Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Бақыт құшағында
Бақыт құшағында
7 сынып
Құндылық: ақиқат
Қасиеттер: имандылық, игілік, бақыттылық
Мақсаты: оқушыларға бақытты болу үшін не істеу керек екенін ойлана отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- Адамның бақытты болу үшін игілік қасиеттерінің маңыздылығын ашу;
- Өмірде бақытқа қалай жетуге болады деген сұрақтың жауабын табу арқылы өмірдің мәнін табуға ықпал ету;
- Имандылыққа тәрбиелеу.
Ресурстар: құралдар, мәліметтер

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, сабаққа қажетті оқу құралдары туралы естеріне түсіру.
-5 Т еске саламыз
Тыныштық сәті. (музыка «Пианино и скрипка»)
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоция мен тілеу –қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нүрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқындап, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұр ішіндемін...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

- Бақытты болу дегенді қалай түсінесіңдер?
- Өмірдегі әр қуанышты сәттің мәні неде?
- Бақытқа жету үшін адам не істеу керек деп ойлайсыңдар
- Қандай адамды «Басына бақ қонған» деп айтуға болады? - Ескерту

Әңгімелеу
«Бақытқа барар жол» атты Қ.Толыбаеваның әңгімесін айту.
- Шәкірттер ұстаздан не туралы айтып беруді өтінді?
- Бақыт туралы ұстаз қандай ой айтты?
- Бақыт дегенді өздерін қалай түсінесіңдер?
- Бақытқа жету үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
- Өмірлерінде қаншалықты ұстанасыңдар?

Дәйек сөзбен жұмыс
Бақыттың мәні - парасаттылықта, әр кісінің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.
Әл-Фараби.
- Ізгілікті мақсат қоя білу дегенді қалай түсінесіздер?
- Кездейсоқ рақат үшін емес дегенді қалай түсінуге болады? Шынайы игілік дегенді қалай түсінесіздер?
- адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында- дегенді қалай түсінесіздер?

Кімде –кім ниетін имандылыққа, тазалыққа, тілім шындыққа, өзін тыныштыққа, мінезін тұралыққа, құлағын тыңдаушыға, көзін өнегелі бақылаушыға айналдырып алған болса, демек ол бақытты. Құран кәрімнен

Шығармашылық топтық жұмыс.
1-топ «Ата-ана бақыты» тақырыбына ой – толғау жазу.
2- топ "Бала бақыты" тақырыбына өлең құрастыру
3- топ "Адам үшін бақыт -ол ..."постер жасау

Үй тапсырмасы.
Мұғалім: бет 36-37 «Бақыт деген – бақ құсы» Ж.Калжанованың өлеңі мен 38-39 беттегі «Бақыт дегеніміз» Б.Момышұлы әңгімесін оқып салыстыру.

Ән айту. «Алдымнан шық»

Жүректен жүрекке
Махаббат қайда деме – жүрегінде,
Шапағат қайда деме – тілегінде.
Берекем қайда деме – отбасында,
Мерекем қайда деме – көп қасында.
Ай, күнім қайда деме – аспаныңда,
Байлығым қайда деме – бас жағыңда,
Қайғы, мұң қайда деме – қас қағымда.
Тірлігім қайда деме – таң атқанда,
Ырзығым қайда деме – Жаратқанда.

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты
Мұғалім: Молдасарина Г. К.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама