз айтқалы отырмын. Менің айтайын деп отырғаным, канал қазуда әрбір адамның күшін қымбат көре отыра, сенің оқуға кеткеніңді жақсы көрем. «Неге?» дейсің ғой?

Айбарша басын изеді.

— Неге десең, — деді Рахмет, нықтай сөйлеп, — каналды біз бүгінгі өміріміз үшін ғана емес, болашақ өміріміз үшін де қазамыз. Ондағы мақсатымыз: Сырдарияның бай суын пайдамызға асыру. Бірақ, суды қарапайым елдің пайдаға асыруы бір басқа да, ғылымның пайдаға асыруы бір басқа. Жасыратыны жоқ, су шаруашылығында ғылымның соңғы табысын толық қолдана алып отырған жоқпыз. Соған кадр жетпей отыр. Жеткені сол ма, бүкіл ауданымызда институт бітірген бір мелиоратор жоқ, техникум бітірген төрт-ақ адам бар.

— Аз екен ғой, аға, — деді бұл мәліметті бірінші рет естіген Айбарша.

— Қажеттік жағынан қарасаң, колхоз басы бір мелиоратор керек болар еді. Бүгінгі осы жоғымыз, ертең де жоқ болса, қайтеміз? Колхоздардың ғылымға сусауы жылдан-жылға арта береді. Оларды қалай сусындандырамыз?.. Ұзын сөздің қысқасы — бізге су шаруасының жоғарғы білімі бар мамандар керек. Біздің келешегіміз Сырбайлар емес, сол жоғарғы білімді мамандар болуға тиісті. Сондықтан, мен сенің институтқа кетуіңді мақұл көрем.

«Ұғындырып болдым» деген кескінімен, Рахмет Айбаршаға тағы да қарап еді, ол үндемеді. «Жеңдім» деген ойға келген Рахмет:

Сонымен, уәделестік қой, осыған? — деді.

Рахметтің күткен жауабы «иә» еді, Айбарша тағы да тым-тырыс.

— Жақсы, келістік осыған! — деді Рахмет.

Рахмет кеткенмен, Айбарша өз сөзін ішінде берік сақтап отыр. Беріктігін ішке сол мықты сақтауымен ол кетіп қалар еді, егер Рахмет оған қоштасарда:

— Оқу бөлімінің, бастығына, арыздарыңды іске тігіп қой дермін, — демесе.

— Тіксе тіге берсін, аға, — деді Айбарша, — өзге балалармен сөйлесіп көріңіз. Ал, мен өзім, сезімнен қайтпаймын.

— Не сөзден? — деді Рахмет.

— «Жұмыста биыл қалам» деген.

Не дерге білмей қалды Рахмет. Манадан айтқан сөзінің бәрі далаға кеткен сияқты болды оған. Іштей қатты кейіген Рахмет, өзін ұстай білетін қалпына бақты да:

— Жақсы, кейін кеңесерміз тағы, — деп қала берді.

Айбарша он жылдықты барлық сабақтан да «үздік» бағаға бітіріп аттестат алды. Үйіне барып осыған байланысты той жасатқан Айбарша Рахметті де шақырды. Тойға барған Рахмет, кезегі кеп қалған бір сәтте, Айбаршаның тамырын басып көрсе, баяғыдай соғады. Сөзі — «биыл жұмыста қалам да институттан сырттай оқимын».

Канал құрылысы 1940 жылдың күзінен 1941 жылдың көктеміне көшетін болған соң, Рахмет Айбаршаға тағы бір жолығып сұраса, баяғы сөзінен әлі де танбайды. Рахметке: «осыны тартпақтайтын жұмыс емес, басқа бірдеме ғой» деген ой келді. Сол ойын жасырмай Айбаршаға айтқанда:

— Не Деп ойлайсыз «басқа бірдемені?» — деп сұрады Айбарша.

Дәулет пен Айбаршаның өзара сүйіспеншілігі барын білетін Рахмет, тік мінезді Айбаршаны өкпелетіп алмайын деген оймен, осы жөнде жұқалап айта келіп:

— Ойың осы болса, оған қосыла алмаймын, — деді сөзін аяқтап. — Қосыла алмағанда, Дәулетті саған, сені Дәулетке қимайды емеспін. Екеуің де бір-бірін, теңсің. Тек, менің айтарым — оқуыңды бітіріп ал да, содан кейін қосыл.

— Көрерміз оны, — деп жалтақтатқан Айбаршаға:

— Қашан көресің? — деді Рахмет, — оқуға баратын болсаң, мезгілі таянып қалды. Арызыңды беру керек.

—-Арыз бере алмаймын, аға!

— Неге?!

— Каналды қазысам дегенім деген.

— Алдағы жылда қазылатын болды ғой ол канал, соған шейін отырасың ба ауылда?

— Отырам.

— Неге?!

— Әйтеуір қазысатын болған соң, бір жыл оқып келген не болады.

— Сырттан да оқимын деген жоқсың ба? Содан кем бе, институттың өзінен барып оқу?

— Кем емес, артық.

— Ендеше?

— Кісі оқуға бармау керек те, барған соң қайтпау керек.

— Қайтпасаң нетеді?

— Бұрынғы сөзіңіз ғой ол. Менің пайдама айтылған сөз. Сонда да орындай алмаймын оны.

Рахмет ашуланып қалды. Тек, тойға келгендігі ғана бөгеді оны, әйтпесе «ақылың жоқ қызсың өзің, неменесің? Өз дегеніңнен аумайтын қисық екенсің!» — деп кетіп қалар еді.

Тойдан кейін салқын амандасып кеткен Рахмет, Айбаршаға ұзақ уақыт жоламай жүрді. Сонда күткені — Дәулетке Айбаршаның қосылуы еді. Егер ондай тойға шақырылса, Рахмет бармауға бекінді. Құлағын Айбарша жаққа түріп ұстаған Рахмет тойды күн сайын күтті, үміті оны күн сайын алдай берді. Астыртын сыр тартатындарды жіберіп көрді ол.

— Біз таныған қыз болса, — деп келді олар, — күйеуге әлі шыға қоятын ойы жоқ оның.

— Мұнысы не?! — деп хайран болды Рахмет.

Райкомның ризашылығымен, аудандық комсомол комитет Айбаршаны күзге қарай Тар тоғайдағы комсомол ұйымының секретары қып сайлады. Содан кейін «Әйтеуір ауылда қалатын болсаң, сені үлкендеу бір іске жегермін!» деп ұйғарды Рахмет.

Рахмет Айбаршаны не іске қосудың ретін келтіре алмай жүргенде, 1940 — 1941 жылдың, қысында аудан орталығын Қабандыдан Алмалыққа көшіру мәселесі келіп шықты. Бұл жұмыстың орындалу тетігі аудан жұртшылығының ынта көрсетуіне байланысты боп отыр. Жұрттың ынтасын көтеруге мұрындық боларлық кісі керек. Оған дәл келіп тұрған адам — Айбарша...

Осыған ойын бекіткен Рахмет «Тар тоғай» колхозына жүріп кетті.

Рахметтің машинасы Айбаршаның үйіне кеп тоқтай қалғанда, Дәметкен есік алдындағы тандырға күлше жанып жатыр еді. Айбарша үйде кітап оқып отырған. Дәметкенге де, ауылдың басқа адамдарына да машина таңсық емес. Талайы келіп, талайы кетіп жатады. Сондықтан, көшені бойлап зырлап келе жатқан машинаны Дәметкен елеген жоқ. Тек, шаңды бұрқыратқан машина қақпасының, алдына тоқтай қалғанда «бұл кім?» дегендей Дәметкен түрегелді. Сол кезде, қолына оқыған кітабын көтере, үйден Айбарша жүгіріп шықты.

Қою шаңдақ машина маңынан сергіген кезде, машинаның есігін ашып шыға берген адамға қызы мен шешесі қараса — Рахмет. Оған жүгіріп барып амандасқан Айбарша:

— Үйге жүріңіз! — деп еді:

— Билік сенде емес, жеңгейде болар, — деді Рахмет Айбаршаға қалжыңдап, — рұқсатты со кісіден сұрайық.

Танып сыпайы амандасқан Дәметкенге:

— Рұқсат болса қонамыз, жеңгей, — деді Рахмет.

— Қон шырағым, — деді Дәметкен.

«Айбаршаның үйіне райком кеп қоныпты» деген сөз бүкіл «Тар тоғайға» іле дүңк ете қалды. Бұл қонуды әркім әртүрлі жорыды. Кеп жорудың ішінде:

— «Той» деп бір кеп, бұлайша бір кеп, мұның өзі осы үйге үйір боп болды-ау?!. Жай келіс болса игі еді, бұл! — деушілер де болды.

— Жай емей немене дейсің? — дегенге:

— Еркек емес дейсің бе оны? — деді күдіктенуші, — ойында бірдемесі болады да...

Бұл хабар, колхозға мал өрісінен түн ортасын аудара келген Дәулетке де жетті. Оған қобалжи қоймаған Дәулет, қонақты күтісу үшін Айбаршаның үйіне барса, шамы жанған үйде ешкім жоқ. Дәулет қора ішінде жарқылдаған отқа барса, Дәметкен жерошаққа орнатқан қазанға ет асып отыр.

Екеуі де қатты ыңғайсызданып қалды: «Қызың қайда?» деу Дәулетке ұят, қызы жоқ болу Дәметкенге ұят. Ұялмас еді, әлгі бір кезде Рахмет Айбаршаны далаға ертіп шығып, қараңғы түнге сіңіп кетпесе!

Қызының олай кетуіне Дәметкен риза боп отырған жоқты. Жасы үлкен болса да, еркек адаммен жеті қараңғы түнде Айбаршаның оңаша кетуі, Дәметкеннің ақылына да сыймаған, ойын да қобалжытқан, бірақ, ол, бұл күнге шейін тыйым айтып кермеген қызына, кетіп бара жатқанда «қайда барасың» дей алмаған, кеткеннен кейін, неге айтпағанына өкінген. Дәулет оның қасына, жан-жүйесінің осындай тынышсыздықта отырған қалпында келді...

Ол екеуі сондай ыңғайсыздықта тұрғанда, қараңғы жақтан қараңдап бері беттеген екі адам көрінді. Дәметкеннің де, Дәулеттің де жоруынша, олар Рахмет пен Айбарша!.. Айбарша Рахметті қолтықтап апты...

Алдарынан қарсы барған Дәулетке Рахмет ыңғайсыздана амандасты, өйткені, Дәулет сыр бермеуге тырысқанмен оның қызғанышы даусынан танылып тұр еді. Соны сезген Рахмет:

— Кешір, Дәулет!.. — деп келе жатыр еді:

— Неменені кешіреді? — деді Айбарша, сөз төркінін түсіне қалып.

— Мезгілсіз кезде жүргенімізді айтам да! — деді Рахмет, әдейі ақ көңіл, Дәулетке кешірім сөзін айтып қалғысы кеп.

— Бізге контроль ма екен, бұл? — деді Айбарша, еркінсіген дауыспен, — осыдан сұрай ма екенбіз, қай уақытта қайда жүруді?..

Рахметпен түнде не кеңескенін Айбарша Дәулетке ертеңінде, мектептің комсомол комитетіне арналған бөлмесіне келгенде айтты.

— Ұзын сөздің қысқасы, — деді ол, «осылай да осылай» деп баяндай кеп, — аудан орталығын Алмалыққа орнатуды, бүкіл ауданының комсомолецтеріне біздің, «Тар тоғай» колхозының комсомол ұйымы үндеухат жазатын болды...

«Тар тоғай» колхозының комсомолецтері аудандық газетке жарияланған үндеухатқа, комсомолецтер ойдағы мөлшерден артық үн қосты.

Үндеухат колхоздардағы комсомол ұйымдарына ғана арналған еді. Бірақ, оған жауап, аудандағы отыз алты колхоздың комсомол ұйымдарынан басқа, осы аудандағы бес совхоздың комсомол ұйымдарынан да келіп жатты.

Әр хатта, қай жердегі комсомол ұйымы қаншалық кісі шығаруға ұйғарғаны аталып жазылып, келетін адамдардың тізімі тіркелді. Жауап хаттарды жинап қорытқанда, келетін адамның саны, Алмалық құрылысына керекті күштен әлдеқайда асып кетті...

Солардың күшімен Алмалықта және қазылмақ каналдың сағасында қызу қарқынды іс басталды...

ОН ҮШІНШІ ТАРАУ

«ТЕЛКӨЛ»

Өткен күз планы ғана сызылған Алмалықтың көшелерінде, 1941 жылдың көктемі басталған кезде ірілі-ұсақты үйлер көбейіп қалды. Екі этажды Совет үйінің ішкі-сыртқы қабырғалары түгел қаланып боп, шатыры жабылып, төбесі мен сәкісі төселіп, шеберлер ішін сылау мен өрнектеуге кірісе бастады. Негізгі жұмысы бітіп болған больницаның бірнеше палаталары қызметке кірісті. Клубтың іргесі қаланып боп, қабырғалары өсуге айналды. Қалалық монша жылдың басынан жұмыс істеді, салынып болған электростанцияның бірнеше машиналары марттан бастап қимылға кіріскенмен, әзірге канал құрылыс объектілерін ғана қамтамасыз етті. Механикалық және кірпіш заводтары өткен күзден-ақ тоқтаусыз жүрді.

Канал құрылысына қажетті құрал-саймандар қыстай тасылып жатты: көктемге дейін бірнеше экскаваторлар, тракторлар, грейдерлер, тасты уататын, бетонды араластыратын машиналар әкелінді... Мыңдаған кетпендер, шоттар, күректер, қайлалар, зембілдер жергілікті мастерскойлардың өздерінде даярланды... Құрылысшыларға керекті: киім-кешек, ыдыс-аяқ, төсек-орын, сабын, темекі сияқты бұйымдар қоймаларға күн бұрын үйілді.

Бақабастың канал сағасы алынатын тұсы кең қазылып, темірлі бетонмен бекілуге кең алқап даярланды. Қажетті мөлшерден әлдеқайда кем болғанмен, темір мен бетонның, алғашқы партиясы келіп те үлгерді. Бетонданатын сағаға айнала салынатын қарабураға жүздеген тонна қамыстар байланды. Сағадағы үлкен шлюздің сұлбасы (каркасы) салынып болды...

Осы жұмыстардың бәрін, «Тар тоғай» колхозының комсомолецтері жазған үндеумен жиналған комсомолецтер атқарып жатты...

Жұмысқа ынталы жастар, бос уақыттарын көңілді өткізді. Олардың ішінде, драмалық, әдебиеттік, ән-күйлік үйірмелер ұйымдасты. Саяси және спорт үйірмелері де ашылды. Клубта шахмат пен дойбы үйірмелерінің жарыс ойындары жүріп жатты. Дарияның мұзында сырғанақ алабы құрылды. Демалыс күндері жастар шаңғы жарысына шықты...

Осының бәріне сүйсіне қараған Байжанда, араласуға ынта бола тура, уақыт болған жоқ. Оның үстіне жұмыстың ауырлығынан ба, әлде бұл араның қысына дағдыланбауынан ба, ол көктемге қарай қазыла жүдеп, тымаудан арылмайтын халге түсті...

Оның бұл халіне өзгеден гөрі Гүлнардың тынышы кетті, сондықтан ол Қызылордадан Алмалыққа қыс ортасында біржола кешіп келді де, больницаның қызметіне орналасты. Содан кейін, Қызылордаға апарып, дәрігерлерге тексертіп көрсе, шаршау мен аздап тымауратудан басқа дерті жоқ екен. Дәрігерлердің айтқан ақылы — каналдың жер қазу жұмысы басталғанша дем алу. Бірақ, оған уақыт қайда — жұмыс бастан асып жатыр...

Байжанды демалысқа көндіре алмаған Гүлнар оның күтіміне көңіл бөлді. Байжан жылқы етін жақсы көретін еді. Алмалыққа келе, Гүлнар бір семіз байталды сойдырды да, соның етінен күн сайын дәмін келтіре бесбармақ асып берді.

Бабы келе біраз оңалған Байжан, Гүлнардың ойындағыдай халге келе алған жоқ. Оның себебін Гүлнар ұйқыға байланыстырды. Бұл жөнде қанша режим сақтатам дегенмен, айтқанын орындауға Байжанның уақыты жоғын Гүлнар керді. Сонда да, кейде баласындай ұрсып мезгілімен жатқызса, таңертең оянғанда орнын сипайды. Оралып келгенде «мұның не?» деп ұрысса, шешенің алдындағы кінәлі баладай еңсесін түсіріп, жалбарынышты көзбен қарай қояды. Сұс бергісі-ақ келмеген Гүлнар, сүйікті жарының баладай мінезіне күліп жібереді де:

— Қайталайсың енді? — дейді назды дауыспен.

— Жоқ! — дейді Байжан да еркелеген дауыспен.

Осы назды сұрау мен ерке жауап күн сайын қайталайды да, ешуақытта орындалмайды... Ұйқыдан басқа уақыттарын ол үнемі құрылыс басында өткізеді...

Көктем бастала, Байжан мен Самарқан «Телкөл» аталатын жайлауға баруға жиналды. Бұл хабарды Гүлнар қуанышпен қарсы алды, өйткені, Телкөл — Сарысу өзені құйылатын алыста. Жері бетегелі, селеулі келетін ол төңіректің, ауа райы, Гүлнардың ұғымында Сырдан әлдеқайда жақсы. Ол тұстың көлдерінде қазір сынасқан қалың құс, соларға аңшылауға да болады, ендеше, шаруашылық мәселелерге байланысты болғанмен, бұл сапардан Байжан біраз дем алып қайтады.

«Эмкаға» мінген Байжан мен Самарқан, Телкөлге таң біліне аттанды. Сыр өлкесінің көктем алдындағы қара суығына бүріскен олар, көктемнің басталғанын Сырдан алыстаған сайын көбірек көрді.

Табын малдарды ілгері қарай өргізе жайған кештердің біразы жол бойына бытырай тоқыраған екен; себебі, кейбір колхоздар малдың, әсіресе қойлардың төлдер шағын шамалай алмай қап, көш үстінде жаппай төлдеу басталыпты да, еріксіз кідіртіпті. Осыларды аралап, қойдың сары уызын іше жүру біздің эмкадағыларға аса зор рахат болды.

— Апыр-ау, мал деген бұл облыста осынша кеп пе еді, — деп хайран қалды Байжан, бір-біріне жалғасқан табындардың арасын жара жүріп келе жатып, — ұшы-қиырына шығып болмайтын дүние ғой мынау!

— Енді қалай деп ең, жезде? — деді Самарқан, өз облысының шаруашылық жайын білетіндігін көрсеткісі кеп және облыстың халы бұл мәселеде жақсы болғандықтан мақтанғысы кеп, — білмейсің бе, жезде, Қазақстан Орталық Партия Комитеті мен Халық Комиссарлар Советінің ауыспалы қызыл туы біздің облыста екенін?

— Солай екен ғой, айтпақшы!

— Қызылорданың республикадағы ең бай облыстың, бірі екенін газеттен оқу бір сәрі де, сол көп малды көзбен керу бір сәрі ғой, жезде, — деді Самарқан, Байжанның көп малдан алған әсерін күшейте түскісі кеп, — «тіл тиеді», «көз тиеді» дейтін баяғы заман емес, не деген көп мал, бұл!.. Жердің жүзіне, күннің көзіне сияр емес қой!..

Самарқанның мақтанып кетуіне Байжан қарқылдап күлді де, көңіліне кеп қалар деген оймен, күлкісін тез тыйып:

— Рас, — деді мақұлдап, — неше ауданның малы екен мұның өзі?

— Осы тұстағы үш ауданның ғана, — деді Самарқан, — олардың да барлық малы емес. Ірі қаралардың көпшілігі әлі Сыр бойында.

— Өзге аудандардың, малдары қай жайлауға шығады? — деді Байжан.

— Мойынқұмға, Қарақұмға...

— Жайылымға жете ме, ол құмдар?

— Түһ, білмейтін бе едің құмды жердің Сыр өлкесінде қанша екенін?! — деді Самарқан. — «Брутто», «нетто» деп бөліп жүрген жоқсыңдар ма бұл өлкенің, жерлерін? «Бруттосы» — егінге жарарлық жер деп, «неттосы» — егінге жарағысыз жер деп? Есіңде бар ма қанып екендігі?

— Шамасы, 95 процент қой деймін.

— Сонда, осы 95 процент мал жайылымына қаншасы «брутто» екенін есептеген кісі бар ма екен?

— Қайдам, — деді Байжан, — менің есебімде егіндік жердің «бруттосы» бар. Мал жайылымының «бруттосын» есептеген емеспін және есептеймін деп ойламаймын да. Қайтем, есептеп, землемер емеспін, малшы емеспін.

— Онда, есептемесем де мен-ақ айтайын. Әлгі, 95 процент деп отырған «неттоңның» шамасы алпыс проценті — Қарақұм мен Мойынқұмда ғой деймін, қырық проценті — Қызылқұмда. Қарақұм мен Мойынқұм малдың жазғы жайлауы, Қызылқұм — қысқы жайылымы. Осы жайлауларда, малға жайылым болмайтын бір процент те «нетто» жоқ десем артық болмайды ғой деймін. Бұл құмдардан мал жұтап көрген емес. Өзге өсімдік шықпай қалғанда, жалғыз «қоян сүйекті» жеп те мал күн көреді.

— Не ол «қоян сүйек?»

— Ағаш пен шептің арасындағы бірдеме. Тегі, сексеуілдің азғыны ғой деймін. Құмға қаптап өседі. Жыл сайын көктемде ағаштай кектеп жапырақтанады. Дәмі жусан сияқты ашқылтым. Көктеген кезде, мал оған өліп кете жаздап, өзге көк шөпті оттамай, соның басын ғана шалады. Жапырағы тез ұшады, одан кейін, ашықпаған мал жемейді, ашыққан мал бұтағын жесе, сұлыдай семіртіп жібереді.

— Тамаша екен ғой, — деді бұған шейін «қоян сүйек» дегенді білмейтін Байжан, Самарқанның ол туралы кеңесін қызыға тыңдап — білмейтін байлығымыз көп-ау жердің үстінде де, астында да.

— Әрине, кеп. Мысалы, айтып келе жатқан құмдар. Білмейтін жұрт «құм» деген атынан қорқады. Білген кісіге тамаша өлі.

— Мүмкін, Сыр бойының құмы ғана солай болар? — деді Байжан қуланып.

— Мүмкін. Әркім білгенін мақтайды да. Мен өз жерімнің, өзім жасымнан ішінде өскен құмын мақтаймын. Және, мақтауға тұрарлық болған соң мақтаймын. Малдың семіздігін мақтағысы келген қазақ: «түгін тартса майы шығады» дейді ғой. Сол айтқандай, Сыр бойының құмының түгін тартсаң майы шығады. Білмеген жұрт «шөл» деп ойлайды ол құмды. Қайдан шөл болады ол? Белес құмдардың арасынан бұлақ ағып жатады!.. Төрт-бес метр құдық қазсаң, суы бір табын малға жетеді.

— Бай екен онда, — деді, бұл темада кеңес тыңдауға жалыққандай болған Байжан, Самарқанның сезін аяқтағысы кеп.

— Әрине, бай, — деді Самарқан, шалқыған кескінмен, — сіздер ойлайсыздар. Сыр бойын егінмен ғана байытамыз деп. Қате пікір. Егінмен де байы. О да өркендей берсін. Бірақ, Сыр бойының байлығы ол ғана емес. Сырдың егін жөніндегі қазіргі байлығынан да, келешек« тегі байлығынан да, малының қазіргі және келешектегі байлығы кем болуға тиісті емес.

— Артық болса да қызған, — деді Байжан күліп.

— Қызғана бер, — деді Самарқан қалжыңды дауыспен, — егер, артылмауға шамаң келсе. Келмейді шамаң. Қайдан келеді, Сыр бойындағы егінге жарайтын барлық «брутто» — бес-ақ миллион гектар жер, одан артықты таба алмайсың. Ал, құмдарына малды неше миллион қып өсірсең де жете береді: мейлі он, мейлі жүз миллион болсын!..

— Аздап кемітуге болмас па екен, — деді Байжан күліп.

— Мәселе кеміту, есіруде емес, — деді Самарқан салмақты дауыспен. — Мәселе, малдың басын есіруде. Партияның айтуынша Қазақстан Шығыстағы мал шаруашылығымыздың базасы болу керек. Сондай мал өсіп жатқан да, өсетін де ең жақсы базаның бірі біздің Сырдың құмдары. Малдың көбеймеуі бола ма, егер жаз да, қыс та аяғынан оттап шығуға есімдігі жетіп тұрса... және малға жағымды өсімдік болса?

— Әрине. Бірақ, санын ғана өсіре бермей, сапа жағын да ескеру керек болмаса?

— Әрине, керек болады. Бұл құмның малы — қой ғой Қаракөл қой дегеніңіз, жуырда ғана келгенмен, бұл құмдардың ата малындай боп алды. Қозыларының, терісі, ең мақтаулы қарақалпақ қаракөліне беріспейді.

— Рас ол, әнеукүні жолым түсіп, «Бірінші май» колхозына соғып ем, кейбір күйек -асты болған қойлар қозылап жатыр екен, сонда бір шал «мынау Анатөлдің немересіне сыйым» деп, бұйрасы маржандай тізілген күрең қаракөлді ұстата берді.

— Немересі кім? — деді Самарқан.

— Өзім жобалар десем, сұрағаның не қылғаның? — деді Байжан жымиып.

— Ім-м-м, білдім, — деді Самарқан, — бауы берік болсын деп тілейміз де, ол немеренің?

— Әмин! — деді Байжан, — сонымен, әлгі шал берген қозының терісіне қарасам, бақайшақтарына, құйрығына, шаптарына шейін бұйра!.. Ондай бұйраны көрген емен!..

Көрмесең біздің елден көр! — деді Самарқан серпін, — жалғыз біздің ауданнан биыл сексен мыңға жақын қаракөл қой қозылайды десіп жүр, соның бәрі де сол саған берген елтірідей болады...

Машина бұл кезде, алдында мана бұлдырап көрінген бұйрат құмға таянып қап еді. Бұйрат жолдың күнгей жағына ғана біткен және өркештенген биік. Сол құмды орай зымырап келе жатқан машина, бір қалтарыстан өте бергенде, алдағы жазық далада, сағым ішінде бұлдырап бір керемет көрініс ұшырай кетті: екі салт адам қашып барады, бір түйе оларды қуып барады... Құм арасында жайылған бір топ түйе, оларды қызық көргендей, мойындарын көтере, бастарын қақшитып қарасып тұр.

— Көрдің бе ананы? — деді Байжан Самарқанға.

— Көрдім.

— Бура қуып барады ғой, анау екі адамды!.. Байқайсың ба, қашқанның біреуінің аты еркін сияқты?.. Артының аты тегі қаржалған ба, қалай?

— Меніңше, қаржалған ат емес. Оның да аяқ алысы жинақ. Алдыңғысы жүйрік, кейінгісі топыры ат болуы мүмкін...

— Әйел сияқты емес пе, арттағы адам?

— Иә, әйел, — деді Самарқан үңіле қарап, — түйе жетуге айналды... Әйелді алады ол... құтқару керек!..

— Қалай?

— Бұрыламыз да тартамыз, соларға қарай!.. Жер — жазық!..

Рульде отырған Байжан машинасын түйеге қарай бұрды да, бар жүрісімен айдады..

Жазықтың тегістігі асфальттай екен. Бура салттыларды ұтса, машина бураны ұтты. Бірақ, машина қанша ұтқанмен, бура мен машинаның арасы алшақ, салттылар мен бураның арасы жақын; бура салттыларға машинадан бұрын жететін...

Түйе салттыларға тіпті жақындап қалған кезде, алдындағы салтты артына кілт бурылды да, бураға қарсы дүрсе қоя берді. Түйе қарсы ұмтылған адамнан сескенгендей, жерге төсей шапқан мойнын қайқайта көтеріп алды...

...Қарсы шапқан салтты түйемен айқасып кеп кетті» Түйені салтты ұра алды ма, жоқ па, оншасын машинадағылар шамалай алған жоқ. Тек, олардың айқын көргені — салтты тоқтай қалған .түйеден машинаға қарсы ағып өтті. Жолаушылар «енді не болар екен?» деп аузын жиған, тоқтаған түйе артына кілт бұрылды да, салттының артына түсіп кеп берді!..

Не деген жүйрік екенін кім білсін, недәуір жер кетіп қалған салттыны түйе бастырмалатуға айналды... Екінші салтты да түйеге қарай шапты... Машина әлі алысырақ.., Түйе салттыны бұрын шалатын...

— Мылтықты ал да ат'! — деді Байжан Самарқанға, — мынау құтырған бура екен, енді салттыны алады...

— Оқ жетер жер емес қой, — деді Самарқан.

Аты қаржалды ма, әлде бойын жинап әдіс қолданғысы келді ме, салтты атының қарқынын тежеген сияқтанды... ирелеңдеп қуған түйе тақалып қалды...

Түйенің бұл жолы тістеуге ойлағандығы, қуып жеткен аттың қыр арқасын көлбете, ат үстіндегі адамға соза берген мойнынан байқалды...

Түйенің созған басы аттың сауыр жағынан үстіндегі адамға жақындай бергенде, салтты ерге бір жамбастай отыра қап, бастан ұрып кеп жібергенде, түйе омақата кеп құлады.

— Ұруыңа болайын! — деді сүйсініп кеткен Байжан.

— Үру емес, ату ғой, мынау! — деді Самарқан қостап.

Со кезде алдыңғы салттыға артқы салтты жетті де, екеуі қатарласа, машинадағыларға қарсы шапты.. Олар машинаға жеткенше, түйе құлаған орнынан түрегелді, бірақ бойына әрең ие болғандай теңселіп, басын шайқап құйрығын бұлғақтатып сол орнында тұрды...

Ағызып кеп қалған машинаға жақындағанда, салттылар тоқтай қалды. Машина да тоқтады. Таныс адамдар: түйені соққан — Дәулет, қасындағы — Айбарша!.. Екеуінің де кескіндері күп-күрең!.. Дәулеттің иығында асынған мылтық...

— Бұл не? — деді Байжан Дәулетке.

— Артынан естірсің, жезде, әуелі бураны көрейік! — деді Дәулет. — Өлмесе де өлімші болған шығар!..

— Немен соқтың, өзін?

— Мынамен! — деп Дәулет оқ қолына ұстаған қамшыны көрсетті, сабы қысқа, алақаны жалпақ, өрімі әлді білектей жуан, әрі ұзындау келген қамшы екен.

— Жүр, жезде, көрейік! — .деп Дәулет атын тебіне жөнелді. Машина да қозғалды... Жеген таяқ батты ма, әлде машинадан үрікті ме, беттегендер таяна бергенде, бура бұтын талтайтып, құйрығымен жаясын сабалап ,аузынан жынын шашып аз шабынды да, бет -алды құла дүзге қаша жөнелді.

— Ал, қудық! — деді Дәулет атын тебіне жөнеліп.

Оның астындағы, Байжанды алғаш қарсы алғанда мініп шыққан құла жорға екен. Жорғасы мұндай қатты болар ма, дедектегенде құстай ұшты. Машинасының аттан озбауын намыс көргендей, Байжан жылдам жүрісіне салып жіберіп еді, төселген тақтайдай тегіс пен зымыраған машина аттан озып кетті.

Қашқан бураны машина лезде қуып жетті. Тағы да бір таянғанын дыбысынан аңғарған бура, бас сауға іздеп, артына жалтақтай, жан-жағына жалтара қашты. Бураның сасқанын көріп еркінсіген Байжан алдын ораса, оң көзінен қан шұбырып тұр!.. Құтырған бураның бәріне тәуелді дағдымен, бұл бураның да өңеші аузынан шығып, қып-қызыл боп салбырап кеткен.. Машинасын тоқтатқан Байжан, қасынан ағып өте берген Дәулетті айқай сап шақырып алды.

— Көрдім, — деді ол Дәулетке, — көзін шығарыпсың. Несіне қуасың енді, Айбарша да жетті. Дәулетті ол кексте келді.

— Не болды, сонша еліре шауып? — деді ол, Дәулетке тікіленіп.

Дәулет «айыптымын» дегендей төмен қарады.

— Бәсе, деймін-ау, — деді Байжан Дәулетке қарап, Айбаршаны аздап ұйтқысы кеп, — артыңа қарайламай шабасың. Атыңның ұшқырлығын көрсеткің келе ме Айбаршаға?

— Онда сіздің жұмысыңыз қанша, жезде-еке? — деді Айбарша, — қыстырылмай-ақ қойыңыз, бойыңыз сыймайтын жерге!..

— Ә, солай ма еді, балдызым, — деді Байжан, жымиып, — жіксіз біріккен адам болсаңдар кіріспей-ақ қойдық. Менің жоқтағаным сенің намысың еді.

— Рахмет, жезде! — деп Айбарша атынан түсті де, қарығын бастыр, аттарды аяңдатып кел! — деп атының тізгінін Дәулетке ұсынды.

Дәулет Байжанға жымия бір қарап алды да, Айбарша берген тізгінді алып, атып үн-түнсіз жетектей жөнелді.

— Правильно делаешь, товарищ колхозница! — деді Байжан. — Мұның халық мүлкіне қамқорлығың. Дұрыс па. Самарқан?..

Солғын жүзді Самарқан жауап берген жоқ. Айбарша мен Дәулеттің арасындағы сүйіспеншілік қылықтар Самарқанға бататынын біле тура, әлгінде басына келген бір әзілді аяқтағысы келген Байжан:

— Азар болса, «кіріспе» деп тағы сөгерсің, балдызым, — деді Айбаршаға, — сонда да айтайын, сенің астыңа топыры беріп, жорғаны өзі мінгені несі, Дәулеттің?.

Айбарша Дәулетті арашалай жауап берді:

— Жорғаны мінбеген езім, — деді ол.

— Неге?

— Басы қатты. Әнеукүні мінемін деп, қолымды қарыстырып тастаған.

— Балуан қыздың бірі ме деп жүрсем, сен де нәзік пе едің, балдызым?

— Атымыз «әйел» ғой, жезде-еке, қара күшке еркекпен қалай теңдесе аламыз және Дәулет сияқты жігітпен!..

— Солай ма?! — деді Байжан күліп, — ал, жол болсын!

— Әлей болсын, жезде. Малшы емес пе, әлгі Дәулет деген. Қыстай құрылыс жұмысында боп, малға сағынып қапты. Баққан малы Телкөлге кетті деген соң, көріп қайтуға келе жатыр-ау.

— Сен?

— Босқа жол шеге ме кісі? Менің де жұмысым болғаны да.

Әзіл сөзді әрі қарай өрбітуге, аттарын тыныстатқан Дәулет кеп қалды.

— Жүреміз бе? — деді ол Айбаршаға.

— Жүрейік, — деді Айбарша, атына беттеп.

— Мүмкін, машинаға мінерсің, балдызым? — деді Байжан.

— Рахмет, жезде. Атым тиіп.

— Бура қуған қызықты сұрамадым-ау, — деді Байжан Дәулетке, Айбаршаны қолтықтай атына мінгізе беріп.

— Байлауда жатқан бура ғой деймін, — деді Дәулет, — сабағы үзілген ноқтасы басында тұр. Және шөгіп көп жатқандықтан тізе жүндері де түсіп, қара қайыстанып қалыпты. Мейлінше жараған қу екен, өзі...

Дәулет Айбаршаға қарады да, кідіріп қалды. Оның айтайын дегені: «Маған бура я жетер, я жетпес еді, Айбаршаға қарайладым» деу еді, оны түсінгендей Айбарша «айтпа» деген кескін көрсетті.

— Қолың да қатты екен, қамшың да өткір екен! — деді Байжан, — қайдан алынған қамшы, бұл?

— Бала күнімде, — деді Дәулет, — әкем Сарысу бойындағы жекжатына ертіп апарып, ат-түйедей қалап алып еді, Сарысу елі мұндай қамшыны төбелес үшін ергізіп, атқа мінсе, ердің, басына қыстыра қоятын көрінеді.

— Неше таспа екен өзі?

— Жиырма төрт. Өзегіне жармасып сап өрсе керек. Иесі батыр және аңшы кісі екен. Даланың тағы қабанын осы қамшымен бір тартқаннан қалдырмайтын едім деп отырды.

— Ал, жақсы, — деді Дәулет, қайтып берген қамшыны қолына ап, жүретін ыңғай көрсетіп, — біздің ауылдың бақташыларына бара берерсіңдер. Телкөлдің қоспақ тұсында отырған болар. Біз де кешікпей жетерміз.

Байжан Самарқанға қарап еді, кескіні ыңғайсыздау екен. Байжан ол халін сезбеген қалпын көрсетті.

Айбарша мен Дәулет жөнеле берді.

ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУ

ТҮНГІ КЕҢЕС

Айбарша мен Дәулет жөнелгеннен кейін машинаға міне берген Байжанның аузына: «миялар біржола қосылып болған адамдар ғой» деген сөз кеп қап еді, «мына» дей берді де тоқтай қалды.

— Бірдеме айтайын дедің бе? — деп сұрады, қасына отыра берген Самарқан.

— Жай, — дей салды ыңғайсызданған Байжан, машинаны жүргізе жөнеліп.

— «Мына» деп келе жаттың да тоқтай қалдың ғой!

— Жай, мына кең даланың маужырап рахатта тұрғанын айтайын деп ем де; осы кез ғой, бұл араның жақсы шағы, жаздыгүні күйіп тұрады ғой, бұл шөл!..

— Солай ма? — деді Самарқан, Байжанның шынын айтпағанын біле тұра, қыстағысы келмей.

Одан кейін екеуі ұзақ уақыт үн қатысқан жоқ. Неге үнсіз отырғандары екеуіне де түсінікті сияқты: Байжанның үндемеуі — «онсыз да жаралы» деп есептейтін Самарқанның жүрегін тырналамау. Самарқанның үндемеуі — « Айбаршаны Дәулеттен қызғана отыра, онымен таныс болғаннан бергі күндерін көз алдына келтіру.

Бұл таныстықтың тарихы ұзақ емес. Әке-шешесінен жеті-сегіз жасында жетім қап, асырар туысқандары болмай, Арыс станциясындағы детдомға түскен Самарқан, орталау мектепті сол детдомда бітірді де, 1929 жылы Ташкенттегі су шаруашылық техникумына түсті. Онда төрт жыл оқып дипломын алған ол, өзінің туған ауданына келді де, аудандық су шаруашылық мекемесіне техниктік қызметке орналасты.

Қызметке кірісер алдында ол мекемесінен рұқсат алып, туған жері Тар тоғайға барып қайтты. Бұл оның детдомға кеткелі бірінші баруы еді. Қарындас-туысы жоқ оған, Тар тоғайдағы тұрғын адамдардың «алда, бақыр-ай, Қожекемнің баласы екенсің ғой, «ат тұяғын тай басар» деген, жігіт боп қапсың ғой; бәрекелді, өмірлі бол» деген сияқты сөздері жүрегін елжіретерліктей әсер берген жоқ.

Жасында кетіп жатырқап қалған қоныста ол сырғақсып ұзақ тұра алмай, бірер күнде қайтып кетті. Былай шыға өзіне «нені көрдім, кімді көрдім?» деп сұрау бергенде, есінде қалғаны — «осыларды әкең, қолыңнан егіп еді» деген бес-алты терек; адамнан есінде қалғаны — «шырағым, үйге жүріп дәм тат!» деп арнап шақырған төрт-бес адамның ішінде Айбаршаның әкесі Қарымсақ.

Аса ықласпен күткен Қарымсақты есінде қатты тұтқан Самарқан, артынан да Тар тоғайға соқса; түсіп сәлем беріп, амандасып жүрді.

Айбарша ол кезде жас жағынан жаңа өспірім, мінез жағынан шалдуар, еркек-шора қыз болатын. Араға бірнеше жыл түсіп, әкесі өлгеннен кейін Айбаршаны Самарқан Рахметтің үйінде кездестірсе, соқтауылдай қыз боп қапты!.. Және қандай қыз — піскен алмадай!..

Самарқан сол сәттен бастап оны есіне ұстады да, жолыққанда аузына түспеген сөздерің бір ретте хатпен жолдады. Хатқа қысқа жауап қайтты: «Аға! — деп жазыпты Айбарша, — бұдан былай мұндай хат жазбауыңызды өтінем. Жазсаңыз реніш болады».

«Неге ренжиді? Ренжірліктей не жазыппын оған?» Бұл сұраудың жауабын Самарқан ойлап-ойлап таба алмай-ақ қойды.

Ауызша сөйлесе алма, хат жаза алма, сырын енді қалай ақтармақ? Осы арманда жүрген Самарқанға, 1939 жылдың күзінде, Айбаршамен еркін сөйлесудің реті келе кетті.

Самарқан әлдеқалай жолаушылай қалды. Ол салт еді. Атпен ол қатты жүруді жақсы керетін. Сол дағдысымен құмға біткен қалың сексеуілдің арасында шоқытып келе жатса, алдынан салт мінген Айбарша кездесті. Тоқтай қап жол сұраса, Қабандыға оқуға барады екен.

Айбаршаның тік мінезінен қаймығатын Самарқан, өзі білетін сыпайы әдістің бәрін қолданып сөзге келтіріп алды да, туралап айтпағанмен, көңіл күйін сездірді. Оны түсінген Айбарша, есін білген қыздың түлкі жортағына салып, қоштасқанда Самарқанның кеудесіне үміт сәулесін қалдырған сияқтанып кетті.

Арманы алыста болғанмен, сол арманның ұзын арқауының ұшы қолыма ілікті деген үмітте жүрген Самарқан, көлденең тұрар бар ма екен деп қарастырғанда, алдынан Дәулет шыға келді. Жұрттың сөзіне құлақ қойса — Дәулет үлкен кедергі; өз ойына салса — оншалық кедергі емес сияқты. «Қалай кедергі болады?» — деп ойлайды Самарқан, — кедергі болар еді, не менен жоғары болса, не менімен қатар болса! Ол — оқымаған, мен — оқыған... Екеумізді қалай қатар қояды ол?»

Самарқан қызды сыртынан өзімсініп жүргенде, Айбаршаның Дәулетке бейімделіп бара жатқандығы байқалды. Шын қызғаныш оның көңіліне содан бастап кірді... Не істеу керек?.. Әрине, шама келсе, қыздың бетін өзіне бұру керек!..

Олай ойламас еді, егер қыз, емексітуін доғарса. Қыздың бұрынғы ақжарқын қалпы әлі де ақжарқын. Тек махаббат мәселесі туралы ғана аузын аштыртпай, егер ол жөндегі сездің ұшығы көріне бастаса, «мен кетем, аға!» деп дағдылы қорқытатын сөзін көлденең тоса қояды. Үмітін үзбеген Самарқан, «кетсең кет» деп қалай айтсын. «Жанжалы құрсын, — дейді ол, — қойдық!»

Қызғаныштың үлкені — 1940 жылдың күзінен басталды: Алмалық қаласын салуға жиналған комсомолецтер де, канал құрылысына жәрдемдесуге жиналған комсомолецтер де бірнеше бригадаға бөлініп, бригадалар өзара социалист жарысқа түскенде, Дәулет пен Айбаршаның бригадасы шарт жасасты. «Бұл екеуі қайда болса да жұбын жазбауға уәделескен екен!» деген ой келді Самарқанға. Оның бұрынғы қызғанышы үдей түсті. Дәулеттен жеңілдім деп санаған ол, сүйгенін көзіне күйік қылмай, бұл маңнан кеткісі келді де, Байжанға шынын айтты. «Осылай да осылай» деп бар сырын баяндап кеп:

— Сенен өтінішім, — деді ол, — маған руқсат бер, өйткені менің де өзімше арым, намысым, кегім бар; басы жұмыр пендемін ғой, Айбаршаға құмарлық ойымды үнемі ақылға билетіп жүре алсам жақсы, өйтпей, бір күні, күншіл қызғаныш жеңіп кетіп масқара болсам, маған обал болар, саған да ыңғайсыз болар...

Бұл сөздердің бәріне мән бере тыңдаған Байжан:

— Рас қой, оларың, — деді жауабында, — бірақ, менің қолымда емес қой, сенің қызмет мәселең, обкомның қолында ғой.

— Сенен өтінішім, — деді Самарқан, — маған тек, «рұқсат» деген бір ауыз сөз айтсаң жетті, аржағын өзім шешіп алам.

Ендігі жалтарудың орынсыз екенін көрген Байжан турасын айтты:

— Бұл сөздер, — деді ол, — өткен жылы айтылса, мен сөз де қайырмас ем. Биыл амалсыз қарсы болам, өйткені канал құрылысының көп жұмысы сенің қолыңда. Көзіңе мақтағаным емес, сен сияқты қызметкер таба алмаймын...

— Мен тауып берсем ше?

— Жоқ, жолдас, сен таба алмайсың. Қалай табасың? Адамды жерден егіп шығаруға болмайды, кадрды даярлау керек. Ар-ұятыңа жүгініп өзің айтшы, сен басқарып жүрген жұмысты сендей білетін кім бар бұл арада? Әрине, жоқ... Хал-жайыңды жақсы түсінем. Бірақ, жеке бастың ісіне көпшіліктің ісін айырбастауға болмайды, сондықтан, бұл пікірден қайтуыңды өтінем!..

Самарқанды Байжан жеңді... қызметінде қалған Самарқан, содан кейін, Айбаршамен де, Дәулетпен де кездеспеуге тырысты. Соңғы бірер айдан бері Айбарша Алмалықта жоқ-ты, ол Қызылордадағы экскаваторшылар даярлайтын курсқа кеткен, Айбарша мен Дәулеттің құрылыс басында жұптарын жазбауы көзіне күйік бола беретін Самарқан оған қуанған.

Сөйтіп жүргенде Айбарша мен Дәулеттің бүгін, Тел» көл жолында бірігіп ұшыраса кетуі Самарқанға қатты тиді, кеудесінде бәсеңдеген махаббат дауылы қайта көтерілді... Қасындағы Байжанға оның тіл қатпау себебі осы еді...

Олар ұзақ уақыт тіл қатыспас па еді, қайтер еді, егер, біраз жүргеннен кейін алдарын кесе бір топ киік қашпаса...

Байжанның «әне!» деп қолын ұсынған жағына, серги қалған Самарқан көзін тіксе, алдағы жазықта толқыған сағым ішінде бұлдырап. бір топ киік қашып барады екен.

— Қаратаудың киіктері ғой бұл, — деді Байжан, — лақтамайтын саяқтары, не текелері болу керек бұлар, жазыққа отқа шыққан. Қуайық!..

— Жетеміз бе?

— Беті — Сарысу. Өзеннің бергі жағында бұйрат тастар болушы еді, соған паналауға тартты, оған шейін жетемін. Бер жағы жазық.

— Күн кешкіріп барады ғой.

— Қайтер дейсің. Күн батқанша талайын атып аламыз.

Дәулет шақырған ауылға барудан аң қууды артық көрген Самарқан:

— Өзің біл, — деді ризашылық білдірген үнмен.

— Ендеше, мылтықты сен атарсың, мен машинаны жүргізем ғой.

Бетіне іркісте құм байланған жазық далада машинаның еркін жүре алмауынан ба, әлде қашқан жануарлар жүйрік пе, киіктер ұзақ уақыт шалдырмады. Ызаланған Байжан, іркісі құмнан секеңдеуіне қарамай, машинаның педалын жеткен жеріне шейін басып еді.

— Оу, Байжеке-ау, өлтіресің бүйтіп? — деді мазасы кеткен Самарқан.

Самарқан мазасызданғанмен, Байжан машинаны ірікпеді. Екпінді жүйткіген машина, киіктерді біраздан кейін ұта бастады.

— Енді тәуекел де! — деп қойды үміті бекіген Байжан, — даярла, Самарқан, мылтықты! Шалым жерге келген соң-ақ ат!..

— Мерген емеспін ғой мен.

— Түк те мергендік керегі жоқ. Алыста еркінсіп барады киіктер. Жақындасақ берекесі кетеді. Жетсек бұлтаңдап шаба алмай қалады. Сигнал берсең құты тіпті қашады. Ыңғайына келтіре қусам да, тіпті, таяқпен соғар жерге келтірсем де ата алмайсың ба?

— Қайдам, — деді Самарқан күліп, — қолым қалтырамаса!.. Сонда да тәуекел деп керейін...

Киікті қуу қызығы, Самарқанның кеудесін Айбаршаның қайғысынан түгел аршыды. Өзі мерген болмағанмен, киікті атып жығуға сенгенмен, қуу қызығына Байжаннан ол кем батқан жоқ... Бірақ, оны үміті алдады. Киіктерге жақындай берген кезде, сасқалақтаған киіктер бытырай қашуға айналған кезде, машинаның артынан әлде не сарт ете түсті де, жүрісі ауырлай қалды.

— Қап, баллон жарылды-ау! — деді Байжан, машинаны тоқтатып.

Баллон рас жарылған екен. Запастағы доңғалақты салғанша, киіктер қара үзіп кетті. Күн батуға айналды.

— Паналайтын жерлеріне жетті киіктер, — деді Байжан, машина даярланып болған соң, — күн кешкірді. Бұйырмаған аң екен, Телкөлге қайтайық...

Жолсыз жермен қайтып түнге ұрынған олар, Телкөл маңындағы ауылдарды таба алмас па еді, қайтер еді, егер, ауыл жақтан шыққан түнгі дыбыстар алыстан естіліп тұрмаса... Дыбыстарға қарай беттеп келе жатқан машинадағылардың ойларын шырқап шыққан бір әйелдің әні ерекше бөлді. Ән өте көркем де, биік те. Жақындаған сайын тіпті көркемдене, тіпті биіктей түседі.

— Не деген әнші еді мынау әйел! — деп таңданды Байжан. — Кім болды екен бұл? Даусы аспанның астына сияр емес қой өзінің!..

Самарқан жауап қатпады. Оның жобасы — «Айбарша!».

Машина бетін әнге туралап келсе, көлді жағалай қонған екі ауылдың арасында жастар алтыбақан теуіп жатыр екен. Фары жарқыраған машинаны көрген алтыбақандар ойындарын доғарып, күткендей топтала қалысты. Машина тоқтағанда, жұмылған көп жастың ішінен Дәулет қана ұшырап, Айбарша көрінбеді.

— Неғып кешіктіңдер? — деп сұрады Дәулет, — есік ашып шыққан Байжаннан.

Байжан қысқаша жөнін айтты.

— Ал, жүрдік онда, — деді Дәулет, — қонақ үй күтіп отыр.

Дәулеттің сілтеуімен машина кеп тоқтаған, қатар тігілген үш үй, көлдің жағасына жақын екен, алдында — төңірегін қамыстан қоршаған қора, маңайы бықыған қой.

— Шәймерден деген кісінің үйі, — деді Дәулет, машина тоқтаған киіз үйді нұсқап, — бір қора қойдың басын шаба түсіңдер!..

Машинадан түскендерді: сақалын шоқша ғана қып қойған, ұзын қара мұртын баспай еркіне жіберген, орта жасты, зор денелі адам қарсы алды. Шәймерден осы екен.

— Үйге жүріңіздер! — деді ол қонақтарына, амандықтан кейін.

Жуырда көтерген жаңа киіз үйдің төрінде фонарь ілулі екен, ортада сексеуілдің маздап жанған оты. Тоңазып келген қонақтар отқа жақын отырды.

— Ал, құп келдіңдер, қонақтар! — деді Шәймерден, — бір ғана айыбымыз болғалы отыр. Мал төлдеп жатқан кезде қап шығармайтын ата салтымыз бар ғой. Ұят болмаса, қатқан-құтқанына риза боласыңдар.

Оқасы жоқ, — деді Байжан сыпайылық білдіріп. Қарны ашқан өзінің жас етті жегісі-ақ кеп отыр. Оның болмайтынын білген соң, «қатқан-құтқаны тәуір болғай да» деп тілеп отыр.

Бір әйел тыстан екі шелек су көтеріп әкелді. Шамасы 25 — 30-дағы әйел. Киімі ауылша. Бойшаңдау келген, аққұба, керікті кісі.

— Жеңгелерің! — деп сыбыр етті Дәулет.

Қонақтар амандасты.

— Ал, қатын, — деді Шәймерден, әйелін кетпендей тұрпайы сөзбен атап қалғанына қонақтарынан қымсынған белгі көрсетіп, сонысын сездіргендей, беттеріне жымия қарап қойып, — кебежеңнің түбін қақ бүгін. Сыпайы қайындарың кеп қалды, лайықты сыбаға ас!

Әйел күлімсіреді де үндемеді. Ас жабдығына кірісті, әуелі отқа ошақты әкеп тұрғызды, одан, қазан асып су құйды, содан кейін, оң босағада тұрған кең кебеженің қақпағын ашты да ішінен сүрленген жылқы етін ала бастады. Байжан көз қырын салды да, көңілі тоғая қалды, семіз сыңар қазы, ұзындығы екі сүйемдей жуан қарта, жаяның құйымшақ жағы, қыртысты келген және бір жалпақ қақпыш... Семіз сүрді көріп Байжан әлденеше рет жұтынып қалды...

Табаққа түскен сүр Шәймерден көз қырын тастап отыр еді. Әйелі «сыбағалы етті салып болдым» дегендей, табақты көтере беріп еді:

— Қатын! — деді Шәймерден. Әйелі тоқтай қалды. — Күйеу екенін білмейтін бе едің анау жігіттің, Анатөлдің қызын алған мырза осы болады. «Төсін» де сал күйеудің!..

Әйел тағы да бір жымиды да, кебежеге қайта барып, қойдың сүрлеген төсін алып шықты. Әйел етті жуып қазанға салғанша, үйге бірталай жұрт жиналып қалды. Жас әйелдер, үй иесі әйелдің, ас-суына жәрдемдесті, өзгелері қонақтармен кеңеске кірісті.

Байжанның қарны қатты ашқан екен. Ауыл адамдарымен кеңесе отырып, көптен ұрлап кезін тамақ жаққа салып қояды. Шай жабдығы әзірленіп жатыр: ошақтың арғы жағына кішкентай бір ошақ орнатылды да, астына шоқ тартылып, үстіне қойған табаға әуелі бауырсақ пісірілді, содан кейін, үй иесі әйел қазан жаққа құрылған шидің ішінен жүні жұлынған екі қазды алып шығып, мүшелеп бөліп, әлгі табаға салып майға қуырды; өзі қуырдақпен шұғылданған үй иесі әйел, жәрдемдесіп жүрген жас келіншекке сыбыр етіп еді, ол кровать астынан ішті келген ақ қалай кастрюльді алып шықты да, ішіне су құйып отқа қалай бастады.

— Тым қатырып пісірме, келін! — деп қойды Шәймерден келіншекке, — қаланың адамдары тұқымның жұмсақтау піскенін жақсы көреді.

— Уыз да пісіріңдер! — деп қойды, аздан кейін Шәймерден әйеліне, — мал төлдеп жатқан кез, таңсық ас...

— Пісіріп жатқан ас та жеткілікті сияқты ғой, — деп көбейген асқа іштей тойғандай боп қалған Байжан, ішінен, үй иесін «мақтаншақтау біреу емес пе, үйіндегі бар асын аузына алғаны несі!» деп ойлап, — уызды ертең ішерміз.

Шәймерденнің шылымшы екенін ұмытып барады екенбіз. Қонақтарын үйге алып кіріп отыра бере, пенжактің, ішінен киген гимнастеркасының тес қалтасынан суырған темекі кесетін ол қалтаға қайтып салмай, алдына қойды да, газетке ораған темекіні мүштікке тығып, әлсін-әлсін сорпылдата берді.

Байжан «уызды ертең ішерміз» деген кезде ол бір шылымды орап боп, мүштікке салып жатыр еді, Байжан сөзін бітіргенде, Шәймерден сексеуілдің шаласына шылымын тұтатып алды да, мол сорған түтінді еппен біресе мұрнынан, біресе ұртынан, біресе мұртының арасынан шығарып, аузындағы түтінді шайнай отырып сөйлеп кетті.

— Күйеужан! — деді ол Байжанға. — Сен мені танымайсың, мен сені танимын. Талай кердім. Жұмысым болмаған соң жалпаңдап танысқан жоқпын. Дәм жазып бүгін ғана танысып отырмыз. Шайды даярла, қатын! — деп қойды ол әйеліне, бұрқылдап қайнай бастаған ақ самауырды көзі шалып, — кезбен ғана тойғызбайық қонақтарды. Қарындары ашқан болар. Жаса, дастарқанды!..

Қонақтар от басынан кейін шегініп отырды. Шай даярлана бастады.

— Сонымен, — деп жалғастырды Шәймерден сөзін, — дәм айдап мұнда келе қалдың, күйеужан. Барын қонақтан аямайтын ата салтымыз. Бірақ, бар боп тұрса аямайды да, жүдә. Жоқ болса, аямағанда шарасы не? Менің әкем де қойшы болған кісі, езім де қойшымын. Бірақ, әкем мендей тұрған жоқ. Ол мұндай ақ үй тіккен жоқ. Азар болса, «мақтаншақ екен» деп сөгерсің ағаңды; бұл үйдің ішіндегі жасаудың, әкеме біреуі де біткен жоқ. Ас-су да сондай. Неге олай? — Шәймерден қызына сөйледі. — Сексен жыл жасаған әкем, жетпіс жылдық өмірін байдың қойын бағумен өткізді. Сонда, аузы асқа, ауы атқа, иіні киімге жарыған жоқ.

Әйел дастарқан көтеріп кеп еді:

— Төсей бер, — деді Шәймерден, — асты қоя бер... Ал, мен ше? — деді ол, төсеген дастарқанның бір шетін ұстаса беріп, — мен де қойшымын! Бірақ, мен көптің еңбегі жанған кезде тудым. Тағы да мақтанды дерсің, күйеужан, бұрын қазақтың, байы да мендей тура алған жоқ.

Төселген дастарқанның үстіне піскен астар қойыла бастады.

— Өзге сөзді кейін айтармын, — деді Шәймерден, — қатын, «ақ маған беттен» де әкел, қонақтар бойын жылытсын.

Әйел кебеже қасындағы шкафтан бір графин толы арақ әкеп күйеуінің қолына ұстатты.

— Біздің араның салты осылай болады, — деп Шәймерден арақты стакандарға толтыра құйды да, қонақтардан бастап, дастарқанды төңіректей отырғандардың алдарына түгел қойды.

— Ал, көтерелік, қонақтар! — деді Шәймерден, өзі толтыра құйған кіші кесесін көтеріп.

— Маған сөзге рұқсат етіңіз, — деді стаканын қолына алған Байжан үй иесіне.

Қала ғұрпында тост айтылатынын көрген Шәймерден:

— Сөйле, шырағым — деді Байжанға.

— Менің айтайын дегенім, — деді Байжан, жан-жағына қарап ап, — сіздің манағы сөзіңіздің жалғасы еді, Шәймерден ағай. Мен өзім қалада өскен жігітпін. Ауыл өмірін, әсіресе малшылар өмірін аз білем. Расымды айтсам, колхоз малдарының жайлауын бірінші көріп отырғаным бұл.

Біреулері күлейін деп еді:

— Сөз тыңдайық та! — деп Шәймерден жекіп тоқтатып тастады.

— Рас айттыңыз. Шәймерден ағай, бұрынғы ауылдағы қазақтың байында, — Байжан төңірегін көзімен тағы шолып алды, — бұл үйдей салтанат болған жоқ. Бұл үйдегі жиһаздың бәрі әдемі, бәрі мәдениетті. Қала тілімен айтсақ, бұл мәдениетті квартира. Радиоприемник қой деймін, анау. тумбочка үстінде тұрған?

— Иә, — деді Дәулет.

— Сөйлейді ғой? — деді Байжан.

— Сөйлейді, — деді Шәймерден, — Москвадан, Алматыдан, Ташкенттен тыңдаймыз.

— Технигі кім? — деді Байжан.

— Бұл кісінің қыз баласы, — деді Дәулет Шәймерденді иегімен нұсқап, — өзі және зоотехник.

Байжан:

— Ім-м-м-м! — деп күлімдей ыңыранып алды да, — кәне, ендеше, — деді стакан ұстаған қолын басынан асыра көтеріп. — біздің мәдениетті малшылардың денсаулығы үшін!

Ол стаканды көтере салды... Өзгелері де ішті. Самарқан да ішті. Бірақ, мылқау кісідей, онда үн жоқ. Екінші стаканды да ол іркілмей қақты. Шайдан кейін ол іргеге жастық салдырды да пальтосын бүркеніп жатып қалды. Іле, қор ете түскен дыбыс естілді.

— Сырқат емес пе? Неге көңілсіз? — деп сұрасты әркімдер.

— Шаршаған болар, — деді Байжан. Өз ішінде «қызғаныштық салдары ғой» деп отыр.

Байжанның бір қайран қалғаны — Айбаршаның көрінбеуі. «Радионы сөйлетсін» деп Шәймерден қызын шақыртқанда: «Айбаршаны да ала келсін!» деп еді, қызы келгенде Айбарша келмей қалды.

— Айбарша қайда? — деген әкесінің сұрауына:

— Ойында, — деп жауап берді қызы.

— Келмегені несі? — деген сұрауға қыз күйбеңдеп жауап бермеді. Несіне жауап берсін, келмеу себебі белгілі: сырлас Айбарша бұл қызға Самарқан жөніндегі бар сырын айтып: «Сол бейшараны аяймын да, аяғанда амалым нешік! Дәулетке ауған көңілімді қалай бұрайын, бұра алмасам, ырқы қалай табайын!.. Ендігі қолымнан келетіні — көзіне күйік боларлық қылық көрсетпеу ғой деймін. Бүгін, далада Дәулет екеумізді жолықтырғанда қатты қызғанышта қалды ол. О да адам баласы емес пе, қызғаныш отын үрлей беріп қайтем, көз алдында елбеңдеп, бармай-ақ қояйын» деді.

Ол еппен басып тысқа шықса, толған ай кектің кеудесіне өрлеп, дала сүттей жарық екен. Күзетшіге көзін тіксе, қамыспен қоршаған қораның ішінде қараңдап жүр... Еппен басқан Самарқан, қораның таса жағына шықты да, еңкеңдей басып дөңге қарай жөнелді.

Деңде ескі молалар тұрған. Ағашы жоқ далада кездесетін мұндай молалар не жаңқа тастардан, не долбарлай салған шилі кірпіштерден қаланады. Неден қаланса да ондай молалар киіз үй сияқтанып, төбесі бүріле, мұнарлы боп өседі. Берік материалдан қаланған молалар жаңбыр мен қардан тез бұзылып, бүйірлері опырылып үңірейіп, кейін құлап жатады.

Ондай далада моланың, құламайтын екі-ақ түрі болады, бірі — күйдірген кірпіштен қаланғандар, енді бірі — ұсақтап шапқан жылқының, қылы мен ешкінің майын араластыра илеген қам кесектен соғылғандар.

Самарқан беттеген дөңдегі опырылған көп молалардың ішінде, берік мола тұратын еді. Жұрттың аңызын, ол мола — бір байдың жылан шағып өлтірген жалғыз қызының моласы. Бай ол моланы жүз жылқының қылы мең жүз ешкінің майын араластырған қам кесектен соқтырған. Моланың бейнесі мешіт сияқты, төбесінде екі мұнарасы бар.

Ыза кернеген Самарқан сол молаға жетті де, ішіндегі басқышымен өрлеп, мұнара түбінен жоғары жақ иініне шықты. Төңірегін бір шолған оған, дүние енді әдемі көрініп кетті. Ыза қысқанда тарс жабылған құлағы енді ғана ашылып, дөңнің екі жақ астындағы көлдердің жұмсақ желге толқыған сыбдырын, теңселген құрақтарының сылдырын, түрлі құстардың түрлі дауыспен сайрауын ол енді ғана есітті... Оның төбесінен, біресе сып етіп үйректер етті, біресе.биікте тізбектеліп қаздар өтті. Ауыл маңындағы малдардың даусын да, алыста жайылған жылқылардың кісінеулерін де ол жаңа ғана естіді... Әлдеқайдан ұлыған қасқырдың даусы шалынды, аш қасқыр ол... Дүниенің рахатына егей қасқыр!.. Бұзылған бір моланың ішінен байғыздың даусы естіледі... Оның ысқырығы — өкінішті адамның уһлеуіне ұқсайды... Көп моланың ішінде тірі мақлұқ — байғыз бен Самарқан ғана сияқты...

Төңірегіндегі осындай көріністер ауыр ойын біраз бөлгендей боп, Самарқан мылтыққа сүйеніп тұр еді, артынан біреу үн-түнсіз құшақтай алды. Сескеніп қап, ыршып түскен Самарқанды сыртын ала белінен қаусырған құшақ босатпады. Денесі түршіге түскен Самарқан, бұлқынуын күшейтіп артына бұрса — Айбарша!..

«Шатасуым емес пе?!» дегендей Самарқан кезін қаттырақ жұмып ап тағы да ашса — Айбарша!

— «Босат!» дегенмен басқа сөз түспей қалды Самарқанның аузына.

— Таныдың ба? — деді Айбарша босатпай.

— Таныдым.

— Кіммін?

— Айтпаймын...

— Айтпасаң босатпаймын.

— Ал, Айбаршасың!..

— Ол емес сұрағаным.

— Енді не?

— Расыңды айтасың.

— Қандай?

— Осы молаға неге келдің, үстіне неге шықтың?!.

— Жібер деймін, Айбарша!..

— Айтсаң ғана жіберем.

— Айтайын.

Айбарша босатты да:

— Иә? — деді кескініне қарап.

— Не айт дейсің? — деді Самарқан.

Ұмыттың ба, әлгі уәдеңді?

Самарқан аз кідірді де:

Сен айтсаң, мен де айтайын, — деді.

— Нені?

— Бұл араға қайдан келгеніңді.

— Мылтықты маған бер! — деген Айбаршаға:

— Қорықпа, — деді ол, — мен сені атпаймын.

— Ендеше төмен түсейік, — деді Айбарша.

— Қайда барамыз?

— Өліктің үстінде отырып сөйлеспейік, тірі дүниеге шығайық!

Самарқанды көндірген Айбарша, оны қолтықтап төмен түсті де, екеуі көлге жақын жердегі тобылғы арасына өскен тасқа барып отырды. Екеуінде де үн жоқ...

Айбаршаның бұл араға қалай келуін Самарқан байқамағанмен, Самарқанның қалай келгенін Айбарша байқаған еді.

Дөңге еңкеңдей тырмысып молаға беттеген Самарқанды, көлге төне біткен жарқабақта қатар отырып баяу ғана әндеткен Айбарша да, Дәулет те көре қалды.

— Кім бұл? — деді Айбарша.

— Мылтықшы ғой деймін, — деді Дәулет.

— Жеті қараңғы түнде мылтық атпайды ешкім.

— Енді кім деп ойлайсың?..

Еңкеңдеген адам молаға таянғанда:

— Самарқан! — деді Айбарша.

— Қой! — деді Дәулет үңіле қарады да, — сол!..

Олар тым-тырыс отырып бақылағанда, Самарқан моланың ішіне кірді.

— Атылады! — деді Айбарша, ұшып түрегеп.

— Неге?

— «Неге» дейді ғой! — деп Айбарша мола жаққа тура жүгірді. Соңынан Дәулет те жүгірейін деп еді, жалт қараған Айбарша қолымен «қал!» деген белгі берді. Аңырып тұрып қалған Дәулет не істерге білмей сол орында тұрғанда, екі адам моладан шыға берді, тобылғы арасына бұға қалған Дәулет тани кетті: Айбарша, Самарқан!.. Олар Дәулетке жақын кеп отырды...

— Самарқан! — деді Айбарша, аз уақыт тым-тырыс отырғаннан кейін, — сүймеген жүрекке зорлық көрсету — біздің заманның салтында бар ма?

— Кім зорлық көрсеткен?

— Сен!

— Мен? Қалай? Зорлық түгіл, бір ауыз қатты сөз айттым ба саған?

— Айтқан жоқсың.

— Ендеше?

— Өзіңе қатты сөз айтуын, — маған айтуың.

— Қандай қатты сөз?

— Өлімге бел байлау, жұмсақ сөз бе екен?

— Кім бел байлапты?

— Сен!

— Мен?

— Моланың үстіне түнде мылтық ап шыққанда, аруақты атуға шықтың ба, өзіңді атуға шықпай?

Самарқан қатты күрсінді де, үндемеді.

— Күрсінемісің? — деді Айбарша. — Неге атыласың? Әрине, маған кектеніп!.. Дұрыс па сол? Менің көңілім саған аумай басқаға ауса, неге күштілік көрсетесің оған?

— Қандай күштілік? Өзі өлу күштілік пе?

— Әрине, күштілік, күштілі болмас еді, сен менің дұшпаным болсаң. Дұшпансың ба сен? Жақсы көрмейтінімді қайдан білдің сен? Жақсы көрген жігіттің бәріне тие бере ме екен, қыз? Адамгершілік көзбен жақсы көрісуге болмай ма екен, жігіт пен қыз бірін бірі? Әсіресе, біздің заманда?..

— Оу, жолдас, мені бастырмалатып барасың ғой, — деді, өзін енді ғана кінәлі санай бастаған Самарқан.

— Өтірік не, осы айтқандарым?

— Кейін кеңесетін сөз ғой, ол.

— Қашан? Сен өлгеннен кейін бе?

Самарқан күліп жіберді.

— Кеттік, ауылға! — деді Айбарша, қозғала беріп.

Самарқан қозғалмады: Айбарша қолтығынан көтерейін деп еді, денесі қорғасын сияқты.

— Тұр! — деді Айбарша.

Самарқан тұрмады да, жауап та бермеді.

— Ендеше мені ат! — деді Айбарша оңашалана беріп. — Неге атпайсың? Өзің өлгенше жауыңды өлтір!

— Сен бе жауым?

— Жауың да, дос та болмасам, кімің болам сонда?

— Кім деп атау еркі сенде.

— Осыған тоқтадық ендеше... Жүр ауылға!

Қолтықтай берген Айбаршаға Самарқан қарсылық көрсеткен жоқ.

ОН БЕСІНШІ ТАРАУ

«ЖОЛБАРЫС ТОНДЫ ЖИҺАНКЕЗ

Телкөлде бірер күн ғана болып қайтамыз деген оймен келген Байжан мен Самарқан жұмаға жақын жүріп қалды Мал шаруашылығынан канал құрылысшыларына қажетті азықтар алып тұруға, Самарқан бұл арадағы бай колхоздармен шартқа отырды. Қолдары бос кезін олар аңшылықпен өткізді.

Өйтпеуге болмайтын да еді. Теріскейден күнгейге беттеп ағатын Сарысу өзенінің аяқ жақ екі жағасы да бытырай біткен ұлылы-кішілі көлдер. Суды сағалайтын құс атаулы өзге жерден мекен таппай осы араға жиналған сияқтанып, көлдердің бетіне сыймайды. Мылтық даусынан шошына ұшқан олар сол бетімен жөңкіліп кете бармай, осы маңайдағы көлдердің бірінен біріне ауытқиды да жүреді. Қонса көл бетін, ұшса аспанды жабатын қалың құсқа оқ тигізу де қиын емес сияқты. «Тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей, аузын қарата атқан мылтықтың оғы, бірін болмаса бірін шалады.

Мылтыққа Байжан, Самарқан, Дәулет — үшеуі шығады да, кешке қарай ауылға оралғанда, аяқтарын матастыра байлаған қаз, үйректерді әрең көтеріп әкеледі...

Байжан атқыш екен де, бірақ ұшқалақтау атады екен, құс нысанаға ілігетін жерге келтірсе-ақ, оқтың жетер-жетпесіне қарамай басып салады және көбінесе, ұшқан құсты атады, соларының біразы тиіп те қалады. Сонда, «кездеп атқан мерген бе екен, тәйірі! — деп мақтанады ол, — әңгіме кезде емес, қолда. Кездеп тура ма, шын мерген?.. Аң мен құс, сенің кездегеніңді күтіп тұра ма?.. Қашқан аң мен ұшқан құсты қолы мерген кісі ғана іліп түсірмей ме?..»

Дәулет асықпай, саспай атады екен. Кемеліне келтіріп болмай ол оқ шығармайды, кемеліне келе қалса, оғы босқа кетпейді, сондықтан, Байжан оның атын «Сұрмерген» қойып алды...

— Рас, — деді, Байжан оған, мергендігіне сүйсінуін білдіргенде, — жақсы-ақ атасын, сен. Бірақ, мақтанғаным емес, сен менен мерген емессің. Тек, арамыздағы айырма — мен асығыспын, сен сабырлысын Дәулетті өзіне тең санайтын Байжан, бір жолда оған ден қойып қайтты. Дәулет, ол, Самарқан және тұрғын ауылдардан үш-төрт жігіт, бір күні көлден көлге жаяу келе жатыр еді, алдарында зымырап қарсы ұшқан екі үйрек көрінді.

— Ал, осыларға тигізейік! — деді Байжан, қосауызын ыңғайлай беріп.

— Атқыш болсаң мынамен түсір, жезде! — деп, Дәулет оған қолындағы жалғыз оқты мылтығын ұсынды.

— Несі бар түсірсе? — деп Байжан Дәулет ұсынған мылтықты алды да, тас – төбеден өте берген үйректі тартып кеп қалды. Үйректер өте шықты.

— Шамаңды көрдік, жезде! — деп күлді Дәулет.

— Күлетіні жоқ, — деп дауласты намыстанған Байжан, — өзге құс емес, үйрек болса және үйректің де өзгесі емес шүрегейі болса... оны түсіру оңай болмас.

— Тигізе алыстайтын кісінің сөзі осылай болады, жезде! — деді Дәулет, намыстана түскісі кеп, — мен болсам қағып-ақ алатын ем.

— Мынаның мақтануын-ай! — деп ызаланды Байжан, — қап, тағы бір үйрек кездеспейді-ау, әуселеңді көретін!..

Байжанның тілегі қабылданғандай, іле арт жақтарынан қаңқылдаған қаздың даусы естілді, жалт қараса, аспандап жалғыз қаз ұшып келеді.

— Ал, келді ретің, мергендік көрсетер! — деді Байжан Дәулетке.

— Болсын, — деді Дәулет, мылтығын ала беріп, Байжанға қарап, — бірақ бұл қазды түсіріп қалсам ғой, үйрек емес деп дау қыласың?

— Тигізсең дауым жоқ, — деді Байжан.

— Ендеше көр!..

Қаз жақындап қалды, аңшылардың мылтығы барын нақ төбелеріне жақындағанда ғана көріп үріккендей, қаз бұрыла қашқысы келген бейнемен қанаттарын жалтаңдатты да, «қашып құтылмаспын, одан да биікке шырқайын» дегендей көтеріле берді. Со кезде ақырын дауысты «осоавиахимның» дыбысы тым ете қалды... Қаз кірпік қаққандай ғана уақыт бір орында қалбақтап, кенет жерге қарай құлдырай кеп аңдады... Қазды бауыздағаннан кейін, біреулер:

— Үйрек емес, қаз ғой және аласа ұшты ғой, — деп қалжыңдайын деп еді:

— Шынын айтқанда, — деді Байжан, — менен мерген екен бұл!

Ертеңіне Дәулет тағы бір мергендік көрсетті. Бұл жолы құсқа Байжан, Самарқан үшеуі ғана шыққан еді де, көлді жағалап келе жатып, Байжан бір бетке, Самарқан мен Дәулет бір бетке кеткен еді. Реті солай кеп қалғаны болмаса, бұл екеуі, сырты сыпайы болғанмен, іштері дүрде-аразды...

«Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деген рас екен: осы сапарға дейін көк мылтықты көлденең ұстап көрмеген және мылтыққа қызыға қойман деп ойлайтын Самарқан, мылтық атқан Байжанға еремін деп, ойда жоқта атуға құмартып алды. Мүмкін, ол құмартпас па еді, қайтер еді, егер алғашқы шығарған оғы дари қоймаса. Бір жолы, оны ертіп шыққан Байжан, көлдің жағасына алып келді де, көл бетінде сіңісіп отырған құсты нұсқап:

— Атып көрші! — деп өтінді Самарқаннан.

— Ойбай, Байжеке, туғалы мылтық ұстаған кісі емеспін демеп пе ем? — деп Самарқан қашқалақтап еді:

— Ұстамасаң енді ұста! — деді Байжан мылтықты зорлықпен ұстатып, — ат, анау үйректердің қалыңына!.. Бытыра мылтық, біріне болмаса біріне тиер... Тимесе айып алмаспыз...

Еріксіз ұстатқан мылтықты, тәуекелге сыйынған Самарқан көтеріп, құндағын иығына тіреп, ұңғысын құстарға қарата көздей бергенде қалды Байжан. Мылтық гүрс етті, Самарқан сескеніп қалды... Үйректер ду көтеріле ұшты...

— Тиді! — деді Байжан, — жігіт екенсің!..

Көлге төне қараған Самарқан өз көзіне өзі сенбеді: үйректер мылтық даусынан шошып көтеріле ұшқанда, орындарында екі-үш қарайған қалды. Не бұлар?.. Көл бетінде құс сияқтанып қалқып тұратын у жапырақ па, құс па?.. Байжан «құс» деді, Самарқан «жапырақ» деді. Бірақ, құс болсын, жапырақ болсын, қарайғандар алынатын жерде емес, алыста еді, малтып барып әкелуге су әрі терең, әрі салқын. Қадала қарап тұрған олар құс екенін кәрді: көлдің әрі қарай-толқынына қалқып, олар тереңге кетті...

— Кәне ата алмайтының, — деді Байжан, жолшыбай, — дәл-ақ тигізген жоқсың. Алғаш атқанда екеуін түсірдің. Қырғын мерген сен боласың деп келем. Нанбасаң тары да атшы!.. Құдай біледі, қалпақтай түсіресің!..

Келесі жолы Самарқан көл жағасында отырған бір топ қазға бұғып кеп, біреуіне тигізді.

Одан артық сөзге уақыт та жоқ еді. «Қолыңнан алам» дегенді Қарымсақ бөлшектеп әрең айтты. Оның жан кешуге айналғанын көрген Сырбай уәдесін беріп қалуға асықты.

Жаны алқымға келіп, тынысы тарылғанмен, жан ашуынан құлағы шыңылдағанмен, Қарымсақ Сырбайдың «болсын!» Деген сөзін жақсы естіді де және растығына сенді де; өйткені, кіршіксіз жүректен айтқандығына куә боп, көзінде мөлтілдеген жастар тұрды.

Сырбайдың бұл көз жасын, ерінің келмес сапарға кетуін біліп еңіреп отырған Дәметкен де көріп, ол да «болсын» деген сөздің растығына сенген еді. Сол сенім бұлжымастан әлі келеді. Сырбай мен Дәметкен жай ғана көңілдес кісі сияқты емес, аға мен қарындас сияқты, араларынан қыл етпестей тату. Өсекшілер оларды «күйек астынан жарасқан» деп күңкіл де қылады. Адамгершілік жүрекпен достасуы, олардың өзіне аян. Бір есептен өсекшілерді кінәлауға да болмайтын сияқты, өйткені, Қарымсақ өлгелі, Сырбай ол үйдің қамын өз үйінің қамынан кем жемейді, отын-суын, азық-түлігін, киім-кешегін жеткізіп турады. Не жиені, не нағашысы, не құдандасы, не жекжаты, не туысы емес біреуге Сырбайдың мұнша қамқорсуы, көлденең жұрттың көңіліне, әрине, сыймайды.

Сырбай мен Дәметкен осындай достас болғандықтан, олардың үйінде де бір семьядай араласып кетті: «Үй-іші» дегенде, Дәметкенде бары жалғыз Айбарша, Сырбайда бары — Тәрбие мен Дәулет. Дәметкен мен Тәрбие апалы-сіңлілідей, бірін-бірі көрмесе отыра алмайды, бірінің тәтті-дәмдісін бірі аузына тосады, сабақты инесін бөліп жұмсайды.

Ал, Айбарша мен Дәулет ше?

Бала кезінде олар пәлендей жұғыса алысқан жоқ.

Сол іздегені оның алдына бір күні келе қалған сияқтанды: Тар тоғайдағы жеті жылдықты бітірген Айбарша Қабандыдағы орта мектепке аттанарда, Дәметкен бір қойын сойып той жасады. Сол той тарқап, жеккен пар аттың тарантасына Айбарша мінерде, ауыл адамдары жапырласа қолдасып амандасты. Көпке араласа Дәулет те қолын берді. Бірақ, оның қолы Айбаршаның қолын өзге қолдан қаттырақ қысты!.. Және ол қысқан қол Айбаршаға өзге қысқан қолдан ыстығырақ сияқтанды!.. «Мұнысы несі?!» дегендей, Айбарша Дәулеттің көзіне қарап қап еді, онда да ерекше от, ерекше қарас бар сияқтанды!.. Бұл қарасқа шыдамағандай, Айбаршаның көзі темен түсіп кетті... Сол кезде арба да жылжи берді... Былай шыға әлгі көзқарасты есіне түсірген Айбаршаға «осы болар ма деген ой кеп кетті.

Бұл ойдың түйіні, Айбарша Қабанды мектебінің тоғызыншы класын бітірген жылдың жазында ғана расқа айналды. Оқу жылы бітіп каникулға шыққан Айбарша, жаздың екі айын пионерлер лагерінде вожатый боп өткізетін болды да, оған шейін үйіне барып келуге ойлады. Сол кезде аттың, я машинаның реті келе қоймай, Айбарша таныс біреуден есек сұрап ап, аулына қайтты. Жол жыңғыл өскен құмайттың арасымен жүруші еді. Сонымен жөнеп келе жатқан Айбаршаға жолшыбай ешкім жолықпады, әрі тыпыңдай аяңдаған есектің жүрісі ішін пыстырды, оның үстіне, күн де қайнаған ыстық, әрі желсіз тымырсық... Көңілсіз кескінмен күреңдене терлеп, есегін тебіне келе жақтан Айбарша, артынан естілген дүрсілге жалт қараса, салт мінген әлдекім ағызып шауып келеді... «Жүргіншінің біреуі болар» деп ойлаған Айбарша тағы да тепеңдей бастап еді, қуып жеткен салтты қасынан сып етіп ете шықты да, оза бере кілт бұрылып, атынан қарғып түсе қалды.

Дәулет!

Айбаршаның жүрегі ойнақшып кетті. Сонда да ол езін билеп, Дәулеттен бұрын тіл қатты.

— Ие, қайдан жүрсің? — деді ол, есегін тоқтатып, кескінінде қуаныш пен қаймығудың елесі сапырылысқан үнсіз Дәулетке.

— Өзің қайдан? — деген сөз түсіп кетті Дәулеттің аузына.

Бұл екі сөз оның аузынан дірілдеңкіреп, тұтығыңқырап шықты.

Дәулеттің еркінен өз еркі басыңқы екенін байқаған Айбарша өзін одан да жоғарылата түскісі кеп:

— Не болды сонша, аптығып шабатын? — деді.

Жай... — деді Дәулет маңдайының шаңға араласқан саусағымен сыпырып, күмілжіген дауыспен.

Оның Айбаршаға ынтығуы қашан?.. Өзін жігітпін деп санаған күннен бастап көңіліне ұялаған сол Айбарша емес пе?.. Жан сырын ақтаруға асығыс емес пе ол?.. Кезегі келмей жүрген жоқ па, сыр ақтарудың оған?.. Мынау елсіз даладан қолайлы орын бар ма, сыр ақтаруға?.. Кектен тілегені жерден берілгендей болған жоқ па оның?.. Тез жету керек емес пе ендеше?.. Осылай асыққан көңілді қанағаттандыратын көлік дүниеде бар дейсің бе!..

Алдағы Айбаршаға Дәулеттің көлігі тез жетпегенмен, кеңілі тез-ақ жетті. Шалдың «Айбарша кетіп барады» деген сөзі құлағына шалынғанда-ақ оның ойы Айбаршаға барып қалды. Міне, Айбарша оның кез алдында... Міне, жетті де ол.:. Тоқтатты да... Бірақ, тоқтатқанмен, айтам деп келе жатқан сөздерінің біреуі де аузына түскен жоқ... Бар аузына түскені — «атыма мін!» дей береді!.. Хош, Айбарша ризаласып, атына міне-ақ қойсын дейік. Сонан соң?..

Дәулет «мін» деп, Айбарша «мінбеймін» деп, екеуі осы екі сезді мөлшерсіз қайталап ұзақ тұрды. Олардың солай қанша тұрары мәлімсіз еді, егер арттарынан, пар ат жеккен тарантасты Масақбай келе қалмаса. Ол Дәулет пен Айбаршаның қасынан ете берді де, бөгет болу ниетімен тоқтай қалды. Кекесіні аралас аз қалжың айтқаннан кейін:

— Кәне, Айбарша, мін. менің арбама! — деді ол.

Айбаршаны «мінбейді» деп жорыған ол, бұл сөзді жай медресе қып айта салған еді. Күтпеген оқша болды: Айбарша арбаға ырғып мініп алды.

— Есекті қайтеміз? — деді кескініне таңдана қараған Масақбай.

Даулет айдап келеді, — деді Айбарша, Дәулет?!

Самарқанға солай қарағанмен, Дәулет одан қауып та күтеді.

— Кім біледі, — деді ол жолдастарына, — қызғаныш пен күндеуден артық пәле жоқ деседі, ол да намысы бар жігіт. Рас қызғанса, не өзі жазым болуы, не мені жазым қылуы мүмкін.

Сондай қауіптенетін Дәулет, Самарқан Телкөл дөңіндегі молаға шығып атылмақ болғанын білгелі тіпті қауіптенеді.

Ол оқиғаны Дәулет Айбаршаның бұйыруымен көрмеген, білмеген болған еді. Айбарша Самарқанға «бұл оқиғаны екеумізден басқа жап білуге тиісті емес, сен де, мен де тісімізден шығармаймыз, өлгенде сүйегімізбен кетеді» деп, осы сертке уәдесін алған еді. Осы сертін ести отыра, Самарқанның жаман ниеттен қайттым деуіне Айбарша иланғанмен, Дәулет иланған жоқ. Оның бұл сертін Дәулет маздаған оттың уақытша бықсуына жорыды. Енді қашан лап етерін білмегенмен' түбінде сөйтуіне Дәулет шек келтірген жоқ. Сондай ойда бола тура, оның қайран қалатыны — атыла деген түнде Айбаршамен оңаша сөйлескелі, Самарқанның көңілі бұрынғысынан әлдеқайда жадыраңқы. Аңшылаудың арасында ол шаруашылық жұмыстармен шұғылданып, колхоздармен Телкөлден балық аулауға, жұмыртқа жинауға, брынза, май сияқты, сүт заттарын, сойыстық малдарды алуға шарт жасасып жүр. Сол шартпен ол, канал құрылысына аз күнде отыз шақты түйемен жүк те жіберді. Өмірге қызықпаған, жасағысы келмеген кісі осыны істей ме? Әрине, істемейді. «Кеше атылып елуге бел байлап, бүгін былайша жадырай қалса, мән жоқ па екен мұнысында?.. Мэн бола қалса, Айбаршаның аузынан жылы леп шығумен байланысты емес пе екен?..»

Дәулетке осындай да күдік кірді. Соның мәнін Айбаршадан сұрауға оқталады да, бата алмайды. Мола басында болған оқиғаны Самарқан шынында да Дәулет білімді деп ойлайды және қанша сынап қарағанмен, білетін белгісін таба алмайды. Дәулеттің қыңыраюын ол ескі қызғаныштың салдарына жориды. Іске байланысты қажетті бір сөздер болмаса, екеуі өзара тіл қатыспайды.

Сол тілді олар, Байжанның ымдауымен шұқырлау жерге жата қалғанда да қатысқан жоқ. Екеуінің шұқырдан бастарын қылтитып қарайтыны Байжан ғана.

Құс отырған жағаға бұғып-ақ, барғанмен, Байжанның жолы бола алған жоқ. Мылтықшылар келгелі мазасы кеткен құстар аса сақ екен, бұғып-ақ барған кісіні қайдан көргенін кім білсін, оқ шалар маңға келтірмей ұшып кетті. Және ұзай, басқа көлге ауа ұшты. Аспанға көтерілген құстарға аңырайып аз қарап тұрған Байжан, көлдің бетін көзімен шолды да, жуықта құс жоғын көрген соң, бұғып жатқанға «мұнда кел» дегендей қол бұлғады.

Самарқан үңілсе — оқжыланның, бір көзінен тиіпті де, екінші көзінен шығып, басын талқандап кетіпті.

— Жарайсың! — деді сүйсініп кеткен Самарқан. — Қалай көрдің мұны?

— Осы тұста, әлгінде, аспанда шырылдап тұрған бозторғайды көріп не едің?

— Иә, көргем.

— Қарап жатсам, сол торғайдың, қанат қағуы әлсіреп барады, «әй, жылан арба маған да осыны!» деп жерге қарасам, осы арада, қаққан жіңішке қазықтай бірдеме қыбырлайды.. Қадала қарасам анық жылан!... Содан, «дәл көз тұсың болар» деп кездеп тұрдым да, басып кеп қалдым. Мүлт кеткен жоқ екем!..

— Торғай қайда? — деп сұрады Самарқан.

— Арбалып қалса керек, осы маңайға қалбалақтап кеп әрең, қонды да, жай дәрменде жусан арасына жорғалап кіріп кетті.

Самарқанның аузына «жігіт екенсің!» деген сөз кеп қап еді, басынан әлгінде ғана шыға қойған қызғанышы құрғыр, миына қайтадан орала қап, тілін күрмей қойды.

Самарқанның көмейінде іркіліп қалған бұл сөз, және бір жағдайда аузынан еріксіз шықты.

Сыр бойына ертең қайтамыз деген күні таңертең:

— Ал, жолдастар, — деді Байжан, ауыл қыдырып жүрген Дәулет пен Самарқанды шақырып ап, — үшеуміз мылтық атуда сыбайлас болдық қой. Бүгін соңғы рет шығып келсек қайтеді?

— Оқасы жоқ, — десті серіктері.

— Қысырақ қарағандар, — деді Байжан. — Қопалы көлдің біреуінен кеше кешке қыр шошқасы көріпті.

— Ендеше соған барамыз, — деді Дәулет.

— Қабан кездессе, — деді, Байжан, — «осоавиахиммен» жыға алмассың. Оған винтовка керек.

— Оны сіз сияқты қабан атып кермеген кісі айтады да, — деді Дәулет қалжыңдап, — біз сияқты, атып көрген кісі айтпайды; еткен жыл қабанды бытыра мен-ақ атып алғам!.. Жолбарыс кездессе бір сәрі...

— О да бар ма, бұл маңда?! — деді Байжан.

— Неге болмасын. Тұсаулы, не бағулы мал емес, ауа жайылмас дейтін. Шу бойында бар жолбарыс бұл жаққа келмейді дейсің. Қарттар ертеде өзге жер түгіл осы Телкөл маңында да көрдік дейді.

— Қойшы?

— Көрмей тұрып зәрең ұшты, жезде, көріне қалса қайтесің? — деп Дәулет күлді.

Онда не бар?

Қабанды маған, жолбарыс – мол барыс кездеспесе дегенім ғой? — деді Дәулет қуланып.

Жыртқыш аң кездесер деп қорықты ма, әлде күндесіне көргісі келмеді ме, Самарқан Байжанның қасында қалып қойды. Қолына винтовканы ғана алған Дәулет, көлді жағалап жалғыз кетті.

Сарысу қатты тасыған жылдары ғана су түсіп, өзге жылдары қар суынан ғана нәр алатын бұл көлдің жиегі биыл құрғақ екен. Бірақ, қашан өсіп жеткенін кім білсін, қуарыңқыраған қамысы әрі білектей жуан, әрі сырықтай биік, әрі қалың!.. Жынысқа кіре қойғысы келмеген Дәулет, жағалап отырып, машина тоқтаған жерден ұзап кетті.

Жағаның құрғаған сазында әртүрлі хайуандардың, ескі іздері кездесіп отырды. Кей іздің нені екенін танып келеді, кейін танымайды. Сөйтіп келе жатқан оған, қамыс ішіне. кіре берген соқпақ кездесті. Соқпаққа кірген-шыққан іздерге үңілген оның кезіне шикі қи шалынды — таныс, қыр шошқаның қиы.

— «Жақында ғана жүрген-ау» деп ойлады ол.

Соқпақтың қамысқа тақалған жеріне барса, сазға екі ірі шошқаның, жеті-сегіз кішкене торайдың тұяқ таңбасы түсіпті.

«Осы маңайда екен олар, — деп ойлады Дәулет, — жағаға шуақтауға шыққан екен де, мені көріп қамысқа кірген екен. Қап, шықпайды-ау бері!»

Сол арадағы жарқабақтау бір жерге Дәулет отырды. Ойында қыр шошқалар. Олар Дәулетке таныс хайуандар: қабаны ғана басына қауып туғанда адамға қарсы шабады, әйтпесе, момын-ақ жәндіктер, тек торайын ғана шамасы кетпей алдырмайды. Қазақтың ауыз әдебиетінде

«Қас жақсының белгісі —

Топтап торай шалдырмас.

Жақынын жауға алдырмас» —

деген сөзі де осыдан шыққан. Торайын қатты қорғайтыны мегежіні емес, қабаны. Қауыпты жерде ол үнемі алда жүреді. Өшіккен оның бет алдына кездеспе. Кездесе қалсаң, аузына іліксең-ақ жарып тастайды. Аузының қияғы соншалық өткір, мысалы, аттың қыл құйрығы іліге қалса, қайшыдай қырқып түсіреді. Оны оралымсыз деген сөз қате, керекті жерде ұршықтай үйіріледі.

Осыларды ойлап отырған Дәулеттің құлағына қамыс арасынан қабанның қорсылы шалынғандай боп кетті. Ол елегзи қалды да, винтовкасын үнсіз әзірлеп, дыбыс естілген жаққа құлақ түрді. Жел сол жақтан. Қара дауыл, қатты жел... Рас, қорсыл!.. Бері жылжып келе жатқан сияқты!..

Қобалжып жүрегін тез билеген Дәулет, винтовканың предохранителін босатты да, оқты ұңғының ішіне ақырын жіберіп, затворын шаптырмай ғана жауып, атуға даярлап алды...

Қамыс арасына сығалай тіккен Дәулеттің кезіне, торайларын бауырына топтай ертіп бері қарай шыға берген мегежін ілікті. Ол керіне түсті де, жағада тұрған адамды көріп, соқпақтан қалыңға жалт беріп сіңіп кетті... Қорсыл өлі де кейін. «Ол, әрине, қабан! Бірақ тобынан неге бөлінеді ол?!»

Дәулеттің ойына: «жолбарысқа тап болмаса не қылсын өлі» деген ой кеп кетті. Білетін адамдардың айтуынша, жолбарысқа кездескен қабан артымен жылжиды...

Несі болса да көргісі кеп кетті Дәулеттің. Сол арадағы бір түп итсигекті бетіне ұстап шекесінен отыра қалды, винтовканың құлағы ашулы, тілі бармақта...

«Жолбарыс адам исінен алыстан қашады дейтін еді, — деген ой келді оған, — егер жолбарыс болса, бері қарай қалай келеді?! Әлде, жел сол жақтан болғандықтан сезбей ме екен?.. Машина да ықтан кеп тоқтады ғой!..»

Қорсыл жақындап қалды... Қамыстың сыбдыры да естілді... Қарайған бірдеме көрінді... Қабанның бөксесі!..

Грузиннің атақты ақыны Шота Руставелидің жолбарыс тонды жиһанкез» деген поэмасын оқыған ба? — деп сұрады Байжан Дәулеттен.

— Қазақша аудармасын ғана көріп ем.

— Сол поэманың геройы — Автандил дейтін батыр ғой?

— Білем.

— Жолбарысты жеңген батыр ғой ол?

— Алысып жеңген ғой ол. Менікі, мылтықтың күші ғой, — деді Дәулет сыпайысып.

— Сонда да ғажап ерлік бұл — деді Самарқан.

— Рас! — деді Байжан. — Мұның да ендігі аты «Жолбарыс тонды жиһанкез» болсын!..

ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ

ШҮЙІНШІ

Байжан мен Самарқан Телкөлге барған шаруаларын ойдағыдан артық орындап қайтты: жиырма тоннадай балыққа шарт жасасамыз деп барған еді олар, колхоздардың балықшы бригадалары отыз тоннаға жасасты және майдың аяғында бітіріп береміз деген шарттың, бір жұмада сексен процентін орындап жөнелтті, планның орындалуы ойдағыдан артып кеткендіктен, шарт тағы да он тоннаға өсірілді; брынзаның шарты отыз бес тоннаның орнына елу тоннаға жасалды; жұмыртқаға шарт жасау ойда жоқ еді, «көлдерден оны да даярлап берейік» деген ұсынысты колхоздардың өздері айтты да, жиырма бес мың жұмыртқаға шарт жаздырды; жиырма тонна қаймақтың орнына Телкөлден жетпіс бес тонна қаймақ алынатын болды; құрт-ірімшікті даярлау да жоспарда жоқ еді, ащы құрттан он тоннаға, тұщы құрттан он бес тоннаға, ірімшіктен жиырма бес тоннаға шарт жасалды. Осы заттарды тасуға, Телкөлге құрылыстың бес грузовигі үздіксіз жүріп тұратын болды да, машиналардың алды келіп үлгеріп, азықтарды таси бастады.

— Көрдің бе, біздің елдің байлығын! — деп мақтанды Самарқан Байжанға. — Колхоздардың Телкөлді жайлай келген малшыларының өзінен осынша азық алатын болдық. Сыр бойында отырған тұрғын колхоздардан алатынымыз қанша!.. Мұндай байлықпен бір ғана канал емес, бірнеше каналды құруға болмай ма!

— Әрине! — деді Байжан.

Байжан Телкөлден алатын азық-түлігіне ғана емес, оны жайлайтын елдің қадыр -құрметіне де, мәдениетіне де өте разы болды.

Ес білгеннен бергі күндерінің көбін оқумен еткізген Байжан, бұл сапарына дейін «колхоздардың жайлауы» дегенді әдебиеттен оқып қана білетін еді де, өз көзімен көрген жоқ еді. Енді кеп көрсе, социалистік құрылыстың әдемі дүниесінің бірі екен, бұл!..

Малшылардың халы осындай болса, «мал» да аты «мал» емес, мәдениет жолымен өсіруге айналған мал екен.

«Мал» дегенде, бұл жайлауда ең көп мал — қой. Қойдың көбі — қаракөл. Қаракөл жүнді ол қойлардың мыңдаған табыны жайылған дала, желді күні толқып жатқан теңіздің беті сияқтанып тұрады. Жылына мемлекетке он мыңдай Қаракөл елтірі беретін колхоздар бар екен. Аз қазына ма бұл!..

«КНИИЖ»5 аталатын қой Телкөлге будан екі жыл бұрын кепті. Меринос пен қазақы қойдың шағылысуынан пайда болған бұл тұқым да жақсы нәтиже беріпті: қойларының етінің ауырлығы алпыстан жүз килоға шейін. Бригадалар қойдың осы түрін де молайтпақ екен.

Қойдан соң Телкөлге көп шыққан мал — жылқы. Ол да асылданып, арғымаққа айнала бастаған және арғымақ пен қазақы жылқының шағылысуынан, әрі тұрықты, әрі сұлу, әрі жазғы ыстық, қысқы суықта далаға жайылымға тезімді боп алған. Түйе Телкөлде көліктік қана мал екен, сиыр атымен жоқ, ол түлік түгелімен Сыр бойында болады екен.

Малшы дегендер қонақ күткіш ел екен. Телкөлге келгелі Байжанды, Самарқанды, Дәулетті, Айбаршаны күн сайын бірнеше бригада кезекпен қонаққа шақырды да отырды. Және олар бұл төртеуін ғана шақырып қоймайды, өзара да бірін бірі шақырысып, әрі кештің қонағы киіз үйге әрең сияды, кейбір шақырушы қонақтарын екі үйге орналастырады.

Бұл мәжілістер тамақ ішудің ғана емес, мәдениеттің де мәжілісі болды. Жұрт қонаққа жиналған соң әуелі саясаттың, ғылымның, шаруашылықтың, мәдениеттің мәселелер кеңес боп отырады да, арты сауыққа айналып кетеді. Әншілер де, күйшілер де, күлдіргіштер де сол топтың ішінен табылады. Кейде радиоприемник арқылы Москвадан, Алматыдан концерттер тыңдайды.

Малшылар мен мәжілістесе отыра, Байжан өз есебін ұмытпайды. Оның Телкөлге келудегі мақсаты азық-түлік тарлау ғана емес, адам күшін де алу екендігі бізге мәлім мәжіліс арасында ол осы сөзін де көңірсітті.

Бақташылардың айтуынша, бұл иттердің бар кемшілігі — жүгіруге олақ; қасқыр, түлкіні олардың Ілуде біреуі-ақ қуып жетеді, ал, жете қалса, қасқырыңды қояндай-ақ басып қалады... «Ит жеті қазынаның бірі» дейді қазақ. Өзге итті кім білсін, мына біз сипаттап отырған иттер, мал шаруашылығы үшін баға жетпейтін қазына. Телкөл жайлауына жүзден артық колхоздың малы шығады. Сол колхоздардың жүз мыңдаған малынан бұл иттер қапыда болмаса қыр аңына мал бермейді...

Иттің мұндағы екінші түрі: жүні тықыр, денесі имиген жіңішке, құлағы шашақты ұзын, тұмсығы сүйір, аяқтары нәзік, құйрығы сабау, қабырғалары тыртиған арық тазылар. Бұлардың, да бірнеше қасиеті бар: бір қасиеті — зымыраған жүйрік, қандай аңға болса да жетпей қоймайды. Екінші қасиеті — тәсілқой және қу, әлі жетпейтін аңның тірсегінен тістеп зықысын шығарады, қуса жетеді, қашса жеткізбейді, екеу-үшеуі біріксе, әлдері жетпейтін аңды да қақпақылдап отырып жарып тастайды. Үшінші қасиеті — жаны жоқ батыл, түлкіні ініне кіріп алып шығуға бар, түлкінің тісі тиген өзге тұқымды ит, енді қайтып ауыз салуға батпаса, бұл тазылар, ұртына тісі біздей шаншылып жүрген түлкілерді белдемеден тістеп сілкілеп өлтіреді, ызаланып алса, домаланып қалған кірпілерді де, аузына инелері қадалуына қарамай шайнап тастайды. Төртінші қасиеті — сауысқаннан соңғы сақ осы тазылар, ұйықтап жатып жыланның жорғалағанын естиді. Бесінші — иісті сезімпаздығы ғажап, ана қырдың астында жыртқыш ақ не бөтен адам келе жатса мұрны сезе қалады да шаңқылдап үре түрегеледі, үрген даусы шаңқылдаған ащы, шаңқылдай қалса жер өмірге кетеді...

Иттерді сипаттап отырып темамыздан шығыңқырап кетіппіз. Бірақ, бұл да осы теманың мәселесі сияқты, өйткені, бізге итті ит үшін емес, мал шаруасын бағуда, өсіруде орны қандай екенін көрсету үшін сипаттау қажет болды. Сонымен, қысқасы, мәжілістесіп отырған көпшіліктен!

— Кәне, сонымен, канал құрылысына баратындардың тізімін де жасай отырайық, — деп, Байжан әр бригадада болған мәжілісте қалтасынан книжкасын алып, сұранушылардың тізімін жасай бастайды... Бригада кеп. Оның бәрінен алатын адамдарын мәжіліс үстінде ғана жазса, бір жұма емес, әлденеше жұмалар керек болар еді. Оған уақыт бар ма, Байжанда. «Бізге де қонақ бол» деп әр бригада жалынғанмен, Байжан кебіне рахмет айтты да, аңшылығын да жасай жүре, бір жұманың ішінде Телкөлден құрылыс» апаратын адамдардың да тізімдерін анықтап алды.

— Жазады ғой, — деді Байжан, — бірақ все это не то!..

— Сеніңше қалай жазу керек?

— Абайша. Қандай тамаша суреттейді ол табиғатты! Сол, Абайша суреттеп, біздің заманның берсе қандай қатып түсер еді. Қайда, сондай шығарма?..

— Жолда кеңесейік оны, — деді Самарқан, — мінейік машинаға, көзге шыққан сүйелдей болмай.

— Неге «сүйел» боламыз?!

— Қарашы, төңірегіңе, бізден басқа аңырған адам бар ма?

Төңіректе бос адам жоғы рас еді. Қыбырлаған адамның бәрі де шаруамен шұғылдануда.

— Дұрыс екен, — деді Байжан, — біз артық адам екенбіз, жүрсек жүрейік.

Біздің жолаушылар Телкөлге келе жылынған ауа райы, олар Телкөлден аттанған күні, күн көтеріле тіпті маужырап, машинаның алдынан тұрған желден көктемнің исі аңқыды. Дәл көктем күмістей төңірек мұнартып сағымданып кетті.

Телкөлден жолаушылар ұзақ қараса, әнеукүні жол бойында шұбала көшкен елдер жайлауға өтіп болып, алдағы кең дала құлазып қалған екен. Осы құлазыған кең далаға шыға, Байжан мен Самарқан терең ойға сүңгігендей үн-түнсіз бола қалды. Олар ойға кетті. Самарқанның ойында Айбарша... Байжанның ойында ше?..

— Айнала дала... — деп ойлады ол. — Таусыз жазық, дала!.. Ормансыз жалаңаш дала!..

Жел айдаған толқындай лек-лек боп бірінің артынан бірі шұбырған Байжанның шөл дала туралы, жалпы табиғат туралы ойлары осы арада аз тоқырап, аз кідірістен кейін, ол табиғат байлығын адам баласы қай кезде қалай меңгергеніне есеп берді. Жердің үстінен де, астынан да адам баласы не байлық тауып үлгергенінен хабардар Байжан, өзіне: «Осы табыста қазақтың, үлесі қанша?..» деген сұрау қойды.

Байжан білетін тарихи материалдардың баяндауынша, Социалистік Ұлы Октябрь революциясына дейін, мысалы жер астының кенін зерттейтін, қазақта бір де-инженер жоқ екен.

«Бұған айыпты кім? Әрине, тарихи жағдай. Ел болған күнінен бастап, Октябрь революциясына дейін қазақ халқы көшпелі дәурен сүрді. Оның ұлттық қаласы болған жоқ, қаласы болмаған соң, ұлттық мектебі болған жоқ, ұлттық мектебі болмаған соң балалары оқыған жоқ, балалары оқымаған соң, ол ұлттан ғылым маманы қайдан шықсын. Октябрь революциясына қазақ халқы үш проценттік қана сауатпен келуі де осыдан. Халықтың булай надан қалуына қанаушы бай-феодал табы, олардың үкіметі кінәлі. Қазақ халқы Россияға бағынғанға шейін ол елді билеген ханға, билеген елін ғылымның, өріне бастауға тырысқан жоқ, сияға бағынғаннан кейін патша үкіметі де қазақ халқын еріне бастаған жоқ... Енді ше?.. Енді қазақтан шыққан маманды, оның ішінде тау-кен инженерін біреулеп ондап емес, жүздеп санамаймыз ба?..»

Ойға шомған Байжан, төсеген тақтайдай теп-тегіс миы болар-болмас қана көрінген сүрлеу тік жолымен дамып келе жатқан машинаның ешнәрсеге қақтықпас еді.

Мұхиттың суын тұщыландырып, Бетпақтың шөліне тұрбамен тартуға, сол тұрбаның тармақтарымен суарып, мақта егуге, егіс даласының әр жеріне төңіректеп орман өсіруге болады. Мұндай тұрбалар жүргізу үшін, қазақ жерінде әзірге табылған темір запасының жартысы да жетеді... Егер осылай суарылса, «Бетпақ» қазіргі Өзбекстаннан бес есе артық мақта береді. Инженердің жоспарымен таныстығы бар Байжан: «фантазия емес бұл, қазақ жеріндегі бар байлыққа негізделе айтылған шындық» деп ойлайды. — «Бірақ, — дейді ол өзіне өзі, — капиталистік қоршау, біздің Отанға, жеріндегі бар металды халықтың ішкі байлығын көркейтуге мүмкіншілік бере ме?!. Әрине, бермейді!.. Әттең, — деп арман етті ол, — осы қоршау тез бітсе!.. табиғаттың бар байлығы, оның ішінде қазақ даласының байлығы, адам баласының бақытты тұрмысын өркендетуге жұмсалса!.. Бірақ, қашан?!.»

Соңғы сұрауды өзіне әлсін-әлсін қойып, шешуін таба алмай келе жатқан Байжанның ойын:

— Әне бір машинаны қара! — деген Самарқанның сөзі бөліп жіберді.

— Кәне? — деді, Самарқанның кенет шыққан даусынан селк ете түскен Байжан.

— Әне!

Байжанның көзі алдыңғы жақта, алыста бұрқыраған шаңға түсті.

— Кәне, машина? — деді ол Самарқанға, шақ арасынан ешнәрсе көрінбеген соң құйынға жорып.

— Анау шаң ше?

— Құйын ғой!

— Сондай шұбалаңқы құйын бола ма? Және шаң алдында қараңдағанды неғып көрмейсің?

Алыстан болжауға көзі шорқақ Байжан, ілгері созылған шаңның алдындағы машинаны жақындағанда ғана көрді.

— Рас, машина екен, — деді ол, — кімдікі екен бұл?

— Меніңше, райкомдікі.

— Оны қайдан білдің?

— Бозғыл түсті емес пе, оның машинасы?

Байжан қарқылдап күлді.

— Неге күлесің? — деді Самарқан.

— Сөзің қызық. Шаң басса, қара машина да боз боп көрінер!..

— Егер боз болса ше?

— Егер қара болса?..

Екеуін серттесті келтірмей, алдыңғы машина жақындап келді де, «әй» деген дауыс жетер жерде кілт тоқтай қалды. Артына ілескен қою шаң, тоқтаған машинаны жауып кетті...

Алдыңғы машина тоқтағанын көріп, Байжан өз машинасының екпінін бәсеңдете берді, күткен машинаға ақырындай кеп тоқтады.

Сұйыла бастаған шаңның ішінен алдыңғы машинаның бер жағында қараңдап қол көтерген адам көрінді. Байжан сығалай қараса — Рахмет!..

— Шүйінші! — деді Рахмет, машинадан түсе берген Байжанға.

— Қалағаның сенікі! — деді, зор қуанышты сезгендей үре тулай қалған Байжан.

— Шүйінші!.. Ұлды болдың!.

Тулаған жүрегі жұтқыншағына тығылғандай болған Байжанның аузына сөз түспей қап, Рахметті құшақтай алды да, шаң мен тер араласқан бетінен шолпылдатып кеп сүйді.

— Гүлнар да аман, — деді Рахмет, Байжан құшағын жазған соң.

Самарқан да құттықтау сөздер айтып қолын алды.

Қашан? — деді, әлі де аузына сөз түспей тұрған Байжан.

Бүгін таң біліне!

ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУ

ЖАС ЖАПЫРАҚТАР

Бітірген игілікті ісіне кім қуанбайды дейсіз.

Каналдың сағасына орнаған бас шлюзді біздің Байжан да қуаныш көріп, жұмысы жоқ болса да соны күн сайын әлденеше рет көруді әдет қып алған еді.

Жұрттың шырт ұйқыда жататын көзі ғой бұл шақ. Бірақ, айнала ың-жың дыбыс!.. Жан-жақта самбырлап кеңескен адам дауыстары естіледі... Әлдеқайда, әлдекімдер ән шырқап жатыр... Бұл әндерді шлюздің екі жақ қанатының төбесіне орнатқан репродуктордан келіп тұр ма деген оймен, Байжан көпір үстіндегінің тиегін ағытып қойып төңірегіне құлақ түрсе, ән Алмалықтағы радио түйінінен ғана емес, айналадағы даладан да естіледі... «Кімдер олар?..»

Шлюздің жан-жағында жақында да, алыста да жылтырай жанған оттар!.. Оттардың әрқайсысының да жалындары көтеріле лапылдағанда, төңірегімде қараңдаған адам елестері көрініп қалды!.. Жалындауы мен бықсуы араласқан оттардың сонау бір тұсында, ашық аспанда жылтыраған жұлдыздардай боп бірқалыпты, біркелкі боп жарқыраған көп жарықтың көздері мөлтілдейді, олар не?..

Бұл дыбыстардың, бұл жарықтардың бәрі бізге таңсық болғанмен, Байжанға таңсық емес. Қай кезде, кім үн шығарып жатқаны, қай жерде не от жанып жатқаны, шлюздің көпірінің үстінде жалғыз жүрген оның көкірегінде сайрап тұр...

Байжан Телкөлден орала, күннің кенет жылынып, жердің тоңы тез жібуін көрді де, сол күні Қызылордаға барып, каналдың жер қазу жұмысын тез бастауға рұқсат алды. Сол күні облыстық барлық аудандарына, Сырдария каналы құрылысына қатынасатын адамдарды тез аттандыру туралы телеграмма кетті. Темір жолдың екі бетін жағалай отырған Қызылорда облысының аудандарынан канал құрылысына кісі аттандыру қиынға түскен жоқ. Телеграмманы алғанның ертеңінде-ақ, темір жолдың батыс жағынан да. шығыс жағынан да құрылысқа қатынасушылар ағыла бастады.

Келушілерді қарсы алу туралы арнаулы комиссия құрылды, бастығы Рахмет Дүйсенбин мүшелері: Байжан, Айбарша, Самарқан, тағы бірнеше адамдар.

Комиссияның ұйғаруынша: Алмалық станциясының басында, құрылысқа келушілерді комиссия мүшелері кезекпен қарсы алады. Қай поезда, арнаулы қай эшелонда қанша құрылысшы келе жатқаны, Алмалыққа қашан жетуі телеграммалардан мәлім. Поезд, я эшелонның келу кезіне, келген адамдарды барар орнына таситын көліктер мен машиналар даяр тұрады. Тоқтаған поездан, я эшелоннан түсетін құрылысшыларды күткен адамдар оркестрмен қарсы алады. Түскен жұрт тарап болғанша, Алматыдан, Қызылордадан, жергілікті үйірмелерден келген артистер концерт беріп жатады.

Келуі және қарсы алынуы осылай жоспарланған құрылысшылар, Байжан Қызылордаға барып оралғаннан кейін-ақ ағыла бастады...

Түнде, шлюздің көпірінде тұрған Байжанның құлағына төңіректен естілген дыбыстар мен жанған оттардың көпшілігі солардікі еді...

Ал, жұлдыздай жарқыраған жарықтар не?

Олар іргесі қаланып қалған Алмалық қаласындағы плектр жарығы. Өткен күзден Алмалықтың Сырдарияға тақалған жиегіне орнай бастаған жүз киловаттық қуаты бар әлектр станциясы, Алмалықтың салынып үлгерген қоғамдық, үйлеріне, кейбір бас көшелеріне жарық берген. Сол жарықтың екі үлкен лампасы, кеп жұлдыздың ішінде адырайған айға ұқсап, шлюздің, көпірінің екі жақ басында жанып тұр. Бір лампаның түбінде Лениннің, бір лампаның түбінде Маркстың портреті. Бұл екі портретті де осы аудандағы он жылдық мектептің сегізінші класында оқып жүрген бір бала бояумен салып, құрылыс басқармасына сыйға тартқан. Бояу суретінің өнерінен біраз хабарым бар деп ойлайтын Байжанның бағалауынша, бұл портреттер ешбір профессионалдық суретшілердің жасаған портреттеріне беріспейді...

— Кешіріңіз, — деді Байжанға, — ойда жоқта әкесін көріп апалақтап қаппын, аузыма сөз түспей; ең алдымен құтты босын айтам!.. Екінші, орыс әйелі болғаныммен, қазақ, ғұрпын білем — көрімдік!

— Қалағаныңыз сіздікі.

— Қалауды ойланып айтармын, көріңіз балаңызды! — деп, сестра жөргекке ораған баланы Байжанға ұстата берді.

Баланың беті ғана ашық еді. Жаңа туған баланы оның көруі бірінші рет, сондықтан ба, нәрестенің беті оған тым кішкентай сияқтанды. «Шала туған ба өзі» деген ой кеп қалды оған. Сол кіп-кішкене беттің өзі әрі күп-күрең сияқты, әрі түкті сияқты... Одан әрі сынауға, қарны ашыңқыраған бала безілдеп жылап кетті...

Гүлнардың емізуге қымсынғанын абайлаған Байжан, баланы сестраға берді де:

— Ал, Гүлім! — деді түрегеп, — рұқсат болса кетейін мен!

Гүлнар ризалық білдіріп басын ғана изеді. Тыста күтіп тұрғандар Гүлнардың, баланың амандығын білгеннен кейін, Байжаннан:

— Кішкентай кім сияқты екен? — деп еді:

— Қайдам, кім сияқты екенін, — деді Байжан, — әзір ешкім сияқты да емес.

Содан кейін Гүлнарға бірер рет жолыққанмен баланы Байжан көрген жоқ. Бір жолыққанда оның:

— Кім сияқты өзі? — деген сұрауына:

— Аумаған өзің! — деп жауап берді Гүлнар.

«Аумаған өзің» деген сөз Байжанның басында жүрді де қойды. Қайда барса да осы ойдан арылмады ол. Ұйықтаса түсіне кірді... Енді ол, баласын қайта көруге құмартты.

Больницаның Гүлнарды шығарамыз деген сағаты — таңертеңгі тоғыз еді. Байжан ол уақыттан больницаға бұрын барды, қасында Тәрбие, Айбарша, Анатолий Кондратьевич.

Бұл бетінде бәрі де қуанышты келе жатқан Байжан серіктерінің ішінде, ерекше қуаныштысы Анатолий Кондратьевич. қыс бастала денсаулығы түзеле бастаған ол, курортқа барып бірер ай тыныққаннан кейін, құлан-таза жазылып, бұрынғы қалпына келген. Содан кейін өзінің ризашылығымен, үкімет пен партия орындары оны Қызылорда плотинасын жоспарлау ісіңе начальник қып тағайындаған. Оның басқаруымен қыстай қызмет атқарған инженерлік және техникалық бригада көп мәселені зерттеп сұрыптап, жоспардың долбарына кірісе бастаған. Солай көңілі шаттанған қарт, күйеуіне:

— Сен каналды бітіргенше, мен плотинаны да жоспарлап бітірем, содан кейін, маған тағы да орынбасар боласың, — деп қалжыңдайтын.

— Оған мен риза! — дейтін Байжан.

Міне, енді сол қуанышына немере сүю қуанышы кеп ұштасып отыр...

Немере!..

Не деген қуаныш сөз ол!.. Осы сөз басына ұялағалы, қарттың қуанышпен тулаған жүрегі кең кеудесіне сыймайды!..

Больница дегеніміз әлі салынып бітпеген үй еді. Он алты комната боп пландалған бұл үйдің іргесі түгел қаланып, төбесі жабылған да, төрт-бес бөлмесінің сәкісі, есік, терезе салынған, дәрігер Гүлнарды осы бөлмелердің бірінде болдырған.

Дұрыс сезге Анатолий Кондратьевич те таласпады, әділ бағаға айтар дауы жоқ Байжан да үндемеді. Бетін Байжанға бұрып бірдеме айтуға ыңғайланған Айбаршаға Тәрбие: «Сүйреңдей бермей қойсайшы!» деген кескін білдірді. Өзгенің алдында сөзуар Айбарша, Тәрбиенің қас-қабағына қарап, оның ұнатпағанын істемейтін еді. Сол дағдысымен, көмейіне кеп қалған сөзді айтпай жұтынды да қойды.

Байжанның аздаған кекшілдігі болатын еді. Айбаршадан жеңілдім деп ойлаған ол әзілді «кек» қайтару мақсатымен:

— Апа, — деді Тәрбиеге Айбаршаға арнаған сөзін орағытып әкелгісі кеп, — сіздің де бір жас иісті сүйетін кезіңіз болды-ау!

— Е, қарағым, — деді Тәрбие Байжан сөздерінің төркініне түсіне қап, болашақ келінін әзірге жығып бергісі келмей, — сүйе келе жатқан жоқпыз ба, жас иісті? Бөтендігі бар деп келе жатырмыз ба?..

Байжан тағы да тосылып қалды. Гүлнарды өзінің қызыңдай, не келініңдей жақсы көріп кеткен және босанар кезінде әдейі арнап күтуге келген Тәрбиенің көңіліне, иіскегелі келе жатқан нәрестені «бөтен» деп қалай жарықшақ салсын...

— Не туда попали, товарищ, — деді Айбарша, Байжанға үстем бола түскісі кеп, сөзін Тарбияға ұқтырмау ниетімен орысша айтып, — бьете мимо цели!

— Признаю, — деді Байжан, — в насмешках мне не везёт.

— Зато вам везет в жизни. «Бір уысқа — екі бөдене сыймайды» дейді.

— Того желаю и Вам.

Айбарша жымиып төмен қарады.

Немеремді көруге рұқсат па? — деді.

— Өтінем! — деп Байжан ораулы баланы ұсына берді. Қолына алған баланың жұқа ақпен жабылған бетін Анатолий Кондратьевич ақырын ашса, көзі жылтырап шыр екен. Бірінші керген қарт атасына амандасқандай, езу тартқан сияқтанды.

— Здравствуй, Сырдың жас қазағы! — деді Анатолий Кондратьевич те жымиып, — өмірлі, бақытты бол!

Баланың ып-ыстық бетіне ол мұрнын тигізіп иіскеді де, басын көтеріп:

— Гүлден, Сырдың жас жапырағы! — деді.

ОН СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

ІСКЕ СӘТ!

...Каналдың қазылу жұмысы салтанатпен басталатын болды: жұмысқа жиналған қырық мыңдай кісі түп-түгел кетпен көтеріп, каналдың ернеуі жүретін сызықтарды бойлай, араларында үш метрден ашық жер қойып қаз-қатар тұрады. Ол екі қатардың арасына экскаваторлар, грейдерлер қойылады.

Жұмыстың басталар алдында митинг өтеді. Қазақстан үкіметінің өкілі каналдың маңызы -мақсаты туралы қысқаша баяндама жасайды да, құрылысшыларды құттықтайды. Одан кейін партия және басқа ұйымдардың өкілдері құттықтау сөз айтады. Бұл сездерді жұмысшылар радиомен түгел тыңдайды.

Құттықтау сөздерден кейін, үкіметтің өкілі «іске сәт!» деген сөзді айтады. Сол сөз айтылған секундта духовой оркестр марш ойнап жібереді. Марш бастала берген кезде, канал сызығын бойлай тұрған адамдар, бір ырғақпен кетпендерін жерге сілтейді. Дәл сол кезде экскаваторлар да жерді жыра жөнеледі...

Жұмыс басталар алдында үкіметтің, партияның, құрылыстың басшы адамдары, даңқты бірнеше жұмысшылар каналдың сағасындағы шлюздің үстіне жиналды. Бізге таныстардан олардың ішінде Рахмет, Анатолий Кондратьевич, Сырбай, Байжан және Айбарша тұрды.

Мезгіл күннің жаңа шашырап шығып келе жатқан көзі.

Күн көтерілгеннен еңкейгенге шейін айнадай жарқырап тұратын Сырдария бойының аспанында, кейбір түндерде жиналып, таң ата ыдырайтын ала-шабыр бұлт, бүгін де жинала қалған екен. Бұл бұлт, қаз-қатар кетпен көтеріп тұрғандардың төбелеріне әдейі іліп қойған жалаулардай, шығып келе жатқан күннің нұрына қызыл күреңденіп бояла қойды. Күн сәулесінің кең жайылған тармақтары, жердің бетіне де көлбей тарап, Сырдың даласына қызыл-күрең түс берді. Алыста мұнартып көрінген Түйе мойын құмының күн нұрына малынған ойлы-қырлы, жер бетін жауып, таңғы самалға желпініп тұрған бірі тас қызыл ту сияқтанды.

Оны ойлау керек, — деді, Сырбайдың бұл сөзін ұнатпаған, бірақ досын ренжітіп алғысы келмей, қарсылығын жұқалап айтқысы келген Анатолий Кондратьевич, — біздің үкіметтің ескі ғұрыптан қолдайтыны да, қолдамайтыны да бар ғой, Сыреке. Дал бұл айтып отырғаны қызды үкімет қолдай қоймас. Беделіңіз бар, даңқты адамсыз, ұят боп жүрмесін.

Анатолий Кондратьевичтің ұнатпағанын Сырбай біле қойды да:

— Сені өзімсініп айтып жатқаным да, өзгеге айтар сөзім емес бұл, — деп бүгіле қалды.

— Не шалмақ едіңіз? — деп сұрады, шалды түсіндірдім деп санаған Анатолий Кондратьевич.

— Жүдә буыршын еді, — деді Сырбай.

— Буыршын?!

— Неге таңдандың, жүдә? Кәдімгі түйенің дене шыққан бурасы.

— «Бура шалды» дегенді мен, ертегілерде болмаса, бертінгі заманда естіген жоқ едім.

— Баяғыда Досбол датқа арық қаздырғанда бура шалыпты қазақта құрмалдыққа шалуға, жүдә бурадан жолы үлкен мал болған емес.

Ордалы сарай, көпір, шіркеу сияқты зор құрылысты бастарда, сол араға мал түгіл адамды құрбанға шалатын салт көп елде, оның ішінде Европада орта ғасырға шейін болғаны Анатолий Кондратьевичке тарихи деректерден мәлім де. Грецияда күні бүгінге шейін, құрмалдық шалынбаған жаңа құрылыстың қасына кім бұрын барса, сол жылға жетпей өледі дегенге сеніп, шеберлер күші келсе қой сойып, күші келмесе тауық сойып, қолына қан жағып іске кіріседі. Жаңа құрылыстың басына тоқты-торым сияқты жеңіл құрмалдық шалу әдеті Орта Азия да, қазақта да барын Анатолий Кондратьевич талай көрген, бірақ, дәл бура шалғанын ол кермек түгіл естіген жоқ-ты.

Сырбайдың бура шалу туралы сөзін естігенде, оның есіне «қарабура» деген сөз түсе қалды. Сырдың бойында «қарабура» деп суға жасайтын бөгеттің бір түрін айтады. Ол былай жасалады: қоғажайдан ұзын қып ескен арқанның екеу-үшеуі жерге қатарынан төселеді. Олардың үстіне көлденең қамыс жайылады. Қамыстың үстіне топырақ себіліп, оған су сеуіп дымдайды. Содан кейін жайылған, астына төселген арқандарды қоса, бір жақ киіз шиыршықтап, домалата бүктейді. Қамыс қаланып болған соң, белін бірнеше жерден манағы армандармен тас қып байлайды. Жуандығы екі құшақтан құшаққа дейін болады. Осындай бумалардың, атын ақтар «қарабура» дейді. Қарабура көбіне арықтың мидан су тартатын сағасын бекітуге жұмсалады. Темір мен цемент араласпаған кезде, қарабурадан басқа материалдардан жасалатын бөгеттерді су ағызып алып кетеді. Ағысқа көлденең салса, қарабураны да алып кетеді, сондықтан, судың ағысына оның тұмсығын қарата салады.

Келіні мен баласының сөздерін іштей қызық керген Сырбай, Айбаршаға қарады да, «балам...» дей беріп, әлденеге көзімен ым қақты, Айбарша оны түсіне қойды. Ол былай еді: осы көктем туарда, бір күні Сырбай Айбаршаға «балам, Сыр бойының арық қазушыларында, жерден кетпенмен алғаш іліп алған топырақты орамалға түйіп, осы арықты қазуды бастаушыға беріп жіберу әдеті бар, соны, ертең мына Сырдария каналы қазылғанда біздің де істеуіміз керек, ол үшін, осы бастан орамал даярлап, топырақ сыйлайтын адамның атын кестемен жазу керек» деген. Бұрын білмейтін бұл салтты қызық көрген Айбарша, «дұрыс, Әке, орамалды мен даярлайын, сонда кімнің атын кестелейін?» деп сұраған. «Әрине, Анатөлдің» деген Сырбай... қызғылттау жібекке Айбарша қолы боста айнала «Сыр өлкесін суландыруда бірінші айыпты Анатолий Кондратьевич Полевойға Сырдық ұл-қыздарынан тарту» деп әр түсті өрнекті кесте шеккен... Бүгін, канал қазу жұмысына шыққанда, Айбарша кестелі орамалын қалтасына с.ала шығып, экскаваторы жер қазуға кіріскенде, алғашқы бір уыс топырақты орамалдың шетіне түйіп қойған... Сырбайдың ымдағаны сол екенін түсіне қойған Айбарша, кителінің қалтасындағы топырақ түюлі орамалды алды да, ат үстіндегі Анатолий Кондратьевичке ұсынды.

— Ол оңай, — деді Сырбай, жымиып, — келесі жылы осы каналдан суарылатын егінді есепте, бір Сыр түгіл, әлденеше Сырдың ұл-қызын қонаққа шақыруға жетсін!..

— Рас!.. Табылған сөз!.. — деп, айнала қоршаған жұрт ду күлісті...

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ

ҚЫЗУ ЖАРЫС

Каналдың қазылуы ойдағыдан артық қарқынмен кетті. Экскаваторлар, комбайндар, грейдерлер аз күнде каналдың арнасы жүретін жерлерді жырып тастады. Кеше ғана жалма, теп-тегіс боп жатқан далаға, деңкиген балта тау боп үйіліп қалды.

Экскаватор жарысында оздырмаған Айбаршаны Дәулет кетпен жарысына шақырды.

— Жастардың көпшілігі кетпенде жүргенде, біздің машина жарысымен ғана қанағаттануымыз ұят болар, — дегенді сылтау қылды ол Айбаршаға, — ара-тұра кетпенге де түсіп көрейік.

— Білек күшімен де сынасқың келген шығар, — деді Айбарша күліп, — ол да болсын!..

Кетпенге келгенде Дәулет Айбарша түгіл, қырық мың кісінің біреуін алдына салмай, ең алдыңғы қатарда деген жүз шақты жігітпен теп, түсе, жарысты да отырды. Көзі көрмеген осыған панар ма? Ол бір күндері, отыз кубометр топырақ аударып, нормасын мың процентке жеткізді.

Кетпенде Дәулетке жете алмағанмен, Айбарша да көпшіліктің көзін сүйсіндіргендей рекордтар берді. Каналдың бойындағы барлық кетпеншінің он үш мың жарымы әйел еді. Айбарша солардың маңдай алдында жүрді.

Еркектерден Дәулеттің аты, әйелдерден Айбаршаның аты, құрылыстың өзінікі түгіл, облыстық және республикалық газеттердің беттерінен түспеді: газетшілер мақала жазды, жазушылар очерк, әңгімелер жазды, ақындар өлең шығарды, Қызылорданың белгілі ақыны Нартайдың оларға арнаған әні канал түгіл, бүкіл Қазақстанға тарап кетті. Участоктің қабырға газетіне салған «достық қалжыңында» бір суретші: Айбаршаға жер шарын көтертіп, Дәулетке ол шарға себеле пен су шаштырып, астына былай деп жазыпты: Сырдария каналының даңқты екі стахановшысы — Дәулет Сырбаев пен Айбарша Қарымсақованың әзілдері:

Дәулет: — Айбарша, иығыңдағы көтерген домалағың не?

Айбарша: — Көрмей тұрмысың, не екенін?

Дәулет: — Мен мектептегі глобус па деп тұрмын.

Айбарша: — Ондай жеңілді сен көтер. "Менің көтергенім ауырының өзі, кәдімгі, жердің шары.

— Дәулет: — Молдалар «жерді көк өгіз көтеріп тұр» деп айтатын еді, сен сол болғаның ба?

Айбарша: — Менің естімеген кеңесім ол. Бірақ, мен бұл жер шарын егізден де, сиырдан да ақыл сұрап көтерген жоқпын. Маған жер шарын көтеруді үйреткен Архимед.

Дәулет: — Оның кім еді?

Айбарша: — Орталау мектептің білімімен қалып қоюға айыпты өзің. Архимед Айсадан үш ғасыр бұрын жасаған физика ғалымы. Сол кісі «егер тұтқасы болса, жер шарын мен көтерер едім» деген екен. Одан екі мың бір жүз отыз бес жыл соң туған мен, жер шарын көтерсем, ақылға сыймайтын несі бар?

Дәулет: — Оқымыстысын-ақ болдың-ау, маған! Осы каналды қазып бітіре салысымен бе!..

Айбарша: — Маған намыстанғаның керек!»

Баласы мен болашақ келінінің мұндай ауызға ілегіп кетуіне Сырбай қуанды да, қайғырды да. Қайғырғаны — дінге, ырымға сенетін ол, тіл, я көз тие ме деп қорықты. Қуанғаны — бұдан аз уақыт қана бұрын, өз аулынан басқа жан білмейтін Дәулет пен Айбаршаны қазір бүкіл Қазақстан білетін даңқты кісілер боп кетті. Ол ол ма:

— Мынаны көрдіңіз бе? — деді Байжан, бір күні, жұмыс басында жүрген Сырбайға кеп, «Правда» газетін жазып, ішкі бетінде басылған Дәулет пен Айбаршаның портреттерін көрсетіп.

— Сыреке. Сіздің балаңыз бен келініңізді мақтап жаныпты. Бұл күнге шейін балаларыңыз Қазақстанға ғана кісі болса, енді оларды бүкіл Совет отаны білетін болды. Құттықтаймын, ақсақал!

Құттықтасаң, өзіңнен де құт кетпесін, балам!

Сол ниетін ол баласына да білдірсе:

— Өзіміз айтамыз, той жасайтын күнді, — дейді Дәулет.

— Қашан айтасың?

— Уақыты келгенде.

— «Уақытыңа» шыдаса игі едім, — дейді Сырбай, — жұрттан ұят боп барады. «Тойдан тайлығасың? Сараңдығың ұстап жүр ме, немене?» деп жұрт жүдә, мазамды алып барады. «Әлі үйленген жоқ» десем, «несіне алдайсың, жұртты соқыр дейсің» деп нанбайды.

Сырбай қанша бастырмалатқанмен, Дәулет өз сөзінен танбайды. Бұлай дегенде оның үйленгісі келмей жүрген жоқ, Айбаршаны көндіре алмай жүр. Әкесі сияқты мінезі момын, аузы сараң болғанмен, білімі орталау мектептің көлемінде қалғанмен, Дәулет қазақ және өзбек тілінде ертелі-кешті шыққан кітаптарды, әсіресе, көркем әдебиетті, оның ішінде ғашықтық туралы шығармаларды көп оқитын.

Ерте заманның ғашықтарының көбі қосыла алмай құса боп, біреулері қайғыдан әлек боп, біреулері шиеленіскен бейнетпен әрең қосылып жүреді ғой. Солардың бәріне де сенетін, армандарын аяп, арманына жеткендерінің қуанышына ортақтасатын Дәулет, өз басының оқиғасына айналып бір қарайды да, бөгет боларлық ештеңе таба алмайды. Осы ойын Айбаршаға айтып, «енді уақыт жетті ғой!» десе, Айбарша сүйетіндігін ашық айта отыра, кейде «асықпа!» деген ұшы-қиыры жоқ сезді айтып, тізгінін қолына іліктірмейді; кейде «әлі жас емеспіз бе?» деп майыса қалады; кейде «осыдан басқа сөз жоқ па?» деп бұлтын, ете өкпелейді; кейде «оқуымды бітірейін де» деп жалбарынады...

Он жылдықты бітірген Айбарша, «ал, енді жетті ғой, созбағың!» деп қадалған Дәулетке, тағы бір ұзын сонардың шетін шығарып қойды. Айбарша Дәулетті «Дәукеш» дейтін-ді. Дәулет қалжыңдап:

— «Дәукеш» дегенің жұрттың құлағына «дәукес» боп естілуі мүмкін. Сондықтан, бұл атын, өз құлағыма жылы ұшырағанмен, көпке ұнар ма екен? — десе:

— «Дәукес» болсаң, — деді Айбарша, — қадалған адамыңның қыр соңынан қалмайтын дәукестігің өтірік пе?

— Рас, — дейді Дәулет жеңіліп, — бірақ, жұрт айтатын мынау өлеңді естіп пе ең?

«Ешкінің жарда ойнайды текешігі, Бітпейді қыз, жігіттің көкесін...»

« — Болды, болды! — деп Дәулетке бұл бір ауыз өлеңнің соңғы екі жолын Айбарша айтқызбайды, себебі, ол екі жол:

«Бітеді ол көкесін қыз қатын боп,

Кигенде ақ жаулықты шекесіне!» —

деген сөздермен бітеді.

Айбаршаның ұнатпайтыны — қыздың жаулық киюі емес, жаулық кигеннен кейін, қыз бен жігіттің арасындағы көкесінің бітуі. «Қыз бен жігіттің кекесіні» деген сөздерден Айбарша аса бір тәттілікті ұғады. Сондықтан, ол: қыз жаулық кисе кие берсін, бірақ оның, сүйгенімен тәтті кекесіні бітпесін» деп тілейді. Дәулетке өлеңнің соңғы екі жолын айтқызбайтын себебі осы.

Темамызға оралайық.

«Дәукеш» дейтін Айбарша, жұмыстан босаса-ақ Дәулетті қайда жүрсе де тауып ап, тілеген жағына ертіп алалы да кетеді. Сырдың күні қандай ыстық болса, түні сондай алқын, Ыстықпен өмір бойы қайнасып өскен оның адамдары, құмына шикі жұмыртқа қойса пісіп қалатын аңызақта, басына бір ақ орамалды сәлдедей орай сап, әйелдері көйлекпен ғана, еркектері көйлексіз жұмыс істей берсе, сол күннің кешінде салқынға тоңазып, костюмсіз жүре алмау, Сырдың еліне дағдылы үрдіс . Салқын кешке ширыға ма, әлде, ыстық күннің алаулаған лебі жастық жалындарын одан да бетер қыздыра ма, күн батып, көлеңке түскен соң-ақ каналдың өн бойындағы жастардың бәрі, алабұртып іздейді. Соның, бірі Айбарша. Оның аса құмар ойына волейбол. Волейболға қызу кірісіп кеткенде ұзақ кешті сонымен өткізуге ерінбейді.

«Қыз, жігіттің бітпейді кекесіні» дегендей, ол екеуінің осы бір дауы, неше күн, неше түн оңаша-ақ кеңескенмен, аяқталмай-ақ қойды. Сонда да, олар бір айтқанын қайталай беруге жалықпайды, бүгін малтадай езілген сөздері ертең тағы да тың сөз боп қалады...

Міне осындай бітпейтін дауларын тағы да жаңалау үтін, олар Сырдың айы сүттей жарық бір түнінде, көптен оңашаланып қыдыруға ойлады.

Қыдырғанда қайда барады олар? Мәуесі салбырап тұрған тоғай, құсы сайрап жатқан бау ол арада жоқ. Олардың жұмыс істеп жатқан жерлері езімізге мәлім: түптеле ескен сексеуілден басқа бұтасы жоқ, белесті құмдардың арасы. Құм арасына қаз-қатар шатыр тіккен құрылысшылардың кешкілікте жанын жадыратам дейтін бір орындары — құмнан шегендеп қазған терең құдықтың маңайы. Құдық аса сулы. Оның маңайында, түтікпен тартып су құятын құмнан төрт бұрыштап қазған әуіт бар. Су сіңіп көк аязданып алған әуіттің ернеуі, жаңадан құйған суды жұтпай, шіпілдейді де тұрады. Әуіттің қасына діңгектер орнатылып, басына үлкендігі аспандағы айдай абажуры бар, үлкен электр шамы қойылған. Оның сәулесінен, қандай қараңғы түнде де төңірегі күндізгідей жарық боп тұрады. Сол зор шамды айнала ұшып, бұлттай сапырылып жататын Сыр бойындағы сан түрлі көбелектер мен шыбын-шіркейге қараудың, оларды аулайтын жарқанаттар мен қарлығаштардың бомбалауға келген самолеттей түйіле ағып кеп, аузына іліккен ала қашып, сып етіп қараңғыға сүңгіп жоқ болуына қараудың өзі қандай тамаша!..

Айлы түнде көптен оңашаланып қыдырғысы келген біздің Айбарша мен Дәулет, әуіт басында болып жатқан қызықтардың бәріне де алданбай, ойлы-қырлы құмның арасына тартты: еркін, мінезі жарқын болғанмен, жыртқыш аңдардан, жылан-шаян сияқты шағатындардан Айбаршаның жаны түршігетін еді. Ол сол қалпын көрсетіп:

— Ұзап қайда барамыз? — деп тартпақтайын деп еді:

— Ере берсейші, маған, — деді Дәулет, — екеумізді жейтін не жүр дейсің бұл құмда?..

Олар құмды аралап ұзақ жүрді. Әлдеқайда аш қорқаудың ұлығанынан, күшіктерін шақырған түлкілердің қаңылтырдай шіңгірлеп шәуілдеуінен, ана төбенің басынан да, мына төбенің басынан да байғыздың, шұрылдауынан, қоянға, қарсақ па, әлде не бір кішірек аңдардың әр сайда қараң етіп жоқ болуынан, сексеуілдің сынған бұтағы ма, ұйықтап жатқан жылан ба, бірдеңелердің маңайда ирелеңдеп жатуынан... — осының бәрінен Айбарша сескеніп қалады да, сескенген сайын, қолтықтасып келе жатқан Дәулетке жабыса түседі. Дәулет қорықпай келе ме, әлде махаббат толқынына қарық болған сезімі қауыпты абайлатты ма, немесе, Айбаршаға сыр бермей еркексінгені ме, — кейде:

— Ретсіз бақырып зәрені алды ғой.

Әңгіменің есекке ауып кеткеніне Айбарша қуанды да. Егер есектер ақыра қоймаса, өзін берікпін-ақ деп есептейтін Айбарша, Дәулеттің бүгін ерекше шұқшиюына көніп те қалар ма еді, қайтер еді. Піскен алма сабағынан үзілуіне, қасынан жанай ұшқан шыпшы қанатының лебі де сеп деседі. Дәулеттің түн ұзын жалбарынуы, оның піскен шыдамын құстың қанатынан қаттырақ қағынған еді...

Есектердің даусына көңілі бөлінгенде, Айбаршаның балқыған шыдамы тағы да ширады. «Асығатын не бар, — деп бекінді ол ішінен, — ала көңілді ешқайсымыз жоқ, өмір әлі алда, шыдаған соң шегіне жете шыдау керек».

Осыған бел байлаған ол, есек кеңесін ұзарта берейін деп еді:

— Таста, сол құрғырыңды! — деді Дәулет кейіп, — қайдан ақыра қалды өздері?..

— Таң қараңғысында ақыруы ғой деймін.

— Оны қайдан білдің?

— Аспанда жарқыраған жұлдыздар көмескілене бастапты ғой... Бұлт та торлана бастапты... ай да жоқ...

— О қайда, бәсе?

— Әлгінде батқан.

Дәулет күрсінді

— Неге күрсінесің? — деді Айбарша.

— Сен мені, дәл мен сені сүйгендей сүймейсің-ау деймін.

— Неге?

— Аспанды бұлт қоршағаның айдың батқаның жақындағанын махаббат толқынына қарық болған мен сезбегенде сен қайдан сездің?

Айбарша жауап бермеді.

— Сен де мен сияқты халге түскен екен десем...

— Дәукеш! — деді Айбарша, Дәулеттің иығына басын сүйеп, — басқа құн жоқ па осы сөзге? Екеуміз де жұмыс кісісіміз. Ұйықтамай жұмысқа қалжырап кірісіп. еткен бір күндегідей, жарыстан қалып қойып жүрмейік...

Дәулет құшақтайын деп еді:

— Мен ашуланам, енді, — деді Айбарша, — жылы ұшырағанда кетпе сен, жібер!..

Сыры мәлім Айбаршаны тулатқысы келмеген Дәулет, тырмысқан оны жұлқыламай еркіне босатты.

— Қайттық! — деді Айбарша, Дәулетті оң қолтығынан көтере түрегеп.

Екеуі жүріп кетті. Әуелі олар бір-біріне өкпелегендей, біраз жер тым-тырыс аяңдады да, алғашқы тілді Айбарша қатты.

— Татуласпаймыз ба, Дәукеш? — деді ол.

— Дәулет үндемеді.

— Араздасып болғаның ба бұл?

Дәулет күліп жіберді.

— Өзің, айтпақшы, несіне өкпелейсің, «Даукесім», — деді Айбарша кетпеннен қатқылданған алақанымен, Дәулеттің бетін сипап, — жоқ, «Даукесім» емес, Дәукешім, құрметті, сүйікті Дәукешім, өкпелеме, жүрегім!.. Бізді «қырар бөгет жоғы өзімізге аян. Аз күнге несіне өкпелейсің?..

— Сол «азыңның» өзінде ұшы-қиыр болмай барады ғой!..

— Ал, жақсы, қосылайық!.. Ұят та болса айтайын — балалы болайық!.. Мен оны әлдилейін де отырайын!.. Тағы біреу тусын!.. Және біреу!.. Мен бала басты, салды балақ қатын болайын!.. Сонда не болды?

— Оқуды бітірген соң қосылсақ, бұл айтқандарың болмай ма?

— Оның — қиястығың, Дәукешім. Кісі семья боп қойылған соң көбеюден қаша ма? Менің айтатыным: жағдай қалып тұрғанда, орта біліммен қалғанымыз қалай, керекті жоғары білімді алып қосылғанымыз қалай?

Олардың алдында бұдырмақтанған, каналдан шығарылған тау-тау құм топырақ екен.

— Мен шаршаған сияқтымын, — деді Дәулет, екеуі ол үйілген құмға ерлей бергенде.

Ендеше, отырып демалайық.

Олар биік үйілген құм топырақты ықтай отырды.

Менің, қалғығым келеді, — деді Дәулет.

Айбаршаның бірсыдырғы әдемі даусы болатын. Сол даусын баяулау алып, ол «Балымшаны» бастай жөнелді, Дәулет те қоңырлата дауыс қосты. Олар өлеңнің бірінші жолын:

«Айналайын көзіңнен күлімдеген...» — деп бір сезбен айтты да, екінші жолды Айбарша:

«Басқан ізің келгенде білінбеген» — деп өзінше, Дәулет:

«Шай көйлектен емшегің дірілдеген»,-деп өзінше айтты. Екі жағы да бұлай екі мағынадағы әдейі айтқандарын біле тұра, «неге олай дедің» деген жоқ, өлеңнің соңғы жағын қосыла жалғастырып әкетті:

«Сен есіме түскенде, беу қарағым,

Жатсам көзім төсекте ілінбеген.

Балымша,

Электрдің шамын.

Тіл алмайсың жалынса...

Олар осы әнді ұзақ айтып отырып алар ма еді, қайтер еді, егер үстерінен гулеп балшық төгіліп кетпесе. Екеуі де «бұ не?!» деді де шошынғандай сілкіне түрегелді. Жоғарыда әлдене тырпылдаған сияқтанды.

— Біреу жүр білем, — деді Дәулет.

— Кім бар дейсің, жай құлаған топырақ болар.

— Жер қозғалып па, жайдан-жай топырақ түсетін? Мал болса да, адам болса да бірдеме өтті, жүр, көрейік!..

Дәулет биік топыраққа өрмелей жөнелді. Оған ере Айбарша жөнелді. Екеуі биікке шыға келсе, біреу үйілген топырақтардың арасымен еңкеңдеп қашып барады екен.

— Айттым ғой, адам бар деп, — деді Дәулет, — кім де болса тоқтатайық!

Қашқан адам бір төмпені тасалай берді.

— Бәрібір құтқармаймын. сені! — деп Дәулет ұмтыла бергенде, Айбарша қолынан ұстай алды.

— Жібер! — деді Дәулет бұлқынып.

— Нең бар, айдаладағы біреуде?..

— Жібер! — деді тағы да ол. Сондағы ойы: «Бұл Самарқан болар» дегендік еді. Осы ойдан ашуы қоза түскенмен, «болды енді!» — деп білегінен қаттырақ тартқан Айбаршаны күштей жұлқылауға ол ұялды.

Бірақ Дәулеттің ойы қателесті. Олардан бұғып қашқан Самарқан емес, Тыртық еді. Айбарша мен Дәулеттің көңіл қосуын ол көптен күндеу, сонда ол, оларды бір-бірінен қызғанып жүрген жоқ, оның ойы басқада. Бұл мәселеге кейінірек ораламыз, әзірге темадан шықпайық.

Дәулет пен Айбарша тартыста боп тұрғанда, бір салт атты алдарынан шыға келді.

— Кім. әй бұлар? — деді ол Дәулет пен Айбаршаға жақындай беріп. Екеуі тани кетті — Байжан.

— Е-е-е, Қозы Керпеш — Баян екен ғой, кім десем! — деді Байжан, — амансыңдар ма, ғашықтар? Бұл қай жұлқыс?

— Биікке өрмелегенде, бірімізді-біріміз демеуіміз емес ие, ағай, — деді Айбарша, Дәулеттің, аузына сөз түспей тұрғанын абайлап.

Байжан одан әрі қазбаламады. «Е, бәсе, — деп ойлады, қашқан адам туралы, — өлер -тірілеріне қарамай, жығыла-сүріне жүгірген түрі жаман еді, мыналардан үрейленген «•кен ғой! Неге өйтті екен!?» Бірақ ол, қашқан Тыртықты көргенін білдіргісі келмеді де:

— Бұл арада тынығуға болар ма екен? — деді қалжыңды дауыспен, атынан түсе беріп.

— Неге болмайды, — деді Айбарша оны қолтығынан демей беріп.

Байжан ентіккен аттың тізгінін ердің басына қаңтарды да, шылбырын жерге сүйретіп бос тастады.

— Кетіп қалар, — деді Дәулет.

— Сыр мінез ат. Ешқайда кетпейді.

Байжан мен Дәулет Айбаршаны ортаға ала, үйілген бір балшықты жастана отырды.

— Шаршап та қаппын, — деді Байжан.

— Қайдан жүрсің? — деп сұрады Дәулет.

— «Қайдан жүрсің?» Сол да сөз бе екен? Каналдан басқа жүріс бола ма менде? Бір шетінен екінші шетіне салт атпен барып, оралып қайту үшін екі-үш күн керек емес пе?

— Машинаң қайда?

— Жері төсеген тақтайдай теп-тегіс біздің Арқа деп отырмысың Сырыңды, машинамен ойға алған жеріңе жолсыз да тартып кететін? Мына жері жазық болса, әне жері белестенген құм!.. Жазық деген жеріңнің өзі сексеуіл мен жидеге, оралған толып жатқан...

— Жолмен жүріңіз, ендеше! — деді жерін Байжанның ойнап жамандауын шын көрген Айбарша.

— Қандай жол? — деді Байжан Айбаршаны ашуландыра түскісі кеп, — біздің Арқаның асфальт төс:гендей тегіс, әрі кең, әрі оқтай түзу жолы бар ма, Сырда? Дария қандай бұралаңдаған қисық болса, жеріңнің жолы да сондай емес пе? Шаңын қайтесің оның! Малдың тұяғы, машинаның доңғалағы тисе-ақ бұрқырай кеп көтеріледі. Есік, терезесін жауып қойған машинаның ішіне қалай ұрланып кіретінін де білмейсің, ара-тұра тоқтап, сілкініп, шаңын шығарып алмасаң, отыруға да мүмкін емес!

— Сонда да ол Арқаға айырбастар ма екенбіз Сырымызды, — деді Айбарша, Байжанның да намысына тигісі кеп, — ұнатпаған кісінің жолы бос! Келуге тілемегенді шақырмаймыз.

— Ашуланып қалдың ғой, балдызым! — деді Байжан.

— Ашуланбағанда. Әркімнің өз жері қымбат!.. Сонда да, арзан ба біздің Сырдария?..

— Неге арзан болсын, — деді Байжан шындап, — мұнда келдім деп өкініп жүргенім жоқ. Өкінуге қолым та тимейді. Жұмыспен уақыттың қалай еткенін білмей де қаласың. Кейде жұмысқа жеткізе алмай «бір сөткеде жиырма төрт сағат емес, жүз жиырма төрт сағат неге болмайды» деп өкінесің.

— Онда адамның өмірі де бұдан бес есе кеп болу керек қой, — деді Дәулет.

— Онда тіпті жақсы болар еді, — деді Байжан, — мұндай жақсы өмірде адамның өлгісі келмейді!

— Бәріміздің де ойлайтынымыз сол, — деді Айбарша, — бірақ, меніңше аты «көп жасау» қызық емес қой деймін. Біздің ауылда жүз он беске келген кемпір бар. Соның да саудырап отырғам қалпымен өлгісі келмейді. «Әже, — дейміз кейде, қалжыңдап, — енді жасай беріп қайтесің, өлсейші!» Оған ашуланып қалады. Кемпірдің тілі «р» мен «л»- ға келмейді. «Әй, жүгермек кеттік! — дейді. жекіп, — мен сенің тайыңа түстім бе?»

— Әне, кердің бе, өмірдің тәттілігін, — деді Байжан.

— Олай боп жасасам, мен өмірді тәтті көрмей-ақ қояр едім, — деді Айбарша, — өзің еркін араласып қызығын көрмеген өмірдің несі қызық. Мен профессор дегеннің «Жасарту» деген кітабын оқыдым.

— Өмірге қызығуың емей немене ол? — деді Байжан.

— Өмірге ғашық «езім ғана» деп ойлап па едіңіз, жезде «Жасарту» деген қандай қызықтыратын сөз!.. Қызық оқыдым да. айтып отырғаны әлі шалғай тәжірибе Болғандықтан, көңілім суып тастай бердім.

— Пау, шіркін! — деді Дәулет сүйсініп кеткендей, — жазушыдай суреттеп жібердің ғой өзің!

— Ағайдың ондай да өнері барын білмейтін бе едің? — деді Айбарша, — мен бұл кісінің жазған өлеңдерін де көргем.

— Қайдан? — деді Байжан.

— Айтам ба?

— Айтасың.

— Айтпасам ше?

— Неге айтпайсың? Мен айтқызам.

— Қалай айтқызасыз?

— Заңмен айтқызам, — деді Байжан, Дәулетке көзін қысып.

— Ондай заң жоқ.

— «Авторлық право» дегенді білесің бе?

— Білсем ше?..

— Ол право бойынша, біреудің баспаға шықпаған еңбегін екінші кісі рұқсатсыз оқыса сотталады.

— Ә-ә-ә, солай ма? Онда Гүлнар жеңгей сотталады екен ғой. Мен сол кісіден көрдім.

— Жеңгей сотталмайды, сен сотталасың, — деді Дәулет.

— Неге?

— Байжан мен Гүлнар бір кісі. Сондықтан, оның оқуға хақысы бар, сенің, не қақың бар?

Айбарша тосылып қалды.

— Көрдің бе, әне? — деді Байжан күліп.

— Көрдім, — деді Айбарша, жеңілгенін сездіргісі келмегендей, — бірақ шығармасын әйелінен басқа адам оқымайтын жазушыны, көңіліңізге келсе де айтайын, мен жазушылық правосы бар адамға санай алмаймын.

— Ойын бір басқа, — деді Байжан, — менің бір кезде ақын болғым келгені де рас. Сенің көргенің сол кезде жазған өлеңдерім.

— Сіз жәбірленбе, жезде! — деді Айбарша, — қалжыңдаймын. Расымды айтсам: кей өлеңдеріңіз жүрекке жып-жылы тиетін, жап-жақсы.

— Рахмет, — деді Байжан, — менің осы Сырға инженер боп келуіме себеп — Гүлнар екенін білесіздер, достарым.

— Оған өкінбейтін боларсыз? — деді Айбарша.

— Мана айтпадым ба «өкінбеймін» деп. Ел игілігіне асатын осындай зор жұмысты бастағанға неге өкінсін ақылы бар кісі!.. Егінді табиғат бергісі келмесе де, еңбекпен тартып алатын елді мен осында көрдім. Бұған қарағанда, біздің Арқаның егінге сіңірген бейнеті бейнет емес. Олар егінді бір сеуіп тастаған соң, қашан пісіп орғанша, арам шөбін жұлғаннан басқа түк те бейнет шекпейді. Аспаннан жаңбыр құйылса, еңбегі жанады да, әйтпесе жанбайды. Жаңбыр-маңбырыңа қарамайтын, Сырдан су ала білсе, егіннің өнбеген еркіне қоймайтын, осы елді айт!

— Сіз «жаңбыр» дейсіз, Байжан ағай, — деді Дәулет, — сол жаңбыр осы жерге жауа қалса, барып тұрған қырсық.

— Білем, — деді Байжан, — жаңбыр жауса, бұл араның топырағы қақтанып қатып, беті айғызданып жарылады да, егін сабағын қысып өсірмейді. Сырдария туралы екі том кітап жазған кісі, шындықта болған.

— Басқа жерден ел көшіріп әкелу керек.

— Түсіндім, — деді Айбарша, — Арқаның суығына бүрсеңдеп жүрген еліңізді көшіріп әкелме деген ғой, мұнда, егер, біз алсақ?

— Алмаған еркіңізге қоямыз ба?

— Зорлықпен әкелесіздер ме?

— Неге зорлық болады? Біздің арғы аталарымыз да «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» жұтында, қалмақтардың тізесінен, осы Сырдан еріксіз көшкен.

— Оны қайдан білесіз? — деді Айбарша.

— Тарихтан білем. Және осы Сырдан көшкендеріне айқын куә болатын көп сөз бар.

— Бұларыңыз бос талас, — деді Дәулет, — Айбарша, жер жетпейді деп сен қынжылма, ал Байжан ағай, еліңізді ертең көшіріп әкелем десеңіз де, рұқсат. Осыған келісіңдер.

Дәулет Айбарша мен Байжанға ойын да болса қол алғызды.

— Біздің елдің осы Сырдан кешуіне куә болатын көп сөз бар дедім ғой, — деді Байжан, — оным рас. Мәселен: біреуді, әсіресе ойы біреуді кемітіп сөйлегісі келсе, біздің жақта «қодық неме» дейді. «Қодық» есектің құлыны екенін білмейді. Бір кезде есек пен оның құлынын малданбаса, бұл сөзді олар қайдан біледі?

— Рас-ау — деді Дәулет.

— Қарны жуан, жүдеу баланы біздің жақта «қарны қабақтай, бұты таяқтай» дейді. «Қабақ» дегеннің не екенін де білмейді. Тілде «қабақ» сақтаулы — бір кезде олар қабақ та еккен болу керек...

Апыр-ау, күн шығуға таянып қапты ғой, — деді Байжан, төңірегіне қарап.

— Сіз жаңа сезіп отырсыз ба? — деді Айбарша.

— Кеңесіп отырып абайламаппын.

— Ұйықтап па едіңіз бүгін?

— Қайдағы ұйқы?

— Біздің, кепеге барып дамылдайсыз ба, әлде?

— Жоқты айтады екенсің ғой, — деді Дәулет Айбаршаға жымия қарап, — апайға жетпей, байласаң ұйықтасын ба, бұл жездей.

— Ә, солай екен ғой, — деді Айбарша.

— Сықақтайын дедіңдер ме, — деді Байжан тұра беріп, — бастарыңа келсін!

Дәулет пен Айбарша да түрегелді.

Жуастығы ма, әлде жуасығысы келді ме, Байжанның қаңтарып қойған аты, бұлар сөйлесіп отырғанда, қалғыған сияқты, тырп етпестен мелшиіп тұр еді, отырғандар түрегелгенде селтең етіп, құлағын қайшыландыра бастады.

Дәулет атты әкелгенде:

— Біздің елдің салтында, қонақты қыз аттандырады, — деп, Айбарша аттың шылбырын қолына алды.

— Рахмет, балдызым — деді, сол аяғын үзеңгіге сап, Айбаршаның демеуімен атына көтеріле берген Байжан...

ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУ

СУМЕН ЖАРЫС

Алмалық қаласын салу туралы мәселені тиісті орындармен ризаласып, планын бекіттіріп алғаннан кейін, Рахмет Сырбайдың үйіне қонаға келіп, онымен әңгімелескен еді.

— Сыреке, сіздің колхоздың аты «Тар тоғай» ғой? — деп бастаған еді ол.

— Өзің білетін ат қой, жүдә, оны неге сұрадың? — деген еді Сырбай.

— «Тоғайы» жақсы болғанмен, «тары» жаман деп, бұл арадан қоныс аудармақ едіңіздер, оны неғып жүрсіздер?

— Каналдың бітуін күтеміз де.

— Торанғұл сайына су шығарғалы жатқанымызды естідіңіз бе?

— Есіттік, сол ұйғарынды іске асатын болды ма?

— Оның екі жағасында егінге аса қолайлы екі-үш мың гектар жер бар, соны пайдаланғымыз келіп, жіңішкелеу бір арық шығаратын болдық. Аяқ жағын қашыртқыға пайдаланбақпыз.

— Жүдә жақсы болған екен.

— Осы қызметті сізге жүктегіміз келді. Кісі күшін де, құрал күшін де береміз, оған қалай қарайсыз?

— Ұнатқандарың болады да.

— Осы сайдың Сырдан су алатын сағасына сіздің колхоз келіп қоныстанса қалай болар еді дейсіз?

— Не «қалайы» бар. Жүдә, жақсы болады.

— Тар да болса тоғайды ықтап дағды алған ауылсыздар, — деді Рахмет қуланған кескінмен, — Торанғұл. сайының сағасы тоғайсыз деп жерсінбей жүрмесеңіздер?

— Неге жерсінбейміз? Су болса, Сырдың жағасында, жүдә тоғай өспейтін жер бар ма?

— Ол рас, — деді Рахмет, — сонымен сонда кешесіздер ғой енді?

— Жұртпен ақылдасып көрейік.

— Кім қарсы болар дейсіз.

— Өзім де, ешкім қарсы болмас деймін.

— Сол сағаға биыл қоныс аудара берсеңіздер қайтеді?

— Қайтушы еді! «Жолаушының ақысы жүрсе енеді» депті ғой. бұрынғылар. Әйтеуір кешетін болған соң, жүдә, ертерек барғанымыз да оң. Арықты да айналдыра береміз, бір жағынан.

— Қыс ішінде ме?

— Ол қайтеді?

— Жер тоң болмай ма дегенім ғой.

— Тоң боп, жүдә темірден қатты деймін ол? Кетпен алмайтын тоң бола ма?..

Әрине, солай. Жаңа қоныстағы колхоздың атын айтпадыңыздар ма?..

— Бұл мәңгіден бері, жүдә, құрғақ жатқан сайт — деп жар шашты Сырбай той алдында, — мұның бойы толған аңдардың апаны. Мұнда түлкі де, қасқыр да, қарсақ та, қоян да, басқа аңдар да болуы керек. Әсіресе, жыланның қордасы көп мұнда. Сайға су жүрсе, жүдә аңдар да, жыландар да қашады. Жыланның көп жерін құрғақ салымен қоршау керек те, судан қашқанда жүдә өртеу керек, әйтпесе тарап кетіп малды да, адамды да шағады. Жылан жүдә бауырмал болады. Бірі күйгенін көрсе, өзгелері соны арашаламақ боп, ысылдап отқа атылады. Қашқан аңдарды аулау үшін, аңшылар мылтығын, итін, құсын, жүйрік аттарын баптасын!

Той жабдығын Рахметке өзі барып айтқан Сырбай, бір мәселеде мазасызданып жүргенін айтты.

— Осы сайда, — деді ол, — егеуқұйрық сияқты жүдә көр тышқандар пайда болды. Мен оның бірнешеуін өлтіріп Самарқанға көрсетіп ем, егіннің жүдә жауы дейді. Өзі ақылына неше мыңдап есетін бір пәле болса керек. Содан жүдә зәрем кетті де, індерін қарап жүріп, табылғандарына түгел су құйып ұстаттым. Жиырма шақтысын ұстадық. Жүдә қу кәпірлер екен. Інді жардан және жоғары қарай қазады екен. Ондайларын жүдә алып болар емес. Тек Торанғұл сайына су шықса-ақ сілесі қатады, індеріне су құйылады...

Бұл қаскүнем тышқандарды Брехунецтің тапсыруымен Тыртық әкеп таратқанын Сырбай қайдан білсін. Тышқандар аулана бастаған кезде, Тыртық өзінін, жан достары ауланғаннан кем қайғырған жоқ. Бұл «пәледен» тышқандарын арашалай алмай қынжылып жүрген күндерінің біреуінде, бір тышқанын бір бала тірідей ұстап әкеледі екен. «Обал, жібер» дегеніне бала көнбеген соң, Тыртық тартып алды да қоя берді. Оның сорына, баланың қасында жүрген иті бетімен қашқан тышқанды қағып алды да, белдемесінен қапсырған қалпымен қылғып қойды. «Мұның иті де маған а;ау болды-ау!» деп кейіді.

«Сырбай арығының» сағасы ашыларда митинг ашылып, оркестр ойналғанда, сағаны жыратын адамдардың белдеріне арқан байланып, қаз-қатар тұра қалысты.

Сырдың, суы бұл кезде тасып жатыр еді. Жолшыбай түбімен қопарылған ағаштар мен қоғажайларды үйіре беті шымырлап қайнай, бұрын «Бақабас» енді «Кең тоғай» аталатын иінді сүзгілей, қызғылт құммен жентектеліп қалған иін ырық бермеген соң, жалтара бұрылып ілгері ентелей ағып жатқан қоймалжың сары су. сағаны жырып жібергенде, ақтарыла кеп құйылды.

Судың жылдамдығына көз ілеспеді ме, әлде ақтарылған судың қызығына алданды ма, арқан ұстап тұрғандар, кетпеншілердің суға опырыла құлаған жардың балшығымен бірге құлағанын абайламай қалды.

— Кісі кетті! — деп айқай салды, қайғырса да, қуанса да есі шыға қоймайтын Сырбай, — тартыңдар арқанды!

Арқандар тартылғанда, қоймалжың суға көмілген кетпеншілердің өзгелері тез суырылып, екеуі шалажансар күйлерінде әрең алынды. Егер сол арада Гүлнар тұрып, медициналық тиісті жәрдем көрсетпегенде, олар өлетін еді. Сол операциясын бітірген Гүлнар жан-жағына қараса, Байжан да, Дәулет те, Айбарша да жоқ.

— Олар қайда? — деп сұраса:

— Сонау шаңдатқандардың ішіндегі — дейді.

Гүлнар көзін тігіп қараса, аспанға көтерілген қою шаңнан түк көрінбейді. Шаңдатқандар — ақтарылған сумен жарысқандар еді. Олар ұзақ жарысты. Бірақ, оларды үміті алдады, бірен-саран түлкі мен қоян болмаса, су құйылған сайдан, жыртыла айрылған қалың аң көрінген жоқ. Ұсталған азғантай аңдардың ішінде Тыртықтың екі тышқаны кетті, қалғаны түгелімен суға ғарық болды. Олардың халіне де Тыртық қана қайғырды. Ерсілі-қарсылы шапқан көпшілікке ең қызық болған көрініс — сайдың бойында екі жерден кездескен жыланның қалың қордасын өртеу.

Қордасына су құйылғанда, қырға қашқан жыландар өртеген қоқтыққа қамалды. Сырбайдың, айтқаны рас екен — алды күйген жыландардың арты ысылдап қарғып кеп, жалынға өздері түсті. Денесін жалын шалған жыланның бірер рет-ақ бұлқынуға шамасы келеді екен де, былдырлай жанып, тырп ете алмай жата береді екен.

Дәулет, Айбарша, Байжан үшеуі жыланның бір қордасының ғана күйгенін көрді де, екіншісіне Қарамай кейін тартты. Олар оралып келгенде, сағада қызық боп жатыр еді: сағаның алқымы кеңіп, су арыққа еркін құйылып жатқан кезде, қатты ағынның екпінімен, ұзындығы екі құлаштай бір жайын дариядан арыққа шыға келді.

— Жайын! Жайын! — деп шу ете түсті жұрт. — Япырай, қалай үлкен еді?!. Қалай ұстаймыз мұны?.. Не ұстатсын ол? Ұстатқанмен бой береді дейсің бе?..

Құйрығын анда-санда бір қозғап қойып, жалпақ басын анда-санда судан жоғары көтеріп, мұртын тікірейте, ұртындағы суды ширата түкіріп жіберіп, сабырмен ақырын жүзіп бара жатқан жайыннан Сырбай қадалған кезін алмады. Бірақ, өзгелердей соңынан жүгірмеді.

Жайын атаулыға ол кекті еді. Оның Нұрлы деген жалғыз інісі болған. Нұрлы да, әйелі де өліп, артында жеті-сегіздегі Ерәлі дейтін жалғыз еркек баласы қалған. Қолына алған сол баланы Сырбай жанындай жақсы керіп, шамасы келгенше тәрбиелеп жүргенде, аса зор қайғы кездеседі, суға шомылып жүрген балалар, бір күні Ерәліні жайын жұтты деп қайтты.

Бұл қайғыға өзегі өртенген Сырбай, шамасы келсе жайып атаулыны дүниеден жойғысы келді. Сол мақсаттағы ол, онымен өмір бойы екі-ақ жайын ұстады. Олардың іші қаз, үйрек, балық сияқты хайуандар ғана шықты. Сырбай «адам жұтқан біреуі қолыма түссе -ау» деді.

Мына Сырбай арығына шығып кеткен жайынның бойы, ол жайындардан анағұрлым үлкен сияқты. Жайынға қарап тұрған жұрт, ұстау туралы толып жатқан жорамалдар айтқанда, Сырбай өз даярлығына кірісті. Ол баяғы қармағын ала келген еді. Қолында өткен күні ауына түскен, жарты құлаштай тірі сазаны да барды. Жұрт:

— Қармақты қабар дейсің бе, — деп күдік айтқанмен, Сырбай:

— Бұйырса керерміз, бұйырмаса амал не? — деп, сабына арқан байлаған қармағы мен аузын жапқан шелектегі сазанды ұстап жағада тұрды.

Жайынның оралатын жері мәлім: алда, үш шақырым жерде тақтайдан уақытша жасаған тоған бар, соған тіреледі де қайтады.

— Әне кеп қалды! — деп ду ете түсті жұрт бір кезде.

Сырбай жасаураған көзін сүртіп қараса, оралған жайын суға бір батып, бір қалқып жақындай қалған екен. Сырбай:

— Қанды басын, бері тарт — деп, сазанды қармаққа шаншып суға атты да, — мә, ұстаңдар! — деп жіңішке кен» дір арқанның бір ұшын қасындағыларға берді.

Өзін судың арыстаны көретін жайын, жолымда қауып-қатер бар ма демей, жем іздеп жан-жағына сығалай қарап келе жатты да, қармақтан құтылуға жанталасқан сазанды көре кетті. Семіз сазанның талайын жұтып құмары қанған жайын, екпіндей малтып кеп, жақындағанда сазанды тартып кеп қалды. Сазан жайынның аузына қылқ ете түсті де, қарнына барып бір-ақ тоқтады.

Жұтқан заттың ләззатын жайынның аузы емес, қарны алатын еді. Нені болса да жұтқаннан кейін, шелдеп қымыз ішкен адамдай, оның ішіне аса бір қанағат сезілетін.

Мына жолы олай емес, іші ләззат алудың орнына тітіркегендей боп, әлде не қадалған сияқтанды... Өзінің сазанды тартқанындай өзін де әлде не тартып бара жатқан тәрізденді... Мына тарту, оның да іші-бауырын суырып барады!..

Жайын тулады... Қармақ байлаған арқанның екінші ұшына жабысқан көп кісі, оның тулауына қарасын ба, сүйреп арықтың ернеуіне тақап алып келді. Біреулер қуанғандай:

— Е, бәсе! — деп көтерейін деп еді:

— Тоқта! — деді Сырбай оларға, — ауыр неме екен, көтере қою, жүдә, оңай болмас. Бұлқынса айрылып қалармыз. Желбезегінен арқан өткізейік.

— Жұтып қояр! — деп біреулер үрейленіп еді:

— Жұтса мені жұтсын! — деді де Сырбай айыр қазықтың басына арқан іліп, жайынның аузы арқылы екі желбезегінен де өткізіп алды.

— Ал, енді үрім-бұтақ, зәу-затын жиса да құтыла алмайды, тартып шығарайық! — деді ол.

Шуласқан жұрт, үш арқаннан бірдей тартып, жайынды қырға алды да шықты. Құрғаққа шыққан жайын — канаты қырқылған құспен тең емес пе? Әуелі олай бір, бұлан бір шоршып түсіп біраз бұлқынды да, одан әрі өнері жоғын білгендей, сұлық жатып, «сусадым» дегендей жалпақ тұмсықты кең аузын ашып кетті. Оған қайран қалып қараған жұрттың ішінде, сумен жарысып барып оралған Дәулет, Байжан, Айбарша да тұрды.

— Ал, не істейміз мұны? — деген біреулерге:

Үйіңе апарып асырайын деп пе ең? — деді Сырбай, соямыз қазір.

— Әке! — деген дауысқа Сырбай жалт қараса, балыққа таңданған көпшіліктің ішінде салт атты Дәулет те тұр екен, кескінінде қуанышты күлкі, маңдайдан сорғалаған тер шаң басқан бетін айғыздап жіберген.

— Әке! — деді ол қайталап, қуанышты дауысын кере түсіп, — неғып тұрсың, өлі балықтың қасында?.. Су кетті ғой далаға!.. Жарыспайсың ба шөлге тартқан сумен?.. Кел, мін, мына атқа! — деп, Дәулет әкесіне ерттеулі атты ұсына берді...

Сырбай сумен жарыса жөнелді...

Бірінші бөлімнің аяғы.

СҰРАПЫЛ СОҚҚАНДА

Екінші бөлім

БІРІНШІ ТАРАУ

ӘДЕБИЕТ ҮЙІРМЕСІНДЕ

Құрылыс басында ұйымдасқан үйірмелердің ішінде, Дәулеттің, көп және үздіксіз қатынасатыны — орыстың тілін және әдебиетін үйрену үйірмесі болды.

Сырдарияның бойында орыс поселкелері өте сирек кездеседі. Орыспен күнделік қатынасы жоқ ауылдардың адамдары орыс тілін білмейді.

Тар тоғай поселкесі де орыс поселкесінен алыс тұратын, сондықтан, бұл ауылда. қалаға қатынасып жүретін адамдар ғана болмаса, өзгелері орыс тілін білмейтін.

Дәулет те орыс тілін білмей өсті. Бұл тілді білуге оны ең алғаш тартқан Айбарша.

Қабанды мектебінде оқып жүрген күннің өзінде де Айбаршаның қолынан кітабы түспеуші еді. Оның жеке отырғанда, я Дәулет жоқта оқуы былай тұрсын, Дәулетпен оңашаланып серуенге шыққанда да оқитыны кітап, әсіресе орысша кітап болатын. Кейде, Дәулет оған көңіл сырын ақтарып келе жатып, ұқтырғысы келген ойын айтып болғаннан кейін:

— Солай емес пе, Айым? — десе:

— Немене «солай емес пе?» — деп сұрайтын Айбарша.

— Мен не айттым саған?

— Не айттың?

— Манадан бері айтқанымның бірін де естіген жоқсың ба?

— Ештеңе де естіген жоқпын.

— Кешірім өтінем, Дәукеш! — дейтін, — рас естіген жоқпын.

— Кітапты құлағың оқи ма сенің, аузың оқымай ма?

— Кітапты ауыз да, құлақ та оқымайды, көңіл оқиды. Көңілге тиетін кітап бөлей, өзге сөзді естімейсің.

— Соншама, не сөздері бар еді кітабыңның, өзге сөздерді естімейтін?!

— Саған қалай айтып тауысам, мынаның бәрін? — дейтін Айбарша, қолында келе жатқан қалың кітапты Дәулеттің көз алдына тосып, — мұнда, — дейтін соңғы бетін ашып, — 760 бет бар екен, әр бетінде, — дейтін, сол беттің жолын санап, — 45 жолдан бар екен, соның бәрін есептеп көрші өзің!

— Үш жүз қырық мыңдай екен.

— Көп пе, сеніңше?

— Е, көп емей...

— Стенография дегенді білмейсің бе?

Дәулет жәбірленгендей:

— Сендей оқымысты болмағанмен, біздің де ептеп көргеніміз бар, оны неге сұрадың? — дейтін.

— Сұрағаным: райкомда қызмет атқаратын стенографистка айтады — «ең сылбыр сөйлеген кісі минутында отыз сөз айтады» дейді, «жылдам сөйлейтін кісі үш жүз сөз айтады» дейді. Сені мен біз үйден шыққалы қашан?

— Менің сағатым жоқ.

— Менде бар, он бірде үйден шығып ек, міне, сағат үш. Үйден шыққалы сөйлеп келесің және бастырмалатып жылдам сөйлейсің, сонда төрт сағатта неше сөз сөйледім деп ойлайсың?

— Есепшісің ғой, сен санап көр!

Айбарша қарындашты алатын да, «он төрт мың сөз сөйлейсің» деп күлетін. Мен келгелі айдан асты, — дейтін ол, — күніне он төрт мың сөзден сөйлегенде, отыз күнде үш жүз қырық мың болады, сонда дәл менің қолымдағыдай қалың кітап!..

— Кітап жазғандар гонорар алады деседі, — дейтін Дәулет қуланып, — бір жазушыдан «осы романыңызға қанша гонорар алдыңыз» дегенімде «сексен мың» деп еді.

— Менің естуім, — дейтін Айбарша да қуланып, — ешбір баспасөз орны, бітпеген шығармаға гонорар төлемейді. Сен де романыңды әуелі бітіріп ап, гонорарды сонан соң сұра.

— Менің романымның аяқталу тетігі кімде?

— Егер менің қолымдағы кітапты оқысаң, жазушының романы мен сенің романыңның арасындағы айырманы білер ең.

— Неге оқымаймын мен оны?

— Намыстансаң да айтайын, бұл орыс тілінде жазылған кітап, сенің тісің батпайды.

— Оның рас.

— Қазақша қанша роман оқыдың?

— Көп емес қой, қазақ тіліндегі романдар...

— «Аз» деуге аузың бармай тұр ма? Бұрынғы, соңғысын қосқанда он шақты-ақ емес пе?.. Орыста ше?.. Бір Толстойдың, бір Тургеневтің, бір Достоевскийдің өзінде әлденеше романнан бар!.. Орыс тіліне аударылған батыстың, шығыстың романдарын қайда қоясың!.. Есебіне жете алмайсың!..

— Өзің соның қаншасын оқыдың?

— Бос уақытымның бәрін соларға жұмсаймын. Ал сен, орыс тілін білмейсің де, орысша ешбір кітап оқымайсың. Осының дұрыс па?

— Тілін білмеген соң амал нешік, — дейтін Дәулет жеңіліп, — үйренуге сәті түспеді...

— Осылай қала бересің бе, енді?..

Осы темада біраз кеңескеннен кейін Айбарша Дәулет орыс тілін өз бетімен үйренетін сөздік тауып берді де, бірге болған күндерінде өзі үйретіп, ажырасқан күндерің қалай үйренудің әдісін айтты. Ақыры, малдың өрісіне кеткен Дәулет, Айбаршаға хат жазды.

«Айым!.. Сенің тапсырғаныңды орындап, орыс тілін үйренудің соңында! Бірақ, қасыңда көмекші кісің болмаған соң, өзің біліп кету қиын екен. Орысша білетін жеке сөздерім бірсыпыра бар сияқты да, соларды реттеп Һ оса алмаймын. Саған орыс тілінде мына бір хатты жаздым, көп сөзіне түсінбеуін, мүмкін. Соны біле тұра, азар, күлер деп, әдейі жаздым. Егер түсінбесең, айтайын дегенім мынау: «бұл хатты саған Қызылқұмнан жазып денім сау, жақсы жүріп жатам. Қыс аса жайлы.

Дәулеттің хатына қайтарған жауабында Айбарша оның хатындағы қателіктерді талдаумен қатар, қалай жазудың да жайын көрсетті. Сөйтіп жүріп, Дәулеттің бір хатынан бір хаты дұрыстала берді.

1940 жылдың күзінде канал құрылысына жастарға арнаулы орыстың тілін және әдебиетін үйренетін үйірме ашу туралы мәселе көтерушінің бірі Дәулет болды. Үйірме бір жерде емес, әрбір үлкен участоктің басында, бір сатылы емес, әр сатылы боп ашылды. Дәулет орыс тілінің грамматикасын үйренетін жоғарғы сатылы үйірмеге қатынасты. Үйірмені басқаратын Айбарша. Бұл кезде ол орыстың тілін жақсы білетін еді. Үйірменің сабағы басталарда:

— Орыс тіліне жаттығудың үлкен бір шарты, — деді Айбарша, — сабақ уақытында да, сабақтан шыққанда да үйірме мүшелерінің өзара орыс тілінде сөйлесуі. Өйтпесек жаттыға алмаймыз.

Сөз осыған құйылды. Алғашқы кезде орысша сөйлесу қиынырақ болғанмен, жүре келе үйірме мүшелері төселіп кетті. Құрылыстың жазғы істері басталғанда үйірмеге қатынасқандар орысшаны еркін сөйлейтін болды: орыс тіліне жаттыққаннан кейін, үйірме орыс әдебиетінің көрнекті шығармаларымен танысуға кірісті, оны да бастаушы Айбарша. Оның революциядан бұрынғы орыс әдебиетінен ерекше сүйіп оқитыны — Лев Николаевич Толстой болатын.

— «Дүниеде теңдесі жоқ» деген сөзді ұлы Ленин Толстой туралы бекер айтқан жоқ екен, — дейтін ол, — оның шығармаларындағы бейнелері қайран қаларлықтай боп жасалған... іссіз адамды одан таба алмайсың... адамдардың қарым-қатынастарын терең көрсетеді... сырты жарқылдаған көпірме сөздерді қолданбайды, кепке түсінікті жабайы тілмен жазады, сол тілдердің мағынасы терең жатады!.. Ендеше, Толстойды білмеген кісінің, орыс әдебиетін білдім деуге қақысы жоқ. Бірақ, орыстың Толстойдан бұрын жасаған да бірсыпыра ірі жазушылары бар. Біз алдымен Державин мен Крыловқа біраз тоқтаймыз да, Грибоедовтың, «Горе от ума» дейтін шығармасымен танысып, одан Пушкинге көшерміз. Содан: Лермонтовты, Гогольді, Некрасовты қарап, Герценнің, Белинскийдің, Чернышевскийдің, Добролюбовтың еңбектерімен танысып, қыстың аяғына қарай Толстойға ауар. Толстойдан кейінгі әдебиетті көктемде етіп, совет әдебиетімен танысуды 1941 жылдың күзіне қалдырамыз.

Үйірме сабағы осы программамен қыстай жүріп келді де, көктемге қарай Айбарша механиктердің курсына кеткен соң біраз бәсеңдеп, ол курстан қайтқан соң тағы да қызу жүре бастады. Толстойдың шығармаларымен танысуға үйірме 1941 жылдың май айын орталай кірісті.

— Қай шығармасынан бастаймыз? — дегенде:

— Атамыздың мақалы бар емес пе, — деді Дәулет, — «жығылсаң жығыл нардан, ажалын, әлдеқайдан» деп, көлемді шығармасынан бастайық.

— Онда «Война и мирден» — деді Айбарша.

— Сен тіпті іріге сілтедің ғой, — деді бұл кітаптан хабары бар біреу, — бір-біреуінің қалыңдығы үш елі ден төрт кітап емес пе әлі қашан оқып бітіреміз оны?

— Бітіруін бітіреміз-ау, — деді тағы біреу, — оқи берсе бітпейтін несі бар дейсің. Бірақ, ұзын сүреге түсіп ап, не оқып не қойғанымызды білмей жүрмесек.

— Білгенде соны біл! — деді романды оқып шыққан біреу, — мен біздің ауданның он жылдығында оқып жүргенде, мектептің комсомол ұйымы, орыс классиктерін оқуға комсомолецтерді міндеттендіріп, нені оқу туралы қолдарына тізім берген еді. Соның ішінде осы роман да бар екен. Қазір де орыс тіліне жетіліп отырған жоқпын. Ол кезде тіпті шалағай. Сонда да, ұйым міндеттендірген соң және біраздан кейін кімнің не оқығандығы сұралатын болған соң, мен де сол «Соғыс және бейбітшілікті» қолға алдым. Расымды айтайын — кітаптың, түрін кергенде зәрем кетті. Қалың төрт кітап!.. «Жол ұзақ .деп жүрмейсің бе?» деген екен бір жолаушыға. Сол айтқандай, өзімді-өзім бекіттім де, оқуға кірістім. Сендерге өтірік, маған шын, бастай сала, кітап мені терең, теңіздей тартып ала жөнелді, сөзіне түгел түсінбегенмен, айтылып жатқан оқиғаның жобасына түсіндім де отырдым, өйткені, оқиғасы өте қызық екен. Сонша құмартуым сондай — бас ала алмадым... бір айдың шамасында төрт кітабын да оқып шықтым!..

Содан басыңда қалғаны бар ма? — деп қуланды біреулер.

— Неге қалмайды? Айт десең қазір айтып берейін.

— Ендеше, несіне оқиық дейсің оны?

— Тәтті асты кісінің жегісі келе бермей ме? Бұл роман да сол сияқты.

Үйірме мүшелері романды оқуға келісті. Романның бұл арада бір данасы ғана бар екен, оны әркім жеке оқуға уақыт кеп кететіндіктен, жиналып оқитын болды. Қарастырғанда бұл топта орысшаны осы участокте партия ұйымдастырушысы боп істейтін Естай деген жігіттен тәуір оқитыны болмай шықты. Оқуды соған жүктемек болған олар, романның төрт томын түгел оқып шыққаннан кейін талқылауға уәделесті. Бірақ, роман оқыла келе, үйірме мүшелері төрт том түгіл, бір томның да бітуіне қарамай, әрқайсысы өз түсінгенін айтып, күн сайын керкілдесіп таласты да жатысты.

1941 жылдың июнь айының жиырма бірі күні, түн ортасы ауа романның бірінші томы оқылып бітті. Бұл томның аяғы князь Андрей Болконскийдің ауыр жаралы күйінде француз армиясының қолына түсуін сипаттаумен бітеді ғой. «Князь Андрей, в числе других безнадежных был сдан на попечение местных жителей» деген сөздермен оқушы кітапты жапқанда, ойлары ауырлаған жастар тым-тырыс бола қалысты.

— Князь өлді деп біз де өлеміз бе? — деді қалжыңбастау біреуі, — неге томсара қалдық? Сонымен не болды екен сол князь? Өліп пе, жоқ па?

— Өлген жоқ, — деді Естай, — романның екінші томында, оның үйіне қайтып келгенін көресіңдер.

— Жарасы қалай жазылып, қалай босады екен ол? — Тыртық оны да баяндамақ болып еді:

— Әуелі оқып алайық та, жолдастар, — деді Айбарша, — күн бұрын мазмұнын айтып қойса, қызығы болмайды.

— Рас, рас — деп ду етті үйірме мүшелері.

— Бүгін осымен тараймыз ба, жоқ, біраз пікір алысамыз ба? — деп сұрады Айбарша.

— Ұйқысы келгендерге рұқсат! — деп біреуі қуланып еді:

— Біраз, пікір алысайық, — десті көпшілік.

Осыған уәделескеннен кейін:

— Ал, кім не пікір айтуға ойлайды? — деп сұрады Айбарша көптен.

«Сен сөйле» дегендей, үйірме мүшелері бір-біріне жалтақтасып еді, ешкім суырылып шыға қоймады.

— Маған .мүмкін бе? — деді Естай қолын көтеріп.

— Ол — фин соғысына қатынасып, оң көзін шығарып келген жігіт еді, кеудесінде екі орден, үш медалы бар. Айбарша оған:

— Сөйле, — дей бергенде, үйге Байжан кіріп келді.

— Қалай ұзақ отырғансыңдар! — деді ол сәлемдескеннен кейін.

— Мәселе қызық, — деді Айбарша, — «Война и мирдің» бірінші томы туралы пікір алысып отырмыз.

— Солай ма?! — деді Байжан. — Уақытым да жоқ еді, дегенмен тыңдайын, аз уақыт болса да. Сөйлей беріңіздер...

— Сөйлеңіз, Естай аға! — деді Айбарша.

— Менің айтайын дегенім, — деді Естай, — сол заманның салты қызық: Андрей Болконский ғой, жараланып, жаудың — француздардың қолына түсті, сонда, Наполеонның оған қамқорлық көрсетіп, өзінің дәрігері Ларрейге емде деп тапсыруы қалай?

— Өйтпесе ол Наполеон бола ма? — деді Тыртық, — «ақымақ император емес ол, ақылды император. Әрбір ақылды адамда, адамгершілік жүрек болады.

— Ол философияны кімнен естідің? — деп сұрады Ести, кекетінді дауыспен...

— Сеніңше Наполеон да ақыл да, жүрек те жоқ па?

— Екеуі де бар.

— Ендігі таласың не?

Естай мырс етті де:

— Сеніңше ақылды ма, ақымақ па? — деді.

— Финляндияның президентін айтасың ба?

— Иә.

— Ақымақ болса үкіметті басқарып отыра ала ма?

— Соғыс күндерінде біздің армияның адамдары қолына түсе қалса, Маннергейм не істеді, білмейсің бе?

— Ол ғана емес.

— Енді не сұрайын деп ең?

— 1870 жылы Седанның түбінде француз армиясын немістің армиясы тас-талқан қып жеңіп, жүз мыңнан артық қолмен, император Наполеон ІІІ-ні пленге түсірді ме?

— Түсірді.

— Өй, тарихқа ауып кеттік қой. Наполеон І-мен танысып болмай жатып Наполеон ІІІ-ге секіруіміз қалай? Әдебиетке оралайық та! — деп Дәулет орнынан көтеріле түсіп еді:

— Әдебиет пен тарихты бөлуге бола ма? — деді Байжан, — меніңше қызық әңгіме басталып келе жатыр.

Ол «сөйле» дегендей Естайға қарады.

— Наполеон ІІІ-ні, сол кездегі Германия канцлері Отто Бисмарк құрметпен Берлинге алдырып, үкімет сарайында қабылдады ма?

— Иә, онда не тұр? — деді Тыртық.

— Ал, сол Бисмарк. Париж Коммунасын құлатуға, Коммунаны басқарғандарды қыруға араласты ма? Себебі не осының?

— Жынды қойдың миын жеді дейсің бе мені, айналақтап сөйлей беретін? — деді Тыртық ашуланған кескінмен, — ақпа құлақ болсаң өзің бол, бұл сұрауыңның жауабын алғансың.

Жұрт күлейін деп еді:

— Жарамайды, жолдастар, — деді Байжан Естайдың осы мәселені неге қозғап отырған себебін білу үшін, ұшығына жеткізбек боп, — кеңес тыңдайық.

Жұрт Тыртықтан жауап күткендей қарай қалғанда:

— Бір айтқанды қайта мылжыңдар жайым жоқ, — деп Тыртық қисая кетті.

— Турасын айтқың келмей ме? — деді Естай.

— Сол «тураны» өзің айтшы! — деп бірнеше адам ду ете қалды.

— Мен айтсам, қазіргі соғыс — Толстой сипаттаған соғыс емес. Бұл — екі мемлекеттің, емес, екі системаның тартысы, яғни, капитализм мен социализмнің... Бисмарқтің Наполеонды сыйлауы, екеуі бір таптың адамы. Ал, Маннергеймнің біздің армия адамдарын сыйламауы ол біздің системаның дұшпаны, ендеше капиталистік елден бізге көмек күтудің керегі жоқ...

— Сонда, біз тағы бір капиталистік елмен соғысамыз демексің бе? — деді Тыртық.

— Сен соғыспаймыз деп ойлайсың ба?

— Кіммен сонда?..

— Кіммен дейсің бе? — дей берген Естайды:

— Қойыңдар, жоқты айтпай! — деп көпшілік кимелеп кетті.

Байжан сағатына қараса — таңғы бес екен.

— Оу, жолдастар, — деді ол қуланып, — «әңгіме бұзау емізер, бұзау таяқ жегізер» деген. «Қой кезегі біздікі» екені естеріңде ме? Жұмысқа дейін біраз жал алыңдар!..

— Бұл сөзге бағынамыз да, — деді Айбарша күліп, — начальниктің сөзі бізге заң ғой...

ЕКІНШІ ТАРАУ

ЕРЕУІЛ ШАҚ

Соңғы бірнеше күнде үйіне соға алмаған Байжан, клубтан шыға, Алмалыққа тартып кету мақсатымен машинасына барды. Аса шаршағаның ұйқысы келгенін ол сол кезде ғана абайлады: денесі ауырлап, есінеуі көбейіп кетті.

Мұндай қалыпта машинаның рулін алып жүру қиын болатынын бұдан бұрын ол бірер рет көрген: бір сапарында жүріп келе жатқан машинада қалғығанын абайламай кеп, бетімен лаққан машина өзенге құлай жаздаған. Осы жолғы шаршауы да сондай көрген Байжан аздап қалғып алмақ болды да, клубтың демалыс бөлмесіне қайтты.

Ол оянса, күн көтеріліп қапты. Күн шыға басталатын Сырдың ыстығы далада мазасыз қалыпқа жеткенмен, ашық терезеден соққан салқын самалмен, таяу жерде өскен қалың шеңгелден әдемі иіс кеп тұр екен.

Байжанның жас. күнінен дағдыланған және жақсы көретін бір ісі — таңертең ұйқыдан ояна физкультуралық жасап алу болатын. Ұйқысы қанып тұрған ол, сол дағдысымен біраз дене қимылдарын жасады да, клубқа жақын жердегі терең әуітке шомылуға кетті.

Далағы жұрттың ол кездегі қимылына қарағанда, таңсәріден құрылыс жұмысының бір демі бітіп, құрылысшылар тыныстау жабдығында сияқты: біреулер волейбол шулап доп қағысып, біреулер әлдеқайда топталып өлең айтысып, біреулер үй маңында ұсақ-түйек жабдықтарын істеп, енді біреулер әуітті айнала шомылып дегендей, айнала ың-жың...

Осы адамдарға іштей риза бола тұра, Байжан олармен жолыққан алғашқы күндерін де есіне түсіріп қояды. Құрылыс басына мыңдаған адамдар қаптап келіп қалғанда, олардың жүзден бірін еркін танымайтын Байжан, «бұларды қалай басқарып алып кете алар екем!» деп қауіптенген еді. Үйренісе келе, «бекер-ақ қауіптенген екем, — дейтін болды ол Гүлнарға, олар туралы, — расында сол қауып жоқ та екен. Қауып болар еді, егер құрылысқа қаражат жетпей жатса. Қанша керек болса да ол берілетін, тек ретін тауып жұмсай біл!.. Қауып болар еді, егер жұмысшы күші жетпей жатса. Құрылыста іске жұмысшы жетпей жатқан жоқ сияқты, жұмысшыға іс жетпей жатқан сияқты... Даладағы осы құрылыс маған, кейде, жүздеген цехы бар орасан зор заводқа ұқсап кетеді, Москваның кейбір зор заводтарын көргенде, механизм бөлшектері мен соларға бөлінген адамдардың арасындағы істердің, бір-біріне мүлтіксіз сәйкестеніп жатуына қайран қалушы едім!.. Біздің канал құрылысының өн бойында бытырай істеген адамдардың істеріндегі сәйкестік, сол зор заводтардың механизмдерінің арасындағы сәйкестік сияқты мінсіз жымдасып жатады!.. Егер былтыр маған біреу, биылғы жылдың июль айының ортасына дейін он миллиондай кубометр топырақ көтереміз десе, мен оған иланбас ем. Қазір ше? Қазір — одан асыра қимылдап, егінді жинау басталғанша, каналдың магистралін бітіріп кеткелі отырмыз. Күзден бастап тармақтарын қазуға кірісеміз. Ендеше алдағы жылы, аудандағы егістің көбін осы каналдан суаруымызда күмән жоқ...»

Соңғы екі-үш күнде құрылыс бойын тағы да түгел аралаған ойың осы сенімі бұрынғыдан да беки түсті.

Төңірегіне осы сеніммен айнала қарап алған ол. әуіттің жағасына келді де, трусиімен ғана терең суға күп берді...

Судан сырты салқындап шыққан оның ішін, жағадағы ыстық лезде қыздырып әкетті. Өйтпеуге болатын да емес, дем алғанда, ішке ауа емес, жалын құйылып жатқан сияқты. Осы ыстыққа тиышсыздана бастаған оның есіне Сырбайдың үш ақылы түсті: «Бірі, — дейтін Сырбай, — жолы шөл сапарға шыққанда, керуеншілер жүдә өзге көлікті мінбей, түйені неге мінеді? Өзге көлік жүдә күн сайын су тілейді, ал, түйе оны жүдә тілемейді, оған, тек күніне бір аяқ тұз жегізсең болғаны — жүдә шөлдемейді де, күші де кетпейді. Неліктен осы? Тегі, жүдә, тұздың сусата отыра, су болмағанда шөлге шыдата беретін қасиеті болу керек. Расында солай сияқты, шөлде жүргенде жүдә азыққа тұздаған ет, не балық жесең, былайша шөлдегеніңмен, дәл қаталап аңқаң кебе қоймайды. Тұзсыз ас жеп су ішпесең шөлдеп өліп кетесің!.. Екінші, шөлдемеймін десең қарның тоқ болсын және қою тамақ іш. Қарның олқы, не аш болса шөлдегіш боласың... Үшінші, күн соқты болғың келмесе, киімді қалың ки, көйлекшең, кісі ыстыққа тез ұшады, қалың киінсең, әрі күн етпейді, әрі денең салқын болады...»

Сырбайдың, бұл ақылдары өмір тәжірибесінен алған шындық екеніне әлденеше рет көзі жеткен Байжан, әуітке шомылып шығып шөлдей бастаған соң, жылдамдата басып клубтың асханасына келді де, тұзы ашқылтым қуырдақ даярлатып, бірер стопкаға араластыра, тойып жеп алды. Содан кейін ол үйіне қайтуға тысқа шықса, ыстық манағыдан да үдеп кетіпті. Егер атпен қайтатын болса, Сырбайдың ақылымен ол жылы киініп алар еді. Машинаға ондай киімнің, қажеті жоқ: алдыңғы шынысын көтеріңкіреп қойса, машинаның екпінінен көтерілген самал ауаны салқындатады да отырады. Алмалық жақтың жолы тегіс, жиырма бес шақырымдай жерге лезде жетеді...

Байжан жап-жас қалпымен балажан болатын, үйінен ошақ етіп шыға келсе-ақ, Бахытжан атаған нәрестесін саналатын да тұратын; аса бір қауырт жұмысы болмаса, қайда барса да оралып үйіне жетпей қоймайтын; үйіне келсе, Бахытжаны ояу отырса қолында ұршықтай дөңгелетіп әурелейтін, ұйықтап жатса, иіскеп құмарын тарқататын.

Ол бүгін де Бахытжанды күндегідей аңсап жүріп кетеді. Машинаға жол алыс па, жиырма бес шақырымға ол мені жегіп келді. Ол есіктен кіре бергенде, телефон шылдыр қалды.

— Арақ ыдысы.

— Жайша ма? — деді Байжан.

— Қалжыңы жоқ. Тез!..

— Киімімді ауыстырайын да, — деді әлі де ойында ештеңе жоқ Байжан.

— Кейін киінерсің. Асығыс жұмыс бар.

— Жақсы, — деп ол трубканы орнына қойып кейін бұрылса, ту сыртында Бахытжанды көтеріп Гүлнар тұр екен. Дені сау, балтыры бесіктей боп өсіп келе жатқан Бахытжан, көңілденсе күле бастауға айналған. Сол дағдысымен ол әкесіне жымыңдай қарады, ал, Гүлнардың өңі қашық, кескіні солғын...

Әдетте бұл үй кеш жататын. Оған себеп — үнемі жолаушылап жүретін Байжанды тосу болатын. Мұндай тосуларда Гүлнар мен Тәрбиенің ермегі — ұйықтағанша Бахытжан да, ол ұйықтағаннан кейін, кеңес. Көбірек сөйлесетін Тәрбие. Ол, мінезінің салмақтылығына қарамай, ағып тұрған ертегіші.

Екеуі де шайшыл. Сол үйде бүйірі кең, никелі сүртіліп қалған самауыр бар, оны Гүлнар «сары бие» дейді.

— Апа, — дейді Гүлнар, Бахытжан ұйықтаған соң, — сары биені» саумаймыз ба?

— Сауайық, қарағым! — дейді де, Тәрбие самауырды қойып келеді.

«Сары бие» қайнағыш-ақ, лезде бұрқ ете түседі.

Ас бөлмедегі столға шай жасалады сирақты қып жасалған кең тарелкаға, олар қауынқұрт пен қақты салады да, солардың дәмімен, қаймақ құйған қою шайды сыздықтай тартып, кеңесіп отырып, ал кеп ішеді... Шай қою болу үшін, қастарындағы электро плитада жуан бүйірлі ала-жолақ құман бұрқылдап қайнап тұрады.

1941 жылдың июнь 21 күні кешке, Гүлнар Бахытжанды ұйықтатып ас бөлмеге шықса, шай даяр екен. Тәрбие күндегі орнында. Екі қабат күннен бастап, Гүлнардың көңілді я көңілсіз қалпын Тәрбие оның қас-қабағынан айыра қоюшы еді. Шай басына келген Гүлнардың қара қасы төмендеп кеткен екен. Бір көңілсіздігі барын ұға қойған Тәрбие:

— Гүлім, немене? Өңің неге сынық? — деді.

— Солай ма?

— Қабағың неге келіспей отыр?

— Неге екенін білмеймін, жүрегім бейжай боп отырғаны, апа!

— Жағымсыз бірдеме ішкен шығарсың?

— Жоқ, апа, ішкем жоқ...

— Ендеше, о несі?!. Әлде, Байжанды ойладың ба?

— Ол ғана емес қой деймін. Жүрегім қобалжи береді! Мүмкін, кезім ілінсе басылар.

— Онда, сөйте ғой, сәулем!

Гүлнар бөлмесіне кетті. Әлгінде шайға шөліркеп отырған Тәрбиенің да ықыласы қайта қалды. Ол да өз бөлмесіне кетті.

— Гүлім! — деді ол, төсегіне қисайғанмен, ұйқысы келмеген соң ақырын .қимылмен Гүлнардың бөлмесіне кіріп.

— Әу, апа! — деді ұйықтамай, аунақшып жатқан Гүлнар.

— Ұйықтаған жоқсың ба әлі?

— Жоқ, апа.

— Бахытжанды қасыма алсам қайтеді?

— Неге, апа? Ол мені мазалаған жоқ...

— Ұйықтасаң оятып жіберер, мен-ақ алайын оны.

Тәрбие баланы бесігімен өз бөлмесіне алып кетті Оның ұғымында, жаңа туған балаға жын-шайтан еш болады, қастық қып ауру әкеледі, бірақ, олар жыланның бас сүйегі мен үкінің тұяғынан қорқады... Сол ұғымдағы Тәрбие, Бахытжанның бесігін айнала әлгі заттарды қаптатып іліп қойған. Сәбидің тәтті ұйқыдан оянбауын со заттардың қуатынан деп жорыған ол, шешесінің тынышсыздануын, балаға жолай алмаған жын-шайтанның салқынын салуынан болар ма деп тиышсызданды. Сөйтіп жатып ұйқтап кетті.

«Бұ қай шақыруы?!» деп мазасызданған Гүлнар үйіне сыймай жүргенде, тоқтаған машина даусы естілді. «Байжан!» деп ойлады ол. Бахытжанды Байжанның жанындай жақсы көретінін білетін Гүлнар, егер Бахытжан ояу отырса, әрдайым қолына көтеріп қарсы алатын еді. Сол дағдысымен, ол Тәрбиенің бөлмесіндегі Бахытжанды алып шыққанша, үйге кірген Байжан телефонмен сөйлесіп қалды. Телефонмен сөйлесіп болған Байжан кейін қарағанда, өңі сынық Гүлнар баланы ұсына берді. Күлімсіреп баланы Байжан қолына алып, ашылған семіз қарнынан сүйіп жатқанда, телефон тағы да сылдырлады. Гүлнар трубканы ала бергенде:

— Маған болар, — деді Байжан, баланы Гүлнарға қайта ұсынып.

Байжан тыңдаса Рахмет екен.

— Әлі үйдесің бе ? — деді ол. — Асығып күтіп отырмын.

— Қазір! — деп Байжан трубканы іліп қойды да, — Рахмет райкомға шақырады, — деді Гүлнарға.

— Не бопты? — деді Гүлнар мазасыздана түсіп.

— Білмеймін. Құрылыста көңілсіз бірдеме болған шығар. Тез кайтам, сонда естірсің.

Байжан шығып кетті. Оны көзімен ғана жөнелтіп, Гүлнар сол арада қалтиып тұрып қалды...

Байжан райкомға барса, Рахметтің кабинетінде ауданның басшы қызметкерлерінен он шақты кісі отыр екен. Байжан оларға басын ғана изеді де, шеткі, бос тұрған орындықтың біреуіне отыра кетті.

— Байжан жолдас, — деді Рахмет, — жаңа обкомнан звондаса етті. Екеумізге самолет жіберіліпті.

— Неге?

— Өзім де білмеймін, неге екенін... Жайдан-жай шақырмас, әлде не оқиға болған болар... Әне, самолет даусы да естілді, ал, шығайық!..

Тысқа беттегендерге ере жөнелген Байжан, Қызылордаға жүруін үйіне хабарлап кетуді мақұл көріп, телефонды бұрап еді, жауап бермеді. Ызаланып Байжан трубканы қатты үрлеп, «ало!., ало!..» деп айқайлап еді:

— Айқайламаңыз, — деді телефонистка, — сізде ешкім жауап бермейді.

Тағы біраз шақырып көріп, ешкім жауап қатпаған соң, «бұл несі?» деп таңданған Байжан тысқа шықса, самолет Алмалықтың үстінде түйіліп қонғалы жүр.

Алмалыққа самолет таңсық емес еді. Почта тасып күн сайын қонып кететін самолеттен басқа, өткен көктемде Алмалықта алтау бір айдай болған. Сырдың Алмалық қонған жағасына қарсы екінші жағының аржағы, кел табанымен ұштаса жатқан саяң, онда не заманнан келе жатқан қалың қамыс бар. Ондай қамыстарға ұялаған сары масалар мен соналар, көктем туа көтеріліп ұшқанда, қалыңдығы бұлттай боп кетеді. Егер белең алса малға да, адамға да маза бермейді, үйге от бықсытып қоймаса адам жата алмайды, далаға от бықсытып қоймаса мал жата алмайды; сол пәледен Алмалықты құтқару үшін, биыл осоавиахим жіберген алты самолет көктем бойына қопаларға у сепкен. Бұл шара жақсы нәтиже беріп, ол маңның адамы да, малы да маса-сонаның азабынан биыл құтылған... Алмалықтың адамдарына самолеттің таңсық болмайтын себебі осы еді. Сондықтан, бұл жолы кеп қонған самолетке балалардан басқа жұртта елегізген Гүлнар ғана. Тысқа ол жүгіре шыққанда, Анатолий Кондратьевич пен Тәрбие бірге шығысты.

Райкомнан шыққан топ самолетке беттей бергенде, Байжан да ұшқалы бара жатыр екен деп ойлаған Гүлнар, далаға жеңіл киіммен шыққандықтан ба:

— Папа! — деп қалды дірілдеген дауыспен.

Анатолий Кондратьевич кенет шыққан дауыстан сескеніп қап жалт қараса, бетінде нұры ойнап тұратын қызының кескіні көкпеңбек екен.

— Папа! — деді тағы да Гүлнар, одан жаман қалтырай түсіп, — Байкен де ұшады ғой деймін?

— Келген біреуді қарсы алатын болар.

Самолетке қарай Гүлнар жүгіре басып жөнелді. Ол жеткенше, қонған самолеттің дарылдауы күшейіп, маңайын қоршаған жұрт жол бергендей, бір жағына сырыла бастады.

— Біреуі райком, біреуі өзіңнің күйеуің,-десті жұрт. Гүлнардың жүрегі алқына түсті.

ҮШІНШІ ТАРАУ

АДАЛ ҰЛ

Самолетте келе жатқанда, Байжан Рахметке: «Құрылыс жұмысымен бұлай шақырмаса керек еді, соғыс өрті тұтанып жатпаса не қылсын» деген жорамал айтқан еді, сонысының растығына Байжанның көзі, обкомның бірінші секретарының кабинетіне кіре бере жеткен сияқтанды. Олар кірсе, бюро мүшелері тарағалы жатыр екен, бәрінің түстері суық.

Жолаушыларды қарсы алып амандасқан секретарь:

— Бюроның мәжілісі өткен соң келгендеріңіз жарамады, — деді де, жолаушылар отырғаннан кейін, — не оқиға болғанын естідіңіздер ме? — деді.

— Жоқ, — десті жолаушылар қосынан.

— Естімесеңіздер, соғыс басталды.

— Қайда?!. Кіммен?..

— Фашистік Германия біздің Отанға шабуыл жасады. Москвадан таңертең шифр алдық. Соғысты жарияламастан, фашистердің самолеттері Киев, Севастополь, Житомир сияқты қалаларды бомбалап жатқан көрінеді... армиясы соғыспен біздің шекарадан етіпті... Москва күндізгі сағат он екіде үкіметтің хабарлауы болмақ... сіздерді асығыс шақырғаным — қазір бізге әрбір минут қымбат. Канал мәселесін тез шешіп алуымыз керек. Жастар, әрине, енді армия қатарына шақырылады. Құрылысшылардың көпшілігі солар. Олардың орны олқы қалады, соны қалай толтыру керек, мәселе осы туралы.

Бұл кеңесті ұзақ айтқанда, секретарьдың көзі Байжан мен Рахметке кезек қарап отырды. Айтылған оқиға ол екеуіне екі түрлі әсер бергені байқалды: түсі суып сұрланғанмен, Рахметтің кескіні жинақ, ал, Байжанның кескіні, ішінде соққан дауылдың айқын айғағы боп, екі аз уақытта әлденеше рет құбылды. Секретарь олардың бұл халы түсінікті: естіген жаңалығына іштей Байжаннан кем қайғырмағанымен, талай дауылды басынан кешірген Рахмет, діңгегі жуандап жеткен ағаш сияқтанып, мына дауылда бұлғақтай қойған жоқ, оның қасында, өмірінде бірінші рет кездестірген дауылы болғандықтан, Байжан көрінеу көзге жас шыбықтай солқылдайды...

Бірақ, ол да тез жинала қалды. Жиналмас еді, егер секретарь айтқан сездер тек соғыс хабары ғана болса. Ол хабарды естіртумен қатар секретарь құрылысқа байланысты бірсыпыра тапсырмалар айтты.

— Міндетті алғашқы минуттан бастап айқын түсінуіміз керек, — деді секретарь. — Әрине, алдымызда зор қиыншылықтар тұр. Бірақ біз, большевиктер, талай қиыншылықтарды жеңіп үйренген халық емеспіз бе? Жауды біздің жеңуімізде күдік болуға тиісті емес. Сол сияқты, әрбір участоктерін кезекке қойғанмен, соғыс кезінде біздің канал құрылысын аяқтап шығуымызда да күдік болмауға тиісті. Ер-азамат майданға кетуімен халықтың күші Де сарқылады десек, тонымыз қате болар еді. Халық күші ешуақытта сарқылмайды. Біздің міндет — сол сарқылмас күшті, соғыс салдарынан туған жағдайды еске ала отыра ұйымдастыра білу.

«Ұқтыңыздар ма?» деген кескінмен, ол Рахмет пен Байжанға кезек-кезек қарады. Олар сөз қайтара қоймаған соң:

— Ал, жолдастар, — деді секретарь, — міндет түсінікті болса, уақыт босқа өлмесін, сіздер қайтыңыздар, самолеттеріңіз даяр...

Рахмет сағатына қараса, Қызылордамен бір. Екіде үкіметтің хабарлауы басталады, оған дейін самолет жеткізеді.

Секретарьмен қоштасқан олар аэродромға келсе, бұлар мінетін самолеттің әлде иесі жарамай, механиктер түзеп жатыр екен.

Түзелген самолетпен олар, ең алдымен, Алмалыққа келсе, алаңда жиналған жұрт. Олар топқа жеткенше, Молотов жолдас жариялаған үкімет хабары да аяқталып болды. Не хабар айтылғанын ол екеуіне Самарқан баяндады. Самолет кідіртпеген күнде, Рахмет пен Байжанның ойы үкімет Алмалыққа бұрын кеп, коммунистерді жинау еді де, естіген -білгендерін айтып, үгіт-насихат жұмысын жүргізуге даярлыққа кешігіп кеп көрсе, олар өткіземіз деп қалған басшылар өткізген екен.

Жұмысты бұрынғыдан әлдеқайда ендіре орындай бастаған Дәулеттің қабағы аса қатыңқы, мінезі аса ауыр... Сондықтан майданға бару-бармауы туралы тіл қатуға Айбарша бата алмайды...

1941 жылдың июль айының үші күні, бүкіл Совет халқы, олардың ішінде Сырдария каналының құрылысшылары асығып күткен сездерін тыңдады: радио арқылы Сталин жолдас сөйледі.

Радиодан Сталин жолдастың салмақпен айтқан «Жолдастар!» деген сөзін естігенде, Айбарша қасындағы Дәулеттің кескініне қарап қойып еді, дағдылы қалпы...

«Аға-іні, апа-қарындастар!» деген сөз айтылғанда, Айбарша Дәулетке қарай беріп шошып кетті: тұнық судың жел үрлеген көбігі сияқтанып, кескінінің бұлшық еттері бүлкілдеп, түсі әлем-тапырық бола қапты...

Қызылорда жерінде жаздың қайнаған күндерінде, құйындай бұрқырап, әп-сәтте етіп кететін «сұрапыл» атты бір дауыл болады. Тынық күнде аяқ астынан тулайтын «сұрапыл» келе жатқанда, адам теріс айналып, көзі мен құлағын алақанымен баса қояды. Бұлшық еттері тулаған Дәулеттің бет-аузы Айбаршаға сол «сұрапыл» сияқтанып, көзін тез тартып ала қойды...

— Түсінікті ме? — деді ол Айбаршаға, жұрт жұмысына тарап бара жатқанда.

— Түсінікті, — деді Айбарша.

— Не түсінікті?

— Айтайын дегенің: «Канал жұмысында сендер қалыңдар, біз соғысқа барайық» қой?

— «Бізің» кім?

— Ер-азаматтар, жігіттер...

— «Сендер» дегенің?

— Біз де.

— Кім ол «бізің»?

— Қыз-келіншектерді айтамын да.

— Онда түсінген екенсің, — деді де Дәулет көптен бері көрсетпеген әдетпен жымиды.

— Ол солай ғой, бірақ кәрілер мен әйелдер каналды қазып шыға ала ма? Сондықтан да біраз жігітке бронь берілмей ме? Әркімдер айтады.

— Кімдерге береді дейді? — деді Дәулет білмеген боп.

— Орнын басатын кісі жоқтарды айтады да.

— Неге жоқ? Мысалы, сен ше? Экскаваторды сен менен кем басқарып жүрсің бе? Кейде асып та түспейсің бе?..

Дәулет жауап күткендей Айбаршаға бетін бұрып еді, ол үндемей төмен қарады.

— Мұнда экскаваторшы табылады, — деді Дәулет, — мен сияқты жас, қарулы, әрі мерген жігіт майданға керек. Қате ме осыным?

Айбарша тағы да жауап бермеді. Екеуі үнсіз адыммен каналдың үйілген балшығына жеткенде, сөзді тағы да Дәулет бастады.

— Айым! — деді ол, Айбаршаның бетіне қарап, сүйіспендік сөздер айтатын даусымен.

— Әу, Дәукешім! — деді Айбарша да сондай дауыспен.

— Сонымен... не жауап айтасың маған?

— Не туралы дейсің, Дәулет?

— Рұқсатыңды сұраймын да...

Айбарша жылап жіберді.

— Өй, жолдас, оның не? — деп Дәулет Айбаршаны өзіне қарай тартпақ боп оң қолын соза беріп еді, Айбарша құшақтатпай, ығысып барып, балшыққа отыра кетті де, жалындай алауланған бетін екі алақанымен басып өксіп-өксіп алды.

Дәулеттің жалынышты даусынан ширыққан Айбарша босап, жұмыс шалбарының қалтасынан орамалын алды да, бетін сүртіп, орнынан қозғалған Дәулетке қатарласа берді. Дәулет оны қолтықтап алды.

— Айым, — деді Дәулет, Айбаршаның аптық басылды-ау деп шамалаған кезде. — Сталиннің: «Ісіміз әділ, біз жеңеміз» деген сөзіне, әрине сенесің сен?.

— Әрине сенем.

— Сенсең, саған айтар сөзім бар.

— Айт, Дәукеш!

— Соғыс, әрине, шығынсыз болмайды, және қандай соғыс, бұл... Солай бола тұра, жеңіске сенген әрбір жауынгер, соғысқа өлем деп емес, жауды жеңіп, еліме аман қайтам деп бармай ма?

— Әрине, — деді Айбарша, — меніңше, жалғыз соғысқа емес, бар іске де адам сондай сеніммен кіріспей ме? Өйтпесе жеңіске жете ала ма ол?

— Олай болса, соғысқа кету — тілеудің сөнуі емес қой?

— Әрине.

— Ендеше, менің саған бір өтінішім болғалы келе жатыр.

— Айт.

— Кірсіз жан, қалтқысыз көңілмен айтатын сөзім ол. Сенің жауабың да солай болар деп сенем.

— Шарттасып сөйлесуге қашаннан дағдыланып ең?

— Шарттасуым емес, шынымды ақтаруым, Айым Үгіті деп ойлама, өтініші деп ойла...

— Дәукеш! — деді Айбарша, Дәулеттің кескініне бұрыла қарап, — таусылмай айтсаң да тыңдаймын ғой сөзіңді.

— «Адамда алдын болжау деген болады» дейді, соған сен сенесің бе?

— Қандай болжауды айтасың?

— Соғыстан аман қайтуға көңілім сенеді де тұрады.

— «Ондай болжау болады және алдатпайды» деседі, — деді Айбарша, ешкімнен естімесе де, Дәулеттің көңілін аулағысы кеп.

— Ендеше, — деді Дәулет, ойына осы кезде сәулесі түсе қалған картина, көз алдында жайнап. тұрғандай боп, шаттық ұялаған кескінмен, — біз жаумен соғыссақ!,. Жауды талқандап жеңсек!.. Сөйтіп, елге қайтсақ!.. Мен поездан.

кеп түскенде, ішінде сен бар, әкем бар, апам бар, Анатолий қарт бар, Байжан мен Гүлнар сияқты дос-жарандар бар, тағы басқалар бар, мені күтіп алсаңдар!.. Сонда... амандасып болғаннан кейін, мен «Айбарша, канал бітті ме?» деп сұрасам... Сонда, сен бе, әкем бе, Байжан ба — біреуің, маған: «канал алдақашан бітті, ендігісін сен сұрама, біз айтпайық, өз көзіңмен кер!» десеңдер, «жарайды» десем мен... Тарта жөнелсек.., Мен өз көзіме өзім сенбесем: асфальтты демейін, станциядан біздің ауылға тура тартқан, тас төселген кең жол жатса!.. Жолдың екі жағын бойлай қаз-қатар ескен жас теректердің жапырақтары жайқалып, жол үстіне көлеңкелерін түсіріп алма!.. Көп ұзамай, жол бізді күріш егілген далаға алып кірсе!.. Сабағының биіктігі, мен сияқты бойы ұзындау кісінің кеудесінен келетін, бастары қаздың мойныңдай иілген күріш, күн сәулесіне шағылысқан шалшық судың ішінде өсіп тұрса!.. Машинаны тоқтатып қойып, түрегеп тұрып айналама қарасам!.. Күріш егісінің ұшы-қиырына кезім жетпесе!.. «Кәне, жүрмейміз бе, Дәукеш» десең сен... Егіс даласын жарып өтсек... Жеміс бақшасына жетсек, онда: алма, алмұрт, ерік, шабдалы, тағы басқа жемістер өсіп тұрса! Сен сонда мені жемістерге қызықтырмақ боп, өзбектің:

Базар барсаң інжу бар, Сауқатыңа ал! — деген өлеңін әнімен айта бастасаң... Мен аузындағы әніңді қағып ап:

Бір ағашта қос алма,

Мен де алмаймын, сен де алма

Оймақ ауыз, қиғаш қас,

Мен кеткенде сен қалма!.. —

деп қазақша ән айта жөнелсем!..Терезе қақпаларын әртүрлі бояумен өрнектеген, көше жақ қабырғасын жиектей тал өсірген бір үйдің алдына кеп тоқтай қалсақ!.. «Бұл кімнің үйі?» десем мен... «Біздің үй» десең сен!.. Сонда... мен сені осылай құшақтап, — деп Дәулет Айбаршаны құшақтай алды да, — осылай кеп сүйсем! — деп, Айбаршаның қып-қызыл боп дуылдап келе жатқан екі бетінен кезек-кезек сүйіп алды.

— О ненің ақысы! — деді жақтағы әңгіме көңілін жадыратып жіберген Айбарша, маңайда жүрген әлдекімдерден қымсынғандай, жан-жағына жалтақтап.

— Әлі айтқандарым аз ақы ма? — деді Дәулет.

— Егер орындалса, әрине жетіп жатыр.

— «Айым да сен. Ғалия. күнім де сен, Оң қабағым тартады күлімдесең» — деп Балуан Шолақ айтқандай, — деді Дәулет, — күлімдеп көңілімді жаңа жадыраттың ғой, Айым! Мен жауды жоюға майданға кетсем, сен жаңағы айтқандарды істесең, сөйтіп, екеуіміз аман табысып, бақытты өмір сүрсек, осыдан артық не тілейсің?.

— Түк те тілемеймін.

— Серттестік пе, осыған?

Дәулеттің манағы «өтінішім бар» деген сөзінің мәнісіне, Айбарша енді ғана түсінді. Ол, не «серттестім» демей, не «жоқ» демей аңырып қалды. «Серттестім» дейін десе, әлгінде «майданға мен де кетем» деген сөзі бар, «жоқ» дейін десе, Дәулеттің тілегі өз тілегі...

— Неге ақырасың? — деді Дәулет, мен теріс тілек айттым ба?

— Сөзіңнің бөтені жоқ, Дәулет!

— Ендеше әкел, қолыңды!

Қолын ұсынған қыздың денесін Дәулет өзіне қарай тартып алды. Олардың құшақтары айқаса кетті...

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

ЕРКЕК

Біздің Сырбайдың бар болған нәсілі — жалғыз Дәулет. Соның майданға баруын естіген жұрт, Тәрбие мен Айбаршадан гөрі Сырбайды қатты аяды.

— Тумаса да туғандай жақсы көріп жүрген ұлы еді, — десті олар, Дәулеттің майданға кетуін Тәрбие қалай көтеруі туралы сөз қылғанда, — онда әрине, қайғырар, көз жасын көл қып жылар да, бірақ, өз ішінен шықпағанның аты — шықпаған... жылар-жылар да басылар...

— Айбаршаның Дәулетті жақсы көретіні рас, — десті олар, — екеуінің баяғының ғашығыңдай бір-бірін өлердей жақсы көруінде де күмән жоқ. Бірақ, жастың аты жас. Ол да шынымен жылар... сағынар... Көзіне шеп те салмас.., Дегенмен, мұның бәрі Дәулет тірі болса ғана... «Жаман айтпай жақсы жоқ», алда-жалда Дәулет майданда қаза тапса?.. Сонда өлген артынан өле ме өл?.. Ғашық жігітін жоғалтқан қыз жалғыз осы ғана ма екен?.. Өзге ғашық қыздар жылап-жылап барып, ақырында жаңадан жар тапса, Айбарша да сол жолдан шығып қайда барады?..

— «Сырекең ше?» — деген сұрауға жұрттың бәрі де аса қиналып жауап берді. Сонда, олардың сөзі құйылған арна: «Жан дегенде жалғызы. Егер тірі келсе жақсы!.. Тіпті, кемтар боп келсе де!.. Егер келмесе ше?.. Онда Сырбайдың жалғыз аяқ асының төгілгені емес пе?!. Қарашығы суалғаны емес пе?.. оның аржағында, Сырбайда не тіршілік бар!..»

Сондай ойдағы жұрт, Дәулеттің аттанар күніне аса үрейлі көзбен қарады, «қоштасарда жүрегі жарылып кетпесе не қылсын!» деп қорықты...

Халықтың ұғымында «ер» бар да, «еркек» бар. «Ер» деп халық қатардағы еркектен жүрегі үлкен, ісі озық, қылығы ерекше адамды айтады да, «еркек» деп жабайы ер жынысты адамды айтады. Бірақ, солай ойлай тұра, халық еркектің де еркегі бар деп санайды: пәлендей озат ісі болмағанмен, қайғы келсе қарсы тұра білмесе, қызық көрсе құрақ ұша қойса, ондай еркек, әйелді ерден кем санайтын бұрынғы заманның тілінде еркек емес, «қатын». Еркектіктің белгісі-— қайраттылық, қайғыға да, қуанышқа да төзімділік...

Біздің Сырбай, өзін ешуақытта «ермін» деп санаған да, ондай атаққа ұмтылған да емес; ал, «еркекпін» деген ойды кем, кеудесіне толтыра сақтап, өмір бойы олқыланған да емес; сондықтан, басынан нелер ауыр күндерді өткізе жүре, аржағынан тіпті бір лықып келіп, еріксіз шығып кетпесе, көзіне жас алған пенде емес.

Біреулер:

— Е, күтсе қайтер дейсің. Балаңның әскерге жүретінін біледі ғой, — деп еді:

— Жоқ, жүдә ұят болады ол, — деді Сырбай, — және былай да аз шыққан егіннің басы түсіп жатыр.

Дәулет армияға кетеді дегелі жылап, өкси-өкси даусы қарлыққан Тәрбие Сырбайды ұрсып тоқтату ниетімен:

— Ке... ке... кеш... кеші... — деп, «кешігіп қалдық» деген Сырбайдың сөзін кекетіп қайталамақ болып еді, көзінен ақтарылған жас көмекейіне де құйылғандай, қақалып -шашалып, «кешігіп» деген сөзді де бөлшектеп бітіре алмады.

Тәрбиенің Дәулетті шын жақсы көруіне иманы алдақашан бекіген Сырбай, оны іштей аяғанмен, қайрат бергісі кеп:

— Бұл не, шала піскен екпедей жүдә, ісініп отырғаның! — деді жекіген дауыспен, — бала тілеулі жолға бара жатқанда, жүдә, жамандық шақырып жылағаның не қылғаның!..

Кешеден бері уату айтқандардың біреуін де тыңдамай отырған Тәрбиенің құлағы «жамандық шақырып» деген сөзге елең ете қалды. Сонысын байқағандай:

— Тәйт әрі, жүдә іркіттей көпіршімей, — деді Сырбай, әйелін ширата түскісі кеп, — білмейсің бе баланың жүдә, қайда аттанғалы отырғанын? Түтеген оқтың өтіне бара жатқан жоқ па ол? Тілеуін тілемейсің, жамандық шақырғанша!.. Қой әрі, аузыңды болпылдап, алқымыңды күркілдеген кептердей ісіндіре бермей!.. Одан да, жүдә, тілеу тіле де, амандықпен керуге жазсын деп, бетінен сүйіп қуанышпен аттандыр!..

— Е, бәсе, солай деші! — деп көпшілік ду ете қалды...

Сырбайдың белінен түспейтін: қыны, басқа да қажетті салпыншағы көп, жезге жапқан күміс әшекейі сүртіліп бітуге жақындаған қазақы кісесі болушы еді. Тас-түйін қып байлап алған сол кісені, әйелін жұбатып отырып Сырбай шеше бастағанда, үйдегілерге «баласы аттанғанша отыра тұрғысы келген ғой» деген ой кеп кетті. Сол кісесін түрегеп тұрып шешкен Сырбай, жерге тізерлей отыра беріп, мойнына салды да:

— Кәне, балам, кетер қолыңды! — деді, өзі екі қолын алдына қарай соза, алақанын жая беріп.

Дәулет те, үйдегі басқалар да қолдарын жайды.

— Балам! — деді Сырбай, басын шалқайта, екі көзін тарс жұмып тұрып, — сен сияқты алыс жолға шыққан адамға бұрын жүдә «жортқанда жолың болсын, жолдасың болсын» деп бата беретін еді. Одан басқа не айтайын. Лайым да, жауды жеңіп, аман қайт. «Жортқанда жолың болсын, жолдасың қыдыр болсын!»

Алақандарымен бетін сипаған Сырбайға ере, үйдегілер түгел беттерін сипады.

— Ал, балам, мен де жүрейін, сен де жүр, — деді Сырбай түрегеліп, кісесін тағы да тас буынып, — «жолаушының ақысы жүрсе өнеді» деген.

— Дегеніңді істедің ғой, енді, — деді, болбыраған бойы жиналып қалған Тәрбие Сырбайға, — Дәукенде нең бар, өзің жүре бермейсің бе.

— Тоқтатып қайтесің, жүдә қалмасын жолынан, енді иман келсін деп тіле. Егін жабдығымен станцияға бара алмайын деп отырмын. Бұл баланы бес-он шақырым жерге ұзатып келгеннен түсері не? Одан да, жүдә осылардың жауды жеңуге керекті жабдықтарын әзірлейік те. Бәрі-бір жүретін болған соң, үйден болса да, қолдан аттандырайын.

Бұл сөзге таласудың қажеті жоқтығын ұққандай, әуелі Дәулет, одан кейін Тәрбие, одан кейін үйдегі басқалар түрегелісті. Соларды бастай, Сырбай далаға шықты. Станцияға шейін салт мініп барып қайтармақ боп, Дәулет өзімізге белгілі жорғасын ерттеп, есік алдына байлап қойған. Сырбайдың үйіндегі тысқа шықса, уақытша клуб жасаған астық сарайының маңайы қаптаған жан екен. Әлдекімдердің музыкалық құралдарға ойнағаны, ән айтқандары жетіліп тұр. Сондай сауықты Сырбай ұнатпайтын еді.

Сырбай Айбаршаға, әсіресе бүгін іштей аса қалу. Оның бұдан бұрынғы көңілді қалпын «өздерінің заңына бағынып істеп жүргені болар» деп кешіретін Сырбай, дәл бүгін, Дәулет үйінен біржола армияға аттанатын күні де өзгертпеген соң, ішінен «япырай, ақылды бала болама десем, әумесер біреу болар ма, бұл қай санасыздық?!» деп кейіді. Оның бұлай кейіп жүргенін Айбарша білмеген жоқ. «Білгенде қайтейін, — деді ол сырлас, әсіресе, Дәулетке, — шалдың көңіліне қарап, мен аза тұта қояйын да, бүгіліп жатып алайын, сонда одан өнері не? Және комсомол ұйымының секретары бола тұра мен сөйтсем, өзге қыздар қайтпек?..»

Расында, жайраңдағысы кеп жайраңдап жүрген жоқ еді Айбарша, армияға алынатын жастарды ойын-сауықпен жөнелту туралы аудандық комсомол комитетінің тапсырмасын орындағандықтан және жұбайларынан айрылатын өзіндей жас әйелдерге мұрындық болғысы келгендіктен жайраңдайтын. Әйтпесе, Дәулеттің майданға кетуіне қайғырмағанымен, «аман келсе жақсы, егер келмесе?..» деген ой түскенде жүрегі қырыққа паршалады. Оған, ішінде жасап отырған мына дүниенің қызығы Дәулетпен ғана қызық сияқты. «Егер Дәулет болмаса, — дейді ол шын сырлас, — өзгенің қызығына мен ортақ болмай-ақ қойдым. «Жаман айтпай жақсы жоқ» дейді ғой қарт адамдар, Дәулеттің жамандығын көрмей-ақ қояйын. Егер көретін күн туды ма, мені тірі болады деп ойламаңдар!»

Дәулет үйінен аттанарда Айбаршаның ол үйге жоламай клубта болуына себеп — туысқандарының, әсіресе, Тәрбие мен Дәметкеннің не халге түсуін көз алдына келтіргендік еді. Дәулет үйден шыққанда, әкесінің, ғана сыр бермеуіне Айбаршаның көзі жетеді де, өзгелерінің, әсіресе, Тәрбие мен Дәметкеннің «жалғызым-ау, бізді тастап қайда барасың» деп егіле, зарлана аңырауын жақсы біледі; сол халде солардың қасында болса, онсыз да тырсылдап тонына сыймай жүрген шыдамы жыртылып кетер деп қорқады Айбарша. Осы ойын ол Дәулетке айтқанда:

— Соның дұрыс, Айым, — деді Дәулет.

Үйіндегі Дәулетті аттандырмақ боп сыртқа шыққанда, Айбарша клубтың алдына тасалана берді; бірақ, сауықты басқаруын доғармады. Сол арада сырнай, домбыра, гитара құрылған оркестр де ойналып жатыр, хор мен ән де айтылып жатыр, біреулер билеп те жатыр... Айбаршаның Сырбай үйінен шыққандарға елегізбеуін әркім әртүрлі жорыды.

— Дәтім шыдамас деп қашқалақтауы ғой, — деді біреулер.

— Тәйірі, мынау далаңдағанына мәз болатын ақылы жоқ қыз екен ғой, — деді екіншілер.

— Дәулет пен осы қыздың арасында салқындық түсіпті деген сөз бар да, сол рас болғаны ма? — деді үшіншілер, — әйтпесе, комсомолец дегенмен, ол да өзгеміз сияқты жүрегі, бауыры бар адам емес пе? Көңілі баяғыдай болса, екі талайға кетіп бара жатқан күйеуінің қасында неге болмайды.

Айбаршаның, қылығына, әсіресе, үйінен шыққан Дәулетті көргенде тасалана қойған қылығына қайран қала отыра, клуб маңайындағы көпшіліктің көзі онда болған жоқ, Сырбайдың үйінде болды. Сондағы көргендері: үйден шыққан топтан бір адам бөлініп, есік алдында шөгерулі жатқан түйеге мінді де, әрі қарай жөнеле берді.

— Е, бұ қайда барады?! — деп таңданысты қарап тұрғандар, — баласын шығарып салмай ма екен!..

Ескі қорасына бұрылғысы келген түйені Сырбай ырқына жібермей, дарияның иіріміне қарай бұрып алып кетті. Ауылдан шыққан соң, қайда баратынын шамалаған түйе, Сырбайдың етікті аяғын қабырғасына тепеңдет, тек анда-санда арттағы ботасына ғана алаңдап, дағдылы жаққа жөн тартты.

Үйінен шыққалы артына қарамаған Сырбай, ескі қоныстан шыға да қарамады. Августың орта кезінде де бір тасып қоятын Сырдария, Сырбай жағасына келгенде, кемерді толтыра, екпіндей ағып жатыр екен, жағада паром жоқ. «Ол қайда?» дегендей Сырбай жан-жағына қараса, паромды арғы жағаға жетектеп апаратын арқаны үзіліп жатыр, өзі арғы жағада тұр.

Сырбайдың түйесі малтығым болушы еді. Дария қандай қатты тасып жатпасын, аяқтарын ағыстың ығына бере, суға қабырғасынан жата қап малтығанда, сүңгуір қайықтай зырлайтын және ағыс қалай үйірілдіргенмен, арғы жағадан арқанмен тартқандай-ақ нысаналы жерден тұп-тура шығатын.

Сол ойда отырған Сырбай, түйесі дарияның арғы шетіне жақындағанын аңғармай да қалыпты. Арғы жақ қайырлау болатын еді. Зымырап малтып келе жатқан түйе, қабырғасы қайырды сүзгенде «аф!» деп бір бақырып қалды да, тұруға ыңғайлана берді. Сырбай түйеден түсе қалды. Дарияның жиегіне әлі де елу адымдай болғанмен, бұл араның суы адамның тізесінен ғана келеді екен. Сырбайдың қайран қалатыны, алпамсадай ап-ауыр түйе, қабырғасы жер соқпаса болғаны, қандай тайыз су болса да жеп-жеңіл малти береді. Бота да енесіне ере түрегелді. Бірақ, судың қатты ағысына шыдай алмады ма, әлде қорықты ма — жел шайқаған қайықтай, тұрған орнында теңселе бастады. Сырбай:

— Мына бар бол, жүдә қайтеді? — деді де ботаны жетектеп көріп, ырқына жүрмеген соң, — жүдә бар бол сен, бар бол! — деп арқалап ала жөнелді.

Жағаға шыққан ол, етігін киді де түйесін жетекке алып әрі қарай жаяу жөнелді. Арғы жаға белесті құмдақтау болушы еді. Құмға өскен қалың сексеуілдің дарияға тақалған тұсын, тұрғын ел отынға алып сиретіп, жіңішке болмаса, жуаны кездеспейтін. Тек дариядан екі-үш шақырым шыққаннан кейін ғана, бір адырдың басында, жолдың нақ жиегінде, ел «әулиенікі» деп атайтын моланың үстіне шыққан жалғыз ғана жуан сексеуіл тұратын; жұрт оны киелі сексеуіл керіп кеспейтін, оның қанша жасағанын бұл елде білетін кісі жоқ жетпісті алқымдап қалған Сырбайдың бала кезінде де бұл осындай сексеуіл еді, әлі сол қалпы!.. Үстіне сексеуіл өскен қабырдың қай «әулиенікі» екенін де жан білмейді. «Соғыста өлген әулие екен» деген лақап бар, қай соғыс екені мәлімсіз... Аты-жөнін білмегенмен, ескілікті адамдар, осы қабырдың тұсынан етіп бара жатып, жаяу болса отыра қап, атты болса түсе қап дұға оқиды. Сексеуіл бұтақтарының арасында, не заманнан бері қарлығаштың ұясы тұрады, оған жан адам тимейді...

— Оралсаң орал, — деді Сырбай, тістене сөйлеп болса да құтылмассың енді.

Жыланды желкесінен бір аяғымен басып тұрған Сырбай, екінші аяғымен басын езейін деп бір ыңғайланды да, «осы неге құлады жоғарыдан? Әлде, дәуіт көзін шығарды ма екен?» деп еңкейіп қарады. Жыланның екі көзі де шодырайып, аппақ боп шығып кетіпті.

— Ім-м! — деді ол ыңырана дыбыстап, — көзіңді ағызған екен ғой дәуіт!..

Сырбай етігінің табанымен жыланның басын езгенде, қонышына оралған құйрығы сылқ етіп жерге түсті.

— Ә, өлдің бе? — деді Сырбай.

Сырбай сол арада жыланға бір, қарлығаштың ұясына бір қарап тұрды. Жауының жеңілгеніне мастанғандай, қарлығаш екі балапанның ортасында мойны қылтыңдап отыр... Езілген басынан қаны ағып, шұбала өлген жылан жатыр... Соларға қарап тұрып, «менің баламды да шағуға ұмтылған жылан осылай жаншылар ма екен!.. Мен де Дәулетімнің қасында анау қарлығаштай шаттанып отырар ма екем!..» деп ауыр ойға кетті.

— Я, Сыреке, неғып тұрсыз? — десті колхозшылар.

— Жай, — дей салды, есі жаңа ғана кірген Сырбай.

Ол отта жүрген түйесіне барды да, жетектеп ап, жаяу егін жаққа тартты.

Дәулет туған күні Сырбай: «О, жасаған, — деп тілеген еді, — мені аз, не көп жасат деп тілемеспін, тек ұзақ және бақытты жасты менің мына нәрестеме берсең болғаны!..» Солайша тілеген жалғыз ұлы бүгін майданға аттанды. Бұған дейін аттанғандардың кейбірінен «қаралы қағаз» келгенде, зәресі ұшқан Сырбай: «жасаған, маған естірте көрме, мұндай қағазды!» деген тілекке ауған еді. Түйесін жетектеген ол егін басына да осы тілеумен келді.

— Ал, жұрт, жүдә, іске кірісеміз де енді, — деді, дауыспен, — шираңдар. Бір тәуекел. Амандығы болса да, жамандығы болса да күтіп алғаннан басқаның жүдә керегі не? Кім екенін ұмыттым, о заманда, бір жақсы кісіні жаулары жанған отқа лақтырған екен дейді, сонда сауысқан әлгі жақсыға қастығын білдірмек боп, отты жүдә, қыздыруға шөп-шалам тастаса, қарлығаш «достығымды көрсетем» деп, жүдә, қанатымен су сепкен екен. Сол сияқты, мынау, ел басына күн туған кезде соғыс өртіне, қарлығаштай қанатымызбен, жүдә, су себейік!.. Ол суымыз — мына шығымы нашар егінді «қызыл желге» ұрындырмай жинап алу.

Сырбайдың «қызыл желге» дегені. әдетте, күзге қарай оңтүстіктен еседі, екпіні қатты, лебі ыстық болады. Ел одан қатты қорқады. Егіннің, әсіресе күріштің дәнін қолмен уқалағандай түсіріп, құр сойдиған сабағын ғана қалдырады. Өткен жыл, күрішті орып бітіруге жақындаған кезде «қызыл жел» соғып, гектарынан жиырма центнерге шейін енім бере ме деп дәмеленген кейбір жерден төрт-бес центнер ғана шыққан.

Биылғы жылдың аз ғана егінін «қызыл жел» соғып, көзді ағартар деген қауіппен Сырбай қарамағындағы адамдарға дамыл бермей егінді күні-түні орды. Сонда да жұмысы қарқындай қойған жоқ.

— Жүдә, қалай қарқындасың — деп кейіді ол, «бұл қалай?» дегендерге, — егін баулауға жарайтын қарулы еркек азғантай, көпшілігі жүдә қатын-қалаш, бала-шаға, кәрі-құртаң... Олармен не іс өнсін!..

Сырбай сүйтіп жұмыстан мойын бұрмай, егін жинауды аяқтауға тақалған кезде, аулынан шапқын келді.

— Дәулеттен телеграмма! — деп айқайлап келді, шапқыншы бала.

— Е, не депті? — деп даурығысты жұрт.

— Ташкенттен Москваға қарай жүреміз депті. Ертең кешке ауылдың, тұсынан етсе керек. Тосып алам деп, Айбарша станцияға кетіпті. «Өткем мен әпкем тез жетсін» деп кісі жіберіпті. Тәрбие апам мені жіберді, атама тез келсін деді!

— Жалғыз Дәулет дейсің бе, біздің ауылдың өзге жігіттері де бар болар, оның қасында, — десті біреулер.

Әркім әртүрлі сөзді айтып даурығып жатқанда, Сырбай:

— Тоқтаңдар! — деп ақырып қалды.

Көпшілік тоқтай қалды.

— Мен де бармаймын, жүдә, ешкім де бармайды, —-деді Сырбай айналасына алара қарап.

Барғысы келген біреулер қыңқылдап еді:

— Ал, бардық, — деді Сырбай, — көздің жасын, жүдә бір-бір сығып, қош айтыстық. Онда не бітті?

— Біткені сол, — деді Сырбайға батып сөз айтатын қартаң біреуі, — балаларын көреді, бір көруге зар боп жүргендер...

— Ал, көрдік, жүдә, сонда не бітті! Жүдә, түк те бітпейді. Қажыған үстіне қажисың. Жөнсіз қажудың, жүдә, керегі не? Түкке де керегі жоқ. Әскерге кеткен жастардың бізден тілегі — қажу емес, егінді тез жинап азық жөнелту, күннің, райы ыңғайсызданып барады, жүдә, дауыл көтеріліп кетуі мүмкін. Мен де, ешқайсың да, жүдә ешқайда бармаймыз.

Өзгелер жалынып та, ренжіп те, ұрсысып та көргенмен болмайды» деп басын шайқаудан Сырбай өзгермеді. Ақыры ол жеңді де, шапқышы бала қайтып кетті.

Жұмысқа тарағандар, Сырбайдың бұл қылығына әртүрлі баға берісті.

— Мынауың сексеуілдей қатып қалған бірдеме екен қой!.. — десті біреулер, — мұнда әкелік жүрек жоқ екен ғой!

— Мұның, дүлей боп шықты! — деп кінәлады біреулері.

Сайып келгенде, көпшіліктің Сырбай туралы құйылған пікірі:

— Мұнысы қаттылық емес, еркектікі Шіркін, шын еркек екен ғой бұл!..

БЕСІНШІ ТАРАУ

ЕҢ ҚЫМБАТ AHA

Соғыс салдары канал құрылысының екпінді қарқынын әлсіреткен жоқ. Құрылысшылар соғыстың алғашқы күнінде берген уәдесінен таймады — армия қатарына алынушылар басқалары жұмыстан кетпеді, туған-туыстарын да майданға осы арадан жөнелтті. Газеттер, радиолар жаудың күн санап ілгері сұғынуын хабарлап тұрды, бірақ, құрылысшылардың сағы одан сынған жоқ. Жаудың Отаннан қуылуынан үмітін үзген жоқ. Намысты жігермен қимылдаушыларды ішінен жаңа рекорд жасаушылардың аттары аудандық және облыстық газеттерде әлсін-әлсін жарияланды...

Соғыстың алғашқы күндері, қарулы еркектер майданға топ-тобымен шақырыла бастағанда, құрылыс жұмысына кедергі келеді екен деп қорыққан Байжан, біраздан кейін ол қорқыныштан арылды, жағдай аса ауыр болғанмен, құрылысшылар соғыстық егісті қамтамасыз ететіндігіне көзі еркін жетті; сондықтан ол, жарғақ құлағы жастыққа тимей, бар ынта-жігерін жұмсап, құрылыс жұмысына басшылық етті.

Оның ең шұғыл кіріскен жұмысы — канал құрылысының салаларын кезекке қойып, алғашқы кезектерде қай салаларды орындау, планда болды. Соғысқа керекті ер -азаматтың әлі де алынып болмағаны оған аян, соны еске ала отыра план жасағанда, каналды соғыс кезінде Мойынқұмнан әрі асырып әкетуге мүмкіндік жоқ, оған адам күші де, материал да жетпейді, сондықтан Мойынқұмнан бергі бетті пайдалануды планда керек, ол план, соғыстың тілегіне жауап бере алатын болу керек. Соны түгел жоспарлап болған Байжан, облысқа апарғанда обкомның секретары планды қолдайтынын айта кеп, Байжанға қарабура мәселесін әлі де болса кең ойланып, қортынды пікірін Полевоймен ризаласуға тапсырды.

Бюродан кейін Байжан, секретарь Гүлнар жөніндегі бір сырын айтпақ боп оңаша қалды. Ол айтайын дегені — бұдан бір жұма бұрын Гүлнар Байжанға майданға баруға ойын білдірген еді, «барма» деудің ретін таппаған Байжан:

— Онда екеуміз де кетеміз де, — деген еді әйеліне, — майданға әйелі кеткенде, еркегі үйінде қалуға ұят болар.

— Ол рас қой, — деген Гүлнар, — бірақ саған баруға болмайды ғой.

— Неге?

— Сен басқарып жүрген жұмыстың мемлекеттік зор мәні бар; ол ең алдымен, осы соғыстың өзіне аса керекті жұмыс. Сенің бұл орнымда инженер атаулының бәрі ие бола алмайды, менің орныма хирург атаулының қайсысы болса да жарай береді.

Олар қанша таласса да бір пікірге келе алмады. Гүлнар аудандық военкоматқа майданға баруды тіленіп арыз берді; бірақ оны Байжаннан жасырды да, арызы іске аса қалған күнде, мамандығы жөнінен мобилизацияға іліккен түрде жіберуін өтінді.

Гүлнардың арыз беруін сезбегенмен, оның майданға кетпей тынбайтынына Байжанның иманы кәміл еді. Ұзақ ойдан кейін бұған да қарсы болмаған Байжан басына: «Жап-жас қалпыммен, мен неге қалам, құрбы-замандастарымнан бөлініп?.. Орныма кісі табылмайды деген сөз бе?.. Неге табылмасын... жарай кететін инженер канал «ысында да бар, солардың бірі жарай кетер, не Самарқанға салар, о да басқара алады, болмаса, Анатолий Кондратьевичтің өзін қыстаймын» деген ой ұялап алған. Сөйте тұра, канал құрылысын да ол қимайтын, әсіресе, мынаны қиыншылық жағдайда тастап кетуге обалсынатын...осы ойларының бәрін де секретарь жасырмай айтты... Секретарь оны асықпай, сөзін бөлмей тыңдап алды да:

— Сөздің турасын айтсам, — деді Байжанға, — партия мен үкімет жүктеген зор міндеттерді тастап саған майданға кетуге болмайды. Оның аты — қиындықтан қашу болды, орысша аты — дезертирлік. Бұл сөздің ақылға да, жүрекке де жаман естілетінін білесің. Сенің майданға барып көрсеткен ерлігіңнен мұндағы құрылысты басқаруы үшін кем пайда емес... Ал, сенің әйеліңнің айтқаны дұрыс, ол, Алмалықтың кішкене больницасынан гөрі, майдандық госпитальда көбірек пайда келтіреді. Бірақ, сол ж у мыс әйеліңе осында да бар ғой. Қызылордада жуырда ашылды. Майдандық госпитальда кездесетіннен бастап ең ауырға дейінгі жаралылар осы да бар. Сондықтан, біздің жараланған жауынгерге жәрдемдескісі келген әйеліңе, майдандағы госпитальда қызмет атқарды.

«Бұл не екен?» деген оймен алып қараса, іңірде қоя, сап ұмытып кеткен, Гүлнардың армияға баратын документтері екен. Документтерді алғаш көргенде шошып қалған Байжан, есіне обком секретарының: «Қызылорда госпиталына орналасар» деген сөзін түсірді де, жаңа ғана бұрқанған ойын жадыратып, документтерді аударыстыра бастады. Осы кезде әлденеден оянып кеткен Гүлнар, көзін кең ашып қараса, бас жағында түрегеп Байжан тұр, қолында документтері!.. Сасып қалған Гүлнар бойын тез жинай қойды да:

— Түсінікті ғой, Байкеш? — деді.

— Ия!..

— Есіңде ме, Байкеш, — деді Гүлнар кроватьқа түсе беріп, — «Ең қымбат анамыз — Отан» дейтініміз?

— Есімде, Гүлім...

— Ендеше, мақұлдайсың ғой, қолыңдағы қағаздарды?..

— Ол туралы ойлануға кеш қой, Гүлім.

Кеудесіне басын сүйеп еркелей қараған Гүлнарға Байжан обком секретарының сәлемін айтып еді:

— Байкеш, — деді Гүлнар еркелей түскен кескінмен, — ең қымбат ананың шақырған жеріне — майданға барайын да!..

АЛТЫНШЫ ТАРАУ

ҚАРБАЛАС ШАҚТА

Байжанның Гүлнарды Қызылордаға дейін шығарып салуға да қолы тимеді.

Сол күні түске тармаса келген поезбен Гүлнар жүріп кетті. Оны поезға шейін ғана шығарып салған Байжан райкомға келді де, мәжіліс жасап жатқан бюроға құрылысшыларды таратудың планын баяндады. План бойынша, бір-бір үлкен участоктерде жиналыстар өткізіліп, тарау туралы жазылған бұйрық оқылмақ, күздігүні қайта жиналу туралы түсініктер берілмек, бұл жұмысты орындауға ауданның барлық жауапты қызметкерлері шықпақ.

Байжан өз сыбағасына тиген участоктерді аралауға шыққанда, оның пәтерінде жалғыз Марфуға ғана қалды; Гүлнармен қоштасып қалуға Қызылордадан бүгін келгенді де, Гүлнардың өтінішімен, Байжанның пәтерін күте тұруға қалып қойған еді. Бұл ұсынысын Гүлнар Тәрбияға айтып еді. «Ойбай, қарғам, естірте керме, бұл сөзіңді, — деп зыр ете қалды ол, — егер мұнда қалсам, кете салысымен-ақ сен көзіме елестерсің де тұрарсың. Сонан соқ мен санамен сарғайып ағыл-тегіл жылаудан елермін. Менің ретім келмейді, Марфуғаны қалдыр». Гүлнардың майданға кетуіне расында, егіле қайғырған Тәрбия, «көзден жөнелтуге дәтім шыдамас, шырағым, жөнелгеніңді көрмегім үйіңде отырған сияқты боларсың маған, сен жөнелмей-ақ, Бахытжанды алып кетейін, көз алдыңда оны қалдырып кету саған да қиын болар» деп аулына қайтып кетті.

Жалғыз қалған Марфуғаның кең пәтерге денесі сыймады. Кең кеудесіне жүрегі сыймады. Ондай халге Марфуға келмес пе еді, қайтер еді, егер маңында көңілін аулап кетерлік адам болса. Ондай адам жақында түгіл бүкіл Алмалықта жоқ, өз денесіне зорға ие болатын аздаған кәрі-құртаңдар мен солардың маңында қалған балалар болмаса, егін жинасуға кетпеген жан жоқ, көп үйлердің есіктері жабулы тұр... Үйінде жұмысқа жарамағандықтан ғана отырған кейбір кемпір-семпір келе қалса, Марфуғаның қайғысын жеңілдету орнына, майданға кеткен жақындарын айтып, кейбірі «қара қағаз» алғанын айтып ауырлатып жібереді. Ондайлармен жолығудан Марфуға қашатын болды...

Марфуғаның сондайлық ауыр күндерінің біреуінде, қалың бұлтты жарып шыға келген айдай болып, үйіне Айбарша келе қалды. Астық жинасу науқанында жүрген жолы бұл пәтерге әлдеқалай соқты... Бұл жолы қайдан емес, қуаныштан ағыл-тегіл жылаған Райкомға барған Айбарша, зор қуаныштың үстінен шықты: оның атына Дәулеттен жаңа ғана телеграмма келіпті, «Ташкенттен майданға беттеп бүгін шығамыз, біздің үйге хабарлауыңызды өтінем» деп жазыпты. Телеграмманың Ташкенттен берілген сағатына қарағанда, Дәулет бұл арадан ертең өтпек.

Дәулетті сағынып жүрген Айбарша бұл хабарға шектен шыға қуанды. Бұдан бұрынғы хаттарына қарағанда, Дәулет Ташкентте танкистер курсында оқып жатқан. Енді Ташкенттен қозғалса, әрине, майданға беттеуін, оған жүрегі шымырлай қалғанмен, Айбарша ақылға жеңгізді де, бір көруін дүниеге балады.

Қуанышты Айбарша, райкомдағы қызметін бітіріп болып, Рахметті Байжанның үйінде пісіріліп жатқан тамаққа шақырды. Оған ризаласқан Рахмет, Сырбай мен Тәрбияға кімді хабаршыға жіберуді ақылдасты. Өзі барғысы келген Айбаршаға:

— Оның, реті келмес, — деді Рахмет, — біздің ауданға тоқтағалы келе жатқан балалар эшелоны бүгін кешке мұнда жететін хабарын алдым, сен комиссияның мүшесісің, ішінде болуың керек. Хабарға қарағанда, балалар аса жүдеп келе жатқан сияқты, оларды қабылдау жұмысы жеңіл болмайды.

Сырбай мен Тәрбияға Дәулеттің келетін хабарын жеткізуге астан кейін Айбаршаның атын салт мініп Марфуға кетті.

Дәулет армияға аттанғалы, Марфуғаның Кең тоғайға бұл бірінші келе жатуы да. Қатынасқан кісілер Сырбай туралы «сексеуілдей сіресіп қатқан қалпынан жібір емес» деген хабарды ғана әкелетін де, Тәрбия туралы, біреулер «санадан сарғайып өлетін» десе, енді біреулер «басы жұмыр пенде емес пе, кенді тіпті» десетін... Сырбайдың егін басында жүргенін Марфуға естіген. Тәрбияны жұрт «үйінде» дескен. Сол үйге жеткенше Марфуға әр ойдың шырмауында келді. Ең алдымен: «менің барғанымды қош көрсе дұрыс, — деп бір ойлады ол, — егер қош көрмей, бұрынғысындай қырын қараса қайтем?» Олай ойлайтыны, Гүлнарды қызына санайтын ол, Бахытжанды жиені көріп, Тәрбиядан қызғанатын, сол қызғанышын ол сездіріп те алып, бір ретте екеуі ренжісіп те қалған. «Бір есептен қырын қарамас та, — деп жұбатты Марфуға езін біраздан кейін, — бауыр басып алған баланың менен енді несін қызғанады?..». Сол баланы алданыш көріп отырса дұрыс -ақ қой, — деген де ой келді оған, — өйтпей, өз баласының қайсысымен басы қатып, бөгде баланы күтімсіз ұстап отырса қайтем?..» Соңғы ой көңілін көбірек тоқыратқан Марфуға, етер Бахытжан күтімсіз болса, үйіне алып қайтуға бекінді.

Марфуға сол ойда бара тұрсын, Тәрбияға оралайық. Гүлнарды жөнелтіп сап, Бахытжанды апарған күннің ертеңіне оған Айбарша келді, сол кеште Дәметкенге бір сойдырып, Тәрбияны Айбарша қонаққа шақыртты да, қайын енесін де, шешесін де қалжыңы аралас ол-пұлды айтып көңілдендіріп алып бір сәтте Тәрбияға:

— Әпке, мен саған өкпеледім, — деп баяғы еркелік салмен бұртаңдап алды.

— Неге? — деп сұрады, екі шеше қосынан.

— Дәукеш айтқан жоқ па еді, әпке, саған, — деді ол, — соғыстан аман-сау келсем, сенен бір-ақ нәрсені сұраймын, ол — біздің қораға тігілген жеміс ағашының отыз түп шыбығы өз қолыңнан есіп тұруы, осыны істемесең өкпелеймін» деп?..

— Айтқан! — деді Тәрбия.

— Ендеше, уәдеңді орындаған жоқсың, әпке, — деді Айбарша, — суарып тұрмаса жас ағаш қурап қалмай ма деп Дәукеш кеткелі суарма. Арықты шаң басып, бітелуге айналыпты. Шыбықтарыңды қуратып алсаң, ертең балаң келгенде не айтасың?

Марфуғаны ертіп Тәрбия үйге кірсе, төрге ұйықтатқан Бахытжан оянып, есікке қарай еңбектеп келеді екен. Тәрбия оны көтеріп алды да, бетінен бір сүйіп, үйдің ішін қарап тұрған терезенің пердесін ашты. Терезеге тура түсіп тұрған күннің сәулесінен үйдің іші жарқырап кетті. Марфуғаның Бахытжанға көзі түссе, бала недәуір өзгеріп қапты: реңі қоңырланыпты, денесі сомдап, есе түсіпті, кеше шешесін аттандырғанда ғана кімге тартқаны белгісіз ет-жеңді беті, қазір айқындап, әкеге қай жері, шешеге қай жері тартқаны біліне бастапты.

Бахытжанға қарап тұрған Марфуғаның сүйгісі кеп, аузын тамсана қалды. Оны сезген Тәрбия талпынған балаға:

— Ә, нағашыңды сағынайын деп пе ең? Бара ғой, ендеше! — деп ұсынды.

Бала қолына келгенде, Марфуға көзінде мөлдірей қалған жасты сығып жіберіп, екі бетінен кезек-кезек құшырлана сүйді де:

— Ал, әніңе бар әлі! — деп Тәрбияға қайтып берді.

— Бұрын қызғанса, енді қызғанбаймын, — деді Тәрбия, баланы қолына ала беріп, — бір тәуекелге тапсырып шығарғанмен, менің қолым құрғақ емес, Дәукенім бар, сенде ондай таяныш та жоқ, бағыңа қарай күтетін үйге кезде ең, оның жайы әзірге бұлай боп тұр. Соны ойлап, міне, үйімде тұрмын ғой, құдайға нансаң қазір сені аяймын.

— «Эмкадан» гөрі тентек қой мына түйе, — деген Айбаршаның қалжыңды даусы естілді қараңғыдан, — жездесін сыйламағаны несі?!

Байжан бетіне баттасқан қоймалжың жынды, алақанымен сыпырып тастап, «шөк!» деп түйенің тығырығынан темен қарай жұлқып-жұлқып қалды. Аяқтарын бүгіп шөге бастаған түйенің үстіндегі Тәрбия, баланы Байжанға ұсына берді.

— Балаңды иіскесем қызғанып жүрме, Тәке! — деді Бахытжанды көтеріп қолына алған Байжан, иіскегісі, сүйгісі кеп.

— Інісін кісі сүймей ме екен, шырағым, — деп қалжыңдады Тәрбия, — иіскемек түгіл сүйсең де рұқсат.

— Ә, ендеше... — деп Байжан, баланың түнгі самал үрлеуден сап-салқын боп тұрған екі бетінен кезек-кезек сүйді де, — алыңыз, Тәке! — деп, Тәрбияға қайтып берді.

— Е, бәрекелді!.. Неге ғана барады сондай қорқынышты жерге?

— Ол сондайды тілеп кеткен кісі емес пе?.

— Япырай, аман келсе жарар еді, бишара! — деп Тәрбияның көзіне жас алғаны, оның даусынан сезілді.

— Балаң келе жатыр деді ме? — деп сұрады Байжан Тәрбияны көңілдендіргісі кеп.

— Иә, шырағым, — деді Тәрбия көзін сүртіп.

— Соғысқа кеткен, я соғысқа бара жатқан адам туралы кезге жас алуға болмайды, Тәке. Қан майданның ішіне кірген соң, әр жағдай кездеседі. Тек, жандары аман болсын деп тілейік.

— Иә, шырағым, бәріміздің де тілегіміз осы.

— Сіздер үйге кіре беріңіздер. Мені райком шақырып еді, тез орал.

— Бар, шырағым.

— Мә, кілт! — деп Байжан есіктің кілтін Марфуғаға беріп, өзі жөнеле берді.

Амандықтан кейін, «тез ораламыз» десті де Байжан мен Айбарша райкомға кетті.

Олар барса, райкомда бюро мүшелері түгел екен және ауданның бірнеше қызметкерлері бар, мәселе эвакуацияға келе жатқан балаларды орналастыру туралы екенін, жақтан келгендер Рахметтің сөзінен аңғарды.

— ...Балалар негізінде Тар тоғайдағы мектеп пен иелері Кең тоғайға көшіп бос қалған үйлерге орналасады, — деп жалғастырды Рахмет сөзің — аса жүдеп қалған балаларды тазаландыру үшін Алмалықтың больницасына саламыз. Колхозшылардан да тәрбиесіне бала алуды тілеушілер бар көрінеді, меніңше, оларға беру қажет қой деймін, комсомолецтердің, күшімен оларды көбірек ұйымдастыру керек...

Кешіріңіз, — деді Айбарша түрегеп, — егер берілетін бала болса да ие табылатын, жүзден аса балалардың өзіне сиятын, ол туралы аудандық тиісті шараларды қолданып жатыр.

— Онысы дұрыс та, — деді Байжан күліп, — қолында «аса қажетті материалды тасуға, менің ғана тапсырмаммен жұмсалсын» деген бұйрығым бар, олай ұстамауға болатын емес, әр тамшысы балдан қымбат... Сонда да, мынадай жағдайда бермей болмас, оған уайымдамаңыз, ал, орналастыруға жай жетпесе, менің пәтерім бос тұр, ол да комиссияның қарамағында болсын...

Бүгін түнде келетін эшелонды қалай қарсы алу туралы бюро қаулы алғаннан кейін, өзгелер тарағанда, Айбарша Рахметтің қасында іркіліп қалды да:

— Ағай, — деді оған, — мен жұмсауыңыздан бас тартатын кісі емеспін ғой. Ол менің азаматтық және комсомолдық міндетім. Сіз маған Тар тоғайға баратын балаларды орналастыруды жүктедіңіз. Көптің көзінше сөзіңізді қайтаруға ұялдым. Дәулеттің қашан, қай эшелонмен етері мәлімсіз, бүгінгі түннен бастап, ертеңгі түнге дейін өтетін эшелондардың біреуінде болуы сөзсіз, оған жолығу үшін бір сөткедегі эшелондарды көзден түгел өткізу керек. Оған жолықпай қалуым мүмкін емесін сізге айтудың қажеті жоқ. Оның келуімен балалар эшелонының келуі қарбалас болғалы тұр, мен балалар жұмысымен жүргенде Дәулет етіп кетсе қайтем?

Қиын сұраудың жауабын таба алмаған Рахмет, ресми жауап беріп:

— Бюроның қаулысын мен бұза алам ба, — деді.

— Өзіңіз ойлаңызшы, — деді Айбарша мұңайған кескінмен, — бұл жолығудың не жолығу екенін! — Айбаршаның көзіне жас жиналып қалды. — Ойлаңызшы өзіңіз, осыдан кейін керісеміз бе, жоқ па?

Жасқа булыққан Айбарша сезінің аяғын әрең айтып, бетін басып диханға қисая кетті.

— Сен осындай жасық па едің, жолдас комсомолка, — деді Рахмет уатпақ боп, — майданға аттанғанның бәрі өле берсе, тірі қалатын кім?

— Өзімнің жұртқа айтатын үгітімді, сіздің маған айтпауыңызды өтінем! — деді Айбарша басын көтеріп ап, жас шайған бетін сүртіп. — Менің сізден өтінішім — Дәулетке жолығып қалуға рұқсат етіңіз!

— Жақсы! — деді Рахмет аз ойланып, — бәріміз де вокзал басында боламыз ғой, балалар бұрын келсе оны қабылдаймыз, Дәулет бұрын келсе оны қабылдаймыз. Балалар кеп, Дәулет келмей қалса сен күтерсің...

Вокзалға балалардың эшелоны түнді еңсере жетті. Бастап әкелген — Наталия Остаповна Полещук деген қыз екен. Оның қысқаша айтқан мәліметіне қарағанда, балалар аса азып-тозып келеді екен. Аудан адамдары балалардың хал-жайымен танысқаннан кейін, Наталия Полещук олардан эшелонды таңертеңге шейін шеткері жолға апарып к.оя тұрып, алғашқы қажет жәрдемді ғана беруді, орналастыруға таң ата кірісуді өтінді. Аудан адамдары Наталияның өтінішін қабылдап іске кіріскенде, Айбарша оған Дәулетті поездан күтетін жайын айтып, Наталиядан рұқсат алды.

Поезды күткен Айбарша станцияның перронында ерсілі-қарсылы жүрді де қойды, қасына Тәрбия мен Дәметкен еді... Ерсілі-қарсылы ағылып жатқан соғыстық составтардың көптігінде есеп жоқ, бес минут сайын біреу етеді десе бар! Көпшілігі тоқтамай өтіп жатыр!.. Дәулет солардың біреуімен өтіп кете ме деп күткендерде зәре жоқ... Тоқтап жеткен эшелондарда көрінбейді... Сұрастырса біреулері жөндерін айтпайды... біреулері қалжың қылады...

Ол есін жиғанда, поезд Қызылордаға жақындап қалған екен. Дәулет Алмалықта Тәрбия мен Дәметкенге де амандасып үлгеріпті, көптің ішінен үшеуі Айбаршаны таба алмапты...

Аз уақыттың ішінде Дәулет Айбаршаға өзінің қалайша танкист болғанын да айтып үлгерді, ауыл жағдайын да сұрап үлгерді. Ол қазір кіші лейтенант екен, танк басқарады екен...

Қызылордаға тоқтаған эшелон көп тұрған жоқ. Аз уақыттың өзі де қалай тез өткенін Айбарша білмей қалды. Беттері майдан болғанмен, жігіттердің көңілі көтеріңкі, баққаны әзіл-оспақ, ойын-күлкі, ән-күй... Сондай өмір өзіне еліктіргендей, Дәулет ауылдағыдан әлдеқайда сауықшыл боп кеткен сияқты... Әскерлік киімде оның денесі Айбаршаға ауылдағыдан сұлулана түскендей көрінді... Кескіні де көріктене түскен сияқты. Солардың бәріне көңілі тойған Айбарша, сондай жары барлығына іштей болса да өмірінде бірінші рет мақтанды!..

Поезда жөнеліп бара жатқан Дәулетке күлімсіреген кескінмен қолын бұлғап тұрған Айбаршаның мақтанышы кеудесіне сыймады...

ЖЕТІНШІ ТАРАУ

АЖАЛДЫҢ ДАРУЫ

Украинадан Алмалыққа балалар мініп келген эшелонды станцияның жырақ, өткінші составтар бөгет болмайтын бір тұйығына орналастырып, әр вагонды аралап, балалардың хал-жайын біліп жайғастырғаннан кейін, Рахмет қасына ерген адамдарды, эшелонның қызметкерлерге арналған вагонына алып кірді де Полещукпен бүгінгі түннің жағдайын кеңесті.

— Сіздер, — деді ол, эшелон қызметкерлеріне, — өте шаршағансыздар. Бүгін жақсылап тұрып тынығыңыздар. Эшелон күзетін жергілікті адамдарға тапсырайық. Жалпы жауапкерлік Аққожаев жолдаста болады, — деп Рахмет қолымен Самарқанды нұсқады, — кезекші врач боп бұл кісі қалады, — деп, аудандағы больницаның директоры, қарт фельдшер Бекпенді нұсқады.

Осыған олар келісіп, түнгі күзеттің тәртібін анықтағаннан кейін әркім орнына тарағанда, Рахмет пен Самарқан Наталияны вагонына шығарып салды. Вагон алдына кеп қоштасарда:

— Жолдастар, — деді Наталия, — расымды айтсам, осы вагонға кіруге мен қорқып тұрмын!

— Неге?! — деді Рахмет.

— Вагонда дизентериямен ауырып келе жатқан балалар барын, көбі нашар халде екенін көрдіңіз. Солардың ішінде менің кішкене інім барын сізге айтқан жоқ ем, со баланың қазір өлі я тірісі көзім жетпей тұр...

— Онда тағы да кірейік! — деді Рахмет.

— Жоқ, жоқ, — деді Наталия. — Кіргенде не істейсіз, врач емессіз және көрсеңіз қорқасыз да.

— Мана қорықпағанда, енді неге қорқам? Қайта кіреміз де көреміз, қажетті шара қолданамыз. Бастаңыз, Бекпен ағай!..

Бекпен ерген Наталия вагон басқышына көтеріле беріп құлап түсе жаздады, Самарқан оны вагонға қолтықтап әрең шығарды.

— Мана қайнатқан күріштің суын ішіп пе еді? — деп сұрады ол коридорға кіре бере.

— Ішкен, — деді Наталия.

— Ендеше сауығады.

Әрине сауығады, — деді Наталия мен Самарқанның құлақ салып келе жатқан Бекпен, — қайнатқан күріштің суы мың да бір емі...

Наталия да баланың тамырын ұстап көрсе, соғуы жап-жақсы, сүйектерінің жіктері ырсиып тұрған басынан, шып-шып тер шыққан!... «Өлмес» деген сенім оның басында енді ғана тұтанып, аласұрған жүрегі қалпына келе бастады.

— Баланы оятып алмайық! — деді Самарқан оған сыбырлап, — коридорға шығайық.

— Маған енді рұқсат етіңіз! — деп, коридорға шыққан Наталияға Рахмет қолын ұсынды.

— Сіздерге не алғыс айтсам лайық болатынын білмей де тұрмын, — деді Наталия қолын беріп. — Комсомолдық жүрегімнен мың мәртебе рахмет!.. Бұл өзімнің ғана емес, эшелондағы бар баланың атынан айтқан алғысым!..

— Жатыңыз, тынығыңыз, күзетке уайым жемеңіз, балаларды өз үйлерінде жатқандай көріңіз!..

Өзгелері жөнеле бергенде, Самарқан іркіліп қалды.

— Сіз де шығыңыз, — деді Наталия оған, — таңертең келерсіз.

— Купеңізге кіруге енді қорықпайсыз ба?

— Жоқ, енді қорықпаймын, барыңыз!..

— Онда, мен эшелонның күзетінде болам. Жолыққанша қош болыңыз! — деп Самарқан қол алысты да шығып кетті.

«Не деген жақсы адам! — деп ойлады Наталия, Самарқанды вагон есігінен шыққанша жөнелтіп сап, қызмет вагонына қарай қараңғы түнде көлеңке тәрізденіп кетіп бара жатқан бейнесіне есіктен қарап тұрып. — Не деген жақсы адамдар бәрі де!.. Біздің Отандағы ұлттар достығының айқын бейнесі де бұл!..»

Көңілі жадырағандай болған Наталия орнына кеп қалғын деп еді, қалғи алмады. Оның көз алдына аз өмірінде көргендерінің, әсіресе соғыс басталғалы көргендерінің бәрі елестей қалды...

Наталия әкесі Молдавия республикасының орталық қаласы Балтада тұратын етікші украин еді. Наталия 1920 жылы туды. Ол үш жасқа қарағанда әкесі өліп, үй шаруасынан басқа кәсіп қолынан келмейтін шешесі Житомир қаласында жұмысшы боп істейтін ағасының қолына көшіп барды. Наталияны балалар үйіне, шешесін кір жуатын жерге орналастырды.

Наталия балалар үйінде жүріп, он жеті жасында орта мектепті бітірді де, Киевтегі ауыл шаруашылық институтына түсті. Институттың, екінші курсынан басталатын студенттердің тәжрибе жұмысында, Наталия Днепрдің Киевке жақындау бойындағы егін шаруашылық совхозына баратын болды, осы совхозда оның, күйеуге тиген шешесі мен одан туған кішкентай Сашка тұратын еді, оны Наталия жанындай жақсы көреді...

Ұлы Отан соғысы басталғанда, Наталия институттың соңғы курсының экзаменін ете жақсы бағамен тапсырып жатыр еді. Сол күннен бастап немістің самолеттері Киевті үздіксіз бомбалады да, институттың оқуы жабылып, Наталия совхозға кетті. Ол барса, немістің бомбалары совхоз орталығының тас-талқанын шығарып, адамдары ағаш арасына босып кетіпті, Наталияның туысқандары тұратын үйі қирап қалыпты, жандарының қайда екенін ешкім білмейді. Оларды іздестірген Наталия, бірнеше күннен кейін інісі Сашканы әрең тапты, өзгелері жоқ...

Орынбордан шыға, әсіресе, Қазақстан өлкесіне кіре, Днепрді ол бұрынғыдан да артық аңсады... Барлық сабақтан өз теңдес алдыңғы қатарында жүретін Наталия, география сабағына шорқақтау еді. Сондықтан, бұл сабақты оқығанда Қазақстан туралы оның есіне тұтқаны — «дала... құм....» ғана болатын. Балалар эшелонымен Ақтөбе облысына кеп кірген ол, ұшы-қиырына кез жетпейтін таусыз, ормансыз, құйқалы есімдіксіз, жап-жазық даланы көргенде, «рас екен ғой, дала... құм... деген сездер!» — деп ойлады.

Дала!.. Кең дала... Ормансыз, бетегесіз дала. Өсімдік дегені, өрт жалаған жердің шөбінде түбітсіз, сирек, қатқыл... Темір жол станцияларында ғана болмаса, бұл далада ел де жоқ сияқты...

Эшелонда келе жатқан жасамаста бір әйел:

— Бұл республиканың талай жерін кездім, оның, тоғайлы, қалың бетегелі, асқар таулы, шалқар көлді, мөлдір өзенді жерлері де бар, — десе, мына жалаңаш даланы көрген Наталияның нанғысы келмейді.

Шел далаға қарауға көзі талып, іші пысқан Наталияның ендігі керуге құмартқаны — Сырдария өзені болды. Орта Азияда мұндай өзен барын ол біледі. Оның ұғымында: «Өзен дегеннің маңайы жайқалған шалғын... Миуасы салбыраған тоғай... Сырдарияны да сондай болар деп ойлап келген оның көңілі, маңына келгенде су сепкен оттай сене қалған сияқтанды. Зымырап келе жатқан поезд анда-санда, өзеннің имиген тұстарын жанап етеді, ол тұстар Наталияға өзен емес, өзектене біткен кел ғана сияқтанады... Өйткені, ол маңда тоғай да жоқ... шалғын да жоқ... тек, Қармақшы станциясынан еткен соң ғана, қамыс ескен саяңдар ұшырасады... Сырдың осындай бейнесін керген Наталия, «бұл жақтың өзені мынау болса, — дейді ішінен, — Днепрдің садағасы кетсін!.. Шіркін, Днепр -ай!..»

Алмалық станциясында Днепрді қиялдап жатып, таң біліне, қалай қалғығанын Наталияның өзі де сезбеді... Осы қиял түсіне де жалғасып, аса бір әдеміліктердің ішіне сүңгіген ол, сол қалпымен ұйықтай берер ме еді, қайтер еді, егер әлдекімдердің күбірлескен даусы оятып жібермесе.

Оянып кеткен Наталия көзін ашып, басын көтере түрегелсе, түндегі қарт фельдшер — Бекпен екен, қасында Рахмет, Самарқан, Айбарша және қазақы киінген мосқал әйел тұр. «Інім не халде екен?» деген ой кеп кетті Наталияның басына. Жүрегі су ете қалған ол үрейлі кескінмен басын төсегінен көтергенше, Бекпен ояу жатқан баланың қасына барып тамырын ұстады да:

— Айттым ба, қызым, інің жазылады деп? Қазірден-ақ жазыла бастаған ол... кел, көр өзің! — деді.

Інісіне үңіліп отырып алуға ыңғайсызданған Наталия, шегініп орнына барғанда:

— Қалай? — деп сұрады Бекпен.

— Жақсы сияқты.

— «Сияқты» емес, жақсы!.. Айттым ғой, «інің енді қаласа да өлмейді» деп?.. Қайнатқан күріштің суы — даруы!..

СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

ШЕРМЕНДЕ

Украинадан эвакуацияға келген балаларды орналастырғаннан кейін құрылысының кезектегі планын қарап ақтық рет бекітуге Рахмет райкомның бюросын шақырды. Байжанның бюрода баяндауынша, Түйемойын құмының бергі бетінде, бірінші кезекте қазылатын канал тармағы он бес мың гектардай жерді еркін суара алады екен. Бұл цифр қанағаттанған бюро мүшелерінің, қойған сұраулары, осы жұмысты атқарып шығуға күштің, жету-жетпеуі туралы ғана болды. Рахметтің айтуынша, механизм күші жеткілікті, қауып — жанармайда ғана, оны алу соғыс басталғаннан бері күн санап қиындап барады.

— Ол жөнде обкоммен сөйлестім, — деді Рахмет, — каналды облыстағы қажетті құрылыстың бірі деп қараудан обком танған жоқ, сондықтан, облысқа берілетін жанармайдан каналдың үлесін молырақ бергілері келеді. Бірақ, бұл мәселенің тетігі облыста ғана емес қой, бергілері келе тұра мүмкіндіктер азғана болса не істемек. Сондықтан, механизмге ғана сеніп отырмай, жеткілікті адам күшін табуды да қарастырғанымыз жөн.

— Ол туралы да ойламай жүргеніміз жоқ, — деді Байжан, — талқылауларыңызға ұсынып отырған канал тармағын алдағы жылдың егісіне дейін үлгеріп шығуға он мыңдай кетпенші керек. Әнеугүні егін жинауға тараған колхозшылардың, егін жиналып бола салысымен құрылысқа ораламыз деген уәдесін естідіңіздер. Одан кейін бірнеше ауданды аралап келдім. Әр колхоздан құрылысқа келуге ынтасы бар адамдардың есебін ала жүрдім, сол есептерді қорытқанда, егер келем деушілер уәдесінде тұрса он бес мыңдай адам жиналар деген үмітім бар,онда бірінші кезекте жоспарланған тармақты мезгілінде еркін меңгеріп шығамыз.

— Меніңше, жиналады ғой деп ойлаймын, — деді Рахмет, — езіміздің ауданның колхозшыларынан, сен айтып отырған цифрды тең-жарасы келетін түрі бар, облысымыздың өзге жеті ауданы жеті-сегіз мың кісіні неғып бермес екен.

Облыстың биылғы жоспары бойынша, егін сентябрьдің аяғына дейін жиналып болмақ. Бұл облыста жердің тоң дамуы ноябрьді аяқтап барып басталады. Егер он бес мыңдай кісі жиналса, бірінші кезектің жер қазу жұмысын осы екі айда бітіріп кетуі мүмкін. Қыс айларында бұл кезектің шлюздері мен тоғандары да салынып болады.

Материалдар мәселесіне келгенде Байжанның айтқаны: цемент шлюздерді бекіту мен канал сағасының нағыз су ұрар жерін шегендеуге ғана жетеді, сағаның өзге жерін бекітуге және су жыртып кетуге мүмкіндігі бар жағаларды бекітуге қарабурадан басқа материал жоқ. Байжан бюро мүшелерінің алдына шиыршықталған қағаздағы сызықтарын жазып, цемент пен қарабураның қай орынға қанша жұмсалатын есептерің бекілудің әдістерін қысқаша түсінікті қып айтып берді.

— Бұл планды, — деді ол, — Анатолий Кондратьевичке консультацияға жіберіп алдым. Планға ол кісі екі түзету кіргізгісі келеді, сол түзетулері туралы маған жазған хатын қып шығуға рұқсат етіңіздер...

Байжан хатты папкасынан алды да оқи бастады:

«Кейде, — деп жазыпты Анатолий Кондратьевич хатында, — біз үлкен жұмыстарға ғана көңіл бөлеміз де, уақыт ескермейміз. Кейбір «уақ» дегеніміз артынан боп шығады. Мысалға туберкулездің құртын алыңыз. Ол көзге микроскоппен ғана көрінетін «уақ» зат, ол құйтақандай заттың нелер миллион адамның ажалына себеп боларын біз есептейміз бе?.. Мұны саған ескертіп отырған себебім — сен басқарып жүрген зор құрылыста, боп сияқты, өзі кішкене болғанмен, залалы үлкен заттар ма екен? Меніңше, сен шошынба, оның аты, үлкендігі жұдырықтап ғана бұл тышқан, Сырдарияның екі жағасындағы көлдердің бойында мыңдап білесің, қарабураның қас жауы солар. Егер олар қарсы шара қолданбасаң, сенің қарабураң түкке де тұрмайды, қарабураның ішіне олар мыңдаған ұя салса, қамыс тиме су кіреді де, тез шірітеді, әлі кеткен қарабураны су апарып алып кетеді. Қолымдағы планға қарасам, бұл мәнін ойланбағансыңдар.

Бұл қаулыны естігенде, елден алабөтен қайғырған жалғыз Тыртық қана. Енді оның кім екендігін оқушыларға таныстырудың мезгілі жеткен сияқты.

Оның арғы түбі қожа. Өздерін пайғамбардың әулетімін деп санайтын қожалардың ішінде, Тыртықтың үшінші атасы сауда-саттығы мол бай кісі болған да, Сыр бойын Қоқан хандығы билеген кезде, осы өлкенің датқасы сайланып, кеп жыл әкімдік құрған. Оның әкімдігі балаларына ауысқан.

Тыртықтың өз әкесі Сары қожа төрт ағайынды екен. Солардың үлкені Петербург университетінің заң факультетін бітіріп кеп жыл адвокат боп істепті де, революция жылдары әсер партиясының белсенді мүшесі болып, Қазақстанда Совет өкіметі орнаған жылы Ауғанстан арқылы Батыс Европалық мемлекеттердің біреуіне қашып кетіпті. Одан кіші екеуі — мыңғырған байлар бопты да, 1928 жылы үкіметтің ерекше декретімен бес жүз байдың тізіміне кіріп, мал-мүліктері алынғаннан кейін Өзбекстан кешіп, одан Иранға етіп кетіпті.

Сары қожа Бұхар-Шарифте отыз хатым-қардан болған молда екен. Оқуын бітіргеннен кейін туған жеріне кеп, мешіт пен медіресе салып молдалық құрған ол, Совет өкіметі құрылған алғашқы жылдарда, өзбектен алған әйелінің атасы тұратын қышлаққа көшіпті де, сонда біраз жыл имам болып тұрып, ақыры, ол да Иранға шығып кетіпті.

Оның үш әйелінен он ұл туған екен. Тыртық — кіші әйелінен 1918 жылы туған бала. Әкесінің оған қойған аты — Қызыл қожа. Біреулер Сары қожаға:

— Қожеке, сіздің тұқымда, «қожа» деген есімге «қара», «сары», «ақ» сияқты сөздерді тіркегенін көріп ек те, «қызылды» тіркегенін көрген жоқ ек. Бұл балаңыздың атын «Қызыл қожа» қойғаныңыз қалай? Әлде, мына қызылдар үкіметі құрылған соң қойдыңыз ба? Ол да бізге түсініксіз, өйткені, сіз қызылдарды жек көресіз ғой? — десе:

— Қызылдардың үкіметі орнаған соң, — дейді Сары қожа зілді қалжыңмен, — менің де баламды сол түске бояғым келгені рас; осылай бола берсін де, егер қажет болса, ағартып, қарайтып, сарғайтып алу қиын емес қой.

Қызыл қожаның Тыртық аталатын себебі мынадан еді! әкесі өзбек қыстағына көшіп барған жылы оның үйінен түнде, үй іші шырт ұйқыдағы кезде өрт шықты. Сары қожаның екі-үш баласы өртке күйіп өлгенде, Қызыл қожа қатты шарпылып шықты да, кейін бір жақ беті, бір қолы тыртық боп бітті, жұрт оны содан «Тыртық» атап кетті.

Сары қожа Иранға қашқанда, Тыртық оның Андижанда тұратын баласының қолында қалып қойды.

— Бірақ, — деп тапсырды Сары қожа үлкен баласына, — Қызыл қожаны сен қолыңда ұстама, бөтен ат, бөтен фамилиямен жетім балалар үйіне орналастыр да, өзің сыртынан ғана қарауыл бол.

Баласы әкесінің сөзін орындады да, Тыртыққа Итқұл Күшікбаев деген ат қойып, таныс бір адамы арқылы, өзім де қаңғырып жүрген жетім ретінде, балалар үйіне орналастырды.

Жетім балалар үйінде тәрбие алғандығына документі бар оны, аудан жылы шыраймен қарсы алды. Сол кезде «Тар тоғай» колхозына сауатты есепші керек бола қап, аудандық жер бөлімі Итқұлға осы ұсынысты айтып еді, көне кетті. Тар тоғайға бара, ол ең алдымен Сырбайға жақын болуға тырысты. Жетім-жесірді аяғыш Сырбай одан қашпады, жалпақтаған жас Итқұлға ол:

— Жап-жақсы бала екенсің, жүдә, адамның іші-бауырына кіріп тұрған. Жетім байғұс, бейнетті де жүдә кәп көрген екенсің. Туған-туысқаныңды да білмейді екенсің өзің. Детдомға есіңді білмейтін кезде түскен соң, жүдә қайдан білейін деп ең оны: әйтеуір, қазақ екеніңді ұмытпапсың. Бірақ тілін ұмытыпсың, оны білуің оңай ғой жүдә. Біздің үйде жан азғантай. Әр үйдің босағасында жатқанша, жүдә біздікіне келсейші, жақсы болсаң бала боларсың, жаман мысын, шықса жөніңді табарсың... — деді.

Сырбайдың үйіне келген Итқұл ұзақ тұра алмады. Сырбай мылжың кісіні, жеңілтек кісіні ұнатпайтын еді, Итқұл сондай адам боп шықты. Осы мінездерінен беймаза болған Сырбай, бір күні оған:

— Шырағым, бізде тұрып ретің келмес, тату-тәтті күнімізде жігімізді ашайық, — деді де үйінен шығарды.

Тартоғайда да тез арада «Тыртық» аталып кеткен Итқұл, Сырбайға сыйыспағанымен, Масақбаймен тез сыйысты. Масақбайдың Сырбайды ұнатпайтынын білетін Тыртық, үйінен шыққаннан кейін «қуып жіберді» демей, «өзім шықтым» деп жамандай келді де, Сырбайдың Масақбайды ұнатпайтын сөздерін есіре айтты.

— Байқаңыз, ағай, — деді ол Масақбайға, — басқан адымыңызды аңдып жүретін адам екен, бойыңызды одан жинақы ұстамасаңыз, мерт қылуы сөзсіз.

Тыртықтың сөзін достық көрген Масақбайдың Сырбайды жек көруі арта түсті. Сырбайға олар бірігіп қарсы тұрмақ болды.

Тар тоғайға орныққан Тыртық, бір сәтте жасырынып Андижандағы ағасына барғанда Брехунецпен танысты. Бұл Брехунецтің Сырдария каналын құрысуға шақырылған көзі еді; сондықтан, екеуі шпиондық және қаскүнемдік істерді бірігіп атқаруға келісті.

Қызметіне оралған Тыртық, колхозға айта қоярлықтай қастық жасай алған жоқ. Қалай жасайды? Оның көзі екеу-ақ, ал, колхозшылардың көздері әлденеше жүз... және ылғи қырағы көздер, қит еткенді шала қояды... Сонша коп қырағы көздер, тіміскілеген аз ғана көздерге алдата ала ма?..

Колхозға елеулі қастық жасай алмауына көзі жеткен тыртық, Брехунецпен ақылдасты да, ендігі күшін Сырбайды сүріндіруге жұмсамақ болды. Оның ойынша, егер Сырбай ұйымдастыруға кіріскен звено күріш егісінен бай өнім алса, өзге звенолар да соның үлгісін алып, бай өнімге ұмтылу және алу, бір колхоздың ғана емес, бүкіл колхоздардағы звено атаулының дағдысына сіңіп кетеді, оның аты колхоздардың өркендей, нығая түсуіне жол ашу. Олай болса, егер Тыртық, Сырбайдың ісіне бөгет жасай алса, жаман ойында — бүкіл колхоздың өсуіне бөгет жасауы.

Самарқан ол кезде кішкене бала екен. Әкесі өлгеннен кейін, жас шешесі байға тиеді де Самарқанды Сары қожаның үйіне тастап кетеді. Сарықожа Өзбекстанға көшкенде Самарқан елде қалады да, жетім бала боп қаңғырып қайыр сұрайды. Сол кезде жаны ашыған біреу оны Арыс станциясындағы жетім балалар үйіне орналастырады. Масақбай да ол кезде осы үйдің тәрбиесіндегі ересек бала екен. Неге екенін кім білсін, ол Самарқанды бауырына тартып жақын кереді. Сөйтіп жүргенде, Масақбай ФЗУ-ға жіберіледі де, одан тракторшы боп шығып, аудандағы МТС қарамағында, әуелі тракторшы, артынан механик боп бес-алты жыл қызмет атқарады; сол кезде партияға кірген оны, райком «Тар тоғай» колхозына председатель қып жібереді. Балалар үйінің тәрбиесінде он жылдық мектепті жақсы бітірген Самарқан, Алматыдағы ауыл шаруашылық институтына түсіп оқығанда, Масақбайды туысқаны көріп, демалыс уақыттарын соның үйінде өткізеді. Масақбай, бұл кезде әрине, үйлі-баранды боп қалған адам. Институтты бітіріп Қабандыға кегі аудандық агроном болған Самарқан, Масақбай үйімен осы байланысын үзбейді. Самарқанның Айбаршада көңілі барын естіген Масақбайдың тілегі соның жағында болып, шамасынан келсе алып беруге тырысады.

Тықтықтың құлағына бұл хабарды тыңдаудың ауырлығы, құлағына балқытқан қорғасын құюдың ауырлығынан кем болған жоқ. Ол күн сайын емес, сағат сайын өзінің де тұтқындалуын күтті. Күндер өте келе, Тыртықтың ентіккен жүрегі бәсеңдей бастады. Енді ауыр диверсияға батылы бармаған ол, Сырбайды айналдыра түсу ойына тағы да оралды.

ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ

КЕПЕДЕГІ КЕҢЕС

Кейбір күзде үздіксіз нөсерлеп кететін Сыр бойының жаңбыры, сол жылы сентябрьді аяқтай басталғаннан, октябрьдің аяғына дейін төгіп, қоймалжың сазға айналған май -топырақтың миы шықты.

Осындай лайсаң күндердің біреуінде, Рахмет салт атпен канал құрылысына сапар шекті.

Бұл күзді ойдағыдай өткізу, аудан басшылығына оңайға түскен жоқ-ты. Ең алдымен биылғы егінді шашпай-төкпей түгел жинап алу керек те, мемлекетке бересісін түгел өтеп, колхозды тұқым қорымен, колхозшыларды еңбеккүніне тиісті астықпен қамтамасыз ету керек. Екінші зор міндет — канал бойына орналасуға тиісті колхоздардың біразын, каналдың қазылып болатын Жиегіне биыл қоныстандыру керек, жаңадан қоныстанатын колхоздарды құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету керек. Үшінші зор міндет — егінді жинап бола салысысымен-ақ, канал құрылысына шұғыл кірісіп, планды ойдағыдай орындау керек.

Мұның бәрі алғашында біраз адамға күш келмейтін жұмыстар сияқтанғанмен, аудандық басшылардың халықты ұйымдастыра білуі арқасында, ойдағыдай орындалып отырды. Жанармайды алу қиынға түскенмен аудандағы комбайнның іске жарайтындары үздіксіз қимылдан тоқтаған жоқ. Қолмен жиналатын егіндерге орақ не кетпен ұстауға жарайтын адамдардан қатынаспаған жан қалмады. Бұл кезде аудандағы кеңсе атаулыда күзетшіден басқа жан болмай, түгелімен жұмысқа шықты, бастығы Рахмет болып, аудан басшылары, тек сөзбен нұсқау беруге қанағаттанбай, білектерін сыбанып қара жұмысты да атқарысты. Сол ынтаның арқасында, аудан астық жинауды облыс белгілеген мерзімнен он күн бұрын, мемлекетке астық тапсыруды он бес күн бұрын орындап шықты.

Қажетті құрылыс материалдарын алу аса қиынға түскенмен, жаңа. каналдың бойына осы күзде он бес колхоз орналасып үлгерді. Одан кейін канал құрылысының өзі қолға алынып еді, жиналған адам саны пландағы мөлшерден асып түсіп, қызу түрде іске кірісті. Жұмысы басталған канал құрылысын көруге күздей өзге жұмыстардан қолы тимеген Рахмет, жоғарыда аталған жаңбырлы күнде осы жұмысты көруге және ойында жүрген біраз мәселелерін шешіп қайтуға аттанған еді.

Рахметтің ойы, бұл сапардан Алмалыққа екі-үш күнде оралып келмек еді. «Үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады» дегендей, мөлшерлі күнде Алмалыққа оралып келу түгіл, Рахмет штабқа да жете алмады. Жүрістің бұлайша өнбеуіне бір себеп — миы шыққан сазды жерден ат аяғын әрең аттауы болса, екінші себеп — күздің осындай, әрі лайсаң, әрі салқын күндерінде құрылысшылардың атқарған еңбегіне, Рахметтің көзі тұнып қайран қалуы еді.

Ең алдымен бұл құрылысшылардың, бұрынғы құрылысшылардан түрі бөлек екен: бұрынғы құрылысшылардың басыңқы көпшілігі әлекедей жаланған жас жігіттер болса, мына құрылысшылардың көпшілігі — жасамыс еркектер мен әйелдер, біразы — ересек балалар. Тұр-тұрпаттары осылай болғанмен, бұл құрылысшылардың, әрқайсының қолына тиген кетпен, міндетті қызметін қарулы жас жігіттің кетпенінен кем атқарып жатқан жоқ. Солардың ішінде қайран қаларлық өнім де кездеседі: бір адамның бір күнгі міндеті — алты кубометр жер қазу болса, кейбір алдыңғы қатардағы жас әйелдер мен жасамыс кейбір еркектер күніне он бес-жиырма кубометр шығарады екен. Солардың әрқайсысымен Рахмет кеңесіп көрсе, өнімді еңбекке бір ғана нәрсе жетектейді екен, ол — Отан намысы.

Бұл намыс қайран қаларлық дәрежеде екен. Жүріп жатқан соғыстың мән-жайын білмейтін кісі кемде-кем. Олар әсіресе Сталин жолдастың соғыс туралы, жеңіске шақыру туралы айтқан сөздерін жақсы ұғыпты. Сондықтан, құрылысшының миына ұялаған сана: «жеңістік зор құралдың бір менмін».

— Солар жаумен арпалысып жатқанда, — деді қарт Рахметке, құрылыс жұмысына неге келген себебін баяндата, — үйде жатуға жүдә шыдамадым. Өткен жаз, канал құрылысына он төрт жақыным қатынасқан еді. Үйде отырсам, солардың орны жүдә олқы сияқтана берді.

Аржағын жасқа булыққан қарт айта алмады, өйткені, бірнеше жақыны майданда қазаға ұшыраған екен. Рахмет жұбатқаннан кейін қарттың айтқаны:

— Әрбір шапқан кетпенім, бір жаудың желкесін қиған сияқтанады, сондықтан да, кетпен шапқан сайын қайраттана түсем.

Бұл қартқа ұқсас адамдарды Рахмет әр жерден кездестірді. Сонда, Рахметтің көбінесе қайран қалғандары — майданға кеткен жақындарынан амандық хат алып, кетпенді көтеріңкі көңілмен шапқандар емес, «жамандық» хабар алып, қайғылы көңілмен кетпен шапқандар. Әдетте қайғылы: санадан сарғаятындар, бүгіле жүдейтіндер, түстен де, күштен де айрылатындар ғой... Мыналар ше?.. Бұлардың түсі кеткенмен, күші кетпеген!.. Кетудің орнына үдей түскен!.. Кетпенді сілтесі тым екпінді, балшыққа қадауы тым шымыр!.. Мұндай екпінді еңбекке бастаушы намыс пен кек екеніне Рахметтің көзі айқын жетті. Ол жаңбыр жайын кеңес қып:

— Қиын болды ғой, бұл малшындырып! — десе:

— Оқасы жоқ, — деседі құрылысшылар, — қайта, қазуға жер жұмсақ болады!..

Еңбекті осылай атқарғандарды аралап келе жатқан Рахмет, каналдың бір тармағында Сырбайды кездестірді. Шалдың қасында жұмыс істеп жатқандардың біреуі, каналдың ернеуіне үйілген балшықтың қыратымен салт келе жатқан адамды көріп:

— Бұ кім екен, жауын-шашында бейсауат жүрген? — деп таңдана қарағанда:

— Райком ғой! — деген еді Сырбай, түйіле бір қарап ап.

— Оны қайдан білдің? — деген сұрауға:

— Құйрығын қамшылатып келеді ғой, аты, — деген еді Сырбай, — райкомның шабдары сөйтетін еді және еңкеңдей жүретін еді, мынау ат — нақ сол; және райкомның өзі салт жүргенде аяқ-қолы жүдә тыныштық көрмей, ербеңдей беретін, мынау да сөйтіп келеді ғой, жүдә!..

Салттыны «райком» дегенге сенімі бекіген Сырбайдың оң қолы, ықтиярынан тысқары кеудесіне барып қалды да, сыртқы түйе жүн шекпеннің қаусырулы өңіріне кіріп кетті. Жылы қойынға кірген оның салқын саусақтары, шекпен ішіндегі камзолдың төс қалтасына сұғынды да, әлденені іздей бастады. Бұл қалтада Дәулеттің хаты бар-ды!.. Кеше ғана Айбарша әкеп, оқып берген. Ұзақ жазылған хаттың сөздерінен Сырбайдың есінде мықты ұстағаны біреуі ғана, ол — «тірімін!..» Баласы майданға кеткелі сағат сайын емес, минут сайын «не болды екен?» деген сұрау қойып, сұрау қойған сайын жүрегі жүрген Сырбай, жалғызынан «тірімін» деген хат алса, хаттың осыдан басқа сөзін есінде қалай сақтасын!... Қойнына салған хаттың оған ыстықтығы сонша: төс қалтасында қағаз емес, тірі Дәулеттің соғып тұрған жүрегі сияқты!.. Сондықтан, кетпенді құлаштай, «жиыла сілтеудің арасында, «хатым түсіп қалды ма» дегендей тес қалтасын әлсін-әлсін сипап қояды... Соншалық қуандырған хатты, дос көретін Рахметке көрсетпегенде кімге көрсетсін ол!..

Жарқын жүзді Сырбайға Рахмет атынан түсіп амандасты да:

— Дәулеттен хат келді ме, Сыреке? — деп сұрады.

— Жүдә, қайдан білдің? — деген Сырбайға:

— Кескініңіз айтып тұр, — деді ол.

Былайша да қалжыңды білмейтін Сырбайдың ішкі қуанышын одан әрі бүгуге шыдамы жетпеді де, көтеріңкі көңілдің лүпілдеген әсерімен, қойныңдағы хатқа тағы да қолын тықты. Күннің жауын екені, оның есіне, хат қойнынан суырыла бергенде ғана түсті де:

— Хат келуі жүдә рас, — деді Рахметке. — Қойнынан суырып жатқаным сол. Бірақ, жауын екен ғой күн. Қағаз бүлінер, кепеге барып оқырмыз.

— Қашан барамыз? — деді Рахмет.

— Кешке.

Кешкіріп болған жоқ па, — деді Рахмет, жаңбыры түсіп, күңгірттенуге айналған төңіректі көзімен қарауға да болады ғой деймін.

Сырбайға еріп жаяу тартқан Рахмет, атына мінбегеніне қуана қойған жоқ. Жердің аса лайсаң боп кеткенін ол, енді тіпті айқын көрді. Тайғанақтаған аяғын қанша нық басам дегенмен, беті іріп жатқан жердің астында тиянақ жоқ сияқтанды. Малтыққан аяғын саздан әрең суырып мықшыңдауға айналған оны Сырбай тоқтатты да:

— Атыңа мін, шырақ! — деді.

— Оқасы жоқ, Сыреке! — деп Рахмет тағы да сыпайылық істейін деп еді:

— Мін деген соң мінсейші, жүдә! — деді Сырбай, — орынсыз ұяттың керегі не?

Рахметті Сырбай атына мінгізді де, өзі үзеңгісіне қатарласа жүріп отырды. «Төс табаны жер сызған, атан жүрер жол екен» деген қазақ мақалы түсті Рахметтің есіне. Сол сөздердің мағынасына ол енді ғана түсінгендей болды. Мал баққан елдің ұғымында, атан — үй айуандарының ішіндегі ең күштісі, қиындыққа ең төзімдісі, сондықтан өмірдің қиындығына төзімді адамды ескі ауылда атанға теңейді. Сырбай Рахметке сол атан сияқтанып кетті. Адам түгіл ат тайғанақтап әрең жүретін сазға оның аяғы қазықтай қадалып аса нық тиеді, және жылдам аттайды. Тән күші солай болса, жай күші одан да керемет сияқты. Керемет емей немене, жасы жетпіске таянғанда, жалғыз баласы аузынан оқ түтеген ажалмен арпалыса кеткенде, ажалды ол өлтірерің ажал оны жұтарын біле алмай жүрген шақта, ояуда есінде, ұйықтаса түсінде бойын басқан ауыр ойға қажымайтын неткен жан!..

Сазға малтыққан Сырбай, қойныңдағы қуанышты хаттың мазмұнын кепесіне жеткенше Рахметке айтып та болды. Кепе дегеніміз қабырғалары жерден қазылып жасалған үй. Сыр бойын мекендеген қазақ ауылдары, ауыл шаруасы колхозданғанша, тек, қыстың екі-үш айлық суығында ғана осындай кепелерге мекендеп, жылдық өзге айларында үнемі көшіп жүретін. Қысы шуақты жылдарда кепеге де отырмай, қара үймен шығатын. Аз уақытқа ғана керек кепелерді, ешкім күтпей, ауыл отырмаған кезде, төбесі құлап, қабырғалары опырылып, аңғал-саңғал жататын. Сиқы сондай бола тұра, кепенің өзін де ауқатты адамдар ғана жасайтын да, кедейлердің оған да әлі келмей, қақырамен, суықта күнелтіп шығатын.

Рахметті бастап әкеле жатқан Сырбайдың кепесі, бұрынғы кепелерге ұқсамайтын, Рахмет салынып жатқан кезде көріп кеткен.

— Оу, жұрт! — деп жүрген Сырбай сонда, айқайшы боп, — «түстік өмірің болса, күндік мал жина» деген бұрынғылар, «күндік тұрар үйіңді жылдық қып бекіт» деген; жүдә қолдарыңның ұшымен ғана істемеңдер, білектеріңнің күшімен істеңдер! Іргесін терең қазыңдар, жылы болсын! Төбесіне қалап, қалың жабыңдар, су сорғаламасын.

Сырбайдың сол сөздері қалтқысыз орындалғаның Рахмет оның кепесіне кіре көрді. Бұрынғы кепелердің иелері сатысын балшықтан, лайсаңда адам тайғанақтап жығылып жататын еді, мына кепенің, сатысы буылған қу қамыстан жасалғандықтан аяққа тақтайдай нық тиеді.

Кепенің іші түлкінің ініңдей жан-жаққа тараған кеп қалтарыс. Әр қалтарыстың коридорына жағылған фонарь ілінген. Білтесі жоғары көтерілген «жарқанаттың» сәулесінен коридор самаладай жап-жарық.

Сырбай Рахметті кепедегі өз бөлмесіне алып кірді де, «Жарқанат» жақты.

— Жылы бөлме ғой, мынау! — деді даладан келген Рахмет.

От жағылған болар, — деді Сырбай.

Рахметтің көзі от жағылатын жерді бұл бөлмеден алмады. Бөлме кең екен. Іші ақ бормен сыланып жабылыпты, табалдырықтан жоғары қабатталған бойына төселіпті.

— Сыртқы су киімдерді шешейік те, кептіруге жіберейік, — деді.

Олар су киімдерін шешініп болғанда, орта жасты әйел кіріп еді:

— Келін, — деді оған Сырбай, Рахмет амандасқаннан кейін, — ас үйге апарып іліп келші мыналарды, кепсін.

Киімдерді алып жөнеле берген әйелге:

— Келін, кешікпей орал, — деді Сырбай. — Жам-ағайымыздың әйелі еді, — деді ол, әйел бөлмеден кеткеннен кейін, — ері соғыста. Осы кепедегі жұмысшыларға ас істеп береді. Сандыққа отырасың ба, жерге киіз салайын ба? — деп сұрады Сырбай Рахметтен. — Отырам десең жер де жылы.

«О қалай» деген сұраулы кескінмен қараған Рахметке:

— Біздің ауданда корей колхоздары бар ғой, — деді Сырбай, — солар, пешін сәкінің астынан жасайды екен де, жып-жылы боп тұрады екен. Кеуіліме қона қап еді сонысы. Осы кепеге мен де соны істетіп ем. Жүдә рахат болды.

— Білем, білем бұл пешті, — деді Рахмет, — «кудури» дейді корейлер мұны. Маған да ұнайды бұл пеш. Корейлерде төсеніш аз болады ғой. Олар бойраға да жата береді. Бойраның ағын «темже» дейді. Жастық орнына жастана кететін ағашы да бар ғой олардың, оны «могдеги» дейді екен.

Сырбай койкасының жамылтқышын ашып, қалыңдау бір көрпені алды да, бойраның төр жақ үстіне төседі. Олар қатар отыра берген кезде, манағы әйел қайта кірді.

— Шырақ, — деді Сырбай Рахметке, — қонақ келсе қой соятын әдетіміз болушы еді ғой, мал алдырайын.

— Өздеріңізге даярлаған ас маған да болады, — деді.

Рахмет — атала ішсеңіздер мен де атала ішем, үзбен болған — үзбен...

— Егінге әлі молыға қоймағанмен, — деді Сырбай, — азық қылатын халге жете қойған жоқпыз. Үзбен ішетініміз рас, бірақ, жылтырсыз үзбен емес, жүдә етті үзбен; оның артында майға бөктірген ботқамыз да болады. Аталарымыз айтқан емес пе: жүдә «құлдай жұмыс қыл да, бидей тамақ іш» деп. Жұмыс ауыр болған соң, тамақты да аямай беріп жатырмыз кетпеншілерге.

— Дұрыс істегенсіздер.

— Келін, — деді Сырбай, әмір күткендей, сыпайы кескінмен қарап тұрған әйелге, — естіп тұрсың ғой сөзді. Қонаққа барымызды беретін болдық қой, жүдә. Сен ас жаққа бар да, қонаққа сыбаға әзірлеп осында алып кел, көпшіліктің арасында даңғаза болар.

Әйел «құп болады» дегендей басын ғана изеп жөнеле бергенде:

— Жеңгей, тоқтай тұрыңызшы! — деп, Рахмет әйелді тоқтатып қойды да, — асты өзіңіз көпшілікпен бірге ішетін бе едіңіз, бөлек ішетін бе едіңіз? — деп сұрады Сырбайдан.

— Бізді қойшы, шырақ, — деді Сырбай, — біз жұмыс кісісі ғой. Біздің қазанымыз да, дастарқанымыз да жүдә ортақ бола береді де.

— Сіздер ортақ дастарқаннан ішкенде сыртта қалатын, мені бай-құлақтық бірі .деп тұрсыз ба, Сыреке? — деді Рахмет қалжыңды кескінмен, — мені еңбекші адамның қатарына қосқыңыз келмей ме?

— Жо-жоқ, — деді Сырбай, Рахметті өкпелетіп алған екем деп ойлап, — жүдә неге ойлаймын олай. Жүдә жайына қарайын деп едім де.

— Онда асты көппен бірге ішеміз.

— Жүдә солай болсын онда. Бар, келін, асты даярлаған соң хабар айтарсыңдар.

Әйел шығып кеткеннен кейін:

— Сыреке, сөз араласып кетіп, Дәулеттің хатын ұмыттық-ау, — деді Рахмет.

— Иә, сол бар екен-ау!.. Міне ол! — деп Сырбай төс қалтасынан суырып берді.

Хатты Рахмет ішінен оқи бастап еді:

— Дауыстап оқысаң қайтеді, шырағым! — деді Сырбай.

— Болады, Сыреке.

Дәулеттің қолжазбасы айқын хатын Рахмет лезде-ақ оқып шығар еді, егер Сырбай бөгей бермесе. Хатта Дәулет соғысқа алғашқы кірген күнін баяндапты. Осы күнге қалай даярланғанын, даярлықта бойына қандай сезім пайда болғанын, соғысқа қалай кіргенін, не қимылдар көрсеткенің ол күнгі арпалыс немен тынғанын түгел сипаттапты.

Тетрадьтық қағаздың он шақты бетін толтырған бұл хаттың алғашқы екі-үш бетінде, болашақ күннің таңы біліне соғысқа кіргелі отырған Дәулеттің жан құбылысы баяндалған екен. Хатты алғаш оқытқанда, Дәулеттің:

Ет-жүрек емес пе, Айым!.. «Соғысқа кіру» деген сөзден жүрек соғысы дейді... Лоблыса амал нешік!.. «Шешінген судан таймайды» дегенді еске алам да, өзіме-өзім тоқтау салам... Дегенмен, ойы бар болған толқи түседі. Сонда, «егер тірі шықсам оқасы жоқ, өле қалсам ше?» деп ойлаймын да, ондай күн туа қалғанда... (шынымды айтқандығым үшін кешіре гөр, Айым, өкпелей көрме!..) «Қайраты бар жас жағы жыласа да көтерер-ау, қайраты қайтқан әкем қалай көтерер! деп ойлаймын...» деген сөзін естіп, «алда, құлыным -ай!» деп Сырбай күрсініп қалды. Осы сөздерді оқып отырып, «шал қайтер екен» дегендей Рахмет Сырбайдың бетіне жалтақтап қарап еді, демін ауырлау алғаны болмаса, босаңсыған белгі көрсетпеді.

Дәулеттің соғысқа кірген жерін оқығанда, Сырбай сөзуарланып көтеріліп кетті. Хаттың бұл арасында, жаудың шырпылы орманға тығылған жаяу әскерін, Дәулет басқарған ротаның танктері қалай жанышқы сипатталған еді. Рахмет сол сөздерді оқығанда, Сырбай «сол керек, жүдә, саған, қан жауғыр!..», «өл де бар, жүдә, атың өшті..» деген сияқты қарғыс сөздерді үсті-үстіне айтып отырды...

Хаттың сөзіне құмартып тез оқып шыққысы келген Рахмет, Сырбайдың қосарлануын ұнатпаумен қатар, қызық та көрді. Сырбайдың аузынан жоғарыда айтылғандай қарғыс сездер шыққанда, шалды жауға ызаландыра түсейін деген оймен, Рахмет:

— Езгілеп өлтіргені обал болған екен де, — деп еді.

— Жүдә, расың ба, ойының ба бұл сөзің?! — деп Сырбай түксие қалды.

Шалдың ашуы келгенін бет-пернесінен байқаған Рахмет:

— Қалжыңдаймын да, Сыреке! — деді, одан әрі ашуландырып алармын деп, — әрине, сол керек арам ниетті жауға!..

— Е, бәсе, солай деші, жүдә! — деп бәсеңдеді Сырбай, — үйің күйгені не керек, аяп?.. Лайымда үйі күзеп, күлі көкке ұшқан еді залымның!..

Хатты бір оқып шыққан Рахмет:

— Қуанышты хат екен, — деді шалға, — орасан ерлік көрсеткен екен балаңыз!.. Жеңісімен құттықтаймын! — екеуі қол алысты. — Лайымда осындай жеңіске ие бола берсін балаңыз?

— Айтқаның келсін, балам! Аузыңа май!..

— Былтыр шалдырмаған буыршынды, балаңыз жеңіспен қайтқан тойға шалдыру міндетін өз мойныма-ақ алайын, Сыреке, — деді Рахмет күліп.

— Жүдә жақсы! — деді Сырбай да жымиып, — бірақ, сен айтқан буыршын қолда жоқ.

— Ол қайда?

— Жұрт майданға жәрдем беріп жатқан соң, жүдә қолымда ақша бола қоймаған соң, әнеугүні бес қойым мен сол бурамды сатып, ақшасын бергем.

— Солай ма?

— Солай! — деді Сырбай демін тағы да ауыр ап, — тек, жау жеңіліп, балалар аман келсін десейші, шырақ тойға шалуға бура табылмас дейсің!..

— Рас, Сыреке! — деді Рахмет те күрсініп, — енді рұқсат болса, хатты өзім ішімнен бір оқып шығайын. Құмарым тарқамай қалды және сіз бөгей де бердіңіз.

— Жүдә, мақұл! — деді Сырбай орнынан түрегеп, — оқы, балам. Мен тысқа шығып келейін.

Тысқа шыққан Сырбай оралғанша, Рахмет хатты төрт-бес рет оқып шықты және сыдыртып оқымай, ойланып отырып, әр сөзін салмақтап отырып оқыды. Майданнан келген хатты Рахметтің оқуы бір бұл ғана емес. Мұндай хаттың ол талайын оқыған. Солардан оның байқайтыны: совет армиясының қатарындағы жауынгерлердің де, олардың командирлерінің де сөздерінен, өлшеусіз зор ерлікпен қатар, жеңіске болаттай берік сенімнің де исі аңқиды. Сырбай кіргенде Рахметтің көзі хатта еді.

— Жүдә, әлі оқып болған жоқсың ба? — деді ол Рахметке.

— Қайталап оқып отырмын, Сыреке!.. Бір емес, бірнеше рет!..

Ішкі сырларын көздерінен оқысқандай екеуі бір-біріне сүзіліп аз уақыт қарағаннан кейін:

— Ендігі кеңесті дастарқан басына көшіреміз де, шырақ! — деді Сырбай.

— Оқасы жоқ, — деді Рахмет.

— Шай даярланып қалған екен, жұрт, жүдә, күтіп отыр сені, барайық сонда!..

— Барайық.

Сырбай Рахметті ертіп апарған кең бөлмеде лық толы адам екен. Солардың біразы Рахметке жамырасып амандаса бастап еді:

— Оу, бұларың не, жүдә топырласып кеткендерің? — деді Сырбай. — Қонақ ауқаттанып алсын, содан кейін жиналыңдар дегенім қайда?

— Неге кейін келеміз? — деп шу ете қалды бірнеше адам, — бұл кепедегілер естігенде біз естімейді ме екенбіз райкомның кеңесін?

— Жә, жә, болды енді, даурықпай, — деді Сырбай, — отыра қалыңдар енді сапырылыспай.

Кең бөлменің оң және сол жақ қабырғасына қойылған тұрқы ұзын екі столдың айналасындағы скамейкаларға жұрт жапырлай отыра бастағанда, Рахмет бөлменің ішін көзімен шолып шықты. Көлемінің кеңдігі болмаса, бөлменің ішкі құрылысы Сырбайдың бөлмесіне ұқсайды: мұның да қабырғалары ақпен сыланып, төбесі бойрамен жабылған, сәкісіне де бойра төселген. Ішкі мүлік жағынан бұл бөлмеде Сырбайдың бөлмесінен бірталай. айырмашылықтар бар: мұнда ілінген плакаттар, қағазға және қызыл матаға жазған ұрандар көп. Төрдегі қабырғада Ленин мен Сталиннің портреттері ілініп тұр. Портреттердің астыңғы жағын ала қойған шкафта жиналған бірнеше кітап және тігілген газеттер. Бір қабырғаның орта көзін түгел жауып, майдан өлкелерінің картасы тұр. Босаға жақта «Құрмет тақтасы». Оның қасында бригада мүшелерінің еңбек нормасы қалай орындалуын көрсететін таблица.

Соның бәрін Рахмет көзімен шолып тұрғанда, Тыртық «бұл бұлай, ағай» деп, әр затты баяндап тұрды. Сөз арасында Тыртық Рахметке, бұл бөлменің әрі ас үй, әрі қызыл бұрыш екенің қызыл бұрышты өзі басқаратынын айтты.

— Жақсы, ете жақсы! — деді бөлменің ішін көріп болғаннан кейін Рахмет Тыртыққа, — жақсы ұйымдастырғансыңдар.

— Соғысқа баруға кемтар болған соң, — деді мақтауға масаттанған Тыртық, — тылдағы еңбекшілердің отаншылдық рухын көтерісуде, қолдан келген жәрдем осы боп жатыр.

— Тұра тұр, қосарланбай, — деді Сырбай Тыртыққа, — қонақ әуелі ауқаттанып алсын, кеңесін, болса кейін айтарсың.

— Қонақтың қарны ашқан жоқ, Сыреке, — деді Рахмет. — Ертең жұмысқа шығатын жұрт тынығатын болар, кеңесейік те тарайық.

Кеңес соғыс жайынан басталды. Сұрауларына және пікір айтуларына қарағанда құрылысшылардың көпшілігі майданда не хал болып жатқанынан хабардар екен. Көңіл күйлерін жалпы алғанда, жеңіс ісіне жанын үзіп беруге әрқайсысы даяр сияқты. Көпшіліктің түсінігі осындай болуына себепкер менмін дегендей, Тыртық әркімнің сөзін кимелеп, біреулер үшін жауап, біреулер үшін сұрау беріп, кеңеске қосарланып отырды. Ол қылығын Сырбай жақтырмаған қалып көрсетіп:

— Баланы мұнда әкелуге жүрексіндік, — деді Сырбай, — жүдә ауыртып ап масқара болармыз дедік, жылы үйден қозғағымыз келмеді. Бала келмеген соң кемпір қайдан келсін.

— Онда неге мұнша кең жасаттыңыз мына койканы?

— «Өлсең көрің кең болсын» депті ғой бұрынғылар. Тар дүниені жүдә жасымнан жаратқан кісі емеспін. Киімнің де, төсек-орынның да, қоныстың да жүдә кеңі жақсы көрем. Кәрі кісі, аунап-қунап жатуға кең болсын деп, жүдә молдау істете салып ем де.

— Күтімін де жақсы ұстап тұр екенсіз, бұл бөлменің, Сыреке.

— О жағына қарап жүрген мен емеспін, әлгі Айым.

— О қай бала еді? — деді Рахмет, «Айым» дегенге түсінбей.

— Айбарша бар емес пе, біздің? Дәулет «Айым» дейді екен де оны. Мен де сол атқа жүдә дағдыланып кеттім.

— Өте жақсы, Сыреке. Дәулет күніңіз, Айбарша айыңыз екені де рас қой.

Сырбай аз кідіріп, күрсініп алды да:

— Со бала, осы үйдің ішін әлем-жәлем қып жүрген; «жүдә, қайтесің, балам! Кәрі кісіге қисайып демалар орын болса жетеді ғой» десем, «жоқ, шама келсе жақсы тұрған жақсы» деп жүдә болмағаны, — деді.

— Дұрыс қой онысы.

— Пайдалы істің жүдә бәрі дұрыс бола береді де. Мен күтіп жатқам жоқ, екі-үш күнде бір кеп қонып, жинастырып кетеді.

Сырбай тысқа шығып келсе, Рахмет шешініп жатып қалған екен. Беті бүркеулі Рахметті қалғып та үлгерген болар деп жорыған Сырбай, оятып алмайын дегендей, аяғын еппен басып, сыбдырсыз шешінуге тырысты. Бірақ, Рахмет қалғыған жоқ еді, қалғудың орнына, әлгі бір кезде маужырата бастаған ұйқысы, төсекке жата басына келген әлдене бір ойлардың салдарынан кетіп, қазіргі сергектігі, ұйқысы қанып тұрған адамдай еді. Солай бола тұра, Сырбай сырттан кіргенде, бетін жауып үнсіз жата қоюына себеп — күн ұзын ауыр жұмыста болған қарттың тыныштық алуына бөгет болмау еді.

Осы ойдағы Рахмет, Сырбай шешініп төсегіне жатқаннан кейін де біраз уақытқа дейін ояулы белгісін көрсеткен жоқ. Со қалпымен ол ұйқтап та қалар ма еді, қайтер еді, егер қатар жатқан Сырбай қозғала бермесе. Шал ұзақ деп,- бекиді. Ара-тұра ауыр күрсініп те алды. «Неге бүйтіп жатыр, әлде сырқаттанып қалды ма?» деген оймен:

— Сыреке! — деді Рахмет, — неге тиышсызданып жатырсыз?

— Жүдә жәй, шырағым. Кәрі кісіде ой-сана деген жүдә көп болады ғой, балам, солардың мазалап жатқаны да, жан-жақтан анталап кеп.

Күрсінуіне көп себептер болғанмен, шалды бүгін әурелеген ой біреу-ақ еді. Осы ойын ол Рахметке, әлгінде, төсекке жатарда айтпақ боп бір оқталған да, қонағының, тыныштық алуын көздеп, таңертең тұруына қалдырған. Енді, қонақтың ұйқысы ашылып алғанын көріп:

— «Тумақ болған соң, өлмек бар» деседі ғой, бұрынғылар, — деді ол Рахметке, — өлмейтін кім бар дейсің. Тек, бұрынғылар тілейтін: «Жастықта өлім берме, қартайғанда жоқшылық берме» деп. Жастық шақ өтті бізден. Асарымызды асап, жасарымызды жасап болдық. Біз өлсек — той, тек жастар аман болсын!

— Жастар да аман болсын, сіз де өлмеңіз, — деді Рахмет.

— Кімнің өлгісі келеді дейсің, шырақ. Жүдә, жеткен жасқа тоқтау болмайды да!..

— Ол рас қой, Сыреке, бірақ, Дәулеттің аман келген тойына қатынастырмай, сізді ешкімге бере қоймаспыз.

— Оны тәңірі біледі де, менің айтайын дегенім жүдә ол емес еді.

— Не айтайын деп едіңіз?

— Құдай маған оны жүдә көрсетпей-ақ қойсын, мен кермей-ақ қояйын, бірақ «жаман айтпай жақсы жоқ» дегендей, Дәулет жанның жаманатын еститін күн болса, аржағында маған тіршіліктің керегі жоқ қой.

— Атай кермеңіз! — деді Рахмет, — «жақсы лепес — жарым ырыс» демейсіздер ме өздеріңіз. Жақсылық жаққа жори беріңіз!

— Дұрыс айтасың, балам. Жүдә, сөзді айтып жатырмын да. Осы үміт қой маған, жүдә, кетпен шаптырып жүрген, әйтпесе, жетпіске келген кісіде қанша қауқар бар дейсің; үмітім сөнсе, төгіп-ақ қалатын жасым ғой бұл. Үміт дүниесі болған соң, кеуіл жүдә әр нәрсеге алабұрта береді екен. Мысалы: осы арықты ғой, біз егінді мол алу үшін қазып жатырмыз?

— Әрине.

— Сонда, қалай мол аламыз деп, ойланған кісі бар ма екен?

— Қалай болушы еді!.. Егінге агротехниканы қолданамыз, жерді жақсылап күтеміз, егінді кезінде суарамыз, сөйтіп аламыз да мол егінді.

— Сонда әр гектарынан қанша аламыз дейсіңдер?

— Қанша дейсіз бе? — деп Рахмет аз кідірді де, — күріштен алдағы жылы орта есеппен 25 центнерден, бидайдан 15-тен аламыз деп планда, — деді.

— Сол ғана ма? — деді Сырбай.

— Енді қаншадан?

— Тұқым тауып, жерін келістіріп, суды кезінде бере білсе, үш дақылдың шығымында жүдә шек болмайды дейтін еді бұрынғылар: бірі күріш, бірі тары, бірі жүгері. Бір қап күріш тұқымынан алпыс қап өнім алған байды көріп ем, қазіргі гектардай ғана танапқа егіп еді, сонда, — деді Сырбай аз кідіріп, іштей есептеп ап, — гектарынан 300 пұт күріш алады, сен 150-ақ пұт алам дейсің. Сөз бе осы?

— Сыреке-ау, — деді Рахмет басын көтеріп ап, Сырбай да басын көтерді. — Мол егіннен кім қашады дейсіз. Мен де қашпайын 300 пұттан. Соны өсіріп беретін кім?

— Агроном болды да, — деді Сырбай, айтқалы отырған кеңесін жасырып, — сендер соған сенесіңдер ғой.

Шалдың көмекейінде тыңнан айтқалы отырған кеңес барын жобалаған Рахмет:

— Агрономның білетіні де рас қой, — деді Сырбайға, — ол ғылым өкілі. Бірақ, ғылым да іс тәжрибесінен шыққан л;еміс қой. Сталин жолдас айтқандай, ғылым мен тәжірибе бір-біріне жетекші емес пе? Мысалы, кемір өндірісінде, өзіңіз білетін Стаханов ғылымның ойында жоқ зор енім берді. Сөйтіп ғылымға жетекші болды. Ақтөбе облысының колхозшысы Шығанақ Берсиев өзі есірген тарының, әрбір гектарынан 900 пұттан өнім алғанын білесіз. Бұл да ғылымға жетекші болған өнім. Сондайлар шаруашылығымыздың әр жүйесінде бар емес пе? Күріш өндірісінде де сондай біреу шығып, ғылымда жоқ табысқа жетсе, біз қой дейміз бе оған? Күтіп жүрген жоқпыз ба, сондай кісіні?

Рахметтің, бұл сұрауы, өзінің айтқалы отырған сөзінің дәл үстінен шыққанмен, «сөйтетінді» табан аузында айта қоюға ыңғайсызданған Сырбай, ойын сатылап барып айтқысы кеп:

— Бастаушы болар еді-ау соны, бірақ қостаушы болса! — деді.

— Кімді айтасыз сіз, Сыреке, «бастаушы» деп?

— Мен колхоздың бастығын айтам, — деді Сырбай, іркілмей, — бастық оңбай — колхоз шаруасы оңбайды. Ол оңбаса, былайғы колхозшының тырысып істегені, құмға құйған судай босқа кетеді.

— Түсіндім, — деді Рахмет Сырбайдың сөзін бөліп, — Масақбай ғой, айтайын деп жатқаныңыз. Оның шаруашыл бастық бола алмай жүргені рас. Бірақ, мәселенің бар тетігі сонда болса, оны өзгерту тетігі өздеріңізде. Сіз өзіңіз колхоз басқармасының мүшесісіз. Басқарманың, өзге мүшелері де осылай ойласа, орнынан алынсын деп, қаулы шығарасыздар. Егер сол қаулыны колхоздың жалпы жиналысы мақұлдаса, жоғарғы орындар есептеседі. Жарамаған бастықтан құтылу жолы осы.

— Білем, — деді Сырбай.

— Білсеңіз айтып отырғаныңыз не? Көзге бадырайған кемшілікті біле тұрып түземесеңіздер, оған айыпты өздеріңіз.

— Турамды айтайын, — деді Сырбай, — бұған айыпты жүдә өзгелер емес, менмін.

— Неге?

— Әнеугі бір кезде, Масақбайдың бейқамдығынан аз егін мезгілімен жиналмай, жұрт «осыдан құтылсақ қайтеді» дегенде, жүдә, өкпеге қисам да, өлімге қиғым келмей, «түзелер» деп қорғап қалған мен едім. Соныма жүдә енді өкініп отырмын.

— Неге?

— Семіргені ме, болмаса бетіме шығар кім бар деп дегені ме, салақтығын былай қойып, жүдә сол неме әртүрлі жат мінез шығарайын деп жүр.

— Мысалы?..

Сырбай жауапқа ыңғайланғанда, есік сыртында әлде не салдыр ете қалды.

— Бұл кім өзі? — деп Сырбай түрегелді де, ілулі тұрғам фонарьды алып қарап келді.

— Кім бар екен? — деді Рахмет.

— Ешкім де жоқ.

— Мысық сияқты бірдеме шығар.

— Олай болса оқасы жоқ қой жүдә, кісі боп жүрмесе.

— Кім болады?

— Тыртық болмаса?

— Ол кім?

— Біздің. Соның ірге мен есік тыңдайтын жаман әдеті болушы еді.

— О несі?

— Масақбаймен жүдә әмпей өзі. Ол шіркін мені жауы көреді, тегі сол тыңда деп тапсыра ма, қалай?.. Курсын ол, жүдә, тыңдай берсін, кеңесімізге кешейік.

— Сөйтейік, Сыреке, — деді Рахмет, — сонымен былай істесек қайтеді: сіз осы колхоздан жоғарғы өнім звеносын құрып, өзіңіз бастасаңыз, біз сізге тиісті жағдай жасасақ?

— Өзімнің де манадан бері үзбектеп-созбақтап айтайын дегенім осы еді, — деді Сырбай, — былтырдан ойлаған ісім еді бұл. Оған аздап даярлығым да бар еді.

— Қандай?

Сырбай орнынан түрегелді де, кепенің ішкі жақ бұрышында тиеліп тұрған жіңішкелеу, ұзынша ала қаптың аузын шешіп, кең алақанына толтыра салған дәнді алып кеп, орнына қайта отырды.

— Мынау менің қолдан теріп алған салым — деді Сырбай дәнді Рахметтің алдына тосып. — Осыны биылғы егінді аралап жүріп тердім. Ең жақсы собықтарды қырқым алдым.

— Неге?

— Білсем айтқам кеңесті ойлап. Бірақ, менің ойым құру емес еді, осы жинаған салымды көктемде оңаша егім көру еді.

— Звено неге құрмайсыз?

Рахметтің бұл сұрауы, өзінің айтқалы отырған сөзінің дәл үстінен шыққанмен, «сөйтетінді» табан аузында айта қоюға ыңғайсызданған Сырбай, ойын сатылап барып айтқысы кеп:

— Бастаушы болар еді-ау соны, бірақ қостаушы болса! — деді.

— Кімді айтасыз сіз, Сыреке, «бастаушы» деп?

— Мен колхоздың бастығын айтам, — деді Сырбай, іркілмей, — бастық оңбай — колхоз шаруасы оңбайды. Ол оңбаса, былайғы колхозшының тырысып істегені, құмға құйған судай босқа кетеді.

— Түсіндім, — деді Рахмет Сырбайдың сөзін бөліп, — «Масақбай ғой, айтайын деп жатқаныңыз. Оның шаруашыл бастық бола алмай жүргені рас. Бірақ, мәселенің бар тетігі сонда болса, оны өзгерту тетігі өздеріңізде. Сіз өзіңіз колхоз басқармасының мүшесісіз. Басқарманың, өзге мүшелері де осылай ойласа, орнынан алынсын деп, қаулы шығарасыздар. Егер сол қаулыны колхоздың жалпы жиналысы мақұлдаса, жоғарғы орындар есептеседі. Жарамаған бастықтан құтылу жолы осы.

— Білем, — деді Сырбай.

— Білсеңіз айтып отырғаныңыз не? Көзге бадырайған кемшілікті біле тұрып түземесеңіздер, оған айыпты өздеріңіз.

— Турамды айтайын, — деді Сырбай, — бұған айыпты жүдә өзгелер емес, менмін.

— Неге?

— Әнеугі бір кезде, Масақбайдың бейқамдығынан аз егін мезгілімен жиналмай, жұрт «осыдан құтылсақ қайтеді» дегенде, жүдә, өкпеге қисам да, өлімге қиғым келмей, «түзелер» деп қорғап қалған мен едім. Соныма жүдә енді өкініп отырмын.

— Неге?

— Семіргені ме, болмаса бетіме шығар кім бар деп дегені ме, салақтығын былай қойып, жүдә сол неме әртүрлі жат мінез шығарайын деп жүр.

— Мысалы?..

Сырбай жауапқа ыңғайланғанда, есік сыртында әлде не салдыр ете қалды.

— Бұ кім өзі? — деп Сырбай түрегелді де, ілулі тұрған фонарьды алып қарап келді.

— Кім бар екен? — деді Рахмет.

— Ешкім де жоқ.

— Мысық сияқты бірдеме шығар.

— Олай болса оқасы жоқ қой жүдә, кісі боп жүрмесе.

— Кім болады?

— Тыртық болмаса?

— Ол кім?

— Соның ірге мен есік тыңдайтын жаман әдеті болушы еді.

— О несі?

— Масақбаймен жүдә әмпей өзі. Ол шіркін мені жауы көреді, тегі сол тыңда деп тапсыра ма, қалай?.. Курсын ол, жүдә, тыңдай берсін, кеңесімізге көшейік.

Сұраулы кескінмен қараған Рахметке Сырбай жауап бере қоймап еді:

— Былай болсын, Сыреке, — деді Рахмет, өз звеноңызды құру туралы сіз колхоз басқармасының, алдына мәселе қойыңыз". Басқарма қарсы болмас оған. Мен де айтып қоярмын Масақбайға. Мол өнім алуға керекті жағдайды жасаймыз.

— Болсын! — деді Сырбай аз ойланып.

Осыған екеуі қол алысты да, қалған сезді кейін кеңеспек боп, жайлы бір ұйқыға кетті.

ОНЫНШЫ ТАРАУ

БАР МӘСЕЛЕНІ КАДР ШЕШЕДІ

Рахметтің өткен түнгі болжалы дәл кеп, таң біліне саябырлаған жел күн шыға біржола тынды. Таңға жақын ыдыраған бұлттан аспан түгел арылып, күн ашыққа шықты да, маужыраған әдемі бір күн басталды. Рахмет Сырбайдың кепесінен осы кезде аттанды. Таң ата ғана қалғып, аз уақыт қана тыныстағанмен, Рахметтің ұйқысы қанып қалған екен, атқа қонғанша ара-тұра есінеді де, аттанғаннан кейін бойы сергіп кетті. Түн ортасы ауғанша суып ап, бірер бау жоңышқаны еркін күйсеген ат, түнгі желден дегдіңкіреп қалған сазды жерде аяқтарын пысық басып, аса елгезектеніп келеді.

Қалың шеңгелдің арасын жара, ирелеңдей тартқан соқпақты бойлай, аяңшыл атын қамшымен қапталдықтан ақырын ғана сипап, кейде жорттырып, кейде аяңдатқан Рахмет, төңірегіне қарап қояды да, бұл араның өткені мен қазіргісін көз алдына келтіреді.

«Өткені» деген қай бір алыстағы «өткен»? Оған екі-ақ жыл болған жоқ па? Бұдан екі-ақ жыл бұрын бұл маң, қай жағыңа бет бұрсаң да көзіңді кідіртпейтін, тіккен көзің, әлдеқайдағы алысқа барып аспан мен жердің астасқан жиегіне ғана тірелетін, керіліп жатқан жап-жазық дала емес пе еді?

Қазір ше?

Қазір қай жағына қарасаң да көзіңді жоталана үйілген сары топырақтардың ұзаққа созылған қыраты. Ол қыраттар әлдеқайдан тармақтала айрылады да, әлдеқайдан барып қайта ұштасады. Бұлардың не жоталар екені Рахметтің көңілінде сайрап тұр. Бұлар, Сырдария каналының тармақтары. Қай өлкемен қандай тармақтар жүргізілетіні Рахметке алақанның сызығында мәлім, өйткені, ол тармақтар туралы райкомда Байжан талай рет баяндама жасап, әрбір тармақтың, қанша гектар жерді суара алатындығы талқыланған.

Елгезек атын шерте аяңдап келе жатқан Рахмет, жанасып қалған тұстарында канал тармақтарының жоталанған ернеулеріне шоқытып шыға кеп, атының басын тежейді де, алақанын көзіне қалқалап тұрып, төңірегін тағы да шолады. Әрбір тармақты бойлай қыбырлап жұмыс істеп жатқан шоғыр адамдар оның, көзіне осы биіктен ғана шалынады. Рахметтің солардың бәріне де барғысы, бәрімен де сөйлескісі келеді, бірақ, уақыт қайда оған?!. Барар жерге тез жету керек, ол — құрылыстың штабы. Бұрын білетін бұл жерді, егер каналдың мына тармақтары қазылмаса, Рахмет көзін жұмып-ақ табар еді, өйткені ол жерде «Ақадыр» аталатын кішірек тебе болатын да, айналадағы азық даланың бетінде тау сияқтанып, кезді қиядан тартатын. Қазір, мынау тебе жоғалып кетіпті.

Дегенмен, Ақадырды оның тез табуына, тебені беткейлей, шоқтала өскен сексеуіл себеп болды. Қайдағы шөлейтке, не өркешті құмның жотасына бітетін сексеуіл жарықтықтың, жоғары ерлей, тікейе біткен бұтақтары мен олардың басына жапырақ орнына шығатын жасыл инелері жаз да, қыс та түсін өзгерте ме!.. Сығып қалсаң атып кететін бұл инелердің бойындағы шылқылдаған су, миды қайнатқандай ыстықта кебе ме!.. Мұртыңа мұз үйелейтін суықта қата ма!.. Шоқтала ескен жас сексеуіл, алыстан қарасаң жасыл шәлі бүркенген келіншекке ұқсайды. Сонша жасаңғыраған сексеуілдің жасын сұрасаң, сақалы ағарған қарттардың талайынан үлкен боп шығады. Мысалы, жоғарыда аталған Ақадырдың құмына ескен жасаң сексеуіл, Сырбайдың бала кезінде осындай жап-жасыл еді, әлі де сондай жап-жасыл. Тек, бойы ғана ол кезден біраз биіктеп, түбірі ғана біраз жуандаған сияқты...

Өйтпегенде қайтсын. Әр не жасайтын мөлшеріне қарай өспей ме. Онға жетпей алжитын қоянның азу тісі бесінде мұқалып боп, маңдайы қасқарып қалады. Бес жүз жыл жасайтын пілдің азуы жүзге жақындағанда ғана шығады. Бір жыл жасайтын шөп, күздігүні көркіңнен айрылып сабағымен семеді. Жүз жыл жасайтын қайың жыл сайын жапырақ тастап түлейді. Мыңға жақын жасайтын сексеуіл, жүз жасында жаңа туған ботадай нәзіктеніп, бұтағын майыстырайын десең, мәрт етіп сына қалады; бес жүз жасағаннан кейін ғана ержеткен ол, содан әрі басын қалың, бүркеген инелерін сиретіп өмірінің арғы ылдиға қарай еңкейеді. Бірақ, тез ылдилап кетпейді ол. Есеюі ұзаққа созылған оның еңсеюі де ұзаққа созылып, қартайып болған соң да, көлденең бір себеп кездеспесе қопарыла құламай, тігілген темір діңгектей, бұтақсыз, жапырақсыз сұрғылт қалпымен қақшиып қатып қалады.

Ақадырдың төбесіне шоқтала өскен сексеуілді нысанаға ала жүрген Рахмет, Байжанның кепесіне келсе күн сәскеден жоғары көтеріліп қалғанмен, Байжан шырт ұйқыда екен. Қызметкер әйелден сұраса, түн бойы қағаздарымен шұғылданып, күн көтеріле ғана жатыпты. Койкасына киімшең қисайып, басын сырмалы фуфайкасымен тұмшалап алған ол, тегі түс керіп жатыр ма, немене, ара-тұра бірдемелерді былдырақтатып қояды; дағдысы ма, әлде түсінде біреулерге айбат шегіп жатыр ма — тістерін құтырған бурадай шақырлатып қайрайды...

Тұмшаланып ұйықтаудан тынысы тарылды ма, әлде, бөлмесіне кісі кіргенін сезді ме, немесе көрген түсінен есеңгіреуі ме — Рахмет кепе ішін көзімен шолып тұрғанда, Байжан «иә, иә!» деп қаттырақ дыбыс шығарды да, басына ораған фуфайкасын қолымен сыпыра түрегелді. Күтпеген дыбыстан сескеніп жалт бұрылған Рахметті жатырқағандай, ол одырая аз қарап тұрды да, көзін уқалап жіберіп, «ә, сіз екенсіз ғой» деп койкасынан сырғып түсіп қол берді.

Рахмет көрмеген мезгілде Байжан кеп өзгеріп қалған сияқтанды: ұрты солып, қазыла жүре деген, қырып жүретін сақал-мұрты өсіп, бұрынғысынан әлдеқайда қалыңдаған, қатты ұйықтаудан ба, көзінің үстіңгі еті ісіп, ағы қанталап кеткен.

— Сізді көріп тұрғаным өңім бе, түсім бе? — деді ол Рахметке қолдасқаннан кейін.

— Өзің қалай ойлайсың, — деді Рахмет.

— Екеуіне де жорып тұрмын, өйткені, түсімде де сізді керіп жатыр ем, оянсам қасымда.

— Не түс ол?.

— «Тауықтың, түсіне тары кіреді, түлкінің түсіне тауық кіреді» дегендей, райкомның бюросында ма, осы арада ма, онша есімде жоқ, әйтеуір каналдың бірдемелері туралы сізбен айтысып жатыр екем де...

— Не деп? — деді Рахмет қалжыңды дауыспен.

— Қайда қонып шығып едіңіз? — деп сұрады Байжан, ұйқысы қанбауын есінеуінен көрсетіп.

— Сырбайдың кепесіне.

— Қарт көңілсіздеу сияқты деп есітіп ем, жайыңыз келмеген болар...

— Наоборот, — деп Рахмет Сырбайдың кепесінде уақытын көңілді өткізгенін айта бастап еді:

— Кешіріңіз, — деді Байжан, — әуелі ауқат даярлатайын. Өткен кеште атып әкелген екі қырғауылым бар, семіздіктен мамырлап қалған екен, кеспеге қарасы жоқ... Жеңгейге жүнін жұлып қой дегем. Соларды қуыра ғой дейін.

— Мүмкін, ұйықтай түсерсің?

— Ұйқы қайтер дейсіз, ағай. Қанып та, қанбай да жүрер ол. Сағынып та қалған екем сізді. Және кеше Қызылордадан алып келген спиртім де бар...

Байжан шығып кетті де тез оралды.

— Ал, ағай, кешіріңіз, — деді ол, үйге кіре, — менде шаруалары бар біраз жұмыскерлер конторда жиналып қалған екен. Соларды жайғастырып келейін.

— Оқасы болмас, — деді Рахмет.

— Онда, сіз мыналарды ермек қыла тұрыңыз, — деп Байжан Рахметке дағдылы конвертке салынған, немесе үшкілдене бүктелген бірнеше хатты ұстата берді де шығып кетті.

Рахмет алғаш ашқан конверттің ішінде Гүлнардың фон карточкасы жүр екен. Медицина қызметінің майоры формасында киінген Гүлнардың түсі де, тұлғасы да аттанған кейпіне өзгерген сияқты: ауылдағы қалпынан кеудесі де, жауырыны да кеңдеу, беті дөңгелектеу, көзі үлкендеу және өткірлеу сияқты. Сыртқы жазуына қараса: «Бақытым мен екеуің, менің осы бір күндегі кескінімді естеріңде ұстау үшін жібердім...» деп жазыпты.

Бірінен соң бірін оқып шыққан хаттардың бәрін тұтас алғанда, Рахметке олардың әрқайсысы қызық жазылған үлкен бір романның, жеке тараулары сияқты көрінді. Бұл өзге туралы роман емес, жүріп жатқан сұрапыл соғыста советтік медицинаның рөлі туралы роман. «Романда» Гүлнардың үйінен майданға беттеген күнінен, жуырда ғана келген хатына дейінгі көрген-білгендерінің бәрінің де айқын бейнесі тұр. Бұл бейнелерді ол, кейде қаламы шебер жазушылар суреттеп жіберген. Сол суреттерден, Рахмет нелер қорқынышты да, қуанышты да оқиғалардың ғажап картиналарын көрді... Кейбір картиналарды кергенде көзінен жасы шығарлық халге дейін жеткен Рахмет, сипаттаған оқиға қанша ауыр болғанмен, аса ынталанып оқыды, сондай хаттардың кейбірін ол әлденеше рет қайталады...

Хаттардың қызығына түскен Рахмет, уақыттың қалай еткенін де білмей қапты, Байжан оралып келгенде байқаса, сағат жарымдай оқыпты.

— Көп күттіріп қойдым білем, — дей кірді, Байжан кепесіне, — қарны да ашқан болар...

— Наоборот, — деді Рахмет, — рахаттана тойдым...

— Ас іштіңіз бе?

— Асқа емес, Гүлнардың хаттарына!.. Не деген тамаша хаттар!.. шын мағынасындағы көркем новеллалар!.. Бәрі жиналғанда — аса қызық роман!.. «Қолда барда алтынның қадыры жоқ» дегендей, ауылда жүргенде білмейді екенмін. Гүлнарды!.. Не деген үлкен жүректі адам бұл!.. және, өзі ағып тұрған жазушы... және эпикалық жанрдың емес, лирикалық жанрдың жазушысы!..

Байжан жымиятын деп еді:

— Күлме, — деді Рахмет байсалды түсін өзгертпей, — ойыным емес, шыным...

— Кешіріңіз, Раха, — деді Байжан да түсін салмақтанып, — маған өзге емес, сіздің хаттарды осынша беріліп оқуыңыз қызық көрініп тұр...

— Сен ше?

— Мен де солай қызыға оқимын...

— Ендеше неге жымиясың?..

Байжан сөз таба алмай қалды.

— Бұл хаттарды оқуға бергеніңе көп алғыс айтам, — деді Рахмет, — әсіресе Гүлнарға!.. Көп ерлік істер атқарған екен, отанның қызы осындай болсын!.. мың-мың алғыс оған!..

— Менің де айтарым сол, — деді Байжан.

— Ендеше, — деді Рахмет жымиып, — оның мұндағы госпиталь қызметіне қалғанынан майданға кеткені дұрыс болды да?..

— Әрине, — деді Байжан, — майданға бармаса, мұнша ғажап оқиғаларды көре ме?..

— Әрине, кермейді... Отанның осындай қызы барына мақтанамыз да?..

— Сөз бар дейсіз бе, оған.

— Ендеше, сәскелік асты алдыр. Отанның сүйікті қылығың сенің сүйікті жарыңның ерлігі бұдан да артып, абройы бұдан да өсе беруіне рюмка көтерейік!..

— Құп болады, — деді Байжан.

Ол есікке жөнеле бергенде Айбарша кіріп келді, сыртында қоңыр түсті күздік комбинезон, басында бұлғары тысты пилотка, аяғында қонышы көреді жұмыс етігі; бұл түрінде, егер иығында салбыраған ерулі, ұзын екі жуан бұрымы тұрмаса, оны танымайтын адам жас жігіт деп ойлайтын. Біраздан бері көрмегенге тосаңсыды ма, болмаса, расында солай ма, Рахметтің кезінде Айбаршаның денесі бұрынғысынан сұңғақтана, толығың кескіні қоңырлана, сұлулана түскен сияқтанды. Рахмет пен Байжанға амандасқаннан кейін:

— Жезде, — деді Байжанға, — қайда барасыз?

— Ас әкелісуге.

— Әйел барда еркек ас әкелу заңын кім шығарған?.. Қуырдақты көрдім, тәтті екен, отырыңыз, мен әкелісем!..

— Болсын, балдызым, — деп Байжан орнына оралды.

Айбарша фуфайкасы мен пилоткасын шешіп ілді. Гимнастеркасының белін жалпақ қайыс белбеумен қынап буып алыпты. Оның денесі, Рахметтің кезінде тіпті сұлуланды. Ол шығып кеткенде:

— Біздің Айбарша тіпті көріктеніп' кетіпті ғой! — деді ол.

— Көріктенбегенде ше, — деді Байжан, — әрі өмірі шешек атқан жас, әрі күні-түні еркін ауада, әрі жұмыстан шыныққан...

— Жұмысы қалай боп жүр?

— Бұрынғы ударниктігінен үдемесе төмендеген жоқ. Жалғыз экскаваторын басқарып қана қоймайды, барлық жұмысқа араласады, кезегі келгенде кетпенші де, жүкші де боп кетеді. Сөйтіп жүріп, қоғам жұмысын басқарудан да қалыспайды, әрі ұйымдастырушы, әрі үгітші... Сөзімен ғана емес, ісімен де үлгілі болған соң, әрі қылық-мінезі ұнаған соң, көпшілікке өтімді... Көпшілікті басқаруда жәрдемі ете көп тиіп тұр...

Рахмет Байжанға Сырбай үйінде Дәулеттің хатын оқығаның Сырбайдың Айбаршаға өте жақсы қарайтынын айта кеп, Самарқанның көңілі қазір Айбаршаға қандайын сұрады.

— Ішіне кіріп шыққан жоқпын, — деді Байжан, — менен бүгетін сыры болса өзі біледі. Сөзіне қарағанда, Айбаршадан дәмеленуін доғарған сияқты, бірақ, одан аралары алшақтамай, адамгершілік достықтары нығая түскен сияқты, оның үстіне, Самарқанда жаңадан бір махаббат басталған түрі бар...

Арғы сөзге үлгермей, Айбарша кіріп келді де, «ас даяр» деп дастарқан төседі, қызметкер әйел буы бұрқыраған қуырдақты табақпен көтеріп кірді. Асқа отырғанда, Байжан екі стаканға орталау қып спирт құйды.

— Айбарша ше? — деді Рахмет қуланып.

— Мен спирт түгіл шараптың өзін де Дәукешті қарсы алатын тойда ғана татқалы жүрмін, — деді ол.

Айбаршаның мына сөзі некеленген әйелдің, сөзі сияқтанып, Рахметке ерсі көрінді.

Қуырдақты жеуге тұтынғанда, Айбарша айнаға қарсы отырып еді, бетінің жуылмаған кірі бадырайып көріне қалды.

— Кешіріңіз! — деді ол Рахметке қарап қойып, тұра жөнеліп, — бетті жуу еске де келмепті.

Рахметтің «оқасы болмас» деуіне қарамай, Айбарша шығып кетті де жуынған бетпен тез оралды. Нұры ойнаған таза бет, Рахметке, қауызынан жаңа ашылған гүл сияқтанып кетті. Оған Айбарша бұрынғысынан әлдеқайда сұлу, көрінді.

Қуырдақтан кейін Айбарша Байжанмен келген шаруасын кеңесті. Оның айтуынша, кешікпей жер тон, боп қатады да экскаватор тоқтайды. Осы кезде Сырбай, алдағы жылда егін сепкелі жүрген танабына су апаратын арықты қазуға кіріседі. Шалмен уәдесі бойынша, Айбарша да кетпенге түсіп, көктем туып жер жібігенше арық қазысады. Айбарша Байжанмен шаруасын ақылдасқанда, Рахмет оны трактористер курсына жібермек болғанын айтып еді:

— Оны кезінде керерміз, ағай, — • деді Айбарша, — әзірге шалға көмектесе тұрайын, кетпен шабар қарулы кісі азғантай.

Рахмет пен Байжан осыған көнді де, Айбарша жүріп кетті.

Рахмет Байжаннан құрылыстың жайын сұраса, жер тоңданып болғанша каналдың бұл тармағы ойдағы жерге жетеді екен де, аржағында, егістік танаптарға су апаратын тармақтар ғана қалады екен; оған көктемге қарсы, жер жіби кіріспек екен. Рахмет Байжанға Сырбайдың мол өнім звено құру туралы ойын айтып еді:

— Ол дұрыс қой, — деді Байжан, — бірақ, бірыңғай тәжрибенің ғана кісісі ғой ол. Ғылыммен ұштаспаған тәжірибе қанша жеміс береді? Оған ғылыми жәрдемші беру керек.

— Мысалы кімді?

— Наталья Полещукті.

— На-та-лья-а-а, Полещ-щукті?

— Иә, Украинадан келген детдомның директорын. Ақылды қыз және ауыл шаруашылық білімі бар қыз. Қызылордада мелиораторлардың қысқа уақытты курсы ашылады екен, соған жіберу керек!

— Ол да мақұл сөз екен, — деді Рахмет аз ойланып, — бірақ, Сырбай орысша білмей, ол қазақша білмей қиын боп жүрмесе.

— Айбаршаның айтуынша, Полещук қазақ тілін аңғара бастаған, екеуі жан аяспас дос сияқты, араласады; тегі, Самарқанның болашақ жары сол Полещук боп жүрмесін.

— Оны қайдан білдің?

— Білмей, мен де бозбала боп керген кісі емеспін бе? Қарым-қатынастары, қас-қабақтары соған ұқсайды...

— Апырай, ә?! — Деп Рахмет аз отырды да, — Айбаршаны жіберсек қайтеді? — деді.

— Ол да жөн, – деді Байжан.– Бірақ, ол трактористердің курсына бармай ма? Ол да алдағы көктемнің егісіне аса қажет болғалы тұр ғой. Бұрынғы маман және қайратты трактористердің көбі майданға кетті ғой, олардың орнын осы Айбаршалар баспағанда кім басады?..

— О да мақұл екен.

Рахмет Самарқанды аудандық жер бөліміне бастық қып алғысы келетін ойын айтып еді:

— Мен кіммен істеймін? — деді Байжан, — ғылымдық жағынан жалғыз жәрдемшім сол ғана. Оны берсем, қанатым қырқылып қалады. Алда толып жатқан міндеттер бар. Каналдың негізгі тармақтарын ілгері қарай қаздыра беру үмітінен әлі қол үзген жоқпын. Реальный іс қой деп ойлаймын оны. Самарқаннан айрылсам кімге сүйенем, сонда?

— Ол да рас қой, — деді Рахмет, — бірақ бұл мәселе туралы әлі де ойласу керек.

— Бұл жөнде менің ойласқым келмейді. Сталин айтпады ма, «барлық мәселені кадр шешеді» деп. Құрылыстағы ең мықты сүйенетін кадрым сол.

— Олай болса, орынбасарын ғана емес, құрылыс начальнигінің өзін де қосымша жауапты жұмысқа пайдалану керек болады да, — деді Байжан қалжыңдап.

— Әрине. Оған да айтар ұсынысым боп келді.

— Қайда, мысалы?

— Аудандық су шаруашылығының бастығына.

— Себебі?

— Себебі — бар мәселені кадр шешеді.

ОН БІРІНШІ ТАРАУ

СЕНІСУ

Наталья мен Самарқанның арасында басталған махаббат туралы Рахметке айтқан жорамалында Байжан қателескен жоқ еді. Бұл сөзімізді анықтау үшін, мәселені әрегірек тарихынан алайық.

Олардың ең алғаш қайда танысқаны бізге мәлім. Басқарып әкелген балаларының көпшілігін Тар тоғайға орналастырған, азын ғана жеке адамдардың тәрбиесіне берген Наталья, жұмыс жөнінде Самарқанмен тығыз байланысты болды; өйткені, орналасқан балаларды азықпен, отын-сумен, үй-жаймен қамтамасыз етудің ауыр салмағын райкомның бюросы Самарқанға жүктеген еді.

Самарқанның Айбаршаға алақтауы бұл кезде біржола доғарылғанын біз өткен тараулардан білеміз. Шын жүректен сүйген адамына деген ыстық көңілін суыту оған жеңілге түскен жоқ. Дегенмен, мезгілдің өтуіне қарай қайғыны да, қуанышты да ұмытатын басы жұмыр пенденің ол да біреуі емес пе. Айбаршаға деген махаббатын ол ұмытпас-ақ еді, егер Айбарша тарапынан емексу көрсе. Ондай емексуді ол кермек түгіл сезбеді де. Махаббат мәселесінде өзін Самарқаннан бұрын да сырғақ ұстайтын Айбарша, Дәулет майданға аттанғалы ол жөнде тіпті сырғақсып алды. Содан кейін жолыққан сәттерінде, қылық-мінездерімен ол, Самарқанға махаббат сөздерін айтқызуға жол бермеу былай тұрсын, өзін әйел, оны еркек ретінде сөйлетуге де жол бермей, мемлекет қызметкері ретінде ғана сөйлесті. Самарқанның көңілін солай суытып алған Айбарша, біраздан кейін қатал қалпын жұмсартты; бірақ, онысы қыздың жігітке жұмсартуы емес, қарындасының ағаға, және жай ағаға емес, жақсы көретін ағаға жұмсаруы еді. Айбаршаның мұндай ойға келуіне Самарқанның өзі себептер болды; өйткені, Айбарша әуелгі кезде, оны сынау мақсатымен, Дәулеттен келген хаттарды көрсетсе, жеңіске жеткен қуанышына да, кейбір кезіккен реніштеріне де тоқтаса кетеді; жас та болса адамның мінез-қылығында өтірік пен шынды айыра алатын Айбарша, Самарқанның бұл ортақтасуларының әрқашан шын екендігін байқайды. Сөйтіп жүріп, Айбарша Самарқанға сеніп алды да, шып ықыласпен достаса бастады.

Самарқан ше?.. оның Дәулетке де, Айбаршаға да көңілі адал болғанмен, бұған дейін жүрегінде қызып-жанып алған махаббаты бірден сене қойған жоқ. Бірақ, «жүрек» деген денесінің еркіне бағынбай ма! Оның бетін қалай бұру тізгіні сананың қолында емес пе! Жүрегін санаға билетіп Самарқан, алып қашқан бетінен жүрегін саумалай теліп, еппен «тәк-тәк» салды да шабыстан желіске, одан аяңға түсіріп, ақыры, біржола тоқтатты. Қамқорсыған Масақбайға қатты келетін. «Дәулет тілейтін лас ойдан бетін қатты тойтарып тастайтын көзі осы еді.

Сондай ойдағы Наталия, Самарқанға құмарлығы арта бастаған кезде ой түсінігіне өзі қайшы кеп, оған хат жазуға да ыңғайланған күндері болды. Сондай хатты ол жазар ма еді, қайтер еді, егер, «тоғыз тістен шыққан сөз, отыз ру елге кетеді» деп қазақ мақалы айтқандай, құлағын «Самарқанның Айбаршамен жақындығы бар» деген сөз шалмаса.

Наталия Айбаршамен де алғаш жолыққаннан бастап дос боп кеткен еді. Оған бас себеп — Наталияның бізге мәлім кішкене інісі Сашканы, Айбаршаның шешесі — Дәметкен жеке тәрбиесіне алған да, інісіне жиі қатынасқан Наталия, сол үйдің бір жаны сияқты болған; өйткені, Дәметкеннің Сашкаға ықласы түсуі сондай — туған баласынан кем еміренбейді, жан-тәні соның үстінде болады. Солай жақсы кергендіктен Дәметкен баланың атын да өзінше Ескендір қойып алды. Жас баланы кім жақсы көрсе, шешесі сол емес пе! Дәметкеннің қолына келе, сырқатынан тез оңалып, аз күнде сауығып кеткен Ескендір, үйрене келе, «бөтен шеше» дегенді ұмытып, туған шешесі көріп кетті; туған баланың туған анаға еркелеуінен, Дәметкенге кем еркелемейтін болды; сондықтан ол Дәметкенді «апа» дейді. Дәметкен Оны: «Есім», «Есжан», «Естай», «Ескем» — дейді, қарға адым жер ұзап шығып кеп көрсе, айлап-апталап көрмеген ана .сияқтанып, құлынымды сүйіп жатады. Соны көрген жұрттан біреулер: «Тумаған баланы да осынша жақсы кереді екен-ау!» деп таңданса, енді біреулер: «Осынша жақсы көріп алған баладан, түбінде айрылуы да оңай болмас» деп, Дәметкеннің келешегіне көз жібереді де аяйды... Міне осындай қылық көрсеткен Дәметкенді Наталия неғып жақсы көрмесін!. Сондықтан да ол інісіне алғашқы кезде бауырсырап көріскенмен, артынан, Дәметкенді ренжітіп алармын дейді де, оншалық құрақ-ұша қоймайды... Дәметкенмен екеуі бірінің тілін бірі білмегенмен, бір-бірін жақсы көретіндіктерін бет бейнелерінен-ақ айқын таниды...

Үнемі іс үстінде жүретін Айбарша мен Наталия үйіне анда-санда азғантай уақытқа келгенде ғана кездейсоқ жолығып жүрді. Бірақ, бұдан оның Айбаршаны іші-сыртымен түгел тануына нұқсан келген жоқ. Ең алғаш, Сашканы Дәметкеннің, тәрбиесіне беруді Наталияға ұсынған Айбарша болатын. Әл үстіндегі сырқат інісін көзінен таса қылуға Наталияның көнгісі келмегенде:

— Керіп отырмын, — деген Айбарша оған, — мына жүдеп келген төрт-бес жүз баланы орналастырып, түзеліп кетулеріне керекті жағдай жасау сізге оңайға түспейді. Соғыс жағдайы сізді сол жағдайлар жасаудың жолында, бірталай күн ат үстінде ұстайды. Шабуылда жүріп, сіз ініңіздің күтіміне көңіл бөле алмайсыз. Бұл балаға ерекше күтім керектігі көрініп тұр. Бірақ мұндай нашар халдегі бала сіздің ініңіз ғана емес, жалпы саны жүзге тартады; олардың бәріне ерекше жағдай туғызуды соғыс күндері көтермейді. Аудан басшыларының мұндай халдегі балаларды жеке адамдардың тәрбиесіне береміз деп ұйғаруы да осыдан. Балалардың мұншалық жүдеуіне бас себеп — сырқат емес, жол азабы, әсіресе керекті тамақтың қажетті мөлшерде жетпеуі екендігін өзіңіз айттыңыз; ендеше тамағы түзелсе-ақ, оңалып жүре береді бұлар, жалпы бақылауы дәрігерде болады. Тәрбиесіне бала алушылардың көп екенін керіп отырсыз, бұл да біздің еліміздегі ұлттар достығының айқын белгісінің бірі. Илансаңыз, шешеме мен тәрбиеңе бала ал деген жоқпын, жағдайды айтқан едім: «Ендеше мен де бала алайын» деген өзі. Шешемді мақтағаным емес, оның қолында ініңіздің тәрбиесі жаман болмайды, бала алуды өзі айтқанмен, сіздің ініңізді ал деп тұрған менмін. Қорықпаңыз, беріңіз...

Айбаршаны сонда-ақ іштей жақсы көріп қалған Натальяны таныса келе оған достық көңілі арта түсті. Мектептік білімі темен болғанмен, Наталия Айбаршадан совет алдыңғы қатарлы саналы, жігерлі, намысты, арлы қызын көрді. Ісі де, қылық мінезі де сонша ұнаған Айбаршамен достаспағанда кіммен достасады ол.

Сирек кездесіп, аз уақытқа ғана жолыққанмен, Айбаршамен дос боп алған Наталияның құлағына, Самарқанға құмарта бастаған кезде, «Самарқан мен Айбарша астыртын әмпей» деген сөз шалына қалды. Бұл өсекті тұтатқан да Тыртық. Кім көрінгеннің ішкі сырын сезе қоятын не пәлесі барын кім білсін, Самарқан мен Наталияның жылылық көзқарастарын өзгеден бұрын аңғарды да, Айбарша ретінде кектенген Самарқанның Наталияға бейімделген жолына да жылан боп жатуды мақсат етті. Сондықтан, ол Наталияға Айбарша мен Самарқан туралы өсегін кісі арқылы жеткізгенде, «өтірікті шындай, шынды жындай» қып апартты. «Сырттарына қарасаң, — деді Наталияға өсек апарушы, — түк көрмеген мұнтаздай. Кейде араз кісі сияқтанып та жүреді. Бірақ оның бәрі көз алдау. Пәленің үлкені іштерінде. Жұрттың көзінен ұрланып табысуға келгенде, сиқыры бар адамдардан артық».

Наталияның жақын адамы сияқтанып жүретін өсекші, бір күні: «Астық науқанын сылтау қып, екеуі алыстағы колхоздарға бірге кетіпті» деген хабарды айтты. Бұл кезде Наталия, әр колхоздағы жеке адамдар тәрбиесіне алған балаларды аралап қайтуға жиналып жүр еді. Сол да сылтау боп және (ол да басы жұмыр пенденің бірі емес пе) ішіне қызғаныш шоғы түсе бастап, әрі балаларды, әрі Самарқан мен Айбаршаны көріп қайтпақ болды да, қасына қартаңдау бір шалды басшылыққа ертіп атқа мінді. Қай колхозда, кімде неше бала бары қалтасындағы тізімде.

Үйінен аттана оның ұшырасқаны — егін жинаушылар. Ауылдарда еңкейген кәрілер мен еңбектеген жастардан басқа жан жоқ, бәрі де егін басында. Соларды аралай отыра, ол іздеп келе жатқан балаларының хал-жайларымен танысса, бірен-сараны ғана болмаса, өлім-жітімге ұшырағаны жоқ екен, көпшілігі өз інісі Сашка сияқты ете жақсы боп кеткен. Бір жерде ол қайран қаларлық жағдайға да ұшырады: біреудің тәрбиесіне алған баласы кездейсоқ сырқатпен өлген екен де, соған әке-шешесі мал сойып бата оқытып, жылау-сықтау боп жатыр екен. Ешбір дінді танымайтын Наталья бата оқытуға наразы бола тұра, баланы асырап алған әке-шешенің туған баласындай құрметтеп қайғыруына аса риза болды.

Ұры әкетті ме, әлде жеріне қашты ма, осы сапарында шал екеуі астына мінген аттарынан айрылды да, Самарқан мен Айбарша жүр деген жерге жете алмай, кейін қайтатын болды; өйткені жұрт егін жинау жұмысында жүргенде, колхоздан колхозға лауламаса, алысқа апарар көлік табылар емес; білетіндердің айтуынша, Самарқан мен Айбарша жүрген тұс, атпен суыт жүрген кісіге бірер күндік, лауласа төрт-бес күн жүру керек, онда да, лау табылса...

Шал аттарды іздеп кетті де, Наталия лаулап кейін қайтты. Лауға кейде түйе, кейде есек ілікті, кейде олар да табылмай, не жолы қысқа жүргіншілерге ілесті де, кейде бір мекеннен екінші мекенге жаяу аяңдады. Бірақ, ол, мұнысына өкінген жоқ, өйткені, бұл жолында: біріншіден, табиғаты өзгеше Сыр бойымен танысса, екіншіден, әлдеқайда, Отанның батыс жағында жүріп жатқан Ұлы Отан соғысына бұл арадағы колхозшылардың немен жәрдем беріп жатқанын көрді.

Бірінші рет көрген оған, Сырдың өлкесі өте қызық сияқты. Ең алдымен, бұл өлкеге шығатын ағаш, не шөп затты өсімдіктерден тұлабойы тікенге толмағаны сирек. Үйренбеген кісі олардың арасынан әрең жүрсе, тұрғын елдің балалары жалаңаш-жалпы қалыптарымен тығылып ойнайды... «Шеңгел» аталатын ұсақ шырпылардың да өнбойы инедей қадалатын жиі тікен, солардың басына, тұрғын ел «қоңырау» деп атайтын, ішінде дәні бар ұзынша собық өседі екен де, оны теріп жеуге ешкілер еш екен. Сонда, Наталияның қайран қалғаны — жуандығы саусаққа жетпейтін осал шырпыға ешкі асылса, әрі көтеріп тұрады, әрі тікендері ешкінің денесіне қадалмайды!.. «Жантақ» аталатын шөптің тұлабойы, аумаған кірпінің қылтаны, түйелер соларды жұлып ап аузын толтыра күйсегенде, сағыз шайнаған адамдай шімірікпейді!..

Сыр бойындағы өсімдіктердің түрі кеп болғанмен, шығуы ала-құла екен — кейде сирек, кейде қалың; бірақ, әр жерде ойдым-ойдым ғана кездеспесе таза тақырлар азғантай, жердің жалпы беті түкті... Сол түктер кейде уақ-түйек боп шығады да, кейде жыңғылы, жидесі, қарағашы, сексеуілі араласып қалың тоғайға айналады... ондай жерлерден жалғыз ету, бойы үйренбеген Наталияға қауып та сияқты; өйткені, оның естуінше, мұндай тоғайда аңдар көп. Ойнап айта ма, расы ма, біреулер қабан мен жолбарыс та бар дегенді айтысады...

Осындай бір қалың ну кездескен Наталияда зәре-құт қалмады. Жыландай ирелеңдеген тар жолдың екі ернеуіне тақала өскен қалың ағаштың арасынан неше түрлі жыртқыш аңдар тістерін ырситып сығалап тұрған сияқтанды. Аң ұмтылса қашып құтылар еді, астына мінгені есек және қамшы кесті шабан есек... Сырдың бойында «бат-бат» аталатын ұсақ кесірткелер кеп, олар жолаушының алдын кесіп өтуге құмар және жүрістері сумаңдаған тым жылдам, солардың бәрі Наталияға жылан сияқтанып көрінді...

Қорқа соққан жүрегі Наталияның кеудесіне сыймай келе жатқанда күтпеген оқиға болды: алдынан ойда жоқта Самарқан кездесе кетті... «Ах!..» деп жылап жібергенің қуанған Наталияның өзі де білмей қалды... Жүрегі орныққан Наталия Самарқаннан жол жайын сұрастырса, астық тасыған машинамен ауданға, одан Тар тоғайға соққан Самарқан, Наталияның осы жаққа кеткенін естіген екен де, нақ жөнін кеше ғана біліп, атпен қуып келеді екен. Егер ол, екінші бір жолмен орағытып барып алдынан шықпай, артынан қуып жетсе, атының сыбдырынан Наталияның тырсылдап келе жатқан жүрегі жарылып кетер ме еді, қайтер еді...

Ол екеуі сол күнгі кешті егін соғып жатқандардың арасында өткізді. Жанармайы жетпей комбайнның тоқтап тұруына олар қарамай, егінді түні бойы атқа жеккен бастырма -ағашпен соқты. Жұмысшылардың көпшілігі қатын-қалаш, бала-шаға екен, солардың қасында қарап тұруға, не олардан оңашаланып кетуге ұялғандай, Наталия мен Самарқан да білектерін сыбанып айырға түсіп, көрер таңды көздерінен ат ырысты. Ол араның егіні сол таңда соғылып та бітіп, колхозшылар екінші токқа қоныс аударды. Самарқан мен Наталияның қолдары сөйлесуге сонда ғана тиді. Астындағы атын Наталияға зорлағандай әрең мінгізген Самарқан, оны аз жерге жөнелтіп салғанда, егін жинау науқанының барысынан басқа сөзді айтқан жоқ, оған Наталия ренжіген де жоқ, өйткені: біріншіден, Самарқанның басында егін жинаудан басқа ойдың қазір жоқтығын және мынадай мұрнынан шаншылған қауырт жұмыстың кезінде болуға мүмкін де емесін көріп тұр; екіншіден, Самарқан махаббат мәселесін қозғаған күннің өзінде де, әуелі Айбаршаның жайын біліп алмай, Наталия ағынан жарылмас еді.

Айбаршамен сөйлесетін уақытты Наталия егін жиналып бітіп, жұрт канал құрылысына жұмылардың, алдында ғана тапты. Сол кезде бірер күнге үйіне келген Айбаршаны Наталия іздеп барды. Бірақ, сөзді ол бастаған жоқ Айбарша бастады, өйткені «Самарқанмен екеуі жақын-мыс» дегенді құлағы алдақашан шалған еді. Екі қыз ашық кеңесті. Самарқанның соңғы уақытқа дейін кеңілі болып жүруін, қазір ол ойдан қайтқанын Айбарша Наталияға барлық егжей-тегжейімен баяндап берген соң, Наталияның да іркілер жері қалған жоқ. Ол да шынынан ақтарылып ақыл сұрағанда:

— Қазақта «өзі жығылған өкінбейді» деген мақал бар, — деді Айбарша, — жар таңдау әркімнің, қарабасының ісі. Бұл араға достық қолқа жүрмейді. Сондықтан, семьялық өміріңнің тағдырым қалай шешу еркі өзіңде. Мен оған араласпаймын. Менің тек қана айтарым: Самарқанды көп уақыт сынаудан келген қорытындым — ол өтірік жанды адам емес, шын жанды адам. Оған мен кепіл бола алам.

Кейінірек, Самарқанмен сыр ашысуға келгенде, Айбаршаның бұл бағасын Наталия одан жасырған жоқ. Сонда, Самарқанның айтқаны:

— Мені қалай бағалау еркі, әрине, онда. Ал, менің оған берер бағам: таза жүректі, ер көңілді әйелдің бейнесіне үлгі іздесең, Айбаршадан табасың, дер ем.

Ноябрьдің бас кезінде, Самарқан каналға қажетті материалдардың мәселесімен Москваға жүрді. Поезға Алмалықтан мінген оны Наталия мен Айбарша шығарып салды. Сонда Самарқан Наталияға Айбарша туралы айтқан сөзін қайталап айтып:

— Айбарша, — деді оған қолдасарда, — таза жүректі, ер көңілді әйелдің бейнесін іздегенде, менің көз алдымда әрқашан сен тұрасың. Бұл саған «ал» тілім емес, достық жүректен шыққан шын сөзім.

— Рахмет, — деді Айбарша, — бірақ, Наташаны қоса айтуыңыз керек, аға!..

— Оны болашақ көрсетеді, — деді Наталия, Самарқанның сөзін аузынан қағып ап, — әзірге үлгіміз сенсің.

— Комплиментіңе рахмет, Наташа. Меніңше, таза, жүректі болу еркі адамның өзінде ғой деймін және сенің де сондай адам екеніңе езім сенем. Сіз ше, Самарқан ағай?

— Мен де.

ОН ЕКІНШІ ТАРАУ

ӘЗӘЗІЛ

Сырбайдың кепесінен Рахмет аттанып кеткен күннің ертеңіне қаңғалақтап Масақбай келе қалды. Оңаша жолыққан бір сәтте Тыртық Масақбайға:

— Әркімнің де өзінше жауы бар ғой, Мәсеке; біреудің жауы біреу, біреудікі — екеу, біреудікі — әлденешеу кейбіреудің жаулары ұсақ, біреулерді — ірі; солар, әрине, сізде де бар ғой? — деген сұрау қойды.

— Әрине, — деді Масақбай.

— Сонда, бас жауым кім деп ойлайсыз?

— Қайдам...

Бұл жолы әзіл-оспақ ойында жоқ Тыртық, айтар сөзін тура бастады.

— Сіздің қас жауыңыз Сырбай екен, — деді ол. — Бұрын да солай жорушы едім, енді көзім айқын жетті.

— Қалай?

— Былай, — деп Сырбай мен Рахметтің арасында өткен түні Масақбай туралы болған кеңесті өсіре, көпірте айтып берді.

Бұл сөзге бастала салысымен-ақ сенген Масақбай, Сырбайға деген кегі іштей ушыға отыра, әлі де анығына жете түсейін деген оймен: «Қой, не өңдесін», «олай дей қоймас» деген сияқты қысқа сұраулар беріп отырып, Тыртық сөзін:

— Құй иланыңыз, құй иланбаңыз, ерік өзіңізде; қалжыңдайтын да, қалжыңдамайтын да жер бар... «Қара ешкіге жан қайғы, қасапшыға май қайғы» депті. Рахмет пен Сырбай сіздің қасапшыңыз болғалы жүргенде, дос жар адам сізге қалжың айта ма. Шын көңілден дос санайтын адам едіңіз. Құлағыңыздан естімеген сізге жеңіл көрінуі мүмкін, естіген маған өте ауыр боп жүр бұл сөздер! — деп бітіргенде:

— Қап, сақалыңды ғана!.. — деп Сырбайды қалай боқтап жібергенін өзі де білмей қалды.

Ашу кернеген оның бет-аузы қыбырлап, денесі қалшылдап кетті. Нақ сол арада қасында Сырбай тұрса, мына ашуының түріне қарағанда тұра бас сап, не оны өлтірер еді, не өзі өлер еді. Бірақ, төбелескісі, еш алғысы келсе Сырбай алыс жерде емес: дәл сол сәтте ол канал қазып жатыр да, Масақбай каналдан әрі кетсе жарты шақырымдық жердегі кепенің біреуінде отыр.

Масақбайдың жеңіл мінезділігін, ашуының тығыздығын, ашуланса ұстамынан айрылып қалатындығын Тыртық жақсы біледі. Оны осындай халге келтіру мақсатына жеткен Тыртық, енді аздап үрлесе жалыны көмірге айналмай басылмауын көре тұра, ондай халге жібергісі келмеді. Масақбайды тез жалындату оған мақсат болғанмен, тез көмірге айналдыру мақсат емес еді, сондықтан:

— Сабыр, Мәсеке, сабыр! — деп Тыртық оны әрең дегенде басты да, екеуі Сырбайдан кек алудың планын құрды. Сондағы олардың тапқаны: «Самарқан мен Айбаршаны Сырбай күдіктенетін іске тартып көру, ол болмаса, Сырбайдың көңіліне Байжан туралы күдік түсіру».

Сөздері осыған құйылғаннан кейін, ол екеуі Айбаршаға не Самарқанды, не Байжанды таңудың сәтін күтті. Ол сәт бір күні түсе де қалған сияқтанды. Тыртық пен Масақбай құрылыс штабына барса, кеңседе жиналыс боп жатыр екен — белгілі өндіріс мақсаты. Мәслихатта Сырбай мен Айбарша да отыр. Басқарып отырған Байжан.

Мәслихат аяқталғаннан кейін, Байжан Сырбай мен Айбаршаны кепесіне қонаққа шақырып еді, Сырбай алғыс айтып рұқсат сұрады, ондағы дәлелі: «Жеңістің» «Жуан жармадан» айрылатын сағасына биыл күз кеп ірге тепкен «Күрішшілер» колхозында тұратын нағашысының жесір қарт әйелі қонаққа шақырып, соған бүгін баруға уәде қылған екен. Байжан:

— Ертең барарсыз оған, бүгін сізді келеді деп қой сойдырып қойып ем, басын жеп кетіңіз! — деп жік-жапар боп еді, уәдешіл Сырбай:

— Сенің үйіңнің дәмі татып жүрген дәм ғой. Көптен көрмеген кісі еді анау, ері өлген, төрт бірдей баласы соғыста, солардан хабар келмей жүдә қан жылап жүреді екен; кеше екі баласынан хат кепті, соған жүдә қуанған бейшара, маған әдейі кісі жіберіп, бүгін тойым бар, келсін, келмесе жүдә өкпелеймін деген екен; келген кісісіне: «Жүдә жақсы, штабта жиналыс бар еді, соған қатынасайын да барайын» деп уәде беріп ем, бармасам жүдә ұят болады, — деп болмады.

— Сен қал, Айым! — деді Айбаршаға, Байжаннан түк күдігі жоқ, оны туысқан керетін Сырбай.

— Балдызымды өзім де жібермеймін, — деді Байжан.

Сырбай аттанып кеткенде, Масақбай мен Тыртық ақылға келді. Сөзді Масақбай бастады. Жақсы көретін Тыртыққа «Тыртық» деген атты да, «Итқұл» деген атты да ауыр санайтын Масақбай, оны үнемі құрметтен «Інішек» дейтін еді.

— Інішек! — деді ол Тыртыққа, Сырбай аттанып, одан кейін Айбаршаны қолтықтап Байжан кепесіне жөнеле бергенде, арттарынан қарап тұрып.

— Әу! — деді Тыртық.

— Анау қыз бен анау жігітті көріп тұрмысың?

— Кімдерді айтасыз? — деді Тыртық түсінбеген боп.

— Айбарша мен Байжан да! Ұнай ма қолтықтасулары?

— Неге ұнамасын. Балдыз бен жезденің ежелгі әдеті деседі ғой, солай қолтықтасу?

— Қалжыңды қоя тұрайық, — деді Масақбай аз кідіріп, — ақылшы ең ғой сен. Осындай қисынсыз бірдемені таба қоятын ең ғой, кәне тапшы бір ретін!

Тыртық томсарып үндемеді. Несіне үндесін, осы сапарда «таптым» деп келген бір «реті» болмайын деп тұр. Оның, тапқан «реті мынау еді: меңдуананың дәнін қайнатып ішкен кісі есінен айрыла мас болатының біреуді олай мас қылуды мақсат еткен кісіге, ең оңай әдіс қайнап тұрған шайға салып жіберу екенін, сонда адам аңғармай ішіп қоятынын оған біреу әлдеқалай айтқан, сонда Тыртықтың басына жаман ой келе қап, Сырбай мен Айбаршаны осылайша мас қып масқаралауды арман еткен. Сонан кейін-ақ, ол қалтасына меңдуананың кептірген бір дорбасын салып жүріп, ойы орындалудың сәтін күтетін.

Мана мәслихат артынан, Байжан Сырбайды қонаққа шақырғанын естігенде, сол күткен сәт Тыртыққа түсе қалған сияқты болды: «Тек, барсын! — деп тіледі ол ішінен, — » егер бара қалса, әрине, Айбаршаны да ала барады. Күн кешкірді. Олар бүгін қонады. Сонда шайларына меңдуана салып жіберсем, өзара неғып қияң-кескі болмас екен!..»

Сырбайдың кетіп қалуы оның бұл планын бұзып еді, Айбаршаны Байжанның ертіп әкетуі оның дәмесін тағы да қыздырды. «Меңдуананы осы екеуінің шайына салсам, — деп жоспарлады ол, — мас боп құлаған екеуін бір төсекке жатқызсам, сөйтіп үстерінен куә түсірсем!.. Бірақ, одан не өнеді?.. Куәні апара алам ба?.. Апара алған күнде, ол адам куә бола ма?..»

Сырбайдың кеткеніне ол тағы да өкінді. «Өзі боп, осыны істей алсам, ғажап оқиға болатын еді... Айбаршаның Байжанмен бірге жатқанын көрсе, Сырбайдың не өзі өлер еді, не оларды өлтірер еді, болмады ол!..»

Әйткенмен, оның әлі де арманы Байжан мен Айбаршаны меңдуанаға жығып, Сырбайды қайткенде үстінен түсіру болды. Масақбайдың жалбарынған сезіне оның тез жауап бере қоймауы да осыны ойлағандық еді.

Егер Сырбай қона қалса, Тыртықтың ойы меңдуанаға байланысты қулығын Масақбайға естіртпеу еді. Енді не істеу керек? Байжан мен Айбаршаны мас қып жығудың реті келіп тұр.. Ендеше, бүгін оларды жығу керек те, Сырбайды үстерінен түсіру керек.

Ойы осыған тірелген Тыртық:

— Мәсеке! — деді, бір уақытта.

— Әу.

— Қалай ойлайсыз сіз? Байжан мен Айбарша ғой, тым жақын?

— Рас.

— Сонда, қай жақындық деп ойлайсыз сіз?

— Қайдам, бірі «балдыз», бірі «жезде» боп жүрген жоқ па осылар?

— Әй, Масеке-ай, — деді Тыртық, кейіген боп, — осы ақкөңілдігіңіз-ай, сіздің!.. Опық та жейсіз осыдан, сонда да қоймайсыз!..

— Сеніңше қалай? — деді Масақбай.

— Меніңше «балдыз-жезде» болатын бұл екеуі бір-бірінің қайбір «екі туып, бір қалғаны?» Анатолий Кондратьевич пен Сырбай дос деп, бұл екеуін де солардай дос дегіңіз келе ме?.. Қайдағы достық ол?.. Неменемен бекінген достық?.. Екі шал дос болған соң, бұлар да көз алдасады да, әйтпесе, үш қайнаса сорпалары қосыла ма бұлардың?..

— Сонда айтайын дегенің не?

— Айтайын дегенім, осылар сыртқы достықты жамылып, іштей де бір-бірімен жарасып алды ма деп ойлаймын...

— Дос болған соң іштей болады да. Сыртқы достық, — достық бола ма екен!..

— Әй, Масеке-ай! — деді Тыртық тағы да кейіген боп, — замечание айта беруге, жасыңыз үлкен адамсыз, ұят та, айтпауға және болмайды. Достықтың да достығы бар емес пе? Адам боп дос болу бар емес пе? Еркек пен әйел боп дос болу бар емес пе?.. Осы екеуінікі соның қайсысы деп ойлайсыз?

— Өзің қалай?

— Өзімше, бірінде әйел, бірінде күйеу жоқ, мен кісі танысам, осы екеуі жең ұшынан жалғасып боп, көптен де, Сырбайдан да қулығымызды асырдық десіп жүр.

— Маған сонысы керек, — деді Масақбай, «досының» сезіне енді ғана еліге бастап, — оған біздің қимамыз несіне қышиды. Кәрі иттің өзі бізге дұшпандық ойласа, біз неге достық ойлаймыз оған?.. Лайым да, осы айтқандарың рас болсын. Мен сомы рас болар деп қорықпаймын, өтірік болар деп қорқам...

— Одан қорықпа, Масеке. Енді расымды айтайын. Менің көзім жеткен оқиға бұл. Талай рет үстерінен де шықтым...

— Маған неге айтпадың бұған дейін?

— Қайтем, есек тасып. Онсыз да жетпей жүр ме маған, көлденеңнен тағылған атақтар?..

— Я, сонымен?..

— Сонымен, бұл екеуіне Сырбайдың кеткені жақсы болды. Рахатқа бағады олар...

— Сырбайды үстерінен түсірер ме еді өздерінің.

— Онда бізге тамаша болар еді, бірақ қалай?

— Осының ақылын сен тап!..

Тыртық аз ойланған болды да:

— Осы арада сенер кісіңіз бар ма? — деп сұрады.

— Бар, — деді Масақбай, аз ойланып.

— Анық сенетін кісіңіз ғой?

— Анық.

— Тіліңізді алады ғой.

— Алады.

— Не тіліңізді болса да ала ма?

— Алады.

— Сырбай сене ме оған?

— Сенеді — деді Масақбай аз кідіріп.

— Ендеше, былай болсын: Сырбайдың артынан сіз де барыңыз, түскен үйіне түсіңіз. Оның мол өнім звено құруын естіген және оны мақұлдаған боп барыңыз.

— Оған сенсе.

— Семдіре, бұған дейін ұнатпай келген кінәңізді мойныңызға ала сөйлеңіз. Ақкөңіл кісі, соған сенеді ол...

— Я, сонан соң?..

— Сіз сөйтіп отырғанда, артыңыздан сенетін адамыңыз барсын, қолына Байжан тығыз шақырған қағаз әперейін, «неге шақырды?» деп сұраса, «Дәулеттен келген ыңғайсыз хабар бар ма, немене?» десін барған адам. Шал сонда шыдамайды да келеді...

— Олай десе, келуін келеді ғой, — деді Масақбай, — бірақ, Байжанның өзі шақыртып, өзі Сырбай келгенде Айбаршаның маңына жолай ма?..

Күтпеген сұрауға Тыртық сасып қалды; өйткені, ол біреудің қолжазбасын дәл өзіндей қып түсіруге шебер еді де, Байжанның «запискасын» қолынан жасамақ еді, ол «өнерін» Масақбайға айтуға болмайды. Сондықтан ол жалтарды да:

— Байжан бір әдетке түсіп жүр, қазір, — деді, — ол кейде есігін жауып алады да ішеді және өлердей мас бола ішеді және Айбарша келгенде сөйтеді және кісі есебіне ішуді жақсы көреді. Шақырушыға қолынан қағаз алып бергеннен кейін, мен Айбарша екеуін араққа суарайын да жығайын, аржағын өзім білем ғой.

— Істей аласың ғой, осыны? — деді енді илана бастаған Масақбай.

— Айтқанымды орындамаған күнімді қашан көрін едіңіз?

— Сендім. Тамаша болады онда!..

Бірақ, олар бұл ойларына жете алмады. Әуелі бақылап алмақ боп, Тыртық Байжанның, кепесіне келсе, Айбаршамен екеуі ғана отыр екен. Олар Дәулет пен Гүлнарды еске түсірген өте бір әдемі кеңесте отыр еді, Тыртық бөліп жіберді. Оған Айбарша болмаса Байжан өкінген жоқ, себебі, еске түсірудің артына айналып, Айбарша жылауға таянған еді; Тыртықтың кіргенін көрген Айбарша, көзінде мөлтілдей қалған жасты теріс қарап сүртіп жіберіп, жайдары кісінің қалпына көше қойды...

— Жоғары шық! — деді Байжан, Тыртыққа, — шайға дөп келдің.

— Самауыр қайнаған болар, көріп келейін, — деп Айбарша көтеріле беріп еді:

— Жо-жоқ, сен де қонақсың, — деді Байжан түрегеп, — дастарқан жаюға жәрдемдессең болады. Самауырды езім әкелем.

Байжан самауырды әкелгенше, Айбарша столды жасап та үлгерді. Төбесіне үлкендеу аққұман қойылған самауырды үшеуі ортаға ала отыра бергенде, есіктен кеңседегі күзетші шал кіріп келді.

— Райком келіп қалды, — деді ол Байжанға, — сені тығыз шақырып кел деді.

Байжан Айбаршаға қарап еді:

— Барып кел, жезде! — деді ол. — Шайды тоса тұрайық, Рахмет ағай болса ала кел.

Байжан мен шал шығып кетті. Тыртық жылпыңдағанмен, Айбаршаның онымен кеңесуге реті келмей-ақ қойды, себебі, басқа жамандығын сезбегенмен, Дәулет пен Самарқанның таласында, Тыртықтың тілегі Самарқан жақта болғанын, Дәулет пен Айбаршаға тыңшы боп өсек тасығанын, Айбаршаға шын сырын ақтарғанда Самарқан айтып қойған еді; Тыртықты содан жек көретін Айбарша онымен жолықпауға, жолықса сөйлеспеуге тырысатын. Ол бүгін де сол қалпына бағып, Тыртықтың қасында аз отырғаннан кейін оның мазасыз сұрауынан жалықты да, әлденені сылтау қып тергі бөлмеден кетіп қалды. Қуанған Тыртық, лезде қалтасындағы меңдуанасын шәйнекке салып та үлгірді. Айбарша тыстан оралғанда, қыларын қылып боп, арты неге соғарын білмей, Тыртық тымпиып қапа отыр еді, іле асыққан қимылмен Байжан кірді де:

— Ал, Айбарша, мен жүрем, — деді.

— Қайда?

— Алмалықта тығыз жұмыс боп қапты. Рахмет ағайдың машинасымен кетем.

— Шәй ше?

— Оған уақыт жоқ, Рахмет ағайға «ас ішіп жүрсек қайтеді?» деп ем, өте асығыс екен.

Айбарша «қап!» деп өкінген белгісін көрсетті де, «сізді шығарып салайын» деп киіне бастады...

Тыртық оларға ере шықты да, тыста қоштасып жөніне кетті. Бірақ, ол зор өкініште кетті. Өйтпегенде қайтсын, сәті көп-ақ қалған сияқты қастығының «қаймағы» ойда жоқта бұзылды. «Үнемі ұшырайтыным сәтсіздік! — деп өкінді ол, — талабым тауға бір өрмелемей-ақ қойды. Бұл қырсық менен қашан арылар екен!..»

Өкініштен ешнәрсе өнбейтінін білетін Тыртық, аздан кейін, «енді не қастық істесем екен? деп ойлайды... Есіне тағы бір сұмдық орала қалған ол, тұра кеп Масақбайды тапты да, болған оқиғаны баяндады.

— Қап, сәтінің түспеуі-ай! — деп өкінді Масақбай.

Тыртық қосыла өкінген боп оны біраз ширатып алды да:

— «Үмітсіз — шайтан ісі» деген бар емес пе, Масеке, әйтеуір қастасатын болған соң тағы да айла ізденіп көру керек, — деді.

— Мысалы? — деді Масақбай.

Тыртық аз ойланған болды да:

— Колхоз егісінің басын таңдап қырыққанын білесіз ғой? — деді.

— Білем. Тұқым қорына деп қырықты ғой оны.

— Басқарма мүшелерімен ризаласқан жоқ қой?

— Жоқ.

— Ендеше, ол сүрінетін төмпешік осы. Колхоз басқармасы рұқсат бермесе, мұның аты социалистік мүлікті өз бетімен меншіктену болады, ол үшін, 7 августың заңымен, ең кемінде бес жыл абақтыда отырады.

Солқылдап Масақбай:

— Ол рас қой, бірақ жұртқа да, райкомға да мәлім іс бұл, сондықтан прокурор нұқсан келтіре алмай жүрмесе! — деп еді.

Одан қорықпаңыз, — деді Тыртық, — заңын тапса кімнің де қорғауға әлі келмейді. Райкомда оны жақтайтын Рахмет Дүйсенбин ғой, ол кісі жуық арада, Ленинградқа сыйлық апаратын эшелонды басқарып жүреді деп естідім, ол оралып келгенше, прокурор Сырбайды абақтыда жауып үлгереді, содан кейін мықты болса құтқарып көрсін!..

Екеуі осыған келісіп арыз жазушы іздегенде, қиналмай-ақ табыла кетті, ол Мырқы деген жігіт еді. Майданға құлағының мүкістігінен бармай қалған бұл жігіттің арызы не болу себебін Масақбай былайша баяндады:

Масақбайды үміті алдады. Арыз апарған Мырқыдан, прокурор осы арызды не мақсатпен беріп отырғанын аса қадағалап сұрады, өйткені, арызда көрсетілген дәнді Сырбайдың неге жинағанын ол жақсы білуші еді. Прокурордың бұлай сұрауын арызына дұрыс мән бергендік деп түсінген Мырқы, аңқылдап отырып, Масақбайдың да осы арызды қолдайтынын айтты. Ұзақ әңгімелескен прокурордың мақсаты, бұл пәлені тұтатушының кім екенін ашу еді, бұл жолы аша алмады; өйткені, пәленің Масақбайдан әрі кімге жалғасатыны Мырқыға мәлімсіз де. Тыртықтың, да тілеулестігін Масақбай оған айтпаған. Прокурор Мырқыны:

— Тексеріп көрерміз де, айыптыны жауапқа тартармыз, — деген сөзбен жіберді де, өз пікірін Рахметке кеп айтты.

— Дұрыс айтасыз, — деді Рахмет прокурорға, — бұл пәле іздеген арыз, оның түп тамыры қол қоюшыдан әрірек деуіңіз де дұрыс, соны табу керек.

Рахмет Ленинградқа сыйлық апарып қайтқанша, бұл жұмысты бітіруге прокурор уәде берді...

ОН ҮШІНШІ ТАРАУ

МОСКВАНЫ БЕРМЕЙМІЗ!..

Ленинградқа сыйлық апару туралы обкомның секретары Рахметпен сөйлескенде, бұл сыйлық Қазақстанның оңтүстік облыстарынан баратындығын, әр облыс өз сыйлығын жеке вагондарға артатындығын, Қызылордадан үш вагон баратындығын: біріне — күріш, біріне — ет, біріне өзге азық артылатындығын, үш вагонға үш кісі барудың қажеттігін, оның біріне Рахметтің өз кандидатурасын ұсынғанын, бір адам Арал балықшыларынан алынатындығын, енді бір адамды Сырдария каналы құрылысшыларынан алу керек екендігін айта кеп, кімді ұсынатындығын сұраған еді.

— Оны, құрылыстағы бастауыш партия комитетінен сұрау керек, — деген еді Рахмет, — барып білейін де, сізге телефон арқылы хабарлайын.

Рахметтің ойында Сырбай еді, мұны парткомның секретары Естай Бақбергенов те мақұлдады, бірақ өзімен сөйлескенде көнбей-ақ қойды, сондағы дәлелі:

— Қызғана құруға келістік қой, шырақтар. Тон қылатын терінің де пұшпағынан бастап уқалай бермей ме? Алдағы жазда бес гектар жер егем деп уәде бердім, оның уқалауы теріден гөрі қиындау ғой, мен жүдә соны айналдыра берейін де. Сақалды басыммен мойныма мұндай ауыр міндетті жүдә алмаған едім, алғаннан кейін, айтқанымды істемесем, жүдә ұят болады ғой жұрттан.

Шалдың сөзің бұл жағынан дәлелді көре тұра, майдан маңайын көріп қайтуы мақұл деп ойлаған Рахмет пен Естай, «осы бір сөзге көніп қалар» деген оймен:

— Сыреке, Дәулетті көресіз ғой онда, — деп еді.

— Ат-үсті көрген жүдә не болар дейсің, шырақтар, — деді Сырбай, — аман жүрсе болғаны да, үйде көруге жазсын!..

Бұл сөзі де рас болғанымен, Сырбайдың айтпай тұрған тағы бір дәлелі — сыйлыққа баратын азықтардың ішінде өз қолынан есірген дәні жоқ, құрғақ қол баруға аулады... Сырбайды көндіре алмаған олар, Айбаршаның кандидатурасын айтып еді:

— Жүдә, дұрыс, — деді шал, — оған баруға жол келеді.

Шал көнгенмен, Айбарша тез кене қоймады, ондағы себебі төмендегі еді: октябрь аяқтала, Қызылорданың қысы басталып кетті. Солтүстік облыстармен салыстырғанда, оның қысы да қызық. Кейбір күндері құлағыңды шымшитын аязына қарап, Сібірдің қысына ұқсатайын десең жерді жауып жатқан қалың қары болмайды. Қалыңы былай тұрсын, кей жерінде жүқасы да болмай, дала қарауытып, қоңырсиды да тұрады. Бұл түріне қарап, оны Түркістан, я Ташкент маңайына ұқсатып қаласың. Бірақ, түсі ұқсағанмен, «ісі» ұқсамайды. Түркістан тұсындағы қыстың лебі Сібірдің кейбір құрғақ, жылы күзінде қоңыржай, жылы келсе, Қызылорданың қысының ызыңдай соғатын өткір желі, маңдайыңнан темірдей қарып, бет бақтырмайды. Осы жел жердің бетін тастай қақита қатырып, тоңға айналған боз балшыққа кетпен шапсаң, баламен соққан шойындай шақылдап ұшқын шашырайды. Тоңның қалыңдығы кей жылда метрден асып кетеді және бір ғажабы — тоң, кей жерде кәдімгі судың бетіне қатқан мұзға ұқсайды. Мұзды ойса, астынан қайнап су шыға келуі сияқты, қалың тоңның астында, былқылдаған қоймалжың саз жатады. Тоңды аударса, астындағы қорқылдаған сазға адам батып кетеді!..

Сырдарияның жағасынан ертелі-кешті, ұлылы-кішілі арық қаза жүре, бұл араның тұрғын елі, жердің бұлай тоңданған кезінде кетпен шауып көрген емес. Бұл кезде Сыр бойының арық, не канал қазушылары тарайды да, көктем басталып, жер жібігенде ғана жиналады.

Жер тоңданған кезде Сыр елінің жұмыла кірісетін бір ісі — арық тазалау. Арықтың ыбырситын көзі күз. Күз бола басталатын Сыр бойының ызғырық желі, арықтарға құм үрлеп түсірумен ғана қоймай, даланың түбі осал, басы қомақты — жусан, изен, ебелек, қаңбақ, қара сораң сияқты шөптерін де тамырынан қопара қуып айдап әкеп, арықтарға тықпалайды.

Сырдың бойында, «түйеқарын» дейтін шөп болады, өзі шөлді далаға жапа-тармағай боп қалың шығады. Биіктігі кісінің бойына жақын, жуандығына үш-төрт кісінің құшағы әрең жететін бұл «түйеқарын» үрлеген резеңкедей доп-домалақ болады да, тамырынан жұлынса, демейтін жел болса-ақ, одыраңдай домалап, арыққа, я терең, шұқырға кездескенше тоқтамайды.

Түйеқарын тамырынан үзілетін кезде, дауылды бір күндері, Сырдарияның даласына қарап тұрсаң басын, айналатын ғажапты көресің: көтерілген шаңнан буалдырланған далада, бірін-бірі қуалап домалап бара жатқан ебелектер әлде нелерде үркіп бара жатқан пәлен мың қой мен ешкіге, түйеқарындар пәлен жүз түйеге ұқсайды. Жел жағыңнан қаптап домалап келе жатқан түйеқарындар, өзіңді таптап өлтіріп кететіндей әсер береді. Жалпы әсерін, дүние де сілкініп, жердің бетіндегі барлық өсімдік және жан-жануар түгел төңкеріліп құлап бара жатқандай, сен солардың сапырылған толқынының астында қалатындай боласың... Домаланған өсімдіктер арыққа кеп құласа одан пәле жоқ... әсіресе түйеқарын... Оның ұйысып қалып, ескен бұтақтары шаң-топырақты жинағыш-ақ. Бойына топырақ сіңіп алса, қопарып шығару да қиын. Балтамен шабатын ағаш емес, кетпенмен шабатын топырақ емес, күрекпен іліп тастайтын саз емес, суырып алуға адамның күші келмейді, түйемен тартсаң бір бөлегін ғана үзіп аласың, құрғап, кеуіп алған соң бұтақтары майысып, үзіле де қоймайды...

Осындай шөп-шаламмен, құм-топырақпен қоқталанып қалған арықтарды мезгілінде тазалап тұрмасаң, белең алған соң, бой бермей, талай арықтар бітеліп, құрып та кетеді. Бітелмегені, егінге дұрыстап су бере алмайды. Ұқыпты колхоздар арықты екі тазалайды: күз, жел бәсеңдеп, домалайтын шөптер азайған кезде, бір рет; көктемде, арыққа су жіберер алдында, бір рет. Екі рет тазаламаған арық, көңілдегідей болмайды.

1941 жылдың қысы басталып, тоңға айналған жер күш бермейтін халге жеткен соң, облыстық басқарушы ұйымдардың қаулысымен, Жеңіс арығының жұмысындағы кетпеннен арық тазалауға ауысты. Со кезде Сырбай, өзі егетін танапқа су апаратын арықты айналдыруға кірісті. Біреулер:

— Тоң қаздыра ма? — дегенде:

— Қолдың әлі жетпейтін қаттылық бар дейсің бе? — деп жауап берді ол, — жүдә әдісін таппайды да, егер тапса, адамның қолы қысқы тоңазыған топырақ түгіл, темірдей қайнаса біткен тастың да талқанын шығармай ма? Сәті түссе көрерсіңдер, жердің тоңданып жатқан кезінде-ақ арықты өз талабыма жеткізем.

Сырбайдың жұмыстан басқаны ойлауға уақыты да жоқ сияқты. Уақыт қайдан болады, егер тамақ пен ұйқыдан басқа кезде қолынан кетпен түспесе?.. Арық қазудың қызу жұмысына кіріскеннен кейін звено мүшелері оның қай кезде ұйықтайтынын да білмей қойды. Ымырт жабыла:

— Көне, жүдә, дамылдайық енді, — деп ол жұмысты доғартады да, кепеге кеп ауқаттанғаннан кейін көппен бірге ұйқыға кіріседі. Таң қараңғысынан оянып дағды алған серіктері бастарын көтерсе, Сырбай жоқ боп шығады... Бұл кезде ол кетпен шауып жатады... Күн сайын істейтіні осы!.. Сондағы мақсаты — канал құрылысы басталғанша, өз арығын қазып бітіру... Арықты бітіруде, Айбаршаның орны ерекше екенін өзі де біледі, өзгелер де біледі. Басында Айбаршаға Сырбай «жүдә, кетпенге түсіп қайтесің, Айым; жер тоңданған кезде ауыр жұмыс қой ол, жүдә жаның қиналады ғой» десе және осы сөзді расымен айтса, енді арық соның ғана күшімен бітетіндей көріп, оның кетпеннен кетуіне қынжылады...

Естай мен Рахметтің майданға апаратын сыйлықпен Айбарша бару туралы ұсынысына да Сырбай іштей қынжылып барып әрең көнді. Ол көнбес еді, егер Айбарша бұл сапарында Дәулетке де жолығар деп ойламаса... Сырбайдың байқауынша, өзін де, Айбаршаны да жігерлі жұмысқа жетектейтін бір ғана себеп бар сияқты, ол «жауды жеңіп Дәулет аман қайтады» деп сену, осы сенім сарқылар күн туса, екеуінің де қуат-күші сарқылатын сияқты. Сырбайдың шыдамы көпті көріп көнеленген, төзуге үйренген шыдам, сондықтан да ол баласын сарғая сағына жүріп, сабырмен түпкілікті, тұрақты жолығуды күтеді. Айбаршаның жас шыдамында ондай төзім жоқтығын Сырбай сырласпағанымен шамалайды... Айбаршаның майданға барып қайтуына оның көне кеткен себебі де осы еді; сондықтан, Айбаршаның да көнбеуін естігенде, ол жұмысты емес, өзінің көңілін қимау деп түсінді де, оған:

— Өлмей жұмысы бітпес болар адамның, барып қайт! — деп өтініш етті.

Расында, жұмыстан гөрі қайын атасының көңілін қимаған Айбарша, ол қиылып өтінген соң бармақ болды. Аттанар алдында ол Рахметке Тыртықтың меңдуана бермек болған әрекетін айтты. Екеуінің пікірі ол жөнде қосыла кетті; сонда айтқандары: «Бұл күдікті адам, кім екенін тексерту керек». Рахмет бұл жөнде тиісті орындарға тапсырма берігі кетпек болды.

Рахмет Сырбаймен қоштасты да, ертеңіне Айбаршаны ертіп Қызылордаға жүріп кетті. Олар күткен эшелон Қызылордаға сол күні кешке келді. Составта 14 товарлық вагон, кісі мінетін бір вагон бар екен, адам саны 12, басқарушы — Қазақстан Жоғарғы Советі Президиумының председателей, орынбасары. Составқа Қызылордада жүгі тиеліп даяр тұрған екі вагон тіркелді. Қазақстан өлкесінен шыққанда, составтағы вагонның саны 23-ке жетті, кісі саны 21.

Қорғаныс комитеті көрсеткен маршрут бойынша, бұл эшелон Рузаевкадан Солтүстік темір жолына бұрылып, Ленинградқа Вологда арқылы, одан Ладоға келіп мұзына Салған темір жол арқылы бармақ та. Бірақ, ол маршрут эшелон Рузаевкаға жеткен кезде бұзылып, жолаушылар Москваға тура тартты. Бұған өзгелер ренжігенмен, Айбарша қуанды, өйткені, адресін дәлдеп айтпағанмен, хаттарының сөз ыңғайына қарағанда, Дәулет Москва маңының бір жерінде болуға тиісті, сондықтан да ол Қызылордадан аттанар алдында Дәулетке авиапочтамен хат жіберген де, мүмкін болса Ленинградқа келуін, әйтпесе Москвада жолығуға қандай мүмкіндігі барын Ленинградтық Совет арқылы хабарлауын өтінген.

Рузаевкаға дейін бұл эшелонда келе жатқан адамдардың, ермегі — вагондарға артылған азықтардың бұзылмауын, ыдыстарының сынбауын, төгілмеуін қарау, ерекше суықта ұстайтын вагондардың ішіндегі мұздарын әлсін-әлсін ауыстыру, составты түнде кезектесіп күзету боп келген. Бұл жолда да Айбарша белсенділік көрсетіп, эшелон ішіндегі 13 жастан комсомолдық бригада құрған да, жұмыстың ауыр жағын міндеттеріне алған. Қайда болса да жастың аты жас. Жастардан құрылған бригадаға ойын-сауықпен атқарған жұмыс ермек боп, кідіре жүрген ұзақтау сапарда, күндердің қалай өтіп кетуі байқалмай да қалатын...

Куйбышевтан өте жылдамдатқан эшелонның жүрісі, Рузаевкадан өте, тіпті, шапшаңдап кетті. Одан әрі, вагондарды тексеруге суыт жүріс мұрша бермей, со күні түнде Москваға жетіп те үлгерді. Эшелон Казань вокзалының маңындағы бір тұйыққа қойылды. Бұл мезгілде түн ортасы ауғанмен, эшелон адамдары күндегідей ұйықтамады... Қалай ұйықтайды!.. Олар өзге жерде емес, Москваның қасында тұр...

Москва!..

Бұл қаланы Айбарша ең алғаш 13 жасында көрген еді. Со жасында оқу жылын барлық сабақтан үздік бағамен бітірген оны, аудандық пионер ұйымы, Москваға саяхатқа баратын отличниктердің бригадасына қосып аттандырған... Тілі сөйлеуге келуден бастап, «Москва» әнін айта ескен оның Москваны көруге жыл сайын құмары арта түсетін, сондай құмартқан қаланы көруге аттанғанда, қуаныштан тулап соққан жүрегі кеудесіне әрең сыйған...

Айбарша ол жолы да Москваға түнде жеткен еді, бірақ, ол жолы Москваның маңы да, өзі де мұндай емес те. Айбарша ол жолы Москваның 50-60 километрлік іргесінен бастап жиі кездесетін дачалардың, завод-фабрикаларының өзін «Москва осы болар» деп қасындағылардың сұрауымен мазасын алған... Олай сұрамауға болмайтын да: ашық түнгі аспанның жарқыраған жиі жұлдыздары мен толған айын түп-түгел жерге сепкендей, алысқа жайылған іргесінен бастап, Москва әлектр шамдарының жарығына тұнып тұратын!..

Енді ше?.. Енді, соғыс күндері керсе, Айбарша өз көзіне өзі нанбағанда... Қалай нансын, Орынбордан бастап түнде қай станцияға келсе де маскировка... Москваның төңірегі де, өзі де сондай: қайда көрсең — күңгірт сәулелі көгілдір шам. Бұрынғыдай жарқырап жанатын шам еш жерде жоқ. Неге бұлай болғаны жолаушыларға мәлім. Жолшыбай оқыған газеттердің хабарына қарағанда, жау Москваның іргесіне күн санап таянып келеді, сондай халде шам жарқырап қалай жанбақ!..

Ертеңіне эшелонның басқарушысы мен Рахмет Халық Комиссарлары Советі мен Орталық Комитетке барамыз деп кетті де, өзгелері қаланы қыдыруға жөнелді. Бастаушы — Айбарша. Олар қаланың соғыс кезіндегі бейнесін көрмек болды да жаяу тартты. Пионер кезінде кеп көрген жерлерін Айбарша ұмытқан жоқ екен. Серіктерін ол Дзержинский алаңына, одан Қызыл Алаңға апарды. Ондағы ойы-— Кремльді, Москваны көру еді. Кремльдің қақпаларының төбесіндегі, бұрыштарындағы еңсесі көтеріңкі, басы биік мұнаралары, айналасын кең қоршаған қорғаны қазір бұрынғыдан да айбында, биіктене түскен сияқты... Әне, Кремль ішіндегі Үкімет Үйінің төбесінде Лениннің қолынан тігілген қызыл ту-жалындай жайнап желбіреп тұр... Үйдің ішінде Сталин... Оның алдында Отанның картасы... Отанды қорғауға қай жерде нелер істеліп жатқаны картаның бетінде оған айқын; өйткені, соның бәрі өзінің басқаруымен істеліп жатыр. Картаға төнген ол асықпайды, абыржымайды, тыныстауына Отан кең, басқаруына халық ұйымшыл, жігерленуіне күші көп!..

Жолаушылар кейде машинамен, кейде жаяу қаланы аралап көрсе, Кремль төңірегіндегі сабырлылық пен салмақтылық, айбындылық пен тынышты қаланың, бүкіл бойына тарап тұр. Ұшқынның жалыннан, тамшының селден айырмасы жоқтығы сияқты, әр көшенің, әр орамның, әр үйдің өзін ұстай білуінде Кремльден айырма жоқ. Адамдары да сондай.

Күн батуға таянған кезде олар вагондарына қайтты. Вагон алдында Самарқан тұр екен, амандықтан кейінгі сөздеріне қарағанда, ол Москваға келген шаруаларын бітіріп, екі-үш күнде елге қайтпақ екен.

Кешікпей эшелон бастықтары да келді. Олардың айтуынша, әкелген сыйлықтар Москваны қорғаушы әскери бөлімдердің біреуіне арналып берілетін болған да, ертеңіне сол бөлімнің штабына сыйлық әкелген өкілдер барып, жауынгерлермен және командалық состав жолығысып мәжіліс өткізбек болған. Мәжіліс артынан, майдан маңында жүрген Қазақстан артистерінің тобы концерт бермек екен.

Мәслихатта сыйлық әкелгендердің ішінен, тылдағы еңбекшілер атынан екі адам сөйлемек екен, бірі — Рахмет, бірі — Айбарша. «Мені қойыңыздар, басқа біреу сөйлесін» деп, сыпайысыған Айбарша, серіктерінің әрқайсысын ұсынып еді, Рахмет «ЦК-да осылай ұйғарылды, өзгертуге болмайды» дегенді айтты. Сонда, ол сөйлей қалған күнде, қағазға жазып алмай-ақ, ауызша айтып-ақ, Айбаршаның алмас қанжардай жарып шығуына сенеді.

Ұйғарылған бөлімге олар ертеңіне түс кезінде аттанады. Артистер мен оларға екі автобус берілген еді. Айбарша алдыңғы автобуста. Автобустарды бастап, жеңіл машинамен, олар баратын бөлімнің екілі келеді.

Соғыс қаланың, іргесіне таяу екендігі, өкілдер қаладан шыға бере-ақ байқалды. Олар бойлай тартқан асфальтті кең шоссенің өн бойына да, айырылатын тармақтарының бойына да, көлденең я қиғаш келген жолдардың бойына да ерсілі-қарсылы ағылған соғыс құралдары, соғыстық автомашиналар, сапырылысқан әскери адамдар сыймайды!.. Жолшыбай кездескен сай-салалардың төңіректері сым-бекіністермен қоршалған... дөңестің ылди жақтарына, жарқабақтардың етегіне окоптар, орлар қазылған... кейбір «танк өтер-ау» деген қауыпты орындарға, айқастыра жымдасқан рельстер, кесек тастар тасталған... Әр жолдың тоғысқан жерінде, жүрісті тәртіпке сап және жүргіншілердің документтерін тексеріп тұрған әскери адамдар... Бір ғажабы, — ерсілі-қарсылы ағылған жүргіншілер есепсіз көп болғанмен, әр жолдың түйісінде олардың бәрі тексеріліп еткенмен, еш жерде іркілген, не ошарылған топ жоқ, бәрі де, арықтардың айқыш-ұйқыш жыраларымен тоқтаусыз жылжып жатқан судай, бет алған жағына бөгеусіз сарылдайды.

Осындай көріністің ортасын жара жүріп отырған біздің жолаушылар, бір мезетте қарағайлы қалың ну кеп кірді. Жуырда көбірек жаңбыр боп өтіп, жердің миы шығып сазданудан ба, әлде механизм кеп араласқан соғыс жағдайы осыны тілей ме, — орман арасын қасқалай, ағаштары оталған жолдар салыныпты да, бәріне де әлденеше қабат боп қарағай бөренелер төселіпті... Қарағай арасының тағы бір ғажабы, егер алаңқы жерлерде, жол үстінен басқа да бейсауат адам ұшыраспаса, мұнда, орман арасында қыбырлаған адамның көптігі орман ағаштарынан да артық сияқты!..

Жолаушыларды бастаған жеңіл. машина жыныс орманның арасын бұлтара кезіп отырып, аумағы тарлау бір алаңға алып шықты. Онда, әдетте өзіміз, Москва төңірегінде кездестіре беретін шағындау поселок бар екен. Москва маңының өзге поселок мұның да үйлері мен қора-қопсы сұрыпты қарағайлардан қиылған, сарайлар мен үйлердің көпшілігінің төбесі қаңылтырмен, біразы тақтаймен және черепицамен жабылған, сабан шатырлы үйлер жоқ, көшелерінде грейдерлі жолдар... Поселок көшелерінің жинақылығымен, үйлерінің, қора-қопсыларының таза және көркемдігімен көзді тартады.

Бастаушы адам жолаушыларды поселоктың орталау кезінде, шоқталған қарағай арасындағы ұзындау салынған үйге әкелді, оның клуб екенін сырт жобасына қарап, жолаушылар айтпай-ақ біле қойды. Сол маңда көп терезелі бір зор үй тұр, шамасы, мектеп. Штаб сол үйде екендігі, маңдайшада желбіреген қызыл тудан байқалады. Көшедегі адамдардың түрлеріне қарағанда, тегі, бұл поселоктың адамдары эвакуацияға кеткен болу керек — әскерліктерден басқа, қарапайым адамдар көрінбейді...

Клуб маңы сапырылысқан адам екен. Бірақ, бастаушы жолаушыларды клубқа емес, штаб үйіне алып кірді. Оларды құрметпен қарсы алған штаб начальнигі — бурыл шаш генерал-майор ол-пұл әңгіме айтып танысып алғанша, клубта жиналыс даяр болған хабары да келді.

Жиылыстың президиуміне қонақтар түгел кірді, артистерден басшылары ғана кіріп, өзгелері сахна сыртында номерлеріне даярланды.

Кең сахнаға президиум мүшелері шыққанда, іші қараңғы залға лық толған армия адамдары ду көтерілген қол шапалақтаумен қарсы алды, барьер ішіндегі духовой оркестр марш ойнап жіберді...

Айбарша президиум мүшелеріне арнап сахнаға, қызыл шұғамен жапқан ұзын стол астына қойылған орындықтардың кейінгі қатарына отырды. Штаб начальнигі жиналысты ашып, қонақтар адресіне құттықтау сөздер айтты да, содан әрі тыл мен майданның советтік отанда тығыз байланысы қандай қысқаша баяндап кеткенде, сөздерді тыңдай отыра, Айбаршаға бойын қобалжытарлықтай бір ой да келген еді, онысы, «осы клубтың ішінде Дәулет те отырса қандай керемет болар еді!..»

Осы ойдың толқынында отырып, ол начальник сөзінің де, одан кейін Рахмет сөзінің де қалай біткенін аңғара алмай қалды, тек начальник: «Сөз Сырдария каналының атақты жолдас Қарымсақова Айбаршаға беріледі» дегенде ғана ойына қайтты.

— Ендеше, — деді Рахмет Айбарша мен Дәулетке кезек жымия қарап, — екеуіңнің ұзақ уақыт ұштасқан махаббаттық жіптеріңнің майдан төңірегінде жалғасуына регистратор мен-ақ болайын!.. Құттықтаймын!.. Бақытты ұзақ өмір жасаңдар!..

Ол екеуінің де қолын алды... Қоштасарда:

— Сүйікті астанамыз — Москваны жауға бермейміз ғой? — деді Рахмет Дәулетке.

— Бермейміз! — деді Дәулет.

— Елге ала барамыз ғой, осы сәлеміңді?

— Әрине!..

ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУ

ЖАСАСЫН МОСКВА!

Москваға сапар шеккен Самарқан, қайда жүргендігі, не істейтіндігі туралы Наталия Остаповна Полещукке хатпен жиі хабарлап тұрды. Москвадан шығарда, Алмалыққа қай күні жеткендігін де ол телеграфпен хабарлады, бірақ Наталия күтіп алмады, соған өкпелегендей, біраз уақытқа дейін қатынаспауға бір ойлап қойды да, оған дәті шыдамады. Ол Тар тоғайға келсе балалар үйінің жабдығымен Наталия Қызылордаға кетіп қапты, телеграмма оның артынан келіпті.

Балалардың орналасуына және жағдай жасауға мүмкіндігі бар істі оның аямағанын дағдылы өмірдің рельсіне салып жіберу оған да, оның қызметтес серіктеріне де жеңілге түскен жоқ.

Ерекше күтім керек қылатын біраз балаларды жергілікті халық тәрбиесіне алғаннан кейін де, Тар тоғайға орналасқан детдомда алты жүзге таяу бала қалды. Оларға орын керек, тамақ керек, киім керек. Оның бәрін жеткізуге уақыт керек, жүріс керек, ынта керек, ақыл керек, іскерлік керек. Оларға қосымша детдом балаларының ішінде, өткен жылы бірінші класта оқып, биыл екінші класқа шығатындары және бірінші класқа жарап қалғандары бар, оларды оқыту керек, ол үшін де керекті жабдық аз боп па!..

Наталияға өсекті өзгеден гөрі көбірек тасушы — оның сырласы Пелагея Яковлевна. Бұрын канал құрылысында есепшілік қызмет атқарған оның Самарқанда көңілі болатын, ол ойының сәті түспеуін көзі жеткен соң, Самарқанның өзгеге деген махаббатына да сәтсіздік тілейтін. Сол тілегіне Тыртықпен арасында басталған драма дәл келе кетті. Екеуінің құрған планы: Айбарша мен Наталияның, Наталия мен Самарқанның арасына от жағу.

Көбейген өсекті Наталия Тоня апайдан жасырмады. Наталияның өсектерге елегізген қалпын байқаған Тоня апай, мәселенің анықталуын Самарқанның Москвадан оралуына қалдырды. Бүкпе сөзді білмейтін Тоня апай Тар тоғайға келген Самарқанға «осылай да осылай» деп естіген өсегін баяндап еді:

— Наташа соған сене ме? — деп сұрады Самарқан.

— Ол да пенде емес пе, — деді Тоня апай, — сенбегенмен елеңдейді. Бірақ сізді қарсы алмауы өкпеден емес, қызмет жайының солай келуінен...

Наталияны күткен Самарқан, детдомның хал-жайымен танысты. Бұдан үш-төрт-ақ ай бұрын, Алмалыққа алғаш келгенде, сүйектері терілеріне ғана іліккен, қан-сөлсіз арық балалардың кескіндері қазір нарттай қып-қызыл, денелері көктемдегі құлындай топ-толық.

— Декабрьдің 6 мен 10-ның арасында, яғни төрт күнде, — деді Айбарша қағазды оқып, — жаудан біздің 400 поселке азат етілген!

— Е, бәсе, осылай болса керек еді, — деді Сырбай. — Құдай тілекті берді. Москва — елдің жүрегі еді. Жаудың қолы жүрекке жетпеді деген сөз — жаудың жеңілгені деген сөз!.. Жаса, Москва!..

— Жаса, Москва! — деп ду-ду етті қасындағылар.

ОН БЕСІНШІ ТАРАУ

СОҢҒЫ СЕРПІН

Ленинградқа апаратын сыйлықпен Рахмет жүріп кеткеннен кейін, Мырқының атынан берілген арызды прокурор тексере бастады. Бұл жүйеде кеп жыл қызмет атқарып, істің анығын ашуға кәнігіленіп алған прокурорға, Мырқының шынын айтқызу қиынға түскен жоқ. Бірақ, Масақбай Мырқыдай болмай шықты. Арыз беруге себепші Масақбай екенін Мырқыдан естіген прокурор, Масақ» байды шақырып ап сұрағанда, «жо-жоқ, болмаған іс ол» деп жатты да танды. Жақын адамның сөзін айтып та, заң шылап та прокурор оны икемге келтіре алмады.

Масақбай сонша қасармас па еді, қайтер еді, егер прокурордың аузынан төркіні жамандау бір сөздің иісі шықпаса. Сыпайылап сөйлесіп отырған прокурор:

— Арыздың түрткіші сен ғана болсаң оқасы жоқ қой, Масеке, сені мен Мырқыдан ғана шыққан арыз болса, мұны жаба қою қиын емес; өйткені, әзірге бұдан «ел жарылып, Ертіс бұзылатын» ештеме жоқ. Мен осыған сен екеуіңді былықтырып жүрген басқа біреу бар ма деп қорқам және ол арам ниетті біреу ме деп күдіктенем. Маған тек соның жобасын сілтесең болғаны. Аржағында сен де тынышсың, Мырқы да тыныш. негізгі қылмысты табылған соң сен екеуіңнің маған керегің жоқ, табылған қылмыстымен қалай сөйлесуді мен өзім білем, — деді.

«Негізгі қылмысты», әрине, Тыртық. Оны тарпа басса прокурордың қолына «мә» деп бере қоюға — біріншіден, шын досым деп санайтын адамын қимайды, екіншіден, Тыртық та босқа өле қояр қу емес, жанына батып бара жатса, Масақбайды ала жығыларын біледі...

Прокурордың аузынан, Масақбайдың жанын одан да жаман түршіктіретін тағы бір сөз шықты. Кеңесіп отырған прокурор «пысық, іскер жігіт пе, қалай өзі?» деп Тыртық, мақтаңқырап отырды да, Масақбайдың ол туралы жақсы пікірін біліп ап, тағы біраз сөйлескеннен кейін:

— Масеке, сол Тыртыққа қаттырақ сенесіз сіз, ол өзі қаңғырып келген адам, ар жағында пәлесі жоғына кезіңіз жете ме? — деді.

«Ай, әлдеқалай болса игі еді, — деп күдіктенді Масақбай ішінен, — пәле іздеген сұрау ғой бұл!..»

Осы ойға келген Масақбайдың іштей жасаған қорытындысы: «Егер, Мырқыға арыз жаздыруда мені жетектеген Тыртық десем ғой, мына қоңырсыған сөз одан әрі бықсиды?.. Оның аты — езіме қарсы ерт салу!.. Қой, шатасқан үстіне шатаспай өйтіп!..»

Масақбай жолға шыққанда, Самарқан екеуінің купесі бірге болды. Оның мәселесі райкомда қаралғанда, Самарқан командировкада еді. Одан кейін екеуі жолығысқанмен, «бақытсыздығыма себепкер Самарқан» деп ойлайтын Масақбай, қырын қарап кеңеспейтін. Сол мінезін Масақбай осы жолы да істеп, біразға дейін тым-тырыс отырып еді, сөзді Самарқан бастап жіберді. Ол райкомда мәселенің қалай шешілгенін, осылай шешілуге өзінің қосылатындығын айта кеп:

— Біз екеуміз ғой, бір-бірімізге жау адам емеспіз, Масеке? — деген сұрау қойды.

— Қайдам, — деді Масақбай, — бұрын олай сияқты емес еді, енді не болғанын өзім де түсіне алмай қалдым!..

Біз әлі де жау емеспіз, Масеке. Неге жау боламыз? Екеуміз де бір тәрбиеде — совет тәрбиесінде естік. Қал-қадыры Отанымызға қызмет атқардық, әлі де солай атқарамыз.

— Сен болмасаң, мені қойшы, мен енді санаттан шыққан кісімін ғой.

— Неге, Масеке? Меніңше олай емес. Меніңше, келешегің жоғалған кісі емессің, сен. Неге жоғалады? Ленин айтпай ма: «Қателесу айып емес, қатені түзетпеу айып»

деп? Қателігін, болғаны рас. Бірақ, сен әлі жас адамсың, келешегің алдыңда. Қателігіңді түзегің келсе, партия саған жәрдемдеседі. Бірақ, түзелудің тетігі ең алдымен өзіңде ғой деймін.

— Қайдан менде болады?

— Сенде болуына бір ғана себеп бар ғой деймін: жұмысың обкомда қаралғанда, жалтақтауды қойып, ағыңнан жарылсаң, кешпейтін күнәң жоқ сияқты.

— Не дейін сонда, ағымнан жарылғанда?

— Жұмысың райкомда қаралғанда, Сырбаймен араздығыңның бас себебін Айбаршада менің көңілім болуға тірепсің...

— Өтірік пе, ол?

— Рас. Сенің маған жақтас болғаның да рас. Оның да қалтқы жоқ. Бірақ, сен Сырбайға менің намысымды жоқтап қана өшіктің бе?..

— Енді неге өшіктім?

— Турасын айтқанда, «құланның қасынуына, мылтық» тың басуы дәл келді» дегендей, «менің намысым» дегенің сылтауын, емес пе, Масеке?

— Бола-ақ қойсын делік. Сонда сенен басқа кімнің намысын жыртам?

— Ешкімнің де емес.

— Онда қалай?!.

— «Намыс» деген не ол? «Намыс» деген — адамның кісілігін қорғай білу деген сөз, анығырақ айтқанда: «Мені кемсінбе, өзіңе тең кер» деген сөз. Егер әлдекім сені өзінен темен ұстағысы келсе, сені басынғысы келсе, ондай қорлыққа көнуге болмайды, «намыс» деп меніңше соны айтады.

— Сеп өзің философ та екенсің ғой. Ие, құп, солай-ақ болсын, сонда?

— Сонда, Сырбайдың не Айбаршаның сені қорлаған күні бар ма?

— Қорлауларына жіберем бе мен?

— Ол өз алдына бір мәселе. Сен қиястыққа тартқанмен, мен турасын айтайын; өйткені, сенімен сөз жарыстырғалы отырған жоқпын, тыңдау, тыңдамау еркі өзіңде, саған соңғы рет достық сезімді айтқалы отырмын.

— Иә, ал тыңдадық...

— Меніңше, Сырбайдың саған достық ойлағаннан басқа айыбы жоқ. Турасын айтқанда, колхоз мүлкіне қолыңның қымқырмасы болғаны рас. Сырбай соған қарсы болды. Мұнысы қастық болар еді, егер өзіңе айтпай сырттан өсек таратса, өйткен жоқ қой. Сыр екен, мініңді бетіңе айтты ғой, сен оны тыңдадың ба? Тыңдаған жоқсың, достық сөзін қастық көрдің, мұқатқың келді, сонда таптым деген бір құралың сүйікті келінінен айыру...

— Солай-ақ болсын дейік, сонда сен неге араластың бұл «мұқатуға»?

— Мен араласқан жоқпын.

— Қалайша араласпайсың? Айбаршаны сүйген сен бе, мен бе?..

— Мен...

— Ендеше, не айтып отырғаның?..

— Сүю — қастық ойлау емес, Масеке, Айбаршаны сүйгенім рас. Оның, көңілін маған аударуда сені жәрдемдескенім рас. Сенің жәрдемге келгенің рас. Бірақ, «өзім білсем, оның адал жәрдем емес, арам жәрдем екен...

— Қалай?..

— Қызынба, Масеке. Сабырмен, тыңдасып сөйлесейік. Адал жәрдем болар еді, егер сен Сырбаймен өштеспесең, сол өштіктің салдарын оны сүйікті келінінен айыруды алдыңа бас мақсат қып қоймасаң... Адалын айтқанда сенің бас мақсатың маған жаның ашу емес, Сырбайды мұқату екенін өмірдің өзі дәлелдеп берді ғой, оның несіне таласасың.

— Бар айтарың сол болса, енді қой оны! — деді іштей мойындаған Масақбай, — сөздің қысқасы, обкомның бюросында айт деп отырғаның осы ма?

— Ол ғана емес.

— Енді не?

— Көпшік қойған сөзім емес, Масеке, достық сөзім, сендегі бір кемшілік — жетекке ергішсің.

— Кімге еріппін?

— Өзімнің, де айтқалы отырғаным осы еді, көлденең сендерге кетіп қалдық. Турасын айтқанда, сені оппалатып жүрген өзге емес — Тыртық.

— Сонда Тыртықты кім деп ойлайсың сен?

— Қайдам, кім екенің — деді Самарқан, — білсем тиісті жерлерге алдақашан айтпаймын ба?.. Қаңғырып келген біреу, .түбінің кім екенін кім біліпті оның... Тек, қылықтарына қарағанда келетін ой: нақ сау кісі емес ол... Көрерсің, Масеке. айтпады деме, түбі ауру боп шығады оның!.. Егер ондайы болса, үкімет орындары ашпай қоймайды... Соң ондайы болса, үкімет орындары ашпай қоймайды... Сондықтан, осы бастан одан іргеңді аулақ салғаның жөн!..

Масақбайдың ойы толқып қалды. «Мұның да жаны бар сөз-ау» деген ой кеп кетті оған. Бірақ, дәл, пышақ кесер жерге келгенде, «қорқақтық» деген құрғыр Масақбайдың бойын билеп кетіп, бюро мәжілісінде Сырбай жөнінде болған кейбір қателіктеріне мойындады да, Тыртық жаққа жоламады; бюроны басқарған секретарь бұл туралы біраз сұраулар беріп еді, Масақбай «онымен ешбір байланысым жоқ» деп танды да шықты.

Бюро мүшелері өзара ақылдаса кеп, Масақбайды колхоз председательдігінен алу жөніндегі қаулыны бекітті де, ақтық рет қатаң сөгіспен партияда қалдырды. Күріштен мол енім алу үшін Сырбай құрған звено бюрода бекіліп, тиісті жағдай жасалатын болды.

Бюро осы мәжілісте, райкомның Самарқанды аудандық жер бөлімінің начальнигі қып, Байжанды аудандық су шаруашылығының басқарушысы қып тағайындаған қаулысын бекітті. Канал құрылысын олар әрине осы қызметтерімен қатар алып жүреді...

Не халге ұшырағанын Масақбай обкомнан шыққанда ғана ұқты. Сонда ғана ол секретарьдың «адалыңды түгел ақтарған жоқсың, Масақбай жолдас, соған қарағанда сені партиядан шығарса да болар еді, бірақ, сен тегін, жат кісі емессің, қателіктеріңмен қабат біздің кісісің, сондықтан қатаң сөгіспен қалдырып отырмыз, мұны ескеруің керек» деген сөзінің бар салмағын түсінді. Бұл қылығына ол өзін қатты сөкті. Тыртыққа деген өштік оның жүрегіне сонда ғана бірінші рет байлайды. Егер осы арада Тыртық тұрса, түтіп жерлік халге жетті. Бірақ, Тыртық тым алыста да емес. Уәдесі бойынша, ол қазір Масақбайды пәтерде күтіп отыруға тиісті. Масақбайдың ойы толқи қалды: «Пәтерге бару ма?.. обкомға бару ма?..» Обкомға баруға кеш: оның мәселесін қарағаннан кейін бюроның мәжілісі жабылғанда, мүшелері көзінше тараған, қайта жиналуға уақыт кеш, түн ортасы алдақашан ауып кеткен, ендеше, ертең ғана барып сөйлесуге болады... Енді не істеу керек?.. Пәтеріне барса-ақ Тыртықпен шатасады... Одан не пайда түседі?..

Қызылорданың қараңғы бір кешесімен келе жатып осындай ойға шомған Масақбайдың есіне прокурордың сөзі тағы да түсіп, «сол Тыртықтың саяси қылмысы жоқ па екен?» деген ой кен кетті. Осы ойдың торына біраз шырмалған Масақбай, «енді бөгелер нем қалды» деді де, сырын түгел ақтаруға Ішкі Істер Халық Комиссариатының облыстық бөліміне тартты. Ол үйде сөйлескен қызметкерге Масақбай риза болмай шықты, өйткені, ол ішегінің қырындысына шейін ақтарғанмен, кеңесін ықлас сала тыңдады да, Масақбайдың кейбір көмескі сөздерін анықтайтын сұраулардан басқа жартымды ештеңе айтпай, тек қоштасарда айтқаны:

Хабарыңызға рахмет. Тексерерміз, анығына жетермін. Сізден өтініш: аузыңызға ие боларсыз.

Масақбай пәтеріне келгенде таң біліне бастаған еді. Қақпа алдында қараңдаған әлдекімді көзі алыстан шалған ол тесіле қараса — Тыртық!.. Қаны сол сәтте қайнай қалғанмен, ол өзін-өзі зорға деп биледі де, салқын қанмен амандасты. Сынағысы келген Тыртықтан, обкомның не қаулы алғанын Масақбай жасырған жоқ. Тыртық оны «қап, әттегене-ай!» деп аса қатты мүсіркеген болды. Масақбайдың:

— Енді қайтем? — деген сұрауына:

— Алдыңызда әлі де талай саты бар емес пе, — деді Тыртық, — республикалық партия комитеті бар, одақтық партия комитеті бар, соларға арыз берсеңіз, бірінен болмаса бірінен әділет табасыз.

— Әділет табар ем-ау, егерде оған дейін абақтыға жауып қойып көзімді ағартпаса!..

— Не деп жабады? — деген Тыртыққа Масақбай, өз жанынан құрастырған біраз сөзді, обкомда тағылған кінә қып айтып берді. Масақбайда әзірге күдігі жоқ Тыртық, «достың» сөздеріне иланды. Бірақ, партияда қалдырылған соң, абақтыға жабылмауы көзі жете тұра, үрейлендіре түскісі келді; сондағы ойы — ендігі көздеп жүрген бір мақсатына Масақбайды құрмандыққа шалу еді, ол мақсаты — басының аманында бұл маңнан ізін білдірмейтін бір жаққа таю; бірақ оған керекті қаражат қолында жоқ, Масақбайдан басқа, ондай қаражат шығатын кісі де жоқ. Мұндай ойға ол ертерек келіп, Масақбайдың мәселесімен аудан шұғылдана бастаған кезде:

— Жаман айтпай жақсы жоқ, Масеке, сіздің жұмысыңыздың беті қиындап барады, осының арты насырға шауып, басыңызға күн туа қалса, сіз күйген отқа менен басқа жанын сап түсе қалатын адам жоғын көріп жүрсіз. Сізге деген жүрегім таза болғанмен, қолымда қаруым жоғын да білесіз, мұндайда күн бұрын қам жемеуге болмайды, сіз ойлайсыз ба, осыны? — деген еді.

— Неге ойламайын, — деп Масақбай расын айтқанда, үйінде жиырма-отыз мыңдап сақтаулы ақшасы бары анықталған еді.

— Ол жетпесе, — деген еді Масақбай, — мал-мүлік жаннан қымбат боп па? Өтетінін сатармыз да жұмсармыз.

— Әрине, — деген еді Тыртық.

Тыртық Масақбайды абақтыға ауданда жабылар деп дәмеленіп еді, ол ойы болмады. Қызылордада жабылар деп еді, ол ойы да болатын түрі жоқ. Енді не істеу керек?

Бұл жөнде ойланған Тыртықтың ендігі табан тірегені: амалын тауып Масақбайды не Қызылордада кідірту, не үйіне соқтырмай Алматыға аттандыру, содан кейін, Масақбайдан әйеліне хат алып барып бар ақшасын қалтасына басу да, бет алған жағына таю... Ақылдасқан Масақбай оның ойынан шыға кетті.

— Енді не істерімді де білмеймін, достым, ақылын сен тап — деген Масақбайға:

— Республиканың басқарушы қызметкерлерінен танысыңыз бар ма еді? — деп сұрады Тыртық.

— Бар еді, — деген өтірікті айтты Масақбай, — және анау-мынау емес.

— Ендеше соған жету керек. ЦК атына жазатын арызыңызды да соған ақылдасу керек. Мұнда «жауып қояр» деген қауыпты өзіңіз айтып тұрсыз, мүмкін өйтулері де. Сізді қорқытпайын деді, әйтпесе, соншалық ауыр жазамен партияда қалдырғанға қуануға да болмайды. Оның аты — ұстараның жүзіне басып тұрмын деген сөз. Олай болса, бұл арадан тез кету керек те, Алматыға тез жету керек.

— Өзім де осы қорытындыға келдім, — деді Масақбай, — ойымыз бір жерден шықты. Қалтамда қаражатым аздау, бірақ, илансаң, үйге соғуға ет жүрегім сескеніп тұр.

— Оныңыз да рас, — деді Тыртық, — прокурор жақының болғанмен, сізге деген жүрегі қатып қалғанына көзіңіз жетті. Ол өзі қорқақтау және өзінен үлкенге жағымпаздау біреу боп шықты ғой, әйтпесе болмашы ісіңізді осынша бүлдіріп бере ме?..

— Бәсе, десейші!.. Төрт аяқты иттен де жаман адам екен. Ит те жақынын қаппайды. Ол мені анау-мынау емес, ойсырата қапты ғой...

— Рас, сондай кісіден не жақсылық күтуге болады?..

Болмашы бірдемені тары жаба салады да, абақтыға қамайды да қояды...

— Мүмкін.

— Ендеше, өзіңіздегі, мендегі бар қаражатты алыңыз да, Алматыға тарта беріңіз, артыңыздан азық-түлік ап, аңша ап жеңгей екеуміз де жетейік.

Жеңгеңнің керегі не? Үйде шаруасы, бала-шағасы бар, саған сенбеймін бе мен?

— Оны өзіңіз біліңіз, Масеке.

Өзбек тәртібімен салынған бұл үйдің төбесінде, «балахана» аталатын, екінші этаж сияқты, ішкі жағы ашық қабаты болатын. Масақбай қақпа қаққанда, Айбарша балаханада отыр еді. Қақпаны оның ұзақ уақыт ашпауына себеп болды.

Соңғы бірер жұмада больницада жатып шыққан Айбаршаның сауығып бұл пәтерге келгеніне екі-үш-ақ күн. Оның ауруына да себеп Тыртық болатын. Сырбайды, ол арқылы Айбаршаны қай ретпен болса да мұқата беруден ойы өзгермейтін ол, Алмалыққа соққан сайын, аудандық, военкоматта қызмет істейтін таныс қызына жолығып, майданнан келген хаттарды көріп жүруші еді; сонда оның көбірек көз салатыны Дәулеттің хаттары болатын. Дәулет хатты аса жиі жазатын және көрген-білгенін қызғылықты түрде жазатын! Оларды да тесіле оқитын Тыртықтың аса зер сап қарайтындары похоронное извещение болатын. Ел арасында «қара қағаз» атанып кеткен бұл извещениелердің ішінен Тыртық Дәулет туралы да хабар күтетін. Сөйтіп жүргенде оның тілегі қабыл бола кетті: біраз уақыт хаты үзілген Дәулет туралы да «қара қағаз» келе қалды. Бұған шегінен шыға қуанған Тыртық военкомат қызметкерлерінің алдында: «Әттеген-ай, аянышты өлім болды бұл!.. Шіркін-ай, жігітім-ақ еді-ау!» деп қайғырған болды да, «кім біледі, мүмкін үстірт айтқан хабар болар, бұл. Мүмкін, тірі боп шығар. Ондай оқиғалар кездесіп те жүр ғой; сондықтан, бұл мәлімдемені анығына жеткенше сейфке сала тұрайын» деп алып кетті. Бірақ, ол мәлімдемені сейфке салмады, тілін алатын біреуді жұмсады да, конвертке сап, сыртына «Айбарша Қарымсақованың өз қолына тапсырылсын» деген жазумен үйіне елеусіз апартып тастады.

Қызметінен үйіне кеп, конверт ішіндегі мәлімдемені абайсыз оқып қалған Айбарша, уатқан сөздердің біреуіне де құлақ аспай, еңіреп жылаудан демі бітіп талып жығылды. Осы оқиғадан бастап құсаға айналған Айбарша, ақыры Қызылорданың больницасына түсті. Онда да айығудың орнына меңдеп бара жатқан кезде, Дәулеттің «аманмын» деген хаты жарқ ете қалды. Хатты алған Сырбай, сол сағатта Алмалыққа аттанып поезға мінді де, больницадағы Айбаршаға табыс етті.

Арабтың ескі ертегісінде «Әбілхаяттың суы» деген бар, мағынасы — «тіршіліктің суы»; оны ішкен адам, ауру болса сауығады, кәрі болса жасарады, өлмей, қартаймай мәңгі жасайды. Дәулеттің «тірімін» деген хаты, Айбаршаға осы «Әбілхаяттың суы» сияқтанды. Көңілі көншіген Айбарша оңала бастап, Масақбайдың мәселесі обкомның бюросында қаралардан екі-үш күн бұрын ауруханадан шықты да, Анатолий Кондратьевичтің үйіне келді.

Сырбаймен бірге келген қонақтар сәскелік астан кейін аттанып кетті де, трактористер курсына түспек боп, Айбарша қалып қойды. Оңашаланған ол, Марфуғаны ұзақ айналып қалатын бір іске жұмсап, дарбазаны бекітіп қалды да, Дәулетке хат жазуға отырды. Қысқа аяқты дөңгелек столдың үстіне сия, қалам, қағаз әкеліп қойғанда, хатты жазуға кірісу мақсатымен, стол қасына төселген көрпеге отырғанда, оның көңілі жадыраңқы еді. Хатқа жазылатын сөздер «мені айт, мені айт» деп аузында таласып тұрған сияқты еді. Сондай көңілдегі ол, каллиграфиялық әдемі қолжазбасымен, «Дәулет» деген сөздің «Д» әрпін мықшита орай түсіріп, «ә»-ден кейінгі «у»-ды аяғын да өрнектей орап, өзге әріптерінің бәрін жіпке тізген маржандай қаз-қатар тізіп, аяғына леп белгісін қойды да, қаламын дәуітке сүйеді. Ондағы ойы, төс қалтасындағы комсомолға мүшелік билетінің ішінен Дәулеттің осы хатпен бірге келген фотокарточкасын алып, қарсы алдына сүйеп қойып, кескініне қарап отырып жазу еді.

Танк әскерінің капитаны алдына қарсы қарап отыра қалғанда, оның сақал-мұрты өскен жүдеу халін есіне түсіргенде кезінен жасы қалай ыршып кеткенін Айбаршаның өзі де білмей қалды. Осы жасты енді тыя алсын, көрейін!.. Жасын тыю былай тұрсын.

Айбаршаның жылау себебін жайғаса отырып сұрағысы келген Масақбай, дарбазаға кіре:

— Сырекең үйде ме? — деп сұрады.

— Ол кісі мана ауылға қайтып кетті.

— Қап!.. Кім бар бұл үйде?

— Менен басқа жан жоқ. Үйге жүріңіз!..

Масақбаймен үйге кірген Айбарша, гардеробтың ішкі бетін тұтас алып тұрған айнаға қараса, кескіні манағыдан да долырып кетіпті. Сонысынан ұялған ол қораның түкпіріндегі шыңырау құдықтың мұздай суымен жуынып келуге ыңғайланды.

— Ағай, — деді Масақбайға, стол үстіндегі жатқан Дәулеттің ұзақ хатын ұсынып, — мен жуынып келгенше, сіз мына хатты оқи тұрыңыз.

— Жақсы, — деді Масақбай.

Айбарша шығып кеткенде, артынан қарап қалған Масақбай «достық көңілмен жолығысуымыздың басы осы, — деді ішінен, — енді бізді ешкім айыра алмас!»

ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ

ДОСТЫҚ ТУРАЛЫ ХАТ

Айбарша тысқа шыға, Масақбай Дәулеттің хатын оқуға кірісті.

«Айым! — деп басталыпты хат, — егер мен жазушы боп соңғы бір айдың ішінде басымнан кешірген оқиғаларды түгел сипаттап бере алсам, Ұлы Отан соғысының ғажап бір бөлшегін көзіңе айқын елестететін тамаша роман болар еді, бірақ, «тәңірім» менің табиғатыма ондай қасиетті берген жоқ, сондықтан, білген тіліммен ғана жазуға тура келеді.

Ең алдымен асығып айтарым — жуырда ғана Гүлнарды көрдім... Гүлнарды!..

Армияның тілінде (басқа тілде де солай ғой деймін), қуанышқа ой білдірудің белгісі — уралау ғой. Сол сөз қазір менің де тіліме оралып тұр: ура, ура, ура!.. Мен Гүлнарды көрдім. Айым!.. Тағы да: ура, ура!..

Өзім жазушы болмағанмен, жазушылардың шығармаларын оқып жүрем ғой, Айым (ондай шығармаларды оқу майданда да уақыт табылады)... Мұны айтып отырғаным жазушылар шығармаларын қызғылықты ету үшін, сипаттайтын оқиғаларын бірден лақ еткізіп оқушылардың алдына теге салмай, шыжымдап отырып, біртіндеп таныстырады ғой; онысы дұрыс та ғой деп ойлаймын; өйткені, бар оқиғасын бірден айтып тастаса, шығарманың қызығы да болмас еді, оның қызығы — басталған бір оқиғаға оқушы «енді не болар екен» деп құмартып отыруда ғой. Оқушының, осы құмарлығын, романның аяғына дейін уысында ұстап отыра алмаған жазушы жазушы ма, тәйірі!.. Ондай жазушылардың шығармаларына менсінбей қарайтынымыз есіңде болар, Айым...

Жазушылар туралы айтып кеткен себебім, өзім жазушы болмағанмен, осы хатты жазуда жазушылардың әдісін қолданғым кеп отыр, сонда сипаттағалы отырған геройы — Гүлнар, сипаттайтын оқиғам — онымен менің қалай ұшырасуым; осы оқиғаны алдыңа бірден лақ еткізіп төге салмай, жазушылар, шыжымдай созып, біртіндеп таныстырғым келеді. Сенен өтініш: хатты басынан асықпай, сөзін тастамай оқы, әйтпесе қызығы болмайды, хатта басталған оқиға немен тынар екен деп, салған жерден аяғына қарама!.. Осыған келістік қой, Айым?.. келістік!.. Әкел қолыңды!..

Бұл менің саған Москва түбінде болған ұрыстардан кейін жазып отырған хатым. Одан кейін сен мені жоғалттың. Сонда мен қайда болдым?

Есіңде ме, Айым, бала кезіңде сен:

По морям, по волнам,

Нынче здесь, завтра там, —

деген елеңді айта беретін ең ғой. Соғыстағы жауынгердің тұрмысы, нақ сен айтатын сол елеңдегідей. Мұнда әскери бөлімдер де, жеке адамдар да майданнан майданға ауысып жатуы — біздің Қызылорданың тілімен айтқанда дағдылы үрдіс Сол үрдіспен, мен осы айдың басында Ленинград майданынан кеп шықтым, астымда өзіңе мәлім тұлпарым — танк.

Газеттен де оқып жүрген боларсың, «майдан» деген іркіс-тіркіс боп жататын бір дүние. Қарсыласқан екі жақ бірін-бірі түгел сырып әкететін аса бір ұлы шабуыл болмаса (мұндай шабуылды «генеральное наступление» дейді ғой), былайғы соғыста, қай жақтың болса да ілгерілеу дегендері алмаса береді. Оны айтып отырғаным — Москва түбінде біздің армия генералдық шабуыл жасап, жауды кейін шегеріп алып кеткенде, Ленинград майданының солтүстік жағында жау ілгері сұғынып келе жатты.

Сен география сабағына жүйрік болатынсың, сондықтан, «Ильмен» аталатын көлдің қайда екенін жақсы білесің. Мен Ленинград майданына ауысқан кезде, бізге шабуыл жасаған жау, Ильменнің батысынан солтүстік-шығысына беттеп келеді екен. Арпалыс аса қатты. Қарсыласқан екі жақ бір-біріне әрбір метр жерді қырғын ұрыспен алма-кезек алысып, берісіп жатыр... Жалпы хал: бұл арада жау ілгерілеп келеді, мақсаты Москва — Ленинград темір жолын кесіп алу...

Ұрысқа мен X... қаласының маңында араластым. Бұл араның жер өзгешелігі — қазақша «томар», орысша «болото» аталатын орындар аса жиі кездеседі. Саяңдау жерге біткен томарлардың үстіне қалың боп, өзіміз «күң шаш» атайтын өлең шөп пен ұсақтау қайыңдар аралас өседі. Беті былқылдап жататын бұл томарлардың асты қоймалжың саз. Саздың тереңдігіне кейде сырық бойламайды. Жаз күндерінде мұндай жерден машина түгіл атпен де адам жүре алмай сазға батып кетеді. Егер бата қалса, одан шығу қиын. Бетіндегі былқылдақ қыртыс жыртылып, аяқ сазға іліксе-ақ, қимылдаған сайын тереңіне тарта береді. Солай батқан аттар мен машиналардың сазға түгел батып, астына жоқ боп кеткенін көзіммен көрдім. Ондай саздардан ат түгіл адамның өзі де әрең шығады. Өз көзіммен көргем жоқ, біреулердің айтуынша, сазға адам да батып кеткен күні болған...

Ұрысқа мен осындай томарлардың арасында араластым, мен танктік ротаның командирімін...

Бұл арада болған аса қатты ұрыстың жайын саған жазбай-ақ қояйын; өйткені — біріншіден — хат жазған сайын соғыстағы арпалысты хабарлап мазаңды да алған болармын, екіншіден — осы хатта да сондай бір арпалыстарды амалсыз жазам; сондықтан, танктік ұрыстарды сипаттамай-ақ қоям...

Сонымен, қысқасы, аса қатты болған бір ұрыстарға араласып жүріп шегіндік. Шегіну жолында, жоғарыда аталған томарлардың ұшы-қиырсыз бір жалпы кездесіп, орап өте алмайтын болдық... Айтпақшы бұл қыс мезгілі ғой. Қыстыгүні томарлардың да беті тоңданып қатады екен де, танк, зеңбірек сияқты ауыр саймандар болмаса, жүкті арбалар мен грузовиктер, басқа ұсақ машиналар, аттар, адамдар ете береді екен... Сондай томарға кездескен соң, танктерді тастауға тура келді. Тастамас ең: томардан алатын емессің, бұрылып өтетін жол жоқ, жау қусырып қысып келеді...

Танктер жаудың қолында бүтін қалмасып деп қираттық та, алып өтуге мүмкіндігі бар заттармен ілгері беттедік. Есіңде болсын, шегінуден қиын дүние жоқ. Бұл арада шегіну туралы жалпы команда болғанмен, жоспарлы шегіну болмады. Оған мүмкін де емес сияқты, өйткені, жау бізді батпаққа әкеп тықпалап, екі жағымызды орап бара жатыр, тегі, жер жағдайын біліп, бізді сазға қарамақ-ау...

Томарға қамалғаннан бірер күн кейін жанталасқан арпалыспен бір топ адам қалың ағашқа кірдік. Есті сонда ғана жинасақ, ағаш ішінде бізден басқа босқандар да бар екен, бәрінің басы құрала келгенде екі-үш жүздей адам болды. Жан-жағымызға разведка жіберіп барлатсақ, Холм күншығысымызда жақын жерде екен, сонда ғана біздің бөлімдер жаумен қатты қарсыласып жатыр екен, өзге жағымызды жау орап алып кетіпті.

Бізге, әрине, өз бөлімдерімізге барып қосылу керек. Разведканың хабарына қарағанда, ол оңай да жұмыс емес; өйткені, орман мен қаланың арасы белестенген жалаңаш дала, бұл араға жау әлі жетпегенмен, біздің бөлімдер күшін Холмға тартқаннан кейін, самолеттері ерсіл-қарсы жүйткіп еркінсіп алыпты; сондықтан, біз ақылдастық та, қалаға түнді жамылып жетпек болдық.

Біз солай жеттік те. Қаладағы арпалыс адам ауызбен сипаттап боларлық емес екен: қаланың батысынан сол күні кешке келіп кірген жаумен біздің адамдар орамдар мен көшелер былай тұрсын, әрбір үй үшін соғысып жатыр!.. «Үй» дерлік үй де қалмапты: жаудың соңғы бір жұманың ішінде жерден де, аспаннан да үздіксіз төккен оғынан қалада тас-талқаны шығып қирамаған бір де үй жоқ, қай үйді көрсең де есік-терезелері аңырайып, қабырғалары омсырайып құлап жатыр, көп үйлердің орнында үйілген топырақ қана қалған, көше бойларында адам жүре алмастық боп шашылған дүние!.. Оның үстіне үй атаулының бәсін де өрт алып, бүкіл қала жалынның құшағында, қаланы тұмандай жапқан қошқыл қара түтіннен адам дем алып болар емес!.. Сатыр-күтір атыста құлақ керең боларлық!..

Бізге берген бұйрығы — жаралыларды тылға тасуға келіп-кетіп жатқан санитарлық поездарға адам тиесу болды. X... тан ондай поездар жүруге бір-ақ жол қалған екен, ол — Благое станциясына қарай.

Қызық енді келе жатыр, Айым!.. Бізді бастап әкелген командир, сіздер жаралыларды осы составқа тиесесіздер деп бұйрық бергеннен кейін, біз қызметке кірістік... Жуырда ғана бомбалаудан қираған вокзал, жалыны аспанға шыға өртеніп жатыр екен. Жаралылар соның маңында жиналыпты... «Мені әкет!» деп зар қағады... Сен шамаң келгенше көтересің... Шамаң келгенше жылдам қимылдап, көбірек тасуға тырысасың...

Осындай қатты қимылдың үстінде, бір адамның жүріс-тұрысы да, дауысы да менің көңілімді бөле кетті!.. Адам даусына қарағанда әйел... Сезіне қарағанда — бастық... Өйткені, жаралыларды тасығандарға бұйыра сөйлейді, жөн көрсетеді!.. Өзгелермен бірге өзі де жаралыларды тасиды... Және қарулы адам сияқты, денесі еңгезердей талай жаралыларды не құшақтап, не арқалап алып кетеді.. Жүрісі жылдам!.. Кейбіреулер оқтан жасқанғанмен ол жасқанбайды!.. Қайдағы қиын жерлерге барып кіреді!

Даусына қарап мен осы адамды Гүлнар ма деп қалдым!.. Даусын естіген сайын бұл жорамалым бекіне түсті!.. Бір сәтте өрттің жарығымен кескініне қарасам, айырып болар емес: бет-аузы қара-қожалақ күйе... Тоқтап тоқырап сөйлеуге уақыт жоқ... Содан кейін жұмыс үстінде тағы да бірнеше рет кескініне қарадым, тани алмадым, бірақ дауыс соныкі!.. Дене құрылысы да келетін сияқты!.. Аузымнан бір сәтте «Гүлнар!» деген сөз еріксіз шығып кетті... «Дәулет!» деп қалды, сонда әйел. «Гүлнар!..», «Дәукеш!..». Құшақтай алғанымды езім де білмей қаппын... жылап та жіберіппін!.. «Дәукеш! — деді Гүлнар ширақ дауыспен, — жылар орын бұл емес!.. Жина есіңді!.. Қызметіңе кіріс!..» Сонда ғана есім енді де, қызметке кірістім...

Біз жаралыларды тістеп поезд соңғы эшелон екен. Командиріміздің айтуынша, біздің, бөлімдер таңға жақын қаланы жауға тастайды да шегінеді, сондықтан, бізге болған бұйрық — жаралылар эшелонымен бірге кету...

Міне, біздің хал-жай қысқаша осылай, Айым!,. Меніңше, хаттың аяғына дейін үрейін, ұшқанмен, енді сен де саябырлайсың ғой деймін. Тек, тірі болсақ болғаны да, қалғанның реті келе береді ғой... бұл хатты әкеме де оқып берерсің, Байжанға да оқытарсың, бірақ, апама оқытпа, зәресі ұшып кетер... Сенен зор өтінішім: Гүлнардың қайда екенін тез хабарла. Оның адресі менде жоқ, іздетіп жатырмын, сенің хабарын, бұрын келуі мүмкін... Қандай жақсы адам, ол, Айым!.. Оның жақсылығына алтын, меруерт... тағы солардай қымбат дүниелердің біреуі де бейне бола алмайды оған, Горький айтқандай, үлкен әріппен жазылған «адам» деген ұлы сөз ғана бейне бола алады!.. Хат күтем, Айым!..

Д ә у к е ш і ң»

Хатты оқып отырып, Масақбайдың әлденеше жерде көзінен жас та шығып кетті. Хаттың сөзінен сөзіне көшкен сайын, осы сияқты адамға арам ниетте болғандығы үшін ол өзін сөге түсті...

Масақбай хатты оқып үлгерсін деді ме, әлде өзінің бабына қарады ма, Айбарша кідіріп, Масақбай екінші рет оқып жатқанда келді.

— Қалай екен, ағай? — деді Айбарша, хаттың қандай әсері болғанын Масақбайдың кескін-кейпіне аңғарып.

— Тамаша хат! Мұндай да дос адамдар болады екен-ау, шіркін!.. Дос болса осылардай болсын!..

— Я, аға, бұл — достық туралы хат!..

— Ендеше, осы достардың қатарына менің де қосылғым келеді, Айбарша!..

Ол Айбаршаға өз басында болған қателікті, оны қалай түзеуді ойлайтынын айтып шықты. Тек, «аузыңа ие болады ескеріп, Тыртықтың ұсталуы туралы ғана айтпады.

Масақбайдың, кінәсіне бұлайша мойындап келуіне де, майданға барам деуіне де аса разы болған Айбарша, Тыртық жөнінде сөз қозғауды орынсыз көрді.

— Аға, — деді ол қоштасарда, — адамгершілік достыққа әрдайым құшағым ашық. Тек, қалтқысыз адал дос болайық.

— Әрине, қарындасым!..

Екінші бөлімнің аяғы

ЖЕҢІС ЖОЛЫНДА

Үшінші бөлім

БІРІНШІ ТАРАУ

ЕГІС АЛДЫНДА

Йошкар-Ола қаласындағы госпитальда жатқан Гүлнарға барып қайтуға әлденеше талаптанғанмен, жұмыс жағдайы Байжанды босатпай-ақ қойды. Оған бөгет: жазылса жақындап қалды, көктем егісіне әзірлік басталды, биылғы егісті сумен қамтамасыз ету үшін, оған қажетті канал тармақтары даярланып болу керек, ол даярлық негізінде біткенмен, әлі де жөндей түсетін ұсақ-түйегі толып отыр, оның үстіне, обком Байжанды жуырда бюроға шақырды да, қосымша міндет қып, аудандық су шаруашылық бөлімін басқаруды жүктеді, енді қай колхоздың қай табанына қанша су берудің де графигін жасау керек, Осылардың бәрі Байжанның аяғын қауырт Жұмыстан бұра бастырмай-ақ қойды. Бұл жөнде оның жазған хаттарына тұлпар: «Ұғам, Байкеш, түсінем, жұмыс жайыңа. Міндетті қызметіңді ойдағыдай атқаруың — жеңіске жәрдем беруің, ол маған берген жәрдемің, ендеше мұнда келем деуді ойдан шығар» деп жауап қайырды.

Гүлнардың хатына қарағанда, айығып госпитальдан шыққан соң, елге өзі келмек, бірақ, тура келмей, жолда, госпитальда жатқан Дәулетке соқпақ. Байжаннан бұл хабарды естігенде көңілі босап көзіне жас алған.

Сондай ойдағы Сырбай, Байжан әйелін көргенде ерекше халге түсер деп жобалаған еді, олай болған жоқ. Гүлнар мінген поезд Қызылордаға тоқтағанда, нөсер жаңбыр тіпті үдеп кеткен еді. Номері белгілі вагонның алдына Байжан мен Сырбай бара бергенде, оң қолтығына балдақ қыстырған әскери киімді әйел шыға берді.

— Гүл! — деді Байжан құшағын жая, созған қолынан демей беріп.

— Байкеш! — деді Гүлнар түсе беріп.

Тек қана құшақтасып сүйісулері болмаса, екеуі де жылаған жоқ.

— Әкем қалай? — болды Гүлнардың аузынан шыққан бірінші сөз.

— Аман, командировкада, Алматыда...

— Бақыт?..

— Еңбектеп зырлап жүр... қаз тұра бастады...

Қасында Сырбай бары есіне жаңа түскен Байжан, оның да келгенін айтып еді:

— Қайда?.. Кәне!.. — деді Гүлнар.

— Мен мұнда, қызым — деп жақындай берген Сырбайды Гүлнар:

— Ата!.. Атажан! — деп құшақтай алды да, — Дәуке аман, ата, көрдім, жуырда жазылып шығады, — деді.

— Сені көрдім — Дәукенімді көрдім, — деді Сырбай Гүлнарды беттен сүйіп, — тек қайда жүрсеңдер де, аман жүріңдер, амандықпен көрісейік!..

Құшағын жазған Сырбай, сонша бейнет ішінен, сонша сағынып келген Гүлнардың көзіне жас алмауына, салмақты қалпын өзгертпеуіне іштей таңданды да қойды...

Сырбай қалада бірер күн ғана болды да, тура өзінің жұмыс участогіне кетті.

Ол Қызылордадан өзі қазып жатқан арықтың басына оралса, Бақбергенов Естай сонда жүр екен. Ол қазір «Кеңтоғай». колхозының бастығы да. Тыртықты саяси ұйымның тұтқынға алуы туралы хабарды естігенде, былайша қылмыстары бар деп ойлағанмен, дәл саяси қылмысы болар деген ойы жоқ Естай қайран қалды. Бірақ бұл жөнде нақ қылмысы барын өзі де білмейтін Сырбай, өзім Масақбайға жасағысы келген қастықтарынан есін айта алмады. Сондықтан, Естайдың:

Апырай, не саяси қылмысы болды екен мұның? — деп қанталай берген сұрауына:

— Оны қайдам, — деп жауап берді Сырбай, — менің білгенім осы, өзгесін Рахметтен сұрарсыз, ол ертең біздікіне келеді...

Тыртық әңгімесіне қайта оралған Сырбай:

Сен қонысы басқа ауылдың баласысың ғой, сырттан естігенің болмаса, егжей-тегжейін білмейтін де болған датқа тұқымының, олардың жайы былай боламын,-деп көрген, білгенін Естайға ұзақ әңгіме қып айтып көрді.

Адамның жаны шошырлық зорлықтарын айта кеп: Көрмеген кезге бәрі өтірік сияқты, — деді Сырым Датқа тұқымының арғы зорлық-зомбылығын естігеніне нанбас ек, егер көзіміз кермесе. Сары қожамен жүдә өстік қой біз. Ұрлықтың етін мешітіне тығып жегеніне көрдік. Бұхарға апарып оқуға берем деп, осы елден он шақты жетім баланы жинап ап, Қызылбас еліне келді Жүз жанды одан да артық түршіктіретін қылмысын да көрдік.

Мосқалдау бір адамды күзетке қойған, жігіттің қарғысы атты ма, әлде ауыр азапқа жаны түршікті ме, сол адам кешікпей жынданып кетіп, қор боп өлді.

— Өзіңіз қалай көрдіңіз, өлген жігітті?

— Ағаш деген қат емес пе осы арада? Бір жылы шығырдың тоғанына керекті торанғұлды іздеп, жігіт өлген аралға бара қалармын ба!.. Қалың торанғұлдың арасынан жуанын іздеп жүргенде, алдымнан әлгі илеу кездесе қалғаны!.. О, жасаған!.. — деді Сырбай, илеу алдында тұрғандай, үрейленген кескінмен, — жүдә көрмей жүр екенсің, көресіңді!.. Кіші-гірім киіз үйдің, орныңдай илеу!.. Биіктігі де кіші-гірім обадай.. Үстінде адамның арсаланған сүйегі жатыр!.. Жүдә зәрем ұшып кетті. Шегініп кеттім!.. Аздан кейін бойымды жинап, илеуге қайта жақындасам, алланың әмірімен, күн қақтаған сүйектей аппақ емес, қабығын аршыған тобылғыдай сап-сары!..

— О неден екен?!

— Құмырсқаның сілекейі май болады және майы сары болады дейтін еді, содан ғой деймін.

— Оны кім керген екен?

— Өзім де көрдім: іші ауру кісі о күнде құмырсқаның майын ішетін.

— Оны қалай алады?

— Илеудің маңынан жерошақ қазады да, қазанды асады, суды қазанға құяды, астына от жағады. Содан кейін, жүдә су қайнаған кезде, илеуді құмырсқа-құмырсқасын қоса қазанға салады. Құмырсқалар қайнағанда, судың бетіне сап-сары боп май шығады, соны қалқып алады. Өз ішім ауырып көрген жоқ, ішіп те керген жоқпын. Ішкендер «шипасы теріс емес» деседі.

— Қызық екен, — деді Естай.

— Мен естімеген ем, бұл.

— Тағы бір қызығы бар құмырсқа майының, — деді Сырбай.

— О не?

— Құмырсқа майын жаққан сақал-мұрт та, шаш та жүдә ағармайды деген сөз бар.

— Оны да істеген кісі бар ма екен? — деп сұрады Естай.

— Бар. Сағынай деген шал болған осы елде. Біз жігіт боп қалған кезде, жүдә жүзді алқымдап барып өлді, сақал-мұртына жөнді ақ кірмей, жүдә қап-қара боп мөлдіреп отырған кезінде қайтты. Со кісі семіз қойды сояды да, терісін сыпырып, етін құмырсқаның илеуіне тастайды. Илеуге, аузын жоғары қаратып құмырша қояды. Құмырсқалар етті жеп тауысқан кезде құмыршаны алса, ішіне сап-сары май ортаны боп қалған екен дейді. Сол майды, сол кісі сақал-мұртына, шашына жағып жүріпті. Ағармауы, жүдә, содан дейді...

— Апырай, ә! — деп Естай ыңырсып аз отырды да күлімсіреп бір қарап ап, — сіз нешеде, ағай деп сұрады.

«Елді сындырғың келмесе, оның ақысын жеме, ақысын жегенді, ел сүймейді; кеше аузынан жалын атқан патшаны да ақымды жеңін, деп тағынан түсірген ел емес пе бұл?.. Кеше бай-құлақтарды да ақымды жедің деп жойған жоқ па бұл ел?.. Сен жүдә, солардан мықты емес шығарсың, мұны бір деп ойла» дедім. «Екінші айтарым, — дедім, — сені, осы колхозды басқарсын деп сайладық. Адам атаулының мінезі жүдә бірдей емес — түзуі де, шәлкесі де бар; іскері де, жалқау да бар; елгезегі де, шаба да бар; солардың бәрін жинақы ұстамасаң, жүдә сиырдың бүйрегіндей бытыратып аласың; ендеше, елдің ақысын жеме, бірақ тәртіпті қатаң ұста» дедім. «Үшінші айтарым, — дедім, — біздің заман, нендей істі болса да ақылдасып атқаратын заман, жүдә, сен де соны істе. Өзің біліп тұрсаң да көпшілікке, әсіресе көпшілік өзіңе қоса сайлаған басқарма мүшелеріне ақылдаса сал, ісін, сонда ғана өнімді болады» дедім. Бейшара соның біреуін де істемеді. Колхоз мүлкін, жүдә, қымқырмаға салды. Онысын жасырып-ақ істеген болды; бірақ, оның көзі, жүдә, көптің көзінен кеп пе?!. Көп аңдыса кермей қоя ма?.. Бұл бір. Екінші, көпшілікті жинақы ұстай алмады. Қайдан ұстасын. Ұстар еді он қолы, оймақтай аузы жүдә таза тұрса!.. Аузы да, қолы да былығып жатты. Жұрт онысын жүдә көре қойды. Жұрттың көргенін білген соң, қоян-жалтақ түспеуге шарасы қанша!.. Жалтақ түскен кісі жүдә жарып сөз айта ала ма?.. Өз міні бадырайып тұрған кісі, біреудің мінін қалай түзейді?.. Айтпай ма — «әуелі өз мініңді түзе!» деп?.. Содан кейін басынып алмай ма оны?... Масақбай бейшараның халы жүдә осылай болды да қойды!.. Үшінші өз күшіне өзі сенбеген кісі, көпшіліктің күшіне қалай сенеді?.. Масақбай да сенбеді. Көпке ақылдасып істеуден қашып, өз бетімен жеке түйе айдады... Сонда ақылсыз жігіт емес ол, табансыз, ұшқалақ жігіт. Ақылдылық пен табандылық бойға қатар бітпесе бола ма? Табанды берік баспай тапқан ақылда құн бола ма?.. Масақбай табансыз жігіт болды. Ап-ақылды боп бірдемені жап-жақсы-ақ бастайды да, со қалпымен жақсылап аяқтауға, жүдә дегбірі жетпейді. Асығып, аптығып, ұшқалақтанып істеймін деп, дұп-дұрыс бастаған ісін жүдә қисайтады да алады... Сондай кісі колхозды басқарып отыра ала ма?.. Әсіресе, мынадай соғыстың сұрапылы соғып тұрған кезде?.. Сөйтті де, колхоздан дәмі әзірге таусылды. Алматыда Рахмет өзін көрген екен, хат бар ма деп сұрасам, соғысқа кеткен сау келген де, бейшара!..

— Әнеу күні санатсам, — деді Естай, — тамыр тартқан саны бұл колхозда жеті мың боп шықты. Биыл көктемде тағы бір сегіз мыңын ектірсем бе деймін.

— Оған қол тисе!

— Тигіземіз. Мектеп балаларының өздері-ақ отырғызып шығады, оларға қоса детдомның балаларын жабамыз. Тек шыбығын тауып берсек болды. Ол табылады.

— Кезінде көрерсің, оны.

— Электр станциясын орнатуымыз керек, Сыреке. Мынадай қараңғылыққа басындыруға болмайды.

— Дұрыс қой ол, бірақ қашан?

— Бірер жылдың ішінде. Оған дейін соғыс бітпесе ше?

— Бітпесе де орнатамыз.

Бұл сөзді Сырбайдың әрі қарай созғысы келмеді. Тек, ішінен: «Сөз әлпетің жақсы, ісіңді көрерміз» деді де қойды.

Естайдың пәтері жол кірген жақ шетте болатын, соған таяна бергенде:

— Біздікіне бармаймыз ба? — деді Сырбай.

— Атымды байлап барайын, — деді Естай.

Сырбай жөнеле бергенде: «Алтын шал, — деген ой келді Естайға, — колхозға қамқор шал...»

ЕКІНШІ ТАРАУ

БЕКІГЕН САҒА

Қызылорданың вокзалына кеп түскенше, Гүлнар өзін соғыс ішіндегі халде сезіп келген еді: сұрапыл соғыста жараланып госпитальға кеп түскенде оның көргендері жаралы жауынгерлер, госпитальдан шығып Дәулетті іздеп барғанда мінген вагоны әскердікі, одан Кинель, Орынбор арқылы Қызылордаға келгенде тағы да әскерлік вагонға мінді. Осы сапарында ол, тек қана тарсыл-тұрсыл атылған қарулардың, даусын ғана естімегені болмаса, соғыс рухының қалың ортасында жүрді.

Қызылорда станциясында күтіп тұрған машина мінгізіп ап жөнеп бергеннен кейін, жылдам жүрістен және құйып тұрған жаңбырдан жан-жағында не барын көруге үлгере алмаған Гүлнар, күтіп тұрған көпшіліктің шулай амандасқан қоршауымен өз үйіне кіргенде, ес білгелі көзі қанған бөлмелердің де, олардың ішіндегі мүліктердің де бәрі жат сияқтанып, жаңа ғана көріп тұрғандай таңдана қарады.

Оның бұлай қарауын жұрт екінші мағынада, яғни, «көрмегелі көп болған дүниесін сағынған екен» деп ұқты. Кеппен бірге солай ұққан Марфуға, амандасқалы келгендердің аяғы сиреп, Гүлнар оңашарақ қалған кезде, бейбіт күнде Гүлнар жақсы керетін заттарын, әсіресе балалық күндерінің ескерткіші көріп сақтатып қойған заттарын әкеп көрсете бастап еді, күтпеген жерден, Гүлнар олардың бәріне де құрақ-ұша қоймай, елеусіз, немқұрайды көзбен қарады. Өзге заттар былай тұрсын, соғысқа дейін және соғысқа аттанарда кеудесіне әлсін-әлсін басатын, басса қарамай қоймайтын, қараса қадалмай қоймайтын, бір қадалса ұзақ қадалатын және жай қадалмай, көз жасын төгіп тұрып қадалатын сүйікті шешесі — Шаһадаттың фотокарточкасын берді.

— Әрине, — деп бастады ол сөзін, — жата-жастана да келе берер ең, балам; бірақ, сен, жүдә, бұл жолы Анатөлдің ғана баласы боп кеп отырған жоқсың, жолда Дәукеніме соғып, оның да амандығын әкеп отырсың; сен келеді деген соң, үйдегі кемпір де аңырап отырған болар. «Ұлы сөздің ұяттығы жоқ» депті. Жүдә, біздің үйдегі кішкентайын да аңсаған боларсың, қаладағы үйіңді аман көрдің, енді біздің үйге жүр!..

— Жақсы. Барамыз, ата, — деді Гүлнар, — бірақ, бүгін емес, біраз күннен кейін. Жолдан шаршап кеппін, аздап тынығайын.

Сырбай жүріп кетті. Ертеңіне жұмысының қауырттығын айтып Байжан да жүрді, бірақ ол бір мәселеде көңілсіздеу кетті, онысы — «енді Қызылордадағы соғыстық госпитальға орналасатын боларсың!» деген сұрауына Гүлнардың: «Керерміз, расымды айтқанда ықласым майданға қайтуға да тартып тұр» деп жауап беруі еді. Өйтуіне Байжан әрине наразы.

Көшеде қыбырлаған жанға кездеспеген Гүлнар пәтеріне келсе, сыртқы есігі құлыптаулы. Байжанның айтуынша, бұл пәтердің қазір ол бір ғана бөлмесінде тұрады, өзге "бөлмелері осы қалаға эвакуациямен келіп, канал құрылысына орналасқан кейбір мамандарда. Құлыптаулы есікке не істерін білмеген Гүлнар скамейкада отыр еді, қасынан әлдекім салт атпен жанап өте берді. Дыбыс бергісі келген Гүлнар жөтеліп қалғанда, салт адам атынын, басын кілт тартып тоқтатты да:

— Бұл кім? — деді.

Самарқанның даусы сияқты!.. Сасып қалғандай не жауап беруге білмеген Гүлнар үндемеп еді, салтты атынын; басын бұрып бері қарай жүрді де:

— Кім бұл отырған?. — деді.

Самарқан таңданған дауыспен: «Сол да сөз бе екен?!.» деп келе жатты да, кілт тоқтап:

Сені мынау үйге апара тұрайын да, өзім Байжанға айтайын, — деді.

— Ол қайда еді? — деп сұрады Гүлнар.

— Жұмыс басында... каналдың сағасын бекітіп жатыр, сонда... Сендер майданға кеткелі, «күн», «түн» деген бізден қалған... Міне, мен де түн қатып егістің жабдығында жүрмін... Барлық күніміз де, түніміз де осындай...сонымен, сені мынау үйге апарайын да, мен...

— Бұл үйдің кімі бар еді? — деді Гүлнар.

— Екі баласы мен әкесі майданға кеткен, әйелі мен күйеуі каналдың сағасын бекіту жұмысында, қызы ФЗУ-да.

— Ұсақ балаларын кім бағып отыр?

— Ендігі үлкені он екіде болар солардың, осы үйге ие, кішкентайларының ас-суын жасап беретін сол деген. Оның үстіне оқып та жүр. Жақында сұрастырсам, отличник көрінеді...

— Әй, соғыс..., соғыс! — деп Гүлнар демін аса ауыр алды да, — оларды мазалап болмас, — деді.

— Ендеше... — деп келе жатып Самарқан аз кідірді де, — әлде, жұмыс басына барасың ба? — деді.

— Қалай? — деді Гүлнар, «жалғыз атпен қалай барамыз» деген оймен.

— Мен ат жегіп келейін.

— Салт атқа да міне алам, — деді Гүлнар күліп, — жуырда Дәулетті іздеп Орал тауына бардым ғой. Оның госпиталь! биікте екен, соған салт атпен-ақ шықтым.

— Сен салт атқа міне алсаң мен жаяу жүрейін.

Гүлнарды Самарқан атына мінгізді де, өзі жаяу жүріп отырды. Аттың аса жайлы және ұтымды аяң-жорғасы бар екен, сол жүрісімен ентелей басқан аттан Самарқан қалыспады. Мұндай аяңшыл адамды Гүлнардың бірінші көруі!..

Олар Алмалықтың шетіне шыға бергенде таң сібірлей бастады. Гүлнардың кезіне алдарында жота сияқтанған бір ұзынша қырқа шалына кетті. Кейбір күндері, тан, осындай боп атып келе жатқанда, дәл осындай боп, көкжиекті жағалай шөге қоятын қалың бұлт болушы еді. Жотаны «со болар ма?» деп жорыған Гүлнар Самарқаннан сұрап еді:

— Көтерме ғой, — деп жауап берді ол.

— «Көтермеңіз» не?

— Ұмытып қалғаның ба, «көтерме» деп «дамбаны» айтпай ма осы ел?

Самарқан Гүлнарды көтерменің салыну тарихымен таныстырып өтті.

— Биіктігі қанша? — деп сұрады Гүлнар, көтерменің иығына шыққанда.

— Алты метр. Анатолий Кондратьевичтің есебінше әлі де биіктете түсу керек, бірақ оған мүмкіндік жоқ: осы көтерменің өзін үш-төрт мың кісі жабылып, қанша механизм күші қосылып төрт-бес айда әрең бітірді. Анатолий Кондратьевичтің ұсынысын қабылдаса, әлі де сонша күш бес-алты ай жұмыс істеу керек. Оған уақыт қайда? Кісі қайда?

Гүлнар атынын, басын тартты да, былай да алысы-жақыны айқын көрінген кең өлкені, одан да биіктен шолғысы келгендей, сау аяғын үзеңгіге тірей, ат үстінде көтерілді. Қары кетіп болған Сырдария өлкесі бұл кезде әдемі бір бейнемен қоңырсып, сол маңайда араласа өскен шеңгел, жиде, сексеуілдер, екпінді желмен теңселіп толқынданып тұр екен.

Гүлнар кілт бұрылып, жалт қарап еді, Байжан теріс айналды да, тұқыраңдап ісіне кірісті.

— Гүлнар ғой, мынау?! — десті екі-үш адам...

Қысқа-қысқа амандықтан кейін Байжан да, өзгелер де жұмыстарына кірісіп, Гүлнармен олар сәскелік астың кезінде ғана сөйлесуге уақыт тапты. Қызылордадан асығып қайтардағы сездерін Байжан Гүлнарға қайталап айтып:

— Сіңбіруге уақыт жоқ, Гүлім, — деді, Гүлнармен екеуінің алдындағы қаңылтыр тарелкаға салған күріштің ыстық ботқасын, үлкен темір қасықпен ұртын толтыра асай отырып, — каналды жуырда ашуымыз керек, ол үшін сағасын бекітіп алуымыз керек. Дарияның суы қазір темен, осы кезде бекітіп үлгермесек, ертең су тасығанда бой бермейді. Судың тасуына да, сағаның ашылуына да айлап емес, күндеп-ақ уақыт қалды!

— Бұл сағадан қауіп жоқ қой енді?

— Жоқ қой деймін. Басынан асып кетпесе, бұл бекініс су жібере қоймайды.

— Қысқасы, саға берік бекілді десейші!

— Я, берік бекілді!

ҮШІНШІ ТАРАУ

ЖЕҢІСКЕ ШЕЙІН

Құрылыс жұмысымен танысқан Гүлнар, мұндағы істердің де қиындығы майданнан кем емесін, жетістікке ие болу үшін мұнда да кеп ақыл-ойлар сарп болатынын көзімен көрді. Осындай ауыр істерден қалжыраған кейбір минутта Байжанға ақыл беріп демеу боларлық кісі де көп еместігін аңғарды. Қызылорданың госпиталында қызметке қалуға бекінгенін, Гүлнар Байжанға осы сәтте ғана айтты. Бұл кеңестің ішінде болған Айбарша Байжаннан да артық қуанған сияқтанды.

— Апатай, — деді ол Гүлнарды құшақтай ап, бетінен сүйіп, — рухани шеше керек еді маған, сол шешем сіз болыңыз. Мен сізге, екеуміздің де сүйікті досымыз — Дәулет мақтанышпен қарсы аларлық еңбек атқаруға уәде берейін!.

Бұл хабарға Тәрбия да Айбаршадан кем қуанған жоқ. Ол енді, үйінде тұратын Гүлнар Бахытжанды алып кетер деп жорыды да, үйреніп қалған сәбиді іші қимағанмен, Гүлнардың кемтарлығын еске ала келе, беруге бекінді, сондықтан, баланы қолында барынша даярлауға кірісті.

«Гүлнар кеп қалды!» деп бір бала Сырбайдын, үйіне жүгіріп келгенде, Тәрбия Бахытжанды бесігіне бөлегелі жатыр еді. Ол кезде «іңгә» тартуға, шақырсаң сықылықтап күлуге, көзі қызыққанын ұстай алуға, еңбектеп жүруге жарап қалған Бахытжанды, «Гүлнар кеп қалды» деген сөзді естігенде, Тәрбия бесігінен суырып алды да, түбіт шалыға орай, далаға алып шықты. Үйден жүрегі тулай шыққан Тәрбия, машинадан түсіп жатқан әскери киімді Гүлнардың шолақ аяғы мен балдағын кергенде, көзінен жас ыршып кетті де, баланы Айбаршаға ұстата сап, өзі Гүлнарды бас сап, даланы жаңғырықтырған дауыспен көрісті. Со жылаудың үстінде ол, Дәулетті де, Гүлнарды да қатты сағынғанын, Гүлнардың кемтарлыққа ұшырауын қайғыра тұра, жаны аман қалуына қуанышын жыр қып айтып шықты.

Мауқын басып, құшағын жазған Тәрбияның көзі, бетінен сүюге ыңғайланған Гүлнардың көзіне түссе, жас шықпаған. Мұнысына іштей таңданған Тәрбия, Гүлнардың тоңазыған екі бетінен, маңдайынан сүйді де:

— Бақытжанды көрдің бе? — деп, Айбаршадан алды да ұсынды.

Тәрбияның қатты жылаған даусынан шошынды ма, әлде көптен көрмеген шешесін жатырқады ма, Гүлнар: « Келе ғой!» деп қолын созғанда, жыламсыраған Бахытжан кейін тырмысты.

— О несі, шешеңді жатырқап?! — деп Тәрбия баланы қорлап ұстатқысы кеп еді:

— Жылатпа, апа, — деді Гүлнар, — көзі үйренген шеше тұрғанда, жатырқаған шешені қайтсын ол!..

— Иіскейсің бе, аңсап келдің ғой?

— Аңсауға қол да тиген жоқ, апа! Бұл үйі, тәрбиесі бар бала ғой. Үйінен, тәрбиесінен айрылған балаларды айтыңызшы!..

Сөздерін қабақ шыта айтқан Гүлнардың ойын ауырлатқысы келмеді ме, әлде, далада ұзақ тұруды ыңғайсыз көрді ме:

— Үйге барайық, қалқам! — деді Тәрбия, — көзі қаныққан соң өзі де ұмтылар. Қаны тартпас дейсің бе!

Шешесін жаңа ғана шырамытқан сияқтанып, бала жымиды да, талпынып, иығындағы погонына қолын созды. Со кезде Гүлнар тіпті мейірленіп кетіп, бөбегін бетінен, мойнынан, желкесінен, білегінен сүйе бастады. Оның бұл қылығын есіктен сығалап көрген Тәрбия, қызғанудың орнына есіркеп: «Шіркін, ана-ай!» деді де көзіне жас алды; бірақ, ана мен баланын, бақытты сәттеріне бөгет болғысы келмей, жүріс-тұрысының сыбдырын сездірмеуге тырысты... Сырбайдың кірген шағы, Гүлнар ұлын сүю құмарынан шыққандай боп, талпынған сәбиді ойнатып отырған көзі еді.

«Бақытты сәттеріне бөгет болдым ба» дегендей, Сырбай үйге кіре беріп кейін шегініп еді:

— Ата! — деді Гүлнар.

— Иә, шырағым? — деп Сырбай тоқтай қалды.

— Келіңіз, ата!

— Жүдә кейін келем ғой...

— Келіңіз! — деді Гүлнар, әлгіден гөрі де өтінген дауыспен.

Жақындаған Сырбайға:

— Отырыңыз! — деді Гүлнар.

— Қасына отырып, «не айтасың, балам» дегендей кескінмен қараған Сырбайға:

— Кешіріңіз, ата, — деді Гүлнар, — жас та болсам, менің де атым «ана» ғой. Аналық мейірімім ұстап кетіпті, ата.

— Жүдә дұрыс. Бұрынғылар айтыпты ғой: «Балам, балалы болғанда білерсің» деп. Бала деген шіркін жүдә жақсы ғой, балам!.. Иә, балам, — деді Сырбай аз кідіріп, — жүрмек боп жатырмыз деді ме, Байжан?

— Иә, ата. «Жолаушы ақысы жүрсе өнеді» дейсіздер ғой өздеріңіз. Әйтеуір Қызылорда госпиталында қалатын болған соң, қызметке тез жету керек, соғыс жағдайы қыдыруды көтермейді. Тек Дәукешті көргенше қамкөңіл ғой деп, Тәрбия апайдың ғана көңілін аулап кетуге келдім.

— Жеңістен кейін, ата. Сонда ғана армия қатарынан босанам ғой.

— Сонымен, бұл нәресте, жеңіске шейін тұра береді десейші, балам?

— Иә, ата, жеңіске шейін!..

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

БАСТАЛҒАН САБАҚТАР

Сырбай сол күні қонақтарын тағы қондырды да, түнгі мәжілісте бірге болған Естай, жұрт тарағанда, Наталия мен Айбаршаға ере қайтты.

Наталия Естайға жолшыбай Райзоның тапсырмаларын, әсіресе Сырбай звеносының биылғы егіс жоспарын тез жасап әкеп беру туралы тапсырмаларын айта кеп, қашан сөйлесуді сұрап еді:

— Бүгін кеш боп қалды ғой, — десті Естай.

— Енді қашан?

— Сіз ерте оянасыз ба?

— Өзіңіз ше?

— Колхоздың председателіне кеп ұйықтауға болмайды.

— Әркім өз қызметінде председатель де, — деді Наталия. — Кел деген сағатыңызда барайын.

— Дарияның бір түбегінде қойлар жатыр еді! — деді Естай, — солар арамза туа бастады деген хабар келді; бала-шағадан, әйелдерден қойған шабандар, күз қошқарды бетімен жіберсе керек. Енді туған қозыларды өлтіруге болмайды. Сол жаққа қазір аттанам да, қажетті шараларды қолданып, таң біліне қайтып келем.

— Одан қайтқан соң тынығатын боларсыз? — деді Наталия.

— Мен соғыста болған кісімін ғой, — деді Естай, — Сонда дағдыланып қалсам керек, мызғысам-ақ ұйқым қанып қалады; кейде, ат үстінде келе жатып қалғысам да тыңайып қалам. Илансаңыз, колхозға бастық болғалы төсек сап ұйықтаған кісі емеспін. Қалай ұйықтайсың: бұл, малды колхоз, оның бір бөлегі — екі жүз шақырым жердегі Телкөлде, мына жағы — жүз шақырым жердегі Қызылқұмда, бір жүйесі дария бойында. Қыс аяғы қаттылау болды биыл. Малдар жүдеу. Оларды өлтіріп алмаудың шарасы аз жұмыс емес. Жуырда «Телкөлге.» қалың қар жауып қап, арық-тұраққа шөпті самолетпен жеткіздік.

— Қиын жұмыс ол, — деді Айбарша.

— . Көктем егісіне даярлық оңай боп па, — деді Естай. — МТС бастықтарының салақтығынан және соғыс әрекетіне байланысты, кейбір керекті саймандары табылмағандықтан, бірнеше трактор тұрып қалатын қаупі бар. Біздің колхозға жалғыз-ақ, ескілеу «универсал» тиеді деседі.

— Оған көнгем жоқ, — деді Айбарша, — директормен дауласып отырып бір алып белгілеп кеттім. Ескілеу машина, бірақ ремонты жақсы істелген.

— Оның жақсы болған екен, бірақ, жанармайы жетсе. Соғыс әлегінен, биыл шағын болатын түрі бар ғой.

— Кезінде көрерміз оны, — деді Айбарша.

— Өткен жыл бұл колхоз 375 гектар егін сепкен екен, — деді Естай, — биыл егіс жоспары 450 гектар, соны түгел сеуіп шығуымыз керек, оған күз даярлаған пар 80-ақ гектар. Күзгі егістен он бір-ақ гектар себілген, өзгесінің бәрі көктемдік егіс, соның 150 гектары күріш болуға тиісті, оның жері де, тұқымы да жетпейді. Осынша жұмыстың арасында кісі қалайша төсек сап ұйықтап жатады?..

— Осы ауыр жұмысқа ризаласқан өзіңіз ғой, — деді Айбарша.

— « Әрине, өзім, — деді Естай, — біз істемегенде кім істейді, тылдың жұмысын? Менің еркіме салса, мұнын, бәрін қойып майданға кетер ем, оған қол кемтар!..

Соңғы сөзін күрсіне айтқан Естайдың халіне ортақтасқандай, екі қыз оның көңілін жадырату мақсатымен қалжыңдар айта бастағанда, олар ажырасатын жерге кеп қалды.

— Ал, қарындастар, — деді Естай, — мен енді үйге бұрылып да аттанам. Ерте оралармын.

Мысалы қай кезде? — деді Айбарша. Мысалы ма? — деп Естай аз кідірді де, — таңда — деді.

— «Қамқорлығыңа тәңір жарылқасын, ата!» деп; «жалғызың аман келсін, игілігін көр!» деп; «мен саған масыл болмаспын, ата, үйренгенше аямай жұмса, үйренген. Оң өзім де құлақ қақтырмаспын» деп; осының бәрін жылап отырып айтып, жүдә жүйкемді босатқаны!

— Онда рас, ақылды кісі екен, — деді Естай, — звеномыздың мықты кісісінің біреуі болады бұл. Тағы бір мықты кісі табайын ба сізге?

— Кім ол?

— Біздің үйдегі келініңіз.

— Сіздің үйдегі келін?! — деді Сырбай таңданған дауыспен.

Олайша таңдануы — Естайды еткен жаз бір қызға үйленіпті деп естігенмен, кескінін көрген жоқ еді, кім екенін білмейтін еді.

— Ие, келініңіз, — деді Естай күлімсіреген кескінмен, — Мақта гүл, өзім «гүлін» қойып «Мақтасын» ғана айтам. Ортан қолдай мықты келіншек, анау-мынау жігітіңді ұстаса кетсе алып ұратын. Сіздің звеноңыздың бұрынғы адамдарынан үшеуі бала ғой. Олар да жүре берсін, бірақ, мына екі келіншек те қосылсын, сонда звеноңыз адам күші жағынан толық болады.

— Мақта келін көне ме оған? — деді Сырбай.

— Көндіріп қойдым.

— Жүдә жақсы.

Жолдары айрылар жерде, Сырбай:

— Қонақтар жинала тура біздің үйге кел, келінді ерте кел, дастарқандас бол, — деп дағдылы сыпайылығын айтып еді:

— Рахмет, ата, кеңседе жұмысым бар еді, — деп рұқсат алды.

Естай колхоз басқармасының кеңсесіне беттеген кезде, көктің шығыс жақ жиегін, шығар күннің сәулесі тотының қанатындай түстермен құлпырта бояй бастады. Со кезде күнгей жақтан қоңыржай самал да есе қап, таңға жақындаған мезгілден есінете бастаған Естайдың ұйқысы ашылып, бойы сергектеніп кетті.

«Қыздар қайда екен? — деп ойлады ол, Наталия мен Айбарша туралы, — үйлерінде ме екен, кеңсеге келді ме екен?»

Қыздар кеңсеге таң ала-көбе бола бастаған кезде-ақ келген еді. Кеңсенің күтуші әйелінен Естайдың келмегенін естіген олар, сонда күтпек боп, кеңсенің есігін аштырды.

Кеңсе колхоздық клубтың ішінде болатын. Колхоздың орталығындағы алапқа салынған, қабырғалары қам кесектен қаланған, соғыс салдарынан төбесі қаңылтырмен емес, буылған қамыспен ғана жабылған, сәкісі мен төбесіне тақтай төселген ұзыншалау бұл үйдің ішіне кірсең, ұзын коридордың он, жағында колхоздық мекемелердің кеңсесіне арналған бөлмелердің есіктері кететін де, сол қолдағы ішкі ұзын қабырғада екі есік тұратын; мұнын, бірі — клубтың залына, бірі — сахнасына кіретін есік.

Қыздар клубтың ғана есігін аштырды, өйткені, күтуші әйелдің айтуынша, «ертең колхозшылардың жиналысы болады» деп, Естай өткен түн клубтың пештерін жақтырып қойған екен.

Үй іші сәулеленіп қалғандықтан, қыздар клубқа шам жақтырған жоқ.

Қыздар төңірегін шолса, көрмеген соңғы бірер айдың ішінде, клуб бұрынғысынан әлдеқайда түзеліп, салтанаттан қапты: бұрын қара-қожалақ кір боп тұратын қабырғалар ақпен сыланып, соғысқа және шаруашылық мәселелеріне арналған түрлі плакаттар ілініпті; сәкі қазір аппақ боп жуылған, скамейкалар қаз-қатар қойылған, төбеге үш жерден керосиннің аспа шамы ілінген, бұрын кірден тұратын ақ шымылдық қазір өзгеріп, оның сахнаның бір бүйіріне қарай сырылған жаңа шымылдық құрылған. Қабырғаларын әр бояулы әшекейлеген сахнаның төрінде, облыстық атқару комитетінің мал шаруашылық жөніндегі ауыспалы туы мен колхоздың өз туы қатар ілінген, екі тудың орталығында Лениннің портреті.

— Естуімше, — деді ол, — колхозшылардың жуырда болған жиналысында Естай ағай осы мәселені көтеріп, биыл орталыққа үш гектар капуста отырғызбақ болған, одан кейін ,үй иесі әйелдердің мәслихатын шақырып, мүмкіншілігі барларына, жеке меншігіндегі огородтарына капуста отырғызуды өтінген, көбі мұны мақұлдаған...

— Это замечательно! — деді Наталья.

— Бұл қуанарлық іс. Бірақ, сол капуста егетіндердің көбінде тәжірибе жоқ, сондықтан, еңбегі еш боп жүрмесе ие қылсын!..

— Неге еш болады, — деді Наталия, — мен ше?.. Тек, ексін өздері, мен оларға қалай үйретер екем, жақсы шығаруды!.. Ведь это — наше украинское дело!..

— Өте жақсы болар еді ол.

Клуб ішін түгел шолған екі қыз, таңның түрлі көркем бояуымен құлпыра бастаған шығысқа терезеден қарап, тамашалап тұрғанда, салт мінген Естай көлденеңдеп өте берді.

— Шығып қарсы алайық, — деді Наталия.

— Болсын.

Екеуі қолтықтасып есікке қарай жөнеле бергенде:

— Өте ынталы кісі, — деді Айбарша, — канал құрылысында да көпшілікке ісімен жағып жақсы басқарып еді, колхозға да жаман бастық болмас деймін.

— Мен де солай ойлаймын.

Қыздар мен Естай нақ есіктің аузында жолығысты.

— Уәделі кезден кешіктіңіз, ағай, — деді Наталия қолдасып амандасқаннан кейін қалжыңды кескінмен.

— Өзі кешікпеген болар, жеңгей бөгеген болар, — деді Айбарша.

— Сіздерді мен күйеуге берермін де, кімнің кешіккенін содан кейін көрермін, — деп қалжыңға қалжыңмен жауап берген Естай клубқа кірді. Қыздар соңынан ерді.

Кабинетінің кілті Естайдың қалтасында екен, сонымен ол есігін ашты да:

— Өтінем! — деді қыздарға жол ұсынып.

Кабинетті қыздар жақсы біледі. Масақбай клубты салақ ұстағанмен, кабинетін ете сәндеп, терезелері мен есігіне көк барқыттан перде құрғызған, орындықтарын, столын әдейі Алматыға барып, мебельдер дүкенінен таңдап әкелген. Өзі отыратын столдың алдына ұзынша стол қойдырып, үстіне жасыл шұға жаптырған. Қабырғаларға көсемдердің көркем жасалған портреттерін ілдірген. Бұл колхозда әлі электр станциясы салынбағанмен, кабинеттің төбесіне ол салпыншағы, әшекейі кеп люстра ілдірген.

Естайға ере кірген қыздар кабинетті кездерімен шолса, салтанаты бұрынғы қалпында екен.

— «За круглым столом...» дегендей, ақылдасып алатын шаруамыз бар ғой, алқа-қотан отырайық, — деп, Естай қыздарға ұзынша столдың екі жағынан орын нұсқады да, өзі бас жағына отырды.

— Сіз осы жөнде, со кісімен сөйлесіп жүретін едіңіз ғой? — деді Айбарша.

— Сырекеңмен дейсің бе?

— Иә.

— Сөйлестім. Құрылыс басында. Ол өз алдына бір мәселе. Сонымен, қысқасы, партия ұйымы ойдағыдай іс жүргізе алмаған соң, колхоздағы қоғамдық істер салақтыққа салынып, бытырап кеткен; әйтпесе, бұл колхозшылардың ұйымшылдығы да жақсы.

— Қазіргі парторг кім екен? — деп сұрады Наталия.

— Бұрын тоғыз коммунист бар екен бұл колхозда, — деп жауап берді Естай, — оның алтау майданға кеткен. Қалған үш коммунистің біреуі — қой фермасында шабан, енді біреуі — астық сарайының кілтшісі, қазіргі сол...

— Батия апай ма? — деп сұрады Айбарша.

— Сол кісі, — деді Естай демін ауыр ап.

— Шала сауатты кісі ғой ол.

— Иә! — деді Естай, — шала сауатты және жасы кеп қалған әйел!.. Сонымен, қысқасы, бұл колхозда жұмысты тиісті сатысына көтереміз десек, ең алдымен партия жұмысын және комсомол жұмысын жолға қою керек. Ол үшін алдыңғы қатардағы колхозшыларды партия қатарына тарту керек.

— Дұрыс! — деді Наталия, — парторг кім болады, сонда?

— Сен! — деді Естай жымиып.

— Мен?!. Қалай?.. Мен кандидат емеспін бе?..

— Ендеше — Айбарша! — деді Естай жымия түсіп.

— Қалай? — деді Айбарша! — Мен әлі партияда жоқпын ғой.

— Бар болмайсың ба?

— Әрине, болам. Наташадан қалам ба мен?

— Таласың ба, тілегің бе? — деді Наталия.

— Тілегім болады да.

— Онда арызыңды бересің де, — деді Естай.

— Берем, — деді Айбарша, — бүгін-ақ жазайын. Бірақ, кімге?

— «Кімге» қалай? Ұйымға. бересің де арызды.

— Оған да қарайық. Бірақ, көзбен көріп алмай да болмас, — деді Наталия, — өйткені қанша дәл дегенмен, жердің қағаздағы планы мен табиғат құрылысының арасында айырма бола береді. Соны дұрыстап ұғу үшін, көзбен шолып, бар жағдайымен танысып алған жөн. Бірер күн кешіккеніміздің оқасы болмас. Уақыт әлі бар. Іс жоспарын жерді көріп ап жасағанымыз жөн болар.

— Мен де соны мақұлдаймын, — деді Айбарша.

Естай аз ойланды да:

— Болсын онда, — деді, — бірақ кешікпейік, Айбарша. Қонақтарын, аттана салысымен біз де аттанайық. Сырекеңді ала кетейік, өйткені жер мөлшерін сол кісі ғана жақсы біледі.

Айбарша кете, Естай көңілінде түйткіл боп жүретін бір мәселені Наталиядан оңашада сұрап алғысы келді, ол агротехника мәселесі, әсіресе жерді өңдеу мәселесі. Неге сұрау себебін Наталиядан жасырған жоқ.

— Сен кешірім ет, Наталия Остаповна, — деді ол Айбарша есіктен шыға, — ең алдымен, мен сені «сен» деп кеттім. Жақын көретін кісіні «сіз» деу» салтымда жоқ еді.

— Пожалуйста, пожалуйста! — деді Наталия.

— Екінші айтайын дегенім — мен осы колхозға председатель болдым ғой. Бұрын колхозды басқарған тәжрибем жоқ, сонымды райкомға айтып ем, «іс үстінде үйренесің» деп болмады. Міне, мен енді председательмін. Председатель болу — колхоз шаруасын біліп басқару деген сөз.

— Әрине.

— Ал, мен көп жұмысты білмеймін. Мысалы, сен білетін агротехниканы, оның көп оқып барып түсінетін ғылым екенін білем. Дегенмен, түсінуім керек қой, жасыратыны жоқ, мен әлсіз. Сізден осы туралы мәліметтер алғым келеді. Әрине, бір кезде емес, әр кезде.

— Сұраңыз! — деді Наталия.

— Ең алдымен білгім келетіні — жерді өңдеу мәселесі.

— Егістік мәдениеттің әрқайсысы әртүрлі өңдеуді тілейді, сізге қайсысын айтайын? — деді Наталия.

— Ең алдымен күрішті.

— Күрішті егетін жерді өңдеуге үш түрлі дәрі керек дегенде, — деді Наталия, — азот, фосфор, калий. Бір гектар жерге жүз отыз бес килограмм азот, жүз килограмм фосфор, жүз жиырма бес килограмм калий керек.

— Қайдан шығатын дәрі бұлар? — деді Естай.

— «Азот» деген жалпы аты, — деді Наталия, — дәрінің «аммония» дейді, «аммиак» дейді...

Өзге аты жоқ па? — деп сұрады Естай мына сөздер ...құлағыма ерсілеу естілген соң.

— Ал, мынау бозғыл топырақты суперфосфат деп атайды, — деді Наталия, екінші қалтасынан суырған қағазды жазып, — оны фосфор дейтін . топырақтан жасайды. Бұл топырақ, біздің Қиыр Шығыста, әсіресе Хивин тауларында көп, жер өңдеуге қажет фосфор, апатит аталатын кеннен де жасалады. Немістің Крюгер дейтін бір оқымыстысы, біздің совет жеріндегі апатитті құнсыз деп дәлелдемек болған екен, біздің академик Ферсман оның дәлелін жоққа шығарды.

— Сонымен, осыларыңның пайдасын айтыңыз!

— Пайдасы: егінді, әсіресе күрішті жақсы есіреді. Бірақ, осыларды араластырып себу керек. Егер жеке сепсе, пайда орнына залалы болады. Мәселен, азоттың өзін ғана сепсе, күріштің сабағы зорая береді де, басы кеш дән тартады және өскеннен соң құлағыш болады. Фосфор ескі жерге болмаса, жаңа жерге өз бетімен ен, бермейді. Калий де сондай. Сонымен, қысқасы, әлгі дәрілерді егінге араластырып себеміз және бір рет емес, үш рет себеміз: тұқым шашарда, егінді бірінші отағанда, егінді екінші отағанда...

Олардың сөзін манағы келген баланың тағы да келуі бөлді.

— Иә? — деген Естайдың сұрауына:

— Айбарша жіберді, — деді бала, — қонақтар жүргелі жатыр, тез келсін деді.

— Барайық, онда, — деп Естай да, оған ере Наталия да түрегелді.

Орындарынан қозғаларда:

— Наташа! — деді Естай, — жаңағы айтқандарың, менің сенен оқитын сабақтарымның басы, аяғын жалғастырамыз әлі.

— Әрине, — деді Наталия, — бірақ, менің сізден де алатын сабақтарым барын есте тұтыңыз.

— Менде қандай сабақ болуы мүмкін?

— Олай деуіңіз дұрыс емес. Ең зор сабақ — өмір. Айбарша екеумізге қарағанда, сіз өмірден әлдеқайда кеп оқыған адамсыз. Сондықтан, біздің сізден де алатын сабағымыз көп болады. Ол сабақты біз де бастап қойған сияқтымыз.

— Қалай?

— Кешеден бе»рі сізден пайдалы кеп сөз естіген жоқпыз ба, солар сабақ емей не, біздерге?

— Солай-ақ болсын, — деді Сырбай үйіне баруға асыққан Естай, — әрқайсымыз білген сабағымызды өзгеге оқыта берейік те. Бір-бірімізден сабақ алуымыздың басы осы болсын.

— Я согласна.

БЕСІНШІ ТАРАУ

БАСҚАРМА МӘЖІЛІСІНДЕ

Бақытжанды ұйықтатқаннан кейін, үй шаруасымен біраз айналысып төрге тастаған жастықты жастана жаңа ғана қалғи берген Тәрбия, есік алдында гүр ете қалған машинаның даусынан шошып оянып, төсектен басын көтере түрегелді.

Бұл кім екен? деген ой кеп кетті, есеңгіреуі лезде басылған оның ойына.

Бұқтырып қойған керосин лампының білтесін бұрап көтергенше, әлдекім есік қақты.

Үйіне келген кісіге “кімсің” деу әдетінде жоқ Тәрбия, жеңілдеу киімдерін үстіне тез іле сап, ескілеу түбіт шәлісін басына орай сап, ілгегі салынып тұрған ауыз бөлменің есігін ашты. Қысқы ықшам киіммен әлдекім кіре бергенде, Тәрбия танымай бірер адым шегінді де, кескініне қадала қарағанда тани кетіп:

— Өй, Анатөл! — деді қуанышты дауыспен. Тәрбияның басына Анатолий Кондратьевич туралы ол орыс, біз қазақ деген ой ешуақытта келген емес.

Сөйткен Анатолий Кондратьевичтің ойда жоқта кіріп келуі Тәрбия үшін күтпеген жаңалық болды.

— О, жеңгей! — дей кірді Анатолий Кондратьевич есіктен, таза қазақ акцентімен, — ұйқыңнан ояттық білем, көріспегелі көп заман, қолдасып амандасамыз ба, құшақтасып амандасамыз ба?

Екі қолын бірдей созған Анатолий Кондратьевичті Тәрбия құшақтай алар еді, егер оның соңынан біреу кіре бермесе. Оны Тәрбия тосырқап барып таныды, Самарқан екен. Алғаш тани алмауына Тәрбия айыпты да емес еді: Самарқанның бұрын қырып жүретін мұрты қарайып, қияқтанып өсіп кетіпті.

Қолдасып қана амандасқан Анатолий Кондратьевич Тәрбияға аса көңілді көрінді. Расында да солай еді. Бұған бір себеп — аранын ашқан ажалдың аузынан жалғыз қызының аман келуі болса, екінші себеп — Алматыдан жолы боп қайтуы.

Республика астанасына ол плотина құрылысының зерттеу жұмыстарын бір ыңғайлап болып, жоспарын да долбарлап бітіріп, енді, алдағы жазда геологиялық соңғы жұмыстарын жүргізуге, болашақ плотинаның участогіне жұмысшылар поселкесін сала бастауға қаражат сұрау үшін және жасаған істерін мақұлдау үшін барған. Бұл жөнде оның бір қуанышы — Халық Комиссарлары Советінің бюросында тыңдалғанда, жасап апарған долбары жоспардың негізіне алынып қабылдануы болса, екінші қуанышы — осы бюрода оның алдағы жаздағы жұмысына табаны күректей бес миллион сом ақша берілді...

Бес миллион сом!., және, мынадай, әрбір тиын Ұлы Отан соғысына бір оқ боп жатқан кезде... соғыс кезінде пайдаға аса қоймайтын болашақта ғана пайдасы бар құрылысқа үкіметтің осынша ақша босатуы не деген ғажап!..

Одан да ғажабы — партиялық, мемлекеттік я шаруашылық мекемелердің қайсысына барса да, соғыс қанша ауыр жүріп жатқанмен, ешбір мекемеде, ешбір қызметкерде абыржу жоқ, бәрі де салмақты, сабырлы, ойлы жұмыста!..

Бұл, әрине, Отанның болашағына, жауды жеңуіне, социалистік құрылысты үдете түсуіне, коммунизм құруына нық сенімнің белгісі!..

Анатолий Кондратьевич те мекеніне сол сеніммен қайтты және үкімет пен партия орындарына алдағы күзде плотина жоспарын аяқтап болуға уәде беріп қайтты...

Сырбай үйіне осы зор қуанышын досына естірткелі және канал құрылысын көргелі келген беті еді...

— Сырекең үйде ме? — деп сұрады Анатолий Кондратьевич, амандықтан кейін.

— Басқарманың жиылысы болады деп кеткен. Кәне, төргі бөлмеге кіріңдер!..

— Шешініңдер, отырыңдар! — деді Тәрбия, төргі бөлмеге кірген қонақтар түрегеп тұрған соң.

Самарқан төрге отырғаннан кейін, жолшыбай тоңып келген Анатолий Кондратьевич төргі бөлменің босаға жағында ерсілі-қарсылы бірер рет жүріп еді, үстіне масахана құрған кроватьтың үстінде бергі түріп қойған. беті ғана көрініп жатқан ұйқыдағы жас балаға көзі түсті. Іші жылып кеткен Анатолий Кондратьевич, көңілі жетектей тұра, кроватьқа жетіп барған жоқ.

Бұл жиналыс ең алғаш колхоз басқармасының мәжілісі боп ашылмақ еді. Естайдың ойы — бірер сағатта басқарма мәжілісін еткізіп ап, соның ізін шала, колхозшылардың жалпы жиналысын шақырып жібермек:

Хабар осылай айтылғанмен, ымырт жабыла жиналған басқарма мүшелерімен қабаттасып, колхозшылар да кеп қалды. Және, келгенде анау-мынау келген жоқ, жүруге жарамайтын бірлі-жарымды мүгедектер болмаса, тайлы-таяғы қалмай тұтас келді. Колхоз орталығында жуырда ұйымдасқан балалар яслиіне апарып тастап, жас баласы бар әйелдер де жиналыстан қалған жоқ.

Мектептің мұғалімдері мен жоғарғы кластардың балалары сол күнгі жиналыстан кейін колхозшыларға спектакль көрсетпек еді. Жұрт ертерек жиналып қалған соң, Естай басқарманың мәжілісі біткенше спектакльді ойната бермек боп еді, председательдің кабинетке жиналған басқарма мүшелеріне Сырбай ұсыныс жасады. Әуелі ол, басқармада және колхоз жиналысында не мәселелер қаралуын сұрап алды да, екеуінің мәселесі бір болғандықтан:

— Бір бастың жағын екі айырып қайтеміз жүдә, — деді басқарма мүшелеріне, — мұнда да, онда да айтылатын сөз біреу болған соң, бір-ақ өткізгеніміз дұрыс емес пе?

— Ол рас қой, Сыреке, бірақ, әуелі басқарма мүшелері боп өзара келісіп алатын кейбір мәселелер бар ғой, солар туралы ынтымаққа келіп алмай, көптің талқысына тастауымыз жөн бола ма? — деп, Естай Сырбайға, өзара келісімге келе алмаған бір сөздерді елестетіп еді:

— Ел бұзылып, Ертіс сөгілетін не бар еді сонша? — деді Сырбай, бұл сөзді ұнатпай, — қайсымыздың айтып жүргеніміз де жүдә осы колхоздың қамы емес пе? Көпшілік тез емес, жүдә. «Жатпайды қисық ағаш тез қасында» дей ме? Мінді қашан да көпшілік тез көреді және тез түзейді және біздің оларға айтатынымыз — біздің ғана жұмысымыз емес, осы колхозшылардың да жұмысы. Өзіндік іске, көпшілік қашан да әділ. Ендеше, олардан бүгетін не бар, жүдә? Өзін, көрдің бе, қанша адам жиналғанын?

Бірінші мәселе туралы көпшілік күтпеген бір жаңалық шықты: жеміс отырғызатын бригаданы басқару ісін, Тар тоғайдағы детдомның қызметкерлері алыпты, оларды растайтын детдомның директоры Антонина Порфирьевна Лагода екен. Осы жиналысқа қатынасқан Антонина шығып сөйлегенде.

— Жолдастар, бізге тапсырылған міндетті істі қалай орындауды бригада мүшелері боп өзара талқылармыз, оған сіздің уақыттарыңызды алмайын, — деп бастап, он-жиырма минуттай уақытта, Совет отанындағы халықтар. достығының тамашалығын, соның айқын бір дәлелі — Украинадан келген детдомға жергілікті халықтың аса зор қадыр-құрмет жасауы екенін тыңдаушылардың жаны толқынданарлық леппен айтып шықты. Кей жерде өзі де көзіне жас алып, кейбіреулерді жылатты да. Сөзін ол:

— Біздің бригада міндетті ісін артығымен орындап шығуына уәде береді! — деп доғарып, көпшілік шапалақ ұрғаннан кейін, бар даусымен:

— Жасасын, халықтар достығы! — деп ұран шақырды да, өзі трибунадан жылап түсті. Залда отырған әйелдердің біразының көз жасы сонда ағытылды.

Сезімі ауырлаған Естай, көпшілікке:

— Лагода жолдастың сөзін қазақшаға аударайық па? — деп еді:

— Түсіндік! — деп ду ете қалды көпшілік. Олар рас еді. Антонина Порфирьевна украиндық акцентпен орысша сөйлеп шықса да, орыстың тілін шала білетіндер, я білмейтіндер, оның не айтып тұрғанын жүрегімен ұқты.

«Ағаш егу» дегеннің шын мағынасын колхозшылар осы жиналыста Наталия баяндап, Айбарша аударған сөзден ұқты. Бұрын олар жеміс беретін ағаштардан басқаларын сәндік үшін, немесе керек-жарақ үшін ғана егіледі деп ойласа, енді тыңдаса — өзге пайдаларын қоя тұрып, оның бұл ара үшін зор үш пайдасы бар екен:

Бірінші — егінді желден қорғайды. Бұл маңайға теріскейдің желі емес, күнгейдің желі қауыпты. Теріскейдің желі алыстағы теріскейдің ызғарын бұл араға со күйінде жеткізе алмайды; Арқаның кен, даласынан өткенше, ызғардың зәрі сынып, қуаты кетіп қалады. Күнгейлік желдің қауыпты болатыны — Орта Азияның ыстығы бұл аранын, іргесінде тұр. Одан қозғалған жел, жолында бөгеті болмағандықтан, тез арада лақ етіп кеп құйыла қалады. Ол құйылса, ақ егісті қуартып кетеді, көк егісті жығып кетеді. Сондықтан, Наталияның айтуынша:

— Егінді жедел қорғау үшін, ағашты егістік талаптардың айналасына да егу керек және қауыпты жел со жақтан көбірек кездесетіндіктен, күнгейге көп егу керек.

Екінші — бұл маңайдың егіні суарылатындықтан, жерінің беті дымқостанып жатады. Сол дымқос күннің ыстығына буланып ұшса, жердің беті сортаңданған кебірге айналады да, суарған-суарғанның арасында қабыршақтанып қата береді. Қатқан қабыршақ, егістіктің сабағын қысып, еркін бой жаздырмайды. Егіс танабын айнала ағаш егілсе, әрі ауаны желпіп салқындатып, әрі күн сәулесін өзіне көбірек тартып, әрі ыстық лепке сая болып, жердің бетін қабыршақтандырмайды.

Үшінші — егіні көп суарылатын жердің біразы, су қалың сіңгендіктен сазға айналып кететіні мәлім. Осы сазды құрғатуда ағаштың пайдасы орасан: жуандап алған ағаш, сөткесіне үш мың литрдей жер астының ызасын бойына тартып, керегін алады да, өзгесін бу қып ұшырады; тігілген жас шыбықтың өзі күніне 500 литр ылғал тарта алады...

— «Өзекті жанға өлім бар» депті. Тракторын, толып жатқан тетікпен жүретін машина. Соның бірдемесі бұзылып қап кесір жасамаса!

— Мына соғыс дүниені тапшылыққа айналдырды ғой, діңкеңді майы жетпей құртып жүрмесе!..

Бұл қауыпты айтқандар өгіз, ат сияқты көліктерді пайдалануды ұсынып еді, көлік жыртқан жердің шалғайлығын, тракторына сенімін айта кеп Айбарша қарсы болды.

Дегенмен, көпшілік трактор бұзылу қаупін ойлап көліктерді даярлап отыруға қаулы алды.

Дау Наталияның қосымша баяндамасынан көтеріліп кетті. Оны бастаған Сырбай. Бұл дау кеше ат үстінде басталған. Жер аралап жүріп кеңескенде, Наталияның агротехникалық пландарын Айбарша мен Естайдың аударуы арқылы естіп алып, ұнатқанын қысқаша айта кеп, ұнатпағаны туралы:

— Шырағым, мұндай даулы мәселені, сен жүдә жұрт арасына әзірге дабыра қыла көрме; кейін өзара түсінісіп алған соң айтарсың, — деп еді Сырбай. Ол арада ашып жауап қайыра қоймаған Наталия, сол айтқандарын одан да ажарлап колхоздың жиналысына әкеп қойып қалды.

Наталияның далада жауап қайтармауына себеп — оның сөзіне Сырбайдың елеусіздеу қарауын байқағандық еді.

Расында да Сырбай Наталияны мамандық жағынан менсіне қойған жоқ. Агротехникадан қараңғы оның ойында, егер жері мен суы келіссе күріш есіру тәсілін, аяғын тік басқан пендеде езінен артық білетін жан болуға тиісті емес. Сондықтан, Наталияның агротехника туралы әңгімелерін ол сол құлағымен ғана тыңдап, ықлас қойған жоқ. Әсіресе, жерді дәрі-дәрмекпен өңдеу туралы әңгімелерін тыңдаған жоқ.

«Егінді дәрі-дәрмекпен өңдейді» деген сөзді Сырбайдың құлағы бұрын да шалғанмен, дәл өз колхозына ол «дәрі-дәрмек» келе де қойған жоқ еді; сырттан естігенге Сырбай сене де қойған жоқ еді. «Жері, . суы келіскенмен де, егінді шығару тетігі тәңіріде» деп сенетін ол, сап-сау табиғи жерді дәрілеу ісін тәңірі алдында күнә да көретін. Сондықтан ол, ілгерірек жылдары егіс орнына көн, төгуге де қарсы боп, зорлағандай әрең көнген.

Кеңге солай қарайтын Сырбайдың «дәрі-дәрмек» дегенге бойы жиырыла қалды. Дегенмен, тура қарсылық айтуға ыңғайсызданып, өзінше дипломатия жасаған боп:

— Шырақтарым, — деді ол Наталия мен оның сөзін аударған Естайға, — маған жүдә бір жыл ғана мұрша берін,- дер, дәрі сеппей-ақ қойыңдар менің танабыма, оны басқа біреуге себіңдер, жүдә содан кем егін алсам сөгіңдер мені, әйтпесе, иншалла, кем ала қоймаспын.

— Жүдә қай сөзің ол? Шетке шығарғаның мен болғаным ба? — деп Сырбай байланыса кетті. Анау адам:

— Пайдалы деп отырған істі айту, шетке шығарған бола ма екен, Сыреке-ау? — деп келе жатыр еді:

— Сен тұра тұршы, жүдә, қыстырылмай! — деп Сырбай тоқтатып қойды да, — дәрі-дәрмегінің мәнін ақылдаса жатармыз, — деді, колхозшылардың алдында, жаңа келген жас маманға тіктен тік қарсы келуді ыңғайсыз керіп, — екі мәселенің басын ашып алайық, мұнда.

— Әуелі мына көтерілген мәселені аяқтап алайық та...

— Сөзді қысқарта сөйлеу керек, өзі...

— Рас, түн ортасы ауып барады, отыра береміз бе осылай?..

— Ертең де іс бар емес пе?.. — деген сияқты сөздер дуылдай қалды.

Самарқан мен Анатолий Кондратьевич клубқа осы кезде кірді.

Клубтың іші лық тола адам екен. Төбедегі екі аспа шам жағылғанмен, керосині, немесе, білтесі нашар ма, залдағы сәуле өте күңгірт. Бүгін пештің жағылуынан, әрі көп адамның буынан зал ысып кетіп, көпшіліктің тілегімен есіктер ашық тұр.

Самарқан мен Анатолий Кондратьевичтің кіргенін залды сірестіре толтырған көпшілік абайлаған жоқ. Сөзге бөгет болғысы келмеген олар, босаға жақтағы бір топ баланың арасына қыстырылып отыра кетті. Оларды танымаған кейбір балалар, «кім бұлар?» деп өзара күңкілдесейін деп еді, «сөз тыңдайық та!» деп біреулері ұнатпаған соң, күңкіл доғарылды.

Дабырлаған көпшілік жай сөзіне басыла қоймаған соң, Естай орнынан түрегелді де, үлкендігі шіркеудің кіші-гірім қоңырауындай тұтқалы жез қоңырауды қаңғырлата соғып жіберді. Оны қызық көргендей, балалар «о-һо!» деп ду ете қалғанмен, қаңғырлаған қоңырау зықысын шығарғандай зал лезде тына қалды.

— Ұят емес пе, бұларың, араның ұясында ызыңдап? — деді Естай көпшілікке. — Даурығумен іс біте ме? Тыңдасып сөйлейік те!.. Көп отырғанымыз рас, — деді ол, сахнаның қабырғасындағы сағатқа қарап ап, — күнде жиналуға уақыт қайда? Бір айда болған бір жиналыс... Бұдан кейін егінді сеуіп бітірмей жиналмаймыз. Ақылдасып алатын жабдық көп. Шыдасаңдар. Шуласпасақ тез бітіреміз.

Залдан бір қарт:

— Бала араласқан жиналыста береке болушы ма еді, солар кеп шулайтын, шығару керек ездерін! — деп түрегеп еді:

— Сабырла, ақсақал! — деді Естай. — Отырыңыз! (Қарт отырды) — Ерігіп келген балалар ма, қуатын? — деді Естай, — жұмысшылар емес пе, олар?.. Іс жоспарын олардың да тыңдағысы келмей ме?

Бір бала:

— Біз айдайтын өгізді со шалға айдататын екен, — деп келе жатыр еді:

— Қарағым, отыр! — деді Естай, — «Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма?» депті. Мен айтып тұрмын ғой сенің сөзіңді.

Зал тынған соң, Естай Сырбайға сөз берді.

Ол сахнадағы президиум столының қасында еді. Мана да сол арадан түрегеп сөйлеген еді, қазір де сол арадан көтеріліп:

— Естай шырағым, — деді — Сырбай, — Наташа қызыма беретін сұрауларым бар, екеумізге де дәнекер боп, жүдә түсіндір сен, — менің қазақша оған, оның орысшасын маған.

Сырбай — Қонса сол, жүдә!.. Сепкен тұқым лайдың астына тез түсу үшін, себерден бірер күн бұрын салыны суға малшып, ауырлатып аламыз. Оны суға сепсең түбіне тез жата қалады, құрғақтай сепсең — біраз қалқып барып, дымқостанған соң барып жатады.

Наталия — Білем оны.

— Сырбай — Мақтанды деме, қызым (залда отырған көпшілікті қолымен нұсқап), мына отырған көпшілік куә, тұқымның тегіс шашылуын, мен жүдә кем түсірмеймін.

Көпшілік (ду ете қап). Рас, онысы!

Сырбай — Тағы бір сұрауым бар, қызым.

Наталия — Айтыңыз.

Сырбай — Бір гектар жерге күріштен қанша тұқым себіледі?

Наталия — Сексеннен жүз килоға дейін.

Сырбай — Жазып қой қағазыңа! (Наталия жазды). Әрбір сабақты басындағы сабаққа ең азы — жиырма, әрі кетсе сексен-тоқсан дәл шыға ма?

Наталия — Шығады.

Сырбай — Жазып қой (Наталия жазады). Енді есепте: біз, мысалы, бір дәннен орта есеппен он сабақтан өсірейік, олардың басына орта мөлшермен 40 дәннен шықсын, сонда, манағы атыз соққандағы әлетін 20 кило дәннен өрбуге мүмкіншілігі бар дән қанша болады?

Наталия (есептеп). 40 центнер күріш.

Сырбай мен Наталияның сұрау-жауаптарына көңіл қоя тыңдап отырған көпшілік ду күлісті. Күлкіні қоңыраудың күшімен әрең басқан Естай:

— Неге күлесіңдер? — деп еді:

— Күлмегенде, — деді залдың алдыңғы қатарында отырған бір мосқал еркек түрегеп, — шамадан артық шығым боп кетті ғой, мынау. Егер бұл рас болса, жүз кило тұқым сепкен гектардан 200 центнер күріш алатын болғанымыз ба?

— Аламыз! — деді Сырбай.

— Болмайтын шығым ғой бұл! — деп даурыға берген көпшіліктің үнін «болады!» деген бір жуан дауыс басып кетті.

Жуан дауыс кейінгі жақтан шыққанға клубтағы бар адам жалт қараса, қысқы ықшам киімді, зор денелі біреу ілгері сұғынып келеді екен. «Кім?» деп сыбырлаған біреулерге, «Анатөл ғой, мынау!» деп жауап берді біреулер.

Сахнаға таянған Анатолий Кондратьевичті Сырбай да тани кетіп, басқышқа ерлей берген оған қолын берді де, сахнаға тез көтерілуіне көмектесті. Оның артын ала, сахнаға Самарқан да көтерілді.

— Болады! — деді Анатолий Кондратьевич нық дауыспен клуб ішін көзімен жағалай шолып. — Сырбай қарт пен Наталия Остаповнаның сөздерін мен түгел естідім. Болады, екі жүз центнер астық алуға, бір гектардан, — деді ол, бетін Сырбайға бұрып, — аласың, достым, бірақ агротехниканы толық қолдансаң!

— Мәселе осы жайда еді, Анатолий Кондратьевич, — деді Естай, қасына кеп, қолдасып, — Сырекеңді көндірмек ек соған.

— Неменеге? Агротехникаға ма? Көнбей жүр ме, бұл кісі?

— Бөлінгені бесеу еді, соның үшеуін ғана игеріп алуға күшім жететін, соны ғана себем ғой деймін.

— О қалай болады, ақсақал? Жоспарда бесеу... — деп келе жатқан Естайды Анатолий Кондратьевич тоқтатты да:

— . Мәселе санда емес, сапада, — деді, — алғашқы жылы жер көлемінің шағыны да жақсы. Ал жерге көп күш төгіп көру керек те, жерді де, егушілерін де сынау керек, қанша өнім бере алар екен. Солай ма, Сыреке?

— Солай.

— Ендеше, екі гектарды агротехниканың жолымен есір, бір гектарды өз әдісіңмен өсір, сонда көресің, қайсысының пайдасы молырақ уәделесеміз ғой осыған? — деді Анатолий Кондратьевич, қолын ұсынып.

Сырбай да қолын соза берді. Оған бір себеп — өмір бойы ақылшы боп келе жатқан және әрдайым қонымды, пайдалы ақыл айтатын досының көңілін жықпай, әрі «пайдама айтып тұр» деп ойласа, екінші себеп — Самарқанның «мол өнім звеносы ауданда биыл он бір болды» деуі еді.

Бұған дейін, күріш жөнінде мол өнім звено бұл аудан түгіл, бүкіл облыста жалғыз менмін деп түсінетін Сырбайды, Самарқанның сөзі ойландырып тастады.

«Шын бәсеке басталған екен, — деп түйді ол ішінен, — қимылдайтын жер енді келген екен. Түйедей қалпыммен сыбанып жарысқа шығып, тырқиып, бәйгенің артында қалсам, одан зор елім болмас маған. Енді қимылдау керек!»

Осы ойға келген Сырбай:

— Ендеше, мен, 3 гектар емес, бес гектардың өзін егем, — деді де, досының қолын қыса түсті...

Естай қуанған боп:

— Шын сөзің бе, Сыреке? — деп еді:

— Бұл кісінің өтірік айтпайтынын білмейтін бе едің? — деді Анатолий Кондратьевич, Естайдың қулануын аңғармай, расқа жорыған сөзін ұнатпай.

АЛТЫНШЫ ТАРАУ

ӘКЕЛ СУДЫ

Өткен қыста істелген жұмыстарды облыстық басқарушы мекемелерге хабарлағаннан кейін, үкіметке хабарлаудан бұрын, орындалған істердің сапасын тексеріп баяндама жазуға төрт кісіден комиссия құрылды: Анатолий Кондратьевич, Рахмет, Байжан, Самарқан.

Олар ең алдымен дамбаны көрді. Сырдарияның иілген жерінде, доғаның екі басын жалғастыра салған бұл дамбаның ұзын тұрқы жеті-сегіз километр, енінің салмақтығы 50 метр, биіктігі бес метр еді. Осы мөлшердегі дамбаның өнбойы үгінді таспен жентектеліп, қарабурамен жатқанын Анатолий Кондратьевич қыс ортасында бір көрген еді де, одан бері қолы тиіп келе алған жоқ еді. Енді көрсе, біткен дамбаның тұлғасы жерден қырқалап шығып жататын тастақ жотаға ұқсайды.

Жақындап келген автомобильге трактор маңындағылар қарай қалды. Жолаушылар олардың ішінен бет-аузын шаң басқан Сырбайды ғана таныды; бұларды танып тракторынан түсе берген, бет-аузы да, киімдері де қаракүйе боп майланған Айбаршаны да таныған жоқ.

Жолаушылар машинадан түсіп кеп көрсе, төңірегі қазылған, тарамданған тамырлары бүйінің тарбиған аяқтарына ұқсап жер астына кіріп кеткен, жуандығына екі кісінің құшағы зорға жетерлік ағаштың түбірі... Түбірі жуан темір шынжырмен шырмалып, шынжырдың екі ұшы трактордың артындағы соқа тіркейтін шотаяққа байланған.

— Келмесе, сіздің машинаңызды көсемге жегерміз, — Айбарша күліп.

— Айым! — деді Сырбай, кезінін, ағы мен тісінен басы, бет-аузы қаракүйе Айбаршаға, — тракторыңа мін де, енді!..

Айбарша педаль басқан трактор жұлқына жөнеліп еді, түбірдің өзі қомақталып келіп қалғанмен, тамырлары сүмектей созылып, топырақтан суырыла қоймады.

— Тарт! — деді Сырбай қатты айқайлап.

Екінші жұлқығанда, түбірдің тағы да тырмысқан тамырларын, трактор жентектелген саз -топырағына қоса ерден суырып алып шықты.

— Е, бәсе! — деді риза боп кеткен Сырбай, — жүдә деген... сен түгіл, сені еккен датқаны да тамырымен жұлғанбыз!..

Трактор түбірді сүйреп алысқа апарып тастады. Жолап айтқан Анатолий Кондратьевич пен Рахметке:

— Танысам десеңдер міне! — деп Сырбай егін себетінін көрсетуге кірісті.

Жолаушылар аралап көрсе, көлемі бес гектар жердің ішкі, сыртқы атыздарын Сырбай соғып болған екен. Әрбір атыздың ішіндегі жердің тегістігі, бөлмеде төселгеніндей. Бүкіл атыз атаулының ішінде, көлемі жұдырық-кесек шым жоқ, кесек топырақтың бәрі де ұп-ұсақ болған. Жолшыбай егіс танаптарының талайын аралай, жолаушылар даярлығы дәл мұндай танапты кездестірген емес те. Аса риза болған олардан Анатолий Кондратьевич сөзді бұрын бастап:

— Жер жақсы даярланған екен, — деді Сырбайға, — топырағы да ажарлы екен. Тек, дәрі шашып, тұқым себуі ғана қалыпты.

— Өзім де солай ойлаймын, — деді Сырбай.

— Дәріге қарсылығың жоқ қой енді?

— Көндік қой оған.

— Тұқым жайы?

— Жетерлік тұқым өзімде де бар еді. Әлгі бір Нарбота деген қызым, мен білмейтін бір тұқымдарды да сеп деп жүргені.

— Не тұқым екен ол?

— Оның айтқанын тыңдасаң, күріштің үш жүздей түрі бар дейді, ырқына салсаң, жүдә, соның бәрінен де егіп көргісі келеді. Мен: «Шырағым-ау, «үйренген жау атыспаққа жақсы» дегендей, кезім үйренген салыны сеуіп көрейін де биыл, өңгесін келесі жылы көрерміз», десем, «тым болмаса он шақты түрінен бір-бір уыс отырғызып көрейік те» деп болмайды. Сонан, жүдә жабысып қоймаған соң, кеуілін қимай: «Жүдә, болса болсын, он шақты түрінен бір-бір уысты отырғызсаң отырғызып көр, бірақ алдын ала, қандай салы екенін көріп алам, жүдә содан кейін ғана рұқсат етем» дедім. Қызым оған жүдә көнді.

— Қандайын таңдадың, сонымен?

— Сен өзін, білесің ғой, Анатөл, — деді Сырбай, — байдың кіре артқан есегі мен түйесін айдап, мен жүдә қайда бармаған кісімін: мына шеті Үргеніш пен Хиуаға да бардым мен, мына шеті Андижан мен Бұхарға да бардым мен, қашқарлықтарды да аралап келдім мен, ана шеті Қоңыр-Құлжаны да шолдым мен... Күріш егетін жер емес пе, соның бәрі?.. Сонда, неше түрін көрмеді дейсің, мен оның? «Садри-хан» дейтінін де көрдім, «дұнған-шамы» дегенін де көрдім, «ақ қылшық» дегенін де кердім, «ақ тұқымын» да, «арпа шалысын» да, «Қожахметін» де, «қырмызы қылшығын» да, «қара қылшығын» да... бәрін де көрдім ғой оның... Егер біреу солардың бәрін сапырылыстырып егіп, есе бастаған кезінде, «кәне, Сырбай, осылардың ішінен, қай сабақ қай тұқымдікі екенін айырып бер» десе, ақ қойдан қызыл қойды, қызыл қойдан қоңыр қойды, қоңыр қара қойды айырғандай, «мынау мына тұқымнан» деп жүдә тұр-түріне бөліп берер ем...

— Көрдіңіз бе, — деді Анатолий Кондратьевич Paxметке күлімсірей қарап қойып, — қалай-қалай сөйледі шал?.. Мақтанып тұр деп ойлайсыз ба, сонда?..

— Жоқ-жоқ... — деді Рахмет.

Осының бәрін білетінің рас, — деді Анатолий Кондратьевич Сырбайға қарап,-өзіңнің үлгіңмен мақалдап сөйлейін, қазақта мақал бар ғой: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын, жаманның жамандығын айт, құты қашсын» деген... Көзіңе мақтағанға тасатын кісі емессің сен, күріштің пайғамбарысың ғой сен... Сен білмейтін оның несі бар!..

— Жүдә шалыңды тасытып ап, қанасынан асып төгіліп жүрмесін, — деді Сырбай жымиып.

— Япырай, не дейді?! — деді Рахмет таңданып.

— Я, я! — деді Анатолий Кондратьевич, — рас!.. О бір жылы ғылым академиясының ботаникалық институтынан арнаулы экспедиция кеп зерттегенде осыны дәлелдеп кетті.

— Сонша тереңдеуі неден деп ойлайсыз? — деп Анатолий Кондратьевич Рахметке сұрау беріп алды да, жауабын тез өзі айтты, — тіршілікке құмартудан!.. Сексеуіл көне шөлде өседі. Шөлді жердің астындағы дымқос тереңде болады. Дымқостан барып тамыры сусындамаса, сексеуіл өледі. Өлмеу үшін су іздегенде, оның тамыры тереңдей беріп, Дымқос жетпей тоқтамайды. Жер астына оның тамыры тереңдей беретін себебі, кейде елу-алпыс метрге баратыны содан!..

— Қайран тіршілік-ай! — деп қойды Сырбай демін ауыр алып.

— Бейнетпен тапқан дәулеттің ыстықтығы қандай! — деді Анатолий Кондратьевич, — маңдай терін сыпырып тапқан мүлікті адам қадірлеп ұстамай ма?..

— Әрине, — деді Рахмет. — Мысалы Американың капиталистер: нан, ет, қант, сүт, май сияқты азықтар базарда көбейіп, бағасы арзандап бара жатса, сол бағаны көтеру үшін, әлгі айтылған азықтарды мың тонналап теңізге ағызбай ма?

— Неге?! — деді Сырбай шошынғандай. — Аш адам жоқ па елінде?.. қайыршы жоқ па?

— Олар миллиондап өріп жүреді.

— Ойбай-ау, — деді Сырбай кейіп, — әлгі азықтарды жүдә соларға неге бермейді, суға ағызғанша?

— Неге берсін, — деді Рахмет, — осы араның байларын көрген жоқсың. Мыңдап мал айдағанда, аш-арыққа қайсысы мал беруші еді?

— Жүдә, рас, — деді Сырбай, — бірақ, малдарын босқа шашпайтын еді ғой олар?

— Кеңшілікте шашпайтыны рас, басына таршылық түссе неге шашпасын. Ана жылы, байларды конфискалай бастағанда, малдарын кедейлерге бергісі келмей қалай шашқанын көрген жоқ па едіңіз?

— Жүдә, солай екен-ау! — деді Сырбай аз ойланып.

— Капиталист деген де со байдың бір түрі. Бірақ, ол ірісі. Қазақтың байы тышқан болса, капиталистер — қабаны, қазақ байы мысық болса, капиталистер — жол-барысы!.. қазақ байы сүлік болса, капиталистер — борсығы...

— Хватит вам гиперболизировать! — деді Анатолий Кондратьевич, күліп жіберіп, — сөзімді бөлдіңіз ғой, сіз менің.

— Кешіріңіз, — деді Рахмет, — реті кеп қалған соң айтып жатырмын. Сөз сіздікі.

— Мәселе, еңбекпен тапқан мүлік туралы еді ғой. Оны адамның қадірлеуін қоя тұрып (әрине, еңбекші адамды айтам, қанаушыны емес), мысалға өсімдікті алсаңыз, суды сексеуілден артық қадірлейтін өсімдік жоқ екен. Бойына жердің тереңінен тартқан дымды ол бойына ұзақ сақтайды екен және денесіне емес, жапырағына.

— Рас, — деді Рахмет, — жапырағы да қызық қой оның, жуан инедей жұп-жұмыр боп есетін және көкке қарай бүрісе тік есетін!.. Және үнемі жап-жасыл болады да тұрады!... Және шылқыған су болады — сығып қалсаң, бырт етіп жарылып, суы атып кетеді.

— Осы суды қандай үнемдеп ұстайды ол! — деді Анатолий Кондратьевич, — мысалы қара тал жерден күніне екі тонна су сорып ап, су қып ұшырады екен, сексеуіл жүз литрден артық суды ысырап қылмайды екен.

— Ғажап!.

— Оны айтып келе жатқан себебім, — деді Анатолий Кондратьевич, — осы арадағы адамның. сексеуілі менің мына досым Сырбай. Көргеніне қандай ұғымтал, бұл кісі!.. Ұстағанына қандай ұқыпты!..

— Мақтауың жүдә жетіп... — деді Сырбай ыңғайсызданғандай.

— Мақтауым емес, расым, қадірлі достым! — деп Анатолий Кондратьевич демін кең бір алды да, — сонымен, Наталия екеуің салының қандай түрлерін егіп көретін болдыңдар? — деп сұрады Сырбайдан.

— Жеті, сегіз тұр еді, бәрі есімде жоқ.

— Сонда да?

— «Қақ кеуде» дейтін біреуі бар екен, арық ешкідей тыртиған...

— «Хайккайдо», — деді Рахмет күліп, — Жапонияда егілетін күріштің салысы.

— Жүдә дұрыс, — деді Сырбай, — тілім келмеген соң бұрмалап жатырмын. «Жапон» дегенін, ана бір жылы «Қасен» көлінде бізбен қағысып көретін ел ғой?

— Я! — деді Рахмет күлкісін үдете түсіп.

— Сонда ол, бізден жүдә тырқиып жығылып қалды ғой.

Анатолий Кондратьевич те күліп жіберді.

— Рас, рас, — деді Сырбай серіктерін күлдіре түсейін деп, қуланып, — аш неме ғой деймін соларың, әйтпесе тырқиып құлай ма, жүдә...

— Рас, — деді серіктері күле түсіп.

— Ойынын қойып, шынын айтқанда, — деді Сырбай салмақтанып, — «Қақ кеуде» дегенін ұнатқам жоқ, тышқанның қиы сияқты, ұп-ұзын, жіп-жіңішке екен.

— Ұнатқаның қайсысы? — деді Анатолий Кондратьевич.

— «Краснатар...»

— «Краснодар», — деді Рахмет, түзеп.

— Тілім келмегеніне кешір, — деді Сырбай, — тойған қозыдай бұлтиған доп-домалақ, бүйірі келген салы екен. Соған кеуілім жүдә ұйып тұр.

— Ол жақсы тұқым, — деді Анатолий Кондратьевич, — б:здін, Краснодар атты өлкедегі тәжірибелік станцияда ғылым жолымен өсіріліп, сыннан еткен, жақсы деп танылған тұқым ол.

— Ендеше, — деді Сырбай, — мына егіске жүдә даяр тұрған жердің де, оған сепкелі тұрған таңдаулы тұқымның да айтып тұрғаны жүдә жалғыз ғана сөз, ол — «әкел, суды!»

ЖЕТІНШІ ТАРАУ

СЕБІЛГЕН ДӘН

Ақ егіске қажетті жердің жыртуы мен боран мерзімді уақытынан бұрын үлгеріп шыққан Айбарша, кек егіске қажетті жерден Сырбайдың танабын өзге бригадалар мен звенолардан бұрын даярлап бергенмен, күріштің тұқымын Сырбай өзгелерден кейін септі.

— Неге өйтесің? — деген сұрауларға:

— Жер әлі бабына келген жоқ, — деп жауап берді ол.

— Қайткенде бабына келеді? — деген сұрауға:

— Бусанып борсыған кезде, — деп жауап берді ол.

— Бусанып борсығанын қайдан білесіз? — деген сұрауға:

— Жүдә «қазоты» мен «қарғатұяқ» қабындап көтерілмей жер борсымайды, — деп жауап берді ол.

Оның ойына салса, көк егіспен, әсіресе күрішпен шұғылданатын бригадалардың бәрі де жердің борсуын күту керек еді, оған «егісті орындау жоспарын кешеулете алмаймыз» деп, Естай көнбеді.

Сырбайдың ойы — егер өзге звенолар тілін ала қойса, олардың тұқым себуіне араласып, бұл жөнде тәжірибем мол деп түсінетін ол, білген өнерін көрсетпек еді. Тілін ала қоймаған соң, «жақсы, жаман атақтарын өздері жүктесін» деген оймен араласпады.

Өзге бригадаларда қызмет атқарып жүрген Наталия мен Айбаршаға, өз танабына тұқым себерден бір күн бұрын, «менің де мезгілім жетті, енді келсін» деп Сырбай хабар айтты. Бұл — өзге звенолардың кек егісті дендеп сеуіп тастаған көзі еді. Осы шақырумен іңірлетіп салт келе жатқан Наталия мен Айбарша, шалдың «қазоты» мен «қарғатұяқ» дейтін шөптерінің не екенін өзара бір-бірінен сұрастырса, екеуі де білмейді екен.

Сырбайдың танабына олар түнді орталап жетсе, звеносының, барлық адамдарымен шал, жан-жағына биік атыз соққан танапқа су жайып жүр екен. Көзі жіті шал, маңайлап кеп аттарынан түскен екі қызды таныды да, балақтарын тізеден жоғары түріп алған жалаңаш аяқпен судан атыздың қырына шықты.

— Амансыңдар, қарақтарым? Жүдә жақсы келдіңдер! — деп амандасты ол.

Қайын атасына қол беруді ауыл ғұрпымен ыңғайсыз керетін Айбарша да, қуланса да онымен бұл жөнде үндес боп алған Наталия да шалға бас иіп тәжім көрсетті де, қол алыспады.

— Егіннің ырымы биыл теріс болмас деймін, — деді шал амандықтан кейін.

— Оны қайдан білесіз? — деген Наталияның сұрауына:

— Айдың қараңғы кезінде себілген тұқым шығымды болады деген сөз бар еді, — деді ырымшыл Сырбай, — өліара кез ғой бұл. Ескі ай кеше бітті. Жаңа ай әлі туған жоқ.

— Сонау бір дөңгеленген жіңішке сызық не, ата? — деді Айбарша, қараңғы түнде аспанда әрең ғана бозамықтанып бұлдыраған сирек ақша бұлттың батыс жақтағы иінін қолымен нұсқап.

— Кәне? — деп Сырбай Айбарша нұсқаған жаққа қарап көзін алақанымен қалқалап тұрды да, ұстараның жүзіндей ғана боп жылтырап тұрған жұп-жұқа, жіп-жіңішке жарты айды көре сап, бір тізерлеп отыра қап, екі алақанын жоғары көтере жайып жіберіп, әлденені іштей күбірлей бастады да бетін сипады.

— Дұға оқыдыңыз ба? — деп сұрады, қазақтың бұл ғұрпын білмейтін Наталия.

— Оқыдым, балам.

— Не деп?

— «Ай көрдім — аман көрдім,

Ақыретте иман көрдім.

Жаңа айда жарылқа,

Ескі айда есірке,

Құтты қонақ мейман көрдім.» —

деп.

Жабайы әңгімелердегі қазақ сөздерінің бірталайына түсініп, сөйлесуге жарап қалған Наталия, шалдың батасындағы сөздерін аңғармай, Айбаршадан сұрап еді, тілі жеткенше орысшылап берді.

Істес боп бойы үйренгеннен кейін, Айбаршаның қайын атасына көңілді кезінде қалжыңдай, еркелей сөйлейтіні болушы еді. Сол дағдысымен ол:

— Атеке, «қазоты» мен «қарғатұяқ» шыққаны ма, тұқым себем дегеніңіз? — деп сұрады, еркелей қалжыңдаған дауыспен.

— Шықты, Айым, — деді Сырбай. — Кешеден бері жүдә қаулап қалың боп кетті. Өзің танисың ба, ол шөптерді?

Айбарша кідіріп қалды. Жолшыбай осы сұрауды Наталиядан естігенде де ол қандай шөптер екенін білмейтіндігін айтқан еді.

Келінінің жауап бере алмауынан білмей тұрғанын аңғарған Сырбай, балтырына дейін саз баттасқан аяқпен атыздан құрғаққа қарай түсті де, екі түрлі шөп жұлып әкеп қыздарға көрсетті. Көздері қараңғыға үйренгенмен, қолдарына берген шептерді танығанмен, қайсысының қайсысын «қарғатұяқ» екенін айыра алмаған қыздар шалдың сұрауына жауап бере алмай қайтарып берді.

— «Қазоты» деген мынау, — деді Сырбай тарбия ескен жапырақтары жалпақтау шөпті көрсетіп, — сүті жүдә ағып тұратын шөп бұл. Қаз жүдә жақсы көреді мұны. Бұған аузы тимей семірмейді ол. Ал, жесе-ақ, лезде семіреді. Талай қаздың жүдә майдан баса алмай, мамырлап, жүдә ұша алмай қалатын себебі де осы «қаз отын» жегендіктен. Бұрынғылар біліп айтса, «қаз отынан» сүт шығатын себебі көктемде жер еркін балқып, бойы иетін көрінеді де, сүтін жүдә осы «қаз отына» беретін көрінеді.

— Ғажап екен! — Десті, шалдың сөзіне нанар-нанбасын білмеген қыздар.

— «Қарғатұяқ» деген мынау, — деді Сырбай, сабағы қарғаның сирағына, басына шыққан жапырақтары қарғаның тұяғына ұқсаған шөпті қыздарға көрсетіп, — мұның тамыры буылдық және жүдә тәтті болады. Қоламтаға көнсең, жүдә балқып, балдай тәтті боп піседі. Шикідей қабығын аршып жесең де жүдә сүт татып тұрады. Бала кезімізде осыны жүдә көп жейтін ек. Біліп айтса, бұл екі шөпті пейіштен шыққан деседі...

— Ал, кәне, кепеге барайық, балалар, — деді Сырбай, — өзге кеңесті сонда сөйлесерміз.

— Оу! — деп дауыстады ол, әр жерде қараңдап, суды шалпылдатып, атыздың құлақтарын жауып жүрген звено адамдарына, — құлақтарды тез жабыңдар да, кепеге келіңдер. Ас ішіп, аздап мызғып алыңдар! Жұмысты жүдә ерте бастаймыз.

Соны айтып, Сырбай жалаңаяқ қалпымен кепеге қарай беттей жөнелді. Оның бұлайша жүруін қыздардың бірінші көруі емес еді. Сонда қайран қалатындары — Сырдария өлкесінде тұлабойы тікен боп есетін шептер мен ұсақ ағаштарды шал кешіп жүргенде, бірде-бір тікен не табанына кірмейді, не балтырына қадалмайды.

— Бұл қалай? — деп қайран қалған Наталияға:

— Түйенің табанын көрген жоқсын, ба? — деп жауап берді Айбарша, қалжыңды дауыспен, — ол да тұяқсыз жұп-жұмсақ қой. Оған да шегір кірмейді. Атекемнің табаны сол сияқты.

Сырбай өте аяңшыл болушы еді. Аттарына мінуге ыңғайсызданып, жаяу ерген қыздар, аздан кейін шалға ілесе алмай қалып қойыпты.

Кепеде іңір асы даяр екен, күріштен ботқа пісірілген екен. Даярлаушы — Дәметкен. Бұл звеноның асын пісіруге ол осы көктемнен араласқан. Ескендірі қасында. Қазақ тілін таза сөйлейтін, орыс тіліне біраз тосырқаған Ескендір, Наталияның туысы екенін біліп, іштей жылы тартқанмен жақындаса қоюға, әрі жанындай жақсы керіп алған шешесі — Дәметкеннен қаймығатын, әрі қазақша сөйлеп, Наталияға біраз сөзін түсіндіре алмайтын. Сол дағдысымен ол бүгін де апасының шақыруына күлімсіреп қана қарап, жүгіріп келе қоймас па еді, қайтер еді, егер қыздар келгенде, кепенің бір бұрышында ұйықтап жатпаса.

Керосин лампының жарығынан, ұйқыдағы баланың ашық беті көрініп жатыр екен. Қызыға қараған Наталияға, семіз баланың аппақ беті бұрынғысынан да нұрлы сияқтанып кетті. Желкілдеп ескен шабдар шашының, сақиналанған бұйрасы қалыңдай түскен тәрізденді.

«Не деген сүйкімді бала!.. Не деген тәтті ұйқы!..» деп ойлап қойды Наталия.

Бала әлденеге қозғалып қырынан жатып еді, оның ашылыңқыраған иығын, Дәметкен түрегеп барып қымтап, аппақ семіз мойнына мұрнының ұшын ғана тигізіп иіскеп қойды.

«Не деген мейрімді әйел еді! — деп ойлады Наталия оған сүйсіне қарап қойып, — тумаған баланы да осындай жақсы көреді екен-ау!..»

Сырбай да солай ойлап отырып, Дәметкенге езінің дағдылы жымысқы қулығын айтты:

— Жүдә жақсы көресің, құдағи, — деді ол Дәметкен баланы қымтап боп иіскеп жатқанда, — егер шешесі табылып, алып кетем десе қайтесің?

— Бергім бар еді, — деді Дәметкен ұнатпаған дауыспен, — өлмей тірі айрылармын ба!..

— Оны көрер ек, — деді Сырбай қулана түсіп, — тек шешесі табылып келсей!

Кепеге жиналғандар ботқаны тоя жеді де, сусынға салқын атала ғана ішіп, ұйқыға жатысты.

— Тұқымды суға шыласам бар, — деп Сырбай ғана тысқа шығып кетті.

Киімшең құшақтаса жатқан екі қыз, ұйқыдан Сырбайдың «ал, кәне тұрыңдар!» деген даусымен оянса, білтесі сығырайып лампы әлі жанып тұр, кепе іші қара-көлеңке. Звено адамдары да оянып, бастарын көтере бастады.

Ұйқылары қанбай есінеген қыздар тысқа шықса, тан, бозарып келеді екен. Бусанған шықтан төңірек буалдырланып тұр.

Қыздар беттерін арықтың ағып жатқан салқын суына шайып үлгергенше, үйден звено адамдары да шықты. Сырбай ол кезде, есік алдына шөгерілген түйенің, шомына әлденені артып жатыр еді. Қыздар кеп көрсе, іші кептелген дымқос екі қаптың астыңғы жақтарынан су сорғалап тұр. Олардың не қап екенін қыздардың білгісі келгенін кескіндерінен аңғарған Сырбай:

— Бүгін себілетін тұқым ғой, балалар, — деді, — түнде жүдә малшылап қойып ем.

Түйенін, былтырғы еркек ботасы биыл тайлақ та. Сырбай тайлақты түйесін қыстай маңында ұстап қолдан күткендіктен екеуі де өркештері тікейген семіз болатын. Қыздар жақындағанда, тайлақ шөгерілген түйенің қасында түрегеп, ноқтасынан байлаулы тұрған.

Наталияның бір әдеті — түйені қызық керетін еді, бірақ, қасына баруға қорқып, маңайламайтын еді. Сол дағдысымен ол шегіншектеп тұрғанда, Айбарша еркінсіп тайлаққа жақындай беріп еді, тентек семіз тайлақ «аф» деп жынын бүркіп кеп қалғанда, қоймалжың жап-жасыл жын бетін жапты да кетті. Қарқылдап күлген Наталия шегіне бергенде, тайлаққа ашуланған Айбарша, бетіне жабысқан жынды алақанымен сыпырып тастады да, тағы да жынын шашпақ, тістемек боп, қайта-қайта афылдап ұмтылған тайлақты жаққа екі-үш рет жұмырықпен салып жасқандырып ап, содан кейін ноқтаның байлаулы бауын шеше бастады.

— Айым-ау, қайтесің ол тентекті жүдә ызаландырып? — деді, жүк артқан түйесін тұрғыза бастаған Сырбай.

— Үйретем, атеке!

— Неменеге? — деді Сырбай, неге үйретем деуіне түсінбей.

— Үстіне кісі шықпаған соң құтырып алған өзі.

— Мінесің бе сонда?

— Мінем!

— Ойбай, жүдә асау ғой, Айым-ау, — деді Сырбай, — жығып кетер!..

Сырбайға жауап берудің орнына, Айбарына тайлақтың ноқта бауынан тартып, басын қамшылар жағына қайырып алды да, тікейген семіз өркешінен қапсыра ұстап, ырғып тайлақтың үстіне шығып кетті. Екі өркешінің арасына қонған Айбаршаның санынан тістемек боп тайлақ ұмтылып еді, Айбарша жаққа шапалақпен тартып қалды. Жасқанған тайлақты Айбарша содан кейін ноқтаның қылдан есілген жуан бауымен санынан тартып -тартып жіберіп еді, тайлақ аталақтай жөнелді.

«Қап, жығып кете ме, қайтеді?» деді Сырбай қарап тұрып. Бірақ ол қорқа қойған жоқ, өйткені халықтың ұғымында, ат пен түйеден жығылған кісінің еш жері ауыруға тиісті емес, себебі «ат жалын, түйе шудасын төсейді», одан жығылу қауыпты, ол — «мүйізін төсейді».

Қанша тулағанмен жыға алмасын аңғарғандай болған тайлақ, тоңқаңдап тайрақтай жөнелді. «Аюға намаз үйреткен таяқ», дегендей, қыл баудың өткір ұшы нығыз тиген соң, мөңку былай тұрсын, Айбарша қай жақ мойнына сабаса, со жаққа бұрылды. Солай билеп алған тайлақты Айбарша қайын атасынын, су жайған егіс танабына қарай алып кетті...

Түйе қырық, елу жасқа келеді деседі. Сырбай қолында туғызған оны мына түйесі соңғы жиырма бес жылын онымен бірге жасасқан. Дөнежінінде қайыған ол інгеннің әрдайым құрсағы құр жатпай үш жылда екі бота таба берген. Биыл да ол қайыған.

Колхоз ұйымдасқанша ешкімді бұл інгеннің үстіне шығармаған Сырбай, аулында колхоз ұйымдасып, өзі бас боп малдарын жұрт орталыққа салып жатқанда, осы түйесін ортаға бергісі келмей қатты қынжылды. Сонда, колхозға оның күшін, не сүтін қимаған жоқ, шама-шарқынша күтіп өсірген, талай тар жол, тайғақ кешулерді бірге көрген ескі серігінін, орталықтағы күтімі өз қолындағы болмас деп қауіптенді. Дегенмен, бермеуге болмайтынын көріп амалсыз қиған ол, артынан колхозшыларға жеке шаруасында мал ұстауға рұқсат болғанда, өзгені емес, өзінің түйесін таңдап алды. Содан бері қолынан шығармаған бұл түйенін, Сырбай әрбір ботасын тайлақ шығарды да колхоздың орталығына берді. Өткен жылы канал құрылысына кірісерде құрмалдыққа шалмақ болған буыршынын да ол өткен күз орталыққа берген.

— Жасының біреуін неге өсірмейсің? — дегендерге ол:

— Қайтем есіріп, — дейді. — Колхозда тұрып аштан өлмеуге, кештен қалмауға көзіміз жүдә жетті. Үлкен түйемді де ортаға берер ем, тек кәрі серігім болғасын қимаймын.

Сырбайдың сондай ойын білгендей, ерғашты боп өскен бұл түйе, өзгеге жасайтын қыңырлығының ешқайсысын оған жасамай, ырқына кене береді. Түйе бүгін де сонысын істеп, Сырбайдың жетегінде артқан жүкті егіс танабына ың-шыңсыз алып барды да, атыздың жағасына жеткен соң «шөк!» дегенде жата қалды. Тұқымдық салы салынған қаптар арқасынан түсірілді.

— Ал, келін! — деді ол Дариғаға, — суға салы себу үшін, әуелі мал ағаш жүргізіп ылайлауымыз керек қой, Маланың екі басына арқан байлайық та, түйенің мойылды жегейік. Түйені жүдә сен жетекте. Мақта келін айдасын. Мен жүдә тұқым себейін.

Бұл звеноға мүше болған Дариға мен Мақта гүлдің суға жалаңаяқ түзулері кеше ғана еді. Өйтуге Сырбайдан ұялғандай боп, кеше екеуі де кідіргенде:

— Жүдә ұялмаңдар, келіндер! — деген Сырбай, — ұялғанмен, сендердің істеріңді біреу істеп бермейді. Жаз бойы бір күн емес, жүдә жетпіс күн суда жүріп жұмыс істейсіңдер. Ендеше, қымсынатын ештеңе жоқ. Әлгі бір Айымдар киіп жүрген ықшам киімдерді жүдә таба алмай-ақ қойдым, суда жұмыс істеуге ыңғайлы-ақ еді. Сендердің ұзын көйлектерің-суға жүдә ыңғайсыз. Ыңғайсыз болғанда амал нешік. Көйлектің етегі жұмысқа оралғы болмау үшін дамбалдың ышқырына салып шалбарланып алыңдар!.. Балақтарыңды жүдә тақымдарыңа дейін, жеңдеріңді қолтықтарыңа дейін түріп алыңдар!

Дариға мен Мақта гүл кеше ұялса да осыны істеген. Бүгін де соны істеудің қажеттігін ұққан олар, су жайылған танаптың жағасына келгеннен кейін, қысыла-қымтырыла тұрып, Сырбайдың кешегі бұйрығын бүгін айтқызбай орындады. Әйелдердің жалаңаштанған мүшелерінің еті аппақтығына көзі түскен Сырбай, теріс қарап еріксіз жымиды да, «жаздай күн көзінде осылай жұмыс істесеңдер қоңырланарсыңдар, балалар!» деп қойды ішінен.

Айбарша бұл кезде тайлақтың үстінен түсіп, қитығы басылған оның мойнынан құшақтап тұр еді.

— Айым! — деді Сырбай оған, — тайлақты түйеге қосақтау керек.

— Неге, атеке?

— «Қатынды бастан тый, баланы жастан тый» депті. Суды қалай кешуді енесінен осы бастан үйрене берсін.

— Жүре ме ол?

— Неге жүрмесін. Тілесең үстіне мініп отыр.

Мал ағаш жегілген түйенің мойнына тайлақ қосақталғанда, балалығы ұстап кеткендей болған Айбарша, мінуге бір ыңғайлана берді де, тағы кідіріп қалды.

Дариға жетектеген түйе суға түсерден бұрын, Сырбай қайта малшынған салыдан дорбаға толтырып алды да, дорбаны кеудесінен келтіре, ұзын бауын мойнынан асты. Содан кейін:

— Ал, келін! — деді ол Дариғаға, — түйені жетектеп түс суға!

Дариға жетектеген түйе, тартынған тайлақты сүйрей, суға түсе қалды. Бұдан бірер күн бұрын мал ағашқа мініп тұрып түйе айдауға әдістен көрген Мақта гүл, түйенің шомына байланған делбеден ұстап, тік тұрған қалпымен мал ағашқа міне кетті. Басылған аяқтардан, сүйретілген мал ағаштан көтерілген балшық танапта жаңа ғана мөлдіреп тұнып тұрған суды лайлады да жіберді.

— Ал, балалар, — деді Сырбай екі қызға, — сендер осылай қарап тұратын боласыңдар, біздің ісімізге. Мен тұқым себуге кірісем.

Мал ағаш сүйреген түйенің артынан Сырбай да суға түсе қап, төсінде асылған дорбадағы салыны уыстап ап, лай судың бетіне құлаштап шаша бастады...

— Біз ше? — деді Наталия Айбаршаға.

— Біз не істейміз? — деді Айбарша.

— Етікті шешейік те суға түсейік.

— Не үшін?

— Көрейік.

— Нені?

— Тұқымның себілуін.

— Осылай да көріп тұрған жоқпыз ба?

— Бұлай көру — көрген болмайды.

Наталия атыздың қырына отыра кетті де, керзі қонышты етігін шеше бастады. Айбарша да соны істеуге кірісті.

Лайлы суға қыз түсе қалса, асты былжыраған батпақ екен: аяқ толарсақтан кіреді, баса бергенде табан тайғанақтап тұрмайды, батқан аяқты тұтқырланып әрең жібереді.

Жүрудің қиындығын көрген Айбарша:

— Ну, к чёрту её! — деп шыққысы кеп еді:

— Шықпаймыз, — деді Наталия, — тракторға мініп қызмет атқарумен осылай қызмет атқарудың айырмасын көру керек...

Біраз жүргеннен кейін балтырлары ауырып, әрі ентігіп шаршағанмен, Наталияның жүре түскісі келді де, шыққысы келген Айбаршаны қолынан ұстап, зорлағандай жібермеді.

Біраздан кейін сазға бойы үйренгендей болған екі қызға, себілген салының суға батуы қызық көрінді: Сырбай уыстап ап шашқан салы лай судың бетіне аспаннан түскен жаңбырдың тамшыларында тегіс шашырап түседі де, аз уақыт толқыған судың бетінде қалқи қап, кенет, сүңгіген үйректердей суға батып кеп кетеді.

— Жер-ананың тұқымды қалай жұтуын байқайсың ба, Айбарша?! — дейді Наталия.

— Байқаймын. Молайтып қайта беруге жұтып жатыр ғой ол.

— Рас. Таба білсең, алғанын мың-миллион есе өсіріп беретін бұл анадай мырза ана болады дейсің!..

— Рас, Наташа!..

Соны қызық керген қыздар, кен, танаптың бір бөлегін әлденеше айналып түсті. Сонда олардың қайран қалғаны, осы салмаққа өзгелер шаршаса да Сырбай мен түйе шаршар емес. Екеуінің де баттасқан саздан аяқ алулары аса жинақ және біркелкі!..

Сөйтіп жүргенде күн көтеріліп қалды. Айбарша мен Наталия судан енді шықпақ болды. Сол кезде, бұларға беттеген екі салт көріне кетті.

— Самарқан! — деді қарай қалған Айбарша, — қасындағы әйел. Кім екен ол?

Қыздар атыздың жағасына жетпей екі салт жақындап та үлгерді. Наталияның «Ох!» деген үрейлі даусына Айбарша жалт қараса, кескіні әлем-тапырық боп, көздері шарасынан шығып барады.

— Не болды, саған?! — деді Айбарша, екі шекесін алақандарымен қысып, құлайтын адамдай денесі теңселе бастаған Наталияны құшақтай ап.

— Мать! — деген сөзді айтуға Наталияның қуаты әрең жетті.

— Чья?.. Твоя?..

— Д-Д-Д-а!..

СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

ЖОҒАЛУ

Наталияның шешесі — Аграфена Осиповнаның қызын Сырбай звеносынан тауып алу тарихы қысқаша былай еді тұрған мекенінен жаудың, текпіні мен босып шыққан ол, жолшыбай талай топқа қосылып, талай топтан айрылып отырып, нелер ауыртпалықтарды бастан кешіру арқылы, 1941 жылдың күзінде Қапал қаласына кеп тоқырады.

Қалалық совет оны сол қаладағы он жылдық қазақ мектебінде күтуші қып орналастырды. Мінезі жатық, ақкөңіл, балажан, мейрімді, іскер Аграфенаны жақсы көрген көпшілік «Груша апай» атап кетті. Мектептің директорына, мұғалімдеріне, балаларына, немесе басқаша қызметтес адамдарына мұнда қалай келуін Груша апай әңгімелей қалса, әрдайым кеңесінін, аяғын қызы Наталия мен ұлы Александрға әкеп тірейтін еді де, оларды қайда, не халде екенін білмейтіндігін айтып, ағыл-тегіл жылап алатын еді, ойында — оларды енді қайтып керем деген сенім жоқ еді.

Сондай сенімсіздікте жүрген Груша апайға мектептің оны сыйлайтын директоры бір күні қайран қаларлық жаңалық көрсетті.

Мектепке күнде келетін газеттерді директор қарастырып отырса, «Социалистік Қазақстан» газетінің бір санында, ішкі екінші беттің орта белінен төменгі жағын тұтас алып «Отаншыл қыз» деген көркем очерк басылыпты. Газеттің қызғылықты материалдарына шұқшия қарайтын директор, тілі көркем, мазмұны бай очеркті қадағалай оқып көрсе, ішінен көзді суыра тартарлықтай бір мәлімет шыға келеді!..

Очерктің баяндауынша, Қызылорда облысының... ауданындағы «Кең тоғай» атты колхозында, ісі үлгілі танаптық агроном бар, аты-жөні — Наталия Остаповна Полещук.

Груша апайдың да фамилиясы Полещук екенін білетін директордың құлағы, очеркте ұшырасқан агроном қыздың фамилиясына елеңдей қап, аржағын ерекше құмартып оқып көрсе, ісін үлгілі деп сипаттап отырған агроном қыз, қайдан келу тарихын баяндауға қарағанда, осы кісінің жоғалтқан қызына ұқсайды.

Очеркте қыздың кішірек келемді фотокарточкасы да басылған екен. Оның да: көз, маңдай, мұрын, бет, иек бітімі Груша апайға ұқсайды!..

«Апырау, осы қыз соныкі болмаса игі еді!» деп қуанған директор, Аграфена туралап айтса, қуаныштан жүрегі жарылып кетердей көріп, газеттегі мәліметпен оны қулығы араласқан еппен таныстырмақ болды.

Мектептің ішкі тазалығын сақтау жөнінде Аграфена Осиповнамен жиі сөйлесіп тұратын ол, газеттегі очеркті оқып, ондағы мәліметке ойын тоқыратқаннан кейін, мектепті таңертең тазалап боп пәтер үйіне кеткен Аграфенаны біреуді жіберіп шақыртты. Бұлай шақыру, кейбір жұмыстың ойдағыдай орындалмауына байланысты болатындықтан, шақырушы келгенде жүннен иірген жіптен байпақ тоқып отырған Груша апай «әлде нем жетпеді екен?» дегендей мазасызданып қалды.

Жоғалған балалары есіне түскен ол, дәл сол сәтте аса көңілсізденіп, Украинаның әлдене мұңды әнін ақырындау зарлы дауыспен айтып жылауға таяу отыр еді.

Шақырушы келгенде, бұл халінен ол серги қалды: өйткені, директор өзін сыйлайтындықтан, бұл да оны аса сыйлап ісінен шашау шығармауға тырысатын; егер, зәуі сайтан шашау шыға қалса, оны директор көріп ескертсе, жерге кіргендей ұялатын, кермесе — көрсетпей түзеуге жанталасатын.

Директордың шақыруын естігенде, «жұмысымда бірдеме жетпей қалған болу керек» деп ойлаған Груша апай мектепке асығып жетті де, кабинетке қымсынып кірді.

Директор оны аса жадыраңқы кескінмен қарсы алды. Бүйтер деп күтпеген Аграфена Осиповна, оның:

— Қалыңыз қалай? — деген сұрауына не жауап қайырарын білмей, бетіне жаутаңдап қарай берді.

— Жақындарыңыздан хат-хабар жоқ па? — деді директор.

— Жоқ, — деді Аграфена Осиповна басын шайқап, директордың бұл сұрауды неге бергеніне түсінбей.

«Қызыңыздан хат-хабар жоқ па?» деген сөз аузына келе беріп, директор тоқтай қалды. Өйткені, мұны айтса Груша апайдың жылай бастайтыны мәлім.

Енді не айтуды ойланған директордың есіне мына қулық түсті: жасы алпыстар алқымдағанмен, Груша апайдың көз жанары әлі жіті екенін ол білетін, сондықтан әлдене сөздерге оны алдандырып отырып, абайсыз бір кезеңде, Наталия Полещуктің газетте жарияланған суретін алдына тастай берді.

Директордан дәл қазіргідей қылықты бұған дейін ұшыратпаған Аграфена Осиповна неге бүйтіп отырғанына түсінбей, сұрауларына жалтақтай жауап беріп отырғанда, алдында жатқан газеттегі фотопортретке көзі іліге кетті.

Әуелі аңдаусыз қарай қалған оның көзін, жылы ұшырай қалған портрет өзіне шыжымдай тартып, аздан кейін қадала қалды. Қадалған сайын оның көзі өткірлене, кеңи түсті; өңі бір сұрланып, бір күреңденіп құбыла түсті. «Қайтер екен» деген оймен директор үн-түнсіз отырғанда, құбылған сезіміне ие бола алмастық халге жеткен Груша апай шекесін екі алақанымен қыса ұстай алды да, ышқынған дауыспен «аһ!» деді...

— Сізге не болды? — деген сұрауға Груша апайдың жасқа булыға әрең берген жауабы:

— Менің қызым!..

Очеркте сипатталған қыздың өз қызы екенін портретінен де, очерктің сөздерінен де анық көрген Аграфена, білгенінше шимайлап хат жазып еді, «Кең тоғай» колхозының басқармасына кеп түскен хат, көктем егісінін, қызу науқанында жүрген Наталияға тапсырылмай жатып қалды да, сапырылған бір қағаздардың арасына түсіп жоғалды. Қызының жауап хаты кешіккен Аграфена Осиповна, одан әрі төзбейтінін айтып, мектеп директорынан барып келуге рұқсат сұрады. Рұқсат бере отыра, «қайтып келем» деген уәдесін ала отыра, директор Аграфена Осиповнаны, аңсап көрген қызынан оралады деп ойлаған жоқ.

Алмалыққа кеп қызының жөнін сұраған Аграфена Осиповнага Наталиямен көңілі қосылғандығын білетін біреулер, сол бір сәтте қалаға әлдеқалай келе қалған Самарқанды нұсқады. «Кең тоғай» колхозының егіс даласына со кезде жолы да түсе қалған және болашақ қайын енесін, жоғалып табылған, қызына ертіп апармауды ыңғайсыз көрген Самарқан, машинасына мінгізді де өзі алып жөнелді!

«Кең тоғайдан» олар салт атқа мінді, өйтпегенде, егістік даланы өрмекшінің ауындай сызғылап аққан арықтардан машинамен жете алмайтын еді.

Қызынын, да, ұлының да осында екенін енді айқын білген Аграфена Осиповнаның сөздеріне Самарқан жолшыбай құлақ салса, қуанышы тасыған оның жылап-сықтар түрі көрінбейді. Сөз әлпетінде дінге сенетін ол:

— Құдайға шүкір, — дейді Самарқанға, — ахиретте болмаса, бұл дүниеде керуден күдер үзіп қойған балаларымды аман жолықтырсам көзімнен жас та шығармаймын.

Жолыққаннан кейін не істейтіндік тамырын басып көрсе, қызын қызметінде қалдырғысы келеді де, ұлын Қапалға алып қайтуға ойлайды.

Екі уәдесінің, бірін Аграфена Осиповна бұлжытпай орындады. Аттан түсе берген оны көргенде, таныған Наталия есінен айрылғандай сезіммен, лай суға сүріне-қабына кеп «мама!»- лап бассалғанда:

— Бекер жылайсың қызым, — деді ол, өз көзінен жас шығармастан, тек қана бауырына қатты қысып, — аман көріскен соң жылаудың керегі жоқ.

Сағынған шешесін қайта-қайта «мама»- лап құшақтап, қуанышты көзінен мөлдір жастың тамшыларын қайта-қайта домалатқан қызынан Аграфена Осиповна ұлының жайын сұрап еді, алдымен оған Айбаршаны таныстырған Наталия Александрдың кімнің қолында және қандай халде екенін қысқаша айтып берді. Дәметкенді әлі көрмегенмен, қызынын, айтуынан сырттай жақсы көрген Аграфена Осиповна, «не деген жақсы адам еді!» сөзін қоса, «шешең үшін саған рахмет!» деп Айбаршаның қолын алды.

Осы алғысты кепеде жолыққанда Дәметкенге де айтып еді, тосаң әйелдің кім екенін Айбаршаның баяндауынан білген Дәметкен ытырына да қойған жоқ, жалпылдай да қойған жоқ. Баланың әлпетіне қараса — шешесін ұмытып қапты, алғаш көріп шақырғанда, Дәметкеннің кең көйлегінің етегіне оралып бармай қойды.

Баланың сәбилік іскерлігі ертеңіне ояна бастады ма, немене, шақырған шешесіне ертеңіне де бара қоймай тартыншақтағанмен, кешегідей жатырқап қарамай, құмарландыра түсейін дегендей жымияды.

«Бұл қалай болады енді?» деген ой Дәметкеннін, басына, кеше Аграфена Осиповнаның кім екенін білгенде-ақ кірген. Сол оймен түні бойы толғанған Дәметкен таң біліне ғана қалғығанда, «егер менің еркіме салса, мен баланы қолымнан өлмей шығармаймын» деген қорытындыға табанын нық басқан. Сондықтан, Аграфенамен таңертең жүздескенде, ол, кешегідей бейғам кескінмен емес, салқын кескінмен қарап, бойына дарытпау мақсатымен сырғақта бастаған.

Аграфена Осиповна бұл кепеде төрт-бес күн болғанда, Дәметкен сырғақсуын жұмсартудың орнына нығайта түсті. Оның неге бүйтуін бұл кепедегілер алғашқы күні-ақ ақтарды. Сондықтан, басы Сырбайдан бастап, бұл кепедегі адамдар:

— Мұның не? Шешесі: табылмаса бір сәрі. Туған шешесі кеп отыр. «Иесіне керек болса, қоңсы өкпелемейді» депті. Баланы жақсы көретініңді білеміз. Бірақ туған шешесі сенен де артық жақсы көрмей ме? Баласын алмай кете ме, ол? Қолдан бермесең жолдан алмай ма? Соттаса да жеңбей ме сені. Ендеше, болмасқа бусанатын нең бар? — деп жиылып еді, Дәметкен «бермеймін» деген сөзінен танбады.

Енді не істеуді ақылдасқан ара халық Аграфена Осиповнаны осында қызметке алып қалмақ болып еді, ол да:

— Қызмет орным жақсы. Оралып келем деп уәде қып қайттым, қала алмаймын, — деп көнбеді.

Туған шешенің баланы алып кетпей кеңілі көншімейтініне, тәрбиеші шешенін, ризалықпен бермейтініне көзі еркін жеткен аралық жұрт енді тәсіл қолданбақ боп, Аграфенаға оңашалап төмендегідей ақыл айтты:

— Бала сіздікі, қай жолмен алсаңыз да сізге кінә жоқ. Сондықтан, Дәметкенге енді жалынба. Оның бермеуіне көнген адам болып кете барыңыз да, Алмалықтағы аудандық халық сотына арыз беріңіз. Соттың үкімі сіздің пайдаңызға шешілетіні сезсіз. Одан кейін сізге ешкімнің өкпесі жоқ, егер тәрбиеші шешесі бермеймін десе, үкімді орындаушы заңмен әпереді.

Бұл ақылды Аграфена Осиповна бірден қабылдай қойған жоқ. Өліп-тірілгендей болған туған ұлын алмай кету ауыр болғанмен, тумаған балаға соншалық жаны үзіліп қиғысы келмеген Дәметкеннің қылығына әрі сүйсінді, әрі аяды.

Дегенмен, баласын сот арқылы алуға Аграфена ризаласты. Оны бұл ойға көндірген әсіресе Айбарша.

— Шеше менікі, — деді ол Аграфенаға, — қимайтыны, шын жақсы көретіні рас. Бірақ, баланы туған шешесіне бермеуге болмайды. Ризалықпен беруге көндіре алмадық. Ендігі жол — бәрімізге ортақ советтік заң. Заң не десе сол болады да қояды. Заңға шешем де көнеді. Онда сіз де арашалап қаласыз. Жақсы көретін баласынан айрылу шешеме ауыр болатыны рас. Оны жұбату міндетін мен алайын.

Аграфена Алмалыққа жүріп кетті. Басында баласын жабыса сұраған Аграфенаның ақырда қалдыруға көндіккен адам боп аттануы, Дәметкенге аса күдікті көрінді. «Менің қапымды тауып, баланы ұрлап әкеткелі жүр ме!» деген қауып кірді оның көңіліне.

Осы күдік көңіліне ұялаған ол, өзге түгіл Айбаршаға да сенбей, баланы күні-түні көзінен таса қылмайтын халге түсті. Түнде ол өте сақ ұйықтады.

Сөйтіп жүргенде, оған Алмалықтағы аудандық халық сотынан шақыру қағаз кеп қалды. Айбарша мен Наталияның планы, егер шақыру қағаз келсе Дәметкенге айтпау еді де, Алмалыққа басқа бірдемені сылтау қып баламен ертіп апарып, сол арада сотқа шақырта қою еді; егер сот үкімді Аграфенаның пайдасына шешсе, үкімді орындаушыны жұмсап, баланы туған шешесінің қолына ұстата қою еді.

Бірақ, олар қапыда соғылды. Шақыру қағазды әкелуші, жеңіл ақылды және Дәметкенге өкпесі барлау біреу еді. Ол келсе, кепеде ас пісірумен шұғылданған Дәметкеннің қасында баладан басқа жан жоқ екен.

— Я, жеңеше, аман ба? — деп ол кепеге есерлеп кірді де, аздаған амандық сөздерден кейін, Дәметкенді құлату мақсатымен: — Мынау, біреудің баласын неге бермей қалдың? — деп сұрады.

Қисық сұрауға түзу жауап берген Дәметкенге ол:

— Байғұс-ау, қолыңнан бермесең жолыңнан алады ғой ол! — деді.

Дәметкен оған, Аграфенаның көндіккен жайын айтып еді:

— Босқа сенеді екенсің ғой, тәйірі! — деді анау, — қапыңды тапқан ол.

— Қалай? — деген сұрауға:

— Сот арқылы алмақ болғаны ғой, міне, шақыру қағаз! — деп алдына тастай берді.

— Не дейді? — деп нанар-нанбасын білмеген Дәметкенге, сауаты бар хабаршы, шақыру қағазды оқып берді.

Ыза мен қорқыныш сапырылудан айнала қалған Дәметкеннің басы тез қалпына келді. Баланы бермеуге бекінуден таймаған ол, көрінеу қарсыласудан пайда жоғын ұқты да, өзінше тәсіл қолданып, кешке жұмыстан қайтқан Айбаршаға шақыру қағазды салмақты кескінмен оқытты. «Мұнысы несі?» деп Айбарша білмеген болды да:

— Енді қайтеміз? — деді шешесін сынамақ боп.

— Қайтеміз. Барамыз да, — деді Дәметкен.

— Сот үкім қылса қайтеміз?

— Көнеміз де, — деді Дәметкен.

Ол сөзге сеніп қалған Айбарша, шешесін сотқа апарып ыңғайсыздық туғызбау мақсатымен:

— Апа, — деді жалбарынған дауыспен, — сотсыз ризалассаң қайтеді одан да?

— Қайдам? — деді Дәметкен мүләйімсіп.

— Апа, сөйт, — деді Айбарша шешесін құшақтай, бетіне бетін тақап, — тату-тәтті айрылайық. Кейін де көрісетін кісің. Қызы да, өзі де риза болсын. Қызы бізге былай да дос адам ғой, баланы еркіңмен берсең шешесі де дос боп кетеді. Қолың құр емес, қыз да, жалғыз да болсам қолыңда мен бармын!

Дәметкен көнбеген сияқтанып аз отырды да, Айбарша:

— Апатай, апажан!.. сөйт енді!.. — деп қиыла жалбарынған соң:

— Жарайды! — деді.

Қуанған Айбарша шешесінің екі бетінен алма-кезек сүйіп-сүйіп алды.

Бұл хабарды естігенде, Наталияның қуануында да шек болған жоқ. Мәселе сот арқылы шешіледі дегенге, інісін туған шешесінен кем күтпеген Дәметкенді аяп, өзгелерден іштей көбірек қиналып жүрген сол еді. «Соттаспа, бала ешқайда кетпейді. Сенімді қолда. Тұра берсін. Жүре келе еппен иеміз» деген сөзіне шешесін көндіре алмаған еді. Енді Дәметкен көнді деген соң, ол да құшақтап сүйіп көп алғыс айтты.

Бұл мәселеге сақтау кезбен қараған жалғыз ғана Сырбай. Ол Дәметкеннің тым күрт құлай қалуына және көп уақыт баланы қимай реніште жүріп, енді бергісі кеп жайраңдай қалуына сенбеді. Сондағы мақсаты не екеніне және көзі жетпеді.

Ертеңіне өзгеден ерте оянған Сырбай Дәметкенді кепе ішінен де, даладан да іздеп таба алмады. Онымен бірге бала да жоқ!.. «Қашып кеткен болар ма?» деген қауып туды оның ойына.

Дәулеттің сұр жорғасы сол маңайда болушы еді. Іздестірсе ол да жоқ.

— «Соны мінген де қашқан — деп бекітті ол ойын, — бірақ қайда?..»

Сұр жорға кешікпей табылды: маңайлас разъездегі біреудің қорасында терлігін ерттеулі қалпында қалып қойыпты. Үй иесі оны таңертең көріп, атты таныпты да, кім мініп келгенін біле алмай хайран бопты.

Сұр жорға разъезден табылған соң, Дәметкеннің, баланы алып поезға мінуіне ешкім күдіктенген жоқ. Сол түні, сол разъезд арқылы ерсілі-қарсылы әлденеше состав өткен, оның бесеуі пассажирлық, солардың, қайсысымен қай жаққа кеткені мәлімсіз.

«Қайда?» деген сұрауға, тек Сырбай ғана бір жорамал айтты:

• — Бетімен қаңғыратын жүдә жынды дейсің бе, — деді ол, әрине, ол біреуді көздеп кетті.

— Кім? — деген сұрауға:

— Сарымсақтың Алтынгүл деген жалғыз апасы бар да, — деді ол, — соның, Адамбек дейтін оқыған жалғыз баласы бар да, Сарымсақ тірі кезде де, өлген соң да нағашы көріп келіп жүретін. Бұл соған кетті.

Айбаршаның айтуынша, землемерлік қызмет атқаратын Адамбек Жақсылықов қазір Бетпақтың шөлін зерттеп жүрген экспедицияда. Дәметкеннің оған қалай кетуі, қалай жетуі көпшілікті ойға қалдырғанмен, Адамбекке хат жазып білмек болды, хаттың жауабы қашан келуін ешкім дәлдеп айта алмаған соң, мұнда қызметке қалғысы келмеген Аграфена Осиповна Қапалдағы мекеніне қайтты. Бірақ, ол кейбіреулердің күткеніндей жылап-сықтап кеткен жоқ. Көңіл айтқысы келген кейбіреулерге оның берген жауабы:

— Біржола жоғалды деп жорыған кезде де өлген жоқпын да. Тірі жоғалған балаға несіне қынжылайын. Түбінде бір табылар!..

ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ

БАЛАУСА БАСЫНДА

Бүгін Қызылорда жерінің ыстығы өз тілімен сөйледі. Тұла бойында шөкімдей бұлт жоқ, көгілдір жақұттай боп мөлдіреген аспанның биігіне шығып алған күн, таңғы самалы әлдеқашан тынып қалған Сырдария өлкесіне, оттай ыстық лебін себеледі де тұрды. Жалындай леп жалағанда жердің беті қайнап кеткен сияқтанып, ұшы-қиырсыз кең даланы толқынды сағым жауып кетті. Жайшылықта көзге бұлдырап әрең көрінетін әлдеқайдағы темір жол станцияларының водокачкалары, әлдеқайдағы колхоздың қыстақтары, әлдеқайдағы шоқтала өскен тоғайлар, әлдеқайдағы құм-төбелер сағым толқынында суда жүзген кемелер мен қайықтардай қалқып, жақындап қалды... Со бір кезде, төңірегін көзімен шолған кісіге, дүние жүзін топан басып бара жатқандай әсер пайда боларлық еді...

Осы ыстықта, маңдайларынан тері сорғалап, кескіндері қаракүрең тартқан екі салтты, кең өлкені тұтаса жапқан жасыл егіннің тың даламен астасқан шетін жағалап келе жатты; біреуі — Байжан, біреуі — Самарқан.

Дем тартқанда жалын жұтқандай болатын Сырдария өлкесінің мұндай ыстықтарының талайын көріп, оған дағдыланып алған Байжанның әлі дағдылана алмай жүрген бір ғана нәрсесі бар еді, ол — Сырдария бойының маса-сонасы мен құрт-құмырсқа, бақа-шаяны... деген сияқты шағатын жәндіктері.

Арқалық қазақтарда «пәленің мыңы Сырда, бірі қырда» деген мақал бар. Сол мақалды айтатын туған жерінің қарттарынан Байжан «мың пәле — не ол?» деп сұрағанда: «құрт-құмырсқа, бақа-шаян сияқты шағатын жәндіктер, олардың ең көп жері Сырдың бойы» деп жауап беретін.

Сыр бойын аралай келе, қарттардың сол сездері Байжанға рас сияқтанды. Ұшатын, немесе жерде жорғалайтын заттардың ол не «зоология» кітабынан оқымаған, не құлағы естіп, көзі көрмеген неше түрлі ұшыратты.

Мысалы, Арқаның жерінде сиырдың жауы «шанышқақ» дейтін инелік бейнелі шыбын. Бір ызыңын естіген сиыр, құйрығын көтеріп ала, су бар жерге жанталасып қашса, өзге сиырлардың, бәрі босқа үрейленіп, бет-бетімен жөнеліп, жанын қоярға жер таба алмайды. Сыр бойында «шанышқақ» та бар екен, оның атын «сайгел» дейді екен.

Бірақ. Сырда, сиырдың әлдеқайда мықты жауы болады екен, оның аты «ала күлік». Ол — ұшатын ала қанатты қоңыз. Сиырларға «сайгел», мысалы, қасқыр болса, ала күлік — арыстан. Ала күлік келгенін білген сиыр бытырай қашқанда есінен айырылар дәрежеге жетеді... Сол, қашқан бойында, ол алдында ор тұрса құлайды, саз тұрса батады, от тұрса түседі!.. Бұл «пәледен» қашқанда да олардың бас сауға қылар жері су. Суы жоқ жерде ала күліктен қашқан сиыр, егер құтыла алмаса болдырып барып жығылады; су кездессе, денесін жасыратын тереңіне жетпей жаны жай таппайды...

Ала күліктің осындай пәле екенін білетін қазақта ең қатты қарғыстың біреуі: «ой, ала күлік кел!». Бұл қазақтың дұшпанға ғана айтатын қарғысы... Шілде айларында, Сырдың бойында ала күлік қаптап кетеді. Сиыр малын ол кезде, бұл маңайда ұстауға болмайды.

Арқада да маса мен сона кеп. Бірақ, Сыр бойының маса мен сонасының қалыңдығымен салыстырғанда, Арқаның маса, сонасы жіп есе алмайды. Екі жақ жағасына қамысты көлдер жарыса біткен Сырдарияда, май мен сентябрь арасындағы масаның қалыңдығы бұлттай болады. Кейбір тымық күндері алыстан қарауытып ұшып келе жатқан бірдемені, көшіп келе жатқан бұлт болар деп ойласаң. ызың қаққан. масаның тобы боп шығады. Бір масаның ызыңы әлсіз болғанмен миллиондаған масалар қосылып ән салса, көшіп келе жатқан масаның бұлты, ауып келе жатқан жағын күңірентіп жібереді.

Арқанын, масасынан семіздеу, жуандау, денесі де, тұмсығы да ұзындау, қанаты да жалпақтау және қияқты, түсі сұрғылттау келетін Сыр бойының масасы қалай шағуын бейнелеп айтқанда, Арқаның масасының шаққаны — бүргенікі болса, Сырдың масасының шаққаны — бүйінікі. Жалпы маса атаулының тұмсығында не пәле барын кім білсін, ұстап ап кергенде езіліп қалатын оның жұп-жұмсақ тұмсығы, денеге қадалғанда біздей өткір ғой. Түйенің қалыңдығы сантиметрден артық қара қайыс терісіне қадалғанда, етке шаңышқан біздей сүңгіп жүре бермей ме?!. Сыр бойындағы масаның тұмсығы тіпті сұмдық. Егер қадала қалса, ол тұмсық малдың терісі түгіл, адамның үстіндегі әлденеше қабат киімнен де өтіп кетеді!..

Өткірлігі біздей, ащылығы удай масаның денеңе тұмсығы бір қадалса, оған хайуан шыдар ма еді, қайтер еді, ал, егер миллионы қадалса ше?!.

Сыр бойының масасы осындай болса, «сонасы қандай?» деңіз: Арқаның сонасы Сырдың сонасының қасында бүркіттің қасындағы қаршығадай-ақ. Арқаның сонасы жай ғана қадалып шақса, Сырдың сонасы қадалған жерінің терісін ойып алады және шаққан жері күп боп ісіп кетеді... Олар да Сыр бойында мың-мың!..

Бір ғажабы — сиыр атаулы мақлұқ, мәселен сонадан қорықпайды, олар денесіне мыңдап жабылса да мыңқ етпей оттай береді. Олардан және «бөгелек» аталатын инеліктің бір түрінен жаны шыға қорқатын жылқы жануар ғана. Алагүлік пен сәйгелі жылқыға тимейді де, жылқы олардан қорықпайды да. Ал, түйе, шыбын-шіркейдің денесіне қаншасы қадалып жатса да, аяқтарымен, басымен қағынып оттай береді.

Арқада қара шыбынның денені жыбырлатып мазалауы ғана болмаса, жанды ауыртып шаққанын ешкім естіген емес.. Жылқының жас қиын жапырлап қонып, содан ләззат табатын ұсақ шіркейлерді, Арқанын, қазағы шағу түгіл мазалауға тұратын мақлұқ деп танымайды. Ал, Сыр бойын алсаң, қара шыбын мен шіркейдің шағуы, денені масадан кем ашытпайды.

Қазақтың ұғымында, тышқанның үлкені — шошқа, мысықтың үлкені — жолбарыс, иттің үлкені — арыстан. Сол сияқты, Сырдың бойында қара шыбынның да «жолбарысы» мен «арыстаны» бар: басы жалпақ, төбесі жасыл, бөксесі жуан, сирақтары түкті келген, сонадан тұрқы қысқалау болғанмен денесі жуан бұл шыбынды Сыр елі «түйе шыбын» дейді. Ғылымда «шпанская муха» аталатын, көктем кезінде айғыр, бұқа, қошқар сияқты өндіргіш малдардың қуатын молайту үшін қуартып үккен ұнтағын ішкізетін бұл шыбын сонадан кем шақпайды...

Ұшатын шаққыштар осындай болса, жерде жорғалайтындардың не түрлі пәлесі жоқ, Сырдың бойында!..

Қыраттау жерде көп ұшырасатын қарақұрттар, дәл Сырдың өз жағасында жоқ. Бірақ, айырқұйрық шаяндар шілде кезінде Сырдың жағасында құмырсқадай өреді. Бүйілер ше?.. Және қандай бүйілер, олар? — Жас баланың жұмған жұдырығында бүйілер! Өздерінің тұла бойы түкті келеді... Қапысын тауып таяқпен баса қойсаң, аузынан қара көбігі бұрқырап кетеді, соның бәрі — денеге тисе өлтіріп жіберетін у.

Жыландар ше?.. Неше түрлі жоқ олардың, Сырдың бойында. Бәрі де шаққыш, шақса — өлтіргіш. Өзгелерін қоя тұрғанда, «оқжылан» аталатын біреулері бар, ұзындығы бір-ақ кездей, жуандығы саусақтан әрең қалқыңқы. Осы оқжылан жанталасар жері келсе, қашқанда да, қуғанда да доңғалақтың құрсауындай иіліп ап зымырайды. Екіталай шақта аспанға шаншыла атса, үш-төрт метр биікке көтеріледі. Тұрғын елдің ұғымында, аспанға атқан оқ-жылан төбеңнен кеп шаншыла түссе, өн-бойыңды оқтай тесіп шыға келеді. Сондықтан оқжылан көрсе олар қашады... Қашпағанда қайтсын: жіп-жіңішке қалпымен, ол, тасбақаны сыртқы қабыршығымен жұтып жібереді!..

Құлағы естігенде бұған нанбаған Байжан көзімен көріп иланды: тасбақа жұтқан оқжылан қып-қысқа боп қалады екен де, бақа кірген жері резинкадай созылып, доп-домалақ боп іскен сияқтанып кетеді екен. Теңіздегі хайуанаттардың тіршілігі туралы оқыған кітабында, Байжан, теңіздің тереңінде хаулиод дейтін жыртқыш кішкене балық болатының ол өзінен әлденеше рет зор балықты жұтып, резинкадай созылған қалпымен үрген қуықтай домаланып қалатынын кездестірген еді де, көзімен кермеген соң нанбайтын еді. Соның растығына Байжан тасбақа жұтқан оқ-жыланды көргенде иланды.

Сыр бойында зәрлі мақлұқтар, жоғарыда аталғандар емес. Олардың толып жатқан түрлері бар.

Адам не нәрсеге көндікпейді.

Сыр бойына алғаш келген кезде аяқ астынан шағатын Пәле күтіп, жатса-тұрса үрей болатын Байжан, жүре келе үйреніп алып, кез келген жерге жата беретін, кез келген жерге отыра беретін. Сонда, бір ғажабы — жерде жорғалайтын шаққыштардың ешқайсысы, ешуақытта залал істеген емес. Сонда, сол шаққыштар оған жоламайды емес: талай рет, құйрығын қайқайтып денесінде жорғалап жүрген шаяндарды ол қағып та түсірді. Талай рет, қойнына кіріп жылан да ұйықтады. Бір рет кигелі жатқан етігінен жылан шығып зәресін алғандықтан, бір рет басынан шешкен кепкасында бүйі жатқанын көргендіктен, жатқанда шешкен киімдерін ол алғаш сілкіп, қарап киді де, кейін оған да еті өліп ескермейтін халге жетті.

Сырдың «мың пәлесінің» жер бетіндегілер «ағайын» боп алған Байжан, ұшатын «пәлелердің» адамды шағатындарына әсіресе маса мен сонаның шағуына төзе алмай-ақ қойды...

Сол төзбеуін ол, бүгін де істеп, Самарқан екеуі салт келе жатқанда, үстіне жабылған маса мен сонаның шағуынан жанын қоярға жер таба алмай, жынданған адамдай үсті-басын жұлмалаумен азаптанды. Бұлай арпалысуына оны айыптауға да болмайтын еді. Әдетте біз малды адамнан азапқа шыдамды деп есептейміз ғой. Сол көзбен қарағанда, Байжанның астындағы әдетте салмақты, шабандау аты маса, сонаның шағуына шыдамай, аяқтарымен, құйрығымен, басымен денесін қағынып, секеңдеп жеңілденіп кетті. Аттың орғуы, қарғуы, басын кейде кекшеңдетіп, кейде тұқырып алас ұруы соншалық мазасыз дәрежеге жетті, егер үстінде отырған кісі абайлап, тақымын қатты қысып отырмаса, тізгінді жинақ ұстамаса ұшып кетер еді. Маса, сонаның шағуына хайуан екеш аттың да берекесі сонша кеткенде, адам қалай шыдасын!..

Бірақ, Байжанның байқауынша, мойындаған іске, адамның шыдамдылығы хайуаннан әлдеқайда артық сияқты. Мысалы, осы келе жатқан сапарда, екі ат пен Байжаннан, Самарқан маса, сонаның шағуына әлдеқайда төзімді!.. Тірі адам болғандықтан, маса, сонаның шағуына ол да біраз тиышсызданып, жыңғылдың жапырақты бұтағынан буып алған қорғанышымен денесін қақпалағанмен, дәл екі ат пен Байжандай берекесі қашарлық дәрежеге жеткен жоқ. Сондықтан ол, ара-тұра Байжанға қалжың да айтып қойып:

— Сен, инженер жолдас, берекеңнен айрылдың ғой. — десе:

— Айрылмасқа амал қанша, шыдатар түрі жоқ! — деп жауап берді Байжан.

— Е, қайтер дейсің, — деді Самарқан оған, қулана түсіп, — Сыр бойының, күйеуі екеніңді біліп, маса, соналар жездесімен ойнап келе жатыр да.

Қалжыңдасуға шамасы келмеген Байжан, қолындағы жапырақ қорғауышымен денесін қағына түсті...

Бұлар биылғы жылдың егінін аралап келе жатыр еді. Бұдан бұрын да әлденеше рет аралап, егіннің жақсы беталысына көңілі тойған Самарқан:

— Көктемнен кейін көруге қолың тиген жоқ, екеуміз аралап келейік, — деп Байжанды ертіп шыққан. Сондағы ойы — жақсы егінді көрсетіп мақтануда; өйткені, ол егіннің осылай шығуына Райзоның оның начальнигі — өзінің ортақтығы мол деп түсінеді.

Алмалықтан тан, біліне аттанған олар, түске дейін биылғы егіннің кеп танабын аралап түсті. Самарқанның бағалауы бойынша, танап атаулының шығым жағынан бәрі бір емес, олардың ішінде нашар да, ортасы да бар; бірақ, жақсысы мен ортасын араластыра есептегенде, биыл аудан көлемінде орта мөлшермен гектарынан 25 центнерден алынуға тиісті. Өткен жылдармен салыстырғанда, Самарқанның ойынша бұл жақсы шығым.

Жалпы мөлшеріне көңілі тола тұра, нашар шыққан егіндердің неге нашар болуын айта кеп, Самарқан Сырбайды серпе мақтап қояды.

— Мына көріп келе жатқан егіндердің ішінде гектарына отыз-қырық центнерден беретіндері бар, — дейді ол Байжанға, — өзгесімен салыстырғанда, бұл өте жоғары шығым. Соны саған орта шығым деп келе жатқан себебім — Сырекеңнің танабын көргендіктен. Ол, енді, ғажап!.. Мұндай қалын, шыққан күрішті мен әмірде көрген емен. Сырекеңнің өз тілімен айтқанда, «тіл-аузымыз тасқа», егер осы бетімен өсіріп аман жинап ала алсақ, бүкіл ауданымыз боп мақтануымызға әкел қолыңды!..

Сырбайдың танабын солай мақтаған Самарқан, тағы да бір мақтанышын әзірге ішіне бүгіп, Байжанға айтқысы келмейді, онысы — бес гектарлық Сырбайдың танабы екіге бөлінеді, бірі — минералдық өңдеу қолданылған жағы, бірі — Сырбайдың қара тәжрибесімен өсіріліп жатқан жағы. Өңдеу қолданылған жақтың шығымы, екінші жақтың шығымынан әлдеқайда қалың. Сырбайдың өз айтуынша, ол қалыңның түсімі де екінші жақтан екі есе мол болуға тиісті. Өңделген жердің егіні қалың шығуға себепші деп, Самарқан Наталияны санайды да, ол ойын Байжанға ат үстінде айтып мақтанудан гөрі, егінді көрсетіп жүріп мақтанғанын қолайлы көреді.

Егін аралаған олар, күн көтеріліп келе жатқан кезде, алдағы жылдың егініне арнап трактормен тың айырып жүрген Айбаршаға кездесті. Кеудесіне жеңсіз жалғыз ғана майка киген, бұтына шаңғының шалбарын киген, жалаңаш аяғының басына сандал ілген, тұлымы ұзын шашын төбесіне түйіп, қызғылт косынкамен байлап алған, терісі ыстық күннің шарпуынан күреңденіп алған Айбарша, екі жолаушыға бұрынғысынан сұңғақтанған да, толған да, сұлуланған да сияқтанып кетті.

— Ғашық болсақ кінәлымыз, — деп қалжыңдады Самарқан, Айбаршаға, — қызықсақ тағы кінәлымыз — «сұлусың!.. Денең де сұлу!.. Келбетін, де сұлу!..» дегенге кінәлымыз ба, тегі?..

Тұлға, түрін мақтағанға, қай көркем әйел масаттанбайды дейсіз?.. Әйтпесе, әйел бола ма ол?!.

Мақтағанға іштей шоқтықтана тұра, сыртына сездірмеген Айбарша:

— Я, не боп қаппын сұлуланып?! — деп біраз бұлтақ әзілге жүгіртті де, сөз аяғын Наталияға бұрып, — оны көргеніңде не деріңді естімеймін-ау, қасыңда боп! — деп қуланып қойды.

— Бірақ, — деді Айбарша, бетіне жағылған күйесін мазақтағысы келген Самарқанға, — есіңде болсын, жезде, сенің сұлуын, да шомылып шыққандай тап-таза тұра қоймас, оны да балшыққа баттастырып жүрген жерінде кездестірерсің!

Айбаршаның әзіл араластыра баяндауы бойынша, Наталия ұйқыдан басқа уақытының көбін күріш егілген танаптың, әсіресе, Сырбай танабының сазын кешумен өткізеді. Өткен түні Айбарша қайын атасынын, танабына барып қайтқан екен, Наталияны сонда жолығысты.

— Қазақ тілін қазір ол судай сапырады, — деп мақтап қойды Айбарша Наталияны, — атекеммен екі арасына керек емес қазір.

Сырбайдың соңғы кездегі қалде айта кеп:

— Қазақша кітапты еркін оқитын дәрежеге жетті атекем, — деп қойды Айбарша, — уақ-түйек кітапшаларды қойып, партия тарихын қарастыратын болды ол.

— «Партия тарихын?!» — деп таңданысты Самарқан мен Байжан.

— Я, партия тарихын!.. Бастағанына айға жақын болды. Әуелі бір рет маған оқытып алды да, содан кейін ежіктеп өзі оқитын болды. Кітаптың түсінбеген жерін қарындашпен сызып қоюды үйренді.

— Түсіне ме, сонда?

— Саяси терминдердің біразын, әрине, түсінбейді. Бұрын оқымаған кісі қайдан ұға қойсын. Ал, кітаптың мазмұнын жақсы ұғады. Барғанда көрерсіздер, сөзін «Ленин мен Сталиннің кім екенін жаңа біле бастадым ғой!.. Бұрынғы күнім қараңғы күн екен ғой, жарықты енді ғана көре бастадым» деуден бастайды. Түсінген жерін өз тілімен айтып та бере алады.

— Осы шалды коммунист қып алмасаңдар не қылсын! — деді Байжан күліп.

— Болуға жақын, — деді Айбарша. — Өңделген жердің шығымы молдығын көріп, ғылымға ден қойып алған өзі. Бірақ, ырым-жырымды әлі де қолдайды. Әнеугүні: «Атеке, енді партияға кірмейміз бе?» деп тамырын басып көрсем: «Кірмегенде қайда барармын дейсің, Айым, көсемдердің жолынан басқа жолдың керегі не маған, сәуле жарықты осы жолмен жүрген соң ғана көріп отырған жоқпыз ба» деп мойындап қалады да, «бірақ, әлгі бір жалғыз бар ғой, соны қайтем? Оны ұнатпайды ғой, олар?» деп бөгеледі.

— «Жалғыз» дегені — тәңірі ғой? — деп сұрады Байжан мен Самарқан қосарлана, күлген дауыспен.

— Әрине, — деді Айбарша да күліп, — «тек сол жалғыздан айырмаса екен» дейді атекем. «Өзгенің бәріне де көнер ем», — дейді.

— «Айырмайды» деп неге айтпайсың оған? — деді Байжан.

— Өтірік айтуға бола ма? — деді Айбарша.

— Айту керек, — деді Самарқан, — залалсыз өтіріктен несіне қашасың. Ол шалды, енді, құдайынан өле-өлгенше айыра алмайсың. Айрылмаса мейлі. Партияға шын ықыласпен кірем десе алу керек.

Айбаршаның бүгін аса көңілді жүруіне себеп — Дәулеттен кеше хат келген екен. Хатында ол Айбаршаны екі жетістігімен қуантыпты: бірі — жуырда Ленин орденін алған, екіншісі — майорлық дәрежеге көшкен.

Жіберген карточкасына қараса, бұрынғы қырбық мұрты қарауытып қапты.

— Енді бұл жігітті үйлендіру керек екен! — деп қойды Байжан, Самарқанға қарап кезін қысып қойып.

— «Күйеу келсе, қыз әзір» дегендей, тек соғыс бітсін де. Аржағы қиын дүние емес қой, — деді Самарқан.

— Мені мазақтайтын күндерің екен ғой, — деп Айбарша әзілге ұттырмаған болды.

— Осы қалпақпен түскен карточкаңды жіберсейші оған! — деді Байжан Айбаршаға.

— Жіберсе несі бар екен. Мә, көре ғой, жезде, құмартсаң, — деп Айбарша шалбарының қалтасындағы кішкенесін суырды да, ішінен фотокарточкасын алып берді: дәл осы қалпы екен. Трактордың қасында түрегеп тұрып түсіпті, тек, бетінде, қазіргідей күйесі ғана жоқ... Бояулы фото екен, қызғылттау қып түсіріп, Айбаршаның онсыз да күреңденген сұлу кескінің жаңа шығып келе жатқан күннің сәулесі шалғандай қып гүл жайнатып жіберіпті.

— Отанды осындай қалыңдығы бар кісі қорғамаған кім қорғайды?! — деді фотодағы сұлу тұлға мен көркем кескінге сүйсініп кеткен Байжан, — осындай қалыңдықтын, басқан жерін жауға бастыруға қалай қияды ол!.. Горькийдің «Қыз бен елім» атты поэмасы туралы жолдас Сталин пікір айтқанда, — махаббат ұлы іс, ол адамды ерлікке шақырады, депті ғой. Қалжыңым емес, шыным, көрерсіңдер бұл фотоны алғанға дейінгі ерлігіне ол Ленин орденін алса, алғаннан кейінгі ерлігі үшін Ленин орденіне Алтын Жұлдызды қоса алады!..

— Әрине, сүйтеді, — деді Самарқан, — сол Жұлдыздың біреуін осы қыз да алып қойып жүрмесін.

— Қалай? — деді Байжан түсінбей.

— «Еңбек Ері» атағына ие болғандарға да Ленин ордені мен Алтын Жұлдыз бермей ме?

— Я, я, — деді Байжан.

— Ендеше, бұл қыз, егіс уақытындағы жер жырту планын жүз жиырма процент орындады. Солай ма, Айбарша?

— Айта берсейші! — деді Айбарша мақтағанға ыңғайсызданған адамдай.

— Залок айыру планын да жүзден асырып жүрсін, ғой деймін, сірә?

— Ауданның кешегі газетінде, әзірге барысы жүз он процент деп жазған, — деді Байжан.

— Көрдің бе? — деді Самарқан, — планды осылай орындай берсе, бұл Еңбек Ері болмағанда кім болады?

— Ал, күн қызып барады, жолдастар, — деді Айбарша, езін одан әрі мақтауды ұнатпағандай, — аттарын, бүгелектей бастады, менің атым, бүгелектей қоятын жылқы емес. «Кел демек бар, кет демек жоқ» депті. Дегенмен, аттанасыңдар ғой деймін, енді.

— «Кет» дегенін, де болар ол, — деді Самарқан күліп, — жұмысыңа бөгет болмай жөнелейік.

Айбаршамен қоштасып жөнелген олар, маса, сонаның, азабын тарта отыра, Сырбай звеносына түс ауып бара жатқан кезде жетті. Олардың көзіне егін басынан ешкім шалына қоймады. «Салшы түс, дем алып жатқан болар» деп жорыды жолаушылар.

Жап-жасыл боп биіктеп қалған егінге жақындаған кезде, қалын, егіннің арасынан әлдекім түрегелді, үстінде жалбағайын басына киген көгілдір плащ.

— Наталия! — деді Самарқан, кек слюда плащынан тани кетіп.

— Барайық, — деді Байжан, атының басын солай қарай икемдеп.

Наталия жүрген қалық егіннің, бер жағына шытырман шеңгел өскен екен. Соның арасымен, жолаушылар келе жатқанда, Самарқанның астындағы тарпа ат әлденеден үркіп жалт беріп, ер-тоқымы бос келе жатқан аттың үстінен Самарқан аударыла құлап қалды. Үрке жөнелген атты Байжан тізгінінен ұстап үлгірді.

Құлағанмен, еш жері ауырмаған Самарқан іле тұра кеп маңына қараса, шеңгел арасында бетін бүркеген әлдекім ұйқтап жатыр екен. Самарқан тани кетті — бұл Сырбай. Оның күріш арасынан жаңа ғана шыққандығы, шалбарының балағы тізесіне дейін түрілген жалаңаш аяғының баттасып әлі кеппеген сазынан көрініп тұр. Шалдың ұйқысы өте қатты сияқты, өйткені — денесінің жалаңаш жеріне жапырлай қонып шағып жатқан маса, соналарды елерлік түрі жоқ, тұяқ серіппе қорылдай береді. Егін жаққа қараса, құлаған Самарқанды танып па, танымай ма, Наталия бері беттеп келеді екен. Самарқанның түрегелгенін көрген соң тоқтай қалды.

Сырбайдың ұйқысын бұзғысы келмеген Самарқан, оның атын жетекке ап бері қарай келе жатқан Байжанға қолмен ымдап, «тоқта, бері келме!» деген белгі берді. Тоқтай қалған Байжан «кім ол?» деп дауыстап еді, «дауыстама!» дегендей Самарқан алақанымен аузын жапты. Байжанға жақындап барған Самарқан:

— Сырекең, — деді ақырын дауыспен, — тынығып жатқан ғой, оятып алмайық.

— Маса талап жатыр ғой, — деді Байжан, — оятайық, кепесіне барып ұйықтасын.

— Қозғамайық. Аяқ жағына менің плашымды жаба салайық.

Самарқан сырттан киген плащын шешіп аяқ жағына жапқанын Сырбай білген жоқ.

Екі салт өзіне қарай беттегенде, егін арасында қалшиып тұрған Наталия отыра қап бойы биік жасыл егіннің сабағынан көрінбей кетті.

— Онысы несі? — деді Байжан.

— Ұялған болу керек, — деді Самарқан.

— Неге?

— Кейде бюстгалтері мен трусиының сыртынан слюда плащын жамыла сап жұмыс істейтін болушы еді, осындай ыстық күнде бүгін де сөйткен болу керек те, денесін жасырмайтын плащпен көрінуге ұялса керек. Плащты масадан қорғану үшін ғана киген болар, одан масаның тұмсығы өтпейді.

— Онда сен барып қайт, — деді Байжан, — мен сонау кепеге бұрылайын.

— Қайда барсақ та бірге барайық, — деп Самарқан сыпайысып еді:

— Жоқ, енді барып қайтсайшы! — деп Байжан болмады.

Сол кезде шеңгел арасынан Сырбай да түрегелді.

— Әне, Сырекең түрегелді, — деді Байжан, — мен сол кісіге барайын.

Байжан Сырбайға қарай жөнеле берді. Аз кідірген Самарқан Наталия бұққан жаққа қарай беттегенде, Наталия түрегелді де, егіннің арғы жағасына қарай жөнеліп, Самарқан оралып барғанша жағада жатқан халатын жамылып та үлгірді.

— Бұл не тығылмақ? — деп қалжыңдады, жақындап кеп атынан түскен Самарқан.

— Қапыда келетіндеріңді қайдан білем, — деді Наталия, — ыстық күнде жұмыстың жағдайына қарай киініп жүре береді де біз сияқты колхозшы.

Наталияның ақ-сарғылт түсі, қызметті күн көзінде атқарғалы күреңденіп кеткен. Самарқанға ол бұл жолы бұрынғысынан да күрең көрінді.

— Қартты бекер ояттыңдар! — деп өкінді Наталия, Байжанға ере, бері беттеп келе жатқан Сырбайға қарап. — Жаңа ғана қалғып еді. Түн бойы кез шырымын алмаған да болу керек.

— Неге?

— Бұл звено егінін екінші рет кеше отақтаған, атыздардың бәріне түнде қайтадан су толтырып қоймасақ егін шөлдеп қалады деп, түні бойы звено адамдарына жұмыс істетіп шыққан да, күн көтеріле оларды дамылдатып, өзі егін басында қалып қойған. Содан қалғығаны әлгінде ғана...

— Қарт сенің озғаныңды ұната ма, жоқ па? — деп сұрады Самарқан.

— Неменеден? — деді Наталия түсінбей.

— Сенің минералдық өңдеу қолданған гектарындағы шығымының, қолданбаған гектардан артық шығып тұрғанын?!

— Сөз емес ол, — деді Наталия, қолын сілтеп, — менікі деген егін жоқ. Бұл арадағы бес гектардың бәрі қарттікі. Егер Сыреке күтпей, өзге біреу күтсе, минералдық өңдеу түгіл не сепсең де дәл бұлай шықпас еді. Менің бақылауымда, осы арадағы бес гектар жерде есіп тұрған осы егін сабақтарында, Сырекенің қолы тимеген, тері тамбаған біреуі жоқ. Ең тәрбиелі адам да баласын бұлай баптап күте алмас. Не деген ғажап еңбекші адам бұл!.. Қай уақытта тынығып, қай уақытта ұйықтайтынын білмей-ақ қойдым!.. Қай мезгілде көрсем де жұмыс басында!.. Және жұмыстың тетігін қандай тамаша біледі!.. Кеше күріштің түбімен араласа өскен арам шөптерді отағанда, күріш сабағының біреуіне де дақ түсірмей, орағына арамзаны ғана ілдіруіне қайран қалдық!.. Тұла бойы кірпінің түгіндей боп шеңгелдерді жалаңаш қолымен уыстап ап жұлғанда, алақанына неғып қадалмауы ғажап!.. Арам шөптердің тағы бір түрлері — «шиен», «күрмек». Қашан дән салғанша, шиен мен күрмектің сабағын күріштің сабағынан айыру қиын ғой, мысалы, мен өзім оны айыра алмаймын. Ал, Сыреке олар мен күрішті жаңа бас тартып келе жатқан кезінен бастап, өсіп болғанға дейін қай мезгілде болса да, қойдан ешкіні айырып алғандай жазбай таниды екен!.. Әдетте, арам шөпті екі-ақ рет отайды ғой, бірі — егін судан жоғарылап бас тартқан кезде, бірі — егін басына дән салған кезде. Сыреке күн сайын отайды десе де бар. Әр түпті дамылсыз бақылап, арам шөп сезілсе-ақ жұлып, өсуіне жол бермейді. Нанбасаң аралап қара, осы арадағы бес гектар егіннің ішінен бір тал арам шөп таба алмайсың!..

— Иланам, — деді Самарқан, — жер өңдеуге ден қойды ма өзі?

— Оған көнді. Көнгені сол, үгітші боп алды. Сыреке өз танабын ғана емес, осы маңайдағы өзге танаптардың да егіндерін аралап, күту жөнінде ақылдарын беріп жүреді. Сонда жерді өңдеуді үгіттей жүретін болды ол.

Одан әрі сөйлесуге Сырбай және атын жетектеп онымен қатар аяңдаған Байжан кеп қалды.

— Жүдә аңқаларыңның кепкенін кескіндеріңнен көріп тұрмын, — деді Сырбай, — егін көруге келдіңдер ғой, жүдә, мұнда? Бірақ, әуелі сусындап, ауқаттанып алыңдар, егінді аралауға күн еңкейіңкіреп, қызуы қайтып кезде шығармыз.

— Болсын, — десті жолаушылар.

— Менің бір құрбы адамым айтушы еді, — деді Сырбай, — етке тоймай сусыным қанбайды» деп, өз басым жүдә етке үйренген кісі емеспін, бірақ тоймай сусыным да қанған емес.

Жастар күліп еді:

— Жүдә рас, — деді Сырбай, — оны айтып тұрғаным, мынадай күн қайнаған кезде ет шыдамайды да, мал соймаймыз. Сорпа-суансыз жүдә тағы да отыра алмаймыз. Қызым, — деді ол Наталияға жымия қарап қойып, — қамаудағы қойдан қонақтарға сойыстық әкел.

— Жақсы, ата! — деді Наталия түсіне қап, жымиып.

— Атай көрмеңіз! — деді Байжан, Сырбайдың «қамаудағы қой» деген сөзін рас көріп, — өзіңіз айтқандай, осы ыстықта мал сойыла ма?

— Құр ауыз жатқызуға болмайды, — деді Сырбай қулана түсіп, — әкел, қызым! Желкелерінен басып жүріп семіздерін ұста!

Шалдың сөзіңе енді ғана түсінгендей болған Самарқан, Сырбай Наталияға «мә» деп қарына ілген шелегін бергенде:

— Мен де барып ұстасайын қойларды, — деді Наталияға.

— Ықтиярың.

Әлі де түсінбей тап боп тұрған Байжанға: — «Қой» деп тұрғаным балық, балам, — деді Сырбай, — дариядан ағып келіп тұрады олар арықпен. Сорпа-суанға қандай жақсы, еті жеуге де жеңіл! Басқан палауға салсаң да, қуырып жесең де қандай тәтті ол!.. Тыран деген бір балық бар, тұлабойында жүдә кеспеге қара жоқ — шылқыған май!.. Күріш арасына сол кеп келеді... Ұзындығы жеңді білектей сазандар да аз келмейді. Және балықтың жүдә семірген көзі ғой бұл.

— Аулату керек екен де өзін, — деді енді ғана түсінген Байжан.

— Атызға келген балықтың бәрін ұстай берсең жер-көкке сияр емес, — деді Сырбай, және оған жүдә уақыт қайда, жұмыстан жүдә сіңбіруге қол тимейді. Бағып отырған негізгі балығын, да, малын, да күріш болған соң, соны жүдә жақсы есіруге тырысасың да.

— Сонда да, — деді Сырбай, аз кідіріп, — жұмыс басындағыларға азық болсын деп, егін атыздарының орта кезіне шұңқыр қазып, ішіне буған қамыстан қама жасап қойып ем, соның ішіне қамалған балықты сүзіп ап, келін-кепшіктер, бала-шағалар азық қылады. Наташаға әкел деп тұрған қойым солар.

— Мен де барып ауласайын, — деді Байжан.

— Аулайтын ештеңе жоқ, онда, — деді Наталия, — қама қамалған балықты шелекпен ғана іліп аламыз. Және қама сазға батып жалаңаяқ баратын жерде.

Өйтіп баруды қиынсынған, және расында да таңдайы қатып шөлдеуден өлгелі тұрған, әрі маса, сонадан мазасы кеткен Байжан Наталияға:

— Мені артық көргенің ғой, қама баруды тым қиындатып жібергенің, екеуің-ақ барыңдар онда, — деп қалжыңға жүгіртті де, «жүр» деп қолқалаған оларға ермей қалып қойды.

Етігін шешіп, шалбарының балағын тізесіне дейін түріп, Наталияға ерген Самарқан қырған атызды бойлай, белуардан суда өскен жасыл күріш сабақтарының арасына жөнеле бергенде, сол арада кідіріңкіреп тұрған Сырбай:

— Алтын қыз, — деді Байжанға, — бейшараның бақыты жансын тек; тіл, көзден аман болсын, біздің колхозға ырыс болғалы тұр бұл бала!..

— Тосып аламыз ба, кепеге жүре береміз бе? — деп сұрады Сырбай Байжаннан.

— Жүре берейік, — деді Байжан, — олар сөйлесіп келер, асықпай, кепеге беттей бере Сырбай Наталияны тағы мақтады:

— Адамгершілік деген, жүдә ар-ұяттан, намыстан шығады ғой, — деді ол, — ар-ұяты жүдә жоғары қыз!.. Жас екенмін деп, жүдә ыржаң-қылжаң дегенді білмейді. Мені жүдә әкесінде сыйлайды. Өз елінің ғұрпы солай ма, әлде, «кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсың» деген екен, сол айтқандай, біздің елдің үрдісіне қарай ма, үлкенді сыйлап, жүдә бет-моншағы үзіліп тұрған бір қыз!..

— Әдеп, ұят деген әр елдің де ғұрпында бар үрдіс қой, ақсақал, — деді Байжан. — Бірақ соны қолдануының басқа болуы мүмкін.

— Наташада ешбір басқалық жоқ. Мысалы, «Ұлы сөзде ұяттық жоқ» дегендей, әлгі Самарқан деген жігіт, сол Наташаға жүр ғой...

— Солар қалай боп жүр, өздері!? — деп сұрады Байжан, олардың жайына қанық бола тұра, сөз реті келіп қалған соң, Сырбайдың әлпетін байқағысы кеп.

— Қалай боп жүргенін жүдә қайдан білейін, — деді Сырбай. — «Қалай жүресіңдер?» деп сұрайтын құрбысы емеспін олардың. Қас-қабақтарын, жүріс-тұрыстарын жай шамалауым, «түбінде үйлесесіңдер-ау» деп жоримын.

— Сізге бұл жөнде тіл қатқан жоқ па ешқайсысы?

— Жоқ, қатқан жоқ. Наташаға тіл қатуға, өзі менен қызымдай қымсынған соң, бұл жөнде жайын сұрауға мен де жүдә қымсынам. Самарқанға өзім тіл қаттым. Ол жүдә былай болды. Наташа екі-үш колхоздың егін жайын басқарып жүрген агроном болғанымен, күннің көбін осы менің танабымда өткізеді. Байқаймын, Самарқан да осында жүдә келіп береді. Өзім бозбалашылық құрып көрген кісі болмағаныммен, жастардың арасындағы жай-жапсарды ептеп шамалаймын ғой, екі жастың ықласы бір-біріне түсе бастаған сияқты. Самарқан деген баланы бір кезде ұнатпай да жүрдім, оның себебі өзіңе жүдә аян. Біткен жараны білтелеп керегі не?..

— Рас.

«Ат кісінескенше, адам сөйлескенше» — депті. Кімнің маңызы қандай екендігі істе сыналмай ма, жүдә?

— Әрине.

— Істес бола келе, Самарқан деген баланы ұнатпай да жүрген жоқпын. Өз ісіне жүдә мығым, тыңғылықты, ұқыпты, талпынғыш бала көрінеді.

— Рас, іскер жігіт ол.

— Сонымен, сол Самарқан осында жүдә келіп берді. Және әдейі үндесіп қойғандай, Наташа келген кезде тап бола қалады. «Қызға қырық үйден тыю салып» ұстайтын, ескі ауыл жоқ. Және Наташа ауылдан емес шәрде ескен қыз, шәр халқы қызды жүдә еркін ұстайды ғой. Ауыл қызынын, да қайсысын етегінен ұстап отырмыз, қазір? Оған жүдә жағдай бар ма, жұмысқа жарайтын ұл да, қыз да еңбекте, далада... Кезімнің қарашығындай көретін анау Айым жүрген жоқ па әлдеқандай тракторшы боп!? Қыздың бәрі сол емес пе, қазір?.. Құдай нысап бермесе, тыямын дегенің неменеге керек сенің?..

— Рас, Сыреке, — деді Байжан. — Бірақ Сыреке, қазіргі жастар саналы жастар ғой. Бұрынғы замандағы ауылда қызды қолдан шығаруға қорқатын себебі — болашақ жұбайын қыз бен жігіт өздері таңдамай, туысқандары зорлап қосатын еді ғой. Таңдағанына қосыла алмаған қыз бен жігітке сүйісіп тұратын жұбайылық өмір, әрине, болмайды. Екі жағынын, да сенімсіздігі осыдан барып туады. Қазір ше? Қазір жастар бір-бірін сүйіп қосылады, сондықтан олар бір-біріне адал болады. Адал көңілден қорқудың қажеті қанша?

— Жүдә рас. Сонымен, қауырт жұмыстың көзі. Наташа мұнда қыдырып келмейді, іске келеді, келсе-ақ балағын түрініп ап, күріштің шалшық суынан шықпай, судың, күріштің әлденелерін есептейді де жүреді. Самарқан да жүдә сонымен бірге болады. Соның бәрін бақылап жүрдім де, жүдә бір реті кеп қалған оңаша жерде, «балам, осы сен не ойда жүрсің?» деп Самарқанды қыстап отырып расын айтқыздым. Наташада көңілі бары рас екен. «О да кет әрі емес» дейді, «бірақ әлі уәдесін берген жоқ» дейді. Онысына иланды да, «шырағым» дедім өзіне, «кімді қаласаңдар да өздеріңе жүдә ерік тиген заман» дедім, «бірақ жалғыз ғана айтар сөзім бар» дедім, «жүдә айтыңыз» деді. «Айтсам, жел аударған қаңбақтай, су аударған дөңбектей, мына сұрапыл соғыстың салдарынан, Украинаның мына бір жұдырықтай қызы осында келе қапты» дедім. «Аталарымыз айтқан екен» дедім, «бір күн дәм татқанға, қырық күн сәлем деп» дедім, «бұл бала бізге дәмдес болды ғой. Ауылымыздың жүдә бір адамында боп кетті, онда да, бізде де ала көңіл жоқ, туысқан сияқты боп алдық» дедім. «Бұрынғылар «аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деген екен, ауылдас, дәмдес боп алған соң, бұл баланың түздегі ісінде де, үйдегі ісінде де абройлы болғанын жақсы керем» дедім. «Сонымен, қысқасын айтқанда, саған жүдә айтарым, — дедім Самарқанға, — көңілдерін, қосылса мен қарсы емеспін, бірақ, олай болмай, жай жігітшілікпен әурелеймін десең, ұлы сөзде ұяттық жоқ, сөйтіп ар-намысын аяққа басам десең, күнбұрын ескертіп қояйын, оның намысын жоқтаушы, түбінде мен болам, осы жүдә есіңде болсын!» дедім...

— Ол не деді?

— «Болсын, Сыреке» — деп уәде беріп қол алысты.

Олар кеңесінің осы тұсында кепеге кеп қалды. Егін басына биыл ғана салынған бұл кепенің іші де, Сырбайдың басқа кепелерінде жинақы екен. Мұның да қабырғасында Ленин мен Сталиннің портреттері, майдан өлкесінің картасы және бірнеше плакаттар ілулі тұр.

Кепедегі адамдар ұйқыда екен. Кепеге күңгірлей кірген адамдардың даусымен өзгесінен бұрын Дариға оянып кетіп, басын көтере түрегелді де:

— Кісі келді, тұрыңдар! — деп қасындағылар түрткілей бастады.

Үрпектен басқалары бастарын кетерді. Үрпек те оянып, былшықтанып қанталаған көзін сығырайта бір ашты да, әрі қарап жатып, басын бүркеніп ұйқыға кетті.

— Сіздер де жата беріңіздер! — деді Байжан өзгелеріне, — бізге бөгеттеріңіз жоқ.

Ұйқыға маужырағандары кескіндерінен айқын көріне тұра, сыйлы қонақтың көзінше сұлап жатпайтын дағдыларына бағып, әйелдер қисайған жоқ, ересектеу екі бала Үрпекке таяна жата кетті.

— Жүдә шаршаған еді, бұлар, — деді Сырбай, — егінді отақтар алдында суын ағызып, одан кейін тізеден саз кешіп отақтап, одан кейін егінге қайта су жіберіп... жүдә қалжырап, әлгінде ғана дем алуға жатып еді...

— Обал жасаған екенбіз ғой, онда, — деді Байжан. — Біз де үйден ерте аттанып ек, сусындап ап, бәріміз де ұйықтасақ қайтеді?

Сырбай:

— Оны көрерміз, әуелі сусындап алайық, — деді де, — келін, атала бар ма еді? — деп сұрады Дариғадан.

— Бар, — деді Дариға.

— Ендеше, әкел!

Кепенің оң қабырғасында, шекпенмен бүркеген күбінің төбесі мен піспегі қылтиып тұр еді. Қарулы денелі Дариға сол күбіні жоғары суырса, шұқырға қойған жіңішкелеу күбінің биіктігі адамның кеудесіне келеді екен. Суырып алған күбіні Дариға пісіп-пісіп жіберіп, аузын еңкейтіп атала аяққа құйып еді, көпіршіген қара бурыл атала ашқылтым исі кепенің ішін түгел алып, мұрынды жыбырлатып жіберді.

Қолына ұстатқан аяқты Байжан сіміріп көрсе, қышқыл атала салқындығы мұздай екен. Онысына қарамай, аңқасы кепкен Байжан аяқты басына көтере салғанда, маңдайынан тер бұрқ ете түсті.

— Тағы! — деп Сырбай Байжанның қайтарған аяғына құйылған атала қайта ұсынып еді:

— Не деген тәтті еді, — деді Байжан, — қымызға бергісіз!.. Қатты жұтам деп тығылып қалдым. Өзіңіз алыңыз әуелі!.. Мен тыныстап ап содан кейін...

Мол атала үйдегілер бір-бір аяқтан сіміріп шыққанша, Самарқан мен Наталия оралмады.

— Келін, сен көріп келші! — деп Сырбай тысқа Мақта гүлді жұмсап еді:

— Көрінбейді, — деп кірді ол.

— Атала жүдә жақсы екен, — деді Сырбай, екінші аяқты тастап алғаннан кейін. — Сусынды да қандырды жүдә, ұйқыны да ашты. Сен қалайсың, Байжан?

— Мен де солаймын, Сыреке, әлгінде маужырайын деп ем, енді сергідім.

— Ендеше... — деп Сырбай аз кідірді де, — әлгілер балық әкелетін еді, кешікті ғой, келін, — деді Дариғаға, — атала сусын болғанмен тамақ емес қой. Ыстықсыз жүдә жайы келмес, қонақтың. Сырттағы тандырыңды тұтат та, бір әдемі үзбен даярла, ыстықта ішуге жүдә жақсы болады және мына Байжан соны жақсы көретін.

Дариға оған ере Мақта гүл үзбенге керекті дүниені құшақтай тысқа шығып кетті.

— Әлгі екі кісіні таныдың ба? — деп сұрады Сырбай Байжанға.

— Жастауын Естайдың әйелі деп қалдым ғой.

— Таныдың.

— Үлкендеуі Масақбайдың әйелі емес пе?

— Сол, сол.

— Күнге күйіп тотыққан екен.

— Тотыққаны не керек, пайдалы істе жүрген соң. Басында былқылдап жұмысты ауырсынып еді, қазір жүдә көндігіп кетті. «Он қолы ойнағанның, оймақтай аузы ойнайды» депті. Аманшылық болса, биыл желі жүдә оңынан тұрғалы тұр, ол келіннің қазірдің өзінде үш жүзге жақын еңбеккүні бар. Егінді жинап алғанша бес-алты жүзге жеткізсе, асығы жүдә алшысынан тұрмай ма оның?

— Әрине. Қаншадан аламыз деп жобалайсыздар еңбек күнге?

— Біздің звеноның адамдары ең кемі бес килодан алар деп жүр ғой, Естай.

— Сонда әлгі әйелдің екі жарым тоннадай астық алғаны ма? — деді Байжан есептеп.

— Алсын, — деді Сырбай. — «Қолы ойнағанның аузы ойнайды», еңбекті рахатын көрем деп атқармай ма, кісі.

Бұлар солай кеңескенде, үйде қалған екі әйел, босағада жатқан ескілеу қаптарды жамауға кіріскен еді.

— Бұл не қаптар? — деп сұрады Байжан Сырбайдан.

— Аманшылық болса егін ормаймыз ба, ертең? Астыққа қап керек емес пе? Жаңа қап сатып аларлықтай уақыт боп жатыр ма, қазір? Ескі-құсқыларды әзірлетіп жатыр ем де...

* * *

Самарқан мен Наталияның кешіккен себебі балыққа ғана байланысты болған жоқ. Жарты айға жақын бұл араға келмеген Самарқанның көзін, атыздарда жап-жасыл балауса боп, бойы биіктеп, басына дән тартып қалған күріштер босатпады.

Наталия айтқандай, шоқтала өскен күріш сабақтарының қайсысын алып қарасаң да, көзге ілінер бір арам шеп жоқ, тек; сабақтары жуандап, жапырақтары жалбырап, бойлары биіктеп, дән тартқан бастары шашақтанып тап-таза боп тұрған күріштің өздері ғана әрбір түп сабақтардың күтімді тең көргендігін өздері айтып тұр: ұзынды-қысқалы сабақ жоқ, толықтық жағынан да, тұрық жағынан да бәрі біркелкі. Ешбір сабақтың тұла бойынан сарғайған бір жапырақ таба алмайсың. Әрбір сабақтың түрі, шүйгін жерде оттап қатар семірген қойлардай әрі толық, әрі семіз!..

Атыздағы сулар қандай тап-таза, мөп-мөлдір!.. Салақ күтілетін атыздардағы көгілдір балдырлар мұнда жоқ. Әрбір атыздағы сулар, таза ыдысқа құйғандай боп мөлдіреп тұр. Әрбір атыз бір-бір айна сияқты: еңкейіп қарасаң денеңді, бетіңді ен, таза айнаға қарағандай айқын кересің!.. Биікте не көрінсе, соның бәрі айнаның бетінде: аспан да, аспанда оралған бұлт та, ұшып өткен құс та, қиядағы күн де!.. Әр атызда шоқталып қалың өскен күріш сабақтарының суға өз бейнесі де түсіп, жердің астына қарай да қалың егін өсіп жатқан сияқтанып тұр. Бұл танапта неше атыз болса, ішінде сонша күн бар сияқты, әр атыз өз алдына жеке бір күн меншіктеніп тұрған сияқты!..

Самарқан осылардың әрқайсысына тоқтамай, кермей, және көзімен ғана емес, қолымен де ұстап кермей өте алмады, көрсе қайран қалмай және ете алмады.

Бір ғажабы, атыздарда қамалған ұсақ балықтар кеп екен. Соларды сужыландар аулайды екен. Самарқан үңіліп тұрып, жыланның балық аулауына да қайран қалды...

Атыздардың құлағы ашылатын жерлерде үйіріліп жатқан сужыландардың да топтары кездесті. Самарқан олардан қорқып, бұрылып етсе, Наталия қымсынбай үстерінен аттай береді!..

Осы көріністерге тоқырай отырып, олар қазаға келсе, шығар аузы жабылған қазаның ішінде қамалған балық тұнып тұр екен, солардың арасында ұзындығы кезге жақын екі-үш сазан да жүр.

— Қап! — деп екінді Наталия, оларға қарап тұрып, — шелектің аузын байлай қоятын ештеңе алмағанымыз-ай!..

— Ол неге керек, — деді Самарқан, — балықтар қашар деп тұрсың ба, шелектен?

— Әрине қашады. Әсіресе — сазан. Шелек түгіл қазадан да атып шығып кететін еді олар, неғып атпай жүр екен!..

Олар сөйтіп тұрғанда, ұсталар көзі келгенін білгендей; биіктігі метрден артық қазанын, басынан бір сазан аспанға шырылдай кеп атты!.. Қапыда шошып кеткен Самарқан жасқанам деп, артындағы атызға құлап түсті. Ішегі қата күлген Наталия, суға киімімен малшынған оны көтеріп алды.

Самарқанға малшынған киімдерін шешіп ап, сығуға тура келді. Ол соны істегеннен кейін:

— Енді мынадай қызық болсын, — деді Наталия, — сенің көйлегіңнің жеңдері мен жағасын буамыз да, анау қашпаған сазанды соған салайық. Әйтпесе, олардан да айрыламыз.

Бұл сөздің қалжың, я рас екенін білмеген Самарқан, бәрібір жуылатын болды» деп көйлегіне балық салуға көнді.

Көйлекке салам деп жүргенде, олар екі сазанның бірінен тағы да айрылды. Қолдарынан сусып түсіп кеткен сазан атыздағы суда оларға өлмей ұстатсын ба!

Бір сазан және бірталай басқа түрлі балықтар салынған көйлегінің етегін бүре байлап, Самарқан арқалап алды. Арқасында ірі балықтардың тулауына денесі тітіркенгенмен, арқаламаймын деуге Наталиядан ұялды.

Егін арасынан шығып, балықтарды жайғастырып ап көтерген олар кепеге беттегенде, Самарқан бұрынғы әндеріне басты, ол — қосылуға Наталияның ризашылығын алу...

Бұл мәселенің түйінін кепеде Сырбай шешті. Наталия далаға балық қуыруға кеткенде, Сырбай, Байжан, Самарқан үшеуі кепенің бір бұрышында кеңесіп қалған еді. Сонда, Наталия мен Самарқанның қосылуы туралы кеңесті қалжыңмен Байжан бастап, негізінде шешілген мәселенің орындалу мезгілі туралы сөз болғанда:

— Шаруаның қауырт кезінде қыз ұзатып, келін түсіргенді жүдә қашан естіп едіңдер? — деді Сырбай. — Егінді орайық, жинап қапқа салайық, үкіметке бересімізді өтейік, еңбеккүнге тиетін үлесін таратайық. Содан кейін, тойын жүдә өзім жасаймын. Өйткені, қыз менікі!.. Өтірік пе осы?

— Рас, — десті Байжан мен Самарқан қосынан.

ОНЫНШЫ ТАРАУ

ӘР ДӘН — БІР ОҚ

Қалын, шеңгелдің арасында ирелеңдеген соқпақ жол түйесін желдірген Сырбайдың құлағына, атылған мылтық тәрізденген әлде не дыбыс әлсін-әлсін шарт-шұрт ете қалады. Дыбыс естілген сайын, аспанда қарауытқан бір шоғырлар, дауыл айдаған бұлттай боп жоғарылай-төмендей, аударыла-төңкеріле жүйткиді.

Қарауытқан шоғырлардың не екенін Сырбай қиядан танып келеді. Олар — қараторғайлар.

Қараторғай дегендер Сыр бойында егіннің, әсіресе күріштің жұты. Әрбір шоғырланған тобында әлденеше мыңдап бастары қосылатын олар, егер тірі тұрған егіске кеп қонса сабақтарын қырқып отап кетеді де, егіннің бауына қонса, бастарын қырқып жеп кетеді.

«Әр кемелге бір зауал» дегендей, қараторғайлардың Сыр бойындағы жауы қырғи, торғайлардың егістік өлкеден шықпайтынын біліп алған олар бұталардың арасында жасырынып жатады да, бұлттай көшіп кеп егінге қона берген кезінде тап беріп ұмтылады. Үрке қашқан торғайлардың біреуін ғана ұстаумен қырғи қанағаттанбай, жеткеннің не топшысын, не желкесін қиып түсіре береді.

Сыр бойында қырғи тұқымдас бір құстың, атын көті гүл деседі. Оның денесі қырғи жуандау, қанаты мен құйрығы әрі қысқалау, әрі жалпақтау. Бұл да торғай қуғыш, бірақ, көті гүл атауы торғай алған бірде-біреуін ешкім керген емес. Тұрғын елдің аңыз қылуынша, көті гүл мен қырғи таң атарда «бүгін әрқайсымыз жүзден торғай ілеміз» деп серттесетін көрінеді. Ымырт жабыла олар бір-біріне есеп бергенде, қырғи ең кемінде жүзден тоқсан тоғызын ілген боп шығатын көрінеді де, көті гүлде біреу де болмайтын көрінеді. Сонда қырғи оған:

— Мұның қалай? — десе:

— Жетуін жетем-ақ, — дейтін көрінеді көті гүл, — бірақ, дәл ілерге келгенде құйрығым күліп жібереді де, әлім кетіп қалады. Ертең күлдірмеймін де, сертімді орындаймын.

Жергілікті адамдардың айтуынша, көті гүлдер торғайларды іле алмағанмен, үркітуге шебер-ақ.

Бірақ, қырғи мен көті гүлдер аз да, торғайлар көп. Мына жердегі тобын үркітіп қуып жүрсе, әне жердегі тобы егінге қонып жатады.

Сыр бойындағы егіннің құстан жауы жалғыз торғайлар ғана емес. Саны олардан әлдеқайда аз болғанмен, қаз, үйрек дегендер егінге қона қалса, әлдеқайда артық отап кетеді. Қазақта «қаз тойғанына семірмейді, орғанына семіреді» деген мақал бар. Сол мақалдың рас екенін әсіресе диқандар дәлелдейді. Олардың айтуынша, егінге қонған қаз сабақтарының мыңнан бірінің де басын жемейді, тік тұрған егін сабақтарын жығуды мақсат көргендей қырқа береді және тік сабақ тастамай, өткір машинаның орағы жүргендей шетінен түре теп-тегіс қып отайды. Мысалы, жүз шақты қаз кеп бір гектар егіске қонса, таңертеңнен кешке дейін тып-типыл қып сойдиған сабағын ғана қалдырады.

Қырқуы керемет қаздардың бір «жақсысы» — үрккіш және бірі үрксе бәрі соның соңынан жапырыла ұшып қашқыш. Мысалы, сол маңайда бір мылтық даусы шықса, қаз атаулы аспанға ду ете көтеріліп, басқа жаққа жөңкіледі, ал, үйрек дегендер топталуы қаздан аз болғанмен, қауып қашан өз басына төнгенше, егін арасында тығылып отыра береді де, егін сабақтарын қырқа береді.

Егінде осындай жаулар барын білетін Сыр бойының, диқаншылары, сепкен дәннің басы қылтиып көгерген соң-ақ, қашан өсіріп, орып, жиып алғанша, күзеттен көз жазбайды; егер жазса-ақ, еңбегі еш болып, егіннен айрылады.

Егінін күзеткіш адамның біреуі Сырбай еді. Қолынан сепкен егіні көктеген соң-ақ, қашан орып, жиып алғанша ол бел шешіп төсекте ұйықтаған кісі емес. Күн демей, түн демей ол әрдайым егін басында болады да, сол арада мызғиды. Ес біліп кетпен ұстағалы осыған дағдыланған оның құлағының сақтығы көртышқаннан кем емес деуге болады. Хайуандар тіршілігін зерттеушілердің айтуынша, көртышқан дегендер, жауларының ең еппен бастым деген аяқтарының сыбысын неше жүз қадам жерден еститін көрінеді. Сырбайды оларға ұқсататын себебіміз — оның егін басында ұйқтап жатқан кезінде қиқулап келетін қаздарды сезуі былай тұрсын, үнсіз ұшатын не торғайлардың, не үйректердің тобы келе жатса, қанаттарының зуылын құлағы әлдеқайдан шала қалады да, атып түрегеп, жолатпау амалына кіріседі. Ол ол ма — егіннің, мына шетінде отырып, ана шетінде әлдеқалай жасырынып кеп қонып отырған бірен-саран үйрек болса, соның сыбдырын сезе қап, қай тұста отырғанын жазбай табады да, не қапысын тауып атып жығып, не үркітіп жібереді.

Жұрттың айтуынша, Сырбайдың көзі емес, қолы мерген. Олай деулеріне себеп — мылтық былай тұрсын, егер сақпанның өзімен ата қалса да, құлашы жетер жерден ол құс құтқарған емес.

«Сақпан» деп Сыр елі құс үркітетін құралды атайды. Оның түрі құнт сияқты, бірақ, шыбыртқысы қайыстан өрілмейді, не кендір, не жүн жіптен есіледі. Шыбыртқының түбі жуандау жұмыр, ортасы жалпақ, ұш жағы жіңішке келеді, ұзындығы құлаш жарымдай, жұмыр түбі ағаш сапқа байланады. Осы шыбыртқының жалпақ алақанына «оқ» аталатын үлкендігі тауықтың жұмыртқасында кептірілген домалақ балшық қыстырылады да, ұстаған адам құлашының бар екпінімен сілтейді, сонда сақпанның алақанына қыстырылған «оқ» ұшып, шыбыртқының ұшы шарт ете қалады. Бұл шартыл мылтық даусынан кем естілмейді. Сыр елінде атақты сақпаншылар болады. Олардың сақпанмен сілтеген «оғы», құсқа мерген атқан мылтықтың оғынан кем тимейді.

Біздің Сырбай да сондай сақпаншылардың біреуі еді. Мөлшерлі жерден кеп қалғанда, ол үйрек, қаз түгіл, сақпанның оғымен қара торғайды да қағып түсіреді. Ал, мылтыққа келгенде, оның көздегенін мүлт жібергенін ешкім көрген де, естіген де емес; бір ғажабы — сонша мерген бола тұра, ол ешуақытта егін қорғаудан басқа аңшылық құрып мылтық атқан адам емес, көлде, не өзенде құстар тұнып отырғанда, «атсайшы» дегенге желіккен кісі емес. Оның өшігетіні де, ататыны да егінге қонатын құстар.

Егін күзетуде Сырбайдың мұнша сақтығына да, мергендігіне де алғаш қайран қалып қызыға қараған Наталия Остаповнаның өзі де жүре келе сол жолға түсіп алды. Бұрын мылтық атпаған ол, егін күзетінде атып көріп еді, мерген болар жайы жоқ. Мылтыққа солай ол, сақпанмен атқыш боп кетті. Қаз, үйрек сияқты ірі құстарды атып түсіре алмағанмен, топталып қонған торғайлардың ол сақпан оғымен талайын жықты. Біраздан кейін ол бұл кәсіпке құмартып ап, ерте демей, кеш демей, сақпанын ұстап құс аңдумен күн кешті.

Наталияның өйтпеуі мүмкін де емес еді. «Кең тоғай» колхозының, әсіресе Сырбай звеносының биылғы жыл өскен бай егініне оның да еңбегі ортақ. Сол егінді енді «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай» дегендей, түгел жиып алу, өзге диқаншылармен қатар оған да зор міндет.

Еңбегі жанғанға қуанбайтын жан болады дейсіз бе?.. «Кең тоғайдың», әсіресе Сырбай звеносының биылғы бай егініне сонша қуанып, соншалық ықласпен күтісіп жүргенде, аңсап келген шешесінің баласын жоғалтып ренжіп кеткені Наталияның, шымбайына қатты батуы онымен істес адамдардың көздеріне тез шалына қалды.

Әркімдер де оны аяғанмен, нақ Сырбайдай қынжыла ренжігені болған жоқ. Сонда оның Наталияға айтқаны:

— Көктен құдай, жерден құмай әкетпеген болар, табылмай кетпес. Егер сыбысы сезілсе-ақ, іздеп өзім барам да, бермесе еркіне қоймай алып келем.

Сырбай сол сыбысты, осы тараудың басында айтылған түйемен әкеле жатыр, онысы — қойнына салған хат.

Бұл хаттың келу тарихы қысқаша былай еді: баласын жоғалтқан Аграфена Осиповна ренішпен Қапалға аттанып кеткеннен кейін, Сырбай Адамбек Жақсылықовтың атына Айбаршаға хат жаздырды. Баланың да, Дәметкеннің де жайларын толық жаздыра кеп, Сырбайдың Айбаршаға айтқаны:

— Жиеніңе ескерт, Айым Егер олар бара қалса, бұл хатты шешеңе жүдә сездіре көрмесін. Сезсе, бізді қуып келер деп жүдә тағы бір жаққа тайып кетер. Онда барған хабарын алсақ, өзіне сездірмейік те, бір күні жүдә үстінен түсейік. Аржағын тәуекел деп көріп алармыз.

Адамбекке авиапочтамен жолданған хаттың жауабы Айбаршаға кешікпей келіп қалды.

«Нағашы апам бізді Хан тауының маңында қуып жетті, — деп жазыпты ол. — Егер ол арада жетпегенде қиын болатын еді: біз бірнеше автомашинамен Бетпақтың шөліне аттанғалы жатыр ек. Аттанғаннан кейін келсе, жетуі қиын болатын еді. Хал-жайымен танысқаннан кейін, нағашы апама осы Хан тауындағы базада біз оралғанша қалыңыз деп ем, көндіре алмадым. Ертіп әкелген баланың аты-жөнін сұрап ем, жалтақтатып турасын айтпады, Қызылорданың татарының баласы, асырап алдым» деді де қойды. Баламен келуінде бір зор мән бары белгілі боп-ақ тұр, бірақ шынын айтпаған соң қаужағам жоқ.

Сонымен, қысқасы, нағашы апамды баласымен экспедицияға ертіп ала кеттім. Барған жеріміз, езіңе мәлім — «Бетпақдала» аталатын шөлдің қалын, іші. Экспедицияның басқарушысы профессор Яковлев деген адам. Бетпақдаланы оның зерттей бастауына жиырма бес жылдан асқан көрінеді. Содан бері ол кісінің көлденеңі жүз елу шақырым, ұзындығы төрт жүз елу шақырым деп саналатын бұл шөл далада кезбеген жері жоқ екен. Ендігі оның алдына қойып жүрген мақсаты, географиялық келбеті айқындалған таусыз, ормансыз, өзенсіз, көлсіз керілген кен, шөлді қайткенде пайдаға асыруды зерттеу. Бұл жөнде кеп қызық мәліметтер жазуға болар еді, оның бұл хатта қажеті жоқ қой деймін.

Қуланып айтқанда, әлі жан адам мекендеп кермеген Бетпақтың даласын біз «ішкі дүние» дейміз де, ел мекендеген өлкелерді «сыртқы дүние» дейміз. «Сыртқы дүниемен» біздің байланысымыз көбінесе самолет арқылы. Сенің хатың осы самолетпен келді.

Нағашы апайдың маған неге келгенін, қасындағы баланың неткен бала екенін сенін, хатыңды оқыған соң ғана білдім. Өзіңнің өтінуін, бойынша, сенен хат алғанымды да, сендердің іздейтіндеріңді де апайға айтқам жоқ. Ол кісі бізде ас пісіруші. «Қаннен-қаперсіз» дегендей, ойында еш қауып жоқ, бізді ойында алдадым деп, тиісті қызметін көңілді түрде атқарып жүріп жатыр.

Ендігі мәселе — апайдың болашағы туралы. Неліктен ықласы құлағанын кім білсін, тәрбиесіне алған Ескендір (сенің хатыңда ол Александр Полещук боп шығып отыр ғой) туған баласынан кем жақсы көрмейді. Тіпті, мен айтар ем: «туған ананың да бәрі бірдей баласын дәл осындай жақсы көре бермейді» деп. Жан-тәні сол баланын, үстінде. Оның табанына қадалған шөгір, менің маңдайыма қадалсын деп ойлайтын қалпы бар. Әнеукүні сол баланы балтырынан жылан шағып алыпты. Шағуы жаман екен, ішімізде дәрігер болмағанда бала елетін екен. Дәрігердің жәрдемімен аман қалған сол бала, алғашқы күндері ісіп-кепкенде, нағашы апамның ағыл-тегіл жылауына қайран қалдым. Тек, бала аман қалды. Әйтпегенде құса боп өлуі анық еді.

Сонша жақсы керетін баланы сендер одан қалайша айырып алмақсыңдар? Еркімен бермейтіні көрініп тұр. Зорлықпен алу әділеттік бола ма? Туған шешенін, жолы қиын екені рас. Осылардың бәрін ойлап, не істеуге менің миым жетпей-ақ қойды...

Осы хатты жазумен, мен, расында, қылмыс істеп отырмын, себебі — нағашы апам баламен маған келгенде, сендерге көрінбеу үшін, із-түзін білдірмеу үшін келді ғой және, расын әлі айтпағанмен, мені пана көріп келді ғой; әйтпесе, соңғы жеті-сегіз жылда хат арқылы хабарласқанымыз болмаса, жүз көріспеген адамды іздеп неге келеді?.. Сондай пана керіп келген кісінің, жасырған аты-жөнін хабарлауым қылмыс емей немене?.. Солай ойлай тұра, сендерді шатастырғым да келмей хабарлап отырмын.

Меніңше, біз экспедициядан негізгі тұрағымыз — Жамбыл қаласына оралмай сіздер хабарласа алмапсыздар ғой деймін. Біз, шамасы, октябрьді орталап ораламыз. Келуге бел байласаңдар, сол кезде Жамбылға келесіңдер. Өзіңнің, келуін, мақұл болар, шешен, кенсе саған ғана көнер, басқаға көне қоймас.

Студенттік күнімде болмаса, оқу бітіргелі сіздің үйге қатынаса алған жоқпын, қызметтен қол тимейді, ол ұятымды мойныма алам. Мен көргенде кекілің желкілдеген кішкене бала едің, енді ортан қолдай барышня боп өсті деп естимін. Атқарып жүрген қызметіңнен де хабарым бар. Өте қуаныштымын. Ендігі арманымның бірі — мына болып жатқан Ұлы Отан соғысы жеңіспен тез бітсе екен де, қазір біз зерттеп жүрген Бетпақдаланы гүлдендіру, тіршілік орнату мәселесі қолға алынса екен!..

Бетпақдала дегенді сен әлі көрген жоқсың. Мұнын, көлемі сенің Сырдарияның бойындағы шөл даладан әлдеқайда зор және топырағы қандай тамаша мұның!.. Тек, су ғана берсең, нелер жүз мыңдаған гектар жерге ормандар, мақталар, күріштер, басқа егістер қаулап өскелі тұр!.. Бір өзі Европаның бірнеше мемлекетін сыйғызатын бұл шөл даланың, біздің Ұлы Отанның мәдениеті ғажап бір өлкесіне айналуы, орысша айтқанда, не за горами. Ол — соғыстан кейін-ақ кешікпей жүзеге асатын реалдық іс...»

Аржағында да қысқаша жазылған туысқандық жылы сөздері бар бұл хат Сырбайдың қолына Алмалықта түсті. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінін, аудандағы колхоз председательдеріне, бригадирлерге және атақты звено бастықтарына арнап шақырған мәслихатына барған Сырбай, егінді ору, жинау туралы нұсқаулар алып қызмет орнына қайтуға беттеді де, хат-хабар болар деп жолда почтаға соқты. Почтада Дәулеттен және Кең тоғайдан армияға кеткен бірталай жігіттерден де келген хаттар жиналып қалған екен. Сол хаттардың кімдерден екенін Сырбай почтада қызмет атқаратын қызға оқытып тұрғанда, арасынан Жақсылықов Адамбектің Айбаршаға жазған хаты шыға келді. Сол арада хатты аштыртып оқытып көрсе, жоғарыда айтылған сөздер жазылған екен.

Дәметкенді іздеп баруға қазір уақыт жоғын біле тұра, бұл хабарға Сырбай аса қуанды да, Наталияға тез жеткізу мақсатымен, Кең тоғайға соға кетпек болған ойын да доғара тұрып, тура күріш еккен танабына тартты; өйткені, Наталияның бұл кезде сол танаптың маңында болатыны өзіне аян.

Атқаратын қызметі — танаптық агроном болғанмен, Сырбай еккен танаптың күріші биыл өзге звенолардың егісінен әлдеқайда артықтығынан ба, немесе, өзі тәжрибе есебінде еккен элиталық танабы Сырбай танабының қасында болғандықтан ба, Наталия уақытының кебін сол арада еткізеді. Сырбай мен оның қызметі алғаш екі түрлі сияқтанғанмен, жүре келе, істері бірігіп кетті: Сырбайсыз Наталия, Наталиясыз Сырбай жұмыс істемейді, екеуінің ақылы да, қимылы да қабыса араласқан; сондықтан, өз танабының ісін өзгеге сеніп тастамайтын Сырбай, тек Наталияға ғана сенеді де, бір жаққа барар болса, тапсырмасын соған ғана айтады. Наталия оның тапсырмасын асырмаса кем орындамайды.

Өзге істе Наталияның сенімді жәрдемші ғана емес, сенімді басшы екеніне де көзі еркін жеткен Сырбайдың бір ғажап қалатыны: жап-жас қалпымен Наталиянын, ұйқысы сергектігі және арып-шаршауды білмейтіндігі. Күндіз де, түнде де талай сыннан көріп Наталияның міндетті ісін ойдағыдай орындамаған кезін Сырбай керген де, естіген де емес.

Соншалық сенетін Наталияның соңғы кезде тіпті сақсынып, егінді құстардан дамылсыз қорғауын, әсіресе түн баласында кірпік қақпай қорғауын, Сырбай оның інісін жоғалтуының күйігі, ұйқысы қашуы содан деп жоритын еді; сондықтан, інісінің қайда екендігі туралы хабарландырған хат қолына түскен соң-ақ, тез жеткізу мақсатымен, жайшылықта қинамай аяң жүретін Сырбай, Алмалықтан шыға түйесін тайраңдатып желдіруден тыным алмады. Өз танабына ол осы жүріспен жетіп қалды.

Ол танабына деңгейге келген кезде күн төбеден ауып, батысқа қарай еңкейіп қалған. Танаптың бер жағында, Сырбай жүріп келе жатқан соқпақ жолмен біраз уақыт жарысып отыратын арықтың арнасы бар. Оның жерден өсірілген екі жақ биік ернеуіне қалың, қурай шығып, онсыз да биік арнаны тіпті жоталанып жіберген, сондықтан, оның қырына шықпаса, аржағының аспаны болмаса, жері көрінбейді.

Алмалыққа аттанғанына үш-төрт күн өтіп кеткен Сырбай танабына еккен күрішін.сағынғандай боп, көруге аңсап келе жатқанда, арық жотасының аржағында атылған мылтықтың даусына ұқсап әлдененің шарт-шұрт дыбыс беруі, ол дыбыстан үрккендей, аспанда, әлденеше қалын, шоғыр боп қараторғайлардың жөңкілуі, Сырбайдың былай да лепіріп келе жатқан көңілін одан да артық лепіртіп жіберді. Шарт-шұрт атылған дыбысқа елегізе құлақ түрген ол «Торғайларды сақпанмен үркітіп жүрген біздің Наташа болар» деп жорыды.

Көзі әлі де алыстағыны шалатын Сырбай, арықтың жотасына шыққанда, егін арасында жүрген Наталияны шырамыта кетті: тізеден аз-ақ төмен түсетін, жеңі шолақ қызыл көйлек те, сұңғақ, толық дене де, Қызылорда үлгісімен, масадан қорғануға тіктіріп алған, етегі аяғын жабатын қызыл жолақ жалбағай да соныкі.

Егіннің ортасында да, айналасында да, сақпан ұстап жүрген звено адамдары қондырмас деп күдер үзді ме, болмаса, күн еңкейген соң лайықты қоналқа жер іздеуге тартты ма, Сырбай, арықтың жотасына шыққанда, егін маңында жөңкіле ұшқан торғайлардың топтары бет-бетіне жөн түзеп кете барысты.

Сырбайдын, Наталияны алыстан танығанындай, Наталия да Сырбайды жотаға шыға-ақ таныды. Жотадан түскенше оған жай ғана кез тіккен Наталия, жотадан түскен соң қадала қарады; өйткені, Сырбай бұрын бойында жоқ қылық көрсетіп, жотадан түсе, түйесін бері қарай екпінді желіспен тайраңдатып келеді.

«О несі?!» деп ойлап тұрды Наталия.

Сырбай егістің жиегіне жақындағанша, Наталия да ол келе жатқан тұсқа беттеген еді. Бірақ, күріш егісінін; арасында жылдам жүруге болмайды: атыздардың іші әлі шіпілдеп толған су, қырқалары кебірлене сазданған сортаңды балшық, және тура емес, ирек-ирек. Сол қырқаларды жалаңаш аяғымен кезген Наталия жағаға жеткенше, Сырбай түйесін тоқтатып, түсіп те үлгірген еді.

— Уа, сүйінші! — деді Сырбай, жақындай берген Наталияға.

Бұл сөздің мағынасын білетін Наталия: «Інім табылған екен деп» жорып еді, қуаныштан жүрегі тулай қалды. Сол қуаныш әлін алып кеткендей, бұған дейін табанның табы ғана батып келе жатқан атыздың саздың қырына аяғы тайғанақтап, ернеуіндегі қоймалжың сазға толарсақтан батты да, жылдам жүру былай тұрсын, денесін әрең сүйреді.

— Уа, інің табылды, інің! — деді сүріне-қабына, сазға малтыға жағаға әрең шыққан Наталияға.

Орыс тілін білмейтін Сырбай, Наталияға хатты ұсынса, қазақша жазылған екен, қазақша ауызша сөзді аңғаратын Наталия, хатты оқығанмен, сөздеріне түсінбеді. Хаттың жалпы жобасын ауызша айтқандары болмаса, звеноның сол араға жиналған өзге мүшелері де, Наталияға хаттан оқыған сөздерін дәлелдеп айтып бере алмады.

— Уа, жүдә, бар болыңдар! — деді Сырбай кейін, — анықтап айтып айызды біреуін, де қандыра алмадыңдар ғой, Айыма кісі жібермесе болмас.

Күзгі күту жұмысында жүрген Айбаршаға кісі кеткенде, Сырбай мен Наталия егін аралап кетті. Етігін жағаға шешіп, шалбарының балағын тізеден жоғары түрген Сырбай, егін ішіндегі атыздың қырқаларымен алдында, Наталия артында келе жатыр. Дінге сенетін Сырбай, өмірінде ешнәрсені кемеліне келді деп керген емес, оның ұғымында, олай деу — асылық, күнә. Сондықтан аралап келе жатқан күріштің бітік-ақ өскенін керіп келе жатып, оған іштей сүйсініп келе жатып, бұл жөнде Наталияға ләм-мим деп тіс жармайды.

Егіннің өсуі расында ғажап екен. Шоғырланып түп-түп боп өскен күріш сабақтарының басына болған дәндер, жуан сабақтардың белін иіп бүкірейтіп жіберіпті. Бүкірейген сабақтардың жапырақтары сарғайып қапты. Сабақ атаулының бәрі бір тұқымдас айуандардай боп, бірінен-бірі айнымайды, араларында жұптарын бұзатын ешбір бөтен түс жоқ.

Егін ішін ерсілі-қарсылы ұзақ аралаған Сырбай әр жеріндегі сабақтардың басындағы дәндерін сыдырып ап көрсе, салылары қатайып қалған екен. Сондықтан ол, егін арасынан шығарда:

— Меніңше жүдә пісіп болған, Наташа, сенін,ше қалай? — деді.

— Меніңше де солай, — деді Наталия.

— Ендеше, атыздағы суларды бүгін ағызу керек, әйтпесе егін суға жататын халге кеп қапты.

Сол түні звено адамдары атыздағы суларды қашыртқыға құлатумен шұғылданды. Судың қулауын күтіп тұр ғой. Күріштің орағы олардан басқаша. Ол, жоғарыда аталған орақтай доғаланып қайқаңдау қылыш сияқты боп келеді де, дәл ұшы шот аяқтанып шұғыл иіріледі. Сырбайдың түсіндіруінше, ол имек, — жерде жатқан күріш сабақтарын іліп көтеріп алу үшін ғана керек, ал, орақтың ен бойы қайқаңдау жазық келетін себебі — уыстап алған сабақтарды бабымен тегіс қияды, имек орақ олай қимай жұлқып жібереді де, сабақтың басынан дәнді түсіреді... Сырбай ұсталарға өз кезінен осындай орақтарды даярлатып, егін ору күні жақындағанша, бәрін де егетіп, қайратып, ұстарадай қылпылдатып қойды.

Күріш танабының суы құлатылған соң-ақ, ол егін орушыларды жинады да, алдын ала түсінік берді:

— Шырақтарым, — деп бастады ол сөзін, — сендердің ешқайсың да шаштарын, мен сақалдарыңды қыра білмейтін олақ біреуге, жүдә, алғызбас едіңдер де, егер, әлдеқалай алғыза қалсаңдар жүдә, қиналар едіңдер. Олай болса, мына бітік шыққан күріш танабын да, ора білмейтін біреуге жұлқылатса, көруге жанымыз ауырар еді, өзгеңнен көрі, жүдә, менің жаным қаттырақ ауырар еді, өйткені, бұл егіннің дәнім қолымнан мен септім ғой; Айымның жаны менен кем ауырмас еді, өйткені, осы танаптың жерін, жүдә, сол даярлап берді ғой; Наташа мен Байжанның жаны да кем ауырмас еді, өйткені, оның біреуі, жүдә, бұл танапқа су берді ғой, екіншісі — жерді ғылыммен өңдеді ғой; Анатөл мен Рахмет те ренжір еді, өйткені жүдә, олардың да мұндай шығымды егін өсіруге жәрдемі аз тиген жоқ қой.

— Мақұл! — десті шуласқан көпшілік.

Сырбай танабының егіні, колхоздың өзге звеноларының танабынан бұрын піскендіктен және олардан өлшеусіз бай шыққандықтан, колхоз басқармасы колхоздың барлық ораққа жарарлық мүшелерін түгелімен осы танапқа әкелген еді. Жоғарыда айтылған түсінігін жасап алғаннан кейін, Сырбай олардың қолдарына бір-бір орақ ұстатты да, бәрін күріш маңындағы саздаққа ескен қоғажай мен құрақтарға алып барды. Содан кейін ол, «міне, күріш сабақтарын орарда, жерден былай көтеру керек» деп жамбастай жатқан бір түп қоғажайды он, қолындағы орағының ұшымен жерден көтеріп алды да, сол қолының уысын толтыра қапсырып. ұстап, «қолды селкілдетпей орақты былай тартады, селкілдетсең дәні түседі» деп, әрірек сұғып орақты уыстаған сабақтардың орта тұсынан салды да, өзіне қарай қиғаштай тартты. Қылпылдап тұрған орақ, көгілдір жұмсақ сабақты іркілмей орып түсті. Сол әдіспен бір баудай қоғажайды орып, қатарлап сап, «енді мұны былай баулайды» деп, екі уыс жұмсақ қоғажайдың бастарын түйістіріп бір байлады да, бауланған қоғажайды түп жағымен қысып әкеп, екі басын қайырып белдеуге қыстыра салды. Содан кейін «мә, көріңдер, берік пе, осал ма!» деп, әркімге ұстатып көрсе, қаттылығы тастай.

Орақшылардың бәріне бұл әдісті үйретіп шығаруға үш күндей уақыт кетті. Төртінші күн ол, астық соғылатын орын мен астық салынатын ыдыстарды тексеруге кірісті. Қапшық атаулыны қарап, жыртығы болса бүтіндеу әйелдерге тапсырылды. Егін соғылатын жердің қыртысы кең келемде сыдырылып, залалды құрт-құмырсқа қалмасын деген оймен, үстіне құрғақ сабан себіліп өртелді.

Со күннің кешіне егін соғатын комбайн мен тұқым тазалайтын машина кеп қалды.

— Біздің Айым келмек еді ғой мұнда, ол қайда? — деп сұрады Сырбай тракторист.

— Егін соғу қарсаңына ол да үлгереді, — деді тракторист.

Сырбай ол түні де ұйықтаған жоқ. Ашық аспанға жарқырай көтерілген айдың, жер бетіне сепкен күміс сәулесі күріш танабының үстінде бусанған шыққа да шағылысып, оны майда күтілген мақтадай көріктендіріп тұрды. Соған қараған Сырбайдың көзіне, күздігүні түндерде ұйыса ұйықтайтын семіз қойлардың табыны елестеп кетті. Олардың үстінде де осындай бір қою, бозғылт бу тұратын еді. «Бұл күріш танабының семіздігі сол қойлардан кем дейсің!..»

Бусанған күріш танабын айлы түнде ақырын адыммен жағалап жүрген Сырбайдың есіне Дәулеті түсіп кетті. «Бүгін түні ол қандай жағдайда екен» деп ойлаған оның кең кеудесіне сағыныш сыймай, демін соза және аса ауыр алды.

Оның ойын, автомобильдің алыстан ұзара жылтыраған жарығы бөлді. Жарықтың беті осы жақ. Кімнің машинасының жарығы екенін де Сырбай жорамалдады: Райкомның таныс машинасының соңғы кезде екі «көзінің» бірі ғана жанатын, мынау — сол. «Рахмет болар ма?» деп ойлап қойды Сырбай.

«Ол келсе егін орыңдар деуі мүмкін, даяр ма екенбіз деген оймен, егіс танабының әр жеріне еңкейіп, сазына бармағын батырып керсе, тапталып дегдіп қапты, аяғымен басып керсе, резеңкедей былқылдағанымен, батып кетпейді, «Ә, жарап қалған екен!» деп жорыды Сырбай.

Сырбайға туралап кеп тоқтаған машинадан төрт адам шықты: Полевой, Рахмет, Байжан және Гүлнар. Өзгелері қолдасып, екі шал құшақтасып амандасты.

— Мейрамға келдік! — деді Анатолий Кондратьевич.

— Қандай?

— Шығымы бай егінді жинау той емес пе?

— Әрине. Жүдә, жақсы келдіңдер онда!..

— Егін оруға даяр ма, Сыреке? — деп сұрады Рахмет.

— Даяр екен, — десті бәрі де Сырбай көріп ап.

— Даяр, — деді Сырбай.

Олар Сырбайдың кепесіне барса, Айбарша да келіп қапты.

Орақшылар жұмысқа күн көтеріле кірісті. Әдетте, оруды ең құрметті кісі бастауға тиіс, сондықтан, көпшілік, бұл құрметін Сырбайға көрсетпек болып еді:

— Жоқ, жүдә, болмайды ол, — деді Сырбай. — Су болмаса мұндай егін шықпас еді, ендеше бұған бас айыпты адам, жүдә Анатөл.

Сөзін көпшілікке мақұлдатып алған Сырбай, «Кәне, Анатөл, байла, бірінші бауды!» деп орағын қолына ұстатты. Оның егін орғанын Сырбай бұдан бұрын көрген жоқ еді, сондықтан, «ора алар ма, жоқ па?» деп іштей сынап тұрды. Сырбайдың қаупі бекер екен, — бір бау күрішті орып байлау шеберлігінде, ол ешбір кәнігі орақшылардан кем түсетін емес.

— Бәрекелде, — деп қойды Сырбай, риза боп кетіп, — • мұндай да өнерің бар екен ғой, Анатөл?! Көрдіңдер ме, орақшылар, қалай шебер оруын!.. Осылай орып үйреніңдер!..

Орып байлаған бауын Анатолий Кондратьевич жерден көтеріп алды да, көпшілікпен аралас тұрған Айбаршаға апарды.

— Есіңде ме, қызым, — деді ол, сезімі толқып тұрғандығын даусынан аңғартып, — канал қазуға кіріскенде, жерден алғаш көтерілген топырақтың бір уысын маған сыйға тартқаның? Мен саған борышты боп қалып едім ғой, сонда, борышыңды өтеуім осы, — мына бірінші буылған бау — саған тартқан сыйым.

Қыздың қолына бауды ұсына бергенде, Анатолий Кондратьевичтің көзінен жас шығып кетті.

— Қымбат сыйыңызды қабылдаймын, әке! — деді Айбарша, — . комбайнның көмейіне бірінші кететін бау осы болады. Майданға сыйлыққа жіберетін бірінші қабымыздың ішіне осы баудың күріші салынады...

Айбарша да аржағын айта алмай жылап жіберді... Гүлнар оны құшақтай ап, баурына басты...

— Жұмысқа, жұмысқа! — деді көңілі босайтынын көрген Сырбай, өйтуден қашқалақтап, — жауды, жүдә көз жасымен емес, астықпен жеңеміз! Бастайық егін оруды...

Қаз-қатар тұра қалған жұрт, өз үлесіндегі егінді баулауға қол қойды. Колхоз басқармасының қаулысы бойынша, бір кісі бір демде, он шаршы метр жердің егінін орып бітіруге тиісті. Норма солай бола тұра, бір дем біткеннен кейін тексерілсе, орақшылардан орындамаған бір де жан жоқ, көпшілігі асыра орындаған, беске дейін норма берген бірталай адам бар, солардың ішінде Дариға мен Мақта гүл де жүр. Кейбір әйелдер, яслиге тастағысы келмей, жұмысқа жас балаларымен шыққан. Бұрын мұндайды кермеген Байжанның қайран қалғаны — күн райы ыстық болғанмен, шешелері арқаларына таңып алған жас балалар, ояуында әлденені ермек қып отырады да, шаршағанда сол қалпында ұйықтап қалады. Ондай әйелдер де жарыстан қалысқан жоқ. Ораққа кейбір өте кәрілері де түсіп, жартыдан бірге дейін норма берді...

Басқарманың жоспарлауынша, орылған егінді соғу келесі күнге қалдырылмақ еді, орақшылардың қимылы ол жоспарды бұзып, бірінші күннің өзінде-ақ комбайнға мол азық берген соң, сол күннің кешіне комбайн Айбаршаның тракторына жалғасты да, іске кірісті. Комбайнның жұтқыш көмейіне бірінші азық боп Полевойдың Айбаршаға сыйлаған бауы кетті, одан алынған дән, үкіметке тапсырылатын астықтың бірінші қапшығына құйылды.

Одан кейін, комбайнның кең көмейіне, күріш баулары тобымен үздіксіз тоғытыла бастады. Комбайн ішіндегі қимылға кірген елеуіштер егіннің сабағын, қауызын, дәнін неке екшеп, кейінгі жақтағы кен, шүмектен саулаған дән, таудан тасқындай тынымсыз, үздіксіз ақты.

Тағы уәде, — әуелі бір гектардың егінін соғып, шығымын жеке өлшеу еді, сондықтан, ол гектардан соғылған дән қаптарға тиеліп, таразыға салынып жатты. Жиырма-отыз қаптан бір өлшеген таразының басынан Сырбай табан аударған жоқ. Шығым мөлшері қырық центнерден асқан соң-ақ, Сырбайдың жүрегі қуаныштан тулай бастады... Елу... алпыс... жетпіс... деген цифрлар айтылғанда, Сырбай өз денесіне өзінің әлі келмейтін халге жетті... Өлшеуші Байжан еді.

— Енді бар ма? — деді ол қап тасушыларға.

— Осылар да жетер, — деді біреу.

— Ендеше, — деп Байжан таразыны тартып жіберді де, — жүз жиырма центнер болды! — деді.

— Неше бұт? — деген сөз шығып кетті Сырбайдың аузынан.

— Жеті жүз бұт!.. Күріштен мұндай шығымды дүние жүзі білген емес!..

— Сыреке, сіз дүниежүзілік рекорд жасадыңыз! — деген сөзді Полевой мен Рахмет қатар айтып, екеуі кезек-кезек қайталап қолын қысты.

Сол күні бұл рекорд туралы Москваға, Алматыға, Қызылордаға телеграммалар кетті. Оның сөзін ТАСС пен радио қағып ап, дүние жүзіне жая бастады, «Правда»-дан бастап, бүкіл газеттер бұл қуаныш хабарды жариялай бастады... Сырбайдың атына одақтың тұс-тұсынан құттықтау телеграммалар түсе бастады... солардың ішінде, Дәулеттен де телеграмма кеп қалды!.. «Қымбатты әке! — деп жазыпты ол. — Сенің күріштен жер жүзілік рекорд алған хабарыңды радиодан естігенде, қуанышым кеудеме сыймады. Құттықтаймын. Сенін, әрбір дәніңді жауға бір оқ қып атамыз!»

ОН БІРІНШІ ТАРАУ

МАЙДАНҒА СЫЙЛЫҚ

Ескі ауылдың тілінде, Сырбай «қисық» аталған кісі еді. Оған мұндай атақты тақтырған намысқорлығы болатын.

Мәселен, кедейліктің шырмауында жүрген кезінде, бір жерде «торқалы той» болып, «топырақты елім» болып жатса, ол оған сүйресе бармайтын.

— «Айт аттыға, той тонды жарасады», — дейтін ол, «неге бармайсың?» дегендерге. — «Мен барар ем, сабалаған қымызым, жетектеген сойыстығым болса! Олар менде, жүдә жоқ. Өзіңде жоқ болған соң, жүдә, біреуге телміргеннің сәні не?»

Осындай қылықты ол әр жағдайда қолданып, біреуге телміретін іске, өлсе аяғын баспайтын.

Осы мінезін ол Ұлы Отан соғысы күндерінде де өзгертпеді. 1941 жылдың күзінде, Рахмет оны бір күні райкомға шақырып алды да, Қызылорда облысының майданға бір эшелон сыйлық жібергелі жатқанын, облыстан сыйлық алын аттанатын адамдардың тізіміне обком оны да қосқанын айтты.

— Шырағым, мені, жүдә, қинама оған! — деді Сырбай.

— Неге, ақсақал, — деді Рахмет, Сырбайдың бұл сөзін ішінен «қорқып отыр ма»-ға жорып.

— Мен барар едім, балам, — деді Сырбай, — егер, апаратын сыйлықта менен қосылған, ауыз толарлықтай сыбаға болса, ондай сыбағам жүдә жоқ, құрғақ қол барып қайтем, жүдә.

— Неге құрғақ қол болады? — деді Рахмет өз ауданынан қанша азық жиналғанын көрсететін мәліметке қарап, — сіздің, «Кең тоғай» колхозының бергені: бес мың тұқым, отыз қаз, жүз елу үйрек, бес центнер сүрленген балық, жүз семіз қойдың бес жәшік қауыншек, елу қап күріш. Аз ба, осы бір сыбағаға?

— Әрине, аз емес. Бірақ, құсты өсірген, балықты аулаған, малды баққан жүдә мен емеспін. Қауынды да мен өсірмеймін. Менің өсіретінім — күріш. Елу қап деген не ол, жүдә? Не бетіммен сый деп алып барам оны?

— Әй, ақсақал-ай, қызық екенсіз ғой, өзіңіз! «Күрішті қайсың өсірдің, құсты қайсың күттің?» деп майданда кім сұрайды, сіздерден?

— Жоқ, балам, әңгіме жүдә сұраған, сұрамағанда емес. Кеуіл деген бар емес пе, кісіде? Сенен біреу «сенікі не азық?» деп сұрамағанымен, жүдә, өз көңіліңе кеп тұрмай ма: «осы мен не әкеп тұрмын?» деп. Сонда, өз әкелгенін, аз болса, жүдә, іштей жүдеп тұрмай ма кеуілін,: «өзгелерге масыл боп, жүдә, не бетіммен келіп тұрмын!» деп.

Рахмет тілін қалай жорғалатқанмен, Сырбай осы сөзінен танбады да, майданға бармай қалды.

Екінші ұсынысты Рахмет оған келер жылдың қысының басында жасады.

Рахмет Сырбайға 1942 жылдың күзінде, «Кең тоғай» колхозы егінін жинап болған кезде жолығып:

— Ал, ақсақал, биыл қайтесіз енді? — деді.

— Не жайында? — деді Сырбай.

— Майданға біздің облыстан тағы да сыйлық жібергелі жатқанын обком хабарлап отыр.

— Жүдә жақсы.

— Бұл сыйлықтың баратын жері Сталинград майданы екен.

— Сталинград?!.

Сырбайдың бұл сөзге құлағы елең ете қалды.

Москва маңайындағы майданның халіне Сырбай қанық. Жау ол тұстан көп кейін шегініп кеткенін жақсы біледі. Жаудың шегініп барып табан тіреген мекендерінің атын айтып бере алмағанмен:

— Кәне, қай жерлерде? — деп біреу сұраса:

— Мына жерлерде емес пе? — деп картадан көрсете алады және көбінесе дәл көрсетеді.

Ленинград қоршауда екенінен де Сырбай хабардар. Газет оқытатын кісіден ойын күн сайын қайталап сұрайтыны:

— Ленинградтың жайы қалай?

Газет оқушы:

— Берілетін түрі жоқ, — десе:

— Жүдә ала алмайтын болды мұны! — деп бекініп, енді қауып хабарды емес, күн сайын «ал, жау жеңілді!» деген қуаныш хабарды күтті...

Сырбайдың зәресін кетірген бір майдан — Сталинград майданы.

Совет Одағындағы «Еділ» атты өзен барын ол білгенмен де, соғысқа шейін, бұл өзеннің бойында Сталинград атты қала барын естімеген еді.

Жаудың бет алысын картадан байқап дағдыланған Сырбай, Айбарша бір күні газет оқып отырып, ренішті қабақпен:

— Жау мына жерге келді! — деп Сталинградты көрсеткенде:

— Осы бір, еменнің бұтағындай, басы кен, тармақталып кеткен қара-көгіңнің өзі не? — деп сұрады Сырбай, Еділ өзенінің тармақтарын саусағымен шолып көрсетіп.

— «Еділ» дейтін өзен ғой, бұл!

— Осы ма, сол?

— Осы.

— Ойпыр-о-о-ой, жүдә, не деген тармақты өзен еді бұл?!.

— Европаның ен, үлкен өзені осы, — деді Айбарша, қайын атасының «Европа» деген сөздің не екенін білмеуіне қарамай, — оның ұзындығы — 3587 километр...

— Не дейді, жаным-ау!..

— Үш жүздей өзен құяды оған...

— Алда-а-а-а!!. Жүдә, жер-көкке қалай сыйып жатыр ол су?! Неғып теңіз боп кетпей жатыр?!

— Сол, жан-жағынан кеп құятын өзендердің бәрін қосқанда, Еділдің ұзындығы жетпіс сегіз мың үш жүз елу километр! — деді Айбарша, қайын атасын таңдандыра түскісі кеп, — орыс халқының ойы-қырында, Еділдің тармақтары араламаған жер жоқ. Сондықтан да орыс халқы оны «Ана өзен» деп атайды.

— Кереметіңді, жүдә, жаңа шығардың ғой, балам, — деді Сырбай, — сонша тармақты өзен болған соң, әрине, ол, орыстың анасы болады.

— Рас, атеке!..

— Ым-м-м! — деді Сырбай ыңыранып, — орыстың қимылдар жері енді келген екен!

— Жалғыз орыс қана қимылдар деймісіз? — деп Айбарша үгіт айтайын деп келе жатыр еді:

— Қоя тұр, ол сөзіңді, балам! — деді Сырбай түсіне қап, — әрине, қазір «сен орыс, мен қазақ» деп жатқан ешкім жоқ, себет қол астындағы жұрттың бәрінің туысып кеткенін, мені, жүдә, білмейді дейсің бе? Жүдә жақсы білем. Оның несін үгіттейсің маған? Қазақ та, өзбек те, ноғай да, өзге себет елдері де ер бола берсін, жаумен аянбай күрессін. Оған мен қуанудан басқа не айтар денсің. Бірақ, балам, есіңде болсын: орыс бізден көп те ел, бізге басшы да ел. Осы соғыстың да ең зор ауыртпалығын орыс алмай отыр деп қайсың айта аласың?

— Айта алмаймыз...

— Айта алмасаң, орыс бір төбе де, өзге бір төбе. Бұл бір. Екінші, айтуыңа қарағанда, орыс, ата-бабасынан бері қарай Еділді еміп өскен жұрт. Сол емген анасына жау шабуыл салғанда, не жаны шыдайды орыстың? Анадан қымбат не бар, жүдә!

— Рас.

— Рас болса сол. Ал, жау кеп тұмсығын тіреген мына бір қызыл дөңгелек не? — деп сұрады Сырбай.

— Сталинград деген қала осы.

— Тоқта, тоқта! — деді Сырбай, Сталинградтың тарихын айтқалы келе жатқан Айбаршаға, — болды қызық! Жүдә, намыс үстіне намыс болатын жер екен, бұл.

Сырбай ерсілі-қарсылы аз уақыт жүрді де, оған үнсіз қарап отырған Айбаршаның қасына тоқтап:

— Ал, балам, жүдә, мен айтып еді дерсің, — деді, — көрерсің, Москва түбінде жауға болған сүркіл, дәл осы арада болады!..

Айбаршаның кеңесін бұл жолы осымен доғарған Сырбай, енді газет келсе, оқытқан адамына:

— Сталинград жайын сөйле! — дейтін еді.

Сталинград қаласынын, жартысы жауда, жартысы біздің қолда екенін, осы тірес көпке созылғанын естігенде:

— Кімнің күші артығын, жүдә, осыдан байқайтын болдық, — дейтін еді Сырбай, — кім осы тіресе әкетсе, соның жұлдызы оңынан туды дей бер!..

Тіресе кімнің әкетерін күн сайын бақылаған Сырбайдың құлағы, 1942 жылдың ноябрінде, «біздің армия Сталинградтағы жауды қоршап алды» деген хабарды шалды.

— «Құдай оңдады!» дей бер! — деп қуанды Сырбай.

Рахмет Сырбайды, осындай қуанышта жүргенде шақырып алды да, Сталинградтықтар жіберілетін сыйлықты апарушылар ішінде оның да бар екенін айтты. Бұл сөз, Сырбайды екі жақтан қуандырды: бірінші — ерлігі Ленинградпен теңдес қалаға сыйлық алып бару қандай жақсы!.. Екінші — Дәулет өткен сентябрьден бері осы Сталинградта... Сондықтан, Рахмет:

— Бұған да бармаймын дейсіз бе, ақсақал? — дегенде:

— Жоқ, жүдә, барам бұған, — деді Сырбай, — баратыным: егіс көлемім аз болғанмен, биыл бетім қызаратын жылым емес. Солай емес пе, жүдә?

— Жүдә, солай! — деді Рахмет, «жүдә» деген Сырбайдың мәтелін өмірінде бірінші рет, және сықақтап емес, қуана қолданып, — солай болмағанда ше? Биыл өз звеноңыз еккен бес гектардың әрқайсысынан орта есеппен сексен центнерден алып отырсыз, аз ба ол?

— Көп те емес қой, — деді Сырбай бүгежектеп.

Шалдың өйтетін себебі, биылғы еккен бес гектар жерінің минералдық өңдеу қолданған екі гектардан жүз он центнерден алған да, қолданбаған үш гектардан алпыс центнерден ғана алып, орта есеппен гектарына сексеннен айналған. Өңдеудің пайдасына көзі сонда ғана айқын жеткен Сырбай, бір кезде қарсы болған кінәсін мойындап, ол туралы кеңес болса, қателігін алдына сала сөйлейтін; «соныңыз қате еді-ау» дегенді біреу айтып қалса, «жүдә рас» деп қостай кететін. Сондықтан «орта есеппен сексен» деген сөз айтылса қытығына тиіп, еркінситін адамын «болды жүдә!» деп қайырып тастайтын да, сыйлайтын адамның алдында бүгежектеп қалатын.

Шалдың сондай жағдайын білетін Рахмет, оның күмілжуіне қарап, ұялттым ба дегендей көтере сөйледі.

— Жабайы егінші түгіл, — деді ол, — сіз егін мәселесіндегі ғылымның да болжалынан асып түстіңіз. Жабайы егінші, бұған дейін, бір гектардан ең көп дегенде. қырық центнер алады. Ғылым — ең көп дегенде алпыс-жетпіс центнер алуға болады дейтін, сіз екеуінен де астыңыз.

— Олай деу жүдә артығырақ болар, — деді Сырбай. — Және ғылым деп отырғаның жерді дәрімен емдеу ғой. Дәрінің күші емес пе көбейтіп отырған? Мен, қайта, тартпақтаған жоқпын ба, сол ғылымды?

— Өзіңіз бастаған соң айтайын, — деді Рахмет, — басында аздап тартпақтағаныңыз рас, оған езіңіз де мойындап жүрсіз. Бірақ, сол «дәрі» дегеннің өзі егін есірмейді ғой, тек есуіне азық қана болады ғой. Егінді өсіретін адам емес пе? Адам күтпесін, егін дәріге қалай әсер екен!.. Және адам мен адамда да айырма бар емес пе? Мысалы, мына Қытай елі күрішті пәлен мың жылдан бері егеді, Италия мен Испанияның егуіне де көп ғасыр өтті. Солардың ешқайсысы орта есеппен гектарынан сексен центнерден алған емес, ен, кеп алатыны — елу, алпыс. Бір гектардан жүз он центнер алу олардың өңі түгіл түсіне де кірмеген. Сіз неге көп аласыз олардан? Сізде социалистік ынта бар, оларда жоқ, бар айырма осында ғана; сіз еккен күрішті өз мүлкім деп қарайсыз, капиталистер мен феодалдардың құлдығындағы күріш егушілер, егініне жаттық деп қарайды, сонан соң ықлас қоймайды, білген өнерін жұмсамайды. Социалистік санамен, социалистік ынтамен еңбек атқарып, күріш өнімінде бір биікке шықтыңыз енді, — бұдан да зор биікке өрлеуіңізге сенеміз. Күріш мәселесінде сіз Отанымыздың алдыңғы қатарындағы адамысыз, майданға сыйлық апарысуға сондықтан ұсынып отырмыз, және өзіңнің көбірек айтып жүрген Сталинград майданына.

Сталинградқа сыйлық апаруға ықлас білдірген Сырбайдың бір ғана өтініші болды.

— Естегі бір кісім Анатөл еді, — деді ол, — маған ғана емес, бүкіл Сырдария еліне күріштен мол өнім әперуге себепші боп отырған, жүдә, сол кісі ғой. Ол кісі мол су алудың жолын таппаса біз, жүдә, бұл табысқа жетер ме едік?..

— Жетпес едік.

— Жаудың жерімізге сұғынғанына бәріміз де қайғырамыз ғой, бірақ, менің байқауымша, Анатөлдің қайғыруы, жүдә, өзгеше! Сыртқары жұрт оны қызын қайғырып жүдеп кетті дейді. Жүдә, онысы да бар шығар, ішінен шыққан баласы ғой... Оның одан да зор қайғысы — орыстың жеріне жаудың кіреуі; осы жай шымбайына, жүдә бататын көрінеді оның. Батқаны сол, кеудесі қақ айрылғандай күрсінумен қоймай, «жау осылай да осылай істеп жатыр» деп, бүлінген қалаларды айтқанда, кезінен жас та шығып кетеді.

— Білем.

— Білсең сол, мына Сталинградты ол да айтып жүруші еді, сыйлық апаратындарға оны да қосқандарың жөн.

— Баратындардың тізімінде ол кісі бар, — деді Рахмет.

— Жүдә жақсы, ендеше тағы бір өтінішім бар.

— Айтыңыз!

— Біздің әлгі бір тентек бар ғой, «Айым» деген?

— Я?..

— Сол шіркінді байқаймын, Дәуке жүдә қатты сағынып жүргенге ұқсайды. Біздің Дәукеннің Сталинградта екенін білесің ғой?

— Білем.

— Білсең, сол жаққа жүдә, Айым да барып қайтса қайтеді?

— Ол обкомның шешетін мәселесі. Хабарласайын.

— Сөйт! — деді Сырбай, Рахметтің бұл сөзін «шығарып салды деп» жорып, — сен оларға айт: бір үйден екі кісі баруға болмайды десе, мен қалайын, ол барсын.

— Болмас ол.

— Болдыр, балам, осыны. Жүдә өтінем! Көпті көріп, көнтақа болған менің кеуілім көрмеуге шыдар да, оның қылауы түспеген үлбірек кеуілі шыдамас... Мен солсам оқасы болмас, асарымды асап, жасарымды жасаған кісімін ғой, ал, алда-жалда, жүдә, ол солса...

Сырбайдың көзі жасаурап, иегі кемсеңдей қалды.

— Жақсы, жақсы, Сыреке, — деді Рахмет, — қамықпаңыз. Обкомға сөйлесейін деп сізді алдау үшін айтып отырған жоқпын. Бізден үлкен орын ғой ол, әуелі соған ақылдасамыз ғой.

— Жүдә, сол еді, айтайын дегенім...

— Жақсы, — деді Рахмет тағы да қуланған кескінмен, — даярлана беріңіз. Бірақ, есіңізде болсын, бір кісі апаратын сыйлық пен екі кісі апаратын сыйлық бірдей болмайды.

— Болмаса болмасын, — деді Сырбай сергіп, — кеусен сұрай жүрген Сырбай жоқ осы күні.

— Немене дедіңіз? — деді Рахмет «кеусен» деген сөзге түсінбей қап.

— «Кеусен сұрап жүрген Сырбай жоқ» дегенімді, айтасың ба?

— Ол не, «кеусен» деген?

— Білмейтін бе едің?

— Бірінші естіп отырмын.

— «Зекет» пен «үшір» дегенді білетін бе едің?

— «Зекет» деген, малдан дін жолына беретін алым-салық емес пе?

— Сол. Ал, «үшір» ше?

— «Үшір» дейсіз бе?.. «Үшір!».. Иә, иә... білдім, «ғұшыр» деген араб сөзі. Ол егіннен дін жолына беретін алым-салық.

— Таптың. Ал, «кеусен»?

— Баяғыда, бірен-саран кісі егін егіп, егер онысы шыға қалса, зекеті мен үшірін беріп болған кезде, қоржынын бос байлап, көңіл жетер дос-жарандары одан кеусен сұрайды екен... Кеусен алып көңілді қайтса, «ендігі жылы егінін, тассын» деп бата беріп, кеусен ала алмаса, ашуланып қайтқан біреулер «егініңді біте жесін» деп қарғайды екен.

— Білдің...

— Сонымен биыл, ұраңызға қанша төктіңіз? — деп сұрады Рахмет.

— Біздің үйде еңбеккүн алатын екі адам бар еді ғой: мен, қатын. Үшінші боп, биыл, жүдә. Айым қосылды. Табысыңды өз үйіңе бер десем, «менің үйім осы» деп, жүдә болмайды.

— Сонымен қанша алып едіңіздер?

— Шүкіршілік, сыйлыққа да, жеуге де жететін, — деді Сырбай дәлдеп айтуды мақтану көріп.

Майданға сыйлық апаратындардың тізіміндегі әкесін жолға әзірлеумен қатар, өз тарапынан да сыйлық қосуға, Гүлнар ете асықты.

Оның сыйы — басқарған госпиталь! еді. Тылдың госпиталында қызметке қалуға ризашылығын бергеннен кейін, обкомның секретары оған екі ұсыныс жасаған да: бірі — жұмыс атқарып жатқан госпитальдардың біреуіне қызметкер болу, екіншісі — жаңадан ашылуға тиісті бір госпиталь ұйымдастыру.

Бірінші ұсыныстың жұмысы, екінші ұсыныстан әлдеқайда жеңілдігін біле тұра, Гүлнар екінші ұсынысқа ризашылығын білдірді және дәрігері ғана болуға емес, директоры болуға. Бұл аса ауыр жұмыс еді, оның ауырлығын секретарь басында-ақ ашып айтты.

— Біздің Қызылордада госпиталь лайықты үйлердің аз екенін білесіз, — деді ол Гүлнарға, — бар үйлер мұқтажды қанағаттандыра алмай жатыр, жаңадан бір госпиталь ашылудың қажеттілігі осыдан кеп туып отыр. Ол госпиталь кәзір, он екіден бір нұсқасы жоқ.

— Қайдағы үй еді? — деп сұрады Гүлнар, жаңа госпиталь берілетін үйдің негізі бар деп ойлап.

— Ол әлі үй емес, үйдің қабырғасы ғана, — деді секретарь, — Қызылорда плотинасы салынудың мәселесі соғыстан бұрын шешілген еді ғой. Оның салынатын жеріне, мамандар мен жүмысшыларға арналып біраз үйлер қалана бастағаны өзіңізге мәлім. Сол үйлердің бірнешеуінің, қабырғалары ғана қаланды да, өзге жұмыстары соғыстың салдарынан қалып қойды. Жаңадан ашылуға тиісті госпиталымыз сол үйлерде болмақ. Бірақ, бұл өте ауыр жұмыс. Қайқиған қабырғаларды үй қалпына келтіруге қажетті материалдардың қолымызда біреуі де жоқ, оларды табу — осы госпиталь, басқаруға тиісті адамға жүктеледі. Сондай адамды таба алмай отырмыз, әйтпесе, іске алдақашан кірісу керек еді...

— Оған менен лайықты кісі болмас, ағай, — деді Гүлнар секретарьдың сөз төркінін тани қойып.

— Мен сізді саумалап әкеп көндірем бе деп отырсам, сіз алдымды орап кеттіңіз ғой, жолдас Полевая? — деді секретарь күліп.

Олар осыған келісті. Қастарына, со кезде қалада жүрген Айбаршаны ерткен ол екеуі машинамен барып көрсе, төбесі мен сәкісі салынған, терезе, есігі салынған біреуі де жоқ, бәрінін, де төбелері мен есік, терезе орындары аңырайып, қаңқиған құр қабырғалары ғана тұр, қам-кесектен (шикі кірпіш) салынған бұл қабырғалардың кейбірі опырылып құлап та қапты.

— Міне, жаңа госпиталь болуға тиісті үйлер осылар, — деді секретарь Гүлнарға.

— Ағай-ау, — деді Айбарша, секретарь — көп күш, кеп материал керек қой, бұған?.. Кәзір табыла ма?.. Бұлардан госпиталь жасалғанша соғыс та бітіп қалар.

— Оған саспа, қарындасым, — деді секретарь, — большевиктік ынта жұмсалса, ертең-ақ госпиталь боп тұра келеді. Біздің ойымызша, алдағы күзге дейін бұл госпиталь қызметке кірісуге тиісті. Сіз қалай дейсіз, жолдас Полевая?

— Мойынға алған соң орындауға тырысамыз да, — деді Гүлнар.

Сол күннен бастап, оның жарғақ құлағы жастыққа тимеді. Канал басына, Сырбайдың үйіне амандыққа барған оның Қызылордаға бірер күнде асығып қайтуына да себеп осы еді.

Істің аса ауырлығы кірісе келе байқалды. Ағаш, шеге және қажетті өзге темір-терсекті табуға Байжан жәрдемдескенмен, шыны, бор, бояу сияқты материалдарды табу үшін, Алматыдан бастап, көршілес көп қалаларға баруға тура келді. Солардың бәріне өзі жүрген Гүлнар, «бірін анадан, бірін мынадан» дегендей, «ине, тебендеп» жинап ,ақыры госпиталь үйлеріне қажетті материалдардың басын құрастырды.

Енді жұмысшылар керек. Қалада да ауылда да қолы бос жан жоқ, бәрі де қауырт жұмыста. Не істеу керек?

Гүлнардың кеп толғанып тапқан ақылы — бұл жұмысты қаладағы үй иесі әйелдерге атқарту. Сол мақсатпен ол қалалық советтің қасындағы әйелдер советінің жиналысын шақыртты да, әуелі советтің активіне ойын ұғындырып ап, үй иесі әйелдердің арасына оларды үгітке жұмсады.

Үгіт ете жақсы нәтиже берді. Оның арты үй иесі әйелдердің қалалық жиналысын шақыруға соқты да, мақсатты ісі туралы Гүлнар баяндама жасады. Жиылыс артынан екі жүзден астам жас әйел ризашылық білдіріп, уәделі күні жиналды да, үй салу жұмысына кірісті.

Қазақтың «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген сөзі бұл істе де дәлелденді. Әдетте, әйелдерді, әсіресе, үй иесі әйелдерді балта жұмысына бейім емес деп ойлаймыз ғой. «Басқа түссе баспақшыл» ма, әлде, бұған дейін дағдыланғандары бар ма — балташылар да, арашылар да, сүргіштер де сол әйелдердің іштерінен табылды. Өзгеге үлгі болғысы келген оймен, қолы тигенде бұл іске Гүлнар да араласып, есік, терезелерге қажетті саймандарды жонып сүргілегенде, қолы аса мініскер кісі боп шықты...

Социалистік жарысқа түсіп, әйелдер жұмысты қызу қарқынмен алып кеткен соң, қажетті үйлер мерзімді уақытта бітуіне көзі жеткен Гүлнар, енді госпиталь қажетті төсек, орын, ыдыс-аяқ сияқты дүниені жинау жабдығына кірісті. Оған берілген тапсырма — мың койкалық Госпиталь қамтамасыз ету еді, Гүлнар үй келемін де, оған қажетті аспапты да мың жарым кісіге әзірлемек болды, және, тағы да ой-қырға шапқылап жүріп, көңілге алған мөлшерінде даярлай алды да.

Госпиталь қажетті қызметкерлердің басын да Гүлнардың өзі құрастырды. Жабайы қызмет атқаратын адамдарды, үй салу жұмысына араласқан әйелдердің ішінен тапты. Әдейілеп Алматыға барып, Қазақстан денсаулық комиссариатымен сөйлесті де, сестраларды Қарағандыдағы медицина техникумында дәрігерлерді Алматыдағы медицина институтынан алмақ болды. Госпиталь үйлері бітуге айналғанда, олардың алды келе бастады.

— Бас дәрігер кім болу керек? — деген сұрауға:

— Әрине, мен! — деп жауап берді ол бар жерде.

— Онда директорлықты кімге тапсырасыз? — деген сұрауға:

— Ол да өзімде болады, — деп жауап берді ол.

— Екеуі ауыр болмай ма? — десе:

— Соғыс бұдан да ауыр емес пе? — деді ол, — оны да көтеріп жатқан жоқ па, жұрт? «Жұрт» деген — мен сияқты кісілерден құралмай ма? Сол жеке адамдар емес пе, соғыстың зор ауыртпалығын бөліп көтеріп жатқан? Мен де солардың бірі боламын да? Ауырсынғанмен, көтеріске қойып жеңілдететін кімім даяр тұр?..

Гүлнар әкесінің майданға сыйлық апарушылар тізіміне кірген хабарын алған кезде, госпиталь үйлері салынып бітіп, ішін сырлау жұмысы жүріп жатыр еді. Сыйдың Сталинградқа баруын естіген Гүлнар, ол майдандарда жандай досы Дәулеттің жүргенін онымен жиі жазысқан хаттарынан біліп, басқарған жұмысының, барысын үздіксіз хабарлайтын еді. Сыйлық апарғандар Дәулетке жолығады деп сенген Гүлнар, жуырда ғана оған хат жазып, Анатолий Кондратьевич бірге Сырбай мен Айбаршаның баруын да хабарлап, бітіруге тырысып жатқан госпиталь үйлерін оған дейін қызметке қосуға, барлық бейнесінің фотосуреттерін Айбаршадан беріп жіберуге уәде еткен.

Сыйлық апарушыларды жолға шығуы жақындаған сайын, оның асыға қимылдауы сондықтан еді. Бірақ, асығам деп істі шалағай атқаруға болмайды. Оның осы ниетіне, туған жерінің табиғаты да тілектес болғандай боп, кей жылдары бұл кезде көз аштырмайтын жаңбыр биыл бір де тамбай, құрғақшылық болды да тұрды. Оған қоңыржай самал араласып, үйлердің ішкі-сыртқы майлауларын тез кептіруге себеп етті.

Сонымен, қысқасы, Сырбай мен Айбарша сыйлық апару сапарына шыққан кезде, түгел даярланған госпитальға Гүлнар жаралыларды қабылдап, қызметке кірісе бастады.

— Жүдә жақсы, қызым, жүдә жақсы! — дей берді Сырбай, осы сөздерін сансыз рет қайталап, қызметке кіріскен госпиталь үйлерін аралап көріп жүріп.

— Менің майданға берген сыйлығым, әзірге осы ғана боп тұр, ата, — деді Гүлнар, жақсы атқарылған ісіне, іштей масаттанғандай боп.

— Жүдә жақсы сыйлық! — деді Сырбай, — бұдан артық сыйлық болмайды, балам!.. Жүдә жақсы, жүдә жақсы!..

— Рас, айтасыз, ақсақал! — десті оған ерген топ.

— Аманшылық боп, Дәуке жолығатын күн болса, — деді Сырбай Гүлнарға, — досыңа бұл ісіңді жүдә мақтаныш қып айтып барам, қызым.

— Өзім де хат жазам, ата және мына карточкаларды жіберем, — деп Гүлнар госпиталь үйлерінің ішкі-тысқы бейнелерін көрсететін, жаралылардың тіршілік күйін көрсететін бірталай фотосуреттерді Сырбайға да, оның серіктеріне де көрсетті...

— Жүдә тамаша суреттер екен! — деді Сырбай, — дәл өзі!.. Аудырмай түсірген!.. Айна-кәдесі жоқ!.. Жүдә тамаша, қызым!.. Жүдә тамаша!.. Жүдә тамаша сыйлық!..

ОН ЕКІНШІ ТАРАУ

ҰЛЫ ШАБУЫЛ АЛДЫНДА

Қызылорда облысынан Сталинградқа сыйлық алып жөнелген эшелонның алғашқы беті: Елек станциясына бұрылып Орал қаласына тарту еді де, Урбах станциясына барғаннан кейін, Урбах арқылы Астраханьға қарай жалтарып, Жәнібек станциясына тоқтап, сыйлықтарын сол арадан майданның командованиесіне машинамен тасып тапсыру еді.

Бұл мәселе туралы, обком Отан Қорғау Комитетінің шойын жол жұмысын басқаратын адамы — генерал-полковник Хрулевпен осылай келіскенмен, эшелон сапар шығып алғаннан кейін, соғыстың жағдайы жолдың бағытын өзгертті. Состав Електен бұрылмай, тура Куйбышевке тартып, оның аржағында Чапаев қаласына, одан Пензаға, одан Ртищевоға бұлталақтап, ақыры Саратовтан кеп шықты. Қызылордадан ноябрьдің жиырмасында аттанған эшелон, осы бұлталақта он тоғыз күн жүрді.

Эшелонда азық тиеген жиырма бір вагон бар еді. Солардың ортасына кісілер отыратын бір вагон қосып, сыйлық әкеле жатқан делегация соған мінген.

Вагонның купелері түгелімен есікті еді. Сол купелердің біреуіне; Сырбай мен Анатолий Кондратьевич жеке отырды.

Шабан жүрісті ұзақ жолда, делегацияның жастау жағы, азық тиеп әкеле жатқан вагондарды қарауылдау, күтумен қатар, қолдары бос уақыттарын карта ойнау, өлең айту, гармонь, гитар, домбыра сияқты музыка тарту, кітап оқу сияқты көңіл көтергіш жұмыстарымен өткізгенде, оларға араласпайтын, купелерінен шықпайтын Сырбай мен Анатолий Кондратьевичтің бағатыны үнемі кеңес.

Бұдан бұрын олардың бастары ерте ме, кеш пе, үйде ме, түзде ме — қосыла қалса өзге кеңес құрығандай, каналдан, судан, егіннен басқаны жөнді айтпайтын еді. Мына жолы, екеуінің кеңесі — жатса да соғыс, тұрса да соғыс. Ұйықтауға жатқанда да олар осы кеңестен ауыз жаппайды да, қалғығаннан кейін, кеңестерінің арты түске тұтасып кетеді. Түсінде де олардың көретіні соғыс...

Кеңестері үнемі осылай, соғыс туралы болғанмен, мінезінің ауырлығына қарамай, Сырбай, көбінесе күлдіргі бірдемелерді айтады да, бұған шейін, Сырбаймен салыстырғанда, сергек мінезді деген Анатолий Кондратьевич ауырлау бірдемелерді айтып кетеді.

Сырбайдың күлкілі кеңесі, көбінесе Масақбай туралы. Одан және Дәулеттен келген хаттарға қарағанда тағдыр екеуін тез жолықтыра қойып, Дәулет, Масақбайды өзіне күтуші қып алған.

— «Қорқақты көп қуса батыр болады» деген, қазақта мақал бар еді, — дейді Сырбай, Масақбай туралы кеңесін бастағанда,: — егер жүдә, одан қорқақ жанды көрген жоқ көлеңкесінен қорқатынның өзі сол еді, келген хаттарды оқытып отырсам, соның жүдә батыр боп алыпты дейді. Осыған, жүдә, нанарымды да білмеймін, нанбасымды да білмеймін. Нанайын десем... — деп, Сырбай, Масақбайдың қорқақтығынан туған талай қызық кеңестерді айтады.

— Бір мысал, — дейді ол, бір кеңесінде, — сол Масақбай, күні кеше ғана, соғыстан бір-ақ ай бұрын өзінің сиырын атып тастап, жүдә масқара болған ғой.

— Неғып?

— Қызылордаға сапар шыққан бір жолында, базарда оған бір қызыл қасқа сиыр кездеседі. Осындай сиырды ол жүдә, іздеп жүреді екен. Сиыр атан өгіздей болса керек. Өзі жүдә жас болса керек, үш-ақ рет бұзаулаған ба, қалай, емшегі жер сызса керек. Емізігі, жүдә, табан қарыс еді дейді.

— Нағыз немістің швиці екен ғой.

Сиырдың иесі: «Қысылған жағдайым боп сатып тұрмын, әйтпесе жүдә, қияр сиырым емес еді» дейді, «желіндегеннен басқа уақытта, жүдә суалмайды» дейді, «сегіз айдын, бойына күніне жиырма литрден кем сүт бермейді» дейді.

— Олар солай ғой.

— Осы сиырға Масақбай жүдә, қызығып, ердің құны, нардың бұлында ақша беріп сатып апты да, пәтеріне алып кепті. Қасында Дариға келін де бар екен, ол да сиырға жүдә риза бопты. Сол күні олар қалаға қоныпты. Масақбайдың бір мінезі, серік ертпей, екі ауылдың арасына да түнде жүрмейтін. Ал, қалаға барса, жүдә қорқақ болса керек, түнде тысқа мылтықсыз шықпаса керек.

— Онысы қызық екен.

— Жаңағы сиырды сатып алған күні, құдай ұрып, түнде, жұрт шырт ұйқыдағы кезде, тысқа шыққысы кепті. Қатынына бірге шығайық деген екен, анау байғұс жүдә ерініп шықпапты. «Жазған құлда шаршау бар ма» дегендей, тапаншасын алып, Масақбай шығады. Мезгіл қыс болса керек. Кешке қар жауып басылып ай жарық болса керек. Масақбай қораның бұрышын айнала берем дегенде алдынан бірдеме қараң ете қалады. Ұры екен деп ойлап қалған Масақбай, мылтықпен, жүдә, басып кеп жібереді де, кейін қарай жалтара қашады.

— Қап!..

— Сол қашқан қалпымен, ол жығыла-сүріне, бір ағашқа соқтығып маңдайын жарып ала жаздап, есіктің басқышына жіліншігін сындырып ала жаздап, есікті жалман-жан іле қойып, асып-сасып жатқан бөлмесіне кіреді. Бөлме, жүдә, оңаша екен. Қатынымен екеуінен басқа жан жоқ екен. Қатыны «не болды?» десе, «жүдә масқара болдым!» дейді, «бір ұры тап беріп ,атып тастап келдім» дейді. Жүдә, нанар-нанбасын білмеген қатыны: «шығып көрейік» десе, «ойбай, жүдә ол не дегенің? Жалғыз дейсің бе ол?» деп зыр-зыр етеді. Ақыры, өзінен қатын ер шығып, «байғұс-ау, былай да, былай да өлдің ғой, кісі атып тастағаныңды білсе, сені жүдә, сау жібере ме бұдан? Одан да барып көрейік те, егер адам болса, үй иесімен ақылдасайық», дейді.

— Әйелі рас ер екен.

— Ақыры, Масақбай көнбей, қатыны «өлтірсе, жүдә мені-ақ өлтірсін» деп ашуланып шығып кетеді де, үйге ойбайлай кіреді. Манағы атып тастағаны сиыр екен. Оқ маңдайдан тиіп, сиыр, жүдә, сеспей қатыпты!..

— Бір ақмақ екен ғой мұның? — деді Анатолий Кондратьевич, ыза боп.

— Екінші бір қызығын айтайын, — деді Сырбай, қыртыстанған бетін тыржита күліп, — Тыртық дейтін біздің, колхозды білесің ғой?

— Білем. Ұсталып атылып кеткен ғой.

— Масақбаймен ол, жүдә, әмпей еді ғой.

— Оны да білем.

— Білсең сол екеуі, тағы да Қызылордаға барыпты. Олар күндіз екеуі екі жаққа қыдырып кетіп, пәтерлеріне түнде кеш қайтса керек. Екеуі дарбазаның екі жағынан кеп түйіседі де, қараңғыда бірін бірі жүдә танымайды, бірін бірі ұры екен деп ойлайды.

— Масақбайда бұл жолы мылтық жоқ па екен?

— Оншасын білмеймін, тегі, жоқ қой деймін. Сонымен, екі жағы да қашып құтыла алмаймыз деп қорықты ма, әлде атып тастайды деді ме, жанталасқандай арпалыса кетеді.

— Болды қызық...

— Масақбай Тыртықтан мықты екен.

— Е, ананың қасында алпамсадай емес пе ол.

— Тыртықты ол, жүдә, алып ұрады да, тізерлеп езгілей бастайды. Тыртық та, жүдә, қарап елер қу емес, Масақбайдың бет-аузынан жүдә, сау тамтық қоймай тырналап айырып тастайды. Сол кезде күңгірлеген адамдардың дыбысы шыққан соң, Масақбай, оларды Тыртықтың жолдасы екен деп ойлап, тұра қашады. Ол адамдарды, жаңағы ұрып кеткен адамның жолдасы екен деп, Тыртық та бір жаққа қарай қашады. Ол екеуін ұры екен деп, келе жатқан адамдар қашады.

— Су жүректерін-ай.

— Сол тұста милицияның кеңсесі жақын екен. Масақбай соған барып паналап, көрген-білгенін айтады. Милиция оны жақын үйдің біреуіне апарып қондырады. Оның ізін шала, милицияға Тыртық та кеп, ол да, «мені, солай, жүдә, ұры өлтіре жаздады» деп мұңын шағады. Оны да милиция орналастырады. Ертеңінде милиция екеуін де жауапқа шақырады. Бір-бірін олар жүдә тани кетеді. Сұрастыра келсе, бірін бірі умаштаған, жүдә, олардың өздері екен. Сөйтіп милицияға жүдә, күлкі болады... Міне, сол Масақбай, — дейді Сырбай, оның тағы да осы сияқты қорқақтығына куә бірнеше күлдіргі қылықтарын айта. кеп, — майданда жүдә батырлық көрсетіп, аз күнде екі орден, үш медаль алса керек!..

Эшелонның жолшыбай бұлталақтай жүрген сапарында, жаудың самолеттері бомбалап талқаны шығып қалған талай үйлер, вокзалдар, қалалар кездесті. Анатолий Кондратьевичтің сөздері көбінесе солар туралы болады.

— Газеттен оқу мен көзбен көру екі басқа екен, — деп уайымдайды ол. — Жаудың қанды шеңгеліне іліккен жер қандай екен?!. Мұнын, бәрін түзеп алу да оңай болмас, Сыреке! — деп қояды ол. — Көп дүние керек болар, бұларды орнына түсіруге!..

— Жүдә жау жеңілсін де, — дейді Сырбай да ауыр дем ап, — аржағын кеп боп түзеп алармыз, үкімет пен партия нұсқар, біз орындармыз...

Әкеле жатқан сыйлықтарын тез тапсыруға асыққан олар, Саратовта бірер күн кідірді де, Еділ арқылы Энгельске етіп бір станциясына тоқтады.

Олардың сыйлықтары, Сталинград майданындағы жиырма бірінші армияға арналған еді. Армияның қолбасшысы генерал-майор Иван Михайлович Чистяков екенін, бұл генерал, атақты генерал-майор Иван Васильевич Панфилов Москваны қорғауда қазаға ұшырағаннан кейін, оның дивизиясын басқарғанын, жиырма бірінші армияға содан кейін ауысқанын Қызылорда делегациясы жақсы біледі.

Делегацияны Чистяков өзінің ставкасында қабылдады. Оның ставкасы — Еділден Сталинград тұсында тармақталып, Каспийге өз бетімен барып құятын Ахтуба өзені мен Еділ өзенінің арасындағы қалын, тоғайда екен.

Бұл келген делегациядан, Иван Михайлович екі адамды жақсы танитын боп шықты. Біреуі — Анатолий Кондратьевич, екіншісі — Сырбай.

Анатолий Кондратьевичпен ол, 1934 жылы Сочи курортында бірге болған екен.

Сырбайды ол, біріншіден, Дәулеттің әкесі болғандықтан таныды. Дәулет қазір танктік полктің командирі екен де, Чистяковтың қарамағында қызмет етеді екен, генерал оны жақсы таниды екен. Екіншіден, Сырбайдың Отан қорғау қорына жарты миллион сом бергендігі, осы жөнде оның Сталин жолдасқа берген телеграммасына Сталин жолдастың рахмет айтып жауап қайтарғаны газеттерде жарияланған екен. Бұл газетті сапар шегіп жүрген Сырбайлар кездестірген жоқ. «Сол Сырбай осы» дегенде:

— Сізге Қызыл Армияның атынан алғыс айтуға рұқсат етіңіз! — деп генерал Сырбайдың қолын алды да, бұл газетті көріп, Дәулеттің де аса қуанышты екенін айтты.

Ставканың қасындағы бір блиндажға орналасқан жолаушыларды генерал кешке өз блиндажына қонаққа шақырды. Олар барса, мәжіліске бірнеше генералдар мен офицерлер жиналып қалған екен. Олардың арасынан Дәулетті Сырбай мен Айбаршаның көздері жоқтағанмен, көкіректері жоқтаған жоқ, өйткені, генералдың уәдесі бойынша, Дәулетке олар ертеңіне бармақ.

Мұндай мәжілісте Сырбайдың болуы бірінші рет емес. Қызылордада да, Алматыда да, осындай бай столдың төрінде ол талай отырған. Сонда, ол, «арақ, шарап түгіл, боза да татып көргем жоқ» деп, «есіріп қымыз да ішкен емен» деп, аузына тамшы арақ, шарап алмайтын. Оның бұл мінезін білетін Анатолий Кондратьевич генералдың ұзын бойлы, мықынды келген, семізше, қызыл шырайлы кескінді, көрікті әйелі, столды айнала отырғандарға бокалды өз қолынан құйып шыққанда, Сырбайдың құлағына сыбырлап:

— Бұл үйдің әйелі ренжіп жүрер, ерініңізді малыңыз! — деді.

Сырбай жауап қайтармады.

Мұндай мәжілістерді Сырбай «банкет» деп айтатын еді. Оның тәртібінде, мәжілісті біреу басқаратынын, жұрт кезек-кезек сөйлеп, пәленнің, түгеннің, денсаулығына ішіп жататынын Сырбай білейік.

Бокалдар құйылып болған кезде, сол тәртіпті бастағысы келгендей, генерал орнынан көтеріле беріп еді:

— Маған рұқсат ет, — деді оның оң жақ тізесін баса отырған Сырбай да, оң қолына бокалын көтере түрегеп.

Таңданғандай Сырбайға қараған генералға Анатолий Кондратьевич оның сөзін аударып, өзі Сырбайға:

— Ақсақал, мына кісі сөйлесін де әуелі, ыңғайсыз болар, — деп еді:

— Түк те ыңғайсыздығы жоқ, — деді Сырбай, — мұнын; жолы үлкен болғанымен, менің жасым үлкен. Өзімнің, бір, жүдә, сөйлегім кеп тұр да.

— Сөйлесін, — деді генерал.

— Өзің білесің Анатөл, — деді Сырбай, бокалын көрт сетіп, — мына бар менің ерінім тимеген нәрсе еді ғой. Өлсем өліп-ақ кетейін, осыны менің, жүдә ішкім кеп тұр. Ішкім келетін себебім: осы кісінің аузынан бүгінгі естіген сөзге қарағанда, біздің әскер қазір бір ұлы тілектің үстінде тұр екен. Жау осы арада бір қираса, біразға шейін есін жинай алмайтын сияқтанады. Рас па деп сұра, жанаралдан!

— Рас, — деді генерал, Анатолий Кондратьевич, Сырбайдың сөзін аударып бергенде, — жаудың күшін ең соңғы сарыққан жері осы. Осыдан табанын бір қозғап алсақ, Берлинге шейін жер иіскетпе оған.

— Берлинге шейін жер иіскемесе, — деді Сырбай, генералдың сөзін бөліп ап, — Берлинде иіскеп те не жарытар дейсің ол. Осы иіскемеуі иіскемеу де оның. Ендеше, — деді Сырбай қызына сөйлеп, бокал ұстаған қолын аспандата көтеріп, — мен мынау стаканды, жаудың жер иіскемеуі ішем!.. Күлі көкке ұшуына ішем!.. Біздің армияның жеңуіне ішем!.. Мына, қасымыздағы жанаралдың абройлы болуына ішем!..

Сырбай бір бокал ақ арақты көтере салды.

Арақтың өзегін өртей жөнелуіне ол қарамастан, бокалды төңкергеннен кейін, бетін генералға бұрып еді, ол да бокалын жұтып боп, бетін бері бұрған екен.

Бұл араға аударушы керек болған жоқ. «Кел, сүйісейік» дегендей, екеуі де құшақтарын жайды да, бірін бірі қатты қысып сүйді...

Қонақтар ұзақ отырған жоқ. Сол күні немістердің қарсы шабуыл жасауы туралы қауып бар еді. Генерал бұл жөнде қонақтарын тиышсыздандырғысы келмей айтпады. Түн ортасы жақындай қонақтар тарады.

Оларды генерал, Москваға кетіп әлі оралмаған, армияның соғыс кеңесшісінің, блиндажына орналастырған еді.

Қалын, тоғайдың арасындағы блиндажда үш бөл.ме болатын. Соның кішірек біреуіне Анатолий Кондратьевич пен Сырбай орналасты да, өзгелері өзге екі бөлмеде жай тапты.

Шаршағаны ма, әлде ішіп алғандығы ма, Сырбайдың кеңескісі келгенмен, Анатолий Кондратьевич тез қалғып, қор ете түсті...

Сырбайдың көзі ілінбеді. Қараңғы бөлмеде ол, аулынан аттанғанынан бері көргендерін көз алдына келтірді.

Бірен-саран ғана болмаса, соғыс басталғалы ол станцияға барып көрген жоқ-ты. Бірер барғанында, өтіп жатқан әскерге, құралға кездескен жоқ-ты.

Ерсілі-қарсылы эшелондап өтіп жатқан әскерлер мен құралдарды ол Орынбордан, әсіресе Куйбышевтан былай шыға керді.

Не деген көп әскер!.. Не деген көп құрал!..

Соғыстың, исі де оның мұрнына Орынбордан былай шыға келген сияқтанды. Ең алдымен, қай қалаға түнде кездессең де, жарық дегені тотияйын сияқты көгілдір бірдеме. Куйбышевтан былай шыға, мойны сорайған зеңбіректер поездардың үстінде, және далада ғана емес, үйлердің төбесінде де тұр.

— Ол не бітіреді? — деп сұраса:

— Жаудың самолеттері кездессе, соны атады, — деседі.

Ұшып жүрген самолеттен кеп неме жоқ. Әуелгі кезде кезіне самолет түссе, «жауды болмаған да» деп жүрегі зырқ ете қалатын Сырбай, көре-көре үйреніп қалды.

Сүйтіп жүріп, Пенза мен Ртищевоның арасындағы бір станцияға жеткенде, немістің алты самолеті келіп қап, станцияда тұрған составтарды бомбаның астына алды-ай келіп!..

Мезгіл кеш еді. Бомбалау біткенше ымырт жабылып кетті.

«Батырға да жан керек» дегендей, қанша тас жүрекпін дегенмен, Сырбай да пендешілігін істеп, бомбалау кезінде қалшылдап орнында тұра алған жоқ.

Абырой болғанда, олардың эшелондары аман қалды.

Епті біреулері, бомбалау біткеннен кейін, станцияны шолып кеп:

— Манағы тәп-тәуір вокзалдың үйілген топырағы ғана қалған, — деп қайтты.

Олар бірнеше составтың қирағанын, үйлердің бүлінгенін көруге, сол тұсты қоршап алған әскерлер жібермегенін, әлдекімдерден естулерін адамдар да, жүктер де апатқа ұшырағанын, жараланған адамдардың аянышты дауыстары құлақтарына да келгенін хабарлады.

Эшелон түнде жүріп кетті. Жолшыбай сондай қауып күткен олар, Сайхын станциясына аман-есен жетті.

Жолшыбайғы әсерлердің бәрін түгелдей көз алдынан осылай өткізген Сырбайдың әлі ұйқысы келе қоймады. Блиндаждың ішін жылытатын дөңгелек темір пеш сөніп, қызу тарағандықтан, бөлме суып, денесі тоңази бастады.

Одеялдың сыртынан айқара жамылған тонын ол қымтай түсіп, екінші жамбасына аунап жатып еді, оның көзіне Алмалықтың клубында көрген бір кинокартина елестей кетті.

Мәдениетті сауық түгіл, ауылда болатын қыз-ойнақтарға да жігіт кезінің өзінде бармайтын Сырбайды, осы киноға Байжан қолқалап әрең апарған еді.

— «Соғыс, соғыс» дейсіздер, — деген еді, Байжан Сырбайға, — сол соғысты көзбен барып көріп жатқан жоқсыздар. Көру қажет. Оның немене екенін керсеңіз ғана білесіз. Соны керуге мүмкіншілік бар. Кеше Алмалыққа кинокартина кепті. Қазіргі болып жатқан соғыс туралы. Көрушілер тамаша екен деп жүр. Соны барып көрейік.

— Жүдә, қайтем, көріп, — деген Сырбайға, Байжан кенедей қадалып, ақыры зорлағандай алып барды.

Кино Сырбайға Байжандай әсер еткен жоқ. Ең алдымен бұрын «кино» дегенді атымен көрмеген Сырбайдың, тез ауысып жатқан картиналардан басы айналып, жүрегі өрекпігендей болған соң, кезін тарс жұма қойып, анда-санда ғана ашты; екіншіден, араларын үзбестен көргендіктен бе, әлде, бұрқылдай атылған зеңбіректердің, сырғанай жүйткіген танктер дыбысы естілмей, құр қимылы ғана байқалғандықтан ба, бұл болып жатқан қимылдар Сырбайға қауіптен гөрі, қызық сияқтанды.

Сөйтіп, ол сол кинодан, Байжанның ойындағыдай әсер ала алмай қайтқан еді.

Соған шейін де, содан кейін де, «шын соғыстың өзі қандай болады екен?» деген ой, Сырбайдың басынан шықпайтын, ол шын соғысты керуге ынтығатын.

Сол ынтығу, оның басынан майданды жиектеп барғанда да қалмады Блиндажда жатып, жаңағы кинода көргенін көз алдына келтірген Сырбай, «жүдә, бір көрсе, сол соғысты!» деп қойды ішінен.

Сталинград түбінде біздің армияның зор шабуылы болуға мүмкіншілік барын генералдан естіген Сырбай, соғыс туралы ойлап жатып, «сол болатыны, жүдә, тез болса екен, керіп кететін!» деп асықты.

Сөйтіп жатып Сырбай қалғып кетті.

Ол түс көрді. Түсінде соғысты емес, аулын көрді: жиналып жүрген, жайраңдаған көп адам... Қазылған жер-ошақтар, сойылған малдар, асылған қазандар... Тоғайдың арасында төселген кілемдер, жайылған дастарқандар үстіне қойылған астар, жемістер, арақ-шараптар, қымыздар... Сауық боп жатыр: біреулер билейді, біреулер домбыра, сырнай, қобыз ойнайды... Сол сауықтың ішінде Дәулет те жүр... Әне, Бахытжанды көтеріп, бір топтың ортасында, бір қолтығына табан-құшақ гүл қысып, бетінде нұры ойнаған Гүлнар тұр! Оған сүйсінумен қатар, Сырбай, ішінен, бауыр басып қалған Бахытжанды қызғанады да... Міне, біреулер, «балаң аман келді, сені қайта толғандырамыз» деп Тәрбияны аунатып жатыр... Әне, біреулер, «Сырекеңді неге көтеріп шайқамаймыз?» деп Сырбайдың өзіне қарай жүгірісіп, күлісіп келеді...

Осындай қызғылықты түстің арты егін оруға ауысып кетті ме... каналдың бірдемелері... майданға аттанған сапардың бірдемелері сапырылды ма,... әйтеуір, демінен еріндерін желпи, пысылдай ұйықтаған Сырбай осылай жатқанда, аспан қирап жерге түскендей, бірдеме сатыр-күтір бола қалды.

Шошып оянған ол, «алла, алла!» деп төсегінен атып түрегелді.

Блиндаждың күзеті, бұл кезде, қонақтар ұйықтағаннан кейін сөндірген электр лампаларын жағып жіберген еді.

Төсектен «аллалап» атып тұрған Сырбай, алғашқы минутта есеңгіреген есін жинай алмай, көйлек, дамбалшаң ауыз бөлмеге жүгіріп шықты.

Шамы жанған ол бөлменің адамдары да, орындарынан үрпиісе түрегеліскен екен. Сатыр-күтір күшейіп барады...

Есі кіре бастаған Сырбай, енді қайда барарын, кімге не дерін білмей, әрі жүрегі аузына тығылып тұрғанда:

— Сыреке! — деген еркек даусы сап ете қалды, ту сыртынан.

Сырбай жалт қараса, пальто-ішігін қоңылтақ киіп, өзі ұйықтаған бөлмеден шығып келе жатқан Анатолий Кондратьевич екен.

— Жүдә... жүдә... — деді Сырбай, не деуге білмей қап, «мына сатыр-күтірді сезіп тұрмысың?» дегендей жалтақтай жан-жағына қарап.

Анатолий Кондратьевич бірдеме дегелі келе жатқанда, есіктен күзетші сержант кіріп келді. Ол қазақ жігіті еді.

— Немістің шабуылы, — деді ол.

— Генерал... — деп аузын ашып келе жатқан Сырбайдың сөзін бөліп:

— Генерал-майор, — деді сержант Сырбайдың «генерал қайда?» деп сұрайтынын жобалап, — сіздер жатқаннан кейін машинамен жүріп кетті. Қорғау жиегіне кетті ғой деймін, тегі. Бүгін немістердің шабуыл жасауға тырысатынын білетін боларсыздар.

— Генерал айтып еді, — деді Анатолий Кондратьевич, — бірақ дәл бүгін деген жоқ еді.

— Қорқытпайын деген болар, — деді сержант, немістің бүгін шабуылға кірісетіні бізге мәлім.

— Солай ма?!. Қанша жерде еді, өзі?!. — деп біреулер «келіп қала ма, кәпір» дегендей үрейленген кескін білдіріп еді:

— Саспаңыздар, — деді сержант, жымиып, — «лақ та өлерінде тұяқ серпеді» дейді ғой. Өлерде серпіген тұяғы болар бұл. Қайда барар дейсің ол онымен.

Айбарша бұл кезде, төргі бөлмеден Сырбайдың тонын, пимасын алып шыққан еді. Соларды денесіне сұға салған Сырбай, қорқудан ба, тоңудан ба, қалшылдап:

— Атыс, жүдә, біздің үстімізден кетіп бара жатқан жоқ па, балам? — деп сұрады сержанттан.

— Жоқ, ата, — деді сержант жымия түсіп, — бұл арадан қырық шақты километр жерде ол.

— Төбемізден шығып жатыр ғой, даусы?

— Соғысты бірінші, көруіңіз бе, ата?

— Бірінші, балам.

— Ә – ә-ә... Түсінікті. Соғыс деген қазір осылай болады, ата. Жүздеген зеңбіректер атылса, ондаған самолеттер ұшса, дыбысы осылай естіледі.

— Япырай, жүдә, сұмдық екен. Қырық шақырымнан булай естіледі, қасына барса қандай екен!

— Қасына бармай-ақ та, көрмей-ақ та қойыңыз, ата.

— Неге?

— Астан-кестені шығып жатқан дүниенің несі қызық.

— Жаудың бұл шабуылы ұзаққа созылар ма екен? — деген сұрағына:

— Оны командование болмаса, біз қайдан білейік, — деп жауап берді сержант, — соғыстың жалпы жағдайына қарағанда қатты болуға тиісті. Осы тұста, іштен бір, сырттан бір, екі жерден қоршалған немістердің бұл шабуылы ілгері басам дегендігінен емес, қоршауда қалған күштерін құтқарып алғысы келгендігінен. Осыдан басқа мақсат жоқ, оның бұл шабуылында.

— Жүдә, құтқарар ма екен? — деді Сырбай.

— Құтқара алмайды, ата. Бұл қақпанға түскен қасқырлардың құтылуға мұршасы жоқ. Оларды тек, тұмсыққа соғып өлтіру ғана қалды.

— Жүдә бізге де соқтырар ма еді, тұмсыққа! — деп жіберді Сырбай, қуанып кетіп...

Дүниені теңселткендей сатыр-күтір, түс ауа бәсеңдеп, даусы алыстай берді...

Не болып, не қойғанын сержант қонақтарға кешке қарай хабарлады.

— Кармен жүрген аюдың ізі сияқты, мына бір дөңгелекті, сопақ бірдемелер жатыр ғой, — деді ол, қабырғадағы қартаға бір, Сырбайға бір қарап тұрып, Сталинградтың күнгей жағындағы шұбалған, расында аюдың ізі сияқтанған бірдемелерді саусағымен нұсқап, — осылар — көлдер. «Сарпин көлдері» деп атайды. Немістер бүгін осы көлдердің арасымен бері өтіп, Сталинград қаласында қоршауда жатқан қолдарын босатпақ болған екен. Ол талабы тасқа соғып соры қайнаса керек.

— Мүрдем неге кетпеген! — деді Сырбай.

— Асықпаңыз, ақсақал, — деді сержант, — мүрдем кетуінің алды осы болар оның арты да қаншаға ұзар дейсіз.

— Жүдә, тез болса жарар еді, — деді Сырбай.

Генерал Сырбайды, Анатолий Кондратьевичті, Айбаршаны түнде шақырып алып:

— Балаңызға жолықтым, — деді Сырбайға, — аман екен. Сіздердің келгендеріңізге аса қуанды. «Қалыңдығыңыз да бар» дедім, — деді генерал, Айбаршаға қарап жымиып, — оған болса-болмаса да қуанды ғой. Солай ма?.

Айбарша ұялғандай темен қарады.

— Дәулеттің сіздерді көргісі келеді, — деді генерал, көзін Айбаршадан Сырбайға аударып, — немісті тойтарған біздің армия, ертеңнен бастап шабуылға кірісу керек Өздеріңізге кеше айтқан екінші қоршауды тез аяқтауымыз керек. Дәулеттің танктік полкі осы шабуылдың алдында болады. Мен сіздерді бүгін түнде жіберіп алам деп уәде қылдым. Бәріңізді қазір жіберем.

— Құп болады! — деді қонақтар.

* * *

Машина өрлі, сайлы жолдармен зымырап келеді. Түн көрдей қараңғы. Ауа шыңылтыр аяз...

Жолшыбай ілгері ентелеп келе жатқан неше түрлі қару-құралдар артқан машиналар, салтты, жаяу адамдар... Жанап жүрмесе, ағылған бұл қару-құралдар мен бұл адамдардың арасынан бөгде жан өте алар емес... Не деген кеп адам!.. Не деген көп құрал!.. Көзді тұндыратын осы қимылға қарағанда, бір шеті Қиыр Шығыстан бастап, бүкіл Совет Отаны жауды сырып алып кетуге жиналып келе жатқан сияқты... Осы тұтасқан қимылдан аспан да гу-гу, жер де гу-гу. Үйренбеген құлақ, бұл гу-гу керең болатын...

Әне, әлдеқайда, аспанда ұшқан қараша қаздай қатарланып, қызылды-жасылды, ақты-көкті... боялған бірдемелер, жерден тізбектеле аспанға үздіксіз көтеріліп, бас жағы имиіп барып қараңғы түнге сіңіп жатыр.

— Бұл не? — десе:

— Трассирующие пули, — деді орыс шофер.

— Не дейді? — деп сұрады Сырбай.

— «Самолеттерге жол сілтейтін оқтар» дейді, — деп аударды Айбарша.

— Сұбхан-алдай, оқпен де жол сілтейді екен-ау, жүдә? Анау, айқыш-ұйқыш боп, жер-көкті шарлап жатқан ұзын жарықтардың не екенін сұра!

— Прожектор той, ол атеке, — деді Айбарша, — аспанда ұшып жүрген жаудың самолеттерін іздейді... Егер тапса, сол маңайдағы біздің зеңбіректер кере қойып оларды атқылайды.

— Біздікі олар өйтпей ме, жүдә?

— Әрине, олар да біздің самолеттерді осылай аулайды.

— Япырмай, аспанда да аттатпайды екен-ау, бірін бірі!

— Аттатпаса, мына біздің самолеттер неге ілгері ұшып барады? — деді Айбарша, — олардың бұл самолеттерді жібермеуге әлі келмеген ғой.

— Рас-ау, жүдә. Бірақ, олардың самолеттері де бізге қарай осылай өтіп жатпағанын қайдан білеміз біз?

— Меніңше өтпей жатыр ғой деймін, егер өтсе, біздің мына ілгері жылжыған күшті аттата ма ол?

— Әрине, аттатпайды. Күшінің келмегені де, бұл!..

Анатолий Кондратьевич бүгін де үнсіз келеді. Осы сапарға шығып, бүлінген дүниені көре бастағаннан, жауға деген кегі арта түскен ол, Сталинград маңайындағы бүліншілікті көргенде, ызадан терісіне сыймайды. Бұрын ол, жек көре тұра, жауды да адамға санаса, енді ол жауға теңейтін мақлұқ таппады: жыланға теңейін десе, ол жеке адамға ғана залал істейді, шаян, қарақұрт та сондай; жыртқыш аңдай дейін десе, қарусыз бірен-саран біреуге залал істемесе, адамға маңайлай алмайды; шегіртке дейін десе ол егінді ғана отайды; а дам баласына ең апат сырқат — оба, ол дейін десе, адамды қанша көп қырады дегенмен, дәл мына фашистердей қырған обаны тарих естіген емес және обаға қарсы табылған вакцина бар, сол арқылы обаны таратпауға болады; егер тұқымын құртпаса, фашистер тарамай қояр дерт емес; тарай қалса, оның апаты обадан әлдеқайда артық неге десеңіз, оба адамның өз басына ғана залал істесе, фашистер сол адамның өзі түгіл, ата-баба, зәузаты жасап кеткен қазынаның бәрін құртады; ендеше, дүниеден фашистер құрымай, адам баласына бақыт жоқ...

Осылай ойлаған Анатолий Кондратьевич тылдағы еңбектің де жеңіске жәрдемші екенін біле тұра:

— Сыреке, байқайсыз ба? — деп қойды, Сталинградтың маңайына келген күннің біреуінде, — біздің еңбегіміз де жеңіл емес, бірақ, шын ауырлық мұнда екен-ау!.. Біз, ауыр болғанмен, бүтін дүниенің арасында қызмет атқарамыз ғой, мыналар бүлінген дүниенің арасында...

— Рас.

— Бұлардың қызметі өліммен араласқан қызмет. Мұнда қазір тірі отырған адам, алдағы минутта тірі болатынына сенімді емес, ал, біздің тылда ондай қауып жоқ күшің жетсе, істей бер де, істей бер!

— Рас.

— Тылдың жұмысы да ардақты болғанмен, егер жас адам болсам қалай күштегенмен ол қызметке қалмас едім де, майданға кеп, өлсем-тірілсем де осында болар ем.

— Мен де жүдә, сөйтер ем. Бірақ несіне өкінеміз оның? Сенің қызын, соғысып келді, менің ұлым соғысып жүр жаумен. Жаудан солардың кек алғаны, жүдә, біздің де кек алғанымыз емес пе?

— Ол рас қой, бірақ, сізді білмеймін, заты менің, өз қолымнан бірнеше немісті өлтірмей көңілім көншір емес.

— Арманың сол ғана болса, оның несі қиын, — дейді Сырбай, — немістің алынған бірнеше табынын күні кеше көрген жоқпыз ба, жүдә? Ішінде солдаты да, әперері де, жанаралы да бар. Жалғыз неміс қана емес, сонымен жақтас жаудың бәрі бар деген жоқ па, бізге. Жауды өлтіргің келсе, бар да сұра бірнешеуін саған бермес дейсің бе?..

— Жо – о-о, бермейді, ақсақал. Жауды, қолында қаруы барда ғана жояды. Қаруын тастаған соң, оған заңсыз соқтыға алмайсың.

— Жауға не заң керек?!

— Ең алдымен заңнан тысқары адам, адам емес — хайуан, екінші, жаудың да жауы бар.

— Мысалы?

— Мысалы неміс армиясын алайық. Оның ішінде шын ықласымен фашист боп жүргендер де бар, алданып жүргендер де, еріксіз жүргендер де бар. Бастапқысы тәрбиеге келмейді, соңғылары келеді.

— Өтірікші кім солардың, шыны кім?

— Шын фашистер — буржуйлар.

— Солай-ақ болсын дейік, сонда, осы Амырқан мен Ағылшынды да буржуйлар басқарып отыр дейді ғой?

— Рас.

— Қалай сонда?! Жүдә, немісті басқарған да буржуй!.. Анау екеуін басқарған да буржуй. Неміс бізді социализмнің адамы деп жек көрсін де соғыссын; анау екеуімен неге соғысады сонда?

— Арыстан, жолбарыс, аю, қасқыр, түлкі — бәрі аң ба, ақсақал?

— Аң.

— Солардың бәрі адамға қас па?

— Қас.

— Өзара дос па, олар?

— Қайдан дос болсын!..

— Бір қораға қамаса қайтер еді, олар?

— Әлі келгені әлсізі түтіп жер еді.

— Буржуйлар да солар сияқты. Олар бірін бірі түтіп жеуге тырысатын хайуандар. Америка мен Англия буржуйлары бізбен бірігіп немістермен соғысып отырса, онысы бізді дос көргендігінен емес, олардың ойы — бізбен күш біріктіріп әуелі немісті жеңіп алу да, содан кейін бізді жеңу. Олардың ойындағы сондай арамдықтарын Тыртық пен Брехунецке байланысты мәселеден естідік те ғой.

— Айтпақшы, солай екен-ау, жүдә! — деді Сырбай, ызалы дауыспен, — соған қарағанда пәленің зоры кейін жатыр ма деп қорқам!

— Не қылар дейсіз, пәле боп.

— Лайым да солай болсын!.. Айту түріне қарағанда, өлі талайға созылатын тартыс қой мынауың. Мұның бітер күні бар ма өзі?

— Әрине, бар.

— Қашан?

— Қашан жер жүзінін, буржуйы құрып, адам өз еңбегінің рахатын өзі көрген кезде.

— Тезірек болса екен, сол!..

— Болады, ақсақал.

Осыдан кейін сұрау-жауаптары таусылғандай, немесе мазасыз теңселдірген машинаның жүрісінен шаршағандай, олар тағы да тым-тырыс бола қалды.

Оларды алып келе жатқан орыс шофері, езінен біреу бірдеме сұрамаса үн қатпайтын, әлдеқандай бір созбақ әнді мұрнынан ыңылдай отыра беретін адам екен.

Жүргізіп келе жатқан машинасын шофер жолшыбай талай саққа жүгіртті. Жол жайы солай ма, әлде, тура тартатын жолда бөгет көп пе, оның машинасы бұлталақтап тік те, көлденең де, қырын да, орағы да, қарғи да, секеңдей де тартты. Сонша бұрысты жолда шофер ешкімнен де жөн сұрамай, қонақтарын нысаналы жеріне дәл әкеп түсірді.

Дәулет басқаратын танктік полк, бұл түні, немістер кеше ғана өртеп тастап кеткен бір поселкеде түнеп жатыр еді. Дәулеттің өзі, поселкенің ортасындағы тең жарасы күйген бір үйге қонған. Сол күні әкесі мен Айбаршаның келетінін естіген ол, «осындай адамдар жол сұраса маған сілтерсің» деп, туысқандары келетін жаққа қойылған қарауылға тапсырған.

Қарауыл қосқан солдат қонақтарды Дәулеттің пәтеріне алып келгенде, мезгіл таңға жақындап қалған кез еді. Күндізгі қауырт жұмыстан шаршап, бірнеше күннің шала ұйқысы көзіне тығылғанмен, бойы ауыр тартып, іңірде қалғи бастағанмен, бүгінгі кездесетін жақындары есіне түскенде, Дәулеттің ұйқысы шайдай ашылып, төсегінде тыныш жата алмаған. Осы халін өлі ауыз бөлмеде жатқан Масақбайға айтып, ол да ұйықтай алатын емеспін деген соң мезгіл өткізу мақсатымен екеуі дойбы ойнауға отырған.

Масақбай дойбыға ұтқыр еді. Талай ойыншымен кездесе жүре, оның мүдірген күні жоқ-ты. Дәулетпен серік болғаннан бері, егер зауқы соға қалса, онымен де ойнап, бірақ, оның өзінен төмен ойыншы екенін керген соң, көбінесе ұтып, ара-тұра ұтылған боп ермек қылатын.

Мына жолы да ол сөйтті. Дәулет шебер ойнай білмегенмен, бір ойнаса жалықпай ұзақ ойнайтын адам еді. Сол дағдысымен ол, дәмелендіре түсіп ұта берген Масақбаймен ерегісем деп отырып, уақыттың қалай өткенін білмей қалды.

Дойбыға берілген оның ойын, қақпа алдына келе берген машинаның даусы бөлді.

— Келді! — деп ол атып тұрды да, ыстық бөлмеде шешіп отырған кителін де киместен, етікшең, шалбаршаң, ғана қалпымен тысқа жүгіре шыққанда, машина қақпасы ашық, төбесі жабық қораға кіріп кетті. Дәулет те ілесе кіргенде қақпа жабылды. Сағынысқан адамдар бірін бірі керсін деген ниетпен, шофер машинаның фарын жақты.

Дәулет машинаға қарай жүгіргенде, төрт-бес адам, фардың алдына шыға берді, әкесі солардың қайсысы екенін Дәулет кескінінен емес, өзіне таныс тұлғасы мен тонынан таныды.

— Әке! — деп құшақ жая ұмтылған Дәулетке:

— Тоқта! — деді оған да Сырбай, қолын көтеріп.

Дәулет кілт тоқтай қалды.

— Мына кісіні таныдың ба? — деп сұрады Сырбай баласынан.

— Анатолий Кондратьевич!..

— Әуелі соған амандас!..

— О, жандай қымбат досымның әкесі! — деп, Дәулет құшағына кеп кіргенде, Анатолий Кондратьевичтің көзінен жас ыршып кетті де, бауырына қатты қысты...

Үйден Дәулеттің ізін шала, оның кителін қолына ұстай жүгіре шыққан Масақбай, Дәулет Анатолий Кондратьевичпен құшақтасқан кезде Сырбайға бетпе-бет келіп қалды да, кительді қарына іліп, «ассалаумаликем!» деп қолын ұсынды.

— Тоқта! — деді оған да Сырбай қолын көтеріп.

Ол да тоқтай қалды.

— Адал қолын, ба, бұл ұсынған, арам қолын, ба?

— Майданның қанымен жуып тазартқан қолым.

— Ендеше кел, шырағым! — деп Сырбай оны бауырына басты да, екі бетінен кезек сүйді. Содан кейін, босата беріп, — менің бір төгілсем шын төгілетінімді жүдә, білесің өзің, — деді, — шын төгілдім, шырағым! Сен де менің ұлым!

Осы кезде Анатолий Кондратьевичтің құшағынан босанған Дәулет:

— Мынаны киіп ал! — деп кителін көлденеңдете берген Масақбайдың қолын қағып жіберді де, Сырбайға құшақ жая тағы да «әке» деп ұмтылды.

— Тоқта! — деді Сырбай оған.

Дәулет тоқтамап еді:

— Тоқта дедім ғой, мен саған! — деді Сырбай бұйырған дауыспен, Дәулет тоқтай қалғанда.

— Салқын тиеді деймін, сізге! — деп Масақбай кительді тағы тоса беріп еді:

— Қоя тұршы, әрі! — деді Дәулет, бұл жолы қолын қақпай, тек кейіген ғана дауыспен.

Масақбай оның сөзіне қарамай еріксіз кигізе бергенге:

— Анау кісіні, жүдә, керіп тұрсын, ба? — деді Сырбай ұлына, оны көргенде көз жасына ие бола алмағанмен, денесіне ие боп, күйеуіне жармаса кетуге, Шығыс әйелінің салтымен қайын атасынан ұялып шегіншектеп, қасында тұрған Айбаршаны нұсқап.

Дәулет Айбаршаны мана көріп, мана таныған еді де, ол да Шығыс жігітінің салтымен, үлкен адамдардың алдында қалыңдығын бассалып құшақтауға ұялған еді.

Сөйткенін жобалай тұра, Айбарша сағынып келген жарын қайын атасынан да, Анатолий Коидратьевичтен де қызғанғандай боп, денесі кең дүниеге сыя алмағандай, өкпе, жүрегі кең кеудесіне сыймай алқына әрең-деп алып тұрды.

Айбаршаның сондай халде екенін сұрамай-ақ, айтпай-ақ ұққан Дәулет, осындай бір жағдайда ретсіз қолдана қоятын Шығыстың салтын да, сол салтты қолданған өзін де іштей сөккенмен, бөгеп өсірген дағдыны бұза алмаған еді.

Әкесі «анау кісіні көріп тұрсың ба?» дегенде, Айбаршаға жалт қараған Дәулет фардың жарығынан оның кескінін анық көрді; таныс, сүйкімді, ыстық кескін!.. Суық ауадан ба, қуаныштан ба, бетінде жалындай құлпырып қаны ойнап тұр!..

Алдымен құшақтай алмағанына өкпелегендіктен бе, әлде расы солай ма, Дәулет Айбаршаға бұрынғыдан көп өзгерген, қатты бөтен біреу сияқтанғандай боп кетті: бойы да бұрынғысынан биіктеген, жауырыны да бұрынғысынан жалпайған сияқты, беті де бұрынғысынан кеңіген, бұрынғы сүйкімді кескіні қазір суытқан сияқты, қабағы қалыңдай, қасы қоюлана түскен сияқты бұрынғы жаңа түбіттене бастаған мұрты, қазір қарайып қапты.

«Анау кісіні көріп тұрсың ба?» — дегенде Айбаршаға жалт қараған баласына:

— Енді соған көріс! — деді Сырбай, — өтірік көріспе, шын көріс!

— А! — деді, тоңазудан ба, жанының, толқындауынан ба, даусы дірілдеген Дәулет, — жаны қылкөпірдің үстінде жүрген адамда өтірік болмайды!.. Адал көңілім!..

— Менің де! — деді көз жасы төгіліп кеткен Айбарша.

ОН ҮШІНШІ ТАРАУ

ҚУАНЫШ ПЕН ҚОРҚЫНЫШ

Қонақтарға арнап іңірде пісіріп, суытып бетін жауып қойған асты Масақбай шойын пешке қыздырмақ болып еді:

— Аға, мен істейін ол жұмысты! — деп Айбарша түрегелді.

— Жоқ, шырағым, — деді Масақбай, қолын ұсынған Айбаршаға, ішінде суып тұрған сорпа мен ет бар бере қоймай, — ауыл емес, майдан бұл. Мұның өз тәртібі бар. Дәулет менің начальнигім, мен оның адъютантымын. Адъютантқа мұндай қызметті атқару ұят емес. Әрі, сен алыстан келген қонақсың. Отыра бер, өзім даярлаймын.

— Жоқ, аға, болмайды, ол, — деді Айбарша. — Бұл ара майдан жері болғанмен, дәл осы бөлменің ішінде майдан жоқ. Бұл бөлмеде бір семьяның адамдары достар бас қосып отырмыз. Кіші кісі-үлкендерге қызмет атқару — еліміздің салты. Араларыңыздағы кішісі менмін, және менің атым әйел. Соғыстың іргесінде отырғанмен, алыста, тыл да отырған ауылды да еске түсірейік: мен сіздерге әдемі бір бесбармақ жасап, жеңгей өз еңбегімен тауып, сізге сәлемдемеге беріп жіберген күрішінен жақсылап бір палау басып берейін, отырыңыз сіз!

— Сені сөзден жүдә тосты, Айым, — деді Сырбай Масақбайға, — енді отыр.

Масақбайдан алған кастрюльдің ішін Айбарша ожаумен бұлғап қараса, бетінде майы тобарсыған салқын сорпаның ішінде қойдың семіз еті, пышақпен бунаған мүшелері қалқып жүр екен.

— Тамаша бесбармақ болды, бұл, — деді Айбарша, кастрюльді қызып тұрған шойын пештің үстіне қойып.

— Жақсы. Ауылдан кеткен күйімді айтпай-ақ қояйын. Айттым ғой әлгінде, хатымда да жаздым ғой, ауылдан сіздерге дұшпан болып кеттім. Сонда өз айыбымды білмегем жоқ. Жақсы білдім. Біле тұра дұшпаным болды. «Кек» деген құрғыр, бір пәле екен. Қатемді қаншама мойындайын десем де, кек мойындатпады. Несіне жасырайын, осы отырған үшеуіңізді немістен кем жау көргем жоқ...

— Астапыралда! — деді Сырбай шошынған түспен.

Айбаршаның да өңі құбылып, Масақбайға төне түсті.

Дәулет жымиды.

— Сонымен, — деді Масақбай Сырбайға қарап, — сол кек менің бойымнан қашан шықты деп ойлайсыз?

— Қайда – а-ан білейін, жүдә!..

— Тыртықтың ұсталғанын, жаза кесілгенін естігеннен кейін.

— Иә, ол жаны зәндемге кет, сөйтті.

— Зәндемнің ішіне ғана емес, түбіне кет доңыз, — деді Масақбай, — доспын деп жүріп, сөйтіпті ғой.

— «Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» — дегендей, ақыры басына жетіп ашылды ғой.

— Әділ жаза. Сол жазаны естігеннен кейін ғана айнып, соған қосылып сіздерге істеген қиянатымнан өзім ұялдым. Сол ұяттан қалай арылуды білмей састым.

— Бір ақын айтқан екен, — деді Сырбай:

«Не асыл заттың бәрі жерден шығар, Меруерт, маржан тастар, көлден шығар. Жастықта қанша күнә істесе де, Қорқып тәубе қылатын ерден шығар» — деп. Сол айтқандай, сен осындай ер жігіт екенсің ғой, шырағым!..

— Қайдағы ерлік?

— Ерлік те, адамдық та, — деді Айбарша, — сіз үлкен адам екенсіз ғой, аға!..

— Кезіне мақтамас болар, — деді Дәулет.

— Неге? — деді Сырбай, — жүдә, болады. Айтпады ма бұрынғылар: «Жақсының, жақсылығын айт — нұры тассын, жаманның жамандығын айт — құты қашсын» деп. Жақсының жақсылығын неге айтпасқа, жүдә?..

— Сөз менікі, — деді, мақтағанға ыңғайсызданған Масақбай Сырбайды бөгеп.

— Сөйле, шырағым, — деді Сырбай, — әуелі, сен, менің бір сұрауыма жауап берші!

— Сұраңыз.

— Соғысқа аттанғанға шейін, сен, жерде жеті қорқақтың бірі едің, жалғыз болса, — өзі едің .Соғыстағы қайратыңды естісем, қас батырдың өзі сен екенсің. Соған лайық, кеудеңе дыңдай үш орден, төрт медаль тағыпсың. Жүдә, сүйсінем.

— Мен де! — деді Айбарша.

Сөзін бөлгенін ұнатпағандай, Сырбай Айбаршаға қарап қойды да:

— Ал, енді қалайша ерленгеніңді айтшы! — деді Масақбайға.

— Майданға мен Калуга қаласынын, тұсында ендім, — деді Масақбай, — қызметім қатардағы солдаттық болды. Сол күні менің қасымда болсаңыз, қорыққанымды көрсеңіз, Сыреке!..

Бұл сөзді ықласымен айтқан Масақбайдың өңі, дәл сол қорыққан сәттегідей болған соң, Айбарша мырс ете қалды.

— Көрмеген кісіге, әрине күлкі, — деді Масақбай, Айбаршаға қарап қойып, — көрген кісіге күлкі емес. Сіздерге өтірік, маған шын: алғашқы атысты естігенде, оқ атаулы мені нысанаға алып келе жатқандай, жанды қоярға жер таба алмадым.

— Ой – хай-ай, — деп қойды Сырбай, Масақбайды аяғандай.

— Сонымен кірдік соғысқа. Сол күні бір кішірек қаланы алдық. Бұғып қалуға қашып кетуге болмайтынын көрген соқ, жап ұшырғандай ілгері жүгіре бердім, ата бердім... Оғым тиді ме жауға, тимеді ме, білмедім. Қанды тұманға киліккен сияқтандым, көзім түк көрмеді.

— Қайдан көрсін! — деді Сырбай.

— Соғыстың бір «тіл» дегені болады. Онысы — жаудан тірі адам ұстап әкелу.

— Естігем.

— Командиріміз бір күні мені «тіл» әкелуге жұмсады. Қасыма тоғыз кісі қосты. «Тоғыздың командирі сенсің, — деді ол маған, — міндетің тірі немісті әкелу. Әкеле алмасаң...» Командир аржағын айтпады. «Түсінікті, командир жолдас, — дедім, — айтқаныңыз орындалады».

— Болды қызық! — деді Сырбай, — иә, ал?

— Жөнелдік. Командирге аузым ерленгенмен, былай шыға, жүрегім аузыма тығылып қорқып барам. Буындарым дір-дір етеді...

Манадан өзін зорлап ұстап отырған Айбарша, күлкіге енді шыдай алмайтын болған соң, аузын алақанымен қатты басты да, Дәулетке көзімен «тысқа шығайық» дегендей ымдады. Сырбай алая қарағанша екеуі шығып кетті.

— Айта бер, — деді Сырбай, кідірген Масақбайға.

— Айлы түн еді. Жарығы күндізгідей. Жер мөлшері белгілі. Мерзімді жерге шейін тік келдік те, одан әрі еңбектедік. Үстімізде ақ шапан. Бетке ұстағанымыз — бергі сайдағы ағаш өскен дөң. Дөңнің үсті де, арғы беті де жалаңаш екен.

— Қап!..

— Жау дөңнің арғы астында бекіністе.

— О, қан жауғыр!..

— Дөңнің, қыр арқасына бауырлай сырғанап шықсақ, қарайып, жаудың бекініс жеркепелері көрінеді, маңында ербеңдеп қарауыл жүр!..

— Тілеуі құрғыр-ай!..

— Бізді мегзеп, кепедегілерге хабар айта кетті ме, әлде тоңып жылынғысы келді ме, немесе бұғып бізбен атыспақ болды ма, қарауыл жоғала қалды.

— Қараң өшсін!..

— Онымыз он жерде бытырай жылжып келе жатырмыз. «Ал, қимылдаймыз, — дегенді айттым жігіттеріме, — қамаймыз, шеткі кепені! Не өлеміз, не «тіл» аламыз!»

— Өйтпеске амалдарың нешік!.. Ал?..

— Ілгері сырғанай жөнелдік. Жаудың беті қайтпаған көзі де, жеңіп келе жатқан жау басынғыш болады екен...

— Енді қайтушы еді...

— Біз беттеп келе жатқан кенеден сырнай даусы шығады... Шуласып өлең айтқан мастардың даусы естіледі... Сол қылықтарына намыстанып кеттім бе, немене, еңкеңдей жүгірдім кеп!..

— Ә, құдай-ай, жөн бере гөр! — деді Сырбай.

— Алдымнан ор кездесті...

— Бәрекелді!..

— Жау қазған ор екен, майдан тілінде оны «траншея» дейді, көрші кепелер қатынасып тұру үшін... Соған түсе қалдым.

— Я, сәт!..

— Серіктерім де түсе қалды. Ор терең екен. Кеудеден келеді.

— Көміл, көрінбеуге әдейі қазған ғой.

— Орға түскен соң, ептеп нысаналы кепенің алдына келдім.

— Я, сәт!.. Я, сәт!..

— Мені күзетшісі көре қалды.

— Ойпырай!..

— Атуға келтірмей алқымынан ала кеттім. Алдым да соқтым. Дыбысын шығаруға келтірмей, кеңірдегін мыти бердім, мыти бердім...

— Өлтірсең еді, итті!

— «Тіл» деген кімнің есіне кепті ол арада. Қасқыр сүйреген өлімтіктей орға сүйреп алып кеп ем, «тіл» қайда, «тіл?» — деді келіп үлгірген бірер серігім. «Тіл» керегі сонда ғана есіме түсіп, аузын бір алақаныммен басып, кеңірдегінен қол алсам, итің қимылдамайды! Қозғап көрсек құдайына қоштасыпты.

— Өліп қап па?!.

— Өлмепті. Тек, жаны ғана кеудесінен ұшып кетіпті! — деді Масақбай күліп.

— Барсын!.. Ал, сосын?..

— Ақылдастық та, «тілге» кепеде сайран құрып жатқандарды алмақ болдық.

— Қимылдау керек қой, енді!

— Әрине. Кепеге екі жігітпен мен кірмек болдым, өзгелері кепені қоршап тұрмақ болды.

— Неге аз кірдіңдер?

— Көп кісі біріне бірі бөгет болуы мүмкін. Және, өле қалсақ, азымыз елу керек қой.

— О да жөн екен.

— Гранатты қолға ұстай кіріп келсек, кепенің іші арпалыс!.. Екі әйелмен екі еркек алысып жүр!.. Біз, орыстың екпінді сөзі «стой!»-ды ақыра айтып қалғанда, қалай тез көндіккенін білмеймін, әйелдермен алысып жүрген екі неміс жалт қарады да, кездері шарасынан шығып, қолдарын көтерісе қойды.

— Әп-бәлем!..

— Сол кезде, әйелдің біреуі, немістің біреуінің белбеуінде салбаңдаған қанжарды суырып ап, бүйірден есіп кеп жіберді.

— Өл де бар!..

— Екіншісін де жарар еді, жардырмады.

— Неге?

— «Тіл» қайда, ақсақал-ау!..

— Ия, сол құрғыры бар екен ғой, жүдә!..

— Қысқасы, қарны жарылған немісті, мылтық даусын шығармай бауыздадық та, екіншісін тірі алып шығып, командирлерімізге әкеп тапсырдық.

— Әй, жігіт! — деді Сырбай, манадан тиышсызданып отырған жаны жай тауып, — әйелдер кім екен?

— Қолға түскен партизандар екен.

— Алда бишаралар-ай.

— Тағы бір кеңес, — деді Масақбай.

— Айт, айт!

— Бізге станцияның бойында азық тиелген эшелонды күзетуге тура келді. Мезгіл түн. Жапалақтап қар жауып тұр. Күндізгі қатты атыс қазір тым-тырыс тынған. «Бұл несі?!» — деп ойлап қоям, — жау қайда! Біздікі қайда?»

Ерсілі-қарсылы жүрем. Суықтан ба, қорқыныштан ба, денем қалтырайды. Аяқ астынан жау күтем...

— Енді қалай!..

— Бір кезде, үстімнен тау құлаған екен десем, албастыдай бірдеме арқамнан артыла кетіп, жерге алды да соқты!

— Япырай, не пәле енді!..

— Жан-дәрменде көтере түрегелдім.

— Я, аруақ!..

— Сыреке, мен елде күрестім де ғой?

— Жақсы күресетін едің ғой.

— Арқалап соғатыным болатын еді ғой?

— Болатын...

— Сол ыңғайыма келіп қап, жармаса түрегелгенді, иығымнан асыра кеп соқтым.

— Адам ба екен?

— Ағаш дейсіз бе енді? Адам! Бірақ, кіші-гірім ағаштай сорайған бірдеме! Ұзындығы мендей екі бар десем болар.

— Неміс пе екен?

— Әрине. Тани кеттім. Қарулы неме екен. Көтеріп барады. Не істеу керек?

— Бәсе, десейші!

— «Молдау неме-екен», — деген ой кеп кетті маған, — «енді тұрса бой бермес бұл!» Тұрғызбауға амал не?

— Соны айтам-ау!

— Кеңірдегіне көзім түсіп кетті. Жарты кез бар десем өтірікші болмаспын мойнын.

— Алған шығарсын, алқымынан.

— Алғызбады. Қолы қатты екен. Екі қолымды босатпады.

— Енді қайттың?

— Жұтқыншағы жұмырықтай екен, соның түбінен қапсыра тістедім кеп.

— Япырай, мынауың керемет екен!

— Айрылмадым да тұншықтырдым!

— Ой айналайын, сенен! — деп Сырбай Масақбайды бас сап құшақтады да сүйді.

Сол кезде Дәулет пен Айбарша кіріп келді.

— Бәрекелді! — деді Дәулет.

Сырбай құшағын жазғанда:

— Шалды немен риза қылып ең? — деп сұрады Дәулет Масақбайдан.

— Немісті қалай шайнап өлтіргенімді...

— Ол тамаша ерлік, — деді Дәулет әкесіне, — ол үшін Масақбайды мен де сүйгем.

— Қарағым-ай, — деді Сырбай Масақбайға, — бір сөзіңнен бір сөзін, құлаққа артық жағып барады ғой. Тағы да? Ендігі естігім келіп отырғаны — Дәуке екеуіңнің алғаш қалай жолыққаның? Содан кейін, жүдә, қалай сеніскенің?

Масақбай Дәулетке қарап еді:

— Айт, — деді ол, — бірақ қысқарта айт!

Масақбай сөйлей бастады.

— Бір уақытта, — деді ол, — тапсырылған бір қызметті атқарам деп жүріп, мен өзіміздің бөлімшеден адасып қалдым. Ымырт жабылып кетті. Біздің жақтың, шегініп келе жатқан көзі еді, ол.

— Ылғи, жүдә, бір, сондай жағдайға түс бола береді екенсің! — деді Сырбай.

— Соғыс қой, Сыреке. Оның қиындықсыз күні бар ма?

— Рас болар.

— Сонымен, жалғыз келемін. Қарлы жаңбыр төпеп тұр. Жер батпақ. Келе жатқаным немістің іші ме, өз тылымыз ба, білмеймін. Қысқартып айтайын, сөйтіп, әбден қалжырап келе жатқанымда, кішірек поселкеге кездестім. Шеткі үйдің біріне кіріп жөн сұрасам, біздің армия шегініп кетіпті. «Енді қайтем» деп ойладым. Бұл үйде жата қалуға қорықтым. Үй иесі жат деп жік-жапар болып еді, рахмет айтып жүріп кеттім... Көшеден келе жатсам өзіміздің бір солдат жолықты.

— Бәрекелді!..

— Тағы біреуі жолықты.

— Жүдә жақсы болды ғой.

— Үшеу болдық. Бәріміз де қалжыраппыз. Ақылдастық та, поселкенің өзіміз жақ шетіндегі бір үйге қонбақ болдық.

— Жүдә, дұрыс істегенсіңдер. Қалжырап қайда барасыңдар?

— Бір үй қондырды. Уәде — екі кісі күзетте тұрып, біріміз ұйқтау болды. Мен екінші болып ұйықтадым. Мен ұйқышыл едім ғой, Сыреке?

— Солай да.

— Соғыс ашады екен, ұйқыны. Елде бір күн ұйқым қанбаса, екінші күні басым ауыратын еді, қашан қандырғанша жазылмайтын еді. Ұйқым қануға, ең аз дегенде сегіз сағат керек еді, майданда оның бәрі ұмытылды. Қалғып кеттің болды, тыңайып сала бересің.

— «Түсі қашып түн жортқан» деген осы да!

— Кезегіме оятқанда, ұйқым қанып, бойым сергіп қапты. Киініп тысқа шықтым да, менен бұрын ұйықтаған серігіме қосылып күзетке тұрдым. Қонғанымыз қауыпты жер. Айнала орман. Жау тақалып келгенше сезілер емес. Қар төпеп тұр.

— Қандай қиын! — деді Айбарша.

— Қақпа алдында тұрмыз. Күн желкем. Қауыпты адамға желді күн қандай үрей...

— Рас, — деді Сырбай.

— Бір кезде сазды шылпылдата басқан аттың аяғының дыбысы естілді. Бойым шымыр ете қалды. Серігімнің де сескенгені сезіліп тұр. Дегенмен, бойымды жинадым да, қасымдағы жолдасыма: «Шыдаймыз ғой?» дедім. «Енді қайтеміз» деді ол. Тығылып тұрмыз. Құлағымыз ат аяғының шылпылында. Дыбыс жақындады. Салт адам. Ыңырсып өлеңдетіп келеді екен, тыңдасақ қазақ даусы естіледі.

— Не дейді?!.

— Сол мен едім, — деді сөзді қысқартқысы келген Дәулет.

— Не дейсің, балам-ау?

— Рас. Мен де адасып келе жатыр ем, — деді Дәулет.

— Аяңың не ендеше?

— Шапқанда не болады. Соғыста шауып құтыла алмайсың. Айта бер, Масақбай, бірақ қысқа айт.

— Сонымен, қысқасы, салттының өз кісіміз екенін білген соң дыбыс беріп тоқтаттық, осы Дәулет екен. Тани кеттім. Бұл да шаршап келеді екен. Қон дедім. Қонайын деді. Арғы жағын сөйлескен жоқпыз.

— Неге?

— Майданның шаршаған адамына сөздің керегі жоқ, Сыреке. Дәулетті үйге кіргіздім де жатқыздым.

— Мен жата сала қор ете түстім, — деді Дәулет, — енді қысқарт, Масақбай.

— Қысқартсам... Күзетіп тұрмын. Баяғы бойымнан арылған кегі құрғыр келе қап, айнала торып жүр. «Қимылдар жерін, осы!» дейді кек, «ал өшіңді, Дәулеттен» дейді. Сөйтіп кектің тілін аларымды да, алмасымды да білмей тұрғанда, «жау!» деді серігім. «Кәне?», «Әне!» деген жаққа қарасам, көшеге қаптап кіріп келе жатқан көп немістің даусы естіледі. Кек маған сонда: «Дәулетті таста да қаш!» деп сыбырлай қойды.

— Астапыралда! — деді Сырбай үрейленіп.

— Қасымдағыға қарасам қашып барады. «Тоқта!» деп сыбырлағаным ол тоқыма шарбақтан қарғып кетті.

— Мен де сырғи бердім. Сонда антым есіме түсті, армияға алынған адам, «отанға адал болам» деп ант береді ғой, сол ант.

«Офицерді жауға тастап қалай кетем?» деген ой түсті маған, антымды еске алғанда. «Тастамағанда амал нешік, немістер көп, мен жалғыз!»

— Япырай!! — деді Сырбай, — қысылтаяңын-ай!

— Тез, тез! — деді Дәулет.

— Киліге қалдың-ау, шырағым-ай! — деді Сырбай Дәулетке, — тоқтай тұршы. Иә, сонымен?

— Үйге кіріп оятайын десем, немістің қоршауында қалатынбыз. Ойыма келді: «Немістерді атқылайын, мылтық даусынан үйдегілер оянар, аяқ астынан атылған мылтықтан жау сескенер» деп.

— Онша әдісқойлық емес, онысы, — деді Дәулет.

— Әдісқой болса не істер еді? — деді Сырбай, Дәулеттің сөзді бөлгенін тағы ұнатпай.

— Үйге кірер де, бізді оянып шығар еді.

— Немістер қамап алса қайтейін едіңдер?

— Атысар едік, берілмес едік. Не құтылар, не елер едік.

— Масақбайым, сен сөйле! — деді Сырбай.

— Әркім ақылы жеткенін істейді ғой, — деді Масақбай, — мен өз ойыма келгенді істедім. Немістер рас сасып қалды білем, автомат даусын естіген соң бытырай қашып, атыс тасаланып кірісті.

— Сонда біз де оянып, — деді Дәулет, — тысқа жүгіріп шыға келдік. «Жау қамады» деді Масақбай. «Атым қайда?» деппін.

— Сасқаның ба?

— Қимағаным. Талай тар күнде серік болған ат еді.

— Балалығың-ай! — деді Сырбай кейіп, — сонан?..

— Жау қоршап алатын болған соң, «мен бөгейін, бір жағын», дедім Масақбайға, «сен қаш, анау орманға» дедім.

— «Сен қаш!» дейді маған! — деді Масақбай. — «Жоқ болмайды ол» дедім, «сіз офицер, мен солдат, мен сізді қорғауға міндеттімін», дедім.

— Қашуға тура келді, — деді Дәулет. Жаудың төпеген оғы оң, қолымды ғана жаралап, орманға аман кірдім. Солдаттар жауды жылжытпай ұстап тұрды.

— Үш солдаттың біреуі атыста елді, — деді Масақбай, — біреуінің аяғы сынып, оны жауға қалдырмай, арқалап алып қаштым.

— Құтылдың ғой? — деді Сырбай.

— Құтылмасам осылай жүрем бе? Дәулетпен достасуымның басы осы.

— Осы оқиғаны тыста Дәукеден естігенде, — деді Айбарша, — сізді мен, Масақбай аға, Дәулеттің ғана емес, менің де өмірлік досыма есептеп, атекемнен ыңғайсыз болса да, туысқандық шын жүректен сүйгелі ойлап ем, кеңесіңіз бітпеген соң бөгет болмайын дедім. Енді сол тілегімді орындауға рұқсат етіңіз!

— Мен даяр! — деді Масақбай.

* * *

Масақбайдың кеңесін тыңдай отыра, соғыс жағдайына Дәулет екеуінің не деген еті өлген адам екендіктеріне Сырбай қайран қалды. Өйткені, жолаушылар осы поселкеге кеп Дәулеттің үйіне түскелі, мана, жолда кездестірген тарсыл-күрсіл үдемесе бәсеңдеген жоқ. Қайда, кімдер атысып жатқаны Сырбайға мәлімсіз болғанмен, кейде арыстандай арсылдап, кейде қасқырдай ұлып, кейде иттей шәуілдеп, кейде күндей күркіреп, кейде бұршақтай тырсылдап дамылсыз жүріп жатқан атыс!.

Майдан маңында бірер күн болғанда, Сырбай аспанда биіктеп ұшқан самолеттердің ішінен неміс самолеттерінің көксау қойдың жөтеліне ұқсас кеукілдеген үнін айырып үйренген. Сол үн Сырбайдың құлағына Дәулеттің пәтерінде де шалына қалса:

— Жүдә, мына кәпір кеп қалды ғой! — деп елегзи қояды да, Дәулет:

— Ол не, әке? — дегенде, Сырбай сезгенін айтса:

— Оны қайдан білдің? — деп сұрап, Сырбай білгенін айтқанда, сөзін қызық көрген Дәулет қарқылдап күліп алып:

— Оның қаупі біздің Сырдария бойының маса-сонасынан артық емес, әке, — дейді...

— Әй, білмеймін-ау, балам, — дейді Сырбай, — жүдә кішірейте сөйлейсің-ау, жаудың күшін. Дұрыс та ғой ол. Жауды өзінен мықты санаса адам жеңе ала ма оны? Және бет-алыстарың жаман да көрінбейді ғой, жүдә. Москва түбінде бір жеңгенсіңдер ыңқылдатып. Енді осы арада ыңқылдата тағы бір соқсаңдар, жүдә неше жерден итжанды болса да діңкесіне тиер.

— Діңкесіне ғана тимес, — дейді Дәулет, — сілесі қатудың алды болар ол.

— Лайым да сөйтсін. Бірақ, жаудың күшін де жүдә тұқырта сөйлеме. Тым осал болса, осынша сұғынып келмейді ғой, ол!.. «Құзғын» деп менсінбегеніңмен, оның самолет де талай қымбат дүниемізді талқандапты-ау, қан жауғыр!..

— Ол рас, әке, — дейді Дәулет, — соғыста жеңу, я жеңілудің, құрал күшінің қандайы байланысты екені рас, сөйте тұра, соғыста да ең зор құрал адам екенін, оның жеңу, я жеңілуі сана-сезімінің дәрежесіне байланысты екенін осы соғыста дәлелдеді. Оған мысал, — деп Дәулет әкесіне, майдандағы совет адамдарының қандай зор құрал болса да жеңілмейтін жоғары ар-намысынан толып жатқан дәлелдерді айтып берді.

Сталинград маңайындағы, әсіресе Сталинград қаласының өз ішіндегі совет адамдарының көзімен көрмеген адам нанбастай нелер ғажап қайсарлықтарын Дәулет сипаттағанда, Сырбайдың тұлабойы шымырлап кетті.

Соғыс кеңестерін тыңдай отыра, Сырбай сырттағы тарсыл-күрсіл мен таулар талқандалып жатқандай қимылдарға елегзи доғарған жоқ.

Масақбай майданда Дәулетпен алғаш кездескен кеңесін аяқтаған кезде, сырттағы дүниені сілкіндірген қимыл, Сырбайға бұрынғысынан да қалыңдап бара жатқан сияқтанды.

— Балам-ау, — деді ол, сырттан Айбарша екеуі кірген Дәулетке, Айбарша Масақбаймен достасу белгісіне қол алысып жатқанда, — соғысын, жүдә басталып қалған жоқ па өзі?!.

— Жоқ, әке. Соғыстың үні бұдан гөрі қаттырақ шығады.

— Алла, онда не жаны шыдайды кісінің?

— Үйренбегенге қорқыныш, ол. Үйренген кісіге, аспаннан самолеттер, жерден зеңбіректер оқты қардай боратып жатқанда, солардың жер-көкті талқандағандай даусы, масаның ызыңынан артық әсер бермейді.

— Астапыралда, адам дегенін, керемет екен ғой, бұл!..Дәулетті көргенде талай рет оқтанып сұрай алмаған бір сөзін Сырбай осы арада айтып қалды.

— Соғыс дегеннің, қызметі мылтық ату екенін, және, жүдә өзгені емес, адамды ату екенін естіп те, көріп те отырмыз ғой, — деді ол баласына, — сен де атып жүрсің ғой, сол мылтықты. Оғын, қайда барып, неге, кімге тигенін білмейсің ғой, балам жүдә. Талай оқтанып сұрай алмаған бір сөзімді ыңғайсыз болса да сұрайыншы: бетпе-бет кісі атып көрдің бе?

Дәулет қарқылдап кеп күлді.

— Жүдә неге күлесің? — деді Сырбай көңіліне алғандай.

—-Күлмегенде ше?.. — деп Дәулет әкесінің аңқаулық мінезің соғыс шындығынан хабарсыздығын айта кеп, оған жаудың жаяу әскері кездесіп қалғанда, танкпен оларды қалай тапап, қалай езгенін айтып беріп еді, «аллалап» зәресі ұшқан Сырбайдың өңі қуқылданып кетті. Сонысын көре тұра, шалдың құлағын соғыс істеріне шынықтыру мақсатымен, Дәулет тілі жеткенше әсерлеп айтуға тырысты. Сөз аяғында ол:

— Бұтаға тығылмақ болған сол жауларды біздің танктер түгел жаншып боп, содан кейін машинаны тазалайық десек, доңғалақ арасына.. — деп, жаншылған адамдардың қан-жындары қалай оралғанын айтпақ боп еді, тыңдауға шыдай алмаған Сырбай:

— Айтпа, айтпа! — деді, екі құлағын алақанымен баса қойып айттырмады.

— Өйтпеуге бола ма, — деп Дәулет әкесіне жаудың қолына түскен совет адамдарына және, әскерді қоя тұрып, қатын-қалаш, бала-шаға сияқты советтің бейкүнә адамдарына істеген неше түрлі хайуандықтарын айтып еді, оларды үрейленсе де сабырмен тыңдаған Сырбай:

— Онда, ел де бар! — деп өшікті жауға, — жүдә не істесеңдер де рауа екен онда, оларға.

Кеңесті созып алған Сырбай, баласының есінеп, маужырай бастағанын көрді де:

— Ал, Масақбай, мені енді орналастыр бір жерге, бәріміз де дамылдайық енді, — деді.

— Болады, — деді Масақбай, — бірақ, әуелі тысқа шығып келетін боларсыз?

— О да жөн.

— Дала салқын, — деді Масақбай, орнынан көтеріле берген Сырбайға, — жылы киіміңізді кие шығыңыз!

Тысқа тонын, құлақшынын, саптамалы етігін киіп шыққан Сырбайдың соңынан кеткен Масақбай кешікпей оралды да, әлденені есіней кеңесіп отырған Дәулет пен Айбаршаға:

— Қарт екеуміз басқа үйге дамылдайтын болдық, — деді.

— Оның не? — деп Дәулет ыңғайсызданған белгі көрсетейін деп еді:

— Аптықпа, жолдас танк полкінің командирі! — деді Масақбай честь беріп, қақшиған қалпын өзгертпей.

— Бар енді — деді Дәулет. Масақбай шығып кетті.

Дәулетті осы жолы көргелі Айбаршаға, Дәулет сүйетіндік сөздерін алғаш айтқан кезіндегі тәкаппарлығы тағы да пайда бола қалды. Оған себепкер — Дәулет. Айбаршаның бұл жолы байқауынша, соғыстың сұрапыл талқысына көп түсіп мінезі өзгерген бе, көрмегелі біраз болудан жатырқаған ба, болмаса көңіліне түскен жарықшақ бар ма, әйтеуір, бұрынғыдай, қатты бұдан бір жыл бұрын Москвада көргеніндей сүйген болып өлу-өшуі жоқ, «Айым», «жаным» дегенді әлі де көп айтқанмен, оның бәрі қызуы қайтқан шоқ сияқты әлсіздеу жатыр.

Кеудесін кісіден темен ұстағысы келмейтін Айбарша осынын, бәрін болжалдап алды да, «сен өйтсең, мен бүйтейін» дегендей, алғаш көргендей өзеурей қоймай, денесін жинақтау ұстады. Сол қылығын Масақбай шығып кеткен сонда істемек боп:

— Жолдас майор, бізге қай жерге тыныс алуға бұйырасыз? — деген сөзді күлкісіз, салмақты-ақ кескінмен айтып еді.

— Ты Айым, брось такую штуку! — деп қалжыңға кеткен Дәулет, қанша салмақтанам дегенмен, Айбаршаны еріксіз күлдірді. Оның аяғы... сағынып көріскен жарының ыстық құшағында жатып түнде ұзақ уақыт дәлелдеуге тырысқан сөзін, Дәулетпен қоштасарда Айбарша тағы да қайталады.

Дәулетпен ол ертеңіне түн ортасында қоштасты.

Екінші эшелонда тұрған Дәулеттің танктік полкі, сол күні түнде, алдыңғы қатарға шығуға тиісті еді. Соны айтып, еткен күні Дәулет қонақтарына қайтуды ескерткендей болғанда:

— Ауыр жолға аттанатыныңды білдік, қолдан аттандырып қайтайық, бата беріп, — деген еді Сырбай.

Әкесінің ол тілегін орындаған Дәулет, күн ұзын өзінін, соғыстық істерінен қолы босамады да, кешке таман ғана қонақтарымен кеңесуге уақыт тапты.

Кеше ұйқысы қанған қонақтар, бүгінгі түні Дәулетпен қоштасқанша кірпік қаққан жоқ.

Түн ортасы ауа жүруге ыңғайланып, буынып-түйініп тысқа шыққан Дәулет, ең алдымен Анатолий Кондратьевичпен қолдасып Гүлнар мен Байжанға хат берді. Содан кейін Сырбайға қоштасқанда, «жылаудың аты — пәле шақыру» деп түсінетін Сырбай:

— Аман көрдім, құлыншағым, — деді салмақты, сабырлы дауыспен, Дәулетті құшақтап тұрып, — көз жасы жүдә ұнатпайтын бір пәлем екенін білесің; жүдә, көкірегім де, көзім де жылап тұрған жоқ. Құдай осы қуанышымнан лайым да айырмасын. Аман көрісейік.

Нық даусын бұзбастан Сырбай Дәулетті екі жақ мойнынан иіскеді де босатты.

Сол арада сазарған қалпымен, дәл автомобиль фарының алдында Айбарша да тұр еді. Оны көрген Сырбай, жастар қымсынбай қоштассын дегендей:

— Кәне, Анатөл, машинаға мінбейміз бе? — деп жөнеле берді.

— Кәне, Айым, — деп таяна берген Дәулетті:

— Тоқта! — деп тоқтатып қойды да, — сөзім сөз, — деді ол. — Ауылға қайта военкоматқа арыз берем де, тіленіп армия қатарына кетем.

Кеше түнде осы мәселе туралы ұзақ сөйлесіп, Айбаршаға «орныңнан қозғалма!» деген тілін алдыра алмаған Дәулет, кешегі кеңестің ақырындағы тағы да ашуландырып алармын деген оймен:

— Ол ерік өзіңде ғой, жолдас Совет Одағының азаматшасы, — деді күліп, — армия қатарына келуіңе қарсылығым жоқ, бірақ, біз екеуміз осылай кездесеміз бе, жоқ па, ол әлі белгісіз. Сондықтан...

Аржағын айтпай-ақ түсінген Айбарша: «айтпа олай деп!» деді де, еңіреп жылап жіберді... Өйткені оның көзіне қуаныш та, қорқыныш та бар бейнесімен сол арада елестей қалған еді...

ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУ

БАЯНДАМАНЫҢ БАСЫ

Майданнан ауылға келе, Айбарша ауырды.

Төсек тартып жатып алған оның сырқат жайын Тәрбия ғана сезгенмен, тұмса әйелдің жүкті болуын өзгеге айтуға болмайды деп ұғатын ескі ойдағы ол: «келін-балаңның сырқаты немене өзі?» деп сұрағандарға, «соғыс құрғырдың несі жақсы дейсің, тарс-тұрс атыстың арасына барған соң жүрегі қозғалса керек, құса беретіні де содан ғой деп ойлаймын» деп жауап берді.

Әркімдер Айбаршаның сырқаты туралы әртүрлі жорамалдар жасап, өздерінше ем айтты.

— Егер қорыққаны рас болса, — десті бақсы-балгерге сенетін ескілікті біреулер, — мұның төбесіне қорықтық құюдан басқа ем жоқ.

Айбаршаның ауруын алғашқы күндері шынында соғыстан қорқудың салдары деп түсінген Тәрбия, қорықтықты Айбаршаға білдірмей құйдырмақ боп, балгерін даярлап қойып Сырбайға айтқанда, келінін «жүкті болдыға» есептеген Сырбай, шошынып масқара болар деген қауіппен:

— Жүдә, жоқты сөйлеме! — деп жекіп тастады.

Тәрбия оған да қарамай, емін Сырбайдан жасырып жасатпақ боп, Айбаршаны көндіруге ойлап еді, дәл сол кезде сырқаттану себебін біле қоймаған Айбарша:

— Қорқуым рас, апа, — деді жылап отырып, — бірақ мылтық даусынан емес, Дәукештің болашағын ойлаудан. «Соғыс» дегеннің не екенін шын мәнісінде осы жолы ғана көріп келдім, апа. Өз көзіңізбен көрмеген соң, мен сізге ауызбен сипаттап бере алмайтын апат ол.

— Көрмеген соң білу қиын екенін ұғам, құлыншағым, — деді Тәрбия да жылап, — тек, әйтеуір, өздерің «үстін темірмен қоршаған арбаның ішінде жүреді» деген соң, оқтан қорғанышы бар ғой деп дәмеленем де. Әйтпесе, аранын ашқан ажалдың қоршауында жүргенін түсінбейді дейсің.

— «Темір арба» дегенін, танк қой, апа, — деді Айбарша, — ажалына кездессе, оның да төтеп бола алмайтынын көрдім. Танктің қабырғасы шым болаттан құйылады екен және қалыңдығы табан қарыс болады екен. Соншалық қалың болатты ойып етіп кететін де оқ шыққан. Немістің «жолбарыс» деп атайтын танкі бар екен, үлкендігі, кішігірім ағаш үйдей. Қабырғасының қалыңдығы әлгі мен айтқандай. Сол «жолбарыстың» біздің оқтар тас-талқанын шығарып, қабырғасын әлденеше жерден ойып түсіпті, тұла бойы тескен оқтан шұрқ-шұрқ!..

— Ондай оқтар жауда да бола ма? — деп сұрады Тәрбия.

— Әрине, болады, — деді Айбарша.

— Ендеше, бір құдайға сыйынғаннан басқа амал жоқ екен ғой. «Сақтансаң сақтармын» депті ғой, құдай. «Сақтана гөр» деп айттың ба, өзіне?

— Айтқанға соғыс жағдайы көтере ме, апа. Және айтқаныңды тыңдай да қоятын емес,балаң. Соғысқа араласқан кездегі қимылдарын тыңдап отырсаң, қайдағы қиын жерлерге өзі кимелеп барып кіріп кетеді екен...

Өткен бір арпалыста, немістер бекініп алған бір биік тас үйді танкімен киіп кетіп, ерсілі-қарсылы сүзгілеумен тас үйдің қабырғаларының талқанын шығарып құлатқанын, жауларды сөйтіп апатқа ұшыратқанын Дәулет Айбаршаға әңгіме қып айтып берген еді. Сол әңгімені Айбарша Тәрбияға айтып беріп:

— Міне, балаңның істейтіні үнемі осындай. Өлем деп қорықпай, үнемі осылай батыл қимылдайды, — деді. Олай қимылдамауға болмайды да, — деді Айбарша, — екі кісі күрескенде де қай бұрын қимылдағаны алып кетеді. Әрине, тәсілін біліп қимылдаған адам. Соғыс та сондай екен. Қай жақ тәсілін тауып қимылдаса, сол жақ бұрын әкетеді екен. Әрине, күші жетіп тұрса. Егер күші жетпесе, бұрын қимылдағанмен, тәсілін тапқанмен не істей алады?

— Рас.

Айбарша Тәрбияға түсінікті тілмен біздің армияның соғыстың алғашқы кезінде шегіну әдістерін, кейінгі кезге шабуылға кіру әдістерін, Сталинград майданының хал-жайын айта кеп:

— Біздің армияның көңілі ете көтеріңкі, апа, — деді, — өйтулері — жаудың жеңіле бастауына да байланысты ғой деймін. Ажалдан қорқып жүрген адамды көрген жоқпын, онда. Тартына соғысып жүрген адамды да таба алмайсың. Танкке мінсін, самолетке мінсін, болмаса, қарудың басқа түрімен аттансын, тек, жауға қарсы жұмсаса-ақ болғаны, түтеп тұрған оқтан тайсалмай, ішіне кіреді де кетеді екен.

— Онда, «бір тәуекелдің» ісі екен ғой, Айым, — деді Тәрбия, іштей үрейлене отыра, сырттай Айбаршаға қайрат бермек боп, — «қырық жыл қырғын болса да — ажалды өледі» депті ғой, аталарың. Тәуекелге тапсыру керек екен ғой.

— Рас, апа. Ет-жүрегі бар болғанын сескене береді, әйтпесе, соғысқа барған соң,, ажалды қуып құтылмаса, қашып құтыла алмайтынын жақсы білем. Соғыс, әрине — апат. Сол апаттың қалың ішіне, Дәукешті қолымнан аттандырғанда қобалжыған жүрегім, соғыс жағдайын көз алдыма келтірген сайын, Дәукешті есіме түсірген сайын қобалжи түседі. Менің осы қобалжудан басқа түк те ауруым жоқ. Бұл ауруым, Дәукештен «аманмын» деген хат, не телеграмма алғанша жазылмайды, басқа ем қонбайды, сондықтан емдетем деп әуре болмаңыз.

Дәулеттен хат-хабар келе қоймады. Айбаршаның ауруы үдей түсті. Оның сөздеріне алғаш сенгенмен, бірталай жасап, көзқарақты боп алған Тәрбия, Дәулетті ойлаудан басқа да ылғалы барын, оның себебі не екенін сезді де, қорықтық құюды енді қауыпты деп ойлап аузына алмайтын болды.

Айбаршаның сырқатына жаны ашыған, оның себебін Дәулетке байланыстырып, «қайтсын байғұс» деп аяған көпшілік, Сырбайдың майданнан қайтқаннан кейінгі өзін ұстауына қайран қалысты. Майданға барғанша, салбыраңқы жүретін Сырбай, майданнан келе көңілденіп кетті. Дәулеттің жайын сұрағандарға ол:

— Соғыста жүдә менің ғана балам жүрген жоқ, дүйім жұрттың баласы түгелімен донда. Талай Аягөз маңғаздарды кердім, оққа қияр сабаздар емес, бірақ, жерімізге жау келген соқ, жүдә, қимағанда, қайтпек. «Қырық жылдар болса да — ажалды еледі» дегендей, соғыста жүрген кісі өле бермейді екен, жүдә. Боран мен жаңбырдай түтеген оқтың арасынан аман шыққан талайларды көрдім. Құдай қақса, оқ дегенін, де түк емес екен; сондықтан, жүдә ажалы жетіп тұрса амал қанша, әйтпесе көңіліме енді түк те қауып алмаймын, — дейтін болды.

«Жаман айтпай — жақсы жоқ»! — деп бекіне сөйлейтін болды Сырбай, — құдай маған жүдә жаманат хабар естіртпей-ақ қойсын. Естірте қалған күнде амалым нешік. Жалғыз менің балам ба, дұшпанның оғы жалаған?.. Жау оғынан қаза тапқан талай саңлақтарды кердім, ендеше жақсылық болса қуанып, жаманшылық бола қалған күнде, белді бекем буынамыз да.

— Бәйгеге басын тіккен бала, — деп бекіне түсті Сырбай. — Өз қамы үшін емес, ел қамы үшін. Ер жігіт жүдә өзі үшін емес, елі үшін туады. «Жақсы жігіт кім?» дегенге, аталарымыз: «Ел шетіне жау келсе, мен барайын дейтін жігіт, ел шетіне дау келсе, мен сөйлейін дейтін жігіт» деп жауап береді екен. Жүдә дұрыс сөз. Мынадай соғыста, жауға қарсы бармай үйінде отыру, жігітпін деген жігіттің басына жүдә ұят болар еді.

Осы ойына табанын нық басқан Сырбай, майданнан қайта жұмысқа өзі құлшынумен қанағаттанбай, көпшілікті де белсендіре түсуге тырысты. «Осылай да осылай екен» деп майданда көрген-білгенін ақылы мен тілі жеткенше сипаттап берген ол, «егер жау тез жеңілсін десең былай істеу керек» деп жолыққан кісісін, міндетті ісін өндіре атқаруға үгіттеді.

Айбаршаның сырқаттану себебін Тәрбиядан кейінірек естігеннен кейін, Сырбай тіпті жонданып кетті. Дәулеттің майданнан тірі қайту-қайтпауын іштей «бір тәуекелдің ісі ғой, ол» деп жоритын ол, «егер жаманат болған күнге нәсілсіз қалам-ау» деп ойлайтын еді; басына сол ой келгенде, жүрегі парша қалатын еді. Айбаршаның жүкті болғанын естігеннен кейін, медеу тапқандай боп, бірде жанып, бірде сөніп жүрген оның үміті енді біржола тұтанған сияқтанды.

Оның аулында өзі сияқты жалғыз баласы бар біреу болатын. Со кісінің баласы майданға кеткенде, жас келіні жүкті боп қалған. Жігіт кешікпей майданда өліп, соның хабарын есітіп әке-шешесі қан жылап отырғанда, келіндері босанып ұл бала туған. Содан кейін, қайғылы ата-ананың батқан күні қайта шыққандай боп, жылаудан тыйылған да, тілектері жас нәрестеге ауған. Соларды керген Сырбай, Дәулеттің аман келуін тілеумен қатар, «жалғыз аяқ ас төгілсе, арты тақыр қалады-ау!» деп іштей жылайтын, Дәулеттен де перзент болуын арман ететін. Айбаршаның жүкті болғанын естігеннен кейін, оның алыста бұлдырайтын сол арманы жақынға кеп жарқыраған сияқтанды. «Нәсіл» деген сөзді «ұл» деп ұғатын ол, қуанышты тілекпен ұл немере сүюді күтті.

Сырбай сол тілекте жүргенде, Дәулеттен хат кеп қалды. Хатта Дәулет Сталинград майданының жеңіспен қалай аяқталғанын толық жазған екен. Бірақ хатты оқушыларға бұл жаңалық емес еді, өйткені, олар Сталинградқа жасалған шабуылдың қашан, қалай басталып, қаншаға созылып, қандай жеңіспен аяқталғанын газеттерден күн сайын оқып отырған және шабуыл жеңіспен аяқталғаннан кейін облыстан және ауданнан үгітшілер кеп баяндамалар жасаған.

Сол мәліметтерден Дәулет жазған хаттың бір ғана айырмасы, ол — өзінің танктік полкінің жеңіс ісіне не жәрдемі тигенін толық суреттеген екен. Сондықтан көпшілік хатты қолдан қолға тигізбей таласып оқыды. Облыстық газеттің колхоздарды аралап жүрген тілшісі бұл хатты «Ленин жолы» басқармасына жіберіп еді, хат газеттің бір подвалын түгел алып, сол күйінде басылып шықты. Басылған хатты оқыған жұрт, «хаты көркем очеркке бергісіз екен» деген бағаларын айтты.

Тіршілікте өзін өте сыпайы ұстайтын Дәулет, хатының аяғында белгісімен Айбаршаға ғана «жуырда мен туралы тағы да бір қуаныш хабар естуің мүмкін» деп жазған екен. Ол «қуанышты» жұрттың бәрі «Совет Одағының Батыры деген атаққа ұсынылған екен де, газеттен оқыр деп, сыпайылық қып ашып жазбаған екен» дегенге жорыды.

Дәулеттен хат келген соң-ақ Айбарша айыға бастады. Енді ол колхоздың басқармасына келетін орталық, қазақстандық және облыстық газеттердің біреуін де жібермей оқып, Дәулеттің батырлық атағын алған хабарын күтті. Бұл колхозға радио орнаған еді. Сырқат күндерінде, соғыс хабарынан басқаларды тыңдамай, үйіндегі репродукторды суырып тастайтын Айбарша, енді күні-түні қыстырып қойып, ұйқыдан басқа уақытында, тынымсыз зарлаған репродуктордан құлағын алмады.

Сөйтіп жүргенде, күткен қуаныш хабар келіп қалды. Хабарды телеграмма арқылы Айбаршаның атына, Москвадағы қазақ өкілдігі жазған екен: «Сіздің сүйікті досыңыз, жарыңыз халқымыздың ардақты ұлының бірі — Дәулет Сырбаевтың, Совет Одағының Батыры деген ардақты даңққа ие болуын шын жолдастық жүректен құттықтаймын, — деп жазылыпты телеграммада, — Дәулеттің, оның сүйікті жары — сіздің бақыттарыңыз арта беруіне тілектеспін. Жоғарғы Советтің бұл жөніндегі указын «Правданың» ертеңгі санынан оқисыз».

Телеграмманы Алмалықтан Рахмет пен Байжан алып келді. Маңайдағы колхоздарға шүйінші айтып шапқындар кетті. Аудандық партия комитетінін, планы бойынша, осы жөнде барлық колхозда митингілер өтпек еді. Телеграмманы әкелген Рахмет, сол митингілерді өткізуге жүрмек болып еді:

— Жүдә болмайды ол, тойдың ішінде болып кетесің, — деп Сырбай босатпады.

Өткен жылы канал құрылысы басталарда құрмалдыққа шалмақ болған, бірақ, Анатолий Кондратьевич шалдырмаған буыршынын Сырбай сойды да, ат жетер жердегі колхоздарды түгел шақырып, ұлан-асыр той жасады. Сол тойға, Алмалыққа барып оралған Рахмет Сырбайға және бір қуаныш хабар әкелді, ол — өткен жылы күріш есіруде жер жүзілік рекорд жасаған Сырбайға үкіметтің Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты» деген атақ беруі, Сырбайды Ленин орденімен, Айбарша мен Наталияны Еңбек Қызыл Ту орденімен, Үрпек пен Дариғаны «Құрмет белгісі» орденімен, звеноның өзге мүшелерін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградтауы еді.

Тойдан бір жұма кейін Алмалыққа шақырылған Сырбайға Рахмет, Алматыға барып, өзінін, күріштен мол өнім алу жөніндегі тәжрибесінен Ауыл Шаруашылық Комиссариатының, коллегиясында баяндама жасайтынын айтты.

— Жүдә, болмас ол, — деп зыр ете қалды Сырбай.

— Неге? — деген сұрауға:

— Қарағым-ау, ондай жүдә үлкен дүкен түгіл, өзіміздің «Кең тоғай» колхозының жиналысында аузыма сөз түспейтін кісі, не сөз айта алам, онда барып? — деп жауап берді Сырбай.

Біраз уақытқа дейін көнбегенмен, Алматыға барудың, баяндама жасаудың қажеттігін түсінген Сырбай:

— Наташа мен Айымның бірі жасаса қайтеді, осы баяндаманы? — деп сұрады Рахметтен.

— Бұл сұрауыңызға мен ең алдымен жауап бере алмаймын, — деді Рахмет. — Себебі, мен шешетін мәселе емес ол, республиканың басқарушы орындары шешетін мәселе. Өзімше, ол басқарушы орындар, егер баяндама жасатқысы келсе, Наташа мен Айбаршаны білмей отырған жоқ. Меніңше, басқарушы орындардың сізге баяндама жасатудан мақсаты — алдыңғы қатардағы колхозшылардың өнегелі іс тәжрибесімен халықты таныстыру. Сондықтан бұл баяндаманы жасамауға болмайды.

— Бұл баяндаманы қалай жасаймын мен? — деді Сырбай. — Осы Алмалықта, анау Қызылордада, сонау Алматыда болған кейбір жиналыстарға қатынасып жүрем, сонда көретінім: баяндама жасаушы көбінесе сөзін қағазға жазып алып, жүдә, оқып шығады. Неге сөйтеді олар? Менің ойымша көпшілік алдында сөз сөйлеу, жүдә, оңай жұмыс емес ол. Мыңдаған көз саған бақырайып қарап отырсын да, сен аспай-саспай сөйле!.. Оған, жүдә, қандай жүрек керек деп отырсың?..

Рахмет күліп жіберді.

— Неге күлесің? — деді Сырбай.

— Сөзіңіз қызық...

— Несі қызық? — деді Сырбай, — көптің алдында сөз сөйлеу оңай болса, үлкен жиналыстарда өзің неге жазып айтасың?

— Оңай емесі рас, — деді Рахмет күлкілі кескінін салмақтанып, — көпшіліктің алдында бос сөз айтуға болмайды. Оларға өнегелі сөздер айту керек. Ол үшін, айтатын сөзің екшелген, салмақтанған, тыңдаушы көпшіліктің пайдасына асатын сөз болу керек...

— Міне, міне, міне! — деді Сырбай Рахметтің сөзін бөліп, — жүдә рас сөз осының. Көптің ойы — мың, сенің ойың — бір. Мың ойдың бір ой қышыған жерін табу оңай емес. Жүдә қиын ол. Менің баяндамадан қашқалақтап отырғаным да сондықтан.

— Ол рас қой, ақсақал, — деді Рахмет, — әйткенмен, көпшілікке де жетекші керек емес пе. Кім сол, «жетекші» дегеніміз? Ол, халықтың алға бастайтын ісіне сүйене отырып, сол халықтың пайдасына асатын жаңалық таба білушілер, тапқан жаңалығын халыққа ұғындыра алушылар, ұғындырған ісіне халықты жетектей алушылар емес пе?

— Жүдә рас.

— Көзіңізге мақтағаным емес, ісіңізбен дәлелденген мәселе, ауыл шаруашылығын ілгері дамытуда сіз де жетекшінің бірі боп отырған жоқсыз ба? Қазір партияның да, үкіметтің де, халықтың да сізден білгісі кеп отырғаны — күріштен мол өнімді қалай алғаныңыз. Ол туралы баяндама сіздің не айтатыныңыз маған қазір-ақ мәлім боп тұр.

— Қалай? — деді Сырбай, баяндама туралы Рахметке келген ойдың жобасын керіп алмақ боп.

— Былай, — деді Рахмет, шалдың баяндамасын сұраулар қою арқылы жобалап беру ниетімен, — сіз ғой, күріштен мол өнім алу үшін әуелі жер таңдадыңыз?

— Рас.

— Қандай жерді таңдадыңыз сонда?

— Қандай жер? — деп Сырбай аз ойланды да, — тілекті жер болады да, — деп жауап берді.

— Не жер, ол «тілекті» деген?

«Біліп отырып сұрағаны несі?» дегендей, Сырбай Рахметтің кескініне қарап еді, ол ойын түсінген Рахмет:

— Былай болсын, Сыреке, — деді, — мен сізге бірталай сұраулар берем. Сонда, өзім біліп тұрған біраз мәселелерді білмеген кісі боп сұраймын.

— Неге?

— Сіздің баяндамаңыздың, негізгі желісі, менің сол сұрауларымнан тууға тиісті. Олай дейтінім: сіздің баяндамада айтылатын сөз: күрішті қандай жерге егіп, қалай суарып, қалай есіру туралы ғой. Олардың бәрі менің көріп жүрген істерім ғой.

— Е, бәсе. Ендеше неге сұрайсың ол туралы?

— Сұрайтыным: күріштен сіздің бұрын болмаған мол өнім алуыңызды естіген жұрт «қалай алды екен?» деп ойлай ма? Ойлайды. Сонда, сол мол өнім көктен жауды деп емес, жерден шықты деп ойлайды ғой?

— Әрине.

— Ендеше, «қандай жерге шықты екен?... Қалай шықты екен?» деп ойлай ма жұрт?

— Ойлауға тиісті.

— Ендеше, баяндама да осы туралы болуға тиісті.

— Онда оңай ғой, — деді Сырбай қуанғандай, — мен одан басқа қиын пәлесі бар болар деп ойласам...

— Еш те қиын пәлесі жоқ. Қайталап айтқанда, күрішке қандай жердің қолайлылығын, оны қалай өңдегеніңізді, оған қандай тұқым сепкеніңізді, қалай суарып, қалай есіріп, қалай отақтап, қалай пісіріп, қалай орғаныңызды, қалай соғып, жинап алғаныңызды айтсаңыз, күріштен мол өнімді қалай алуыңыз туралы жасалған жақсы баяндама болады да шығады.

— Ол ғана болса, жүдә айтып көрермін, — деген Сырбайдан, жаңағы мәселелер туралы сұраулар беру арқылы баяндаманың жобасын анықтап алған Рахмет, оған екі түрлі кеңес айтты.

— Бірі, — деді ол, — екеуміз кеңескен жобамен өз тәжірибеңіз туралы сіз Айбаршаға жаздырып алыңыз. Оның залалы болмайды. Оқып шыға алам десеңіз оқырсыз, егер өйте алмаймын десеңіз, қалтаңызға салып жүріп, баяндама болғанша анда-санда қарап қоярсыз, сонда айтатын сөздеріңіздің жобасы ойыңызға сіңіп қалады да, ауызша баяндама жасау жеңіл болады.

— Ол да жөн екен, — деді Сырбай.

— Екінші айтарым мынау, — деді Рахмет, — сіздің Алматыға жүруіңізге он бес шақты күн бар. Оған дейін, аудандағы күріштен мол өнім алушылардың мәслихатын шақырып жіберерміз. Алматыда жасайтын баяндамаңызды сол мәслихатта жасап аларсыз. Сөйтсеңіз, Алматыға төселіп барасыз.

— Бұл бір жүдә жақсы кеңес екен, — деді Сырбай қуанған боп, — Алматыда тайсалғанмен, мұнда тайсала қоймаймын ғой, білгенімді жүдә еркін айтып берем ғой.

— Сіз Сырдың суы сияқты емессіз бе? — деді Рахмет те қуланған кескінмен. — Иненің көзіндей жол ашып берсең, аржағын өзі кеңітіп алып кетпей ме, Сырдың суы?.. Сол сияқты, іс тәжрибеңізден Алмалықта бір баяндама жасап жол сызып алсаңыз, Алматыда кеңітіп алып кетпейсіз бе сол жолды?

— Жақсы, — деді Сырбай, «бұл кеңесті енді созудың қажеті жоқ» дегендей кескінмен, — «тәуекел» деп Айыма жаздырып көрейін де, өзіне оқытайын. Сының болса, содан кейін айтарсың.

— Мақұл.

Бір жұмадан кейін Алмалыққа келген Айбарша «Атекем беріп жіберіп еді» деп Рахметке Сырбайдың жазылған баяндамасын ұсынды.

— Өзі неге келмеді? — деп сұрады Рахмет.

— Соңғы бірер күнде сол кісі тыныштанып жүр, — деді Айбарша.

— Неге?

— Биыл Сырдария қатты тасыр деген жобаны айтады, атекем. Тасқын қатайса, жарды бұза ма деп қорқады.

— Оған не белгілері бар екен?

— Оншасын сұрағам жоқ. Бірақ кеш демей, ерте демей, дария басына көбірек барады. Кеше де дарияға түн ортасында кетіп, осы баяндаманы сізге апарып бер деп маған тапсырды.

— Оқып көріңіз, — деді Айбарша, Рахметке баяндаманы берер алдында, — жазушы мен болғанмен, айтып отырушы атекемнің өзі. Тек «жүдә» дейтін дағдылы сөзі болмаса, өзге айтқандарының негіздісінен ешнәрсесін тастамай жаздым. Кейбір қажетті деп тапқан сөздеріме өз жанымнан ескертулер қойып отырдым.

Рахмет баяндаманы оқып көрсе, былай жазылған екен:

«Аталарымыз айтқан: «алып анадан, ат биеден туады» деп. Сол айтқандай, жақсы егін алам десең, егінді жақсы жерге сеп.

«Сырдарияның бойында, күріштен басқа дақылды себу үшін сортаң жерден қаш.

«Беті ақ айран боп тұзы шығып жатқан сортаңды кім болса сол таниды. Тұзы шықпаған жердің сортаңын айыратын жалғыз-ақ белгі бар, ол — «балықкөз».

«Балықкөз» дегеніміз шөп. Жобасы ебелек сияқтанып, тарамданған бұтақтары домаланып өсетін. бойының биіктігі қарыс жарымдай, бұтақтарының басына балықтың көзіне ұқсаған қызғылт гүл шығатын, сондықтан «балықкөз» аталатын бұл шөптің өнбойы шылқылдаған су, қай жерінен ұстап сығып қалсаң да бырт етіп жарылып, суы атып кетеді. Суынын, да, шептің өзінің де дәмі түз татыған көрмек.

«Сортаңсыз жерге «балықкөз» шықпайды. Ол шыққан жер кебір болады да, бірер жыл егін сепкен соң, ақ-айран сортаңға айналып кетеді. Ондай жерге одан кейін күріштен басқа дақыл егіп шығара алмайсың. Тек жоңышқа шөбін ғана шығара аласың.

«Балықкөз» күрішке екі себеппен залал істей алмай бірі — суды қанша көп ішкенмен, оның бойы қарыс жарымнан биік еспейді. Өзі суға тұншығып өлгіш, егер суды бойынан асыра жайсаң, аз күнде тұншығып өліп қалады, күрішке су оның бойынан жоғары жайылады; екінші — сортаңды жердің күрішке залалды болмайтын себебі, сортан, күнге қызғанда ғана егінге залалды, сабағының түбін қуырып күйдіріп жібереді. Күріш суда өсетіндіктен, оған әрі күн сәулесі тимейді, әрі ағын суға шайылып араласқандықтан залал орнына егінге пайда келтіреді, өйткені, сортаңның өзінде күрішке пайдалы суперфосфаттың тегі бар.

«Сонымен, қысқасы, күріш егу үшін, өзге дақылға болмаса, күрішке сортаңды жердің пайдасы болмаса, зияны жоқ.

«Күрішке өте тілекті жер — қалың шеңгел шыққан жер. Ондай жердің топырағы асыл да болады, тез тоза да қоймайды. Сырдың бойындағы ең асыл топырақ — боз топырақ қой, шіркін!.. Ғылым тілінде оны — үлес дейді екен. «Үлес» десе үлес қой, шіркін!.. Қашан тозығы жеткенше, әрбір тозаңынан бір дән өрбіп тұрмай ма оның!.. Сыр бойына тәңірінің мейірі түсіп берген шын үлесі ғой, ол!..

«Жері қанша тілекті болғанмен, егер күріш егетін танаптың бетін үйге төсеген сәкідей тегістемесең, одан мол енім ала алмайсың. Күріш суда өседі. Ит-ойнақты жерге су тегіс жайылмайды. Су тегіс жайылмаса, күріш те тегіс шықпайды.

«Күріш егетін жердің де қалыңдығын жиырма сантиметрден жұқа жыртпайды және ерсілі-қарсылы, екі рет айдайды. Одан кейін тырма жүргізіп, одан кейін мала басып, қыртысты ете ұсақтайды. Әйтпесе күріштің дәнінен сабақ жарып шыға алмайды, тамырын тереңге жая алмайды.

«Биылғы шыққан егіннің тәжрибесіне қарағанда, Сырдың өлкесіне «Краснодар» аталатын салыдан жақсы енетін тұқым жоқ екен. Бұдан былай не осы тұқымды ғана себу керек те, не өзгеден мұны молырақ себу керек. Арғымақтан жабы, жабыдан арғымақ тумайтыны сияқты, жақсы өнім жақсы тұқымнан алынады екен.

«Себілетін тұқымды, орылу мен себілу арасында қалай күтудің өзі толып жатқан бір ғылым екен. Оны Наталья мен Самарқан сияқты оқымысты біреу айтпаса, мен айта алмаймын.

«Тұқымды себерден бірер күн бұрын суға салып ісіндіру керек. Себебі, күріштің тұқымы суға себіледі, ісінбеген тұқым суға тез батпайды, бетінде қалқып жүреді.

«Жер қызбай күріш тұқымын себуге болмайды. Біздің арада, әдетте, жер майдың он — он бесінен бастап қызады.

«Күріш тұқымы суға себілетіндіктен, әрине, қолмен себіледі, өйткені сеялка суға жүре алмайды ғой.

«Тұқымды лай суға себу керек. Себебі, күріш тұқымын суға себуден мақсат — жердің бетіне жатқызу. Өйтпей, бидайдың не сұлының тұқылы сияқты сеялкамен тереңге отырғызсаң, күріштің алғаш әлсіз шығатын сабағы, жерді жарып өсе алмайды. Лай суға сеп дейтініміз: су тұнғанда, жерге түскен дәнді жұмсақ лай жабады да, тез енуіне жағдай жасайды.

«Тұқым себілгеннен кейін суды ағызып жібереміз, әйтпесе дән өнбейді. Дән көктегеннен кейін суды қайта жаямыз. Қашан көктеген күріштің сабағы балдыр сияқты нәзік, езілгіш жұмсақ және үзілгіш осал болады. Тамыры бекігенше, қаттырақ толқыған су да ол сабақты үзіп әкетеді. Сондай кезінде, күріштің сабағын сужылан сорады деген сөз бар, бірақ оны көзіммен көрген емен.

«Күріштің көктеген сабағы он — он бес күнде бой салып, тікейіп пәшектейді, құлағы да сол кезде ашылады. Бірінші отақты осы кезде жасау керек, өйткені күріш тұқымына араласқан өзге өсімдіктің дәні де осы кезде еніп болады. Оларды сол кезде отақтау егінге ете пайдалы. Әрине, отақтарда суды ағызып жібереміз.

«Күрішпен аралас шығатын арам шөптерден ең, залалдысы кекіре мен шиен. «Көкіреміз» — жапырағы жалпая шығатын шөп, ол күріштің азығына сепкен дәрі-дәрмекті көп жұтып залал істейді. Бірақ оны тану оңай, сондықтан отағы да оңай. Ал, «шиен» деген пәлені басына қашан дән тартқанша күріштен айырып алу қиын, сабағы да, түсі де бірдей. Айырмасы — шиен сабағының сирағы бәлкім қызғылттау келеді. Бірақ оны, көп көріп кәнігіленген кез болмаса айыра алмайды. «Есек мия» деген бір пәле бар, оның залалы — егер есірмей отап тастамасаң, бойы күріштен тез асып кетеді де, күн көзін бермей қояды. Күрішке шеңгел мен жантақ та аралас еседі. Оларды тану оңай да, отақтау қиын, үсті-бастары тікен, байқап отақтамаған кісі, қолғап кисе де қолын жаралап алады.

«Бірінші отақ бітіп, суды қайта жайғанда, күріштің құлағынан асырмаймыз. Құлағына су құйылса, күріш сабағының бойы қанша биіктегенмен, судың тереңдігін он бес-жиырма сантиметрден биік жаймаймыз. Суды, әрине, үш-төрт күнде бір жаңартып тұрамыз, әйтпесе су сасиды да, егінді борсытады. Суды, әрине, не кешкі, не ертеңгі салқынмен жаямыз, себебі, күн қыза жайсақ егіннің сабағы қызады да, қызған сабаққа салқын судан тымау тиеді. Тымау адам түгіл өсімдікке де залал. Тымау түбі — құрт, тұман түбі — жұт» деген рас сөз. Адамға тиген тымау сияқты, өсімдікке тиген тымауды да елемеуге болмайды. Елемесең іліге айналады. Бедері түсіп сарғая бастайды.

«Екінші отақты күріш ояға келген кезде жасаймыз. Сол кезде паяның басы иіліп шіре байлана бастайды. Бұл кездің отағы қиын. Өйткені күрішке аралас өскен арам шөптердің тамыры тереңдеп, сабағы жуандап алады. Машығы ұшқан адам болмаса, жай кісі отақтай алмайды.

«Үшінші отақ — собықтың сүті қата бастаған кез. Екінші отақты жақсылап жүргізсе, үшіншінің керегі де жоқ.

«Жерді жақсылап өңдесе, тұқымды теңдеп ап, жақсылап сепсе, мезгілімен суарса, мезгілімен отақтаса, күріштен мол өнім алу деген осы «Менің звеном биыл бес гектар жердің, үшеуінен алпыс центнерден, екеуінен жүз жиырма центнерден алып отыр. Жасыратыны жоқ, жүз жиырмадан беріп отырған гектарлар дәрі-дәрмек себілген жер, алпыстан берген — себілмеген жер. Бұдан көрінетін нәрсе — қарадүрсін ойдан ғылымның ойы әлдеқайда озық екендігі. Бірақ, сол ғылымның өзі соңғы сөзін айтып болмаған сияқты. Олай дейтінім: біздің агроном Наташа Полещук «элита» деген бірдемені тауып алып, күріштің әрбір дәнін жерге қолымен отырғызатын болды және бір дән мен екінші дәннің арасы, ұзындық жағынан он бес сантиметр, көлденең жағынан отыз бес сантиметр.

«Осындай әдіспен ол өткен жылдың көктемінде бес кило дән сеуіп еді, отыз бес центнер астық алды. Біз бір гектар жерге орта есеппен жүз килограмм тұқым себеміз. Соның әрбір бес килосынан 35 центнерден ала берсек, жүз килодан жеті жүз центнер аламыз ғой. Бұл, біздің өткен жылы дүниежүзілік рекорд жасадық деген мөлшерімізден сегіз еседен көп.

«Олай болса, алдағы мақсат — Наталья өсірген элитаның мөлшеріне жетпей тынбау. Оған қалай жетуді мен әлі ойланған да жоқпын және оған менің ақылым да жете қоймас. Бұл жөнде мен сияқты қараңғы адамдарға ғылым жетекші екеніне көзім айқын жетті».

— Жазылған баяндаманың әзірге тоқтап тұрған жері осы, — деді Айбарша, баяндаманы оқып болған Рахметке. — Бұдан кейін не жаздырарын атекем де білген жоқ, мен де білген жоқпын. Ендігісін сізге ақылдаса келдім.

— Не деді қарт? Осы жазғанды жаттаймын дей ме? Ауызша сөйлеймін дей ме?

— Ауызша сөйлеймін дейді және бұдан әлдеқайда кеңейте сөйлеймін дейді.

— Кеңейте сөйлемей, осы қалпында айтып шыққанда да жетіп жатыр, — деді Рахмет, — және қосымша баяндама бар ғой оған. Оны Наталья Полещук жасайды, ғылымдық жағын сол қамтиды. Бірақ қымсынбай еркін даярлансын деген оймен, Натальяның баяндама жасауын әлі шалға естірткен жоқпын.

— Ол да дұрыс, — деді Айбарша.

— Бұл баяндамада өткен жылдың рекорды ғана сөз болғалы отыр ғой, — деді Рахмет. — Алдағы жылдарда қарттың бұдан да ілгерілеуіне күдігіміз болмауға тиісті. Сондықтан, бұл баяндаманы осы мәселе жөніндегі қарттың болашақ баяндамаларының басы деп есептеу керек.

ОН БЕСІНШІ ТАРАУ

ЕРЕУІЛ

Москва — Алматы поезына мінген Сырбай, вокзалға түнде келіп түсті, қасында Наталия мен Самарқан.

Вокзалдың, қала жағына өткен Сырбай, алдына көлденеңдете әкеп тоса берген «ЗИС-101»-нің ашылған есігіне кірмей, сол бір түннің тамаша көркіне әсерленген кескінмен төңірегіне қарай қалды.

Маңдайында көзі, көкірегінде сезімі бар адамға, дәл сол сәтте олай қарамауға болмайтын да еді: сол күні кешке қарай жауып, түнді орталап барып басылған қардан айналаның бәрі аппақ сүттей; тымық ауада бұтағына асылып, салмағымен бастарын темен иген қардан, қаланын, көшелері мен қораларына қалын, шыққан ағаштар, қауызы ашылып піскен шығымды мақта өлкесіне ұқсайды; бораннан кейін бұлттан түгел айыққан ашық аспандағы миллиондаған жұлдыздармен толыққан айдын, жүздері, қармен жуылғандай аса жарқын жүздердің сәулелері жердегі қарға шағылысып, кіршіксіз қардың да әрбір ұшқыны бір-бір жұлдыздай боп жалтырайды; вокзалдан тауға қарай тіп-тік боп ерлей тартқан Ленин атындағы кең проспектінің өн бойына екі жағынан бағаналардың басында үш-үштен жұптанып жанған әлектр шамдарының домалақ абажурларының әрқайсысы көшеге іліп қойған бір ай сияқты; айлы түндегі аспанды белуардан қоршап тұрған аппақ таудың белдеуін өрлей өскен қалын, шыршадан, қаланын, күнгей жағын созыла қаусырған жотасы, алыстан қара-қылшық ақ қасқыр сияқтанып елестейді...

Осы көркем бейнеге Самарқан да Сырбайдан кем әсерленген жоқ. Ал, Алматыға бұрын келмеген Наталия, айлы түнде, алыстағы таудың жотасына, жердегі аппақ қарға қызыға қарағанмен, қаланы бүркеп тұрған әдемілікті, ол қаланы бұрын көрген адамдардай көкірегімен сезіне қоймады. Сондықтан:

— Кәне, машинаға мінбейміз бе? — деген сөзді ол өзгелерінен бұрынырақ айтты.

Олар мінген машина, Ленин атындағы проспектімен айдай жөнелді.

Алматының көшесімен жүрген адам екі мезгілде оның үйлерін нақ қасына келмей көре алмайды: бірі — жаз, ағаштардың жапырақтанған кезінде, бірі — қыс, қар жауып, ағаштардың бұтақтарын бөлеген кезде.

Біздің жолаушылар Алматының көшесіне жиі өскен ағаштарының бұтақтарын қар бүркеген кезде кіргендіктен және қар күреушілер ғана болмаса, жүрісі азайған көшеде «ЗИС» зымырап кеткендіктен, ағаштардың тасасындағы үйлердің бірен-саранын ғана болмаса, көпшілігін көре алмады.

Натальяның естуінше, көшелері мен қораларына ағаш егілу жағынан Алматы дүниежүзілік қалалардың алдыңғы қатарынан орын алады. Айбаршаның айтуынша, бұл сияқты ағашты қала ешқайда жоқ. Естуі солай болғанмен, көшесінде машинамен зырлатып келе жатқан Наталия, бұл жүріп келе жатқан жолын қаланың кешесі екен деп емес, қалың орманның ішіндегі аллея екен деп жорыды. Сол ойын серіктеріне сұрау ретінде айтып еді:

— Алматыда, тауға қарай тартатын көшелердің ішінде ең үлкені де, ен, көркемі де үш көше, — деді Самарқан, — бірі — осы біз жүріп келе жатқан Ленин атындағы проспект, бірі — Фурманов көшесі, бірі — Абай атындағы проспект.

— Бізді қай гостиницаға апаратын едіңіз? — деп сұрады Самарқан шофердан.

— Делегаттар үйіне.

— Ендеше, сіз Гоголь көшесінен Сегізінші мартқа қарай бұрылыңыз да, одан жоғары өрлеп, Ленин атындағы проспектімен оралып, одан Калининге түсіп, Фурмановтан төмендеп, гостиницаға Үкімет үйінің алдымен Кировты бойлап барыңыз.

«Неге?» дегендей, шофер қасында отырған Самарқанның кескініне бұрыла қарап еді:

— Қаланы бұрын кермеген қонақтар келе жатыр, — деді Самарқан, дәл кім екендігін атап айтпай, — бүгін қала өте-мөте көркемденіп кеткен екен, жақсы көшелерін орап түсіп көрсетейік.

— Жақсы, — деді шофер.

Аталған маршрутпен машина зымырап келеді. Әрқайсысы өзінше ойға кеткендей, тым-тырыс, үн жоқ, Қаланың бүгін түндегі ерекше көркемдігіне де көзі аздан кейін тұна қалғандай болған Сырбайдың басында отырған ой — майдан маңындағы қалалармен тылдағы мына қаланы салыстыру: олар бүркеулі де, мынау ашық; сондықтан, оларда алынатын дем ауыр, мұнда алынатын дем жеңіл... Сол ойдағы Сырбай, «еркін демді олар қашан алар екен!» дегендей, ара-тұра күрсініп алды.

Көшелері әрі кең, әрі атқан оқтай түзу, әрі, осы көшелердің, екі жақ қабырғасына, бойының биіктігі екі-үш этажды үйлерден асып, қолдың саласында боп жиі ағаштар егілген Алматыны аралап келе жатқан Наталия, қаланың көркем бейнелеріне қызыға қараумен қатар, сол кезде есіне түсе қалған Киевпен салыстырып, Киевтегі зәулім биік үйлерді бұдан сирек кездестіргендіктен менсінбей де келе жатыр. Тек, машина Калининді өрлеп барып, Фурмановтан төмендеп, Кировты бойлай гостиницаға тартқанда ғана, осы көшелердегі үш этажды тұрғын комбинаттар мен Түрксіб басқармасын, одан Үкімет үйін, одан почта-телеграф үйін көргенде ғана, «Бұлар жақсы екен!» деп қойды Наталия ішінен. Самарқаннан сұрастырса, бұл үйлердің бәрі де Алматыға Қазақстан орталығы келгеннен бері ғана, яғни 1929 жылдың бер жағында ғана орнаған екен. Одан бұрынғы Алматының үйлері Наталияға Украинаның тәуірлеу салынған поселкесінің үйлері ғана сияқтанды.

Гостиницада екі номер даярланыпты, бірі — Сырбай мен Самарқанға, бірі Наталияға. Сырбай іштей: «Самарқан Наталиямен бірге болам деп айтар ма екен» деп жорып еді, оны айтпады; ол жөнде қулануды, Наталияны қызыңдай сыйлайтын Сырбай ерсі көрді. Тек қана басына келген жору — «түрлеріңе қарағанда, осы жолы реттесіп қайтарсыңдар, тегі».

Гостиницаның номеріне орналасу үшін санобработка дегеннің керектігін Сырбай жаңа ғана білді, одан номерге кіріп ап етуге рұқсат алған Самарқан, номерге барған соң Сырбайға ол жөнде айтып еді:

— Жуынған дұрыс қой, — деді Сырбай, — бірақ, ол жүдә қайда қашар дейсің. Одан да ауыр іс бар ғой.

— О не? — деп сұрады Самарқан.

— Почта жақын ба, бұл арадан?

— Жақын, оны қайтесіз?

— Жақын болса, сен соған бар да, ауылға бар!

— Не жөнінде?

— Дайра қатты таси ма деген қорқынышта келдік қой, соны сұрау керек.

Самарқанның асыққысы келмегенмен, телеграмманы бермей Сырбайдың көңілі көншімейтінін керген ол, «ендеше сіз жуына беріңіз, мен қайтып кеп жуынайын» деді де кетіп қалды. Ол оралып келгенше, Сырбай жуынып боп шай даярлап жатыр екен. Шайдан кейін олар жатты. Жұмсақ вагонда орын болмағандықтан, олар Алмалықтан плацкарт вагонға мінген еді, онда орын тар болғандықтан, жолшыбай Самарқан өзіне екінші полкадан тиген орынға Сырбай мен Наталияны кезек-кезек тынықтырып, өзі тік отырып қалғып келген еді, сондықтан гостиница номеріндегі кроватьқа жата салысымен ол қор ете түсті.

Сырбай ұзақ уақытқа дейін ұйықтамады. Сонда оның басына шырмалған ой біреу ғана, ол — Сырдарияның тасуы, Сырбайдың шамалауынша, дарияның биыл қатты тасуына толып жатқан белгілер бар сияқты, солардың ішінде: дарияның жарындағы тышқандардың інін шөлге тасуы, ондатрлардың дариядан көлдерге көшуі, мұздың бетіне мезгілінен бұрын қызылсу жүгіруі, балықтардың Арал теңізінен дарияға шығуы мезгілінен бұрын басталуы, тағы басқалар... Бақылау станцияларының хабарлауынша да, Сырдарияны құрастыратын Нарын мен Қара дарияның басталатын тауларында биылғы жылдың марты аяқтала жаңбыр көбейіп, су жылдағыдан өзендерге әлдеқайда мол құйылып жатқан көрінеді. Сондықтан, Сырдарияның мұзы жылдағыдан ерте және кенет сөгілу қаупі бар... Осыларды айта кеп, Сырбайдың Алматыға жүргісі келмеп-ақ еді.

— Үкімет пен партияның қаулысын өзгертуге болмайды, Сыреке, баяндамаңыздың күні тағайындалып, сізді онда күтіп отыр, бірер күн боласыз да қайтасыз. Тіпті дария таси қап, қауып төне қалған күнде де сіз жалғыз адам емессіз бе? Бір кісінің қолынан не келеді? Мұнда көпшілік бар, біз бармыз, бақылап отырамыз да, дария тасуға айналса, тиісті шара қолданармыз, — деп Рахмет болмады.

Сол кезде Анатолий Кондратьевич те сол маңда болып Рахметтің сөзін қостаған соң, Сырбай қарт досына:

— Онда, мен келгенше, Анатөл, өзің осында болсаң ғана барам, — деген соң, досы «болайын» деді.

Дария тасып, кемерінен төгілу қаупі туғанда да өзінің ішінде болуынан келер-кетерінің азын Сырбай шамалайды, дегенмен, сондай қауып туа қап, тұрғын ел дүрбелеңге түссе, оның ішінде боп, ауыр-жеңіліне ортақтаспауды қылмыс санайды. Алматыға ол осы оймен аттанды да, жолшыбай «дайра не халде екен?!» деген қауіппен келді. Оның Самарқанды жуынудан бұрын телеграфқа қуған себебі де осы еді.

— Шырағым! — деген еді ол Самарқан телеграфқа кетерде, — телефонмен бұдан да сөйлесуге бола ма, Алмалықпен?

— Алмалық түгіл Кең тоғаймен де сөйлесуге болады, — деген еді Самарқан.

— Ендеше, мені таңертең ерте Рахметпен сөйлестіретін қып келші.

— Жарайды, Сыреке!

Телеграфтан қайтқан Самарқан, ертең ерте Рахметпен сөйлесуге телефонға заказ бергенін айта келді. Олар орналасқан номерде телефон бар. «Осыдан сөйлесесіз» деді Самарқан Сырбайға. Сырбай телефонды езіне жақын қойып жатты. Сондағы ойы: «Қызылордадан Алмалықпен де, колхозбен де сөйлескенде жап жақсы-ақ естілуші еді, мынау алыс жерден қалай естілер екен?!»

Дарияның тасуы туралы ойланып жатып ұйықтаған Сырбайдың түсіне, ояудағы ойымен шатасқан әлдене қорқынышты түстер кіріп, ол әлсін-әлсін шошып ояна берді де, таңға жақын ғана дұрыс бір тәтті ұйқыға кетті... Оны сол құмарынан шығармай, кроватының басына таяу тұрған телефон шылдыр ете қалды, Шошып оянған Сырбай, әуелі қайда жатқанын шамалай алмай қап, кроватынан қарғып түскен қалпымен «аһа»-лап есеңгіреген қалпымен есікке қарай жөнеле беріп еді:

— Сыреке, қайда барасыз? — деді, телефонның шылдырынан емес, Сырбайдың кроватынан түскен дүсірінен оянған Самарқан басын көтеріп.

Қайда екенін сонда ғана шамалап тоқтай қап, қызарған былшықты көзін кең ашып кескініне қарай қалғанда, Самарқан әлі де шылдырап тұрған телефонға барып құлағын тосты да:

— Сыреке, бері келіңіз, Алмалықпен сөйлесесіз, — деп, бері жылжыған Сырбайға телефонның трубкасын ұстатты.

«Алматы, Алматы!» деген сөз шалынды Сырбайдың құлағына.

— Ие, жүдә, Алматыдан, мен Сырбай, — деді шал.

Аржағында самбырлап ашық естілген дауысты Сырбай тани кетті. Рахметтің даусы!

Дария жайынан басқа сөзді Сырбай сұраған жоқ. Расы ма, жұбатуы ма, Рахметтің айтуынша әзірге пәлендей қауып жоқ сияқты. Сырбай:

— Шырағым, сен егер қауып болса, жүдә жасырма менен. Бүгін жасырып, ертең жаманат хабар шықса, оның арты жүдә ұятқа, үлкен өкпеге соғады, — деп қиыла айтып еді, дария тасу қаупінің ұлғайғанын көре-біле тұра, баяндама жасауына әсері тиер деген оймен Рахмет:

— Қорықпаңыз, Сыреке, қорқатын дәнеңе жоқ, — деген сөзін әлденеше рет қайталап айтты.

Рахметтің сөзіне сенгенмен, Сырбайдың кеудесіне ұялаған қауып кете қоймады; сондықтан ол, телефонмен сөйлесіп болғаннан кейін кроватына жатқанмен, мезгілі әлі ерте болғанмен, Самарқан тағы да қор ете түскенмен, күн көтеріліп, гостиница адамдары тұрғанша кірпігін жұмған жоқ...

Жер-су Комиссариатының коллегиясында Сырбайдың баяндамасы күндізгі сағат үште басталды. Оған дейін серіктері мен Сырбай Халық Комиссарлар Советі мен Қазақстан Орталық Партия комитетінін, ауылшаруашылық бөлімдерінде болып, өздерінің істерінен біраз мәлімет берді де, біраз қажетті мәселелерін еткізіп алды, солардың бірі «Кең тоғай» колхозын осы жылдың көктемінен қалдырмай электрлендіру.

Коллегия мәжіліс басталардан бұрын серіктері мен Сырбай Наркомның кабинетіне кірсе, онда Орталық Комитеттің екінші секретары, Комиссарлар Советінің председателі, Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылық Академиясының Қазақстандағы филиалының президиум председателі, ауылшаруашылық ғылымының біраз докторлары мен кандидаттары, бірнеше жазушы, тағы біраз адамдар отыр екен. Солардың ішінен, Орталық Комитеттің секретары Сырбаймен қалжыңдаса көбірек сөйлесті. Сонда Самарқан шалдың ау-жайын байқаса, жолшыбайғы айтқанындай қымсынар түрі жоқ, жайшылықта өзіне тән мінезбен, әрбір сұрауға білгенінше тайсалмай, қысқаша, тура жауап береді.

Баяндамада Сырбай одан да өткірленіп кетті. Коллегия мәжілісінің кең залына лық толған адамдардың қарсы алдындағы сахнаға коллегия мүшелері және басқарушы жолдастармен ол бірге шыққанда, залдан шапалақ ду ете түсті де, сахна алдына әкеп құрып қойған киноаппараттардың шамдары жарқырай қалды. Бұрын дәл мұндай жағдайда болып көрмеген Сырбай, өзін киноға түсіріп жатқанын. фотографтар да мол жарықпен пайдаланып портретін басып жатқанын білген жоқ.

Сырбайға сөз берілгенде киноаппараттардың шамдары сөнді. Сырбай трибунаға көтеріле бергенде, залдағы адамдардың ішінде отырған Самарқан мен Наталияның жүректері дір ете қалды. Өйткені, осында келерде аудан орталығында мол өнім алушылардың аудандық мәслихаты болып, Сырбай сонда өз тәжрибесінен баяндама жасағанда, әрі Айбаршаға жаздырып алған баяндамасынын, желісінен шығып аузына түскен сөзін айтып кеткен де, әрі ауызша сөзінде желі болмай, тәжрибе істерін бытыстырып әрең айтып шыққан. Бұл қылығы үшін қарт адамды туралап ұрсуды ерсі көрген Рахмет: «Алматыға барғанда да осылай сөйлесеңіз ұят болар, Сыреке» деп бастап, біраз жұмсақ сөздермен жинақы сөйлеуін қатты ескерткен. Сол сөздерін ол Самарқанға да оңашалап айтып, «шалдың қытығына тимейтіндей түрде жолшыбай даярлап бар» деп тапсырған. Сол тапсырманы орындау мақсатымен Самарқан вагонда Сырбайға сөз қатып көріп еді:

— Жүдә, қайтесің, шырағым, мені қайрап, — деді Сырбай ұнатпаған дауыспен, — біз қайрауы жетіп мұқалған кісі. Үйреткенмен молда бөлу, біздей кәріге жүдә қиын енді. Ауызға не түссе соны айтармын.

Одан әрі қузаса шалды ашуландырып алармын деп қорыкдан Самарқан, енді ол жөнде сөз қозғамай, тек оңашада ғана Наталияға «осылай да осылай» деп келіп, «бүлдірмесе жарар еді» деген қаупін айтқан. Осы қаупін ол Жер-су Комиссариатының коллегиясы басталарда да айтып, Сырбай трибунаға шыққанда, екеуінің жүректері суылдай қалған себептері сол болған.

Самарқан мен Наталияның қуанышына, Сырбайдың бұл жолы іркілмей сөйлеуі, трибунаға көтерілгеннен-ақ керінді. Мұндай топта құлашын саспай сермейтін кейбір топ көрген шешендер, ол трибунаға көтерілген соң, салмақты кескінмен залды еркін бір шолып алды да, баяндамасына кірісті.

Өзі танитын почеркпен жазып берілген баяндама қолында болғанымен Алмалықтағы мәслихатта баяндамасын шатастырып жасауынан іштей қатты ұялғаннан кейін, қолындағы жазылған баяндаманы әлденеше рет қайталап оқып, сөздерін жаттап аларлық халге жақындағанмен, Сырбай бұл жолы да жазылған баяндамаға қарамай, сөзін ауызша бастады.

— Ие, жолдастар, — деп бастады ол сөзін, — оқымаған бір кісі едім мен, бәріңнің де кездерің түйе көрмеген жылқылардай маған жүдә төне қалған екен; шешендік деген, менің өзім түгіл ата-бабама бітіп көрген емес, ауызға түскен сөзді дұрыстап айтып шыға алсам, одан артықты менен жүдә тілемесеңдер.

Жұрт ол сөзге Ду күлді. Содан әрі, серіктерінің де, мәслихатқа қатынасқан өзге адамдардың қайран қалуына да қарамай Сырбай ауызша баяндамасын мап-майда қып өрістетіп әкетті. Іске ғана байланысты қысқа сөзден құрастырған баяндамасынын, арасында ол, Самарқан мен Наталия талай уақыт істес болғанда естіп көрмеген қулық сөздерді тауып, мәслихаттағыларды әлсін-әлсін сүйсіндіре күлдіріп отырды және олар ризалықпен күлгендері білдіргісі келгендей, әлсін-әлсін қолдарын шапалақтасты.

Баяндамадан кейін сөйлегендер, ең алдымен баяндаманың биік дәрежеде және қызғылықты түрде еткенін атай кетіп, аржағында, күріштің өнімін бұдан зор арттыруға қажетті шаралардан Сырбай мен оның серіктерінің есінде қаларлықтай біраз пайдалы ақылдар айтты.

Кешке Сырбай мен оның серіктерін Орталық Комитетінің екінші секретары таудағы дачасына қонаққа алып кетті. Қонаққа кетер алдында олардың номеріне келіп шыққан Наркомның айтуынша, ендігі программа былай болмақ екен: қонақтар ертең күндіз қаланың тамаша орындарын аралайды, кешке «Гвардия алға» операсын тыңдайды, келесі күні сағат күндізгі екіде, Сырбай Алматыдағы Ауылшаруашылық институтының егін шаруашылық факультетінде қазақ тілінде лекция оқиды да, Наталия орысшаға аударады, сол күні кешкі поезбен қонақтар мекеніне қайтады.

Сырбайдың бір мінезі — театрда спектакль көруге төзбейтін еді де, не шығып кетіп, не оны ұят көрсе, іші пысып қалғитын еді. Сондықтан ертеңіне ол, Самарқан мен Наталия қаншама қызықтыра сипаттағанмен операға бармай қалды.

Серіктері театрға кеткеннен кейін, кешкі асын ішкен Сырбай кроватына шешініп жатып қалғи беріп еді, телефон шылдыр ете қалды.

— Әу! — деді оянып кеткен Сырбай, телефонның трубкасын құлағына тосып.

— Сырекеңсіз бе? — деді біреу қазақша сөйлеп.

— Иә, мен, Сырбай... Сен кімсің?

— Мен Совнаркомның бір қызметкерімін.

— Иә, шырағым, не айтайын деп ең?

— Сіздің, үлкен үйге келіп шығуыңыз қажет болып еді де.

— Е, барайын, бірақ, жүдә таба алсам.

— Өзім машинамен барып алып қайтам.

— Жүдә жақсы.

— Серіктеріңіз қасыңызда ма?

— Олар спектакль көреміз деп кетті.

— Ә, жақсы, — деп сөйлесуші трубканы іліп қонды.

«Жеті қараңғы түнде неге керек болдым екен?» деген оймен Сырбай кроватынан тұрды да киіне бастады.

Ол киініп боп күтіп отырғанда номерге Самарқан, Наталия және танымайтын бір қазақ жігіті кіріп келді.

— Е, неге ерте қайттыңдар? — деді Сырбай Самарқан мен Наталияға, танымайтын жігітке амандасқаннан кейін.

— Совнаркомға бізді де шақырыпты, — деді Самарқан.

— Жүдә, сонша асығыс не боп қалған екен?

— Оны мына жолдас білмесе біз қайдан білейік, — деп Самарқан Совнаркомның қызметкерін иегімен нұсқады.

— Мен де білмедім, — деді ол, — председательдің өзі қажет қып жатқан көрінеді. Маған сіздерді тез жеткізіп беруді тапсырды.

— Қауырт бір жұмыс болғаны да, — деді Сырбай түрегеп, сырт киімін киініп жатып, өз ішінде «дайра тасымаған!» деп қауіптеніп.

Сырбайдың қаупі расқа шықты. Қызылорданың облыстық Совнаркомға дарияның мұзы кешке қарай кенет көтерілгенін, жоғарғы жақтан тасқын қатты келгендіктен, дарияның Алмалық тұсындағы имек жеріне сен, шоғары іркіле бастағанын, сен, ол арадан жылжымай ошарылып тұрып қалса, тасқын суды бөгеп судың кемерден Алмалық жақтағы көтермеге қарай ақтарыла құлау, қаупі барын телеграммамен хабарлапты.

Председатель бұл телеграмманы Сырбайға салмақты дауыспен қазақшылап оқып берді. Содан кейін ол көзілдірігін алып Сырбайға қараса, кескіні әлем-тапырық болып кетіпті. Дарияның Алмалық тұсындағы хал-жайын жақсы білетін председатель, іштей өзі де қауіптене отыра, Сырбайды үрейлендіргісі келмей басалқы сөздер айта бастап еді:

— Шырағым, — деді Сырбай бөгеп, — басқа төнген зор қауыпты сен кішірейтем дегенмен кішірейе қоя ма ол. Тек арты қайырлы болсын, жүдә, бір керемет болғалы тұр екен. Мұны қайтесіңдер енді?

— Қайтеміз? Хабар күтеміз. Мүмкін мұз етіп кетер.

— Егер өтпесе?

— Оған да шара қолданармыз.

— Мысалы?

— Соғыс ұйымдарымен сөйлесіп, мұзды бұздыру шарасын істетеміз де. Сіздерді шақыртқаным: хабардар болып тұрсын дедім де. Сіз қорқа қалдыңыз, ақсақал. Тиышсызданбай-ақ қойыңыз. Әр кезде осындай жағдай кездеседі екен ғой. Дарияны игерерлік күш бар, саспаңыз, номеріңізге барып тынығыңыз, түнде не хал болғанын таңертең тағы хабарлармын.

— Мен оған жүдә шыдай алмаспын, — деді Сырбай, — қазір мені қайтар.

— Ол болмас, ақсақал.

— Болдыр, шырағым. Сөзді жүдә қысқасынан қайырғанға ренжи көрме. Сыйлап шақырып, ренжітіп қайтармаңдар, бүгін кетпесем жүдә қатты ренжимін.

Сырбайды сөзіне көндіре алмасын керген председатель:

— Бүгінгі поезд кетіп қалды ғой, ақсақал, — деп еді:

— Сол жаққа жүретін басқа пойыз жоқ па екен? — деп сұрады Сырбай.

Председатель жәрдемін білдірсе, таңға жақын Новосибирь — Ташкент поезы етеді екен. «Соған мінгіз» деп өтінген Сырбайға:

— Арыста түсіп қаласыз ғой, одан. Іле поезд келе қойса жақсы, әйтпесе Алматының ертеңгі поезын бәрібір күтесіз ғой, — деп еді:

— Тәуекел, жүрем, — деп Сырбай болмады. Ертеңгі лекциясының жайын айтып еді:

— Әуелі кеуілді тыныштандырып алайық та, — деді Сырбай, — басыңда қорқыныш дуылдап тұрғанда қай сөз шығады дейсің одан.

Новосибирь — Ташкент поезымен таңға жақын жүруге уәделескен Сырбай, серіктерімен гостиницаға қайтты.

Бара төсегіне шешініп жатқанмен, оның көзі ілінбеді, ілінейін десе-ақ, әлдене қорқынышты картиналар елестеп, шошына берді.

Председатель де үйіне қауыпты оймен қайтып, егер қатердің күшеюі туралы телеграмма келсе, келген сәтінде жеткізіп беруді Совнаркомның сол түнгі кезекшіге тапсырып кеткен еді. Сол телеграмма оның үйіне, көзі ұйқыға жаңа ғана кетіп бара жатқан кезде келіп қалды.

«Хал аса қиындады, — деп жазыпты телеграммада, — дарияның имек тұсына жиналған сеңдер тау болып үйіліп, біржола бекіді, судың жолын жапты. Тасқын күшейе түсті. Іркілген су, жарқабаққа жарты-ақ метрдей қалды. Мамандардың мөлшерлеуінше, іркілген су жардан асып, көтерме мен жардың арасындағы сайға сыймайды. Егер көтермеден асып төгілсе, Алмалық қаласын әп-сәтте жойып жібереді де, темір жолдын, жотасын бұзып өтіп, әрі құм-далаға қарай кете барады; мұның аты — дариядан айрылу деген сөз. Тығыз шара қолдануларыңызды өтінеміз».

Бұл телеграмманы оқыған председатель үйінде шыдап жата алмады да, тез Үкімет үйіне барып, Совнарком мен Орталық Комитеттің бюро мүшелеріне хабарлады. Олар тез жиналғаннан кейін, мәселені талқылап, үкіметтік комиссия құрылды да, оқиға болып жатқан жерге түнде самолетпен ұшпақ болды.

— Сырбайға хабарлау керек, — деді председатель.

— Бірақ, самолетке мінді ме, жоқ па, сонысын білу керек, — десті біреулер, — егер бұрын мінбесе, қорықса, поезбен-ақ жіберу керек.

Сол сәтте Сырбайды шақыртып ап сұрап еді:

— Мініп көрген жоқпын, — деді төнген қатердің мөлшерін жобалаған Сырбай, — бірақ, мінем.

Үкімет комиссиясының мүшелерін серіктерімен Сырбайды мінгізген соғыстық самолет, тан, қараңғысы кезінде аспанға көтеріле берді.

ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ

ДАУЫЛ КҮНІ

Биыл Сырдарияның қатты тасуға мүмкіншілігі барын, Сыр бойындағы су станциялары күн бұрын жорамалдап хабарлай бастады. Бұл кезде плотинаны жоспарлау жұмысының аса бір қауырт көзі болғанмен Бақабас тұсындағы өзен арнасынын, тұзағынан аса қауіптенетін Анатолий Кондратьевич шыдап жата алмай, қызметтес адамдарына тиісті тапсырмаларын беріп, өзі канал басына кетті. Ол Алмалыққа келсе, райкомда күтілген қауіпке сақтық жұмысын басқаратын комиссия құрылып жатыр екен. Рахмет Анатолий Кондратьевичтен осы комиссияны басқаруды өтініп еді, қарт бас тартқан жоқ. Комиссия мүшелері сол күні Бақабас тұзағының бойына жүріп кетті...

Ол күні кешке қарай жел тынып, күннің көзі көкжиектің ашығына байығанмен, сол мезгілді Сырдарияның биік бір жарқабағында еткізген Анатолий Кондратьевич, бүгінгі түнде дауыл көтерілерін жобалап тұрды.

Өмірінің саналы жағын түгелімен Сырдария бойында өткізген оның қыс болса боранды дауылға, жаз болса нөсерлі дауылға хабаршы көретін бір белгісі — қара тағандардың тобы аспанға биіктей көтеріліп ап асыр салуы болатын. Бір ғажабы — осы тағандар жайшылықта Сыр бойында көзге көріне қоймайды да, қайдан қалай келері белгісіз, дауыл алдында қара шоғырланған тобымен аспанға көтеріле қалады.

Бүгін де олар күн .бата сөйтті. Оның алдында, дарияның сеңі бөгелер деп қатер күткен жеріне бақылауға қойған адамдар:

— Жел тынды, күн ашыққа байыды, бүгін түн тыныш болар, — дегенде, солардың ішінде тұрған Анатолий Кондратьевич:

— Әй, білмеймін, — деген күдік айтқан еді. — Көкжиектің сонау Бұхара жағында таудың жотасына ұқсап қарауытқанды көрмейсіңдер, сол батып бара жатқан бұлт емес, көтеріліп келе жатқан бұлт, мүмкін дауылдың бұлты болуы.

Анатолий Кондратьевичті біреулер қостап, біреулер қостамай өзара дабырласып тұрғанда, дарияның Бұхара жақтағы алысырақ бетіне қалыңдай өскен сексеуілдей аспанға қара тағандардың қалың тобы азан-қазан шуласып көтеріле берді.

— Енді таласпаңдар, — деді Анатолий Кондратьевич, — дауылды болды деңдер де қойыңдар. Айдың жарық көзі, сол дауылдың бері қарай жылжығанын көріп те тұрармыз; байқарсыңдар, сонау көкжиекте қарауытқан бұлттың жотасы енді жоғарылай береді; бұл тұсқа ол, түн ортасы ауа жетуі мүмкін, дәл таңға бара қоймас... Егер дауыл көтерген бұлт болса, Сырдарияның мұзын түбінен бері қарай сөге айдайды, мұздың асты мен үстіндегі суды дауыл тебірентсе, дарияның өн-бойындағы сен, жедел, тұтас көтерілуі мүмкін; олай болғанда, дарияның сендер күзеткен тұсында шұғылынан иілген жерлеріне сеңдер ошарылып тоқтайды да, қатер зораяды.

Анатолий Кондратьевичтің жорамалынан балды да, балсыз да болмаған күзет адамдары, аяқ-қолдарын жинақы ұстауға уәделесті. Аудан орталығынан сол араға дейін сирек қағылған қазықтардың басына сым тартылып, күзет орнына уақытша телефон құрылған еді. Сол телефон арқылы, аудандық партия комитетіне Анатолий Кондратьевич күткен қауыпты хабарлап қойды. Рахмет түнде келуге уәде берді.

Сол кезде толыққан ай шығыс жақ көкжиектен күн батқан соң-ақ көтерілді де, ымыртқа қарай аспанға жоғарылап алды. Сыр бойына биыл жұқа түскен қар, жаңа жыл бастала күнгей жақ беттен үздіксіз ескен қоңыржай желдің лебінен алдақашан еріп боп, Сырдың өлкесіне өскен ірілі-уақты бұталар күндіз құбаланып, айлы түнде қоңырланып, айсыз түнде қарауытып тұратын.

Айдың бүгінгі жарықтығы күндегісінен күштірек болды ма, немене, дария жағасында күзетте отырғандарға төңірек бүгін өзге айлы түндей қоңырланып емес, ақ таң көрінді.

Ай жоғарылаған сайын, Бұхара жақ беттегі көкжиекте қарауытқан бұлт та жоғарылай берді...

Көздерін аспанға жоғарылаған ай мен бұлтқа кезек тіккен күзетшілер, дарияның сол бір тұстағы тік жарқабағына аяқтарын салбырата асып, шыңды жиектей қонған қулардай қаз-қатар отыр. Барлық саны он шақты кісі.

Дарияға қатқан мұздың бетіне жүгірген қызылсудың Сырбай Алматыға аттанарда қалыңдаған біздің оқушылар өткен тараудан жақсы біледі. Күзетшілердің бақылауынша, сол қызылсу қалыңдай түспесе төмендемеген сияқты.

Табиғаттың, мылқау күші адамға қорқыныш көрінгенмен, өзіне көркем. Тымық ауалы түнде, мұздың бетімен толқынсыз, сыбдырсыз жорғалаған қызылсудың қыбырлаған бетіне аспанда биіктеген айдын, сәулесі себілсе, судың беті күлген сәбидің кескініне ұқсайды.

Соған әсерленді ме, әлде, биіктеуі аспанда орта тап, жарқын жүзді айдың бетін жабуға таянып келе жатқан қалың қара бұлттан сескенулері күшейді ме, күзеттегілерде үн-түн жоқ.

Әрқайсысы әртүрлі ойдағы күзетшілерден Анатолий Кондратьевичтің ойына ерекше үңіліп көрейік; өйткені, бұл жардың жағасында отырғандардан, бүгінгі қайтеді одан артық болжап та, уайымдап та отырғаны жоқ. Оның бұл ойын айқын ұғу үшін, өткен тараулардан өзімізге мәлім кейбір мәселелерді еске түсіре кетуіміз қажет.

Бұрын «Бақабас» аталатын бұл иінге жоламай, каналдың сағасын «Құс тұмсық» аталатын иіннен алмақ бон жоспар жасаған кезде-ақ, осындай қатердің туарын Анатолий Кондратьевич білген еді ғой. Каналдың сағасы «Құс тұмсықтан» басталғанда, мұндай қатер адамды өңінде қорқыту түгіл, түсінде де қорқыта алмас еді. Соны ойлап лепірген Анатолий Кондратьевичтің ойын, канал жүретін жолдан-оқпан шығуы, су құйылған оттай сөндіріп тастаған сияқтанды.

Каналдың Құс тұмсықтан басталуы іске аспай қалған соң, Байжанның жоспарлауымен, сағаны Бақабастан алу мәселесі кеп туды. Дарияның бұл арадан жарды жырып далаға ақтарылу қаупі барын көре тұра, Анатолий Кондратьевич, біраз пікірлескеннен кейін, бұл жоспармен ризаласты, оған себеп: егер ризаласпаса, бұл маңайда, Бақа-бастан басқа каналдың сағасын алатын иін жоқ; егер одан алмаса, бұл ауданда канал жүргізуге болмайды, ол мүмкін емес іс.

Сағаны Бақабастан алуға Анатолий Кондратьевичті көндірген бір себеп осы болса, екінші себеп, Байжанның бізге мәлім жоспарлауы бойынша, Бақабастың қатерлі жерлерін бекітуге мүмкіншілік толық, оған керекті жағдайды жасауға үкімет қаулы шығарып отыр, ендеше, іркілетін не бар?..

Басында іркілгенмен, каналды Бақабастан алу туралы қаулы шыққаннан кейін, Анатолий Кондратьевичтің мойындағаны да, Байжан басқарған канал құрылысына жәрдемші болғаны да бізге мәлім. Сондағы оның мықты таянышы — Сталиннің «Большевиктер алмайтын қамал жоқ» деген сөзі.

Бақабастың да «қамалдарын» большевиктер алуына Анатолий Кондратьевичтің сенімі тастай бекіген кезде, сұрапыл соғыс басталды да жүре берді. Мұндағы «қамалдарды» алуға керекті заттар майданның қажетіне жұмсалғанын Анатолий Кондратьевич жақсы ұқты да, жоспарлы істерінің біразы соғыс біткенше орындалмайтынын көре тұра, мұндай қатерлі тұста"н канал құрылысын жүргізгендігі үшін күйеуі — Байжанға ұрыспады.

Сыртына солайша сыр бермеген Анатолий Кондратьевичтің ішкі ереуілі күн санап күшейе түсті, сондағы қаупі — жылында екі-үш рет таситын, кей жылдары қорқынышсыз тасығанмен, анда-санда зәреңді кетіре таситын Сырдарияның ойда жоқта киіп кетуі.

Сол қауып бұрын ойда ғана жүрсе, бүгін, сонау бері қарай жылжып келе жатқан қара бұлттай боп басқа тура төнді. Қауып жай ғана сіркіреп өтетін бұлттай зиянсыз ауа қойса жақсы, егер өйтпей, бұрқан-тарқан боп дауылдатып кетсе қайтпек?!.

Дауыл көтерілмесін!.. Су тасымасын!.. Сөгілген сен, қамалмасын!.. Егер өйте қалса, оған төтеп болар бекініс бұл арада жоқ... Өйте қалған күнде хал не болмақ?.. Отанның бар күші жауды жеңуге жұмсалуда... Сол қалың күшпен, егер дария жарды бұза қалған күнде, оны бөгеуге қажетті күш бөліне ме, жоқ па?.. Беліне қалса, дарияның мылқау күші большевиктерге бас иетініне Анатолий Кондратьевичтің сенімі берік. Оның қаупі: «Осы күш қажетті шағында беліне алмай ма» деп ойлауда... Егер қажетті күш кезінде жете алмаса, дария жарды бұзып ақтарылып, одан көтермені аттап Алмалық қаласына лап қойса, оны ғарық қып, аржағындағы темір жолды бұзып, арғы саяң кетсе... Оның аты — баяғыдан бері көздің қарашығындай қымбат көріп келген Сырдарияның суынан айрылу, құмға сіңіп жоғалып жатқан Талас, Шу өзендері сияқты, қымбат қазынаны босқа төгу!.. Олай болғанда, жалғыз Анатолий Кондратьевичтің ғана емес, осы дарияның суын пайдалануда нелер мыңдаған адамдар еңбегі еш болады!..

Анатолий Кондратьевич осындай қалың ойдың шырмауында тұнжырап отырған кезде, аспанға өрлеген қара бұлт, айдың, бетін жапты да, өзі аспанның белуарынан бермен қарай жаңа аса бергенмен, қара қоңыр көлеңкесін сілке сілтеп, жердің бетін бүркей жауып жіберді. Сол кезде, жерге қараңғылық түсуін күтіп тұрғандай-ақ жел де көтеріліп, айналадағы ағаш, шөптердің тербелген денесінен, жыланның, ысылыңдай үндер шыға бастады. Судың бегі де сол сәтте толқындана бастағаны құлаққа шалынды.

— Ал, жолдастар, — деді Анатолий Кондратьевич сол кезде жарқабақтан көтеріле беріп, — дауыл басталды енді. Тек, ақыры жақсылық болсын.

Өзгелері де түрегелісті. Олардың арасындағы телефонистка Таня дейтін қыз еді.

— Танечка, — деп дауыстады Анатолий Кондратьевич, қараңғыда оны өзгелерден ажырата алмай.

— Мен мұнда, — деп дыбыс берді Таня.

— Бар, кепеге бар да, райкомға дауылдың басталғанын хабарла!

Таня кеткенде, өзгелері биік жардың басында қалып қойды.

Елдің ұғымында бақалар көктемде суға сүңгіп ап бекерге бақылдап жатпайды, көктемде көбейген суды жұтып тауысам деп бақылдайды. Крыловтың, «Бақа мен өгіз» дейтін мысалында, бақанын, суды өгізбен ерегісіп ішіп, шамасын білмей жарылып өлуі, елдің осындай ұғымына байланысты жазылуы керек.

Үрлеген желдің, толқыған судың минут сайын күшейе түсуін сезіп, дыбыстарына құлақ түрген Анатолий Кондратьевичтің ойына, қарт досы Сырбайдың бір сөзі түсіп кетті.

Каналдың сағасы Бақабастан алынуы бекілгеннен кейін бір жолыққанда, Сырбай оған:

— Дуадақ шөлсізде, қаз-үйрек көлсіз, бақа құрдымсыз тұра алмайды, десетін еді, бұрынғы даналар; «суды құртам дейтін пәле» десетін еді бақаларды, мына бір иіннен каналдың сағасын алғалы отырмыз; өзі жақсы болғанмен, Бақабас деген аты жаман, бір шақта дария құрдымға айналдыратын саға болмаса жарар еді бұл, — деген еді.

Досының сол сөзін есіне түсіріп, дауылдың шуына құлақ түрген Анатолий Кондратьевич; «қарт болса, сол сөзін қазір қайталар еді-ау, бірақ ол бұл арада жоқ, Алматыда... Менің басымдағы халде дәл осы сәтте сезе ме екен, жоқ па екен?!» деп ойлап, ауыр күрсініп алды...

Жел қатая, толқын сарылдай, есімдіктер шулай түсті. Сол дыбыстарға тыңдаушылардың ойы ауырлай берді... Бір кезде мыңдаған танк келе жатқандай, сатыр-күтір дыбыстар шықты.

— Сен, сөгілді! — деді Анатолий Кондратьевич.

Мұздың сатыр-күтірі құлақтарын тұндырған олар қастарына кеп тоқтаған автомобильді фарының жарығынан болмаса, дыбысынан айыра да алмас еді. Келген Рахмет екен. Не істеу туралы ақылдасқанда:

— Мүмкін, мұз тоқырамай өтіп кетер, — деді ол, — сонда да сақтану керек болар деп, жақын жердегі колхоздардан адамдар жинауға Байжан кетті. Хал-жайды анықтап алмай Алматыны әбігерлендірмейік деп хабар берген жоқпыз, жинаңқы тұрсын деп Қызылорданы ғана хабарладық. Жоғарғы жақтардан алған телеграммаларға қарағанда, тасқын қатты болғанмен, сең бір қалыпта жылжып келе жатқан көрінеді.

Не істеу туралы ақылдасқанда, Рахметтің ұсынысы таңға дейін дария жағасының шығысы мен батысына салт атты бақылаушылар жіберіп, сен, мен судың жүрісін байқату еді. Бірақ, аздан кейін қарлы-жаңбырды араластыра нөсерлей төккен қара бұлт пен ышқына есуі үдеп кеткен дауыл олай етуге мұрша бермеді. Қарлы жаңбыр мен дауыл күшейіп алған кезде қараңғылық тіпті қоюланып, адам жол тауып бір жаққа бару түгіл, өз денесін өзі көре алмайтын халге жетті.

Жаңбырмен араласа, ұйтқи, орай бораған жылбысқы қар, адам қалай қарап ықтаса да бетінің ұңғыл-шұңғылына жабыса үймелеп, алақанмен сыпырып тастамаса түспеді, кірпікке тығылып көзді аштырмады. Осындай халде, дария жағасындағы автомашинаның қараңғылықты үңгірлей жол ашқан фарының жарығымен, сол маңайда штабтық міндет атқарған жеркепені зорға тауып паналады.

Мұншама сұрапыл ішінде отырып, олар түн бойы кірпік қаққан жоқ. Қалай кірпік қақсын, тасыған дария кемерінде бар ма, жоқ па, әлде асып төгіліп төңіректі тасқын басып жатыр ма, одан хабарлары жоқ, тек көңілге бір ғана медеу — Алмалықпен телефон арқылы байланысса, ондай сақтану штабынан алынатын хабар — тасқын селінің қалаға әзірге бармауы.

Кепедегілердің, әсіресе Рахметтің тағы бір уайымы — колхоздардан осы араға келем деп шығушылар адасып апатқа ұшырауы.

Олар сондай тырсылдаған халде отырғанда, дала бозамықтана бастады. Бұл әрине, тан, атуы. Дауыл мен қарлы жауынның күші қаншалық екендігі сонда ғана айқын көрінді: не адамды, не көлікті бет қаратар түрлері жоқ, таң ата бәсеңдеудің орнына, түндегісі де күшейіп алған сияқты.

Дегенмен, таң атқан соң жан-жаққа салт барлаушылар жіберілді. Оларға берілген тапсырма: «Дарияның жарынан жазбасаңдар адаспайсыңдар».

Қанша айтқанмен, күндіздің аты — күндіз, барлаушылар орасан қиындықтарға ұшырағанмен, әр жерде тоқырап иін тірескен мұздардың су асты-үстінен жол тауып ілгері ағып жатқандығын хабарлады.

Қолын алып, кроватының қасындағы орындыққа отырған Сырбайға ол әлденені айтайын деп еді, жөтел буып шамасын келтірмеді. Оның қолы сұп-суық екен. Бетіне қараса долырып күйіп жатыр, көздері өткірленіп кеткен.

Талай адам жан тәсілім қылғанда қасында болған Сырбай, досының да минутпен санайтын өмірі қалғанын керді де, жүйесі босағанмен, өзіне өзі ие боп, жаны барда көңілін жадыратайын деген оймен:

— Қауып бітті, Анатөл, — деді.

Сырбай тағы бірдемелерді айтпақ еді, көзі Анатолий Кондратьевичке түссе, кескін-келбеті өзгеріп барады екен. Жүрегі аузына тығылып қалған Сырбай:

— Өй, Анатөл, досым — деп басын құшақтай бергенде, Анатолий Кондратьевич:

— ...Нет крепостей... — деген сөздерді бөлшектеп айтып келе жатып, ышқына дем тартты да, иегін жалғыз-ақ қақты...

ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУ

ЕҢ ҚЫМБАТ ЕСКЕРТКІШ

(Эпилог орнына)

Осы бір күндері Сырбайдың басында қуаныш пен қорқыныш сапырылып кетті. Қуанышы — Дәулеттің «аз күнге самолетпен келіп кетемін» деген Москвадан берген телеграммасы, қорқынышы — Айбарша аузы-мұрнынан шығып, «бүгін бе, ертең бе» деп отыр.

Немере сүю адамға, әсіресе, Сырбайға қандай зор қуаныш! Сол үміт жүрегін уылжыта отыра, Сырбайдың қорқатыны — «аман-сау аяқ-қолын бауырына алса құба-құп, ал, егер...»

Аржағын айтуға Сырбайдың ойы барғанмен, аузы бармайды. Оның бұрынғы ұғымында, дүниеде Дәулетке теңдесер қымбаты жоқ болса, ендігі ұғымында — екі көзінің біреуі Айбарша, бір көзі Дәулет. Дәулет қазір соғыста жүр, аман, я жаман болары не күмән. Сондықтан, Сырбай үшін ол әзірге жабық көз. Ашық көзі — Айбарша ғана.

«Ендеше, — деп тілейді Сырбай ішінен, — Айымның жаны жамандық көре көрмесін, егер ондай күн туа қалса, ашық көзімнің жүдә қараң суалғаны да?..»

Сырбайдың байқауынша, жалғыз ол ғана емес, Айбаршаның амандығын бүкіл «Кең тоғай» колхозы боп тілейтін сияқты. Онысы Сырбайға түсінікті де, өйткені — кімді болса да халық ісімен, қылығымен сүйетіні мәлім. Бұл жағынан қарағанда, бұл колхозда, егінді жырту, жию, соғуда болсын, канал, не арық қазуда болсын, қоғамдық істерде болсын, мінез-құлқымен көпшілікке жағуда болсын, Айбаршадан алға ұстарлары жоқ. Ретіне қарай ол тракторшы да, кетпенші де, орақшы да, сушы да, жүкші де бола кетеді. Көпшілікті жеке тұрмысында да, қоғамдық ісінде де рухтандырушының ол алдыңғы қатарында. Сондай адам жамандыққа ұшырай қалса, кімге жеңіл дейсіз...

Айбаршаның хал-жайын ойлануда, Сырбайдан Тәрбия қайратты боп шықты. Көпті көрген әйелдік қалпына баға ма, әлде шалына жігер бергісі келе ме, егер Сырбай уайымды сөздің иісін шығара бастаса:

— Уа, бар бол-ау, сен, бар бол!.. Тыныш отыр, әрі, әлденені бықсытпай!.. Жалғыз сенің келінің бе еді, осылай болған?.. Әркімнің де ата-енесінің жоралғысы емес пе, бұл?.. — деп жекіп тастайды.

Ал, Дәметкен ше?

Оның бұл жөндегі көзқарасын айтудан бұрын, қазіргі жалпы хал-жайын шолып өтейік.

Дәметкеннің Ескендірді алып, Бетпақтың шөлін зерттеп жүрген жиені Адамбек Жақсылықовқа кетіп отырғаны, оқушыларға өткен тараулардан мәлім. Сол сапарынан ол қайтпай, өткен күзде экспедицияның Хан тауындағы базасында қыстап қалғанын, Сырбай майданнан қайта іздеп барғанда келмегенін жақсы білеміз.

Одан кейін Сырбайдың да, Айбаршаның да қауырт жұмыстары басталып Дәметкенге қатынаса алмады да, хатпен шақырғанға Дәметкен келмеді.

Егін салынып боп, қауырт жұмыс бәсеңдеген кезде, Дәметкенді жақындары тағы да ауызға алды. Оны енді келтірудің себебі табылғанын жақындары да, жұрт та көріп отыр: екіқабат әйелді қазақтар «бір аяғы көрде, бір аяғы жерде» деседі. Жалғыз қызы Айбаршаның сондай халін естісе, Дәметкен, әрине, шыдамай жетіп келеді.

Бұл жағдайды оған хатпен хабарлау керек пе? Кісі бару керек пе?

Хатпен хабарлауға жақындары ыңғайсызданды. Кісі жіберуді ұйғарғанда, кім баруы сөз болды. Әлі. жүріске мүмкіндігі болғанмен, ауыл әдетінше, Айбаршаның өзі баруға болмайды, жас әйел, бірінші рет жүкті болуын әкесіне, шешесіне өзі барып әйгілеуге тиісті емес. Біреулер:

— Бұған Тәрбия бару керек, — деп еді, арғы шеті Алмалықтан асып сапар шегіп көрмеген Тәрбия:

— Ойбай, адасып өлем, — деп басын ала қашты. «Біреу ертіп апарсын» дегенге де ол: «Бахытжанды тастап кетер кісім жоқ» деп көнбеді.

Ақыры жұрт Сырбайға жабысып, «бір рет көңілімді қайтарған, не деп барам» дегенімен, көп боп көндірді.

Адамбектің хабарлауына қарағанда, бүкіл экспедиция, соның ішінде Дәметкен бұл кезде Бетпақдала шөлінің қалың ішінде жүр. Білетін адамдардың айтуынша, оған Жамбыл қаласынан машинамен жетуге он шақты күн, түйемен жетуге жарым ай уақыт керек, онда да тура таба алса.

Сырбайдың бір ұнатпайтыны автомашинамен жүру. Неге екенін кім білсін, мұндай машинаға мінсе-ақ, оның мұрнына бензин исі келеді де, жүрегі айнып құсады. Сондықтан, Жамбылдан әрі автомашинаға міну дегеннен, Сырбай-үйінде отырып-ақ безді. Түйеге жол ұзақ, әрі-берісі бар, айдан кем жүрмейді. Күн сайын күтіп, көзден таса қылмай отырған егінін онша уақытқа тастап кету мүмкін емес.

Ендігі көлік — самолет. Оған Сырбай үйреніп алған. «Жүдә, көлік атаулының әкесі осы екен, — дейтін болған ол, жұртқа, — ажалың жетіп тұрса, аттан да құлап өлесің, ал, мына айырла дегенің әрі жұмсақ, әрі ұшқыр екен. Бұған дейін ең ұшқыр көлік жүдә пойыз дейтін ек, ол мынаның қасында, аттың қасындағы өгіздей боп қалды. Енді жүдә, ұзақ жолға шыға қойман, егер шыға қойсам, бұдан басқа көлікке жүдә мінбе!».

Осындай ойдағы ол Бетпақдаладағы экспедицияға самолет қатынасы бар-жоғын тиісті орындардан сұратса, самолет Жамбылдан жұмасына бір рет ұшатын боп шықты, соған мінбек боп, Сырбай Жамбылға поезбен жүріп кетті.

Дәметкенді кешікпей іздеп тапқан Сырбай, ауыл әдетін сақтап, «қызын, сондай еді» дей қоймай, тағы да сыпаны сезбен еліне қайтармақ болып еді, Дәметкеннің тоңы былтырғы қатты қалпынан жібір түрі жоқ. Ақыры ол, Дәметкенге шын сырын ашты. Бұл сөздер Дәметкенді қатты ойландырып тастады.

Жас иіс деді ме, әлде адамгершілік мейірі түсті ме, Ескендірді туғанында көріп алған Дәметкеннің, жалғыз перзенті Айбаршаға деген махаббаты да кіршіксіз таза күйінен айныған жоқ-ты. Айбаршаны өмірінің жалғасы және бұтағына шыққан гүлі көретін ол, өркендеу, есуіне, гүлінің жайнай түсуіне, өз өмірін қия қоюға әрдайым дайын да.

Бой жеткен қыз бен жігіттің «өсуі, өркендеуі, гүлі жайнауы» деген сөз — әрқайсысының сүйген жар тауып, үйлі-баранды боп бақыт сүруі екенін кім білмейді. Соны білетін Дәметкен де, қызының Дәулетпен көңілі қосылғанын сезген соң, олардың бақытқа жетуін асығып күтетін. Сөйтіп жүргенде соғыс басталып, Дәулет майданға кетіп қалды, «Майдан» дегеннің не екенін Дәметкен көрмегенмен естіп жүр. Әркімнің өз Айбаршасы бар, әр Айбаршаның өз Дәулеті бар, сол Айбаршалардың кейбіреулерінің майданда қазаға ұшырағанын естігенде, өз Дәулетін ойлаған Дәметкеннің зәресі кететін де, ондай хабарды естіртпеуін «тәңірісінен» зар илеп тілейтін; Дәулеттің майданнан абыроймен аман қайтып, сүйген жарына қосылуын, одан әрі ерлі-зайыпты адамдарға тәуелді бақытқа бөленуін күтетін.

Бірақ, Дәулет майданнан келмей, үйленбек, Айбаршаның басына Сырбай айтқандай хал түседі деген ой, Дәметкеннің басына өңі түгіл түсінде де кірмеген еді. Міне, сондай хабардың ойда жоқта келуінен, Дәметкен алғаш естігенде абыржып сасып та қалды.

«Білемін» дейтін адамдардың айтуынша, қайын енесі күйеуін жақсы көре тұра, қызын одан қызғанатын да сияқты қызғана тұра, бұлай болуды «ата-ененің жоралғысы» керіп, екінші сөзбен айтқанда, қажеттік көріп, езін еріксіз көндіретін сияқты. Өзге шешені кім білсін, біздің Дәметкен осындай ойдағы шеше болатын. Сондықтан, қызынын, жүкті болғанын естігенде, жүрегінде қызғаныш оты лап ете қалған ол, сыртына сыр беріп, былай да қызғылттау ажары күреңдене қалды.

Дәл мұндай түйінді шеше қоюға топас Сырбай, ыңғайсыз сөйлеп қалдым ба деп, тағы не айтарын білмей жер шұқылап төмен қарап отырғанда, оның құлағына нақ сол сәтте күте қоймаған үні шалына кетті. Ол, Дәметкеннің:

— Жақсы, барам елге! — деген сөзді кесіп қысқаша айта салуы еді.

Ескендірді алып, «Кең тоғайға» қайтқан олардың жолшыбайғы кеңесі Ескендірді туған шешесімен табыстыру болды. Бұл жөнде Дәметкеннің айтқаны:

— Жұрт иланбайтын да жұмыс сияқты бұл. Бір орыстың баласын бір қазақтың, кемпірі осынша жақсы көреді дегенге, басына түспеген кісі, иттің өтін берсе де нанар ма!.. Бірақ, құда, сен осыған илан!.. Ұзақ жолдың бойында, тілеу үстінде келе жатырмыз, сөзімнің растығына не деп қарған дейсің?..

— Жүдә, атай көрме, қарғану дегенді, — деді Сырбай, — неге қарғанасың? Көзге бадырайып көрініп тұрған іске кісі жүдә қарғана ма екен?.. Жынды емессің, есалаң емессің, есі дұрыс адамсың, шын жақсы көрмесең, бұл баланы алып қашып, еліңнен жүдә безесің бе? Тек, айтарым: аузым періштенікі болсын, шайтанның, құлағына шалынбасын, егер ертең аман-есен немере сүйетін болсақ, соны жүдә кімге беруге қияр ек. «Қарға баласын аппағым дейді, кірпі баласын жұмсағым дейді» дегенді бұрынғылар жүдә бекерге айтпаған. Әркімнің өз баласы өзіне тәтті. Балаң тәтті болған соң көніп келесің ғой, әйтпесе көнер кісі ме ең сен...

— Рас, — деді Дәметкен демін соза ап.

— Ендеше, әркімді де өзіңдей көр. Сенін, ішің балаңа уылжығанда, Ескендірдің шешесінің іші уылжымайды дейсің бе. Жүдә обалына қара оның, жылатпа, қарғатпа!..

Олардың ұзақ сөзінің құйылған жері: егер шешесі көнсе, Наталия алып келеді де, Дәметкеннің үйіне орналастырады, баланы Дәметкен шешесінен қызғанбайды, ар жағындағысын жата-жастана көреді...

Бұл хабарға Наталия қуанып кетті де, Қапалдағы шешесін тез арада алып қайтып, Дәметкеннің үйіне орналастырды. Аграфена Осиповна колхоздың бақшалық шаруасын күту жұмысына кірісті. Дәметкенмен екеуі тату-тәтті тұрып жатты. Бұл жағынан көңілі көншігендей болған Дәметкеннің тілегі — қызынын, жаны қалып, немере сүю.

Тәрбия ауызға қанша қаққанмен, Сырбай басына ұялаған қорқыныштан арыла алмай-ақ қойды. Сондықтан, «еркекке не керек соны сұрап» деп Тәрбия мен Дәметкен Айбаршаның босанар мезгілін жасырса да, Айбаршаға келіп жүретін врачтан Сырбай біліп алды да, пісуі таялған күріш егісінің күтімін Наталия мен Дариғаға тапсырып, өзі үйінде болды.

— Бұл несі?! — деп қайран қалды біреулер оған, — жалғыз баласы соғысқа аттанғанда жөнелтіп салмай егініне Кеткен қатал Сырбайдың босанатын келініне осынша өзеуреуі қалай?!.

— Онда таңданатын дәнеңе жоқ, — десті біреулер, — Айбарша оның келіні ғана емес, әрі жәрдемшісі, әрі жетекшісі емес пе? Жайшылықта жәрдемші және жетекші болу мен таршылықта болу екі басқа емес пе? Айбарша Сырбайға тар күнде жәрдемші және жетекші болды... және өзіне ғана емес, бүкіл колхозына!.. Ендеше, Сырбай қынжылмағанда кім қынжылсын!..

Сырбай сүйтіп жүргенде, Дәулеттен телеграмма келіп қалды. Оның хабарлауынша, Москвадан Масақбай екеуі таңға жақын ұшпақ та, Жосалы аэропортына түске жақын қонбақ.

Оларды қарсы алуға «Кең тоғайдан» кім баратынын Рахмет телефонмен сұрағанда:

— Мен, Тәрбия, Дариға балаларымен және Наталия — осы адамдар барамыз, — деді Естай.

Рахметтің:

— Сырекең ше? — деп таңдана берген сұрауына:

— Ол кісі бармайды, — деп жауап берді Естай. «Тағы да егінін сылтау қылды ма» деген оймен Рахмет Естайдан сұрастыра бастап еді:

— Ол емес, — деді Естай.

— Енді не? — деген Рахметке, Естай Сырбайдың себебін айтып беріп еді, Рахмет Сырбайды телефонға шақыртып алып көндірмек болды.

Бірақ ол көндіре алмады.

— Оныңыз ұят қой, Сыреке-ау!.. Балаңыз сонша зор абыроймен келе жатқанда, бүкіл халық боп қарсы алуға жиналып жатқанымызда, сіздің үйде отырып қалуыңызды жұрт не дейді, балаңыз не дейді?!. — Деген сөзін әлденеше қайталап айтқанмен, Сырбай да өз сезін қайталай берген соң, Рахмет ренжіді де трубканы іліп қойды.

Жосалы аэропортында Дәулет пен Масақбайды сол аранын, тұрғын халқынан және өзінің туған ауданынан барған адамдардан басқа, облыстан келген өкілдер де қарсы алды. Олардың айтуынша, Қызылорданың халқы поездан Дәулетті құрметпен қарсы алуға күтініп отыр екен.

Бұл ұйғарудан бас тартуға қиналатын Дәулеттің халін Рахмет пен Гүлнар жеңілдетті. Облыс өкілдеріне олар Дәулеттің үй ішіндегі жағдайын айтқаннан кейін, облыстық басқарушы мекемелерімен телефон арқылы байланысты да, вокзал бойын желбіреткен тулары мен жарқыраған гүлдеріне бөлеп күтіп тұр екен. Соларды көргенде жасаурап буалдырлана қалған Дәулеттің көзіне, түсе бергенде әкесі іліге кетті. Айбаршаның халы не болғанын біле алмай қобалжып келе жатқан Дәулеттің жүрегі, көзі әкесінің жадыраңқы кескініне шалыныса бергенде-ақ, қуаныш барын жорамалдағандай, тулап түсті. Құшағын жая ұмтылған оған:

— Кішкене сабыр! — деді Сырбай қолын көтеріп. «О несі?!» дегендей Дәулет кідіріп тұра қалды.

— Ал, балам, жүдә, шүйінші! — деді Сырбай, күлімсіреген кескінінің әжімдері қатпарлана түсіп.

Дәулет не дерін білмей қалды.

— Жүдә, әркімнің өз баласы қуаныш та! — деді Сырбай, — мен сені көріп қуанып тұрмын, жүдә, сен де қуан, ат ұстарын, болды, бауы берік болсын!..

Баласын ол содан кейін құшақтады да, өз дағдысымен екі бетінен кезек иіскеді.

Айбарша Алмалықтың больницасында босанған еді. Баласынын, да, өзінің де денсаулығы жақсы болғандықтан, дирекция Дәулетті оған жолықтырды...

Сырбай аулына бұл жолығудан бұрын кетіп қалған еді. Кетер алдында Дәулетті Рахмет үйінде қонақ боп отырған көпшіліктің ішінен оңаша алып шығып:

— Ал, балам, — деген еді ол, — сенін, бүгін мұнда болатын түрің бар ғой. Жүдә, ауылда да біраз жабдық бар, рұқсат етсең Масақбайды бала-шағасымен ертіп қайтайық.

— Өзің біл, әке, — «деген еді Дәулет, — Масақбайдың да өзі білсін.

Баласының ризашылығын алған Сырбай Масақбаймен сөйлесіп еді:

— Мен қызметтегі кісімін, — деді ол, — командирімнен көз жазуға хақым жоқ. — Келініңіз қайтам десе еркі. Мен Дәулетпен бірге ғана барам.

Масақбайдың бұдан бұлжымайтынына көзі жеткен Сырбай, дәл аттанарында Дәулетке:

— Ертең де жібермейміз дер, жүдә, оған көне көрме, әрі ауыл күтіп отыр, әрі уақытың тығыз, — деді.

— Өзім де сөйтем, әке. Бүгін кешке де барып қалуым мүмкін, — деді Дәулет.

— Оның реті жүдә келмес, балам. Бұлар да бүгін жібермес және Айыма жолығатының да бар ғой...

— Оны көрерміз, әке.

— Онда, шешен, екеуміз жүрейік, — деп ап, аз кідірген Сырбай Дәулетке былай деді:

— ЗАГС дегендерің бар ғой, сендердің. Қымс етсе соған жүгіресіңдер ғой. «Ат қойғызамыз» деп шарана қалпымен баланы да ала жүгіретіндерің болатын. Оныңа жүдә риза емеспін...

Ауыл салтында алғашқы баланың билігі емес, әкенің әкесінде болатындығынан хабары бар Дәулет күлімсіреді де:

— Балада менің не жұмысым бар, әке-ау?.. ЗАГС-ке апарасың ба, жоқ па, атын кім қоясың, ол ерік сенде емес пе?.. — деп қашқалақтай қалды.

— Онда, жүдә, жарайды, — деді де Сырбай Тәрбия мен Бахытжанды алып жүріп кетті.

— Оған да егіледі! — десті бірнеше адам.

— Тоқтай тұрыңдар! — деп Сырбай дуылдаған дауысты қолын көтеріп басып алды да, — сонымен, — деді даусын салмақтан түсіп, — біздің дайра бойын алғаш дұрыстап суарған Анатөл. Оның ісін Байжан жалғастырып әкетті. Ертең, Байжан да қартаяды. Сонда оның жолын өзінің Бахытжаны, Аграфена құдағиды Сашкасы және біздің үйдегі кішкентай сияқты жастар жалғастырып әкетеді. Солай ма, Байжан? — деді ол Байжанға қарап қойып.

— Солай! — деді Байжан да, оған қосыла көпшілік те.

— Енді сөзді қысқартайын, — деді Сырбай, — қадірлейтін адамымыз өлсе, қабыры жүдә көркейіп тұрсын деп, үстіне гүл, төңірегіне ағаш егеміз, құлпы тастар қоямыз, олар да жақсы. Бірақ, солардың бәрінен жақсы ескерткіш, жүдә, артында жолын қууға жарайтын ұрпақ қой. Анатөл екеуіміз мәңгілік дос едік. Менен өрбіген ұрпақты ол өзінікі санаушы еді, одан өрбігенді мен өзімдікі санаушы едім. Сондықтан, — деді Сырбай, шытынап ап, — біздің үйдегі кішкентай Анатөлдей жұртқа пайдалы кісі болсын деп, атын Анатөл қойсақ па деп ем!..

Жүйесі босаған Сырбай, сөзінің артын болбырап бітіріп көзіне іркілген жасты сұқ саусағымен сипай бергенде, балдағына сүйенген Гүлнар түрегелді де, сәкіге қатар төселген екі дастарқанның жігін балдағымен сырып, Сырбайға беттеді.

— Дұрыс, Сыреке, дұрыс! — деп ду ете қалған көпшілік шапалақ соққанда:

— Атажан! — деді Сырбайдың қасына кеп құшақтай алған Гүлнар, — мың-мың рахмет, атажан!.. Дос болса сіздей болсын!.. Мен жыламаймын, қуанам!.. Өлген әкем тірілді деп қуанам.. Анатөліңіз өмірлі, бақытты болсын!..

— Айтсын! — деді Сырбай.

Гүлнар Сырбайды құшақтаған қалпымен сүйегенде:

— Анатөл!.. Жасасын Анатөл!.. Өмірлі, бақытты болсын Анатөл! — деген дауыстар мен ұрылған шапалақтар Сырбайдың үйін күңірентіп жіберді...

Мәжілістен тараған жұрттың аузында бір ғана сөз болды, ол — «Анатөл».

— Жарады Сырекең! — деп сүйсінді жұрт, — Гүлнар айтқандай, дос болса осындай болсын. Достығын ақтады. Анатолий Кондратьевичке ең зор ескерткіш осы нәресте болды!.. Тек жас нәресте өмірлі, бақытты болсын!..

Романның соңы.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама